Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық



МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Тарау. Атқару ісінің түсінігі
1.1. Атқару
ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Атқару
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Атқару ісінің жалпы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..10
ІІ. Тарау. Атқару ісінің азаматтық процестің қорытынды сатысы ретіндегі
атқару өндірісінің сипаттамасы
2.1. Атқару ісінің
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .14
2.2. Сот шешімдерін орындаудың ерекшеліктері және мәжбүрлеп орындату
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Атқару ісіне
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...31
ІІІ. Тарау. Атқару ісін дамыту мәселелері
3.1. Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін
дамытудың құқықтық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...35
3.2. Сот шешімдерін орындамаудың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 42
3.3. Мемлекеттің лауазымды тұлғасы ретіндегі сот атқарушысының құқықтық
мәртебесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 57

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Азаматтық
іс жүргізудің бір сатысы ретіндегі атқару ісінің құқықтық реттелуі меніңше
бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені атқару
ісі азаматтық сот ісінің қорытынды және аса маңызды кешені болып табылады.
Қазіргі таңда азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын лайықты қорғау іс бойынша
дұрыс шешім қабылдау ғана емес, сонымен қатар оның мәжбүрлеп орындату
жолдарын қарастыру қажет. Егер де борышкер сот шешімін орындаудан бас
тартса, мысалы, қарызға алған ақшаны қайтарудан және шартта келісілген
заттарды қайтарудан бас тартқан жағдайда, мәжбүрлеп орындату қажеттілігі
туындайды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап
қоғамдық өмірдің көпшілік салаларында ретсіздік пайда болды. Заңнама
саласындағы көптеген нормативтік – құқықтық актілер қалыптасқан жағдайға
сәйкес келмеді және мұндай жағдайдан атқарушы биліктің реттеуші нормативтік
– құқықтық актілері де ада қалған жоқ.
Атқару ісін дамытудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының сот
жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасына енгізілген. Сот шешімдерін
уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін механизм құруда алға
қойылған маңызды міндеттердің бірі ретінде анықтай келе тұжырымдама жобасы
іс-жүзіндегі заңнамаға өзгертулер енгізуді қарыстырады. Бұл жобада іс
жүзіндегі жауапкершілік механизімін және борышкерлерге, мемлекеттік
органдардың лауазымды тұлғаларына, сот атқарушыларына қатысты шешімдердің
орындалмағаны үшін жауапкершілік туралы нормаларды жүзеге асырудың лайықты
кешенді шаралары арқылы сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуді
көздей.[1]
Заңнамалық актілердегі прокурорлық қадағалау бойынша сұрақтарға
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қабылданған Заң атқару ісін
ілгері дамытуға бірқатар септігін тигізді. Жалпы бұл заң прокурорлық ықпал
ету актілерін мәжбүрлеп орындатудың жаңа институтын енгізумен шектеледі.[2]
Бірақ алға қойылған мақсат, соттар мен прокурорлардың актілерінің
орындалуына бәсекелестік туғызу үшін емес, олар үшін қатаң жауапкершілік
орнату қажеттігінен туындайды.
2002 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен
бекітіліп, жуырда басып шығарылған Қазақстан Республикасының құқықтық
саясатының Тұжырымдамасы атқару ісін дамыту мәселерін орынды шешуіде өз
үлесін қосты.[3]
Қазақстанда 1998 жылы Атқару ісі және сот атқарушыларының мәртебесі
туралы қабылданған арнайы дербес Заң негізгі алғышарт ретінде қызмет
атқарады. Бұл заңға 2002 және 2003 жылдары елеулі өзгертулер мен
толықтарулар енгізілді. Бұл заң мәжбүрлеп орындатудың барлық жағдайларында
қолданылатын жалпы нормаларды бекітеді, сонымен қатар сот актілерінің бөлек
түрлерінің ерекшеліктерін реттейді. Сонымен қатар атқару ісі туралы бөлек
заңның қабылдануы арқылы шешімдердің орындалуы азаматтық сот ісінің міндеті
болып қала береді. Сот актілерінің орындалуына байланысты бірқатар
функциялар бұрынғыдай сотпен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта сот атқарушыларының қызметі сот приставтарының
қызметімен тығыз байланыста. Сот приставтарының құқықтық жағдайы, олардың
міндеті, қызметтік ұйымы және оларды тағайындау тәртібі, сонымен қатар
олардың қызметіне қадағалау сот приставтары туралы Заңмен анықталады.[4]
Сот актілерін мәжбүрлеп орындату үшін сот приставтары сот атқарушыларына
көмектеседі Бұл органдардың бірігіп жұмыс істеуі сот шешімдері мен
актілерін іс жүзінде жоғары дәрежеде орындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу обьектісі: Соттың және басқа да органдардың шешімдері,
актілері. Сот атқарушылары мен приставтарының қызметі.
Нысаны: Бұзылған немесе таласқа түскен субьективтік құқтар мен заңды
мүдделерді қорғау және жеке тұлғаның нақты таласқа түскен құқтарын іс
жүзінде қалпына келтіру.
Зерттеу мақсаты: Сот шешімдерінің, актілкрінің және басқа органдардың
актілерінің актілерінің орындалмау себептерін айқындап, олардың орындалуына
барлық жағдайларды жасау.
Зерттеудің мақсаты төмендегідей міндеттердің шешілуімен айқындалады:
- атқару ісінің теориялық құрылу негізін зерттеу және оның қазіргі
кездегі даму тенденциясын көрсету;
- атқару ісі дамыған елдердің тәжірибесін бағалап, зерттеу;
- атқару ісіндегі сот шешімдарі мен актілерінің уақытында
орындалуына жағдайлар жасау жолдарын қарастыру;
- сот атқарушысымен приставтарының қызметін, құқтары мен міндеттерін
айқындау.
Дипломдық жұмыстың құрылысы үш бөлімнен тұрады:
1. Атқару өндірісінің түсінігі мен жалпы ережелері
2. Азаматтық іс-жүргізудің қорытынды сатысы ретіндегі атқару ісінің
сипаттамасы
3. Атқару ісін дамыту проблемалары.
Негізгі әдебиеттер көзі ретінде Баймолдина З.Х. және Киселев С., және
тағы басқа да ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Біздің ойымыз бойынша, зерттелуге таңдалған тақырып терең теориялық
және практикалық мағынаға ие.

І. АТҚАРУ ІСІНІҢ ТҮСІНІГІ.
1.1. Атқару ісі.
Сот шешімдерін орындау – азаматтық іс жүргізудің ақырғы және қорытынды
сатысы болып табылады. Осымен құқықты қорғау бойынша іс жүргізу аяқталады.
Іс жүргізудің барлық сатылары заңды және негізделген шешім шығаруды
қамтамасыз етуі тиіс. Атқару ісі сот шешімінің орындалуы арқылы жүзеге
асырылады.
Сот шешімін ҚР жоғарғы сотының соттық әкімшілік комитетінің құрамына
енетін сот атқарушылары жүзеге асырады. Азаматтық іс-жүргізудің бір сатысы
бола отырып, сот шешімдерінің орындалуы процессуалдық түрде жүргізіледі:
атқарушы органдардың қызмет тәртібі алдын-ала заңмен бекітілген;
қызығушылық білдірген тұлғаларға атқару ісіне қатысу мүмкіншілігі
қарастырылған; оларға белгілі бір процесуалдық құқықтар табыс етіледі.
Атқару ісінің құрылымы азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы
принциптерімен айқындалады, олардың қатарына: заңдылық принциптері, сот
тәуелсіздігі, сот ісінін ұлттық тілде жүргізілуі, заң мен сот алдындағы
азаматтардың теңдігі, процессуалдық теңдік, диспозитивтілік және атқару
ісінің басқа да принциптері.
Бұзылған немесе таласқа түскен субъективтік құқықтар мен заңды
мүдделерді қорғау жеке тұлғаның заңды құқықтарын бекітумен және жеке
тұлғаның екінші тұлғаға міндеттілігімен айқындалып қоймайды. Оның нақты
мақсатына таласқа түскен құқықтар мен мүдделерді іс жүзінде қалпына келтіру
болып табалады. Сот шешімі шыққаннан кейін бұзылған құқық қалпына келеді,
құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау түгелдей жүзеге асырылады деп ойлауға
болмайды. Міндетті түрде сот актісінің орындалуы тиіс. Сот актісі уақытылы
орындалғаннан кейін ғана азаматтар мен ұйымдардың бұзылған немесе таласқа
түскен құқықтары мен мүдделерін азаматтық сот ісінде қорғау жүзеге асырылды
деп айтуға болады.
Азаматтың құығы мен заңды мүддесін қорғау – бұл, тұлғаның құқығы мен
заңды мүддесінің бұзылуына жол бермеу, әсіресе үкім шығарылған талаптар
бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен бастап, борышкерді өз міндеттерін
атқаруға мәжбүр етуді білдіреді. Азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларымен соттың үкімдерін орындау арқылы азаматтар мен ұйымдардың
бұзылған құқықтарын (азаматтық, еңбек және т.б.) іс жүзінде қалпына келтіру
процесі реттеледі.
Атқару ісінің негізгі мағынасы – сот шешімімен немесе басқа да актпен
көрсетіліп бекітілген, борышкерді өз міндетін атқаруға бағытталған,
мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолдану болып табылады.
Атқару шараларын іс жүзіне асырудың тәртібі мен уақыты заңнамамен
шектеліп реттеледі. Олар Қазақстан Республикасының конституциясына және де
Қазақстан Республикасында ратификацияланған басқа да халықаралық
келісімшарттарға негізделеді. Атқару өндірісінің реттеуші қайнар көздеріне
Атқару өндірісі туралы және Сот атқарушыларының мәртебесі туралы Заң
жатады. Сот шешімдерін орындау туралы бірқатар мәселелерді ҚР азаматтық іс
жүргізу кодексінің нормалары реттейді. Атқару өндірісі туралы заңнама тек
қана заңнамалық актілерден ғана тұрмайды, сонымен қатар басқа да
нормативтік құқықтық актілерді қантиды.
Атқару ісі – бұл азаматтық іс жүргізудің соңғы және қорытынды сатысы.
Соттың және іске қатысушылардың қызметі азаматтық құқықтық дауды шешуге
бағытталған. Осы қызмет аяқталмайынша сот актісімен шығарылған шешім еш бір
нәтижеге жетпейді. Сот шешімін орындау арқылы құқықты қорғау жөніндегі іс
аяқталады. Азаматтардың таласқа түскен құқықтары мен заңды мүдделерін іс
жүзінде қалпына келтіру сот актісінің шығуымен ғана жүзеге аспайды. Сот
актісі бекітілгеннен кейін борышкерге мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы
орындату жүзеге асырылуы тиіс.
Бұзылған құқықты іс-жүзінде қалпына келтірмейінше таласқа түскен
құқықтар мен заңды мүдделер азаматтық сот ісінің міндеті болуы мүмкін емес.
Сондықтан азаматтық сот ісінің қорытынды бөлімі сот актісінің шығарылуы
емес, оның іс жүзінде орындалуымен аяқталады. Осылайша, атқару ісі
азаматтық іс-жүргізудің ақырғы сатысы болып табылады.
Атқару ісі туралы заңда, бірінші кезекте атқару ісінің міндеті ретінде
сот шешімдерін орындау көрсетілген. Атқару ісінің міндеттері болып сот
шешімдерінің уақытылы және міндетті түрде орындалуы, азаматтық істер
бойынша анықтама және қаулының шығарылуы, қылмыстық істер бойынша үкім мен
қаулының шығарылуы есептеледі.
Атқару ісі сатыларының мақсаты – сот шешімдерінің, актілерінің және
басқа да органдар актілерінің орындалуын жүзеге асыру болып табылады.
Атқару ісі туралы заңға сәйкес соттың немесе басқа да органдардың
актілерін өз еркімен орындамағанда мәжбүрлеп орындату шараларын жүзеге
асыруға негіз болады.
Азаматтық – іс жүргізу қатынастары пайда болуы үшін заңды құрама қажет:
– сот шешімінің заңды күшіне енуі;
– өндіріп алушының атқару құжаттарын алуға ерік білдіруі;
– тәркілеу үшін атқару құжаттарын көрсету;
– борышкердің өз еркімен орындауына берілген уақыттың аяқталуы.
Шығарылған шешім кешіктірмей орындалса, екі заңды фактінің болғаны
жеткілікті. Олар:
1. Кешіктірмей орындалуы тиіс деген сот шешімінің болуы;
2. Сот шешімінің негізінде шығарылған атқару қағазының болуы.

1.2. Атқару құжаттары.
Атқару құжаттары деп – біріншіден атқарушылық мазмұнының негізі
көрсетілген, екіншіден атқарушылық істің ұсынылған барлық іс қағаздарын
айтамыз. Сонымен қатар атқарушылық құжат өзіндік мағынаға ие бола алады
және атқарушылық негізін белгілейтін құжаттан бөлекте құрала береді. Және
де, атқарушылықтың негізі көрсетілген құжатта, атқарушылық құжат болып
саналуы мүмкін.
Атқару құжаттары болып төмендегілер саналауы:
– сот актісінің негізінде шығарылатын атқарушылық шешімдер және
бұйрықтар;
– дау тудырмайтын сұраныстарға талаптарға байланысты судьяның
шығаратын соттық талаптары;
– әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарастыруға құзыретті
органдар шығаратын қаулылар;
– халықаралық және шетел соттарының шешіміне негізделіп берілетін
атқарушылық талап қағаздары.
Нақты талапқа байланысты судья өндіріп алушыға сот бұйрығын береді.
Егер борышкер талап етілген арызда белгіленген уақыт аралығында сотқа
қарсылығын білдірмесе, сот бұйрығы сот мөрімен куәландырылуы тиіс. Мемлекет
есебіне борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алуға сот мөрімен
куәландырылған бөлек бұйрық жасалып, оның нұсқасы сот атынан орындалуы үшін
тиісті адамдарға.
Шешімдер және анықтамалар заңды күшіне енгеннен кейін соттардың атқару
қағаздары және бұйрықтары таратылады. Аппеляциялық инстанцияның сот
қаулылары, сонымен қатар қадағалау инстанциясының сот қаулылары, оларды
қабылдаған уақыттан бастап заңды күшіне енеді. Егер сот шешімі кешіктірмей
орындалуды талап етсе, онда атқару қағазы оны шығару сәтінде табыс етіледі,
яғни шешім заңды күшіне енгенге дейін.
Атқару қағазында және бұйрықта төмендегілер көрсетілуі тиіс:
1. атқару құжатын шығарған соттың атауы;
2. іс реті және шешім шығару мерзімі;
3. шешімнің, резолютивті бөлімі;
4. шешімнің күшіне ену уақыты;
5. атқару құжатын беру мерзімі;
6. өндіріп алушы мен борышкердің аты-жөні, олардың мекен-жайы және
реквизиттері.
Әр сот шешіміне бір атқару құжаты беріледі. Егер атқарушылық жұмыс әр-
түрлі орындарда жүргізілсе, немесе егер шығарылған шешім бірнеше өндіріп
алушылардың пайдасына немесе борышкерлердің пайдасына шешілмесе, онда сот
өндіріп алушының сұрауымен орындалу орны дәл көрсетілген бірнеше атқару
құжаттарын жазып береді. Және де бұл атқару құжаттарын міндетті түрде
орындауды талап етеді.
Атқару ісі туралы заң атқару құжатын қайтарып беру негізін бекітеді.
Құжат заңда бекітілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сот атқарушысы
үш күндік мерзімде қайтарып жіберу туралы қаулы шығарады және оны құжатты
шығарған органға жібереді де, өндіріп алушыны осы туралы ескертеді. Атқару
құжатының барлық кемшіліктерін жойып, сот атқарушысына келіп түскен күн
оның қайталама келіп түскен күні деп есептеледі. Қайтарып жіберу туралы
қаулыда көрсетілген қателіктері дұрысталмай қайта түскен атқару құжаты
орындалуға жатпайды және оны жіберген органға қайтарылып жіберіледі.
Атқару құжаты жоғалып кеткен жағдайда, заңнама тәртібінде көрсетілген
акт шығарған органның хаттлған көшірмесі өндіріп алуға негіз бола алады.

1.3. Атқару ісінің жалпы ережелері.
Атқару ісінде юрисдикциялық актілердің барлығын немесе көп бөлігінің
орындалуына жататын ережелерді бөліп көрсетуге болады, және шешімдер мен
қаулылардың жеке түрлерінің орындалу ерекшеліктерін бекіту ережелерін
айтуға болады. Барлық атқару ісінің жалпы нормалары болып атқару ісіне
қатысушылардың процессуалды құқықтары мен міндеттері, атқару ісі туралы іс
қозғау тәртібі, орындалудың тәртібі және тәсілдері, атқару іс-әрекеттерін
жасау және атқару ісіндегі іс-әрекеттер, қатысушылардың мүдделерін қорғау,
өндіріп алушылар арасында қаржы соммасын бөлу есептелінеді.
Атқару құжаты келіп түскеннен кейін сот атқарушысы атқару ісі туралы іс
қозғайды. Бұл туралы жеке қаулы шығарылады. Сот атқарушысы кешіктірмей
борышкерге атқару құжатын өз еркімен орындауы туралы ұсыныс береді, және
кешіктірмей орындалуы тиіс құжаттарды қоспағанда, бес күндік уақыт мерзімін
табыс етеді. Сонымен қатар сот атқарушысы борышкердің мүлкіне тыйым салады
және мүлік тізімдемесін жасайды, ол туралы заң талаптарын сақтай отырып акт
жазады. Банкте немесе банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарда борышкердің ақшасы немесе басқа мүлкі табылса, оған тыйым салу
тек қана Прокурордың шешімімен сот атқарушысы арқылы жүзеге асырылады.
Атқару іс-әрекеттерін орындау мерзімі
Атқару құжаттары жөніндегі іс-шаралардың орындалуы атқару ісі туралы іс
қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінде аяқталуы тиіс.
Атақару іс-әрекеттерін жасау орны. Атқару іс-әрекеттерін борышкердің
мекен-жайы немесе жұмыс орны, не болмаса мүлкі орналасқан жері бойынша сот
атқарушысы жүзеге асырады. Егер борышкер заңды тұлға болып табылса, онда
атқаруды іске асыру оның қызмет орнының немесе мүлкінің орналасқан жерінің
басшылығы арқылы жүргізіледі. Борышкерді белгілі бір іс-әрекеттер жасауға
міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындау сот атқарушысымен жүзеге
асырылады. Егер атқару құжатын орындау барысында борышкер басқа жаққа көшіп
кетсе немесе өндіріп алуға бағытталған мүлік борышкердің бұрынғы мекен-
жайында болса сот атқарушысы бұл туралы тез арада акт жасауы керек. Осыдан
кейін борышкердің жаңа мекен-жайы бойынша сот атқарушысына үш күннен
кешіктірмей сот құжаты жіберіледі және бұл туралы өндіріп алушыға
хабарланады.
Атқару іс-әрекеттерін орындау уақыты. Атқару іс-әрекеттері жұмыс
күндері сағат 6.00 ден 22.00-ге дейінгі уақытта жүзеге асырылады.[6]
Демалыс және мерекелік күндерде, сонымен қатар түнгі уақытта
атқарушылық іс-әрекеттер соттың арнайы рұқсатымен және кейінгіге қалдыруға
келмейтін жағдайларда ғана жүргізіледі.
Атқару құжаттарын орындауды қамтамасыз етудің негіздері және шаралары.
Борышкер мүлікті ысырап қылар немесе жасыры қалар деген күдік туса және
өндіріп алушының өтініші бойынша, сот атқарушысы атқару құжаттарының
орындалуын қамтамысыз етуге арналған шаралар қолдануға міндетті. Атқару
құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету шаралары болып төмендегілер
есептеледі:
1. Борышкердің мүлкіне немесе қаржысына тыйым салу. Борышкердің
банктердегі немесе банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асырушы
үйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне тыйым салуды тек қана
прокурордың шешімімен сот атқарушысы жүзеге асырады;
2. Борышкердің жеке немесе заңды тұлғаның мүлкін тәркілеу;
3. Борышкерге белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салу;
4. Борышкердің мүлкін бекіту;
5. Құқық бекітетін құжаттарды тартып алу.
Қажетті жағдайларда орындауды қамтамасыз етудің бірнеше түрі болуы
мүмкін.
Атқару іс-әрекеттерін кейінгіге қалдыру. Атқару іс-әрекеттерін
орындауға қарсылық келтіретін жағдайлар пайда болса, сот атқарушысы өз
бастамашылығымен немесе қатысушы жақтардың біреуінің өтінішімен істі
кейінгіге қалдыра алады. Бұл туралы сәйкес қаулы шығарып, аға сот
атқарушысы бекітуі тиіс. Атқару ісіне қатысушы тұлғаларды атқару іс-
әрекеттерінің кейінгіге қалдырылғаны туралы сот атқарушысы ескертуге
міндетті.
Атқару ісі кейбір жағдайларда мүлде тоқтатылуы мүмкін. Атқару ісі
келесі жағдайларда тоқтатылады:
1. өндіріп алушының өндіріп алудан бас тартуы;
2. шешімді жүзеге атқару барысында екі жақтың келісімге келуі;
3. өндіріп алушы немесе борышкер болып табылатын азаматтың қайтыс
болуына, және оның жеке құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагерге
ауысуына мүмкіндік болмағандығына байланысты. Мысалы, алименттік құқықтар
мен міндеттер қайтыс болған тұлғаның құқықтық мұрагеріне ауыспайды; сондай-
ақ өндіріп алушы немесе борышкер қайтыс болған жағдайда атқару ісі
тоқтатылады;[7]
4. белгілі бір өндіріп алу түріне белгіленген уақыт мерзімінің
аяқталуы;
5. атқару қағазына негізделген шешімнің бұзалуы.
Атқару ісі тоқтатылған жағдайда, атқару құжаты тиісті сот атқарушысының
белгілеуімен, құжатты шығарған сотқа қайтарылады. Тоқтатылған атқару ісі
қайтадан бастала алмайды.
Атқарушылық істің тоқтаталуының өндіріп алушыға атқару құжатын қайтарып
жіберуден айырмашылығын білу қажет. Оны мынадай негіздер бойынша айыруға
болады:
1. өндіріп алушының өтініші бойынша, егер атқару құжаты бойынша өндіріп
алу жүргізілмесе немесе толық жүргізілсе;
2. борышкердің өндіріп алынатын қаржыны өтеуге мүлкі немесе қаржысы
болмаса;
3. егер өндіріп алушы істі жүзеге асыру барысында борышкердің
сатылмаған мүлкін өз атына алудан бас тартса;
4. егер борышкер өндіріп алушы көрсеткен мекен-жайда борышкер тұрмаса,
жұмыс істемесе немесе қажетті мүлкі болмаса.
Атқару құжаты қайтып келгеннен кейін, өндіріп алушы оның қайта
орындауға ұсына алады, оған оның құқығы бар.
Алиментті өндіріп алу, денсаулыққа келтірілген әр-түрлі залалды өтеу,
сонымен қатар асыраушысынан айырылу сияқты істерде борышкердің тұрғылықты
жері мәлім болмаса, сот полиция органдарына айтуға міндетті. Азаматтардан
тиісті қаржы өндіріп алу туралы атқару шешімдерін орындау барысында сот
борышкерге іздеу салу туралы анықтама шығара алады.
Атқару ісі туралы заңға сәйкес, атқару ісін тоқтату, атқару құжаттарын
қайтарып жіберу сияқты шараларды сот атқарушысы қарастырады. Бұл туралы
атқару ісіне қатысушы тұлғаларға ескертіледі, алайда олардың іс қарауға
келмей қалуы көрсетілген мәселені шешуге кедергі болмайды. Атқару ісін
тоқтату, атқару құжаттарын қайтарып жіберу туралы сот атқарушысы қаулы
шығарады, және оны аға сот атқарушысы бекітіуі тиіс.

ІІ. АТҚАРУ ІСІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕ ҚОРЫТЫНДЫ САТЫСЫ РЕТІНДЕГІ
СИПАТТАМАСЫ.
2.1. Атқару ісінің органдары.
Сот атқарушысы – атқару ісіндегі негізгі субъектілердің бірі.
Шешімдердің орындалуы – азаматтық процестің ақырғы сатысы болып
табылады. Атқару ісін азаматтық сот ісімен салыстырғанда бірқатар
ерекшеліктерін көреміз. Сот ісіне қарағанда атқару өндірісінде сот белсенді
қызмет атқармайды, алайда атқару ісінде оның айтарлықтай орны бар.
Соттың және басқа органдардың актілерінің көп бөлігінің орындалуын сот
атқарушысы жүзеге асырады.
Сот атқарушысы – бұл соттың және басқа да органдардың актілерін орындау
үшін заңмен жүктелген міндеттерді атқарушы және мемлекеттік қызметке
тіркелген, құзырлы тұлға болып табылады.[8]
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жиырма жасқа толған,
бұрын соңды сотталмаған, жоғары немесе орта арнайы заңдық білімі бар және
кем дегенде екі жыл жұмыс стажы бар тұлға сот атқарушысы болып тағайындала
алады. Сот атқарушысы өзіне табыс етілген құқықтарды қатаң заңға сәйкес
қолдануға міндетті және өз қызметі барысында азаматтар мен заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсетуі мүмкін емес,
оған еш құқығы жоқ. Олар сот атқарушысына жүктелген міндеттерді
орындамағаны үшін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін,
мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, заңнамада белгіленген
тәртіппен жауапкершілікке тарталады.
Сот атқарушысының өзіне берілген кең өкілеттікті қолдана отырып,
уақытында атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыруға мүмкіншілігі бар, сонымен
қатар өз алдына қойылған міндеттерді де орынды шеше алады. Атқару іс-
әрекеттерін іске асыру мақсатында сот атқарушысы мынандай құқықтарға ие:
1. орындауға қатысты сұрақтарға қаулы шығаруға;
2. әкімшілік құқық бұзышылықтар бойынша шешім хат жассауға;
3. коммерциялық, банктік және де басқа да заңмен қадағаланатын
құпияларды жарияламауға талап ететін ҚР бекітілген заңнамалық актілерін
сақтай отырып, атқару іс-әрекеттерін орындау барысында туындайтын
сұрақтарға қажетті ақпараттар, түсініктемелер және анықтамалар алуға;
4. атқару іс-әрекеттерін орындауға негізделген атқару құжаттары
түсініксіз болған жағдайда, сотқа неме атқару құжатын шығарған басқа
органға түсініктеме алуға баруға;
5. атқару іс-әрекеттерін орындау барысында пайда болатын мәселелер
жөнінде сотқа ұсыныс енгізуге;
6. ісіндегі атқару құжаттар бойынша азаматтарды және өкілетті
тұлғаларды шақыруға;
7. нақты атқару іс-әрекеттерін орындау мәселелрі бойынша тапсырмалар
беруге;
8. борышкерлердің иелігіндегі қоймаларға және үй-жайларға кіруге,
сонымен қатар борышкердің мүлкі басқа тұлғаның иелігінде болса, оған
кіруге;
9. атқару ісі және сот атқарушыларының мәртебесі туралы Заңда
көрсетілген тәртіппен борышкерлердің банктегі құнды қағаздарына тыйым
салуға;
10. тәркіленген мүлікті сақтауға беруге және оны өткізуді іске асыруға;
11. заңнамада көрсетілген тәртіппен, тәркіленген мүлікті тасымалдау
үшін өндіріп алушы мен борышкердің көлігін қолдануға;
12. атқару ісі туралы заңнамада көрсетілген басқа да іс-әрекеттер
жасаға.
Сонымен қатар атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында, сот
атқарушысына мынандай заңды міндеттер жүктеледі:
– қуынымды қамтамасыз ету бойынша сот анықтамасын орындау;
– қатысушы жақтарға және олардың өкілдеріне атқару ісі
материалдарымен танысуға, олардан тізбелер мен көшірмелер алуға
мүмкіндік беруге;
– атқару ісі жөніндегі өтініштерді қарастыруға және олар бойынша
қаулы шығаруға, олар жөнінда шағым беру тәртібі мен мерзімін
анықтауға;
– атқару ісінің шешіміне жеке өзі немесе жанама түрде мүдделі болса,
өздігінен қарсылығын жариялауға;
– атқару ісі туралы заңнамада көрсетілген басқа да іс-әрекеттер
жасауға.
Сот атқарушысы сот және басқа органдардың актілерін орындауды барлық
атқарушы және билік органдар, мен ұйымдардан талап ете алады және олар оның
бұл талабын орындауға міндетті.
Атқару ісі барысында сот атқарушысының атқару іс-әрекеттерін орындауға
қарсылық келтірген немесе басқа да құқыққа қарсы іс-әрекекеттер жасаған
тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Ондай тұлғалар мына
жағдайларда жауапкершілікке тартылады:
– сот атқарушысының заңды талаптарын орындамау;
– борышкердің ақша сомасын немесе мүлкін тексеруге сот атқарушысын
жіберуден бас тартса;
– ақпарат сұраулар бойынша көмек көрсетілмесе;
– өз қызметіне байланысты сот атқарушысына немесе оның жанұясының
мүшелеріне қорлау, қорқыту, өміріне немесе денсаулығына қол сұғу
әрекеттері жасалса;
– сот атқарушысының қызметтік міндеттерін атқаруға қарсылық жасайтын
басқа да әрекеттер.
Соттың және басқа да органдардың актілерін орындау жөніндегі сұрақтарды
түсіндіру үшін сот атқарушысының шақыруымен келуден жалтарса азаматтарға он
айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.[9]
Сот атқарушысын өзінің заңды қызметін атқару барысында белгілі бір үй
жайға, мекемеге немесе мемлекеттік органның, ұйымның территориясына кіруге
қарсылық білдірілсе, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткішке
дейін айыппұл салынады, немесе бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.
Сот атқарушысының үлкен құдыретке ие екенін жоғарыда айтылғандардан
көруге болады.
Шешімдердің сәйкесінше және тез орындалуы мақсатында, сонымен қатар сот
атқарушы жағынан теріс пайдаланушылықты ескерту үшін заңнамада сот
шешімдерін дұрыс және уақытылы орындауға қадағалау жасау қарастырылған.
Сот приставтарының қызметі. Сот шешімдерін орындауға көмек көрсететін
орган сот приставы болып табылады. Заңнамада көрсетілген жағдайларда,
соттың және басқа да органдардың актілерін орындау сот приставының
қатысуымен жүзеге асырылады. Сот приставтарының құқықтық жағдайы, олардың
міндеттері, сот приставтары ұйымының қызметі және тағайындау тәртібі,
сонымен қатар олардың қызметіне қадағалау жасау сот приставтары туралы
Заңмен анықталады.
Сот приставы – бұл сот қызметіндегі көрсетілген тәртіпті қамтамасыз
ететін, өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын және мемлекеттік
қызметте тіркелген, құзыретті тұлға болып табылады.[10]
Азаматтық істер бойынша сот приставының міндеттері:
– сот отырысы барысында сот залында қоғамдық тәртіпті сақтау;
– процессуалдық іс-әрекеттер жасау барысында сотқа көмек көрсету;
– сот мекемесіне, судьяларға және басқа да процесске қатысушыларға
қорғанушылықты қамтамасыз ету;
– соттың және де басқа да органдардың қаулыларын мәжбүрлеп орындау
үшін сот атқарушысына көмектесу.
Сот приставтары Жоғарға сотты қоса ҚазақстанРеспубликасының барлық
соттарында тұрады. Сот приставы болып кем дегенде жиырма бір жасқа толған,
арнайы орта білімі бар, сонымен қатар өзіне жүктелген міндеттерді
денсаулығының жағдайына байланысты орындайтын және арнайы тексерістен
өткен, Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады. Сот приставтары
арнайы дайындықтан өтеді. Осыдан кейін арнайы құралдарды қолдануға, оқ
ататын қаруларды сақтауға және ұстауға құқықтары бар.
Сот приставының қызметіне бұрын соңды сотталғандар немесе ақталмаған
негіздерге байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылғандар, сонымен
қатар жағымсыз себептерге байланысты мемлекеттік қызметтен және құқық
қорғау органдары қызметінен босатылғандар тағайындалынбайды.
Сот приставының құқықтары мен міндеттері.
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында сот приставының
төмендегідей құқықтары бар:
1. азаматтардан сот қызметінде көрсетілген тәртіпті сақтауды талап
етуге;
2. сотта құқық бұзушыға әкімшілік ұстау шараларын жүргізу;
3. заңда көрсетілген тәртіппен жауапкершілікке тарту үшін құқық
бұзушылық туралы протокол құруға;
4. ішкі істер органдарына құқық бұзушыны апаруға;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен оқ
ататын қаруды, арнайы құралдарды және өз дене күшін пайдалануға.
Сот приставы міндетті:
1. өзіне берілген құқықтарды қатаң заңға сәйкес қолдануға және өз
қызметі барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне қысым жасамауға;
2. судьялардың және сот процесіне қатысушы басқа тұлғалардың қорғалуын
жүзеге асыру;
3. кеңесу бөлмесінің және соттың басқа мекемелерінің қорғалуын
қамтамасыз ету;
4. атқару ісі туралы заңнамаға сәйкес атқару іс-әрекеттерін жүзеге
асыруға қатысуға;
5. сот отырысы залында құқық бұзушылықты ескертуге және шаралар
қолдануға;
6. судьяның тапсырысымен қылмыстық істі аяғына дейін жеткізуді
қамтамасыз ету;
7. сот отырысының жүргізілу тәртібін сақтай отырып, судьялардың
бұйрығын орындау;
8. сотқа келуден жалтырып жүрген тұлғаларды әкелуді жүзеге асыру.
Сот приставының оқ ататын қаруды, арнайы құралдарды және өз дене күшін
пайдалануының тәртібі сот приставтары туралы Заңның 8 бабында көрсетілген.
Сот приставтары оқ ататын қаруларды төмендегідей жағдайларда қолдануға
құқылы:
1. судьялардың және сот процесіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына
қауіп төнетіндей шабуылды тойтару үшін;
2. сот приставы мен сот атқарушысы өз қызметтік міндеттерін жүзеге
асыру барысында, олардың өміріне және денсаулығына қауіп төнетіндей болып
жасалатын шабуылды тойтару үшін;
3. қаруды немесе арнайы құралды иеленуге болдырмау шараларын қолдану.
4. сотқа және сот мекемесіне бірнеше адамдар тобының қарулы шабуылын
тойтару үшін.
Сот приставы өз дене күшін, арнайы төбелес тәсілдерін, сонымен қатар
арнайы құралдарды төмендегідей жағдайларда қолданады:
1. судьяларға және сот процесіне қатысушыларға қарсы шабуылды тойтару
үшін;
2. сот приставы және сот атқарушысы өз қызметтерін жүзеге асыру
барысында оларға күш қарсылығын көрсетсе және шабуыл жасаса бұлтартпау
шараларын қолдану үшін;
3. егер тұлға құқыққа қарсы әрекетті тоқтату туралы қойылған талапты
орындаудан бас тартса, ол тұлғаны ұстауға;
4. күзеттегі тұлға қашса шаралар қолдануға, сонымен қатар күзеттегі
тұлға күшпен босалуға әрекет жасаса.
Әйелдерге, кәмелетке толмағандарға және мүгедектерге қатысты қару-
жарақ, арнайы құралдарды және арнайы төбелес тәсілдерін қолдануға тиым
салынады. Егерде жоғарыда айтылғандар қару-жарақпен шабуыл жасаса, және
бірнеше адамдар тобымен қарсы шықса арнайы құралдарды, қару-жарақты
қолдануға болады. Сот приставы қару-жарақты, арнайы құралдарды және арнайы
төбелес құралдарын пайдаланудың барлық жағдайларында төмендегідей қажетті
шаралар қолдануға міндетті:
– айналадағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– жарақаттанғандарға қажетті медициналық көмек көрсету;
– қару-жарақты, арнайы құралды және арнайы төбелес тәсілін қолдану
туралы сот төрағасына баяндау.
Атқару ісіне қатысушы салық және кеден органдары, банктер және басқа да
банктік-қаржылық мекемелер, белгілі бір соманы өндіріп алу туралы соттың
және басқа да органның актісін орындауды жүзеге асырады.
Бюджетке салық қарыздарын және басқа да қарызды өндіріп алу іс-
әрекеттері атқару ісі туралы Заңнамада көрсетілген тәртіппен, сонымен қатар
салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Аумақтық салық органдарына ұсынылған салықтарды немесе өтпелі
төлемдерді, сонымен қатар алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетілген мерзімде
төленбеген жағдайда аумақтық салық органдары салық төлеушілердің банктік
шоттарынан салық бойынша жиналған қарыздарды өндіріп алуға құқылы.
Салық қызметі органдарының тексеріс актісі бойынша салынған салыққа,
алымға, басқа да міндетті төлемдерге салық төлеуші келіскен жағдайда, салық
төлеушіге көрсетілген соманы төлеу мерзімі 60 күнге ұзартылады және салық
төлеуші өзі белгілеген график бойынша көрсетілген мерзімде әр 15 күн сайын
төлеп бітіруге тиіс.
Салық төлеуші салынған салықтарға, алымдарға және басқа да міндетті
төлімдерге келіспесе және сотқа шағымданса, заңды көрсетілген тәртіппен 5
банктік күн ішінде салық төлеушінің банктік шотынан көрсетілген соманы
өндіріп алу тоқтатыла тұрады.
Салық төлеушіге тексеріс актісі бойынша салынған салықтардың,
алымдардың, басқа да міндетті төлемдердің төлену мерзімі яғни салық төлеуші
өзі белгілеген төлеу графигі бұзылса, аймақтық салық органдары салық
төлеушінің банктік шотынан өндіріп алуды жүзеге асырады. [11]
Кеден төлемдерін өндіріп, алу кеден органдарымен жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерін төлеу мерзімі аяқталғанына байланысты пайда болған қарыз
төлеушілердің шотынан даусыз тәртіпте ҚР-ң кеден органдарымен тартып
алынады.[12] Қарыздың созылған уақыты үшін 1,5-есе көлемінде өсім салығы
қоса алынады.
Кеден төлемдерінің қарыздарын, олар бойынша тіркелген өсім салығын,
сонымен қатар айыппұл санкцияларын өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Төлеушіден өндіріп алу бойынша
оның тиістіақшасы болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,
төлеушінің келісімімен оның мүлкіне шағындануға болады. Егер төлеушіге
мүлкін өндіріп алу туралы шешім хабарланғаннан кейін бес банктік күн ішінде
қарсылық білдірмесе, төлеуші келісім берді деп есептеуге болады.
Банктер және банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдар салық төлемдерін төлеуден жалтарған жағдайда, қарызды нақты төлеген
сәтке дейін төлеушінің шотының шығын операцияларын тоқтата тұру туралы
шешім қабылданады. Өндіріп алу туралы шешімдерді орындамағаны үшін
заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.
Атқару ісіндегі соттың рөлі. Атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру
барысында атқару ісі жөніндегі сұрақтармен сотқа жүгіну қажеттілігі көптеп
туындайды.
Орындауға ұсыну мерзімі өтіп кеткен атқару құжаты бойынша атқару ісі
туралы іс қозғалмайды. Бұл туралы сот атқарушысы қаулы шығарады, және
өндіріп алушыға өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы сотқа өтініш
жазу құқығын түсіндіреді.
Орындалудың және тіркелген соманың индексін кейінгіге қалдыру, мерзімін
ұзарту, тәртібі мен тәсілінің өзгеруі сияқты сұрақтарды сот шешеді. Атқару
іс-әрекеттерін қиындататын немесе болдырмайтын жағдайлар болса, сот
атқарушысы, өндіріп алушы немесе борышкер істі қарастырған соттың алдына
атқару іс-әрекеттерін кейінгіге қалдыру немесе мерзімін ұзарту туралы сұрақ
қоюға құқылы.
Сонымен қатар борышкерге іздеу салуды жариялау туралы сұрақты сот
шешеді.
Алиментті өндіріп алу, денсаулыққа жарақат немесе басқа да зиян
келтіргені үшін орнын толтыру, асыраушысының қайтыс болуы, сонымен қатар
борышкердің мекен жайы белгісіз болатын жағдайлар туралы істер бойынша сот
атқарушысы ішкі істер органдары арқылы іздеу салуды жариялау туралы сұрақты
шешу үшін, сотқа ұсынысымен барады. Борышкерді іздеуге кеткен шығындар
атқару іс-әрекетін орындағанда кететін шығындарға жатады және жергілікті
бюджетке борышкерден сот арқылы өндіріліп алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасының атқару ісі туралы заңының 23 бабына сәйкес
сот орындалуға жататын атқару құжатын түсіндіруді жүзеге асырады. Атқару
құжаты түсініксіз болған жағдайды сот атқарушысы шешімге және қаулыға
негізделіп шығарылған атқару құжатын түсіндіруі үшін сотқа немесе атқару
құжатын шығарған органға жолыға алады. [13]
Сонымен қатар, атқару ісі барысында сот атқарушысы шығарған қаулыларға
арыздарды сот қарастырады. Атқару ісін тоқтата тұру немесе мүлдем тоқтату,
атқару құжатын жою коммиссиясына қайтарып жіберу туралы сот атқарушысының
қаулысына өндіріп алушы сотқа арыздана алады. Демалыс және мейрам күндері,
сонымен қатар түнгі уақытта атқару іс-әрекеттерін орындау соттың рұқсатымен
ғана жүзеге асырылады.
Атқару құжатын орындау сәтінде заңды тұлғаның қайта құрылу жағдайында,
сот атқарушысы борышкердің құқықтық мұрагерін анықтайды және борышкерді
өзінің құқықтық мұрагерімен ауыстыру туралы шығарылған анықтама ұсынысын
шешім шығарған сотқа апарады.
Сот атқарушысының қарсы болуын қабылдамау туралы қаулыға сотта
көрсетілген тәртіппен арыз жазып, шағымдануға болады. Арыз беру арқылы
атқару өндірісі іс-әрекеттерін тоқтату мүмкін емес.
Атқару ісіне прокуратура органдарының қадағалауын жүзеге асыру.
Заңдардың, ҚР Президентінің жарлықтарының, басқа да нормативтік құқықтық
актілердің нақты және біркелкі қолданылуына жоғары жақтан қадағалау жасау
тексерістер жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Атқару ісінің заңдылығын
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыреті шеңберінде мыналарға
құқылы:
– Конституцияның, заңдардың және адам құқықтары туралы Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарының нақты және біркелкі
орындалуын талап ету;
– Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы істер
бойынша атқару ісін талап ету және тексеру, сонымен қатар
прокурордың талабы және өтініші бойынша жүзеге асыру;
– Банктердегі немесе банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардағы борышкердің ақшасына және басқа да мүлкіне
атқарушы өндіріс органдарының тыйым салу туралы актілерін заңды
көрсетілген жағдайларда санкциялау.

2.2. Сот шешімдерін орындаудың ерекшеліктері және мәжбүрлеп
орындату шаралары.
Атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында өндіріп алушының,
борышкердің және басқа да тұлғалардың құқықтарын қорғау жаңды түрде жүзеге
асырылады. Атқару іс-әрекеттерін орындау барысында өндіріп алушы мен
борышкердің құқықтарын қорғаудың негізі ретінде сот атқарушысының іс-
әрекеттеріне шағымдану заңда қарастырылған. Атқару құжаттарын орындау
барысында, сондай-ақ ондай іс-әрекеттерді орындаудан бас тартатын сот
атқарушысының іс-әрекеттеріне өндіріп алушы және борышкер арыз бере алады.
Арыз сот атқарушысымен іс-әрекет жүзеге асырылған күннен бастап он күн
ішінде беріледі. Арыз сот атқарушысының әрекеттік (әрекетсіздік) қаулысына
қарап берілуі мүмкін, сондай-ақ қаулының нәтижесінде төмендегідей жайлар
туындағанда:
1. азаматтық құқықтары мен бостандықтары бұзылса;
2. азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына кедергілер
туса;
3. азаматқа қандай да бір міндеттілік жүктелсе немесе оны заңсыз
жауапкершілікке тартса.
Мұндай жағдайда құқық туралы даудың субъектілері болып бір жағынан
мемлекеттік қызметте тұрған, құзыретті тұлға – сот атқарушысы сөйлейді,
екінші жағынан – жеке азамат сөйлейді.
Атқару іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында атқару ісінің қатысушылары
болып табылмайтын басқа да тұлғалардың құқықтары қозғалуы мүмкін. Мүлікке
және оның тізіміне тыйым салу барысында сот атқарушысының іс-әрекеттері
арқылы үшінші тұлғаның мүліктік құқықтары бұзылуы мүмкін. Мүлікке тыйым
салудан босату туралы талаптар борышкерге жатпайтын мүлік иегерлеріне табыс
етілуге мүмкін.
Мүлікке тыйым салудан босату туралы талаптар өндіріп алушы мен
борышкерге ұсынылады, ал егер мүлікке тыйым салу мүлікті тәркілеуге
байланысты жүргізілсе, сәйкес қаржы органы жауапқа тартылады.
Бас бостандығынан айырылған тұлғаға басқа да жауапкерлер сияқты сот
отырысының өтетін уақыты мен орны баяндалуы тиіс және сот оған талап
өтініштің көшірмесін жіберуге міндетті. Соттар еңбек мекемелерінің
әкімшіліктері арқылы көрсетілген тұлғаларға берілген талап бойынша сотқа
жазбаша түсініктеме беру құқығын түсіндіріп беру қажет.
Көрсетілген істер бойынша талап өтінішке мүлікке тыйым салу туралы
қаулының көшірмесі, үкімнің, алынған шешімнің көшірмесі және тағы басқа
қажетті құжаттар қосылуы тиіс.
Мүлікке тыйым салудан босату туралы қаулыға рұқсат берердің алдында,
сот тізімде көрсетілген барлық мүлікке тыйым салудың заңдылығын тексереді.
Егер заң бойынша мүмкін емес заттарға тыйым салынса, сот көрсетілген
заттарға тыйым салудан босатуға міндетті. Тәркіленуге жататын мүлікті
тыйымсалудан босатуға тиісті дау болған жағдайда сот бұл мүліктің алынып
тасталғанын және оның қайда тұрғанын анықтап білу қажет, өйткені
көрсетілген жағдайлар мүлікті іс-жүзінде қайтарып беруге әкелуі мүмкін.
Борышкердің мүлкіне тыйым салу. Атқару құжаттары бойынша өндіріп
алушылық ең алдымен борышкердің ақша сомаларына бағытталады, сонымен қатар
атқару құжатында басқалай тәртіп анықталмаса банктік құрылымдардағы ақша
сомасына да бағытталады. Борышкердің таза ақшадай қаражатына тыйым салу
борышкердің келісімінсіз жүргізіле береді. Борышкерде қарызды жабуға
жететіндей ақша сомасы болмаған жағдайда өндіріп алушылық борышкердің
иелігіндегі басқа да мүліктерге бағытталады. Сот атқарушысы мүлікті алдын
ала бағалап алғаннан кейін, өндіріп алушының келісімімен мүлікті іс жүзінде
тапсыруға құқылы.
Борышкердің мүлкіне тыйым салу. Сот атқарушысы мүлікке тыйым салу
барысында оның нақты бағасын және борышкердің иелігінде екендігін
тексереді. Мүліктің борышкердің иелігінде екендігіне көзі жеткеннен кейін
сот атқарушысы оны тізімге қосады. Сот атқарушысы өндіріп алу көлеміне
байланысты борышкердің барлық мүлкіне немесе мүлкінің бір бөлігіне тыйым
салады және тыйым салуды тіркеу туралы ұсынысты тиісінше қозғалмайтын
мүлікті тіркейтін мемлекеттік органға жібереді.
Тыйым салынуға тиіс борышкердің мүлкін бағалау сот атқарушысымен
жүргізіледі. Сонымен қатар қатысушы жақтардың өзара келісімге келулері
ескеріледі. Егер жеке заттарды бағалау қиыншылық тудырса, немесе борышкер
және өндіріп алушы сот атқарушысының жүргізген бағалауына қарсылық
білдірсе, сот атқарушысы мүліктің құндылығын анықтау үшін маман
тағайындайды. Валюталық құндылықтарды, зергерлік және басқа да құнды метал
мен тастан жасалған бұйымдарды, сурет шығармаларын бағалау міндетті түрде
маманның қатысуымен жүргізіледі.
Өндіріп алушы белгілеген соманы және атқару барысында жиналған
шығындарды өтеу үшін, борышкердің мүлкіне қажетті көлемде сот атқарушысымен
берегіп тізімдеме жүргізіледі. Борышкердің мүлкіне тізімдеме жүргізу
борышкер және куәгерлердің қатысыуымен іске асады. Мүлікке тізімдеме
жүргізу барысынды борышкер қай заттарға бірінші кезекте өндіріп алу
анықталатынын сот атқарушысына мәлімдеуге құқылы. Егер орындалуға қарсылық
келтірмесе сот атқарушысы мұндай мәлімдемені қанағаттандырады.
Борышкердің мүлкіне тыйым салу қаулымен бекітіледі. Мүлікке тыйым салу
туралы қаулыда төмендегілер көрсетілуі тиіс:
1. қаулыны құру уақыты мен орны;
2. қаулыны құрған сот атқарушысының тегі, аты, әкесінің аты;
3. орындалуға тиісті атқару құжатын шығарған соттың аты;
4. өндіріп алушының және борышкердің тегі, аты, әкесінің аты;
5. қаулыда көрсетілген әр заттың атауы, айрықша белгілері және оның
бағалануы;
6. сот атқарушысының іс-әрекеттеріне шағымданудың тәртібі мен мерзімін
борышкер мен басқа да тұлғаларға түсіндіру, сонымен қатар борышкер мен
мүлікті сақтаушыға сақтауға табыс етілген мүлікті ысырап қалса, жойып
жіберсе немесе тығып қылса жауапкершілікке тартылатынан түсіндіру.
7. өндіріп алушының, борышкердің, тізім жүргізуге қатысушы тұлғалардың
ескерткелері мен өтініштері және сот атқарушысының осы өтініштер арқылы өз
өкілеттігін жүргізуі есепке алынады.
Сот атқарушысы және қаулыны құруға қатысушы тұлғалар мүлікке тыйым салу
туралы қаулыға қол қояды.
Тәркіленген мүлікті пайдалануды жүзеге асыру. Өндіріп алушы борышкердің
мүлкіне тыйым салу барысында, осы мүліктің орынды жұмсалуын жүзеге
асыралуын келесі тәртіппен жүргізеді:
1. ең алдымен іске қатыспайтын борышкердің мүлкі есепке алынады: құнды
қағаздар, валюталық құндылықтар, құнды металдар және тастар, зергерлік
бұйымдар, жеңіл авто көлік;
2. екінші кезекте – іске тікелей қатыспайтын дайын өнім, сонымен қатар
басқа да материалдық құндылықтар;
3. үшінші кезекте – іске тікелей қатысуға арналған қозғалмайтын мүлік
объектілері, сонымен қатар шикізат және материалдар, станоктар, құрылғылар,
басқа да негізгі құрылғылар.
4. төртінші кезекте – жалға қарызға алу шарты бойынша басқа тұлғаларға
берілген мүлік.
Тәркіленген мүлікті іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасында
көрсетілген тәртіппен сауда саттық және басқа да мамандандырылған ұйымдар
арқылы сауда саттық аукциондарында сот атқарушысымен жүзеге асырылады.
Саудада борышкердің тәркіленген мүлкін жүзеге асыру барысында сот
атқарушысы сауда болардан он күн бұрын арнайы республикалық немесе облыстық
баспа органдарына алдағы болатын сауда туралы хабарлайды.
Сауда тыйым салу туралы актіде көрсетілген мүліктің бағалау
құндылығынан басталады. Саудада ең жоғарғы баға ұсынған тұлғаға мүлік
сатылды деп есептелінеді. Сауда аяқталғаннан кейін сатып алушы бес күн
ішінде өзі сатып алған мүлкі үшін толық сомманы төлеуге міндетті және сауда
болардың алдында төленетін кепілақы қоса есептеледі. Сатып алушы
көрсетілген мерзімде барлық қажетті соманы төлемеген жағдайда сауда
болардың алдында төленген кепілақы оған қайтарылмайды және ол мемлекеттің
кірісіне түседі. Сатып алушы мүлік үшін барлық қажетті соманы төлесе сот
атқарушысы оған сәтті өткен сауда туралы актінің көшірмесін ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген атқару ісі бойынша сот атқарушылары және шешім
шығарған судьялар, сонымен қатар борышкердің жанұя мүшелері және жақын
туыстары. Саудаға қатыса алмайды.
Сот атқарушысы сауданың өтпейтіндігін келесі жағдайларда жариялайды:
1. егер саудаға екі сатып алушыдан аз келсе;
2. егер мүліктің алғашқы бағасына ешкім ақша қоспаса;
3. егер сатып алушы бес күні ішінде өзі сатып алған мүлкі үшін толық
ақша сомасын төлемесе.
Егер сауда өтпеді деп жарияланса, өндіріп алушыға алғашқы бағалау
сомасы бойынша мүлікті өзінде қалдыру құқығы табыс етіледі. Егер өндіріп
алушыдан мұндай өтініш келіп түспесе, сот атқарушысы мүліктің сатылу
бағасын алғашқы бағаланылуынан 20 пайызға түсіреді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Экономикалық Одақ жайлы
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушыларды дифференциалдап оқыту мәні мен түсінігі
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары
Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты
Пәндер