ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ . . . 6
1. 1 Тіршілік ортасының антропогендік әсері . . . 6
1. 2 Атмосфералық ауаның ластануының түрлері мен көздері . . . 10
1. 3 Ақмола обылысы және ондағы атмосфералық ауаны жағдайы . . . 13
2. «ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ» БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ . . . 18
2. 1 Кәсіпорын жөнінде мәлімет . . . 18
2. 2 Өндіріс технологиясы мен технологиялық
құрал-жабдықтардың қысқаша сипаттамасы . . . 23
2. 3 Шығарынды тазалауға қолданылатын құралдардың сипаттамасы . . . 34
2. 4 Кәсіпорынның қауіптілік санатын есептеу . . . 35
3. ШЕКТЕУЛІ РАУАЛЫ ШЫҒАРЫНДЫЛАР НОРМАТИВТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ . . . 39
3. 1 Атмосфера ластануын есептеу барысында жерргілікті жерлерді
ерекшеліктерін есепке алу . . . 39
3. 2 Қазіргі жағдайдағы атмосфераның зиянды заттармен ластану есебінің
нәтижесін талдау . . . 41
3. 3 Санитарлы қорғау аймағының (СҚА) сипаттамасы және аймақты
ұйымдастыру . . . 42
3. 4 Жобаның экономикалық бөлімі . . . 45
4. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ҚАУІПСІЗДІГІ . . . 48
ҚОРТЫНДЫ . . . 56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
Кіріспе
ГУ «Шортандының №1 орта мектебінің» атмосфералық ауаны зиянды қалдықтармен ластауының шектеулі рауалды шығарындылар нормативінің нағыз жобасы ретінде бағалауда, сондай-ақ 5 жылға жарамды шектеулі рауалды
шығарындыларды (ШРШ) ұсынып отыруда.
Негізгі тапсырма- саяси білім ортасының мемлекеттік бірден-бір іске асыруы, мектепке дейінгі тәрбиені, бастаушы және орта білімді, мектеп ішілік (қосымша) білім алуды мемлекеттік саяси ортада қамтамассыз ету.
Кәсіпорын шығарындылары екі шығарынды көздерден құралады: 1-сі ұйымдастырылған көздер (пеш) және 2-і ұйымдастырылмаған шығарынды көздері (көмір қоймасы және золы)
ШРШ-дың нормативі 1-ші топ бағалауымен өндіріс шығарындыларының 3 ластанған заттарынан тұрады.
Әртүрлі максималды шығарындылар деңгейі - 2, 276 г/сек.
Ластайтын заттардың деңгейі - 39, 17 т/г.
Лимиттелген шығарындылар деңгейі - 353, 209 т/жыл.
Атмосфераның ластану есебін «ЭРА v 1. 7» жоғары сападағы бағдарлама бойынша атмосферадағы ластайтын заттардан шығатын максималды концентрация есептелінеді.
«Атмосфераны ластайтын заттардың шығарындыларның құрамындағы түрі және салмағына байланысты категория қауіпсіздігінің кәсіпорынға бөлінуін ұсыну» бұның құрылымының есебімен сәйкес келуі IV категория қауіпсіздігіне немесе жоба құрамына кіреді.
Атмосфераның экология бағдайының өзгеруіне байланысты қаралады және жарамдылығы ШРШ нормативтерінде қарастырылған. Табиғи қоршаған ортаны қорғау және жергілікті оргондарды бақылауда қоршаған табиғи ортаны ластайтын көздер пайда болуда.
Қазақстан Республикасының негізгі заңында ГУ «Шортандының №1 орта мектебінің» шектеулі рауалы шығарынды жоба нормасында қарастырылған, оның ішінде базалық болып келесілер табылады:
-Қазақстан Республикасының кодексында №212-Ш, 2007 жылдың қаңтарынан басталады;
-Құжаттың жобасы және алдын алу жобасы, қоршаған орта әсерінің біртіндеп жақсаруы және өткізілген құрылым әсерін бағалау №68-Ш, 2004 жылдың 28 ақпанында өткізілген;
-Кәсіпопындардың қалдықтарды кешіктіруі, атмосфералық ауаны ластайтын заттардың концентрациясының есеп әдістемесі РНД 211. 2. 01. 0-97;
-2005 жылдың 8 шілдесіндегі №334 СанПин;
-«Қоныстанған жердің ауаны ластайтын заттардың шектеулі рауалды концентрациясының (ШРК) . Гигиеналық нормасы» ҚР 3. 02. 036. 99;
Экологиялық тізектің негізгі буыны жер атмосферасы болып табылады, ол арқылы оттегі мен ылғалдың жер шарының әртүрлі аймақтары арасында алмасуы болады: атмосфераның жағдайы климат пен ауа райын анықтатайды, температура, қысымның, ылғалдың және атмосфераның басқа ерекшеліктерімен келісуі адамдардың денсаулығы мен жануарларғат ықпал етеді. Ең бастысы: ауаға ұшатын өндірістік шығарындылар (булар, газдар, аэрозольдар) атмосфераға енгенде ауалық ағыспен жүздеген, мыңдаған километр қашықтыққа таралып, бағалауға қиын және болжауға одан да қиын болатын континенталды мен жаһандық масштабтағы жағдайды туғызады. Егер олар атмосферада өздерінің пайда болу жерінің айналасында салыстырмалы аз кеңістікте шоғырланса, онда беттік концентрациялардың шамасын нақтылау және тұрғын аймақта адам ағзасына және жануарларға зияндылықтың әсерін бағалау қажет.
Қазақстанда көптеген жылдар бойы, көбінесе қоршаған орта жоғары экстремальды техногенді әсермен, табиғат пайдаланудың шикізаттық жүйесі қалыптасады [1] .
Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты: атмосфералық ауаға таралатын зиянды шығарындыларды төмендету болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
- Кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметті зерттеу.
- ШРШ нормативтерін есептеу және анықтау.
- Шығарындыларды зиянды бөлшектерден тазалау шаралары.
- Еңбекті қорғау және техника мен технология қауіпсіздігін қадағалау шаралары.
1. Атмосфералық ауаның ластануы
1. 1 Тіршілік ортасына антропогендік әсер
Соңғы жылдардағы жаһандық өзгерулер, әлемдік қауымдыққа үлкен әсер етуінен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулердің басты мәселелеріне айналды. Көптеген табиғатты - ғалымдар «қоршаған орта» терминін «табиғат» сөзіне синоним ретңнде қарастырады. Алайда, табиғат қоршаған орта болып тек әлуеметтік контексте қаралғанда ғана болады : адам қауымдастығы табиғатқа және онымен әрекеттесуіне тәуелді, оны әртүрлі кеңістік - уақыттық масштаба өзгертеді.
Көптеген уақыт бойы антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортаның өзгеруі қоршаған ортаның радикалды түрленуіне әкеледі. Өйіткені соңғы 10 - 20 мыңдаған жылдар бойы азаматтың іс - әрекеті құрлықтың барлық аумағында айқындалып, барлық жерлерде адам өз айналасында өзгерулер ошақтарын, кейде табиғаттың түрленуін туғызады. Бұл ошақтар үлкейіп, көбейе бастады, қоршаған ортаның қайта құрылуы радикалды бола бастап, біздің ғасырда шынында таралуына ғана емес, сонымен қатар қарқындылықта жаһандық масштаптарға жетеді.
Жыл сайын адам жер қойнауынан шамамен 200 млрд. Тонна тау жыныстарын шығарады, 9 млрд. Тоннадан артық шартты отынды жағады, алқаптарда 3 млрд. тоннаға дейін пестициттерді шашыратады және с. с. Әсіресе өзекті мәселе, қоршаған ортаның антропогендік улы заттектермен (токсиканттармен) ластану мәселесі болып табылады. Жыл сайынғы әлемдік көміртегі оксидінің түсуі 25, 5 млрд. т., азот оксидінің - 65 млрд. т. және т. б. құрайды. Қоршаған ортаға өндірістік кәсіпорындар, автокөліктер, ядролық қарудың сынақтары, пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды аса көп қолдану кері әсер етеді. Әлемдік бақылау Иниститутының мәліметтері бойынша адамзаттың антропогендік іс - әрекетінің салдарынан:
- 11 млн. Гектар аумағында ылғалды тропикалық ормандардың жыл сайынғы жойылуы;
- жер шарында шамамен 6 млн. гектар аумағында антропогендік шөлдердің жыл сайынғы пайда болуы;
- жыртылатын жерлерде 26 млрд. тонна құнарлы қабаттың жыл сайынғы жойылуы;
- қышқыл жаңбыр салдарынан 31 млн. гектардан артық аумақта орманның зақымдалуы;
- кейбір елдерде қышқыл жаңбырлар салдарынан мыңдаған көлдердің биологиялық өлі көдерге айналуы;
Тамырлы өсімдіктердің 25 - 30 мың түрлеріне жойылу қауіпі төніп тұр. Қоршаған ортаның қарқынды тозуы адамның өзінің тіршілік етуіне нақты қауіп туғызады. БҰҰ мен ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының жолында мониторингтің жаһандық жүйесі құрылды, оның негізгі міндеттері қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің дәрежесін анықтау, болашақта оның жағдайын болжау болып табылады.
Адамның мекендеу ортасы - қоршаған орта белгілі бір жағдайларды адам денсаулығы мен іс - әрекетіне тура немесе жанама, шұғыл немесе алшақты әсер ете алатын физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың жиынтығын ерекшеленеді. Сондықтан, қазіргі таңда «Қоршаған орта және адамның денсаулығы» мәселесі өзекті болып отырады. Қоршаған ортаға улы заттар түсуінің үздіксіз өсуі, ең бірінші, халықтың денсаулығы әсер етеді, ауыл шгаруашылығы сапасы нашарлайды, егін төмен, бөлек аймақтағы климаттың және Жердің озондық қабатының жағдайына әсер етеді, хлора мен фаунаның өлуіне әкеледі.
Атмосфераға көбірек түсетін қауіпті қоршаған ортаны ластаушылар - көміртегі оксиді, күкірт, азот, көмірсутегі, шаң қоспаларыадамның ағзасына әртүрлі улы әсер етеді.
Көміртегі оксиді (СО) . Түсі мен иісі жоқ газ. Жүйке, жүрек пен қан жолдары жүйесіне әсер етіп, тұншығуға әкеледі. СО уланудың бірінші белгісі
бас ауруының пайда болуы құрамында 200 - 220 НГ/м 3 СО бар атмосферада 2-3 сағат болғаннан кейін адамда өмір пайда болады; СО жоғары концентрациясы кезінде самай тамырларының соғуы, бас айналуы басталады. СО улылығы ауада азот оксиді болса өседі, бұл жағдайда ауадағы СО концентрациясын шамамен 1, 5 есе азайту керек.
Азот оксидтері NO x (NO, NO 2 , NO 3 , NO 5 , N 2 O 3 ) . Атмосфераға көбінесе демалу мүшелерін қоздыратын, азот диоксиді NO 2 - түссіз, исі жоқ улы газ шығарылады. Әсіресе азот диоксиді қалаларда қауіпті, олар фотохимиялық тұман- тұмшаның пайда болуына әкеледі. Азот оксидтерімен улану әрекеті жеңіл жөтелден басталады. NO x концентрациялары жоғарлаған кезде қатты жөтел, лоқсу, кейде бас ауруы пайда болады. Шырышты қабықтың ылғалды бетімен байланысқан кезде азот оксидтері HNO 3 және NO 2 қышқылдары пайда болады, олар өкпенің ісінуіне әкеледі.
Күкірт диоксиді SO 2 - түссіз, иссіз газ, аз концентрацияның (20-30 мг/м 3 ) өзінде ауызда ұнамсыз дәмнің пайда болуына себепші, көздің шырышты қабатын және демалу жолдарын қоздырады.
Көмірсутектер (бензин буы, пентан, гексан және т. б. ) . есірткі әсеріне ие, аз концентарция кезінде бас ауыруын, айналуын және с. с. туғызады. Мәселен, 8 сағат бойы 600 мг/м 3 концентрациялы бензин буымен дем алғанда бас ауруы, жөтел, тамақта жағымсыз сезімдер пайда болады.
Альдегиттер. Адамға ұзақ әсер ету кезінде көзбен дем алу жолдарының шырышты қабығының қозуына себепші болады, ал жоғары концентрациялар кезінде (формальдегит үшін - 20-70 мг/м 3 ) бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің болмауы, ұйқысыздық байқалады.
Шаң мен тұмандардың дисперті құрамы олардың адамның ағзағсына ену қабілеттілігін анықтайды. Әсіресе қауіпті бөлшектер 0, 5 - 10 мкм жұқа - дисперсті шаңдар болып табылады, олар демалу мүшелеріне жеңіл енеді. Минералды ластауыштары бар қалдықтар, көбінесе, жағдайлар маңайында шоғырлананды, тек кейбір бөлігі ғана аумақтық сулардың шекараларынан алыстайды. Сулардың сынаппен ластануы әсіресе қауіпті, өйткені мұхиттық ағзалардың улануы адамның улануының себепшісі болуы мүмкін. Қышгқыл жаңбырлардың пайда болуы ылғалды атмосфераға күкірт оксиді мен азоттың тзүсуіне байланысты. Көбірек қауіпті статционарлы көздер (ЖЭС және т. б) төндіреді. Қышқыл жаңбырлар топырақтың құнарлығын азайтады, халықтың денсаулығын нашарлатады. Қоршаған ортаға түсетін химиялық заттардың және физикалық факторлардың әртүрлігі арасында ең қауіптісі концерогенділер болып табылады - тірі ағзаларда қатерлі ісіктердің дамуын туғызуға қабілетті заттар немесе факторлар. Ағзадан контрогендер шығарылмайды. Концрогенді физикалық факторларға рентгендік сәулелер, радиоактивті изотоптар және басқа да ортаның радиоактивті ластануы, соны мен қатар ультрат күлгін сәлелер жатады. Сәулелердің аз мөлшері әдетте көп жылдардан кейін анықталатын қатерлі ісіктерге әкелуі мүмкін. Сәулелердің көп мөлшерінен туатын зақымдану бірнеше сағат немесе күндерден кейін анықталады. Озондық қабаттың бұзылуы маңызды фактор болып табылады. Мәселен, 1973 жылы фреондар мен азондық қабаттың 1 % бұзылған, 2000 жылы 3 % бұзылды, ал 2050 жылы - 10 % бұзылады. Бұл бұзылулар Жер полюстерінің үстінде ғарыштық зымырандар мен дыбыстан жоғары ариация ұшатын аимақтарында анық байқалады. Азондық қабат үшін хлор, азот оксидінің түсуіне әкелетін атмосферадағы ядерлік жарылыстар әсіресе қауіпті.
Бүгінгі күнге дейін адамның ақылы «табиғаттың соқыр күштеріне» қожалықты жхүргізудің құралы болуда. Адам табиғаттың күші келмейтін тамаша техниканы өмірге әкеліп жерге жақын ғарышқа, кейбір планеталарға өз жәсерін тарататын жаппай әлемдік фактордан ғарыштық факторға айналады.
Осыдан біраз уақыт бұрын техникалық жхүйелер « . . . болашақта - Ана - табиғатқа қарағанда әлдеқайда қиын, бірақ әлдеқайда оңпайлы және ақылды жасанды Табиғатты құрайды» деп көрінді. Осылай ағылшын физигі Д. Вернал жазды. Біз табиғи ландшафтарды жер бетінің белгілі физикалық аймақтарға нығыз бейімделгендіктен табиғаттың даналығын түсінуді бастадық. Біз жақын және алыс болашаққа негізделген болжауи беру үшін жаңа белгісіз табиғи шешімдерді іздеуге, жаңа ландшафтарды жасауға, олардың дамуын бақылап, оны бағыттауға мәжбүрміз. Табиғат пен адамның, табиғат пен адам жөнінде білім бірлігі ылайық болу керек. Ғылымдардың жетістіктері табиғат, қауымдастық, өз тіршілігіміздің көпьеген аспектерін білмеуден босатпайды. Сондықтан, тек ұлы ғылыми - техникалық ғасырдың біліміне сенуге болмайды, олардың шектеулілігін есепке алу керек, әдемілікке талпыну, табиғатқа сену қажет. Осылай, біздің айналадағы әлем мен біздің ағзамыз бір тұтас және атмосфераға түсетін барлық шығарындалар мен ластаушылар біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Ал егер, біз қоршаған орта үшін көбірек оң істерді жасасақ, өзіміздің өмір сүру ұзақтығын ұзартамыз. Ал бұл әлемде бкарлығы өзара байланысқан, ештеңе өзінен - өзі пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді деген сөздермен келіспеу қиын [13. 3] .
1. 2 Атмосфералық ауаның ластануының түрлері мен көздері
Атмосфера- Жердің сыртқы газдық қабаты, әртүрлі газдардың, ылғал жулардың және қатты (аэрозольді) бөлшектердің механикалық қоспасы. Атмосфералық ауа тірі ағзалардың дем алуы үшін қажет, жану мен балқытудың технологиялық үрдістерінде оттегі, азот, инертті газдарды, көміртегі оксидтерін алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Атмосфера өндірістен шығатын газ тәрізді қалдықтардың орналасу ортасы болып табылады.
Атмосфера келесі функцияларды атқарады:
- тірі ағзалардың дем алуына керекті оттегісі бар;
- өсімдіктердің фотосинтезі үшін көмірқышқыл газдың көзі болып табылады;
- зат алмасуының газ тәріздес өнімдерін түрлендіреді;
- химиялық шикізат пен энергия көзі болып табылады;
- газ және шаң тәріздес қалдықтарды қабылдайды және түрлендіреді;
- планета бойынша ылғалды буларды тасмалдайды;
- ұшатын формадағы ағзалардың мекендеу ортасы болып табылады.
Атмосфераның құрамы ауалық массалардың жылжуы (жел мен конвекция) және атмосфералық жауын-шашын, жануар мен өсімдік әлемдерінің тіршілік әрекеті, әсіресе орман мен әлемдік мұхиттың планктондары сияқты климаттық факторлармен, сонымен қатар ғарыштық үрдістер, адамның шарушылық іс-әрекеті нәтижесінде геохимиялық құжылыстармен қолдайтын динамикалық тепе-теңдік жағдайында болып тұр. Атмосфераның орташа массасы 5, 14-10 15 т. Атмосфера массасының шамамен 50% қалыңдығы 5 км болатын төменгі қабатты құрайды. Қалыңдығы 30 км болатын қабаттың массасы атмосфераның барлық массасынан 99% құрайды. Тік бағыт бойынша атмосфера қабатты әртүрлі құрылымға ие. Бөлек қабаттарды бөлу температура мен биіктігінің өзгеруіне негізделген.
1- кесте Атмосфераға бөлінетін негізгі қабаттардың сипаттамасы
Атмосфераның ең жоғарғы шекарасы нақты айқындалмайды. Ол ғарыштық кеңістікке баяу ауысады. Атмосфераның орташа температурасы орта ендікте биіктігі 11 км белгіде сызықты түрде азаяды. Бұндағы мұхит деңгейінің орташа температурасы 288К тең, ал 11 км биіктікте - 216, 7 К алынады. Ауалық массалардың ауысуына Жердің айналуынан пайда болатын Кориолис күші, жоғары және төмен қысымдар аудандарына жақын аймақтарда пайда болтын ортадан тепкіш үдеу, жер бетіне жақын ауаның қозғалуын баяулататын үйкеліс күші әсер етеді.
Солтүстік жартышарда жоғары қысым орталықтарының айналасында ауалық ағындардың қозғалуы айналмалы қозғалуынан төмен және сыртқа ауытқуымен сағат тілінің бағытыаен қозғалады. Бұл ағын төмендеткіш атына ие болды және атмосферада ластаушы заттардың шашырауына қарсы бөгеттердің бірі болуы мүмкін. Бұл жағдайда ластаушы заттар атмосфераның төменгі қабаттарынан жоғарыға ауысады және ауаның үлкен аумағына шашырайды. Ауаның солтүстік жартышарда сағат тіліне қарсы қозғалысы кезінде төмен қысымның орталықтарының айналасында циклон қалыптасады, төмен қысымның айналасында сағат тілінің бойымен қозғалыс кезінде антициклон қалыптасады.
Атмосфераның ластануы- оған қоспалардың енуі салдарынан атмосфера құрылысының өзгеруі болып есептеледі.
Ауаны ластаушы зат- бұл қоршаған орта мен халық денсаулығына қолайсыз әсер ететін атмосферадағы қоспалары. Атмосферадағы қоспалар әртүрлі өзгерістерге тап болатындықтан оларды шартты түрде алғашқы және қайталама деп бөлуге болады.
Атмосферадағы алғашқы қоспа- қаралатын уақыт интервалында өзінің физикалық және химиялық қасиеттерін сақтай алатын қоспа.
Атмосферада қоспалардың айналуы- атмосферадағы қоспалар табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен физикалық және химиялық өзгертулерге тап болатын, сонымен қатар өздері арасында әрекеттесу нәтижесіндегі үрдіс.
Атмосферадағы қайталама қоспа- алғашқы қоспалардың айналуы нәтижесінде пайда болатын атмосферадағы қоспалар.
Адам ағзасына әсер етуі бойынша атмосфераның ластануын физикалық және химиялыққа бөледі. Физикалық радиактивті сәулелену, жылулық әсер, шу, төмен жиілікті дірілде, электрмагниттік өрістер жатады. Химиялыққа - химиялық заттар мен олардың қосылыстарының болуы кіреді. Атмосферада ластаушы заттардың шығарындылары 4 белгі бойынша сипатталады: агрегаттық күйі, химиялық құрамы, бөшектердің мөлшері мен шығарылған заттың жаппай шығыны. Ластаушы заттар атмосфераға шаң, түтін, бу мен газ тәріздес заттардың қоспалары ретінде шығарылады. Атмосферадағы шығарындыкөздері табиғи үрдістермен байланысты табиғи және адамның іс-әрекетінің нәтижесі болып табылатын антропогендік (техногенді) болып екіге бөлінеді.
Атмосфералық ауа ластануының табиғи көздеріне шаңды дауылдар, гүлдену кезеңіндегі жасыл алқаптар, орман және дала өртері, жанартаулардың атқылауы жатады.
Табиғи көздерден бөлінетін қоспалар:
-шығу тегі өсімдік, жанартаулық, ғарыштық шаңдар, топырақ эрозиясының өнімдері, мұхит тұзының бөлшектері;
-орман және дала өрттерінен шығатын тұмандар, түтін мен газдар.
Табиғи көздер әдетте алаңдық келбетте болады және салыстырмалы қысқа уақытта әсер етеді. Атмосфераның табиғи көздермен ластану деңгейі аялық болып табылады және уақыт кезеңінде аз өзгереді.
Атмосфералық ауа көп жағдайда өндірістік кәсіп орындар мен автокөліктер шығарындылармен байланысты туындайтын антропагендік (техногендік) көздермен ластану түрлерінің көптігімен ерекшеленеді [2] .
1. 3 Ақмола обылысы және ондағы атмосфералық ауаның
Жағдайы
Ақмола обылысы 147 мың км 2 ауданы бар аймақты алып жатыр, обылыстың тұрғындары 837, 4 мың адамды құрайды. Тұрғындар тығыздығы обылыс бойынша орта есеппен (ауданның 1 км 2 ) 5, 7 адам құрайды.
Ақмола обылысының климаты шұғыл континненталды, ыстық, құрғақ жазбен және ауа температурасының тәуліктік толқу амплитудалаоымен сипатталады. Шілденің орташа максималды температурасы +19 0 С, +21 0 С, қаңтардың температурасы -16 0 С.
Оңтүстік-батыс және батыс желдер басым келеді. Ақмола обылысының аумағында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5, 6 м/с құрайды. Шілде йы бойынш желдің ортша жылдамдығы - 4, 6 м/с, қаңтар айы бойынша - 5, 8 м/с.
Обылыс аумағында жыл ішінде орта есеппен 250-400 мм жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның көп мөлшері (49 %) жазайларына (маусым-тамыз), ең аз мөлшері-желтоқсан-ақпан айларына келеді; көктем кезеңінде (наурыз-мамыр) жауын-шашын мөлшері жылдық норманың 18 % құрайды.
Климаттың қолайсыз жағына ерте көктемгі құрғақшылықты, шаңды дауылға (топырақ эрозиясы) жиі әкелетін қатты желдер, кеш көктемгі үсіктің қайта келуі және ерте күзгі үсіктің басталуын жатқызуға болды. Топырақтың мұздану тереңдігі 110 см жетеді, жер-жерде 200 см дейін жетеді.
Обылыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы -947м), Жақсыжаңғызтау (730м), Жыланды (665м), Зеренді (587м) тауларымен Көкшетау биіктігі алып жатыр. Обылыстың оңтүстік бөлігін 300-400м абсолютті биіктікпен дуалды-толқынды, белесті-дөңесті жазықтық құрайды. Орталық бөлікте Сандықтау, Домбыралы, оңтүстік шығыста - Селеті жазықтығы, орталық бөлігінде - Атбасарлық жазықтық, оңтүстік-батыста-Теңіз-Қорғалжын ойпаты орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz