Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және анықтау
Мазмұны
Кіріспе
1. Атмосфералық ауаның ластануы
1.1 Тіршілік ортасына антропогендік әсер
1.2 Атмосфералық ауаның ластануының түрлері мен көздері
1.3 Ақмола облысы және ондағы атмосфералық ауаның жағдайы
2. Термо – Транзит шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметтер және оның
атмосфераны ластаушы көз ретіндегі сипаттамасы
2.1 Кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметтер
2.2 Өндіріс технологиясы мен технологиялық құрал-жабдықтардың
қысқаша сипаттамасы
2.3 Шығарындыны тазалауға қолданылатын құралдардың сипаттамасы
2.4 Кәсіпорынның қауіптілік санатын есептеу
3. Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және
анықтау
3.1. Атмосфера ластануын есептеу барысында жергілікті
ерекшеліктерін есепке алу
3.2 Қазіргі жағдайдағы атмосфераның зиянды заттармен ластану есебінінің
нәтижесін талдау
3.3 Санитарлы-қорғау аймағының (СҚА) сипаттамасы және аймақты
ұйымдастыру
3.4 Дипломдық жұмыстың экономикалық есебі
4. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Термо-Транзит шаруашылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ)
мемлекеттік комуналдық кәсіпорны (МКК) өндірістік аумағына жүргізілген
зерттеу нәтижесінде кәсіпорынның жұмысы барысында атмосфералық ауаға 10
ластаушы заттар және 5 қосынды топтар бөлінетіндігі және олар 15 ұйымдасқан
және 4 ұйымдаспаған көздерден шығарылатындығы анықталды.
Марганец және оның қосылыстары және қосынды топтары (ванадий
бесқостотығы + марганец және оның қосылыстары) бойынша атмосфераға ластаушы
заттардың шығарындыларын төмендететін іс-шараларды орындау кезеніне уақытша
келісілген шығарындылар бекітілген екен .
Шектеулі рауалы шығарындылар (ШРШ) нормативтері 5 жылға дейінгі
мерзімге бекітіледі және аймақта экологиялық жағдай өзгерсе немесе қоршаған
табиғи ортаны ластаушы көздерінің жаңалары пайда болса және істегі
көздердің параметрлері нақтыланса, қоршаған ортаны қорғау және пайдалануды
бақылаудың жергілікті мекемелерінде қайта қаралуын бекітілуі тиіс.
Термо-Транзит ШЖҚ МКК атмосфераны ластаушы көздерінен бөлінетін
зиянды заттардың жалпы шығарындысы қазіргі жағдайға 186,2248 тжыл, соның
ішінде автокөліктерден 8,775 тжыл құрайды. Ауаны қорғау шараларын
өткізудің нәтижесінде, автокөліктермен есептегенде шығарындылар көлемі
121,54248 тжыл құрайды.
Ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемнің бекітілген лимиті
40038,332 теңге, соның ішінде автокөліктерден 5820,6 теңге құрайды.
Жердегі барлық тіршілік формаларының, соның ішінде адамзаттың дамуы
көптеген табиғи факторлардың үздіксіз өзара ықпал ету жағдайында өтіп
жатыр.
Жер атмосферасы, су қоймалары, топырақ, флора және фауна бір-бірімен
тығыз байланыста болуы анықталған. Басқа сөзбен айтқанда Жерде миллиондаған
жүз жылдар бойы қалыптасқан тұйық экологиялық тізбек бар.
Экологиялық тізбектің негізгі буыны жер атмосферасы болып табылады, ол
арқылы оттегі мен ылғалдың жер шарының әртүрлі аймақтары арасында алмасуы
болады: атмосфераның жағдайы климат пен ауа райын анықтайды, температура,
қысымның, ылғалдың және атмосфераның басқа ерекшеліктерімен келісуі
адамдардың денсаулығы мен жануарларға ықпал етеді. Eң бастысы: ауаға ұшатын
өндірістік шығарындылар (булар, газдар, аэрозольдер) атмосфераға енгенде
ауалық ағыспен жүздеген, мыңдаған километр қашықтыққа таралып, бағалауға
қиын және болжауға одан да қиын болатын континенталды мен жаһандық
масштабтағы жағдайды туғызады. Егер олар атмосферада өздерінің пайда болу
жерінің айналасында салыстырмалы аз кеңістікте шоғырланса, онда беттік
концентрациялардың шамасын нақтылау және тұрғын аймақта адам ағзасына және
жануарларға зияндылықтардың әсерін бағалау кажет.
Қазақстанда көптеген жылдар бойы, көбінесе қоршаған ортаға жоғары
экстремальді техногенді әсермен, табиғат пайдаланудың шикізаттық жүйесі
қалыптасты.
Ұсынылып отырған жұмыстың мақсаты: атмосфералық ауаға таралатын
зиянды шығарындыларды төмендету болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметті зерттеу.
2. ШРШ нормативтерін есептеу және анықтау.
3. Шығарындыларды зиянды бөлшектерден тазалау шаралары.

Соңғы жылдардағы жаһандық өзгерулер, әлемдік қауымдастыққа үлкен әсер
етуінен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулердің басты
мәселелеріне айналды. Көптеген табиғатшы-ғалымдар қоршаған орта терминін
табиғат сөзіне синоним ретінде қарастырады. Алайда, табиғат қоршаған орта
болып тек әлеуметтік контексте қаралғанда ғана болады: адам қауымдастығы
табиғатқа және онымен әрекеттесуіне тәуелді, оны әртүрлі кеңістік-уақыттық
масштабта өзгертеді.
Көптеген уақыт бойы антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортаның
өзгеруі қоршаған ортаның радикалды түрленуіне әкелді. Өйткені соңғы 10-20
мыңдаған жылдар бойы адамзаттың іс-әрекеті құрлықтың барлық аумағында
айқындалып, барлық жерлерде адам өз айналасында өзгертулер ошақтарын, кейде
табиғаттың түрленуін туғызды. Бұл ошақтар үлкейіп, көбейе бастады, қоршаған
ортаның қайта құрылуы радикалды бола бастап, біздің ғасырда шынында
таралуында ғана емес, сонымен қатар қарқындылықта жаһандық масштабтарға
жетті.
Жыл сайын адам жер қойнауынан шамамен 200 млрд. тонна тау жыныстарын
шығарады, 9 млрд. тоннадан арттық шартты отынды жағады, алқаптарда 3 млрд.
тоннаға дейін пестицидтерді шашыратады және с.с. Әсіресе өзекті мәселе,
қоршаған ортаның антропогендік улы заттектермен (токсиканттармен) ластану
мәселесі болып табылады. Жыл сайынғы әлемдік көміртегі оксидінің түсуі 25,5
млрд. т., азот оксидінің – 65 млрд. т. және т.б. құрайды. Қоршаған ортаға
өндірістік кәсіпорындар, автокөліктер, ядролық қарудың сынақтары,
пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды аса көп қолдану кері әсер етеді.
Әлемдік бақылау Институтының мәліметтері бойынша адамзаттың антропогендік
іс-әрекетінің салдарынан:
• 11 млн. гектар аумағында ылғалды-тропикалық ормандардың жыл
сайынғы жойылуы;
• жер шарында шамамен 6 млн. гектар аумағында антропогендік
шөлдердің жыл сайынғы пайда болуы;
• жыртылатын жерлерде 26 млрд. тонна құнарлы қабаттың жыл
сайынғы жойылуы;
• қышқыл жаңбырлардың салдарынан 31 млн. гектардан артық аумақта
орманның зақымдануы;
• кейбір елдерде қышқыл жаңбырлар салдарынан мыңдаған көлдердің
биологиялық өлі көлдерге айналуы.
Тамырлы өсімдіктердің 25-30 мың түрлеріне жойылу қаупі төніп тұр.
Қоршаған ортаның қарқынды тозуы адамның өзінің тіршілік етуіне нақты қауіп
туғызады. БҰҰ мен ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының жолында мониторингтің
жаһандық жүйесі құрылды, оның негізгі міндеттері қоршаған ортаға
антропогендік әсер етудің дәрежесін анықтау, болашақта оның жағдайын болжау
болып табылады.
Адамның мекендеу ортасы – қоршаған орта белгілі бір жағдайларда адам
денсаулығы мен іс-әрекетіне тура немесе жанама, шұғыл немесе алшақты әсер
ете алатын физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың жиынтығымен
ерекшеленеді. Сондықтан, қазіргі таңда Қоршаған орта және адамның
денсаулығы мәселесі өзекті болып отыр. Қоршаған ортаға улы заттар түсуінің
үздіксіз өсуі, ең бірінші, халықтың денсаулығына әсер етеді, ауыл
шаруашылық өнімдердің сапасы нашарлайды, егін төмендейді, бөлек
аймақтардағы климаттың және Жердің озондық қабатының жағдайына әсер етеді,
флора мен фаунаның өлуіне әкеледі.
Атмосфераға көбірек түсетін қауіпті қоршаған ортаны ластаушылар –
көміртек оксиді, күкірт, азот, көмірсутегі, қорғасын, шаң қоспалары адамның
ағзасына әртүрлі улы әсер етеді.
Көміртегі оксиді (СО). Түсі мен иісі жоқ газ. Жүйке, жүрек пен қан
жолдары жүйесіне әсер етіп, тұншығуға әкеледі. СО уланудың бірінші белгісі
бас ауыруының пайда болуы құрамында 200-220 мгм3 СО бар атмосферада 2-3
сағат болғаннан кейін адамда пайда болады; СО жоғары концентрациясы кезінде
самай тамырларының соғылуы, бас айналуы басталады. СО улылығы ауада азот
оксиді болса өседі, бұл жағдайда ауадағы СО концентрациясын шамамен 1,5
есе азайту керек.
Азот оксидтері NOx (NO, NO2, NO3, NO5, N2O3). Атмосфераға көбінесе,
дем алу мүшелерін қоздыратын, азот диоксиді NO – түссіз, иісі жоқ улы
газ шығарылады. Әсіресе азот диоксиді қалаларда қауіпті, олар фотохимиялық
тұман – тұмшаның пайда болуына әкеледі. Азот оксидтерімен улану әрекеті
жеңіл жөтелден басталады. NOx концентрациялары жоғарылаған кезде қатты
жөтел, лоқсу, кейде бас ауыруы пайда болады. Шырышты қабықтың ылғалды
бетімен байланысқан кезде азот оксидтері HNO3 және HNO2 қышқылдары пайда
болады, олар өкпенің ісінуіне әкеледі.
Күкірт диоксиді SO2 - өткір иісті түссіз газ, аз концентрацияның (20-
30 мгм3) өзінде ауызда ұнамсыз дәмнің пайда болуына себепші, көздің
шырышты қабатын және демалу жолдарын қоздырады.
Көмірсутектер (бензин буы, пентан, гексан және т.б.). Есірткі әсеріне
ие, аз концентрация кезінде бас ауыруын, айналуын және с.с. туғызады.
Мәселен, 8 сағат бойы 600 мгм3 концентрациялы бензин буымен дем алғанда
бас ауыруы, жөтел, тамақта жағымсыз сезімдер пайда болады.
Альдегидтер. Адамға ұзақ әсер ету кезінде көз бен дем алу жолдарының
шырышты қабығының қозуына себепші болады, ал жоғары концентрациялар кезінде
(формальдегид үшін – 20-70 мгм3) бас ауыруы, әлсіздік, тәбеттің болмауы,
ұйқысыздық байқалады.
Қорғасын қосылыстары. Ағзаға дем алу мүшелері арқылы 50 % қорғасын
қосылыстары түседі, соның әсерінен гемоглобин синтезі бұзылады, дем алу
жолдарының, зәр шығару мүшелерінің, жүйке жүйесінің ауыруы басталады.
Әсіресе қорғасын қосылыстары балалар үшін қауіпті. Ірі қалаларда
атмосферадағы қорғасынның құрамы 5-38 мкмм3 дейін жетеді, бұл табиғи аядан
10 000 есе жоғары.
Шаң мен тұмандардың дисперсті құрамы олардың адамның ағзасына ену
қабілеттілігін анықтайды. Әсіресе қауіпті бөлшектері 0,5-10 мкм
жұқадисперсті шаңдар болып табылады, олар дем алу мүшелеріне жеңіл енеді.
Минералды ластауыштары бар қалдықтар, көбінесе, жағажайлар маңайында
шоғырланады, тек кейбір бөлігі ғана аумақтық сулардың шекараларынан
алыстайды. Сулардың сынаппен ластануы әсіресе қауіпті, өйткені мұхиттық
ағзалардың улануы адамның улануының себепшісі болуы мүмкін. Қышқыл
жаңбырлардың пайда болуы ылғалды атмосфераға күкірт оксиді мен азоттың
түсуіне байланысты. Көбірек қауіпті стационарлы көздер (ЖЭС және т.б.)
төндіреді. Қышқыл жаңбырлар топырақтың құнарлығын азайтады, халықтың
денсаулығын нашарлатады. Қоршаған ортаға түсетін химиялық заттардың және
физикалық факторлардың әртүрлілігі арасында ең қауіптісі канцерогендер
болып табылады – тірі ағазаларда қатерлі ісіктердің дамуын туғызуға
қабілетті заттар немесе факторлар. Ағзадан канцерогендер шығарылмайды.
Канцерогенді физикалық факторларға рентгендік сәулелер, радиоактивті
изотоптар және басқа да ортаның радиоактивті ластануы, сонымен қатар
ультракүлгін сәулелер жатады. Канцерогенді физикалық факторлардың жоғары
дәрежелері ядерлік энергетиканың апатты нысандарына жақын аймақтарда
айқындалады. Сәулеленудің аз мөлшері әдетте көп жылдардан кейін анықталатын
қатерлі ісіктерге әкелуі мүмкін. Сәулеленудің көп мөлшерінен туатын
зақымдану бірнеше сағат немесе күндерден кейін айқындалады. Озондық
қабаттың бұзылуы маңызды фактор болып табылады. Мәселен, 1973 жылы
фреондармен озондық қабаттың 1 % бұзылған, 2000 жылы 3 % бұзылды, ал 2050
жылы – 10 % бұзылады. Бұл бұзылулар Жер полюстерінің үстінде, ғарыштық
зымырандар мен дыбыстан жоғары авиация ұшатын аймақтарында анық байқалады.
Озондық қабат үшін хлор, азот оксидінің түсуіне әкелетін атмосферадағы
ядерлік жарылыстар әсересе қауіпті. Озондық қабатта О3 шоғырлануының
қысқартылуы, адамдарда жаппай терінің ісік ауруларының пайда болуына,
фотосинтездің баяулауына және өсімдік пен жануарлардың өліміне әкеледі.
Бүгінгі күнге дейін адамның ақылы табиғаттың соқыр күштеріне
қожалықты жүргізудің құралы болуда. Ақыл, ерік-жігер, ұйымдастырушылық,
өзара көмек осы барлық қасиеттер қандай да болмасын табиғи апаттарларға
төтеп тұра алатын адамның Жердегі ерекше орнын бұрынғыдан анықтады. Адам
табиғатттың күші келмейтін тамаша техниканы өмірге әкеліп жерге жақын
ғарышқа, кейбір планеталарға өз әсерін тарататын жаппай әлемдік фактордан
ғарыштық факторға айналды.Бірақ Ф. Бэкон айтқан Табиғатты бағындыру үшін
оған бағыну керек деген ақиқаттың даналығын адамзат енді ғана анық
түсінуде. Өткен ғасырдың ортасында адамзат табиғатқа өзінің стратегиясын
баяу өзгертуде – қожалылық немесе бағынушылық баламасынан бас тарту керек
болды. Табиғатпен ынтымақтастықта, оны бүкіләлемдік қорғау қажет. Бірақ
бұнда мәңгі арманның шындықпен қарама-қайшылық мәселесі туындайды. Игілік
тілектерді іске асыру қажет, ал кейде адамзаттың тамаша қиялдарының
барлығын орындау мүмкін емес. Адам табиғатпен ара-қатынасында әрдайым
жұмақты бағандарға қол жеткізгісі келді – бірақ бұл оған техногенді
шөлдерді жасауға кедергі болған жоқ.
Осыдан біраз уақыт бұрын техникалық жүйелер ...болашақта–Ана-
табиғатқа қарағанда әлдеқайда қиын, бірақ әлдеқайда оңтайлы және ақылды
жасанды Табиғатты құрайды деп көрінді. Осылай ағылшын физигі Д. Бернал
жазды. Қазір бұндай көзқарас өте ескірген. Жасанды табиғат, не қиындығымен,
не иілгіштігімен, не әдемілігімен Ана-табиғатпен қарсыласа алмайтыны
анықталды. Қазіргі физикалық аспап, ең ақылды кибернетикалық машинаның
құрылысы кәдімгі ағаштың жасыл жапырағымен, көбелекпен немесе медузамен
салыстырғанда анағұрлым қарапайым болып шықты. Ағзалардың ішкі биохимиялық
тіршілігін және түрлердің өзара және қоршаған ортамен араласуының қиындығын
жақсы білген сайын, табиғи үрдістердің үйлесіміне таң қалып, қайта құрулы
қандай қиыншылықтармен байланысты болатынын анық түсінеміз. Біз табиғи
ландшафтарды жер бетінің белгілі физикалық аймақтарға нағыз бейімдеткен
табиғаттың даналығын түсінуді бастадық. Бізге бұндай өнер әзер беріледі.
Біздің қорымызда табиғатта болған мыңдаған жылдар жоқ. Біз жақын және алыс
болашаққа негізделген болжау беру үшін жаңа белгісіз табиғи шешімдерді
іздеуге, жаңа ландшафтарды жасауға, олардың дамуын бақылап, оны бағыттауға,
эволюция заңдылығын белгілеуге мәжбүрміз. Өткенді түсіну – болашақты
көрудің маңызды құрам бөлшегі. Табиғат пен адамның бірлігіне, табиғат пен
адам жөнінде білім бірлігі лайық болу керек.Тек табиғи ғылымдармен этика,
эстетика ғылымдарын қосатын жалпыланған білім табиғатты пайда мен әдемілік
заңдарына сәйкес қайта құруға көмектеседі. Бірақ біздің білімдеріміз
қаншалықты үлкен болса да, білмейтіндеріміз туралы есте сақтау қажет. Тек
сонымен ғана адамзат іс-әрекетінің зиянды зардаптары анықталады.
Ғылымдардың жетістіктері табиғат, қауымдастық, өз тіршілігіміздің көптеген
аспектерін білмеуден босатпайды. Сондықтан, тек ұлы ғылыми-техникалық
ғасырдың біліміне сенуге болмайды, олардың шектеулігін есепке алу керек,
әдемілікке талпыну, табиғатқа сену қажет. Осылай, біздің айналадағы әлем
мен біздің ағзамыз бір тұтас және атмосфераға түсетін барлық шығарындылар
мен ластаушылар біздің денсаулығымызға зиян келтіреді. Ал егер, біз
қоршаған орта үшін көбірек оң істерді жасасақ, өзіміздің өмір сүру
ұзақтығын ұзартамыз. Ал бұл әлемде барлығы өзара байланысқан, ештеңе өзінен-
өзі пайда болмайды және ешқайда жоғалып кетпейді деген сөздермен келіспеу
қиын.
2. Атмосфералық ауаның ластануының түрлері мен көздері
Атмосфера – Жердің сыртқы газдық қабаты, әртүрлі газдардың,
ылғал булардың және қатты (аэрозольді) бөлшектердің механикалық қоспасы.
Атмосфералық ауа тірі ағзалардың дем алуы үшін қажет, жану мен балқытудың
технологиялық үрдістерінде оттегі, азот, инертті газдарды, көміртегі
оксидтерін алу үшін шикізат ретінде қолданылды. Атмосфера өндірістен
шығатын газ тәрізді қалдықтардың орналасу ортасы болып табылады.
Атмосфералық жауын-шашын, күн радиациясы және ауалық массалардың әрекеті
нәтижесінде атмосфералық ауа бөтен қоспалардан арылады. Бұл үрдіс
атмосфераның өздігінен тазарылуы деп аталады.
Атмосфера келесі функцияларды атқарады:
1. тірі ағзалардың дем алуына керекті оттегісі бар;
2. өсімдіктердің фотосинтезі үшін көмірқышқыл газдың көзі болып
табылады;
3. тірі ағзаларды ғарыштық сәулеленуден қорғайды;
4. Жердің жылуын қорғайды және климатты реттейді;
5. зат алмасуының газ тәріздес өнімдерін түрлендіреді;
6. планета бойынша ылғалды буларды тасымалдайды;
7. ұшатын формадағы ағзалардың мекендеу ортасы болып табылады;
8. химиялық шикізат пен энергия көзі болып табылады;
9. газ және шаң тәріздес қалдықтарды қабылдайды және түрлендіреді.
Атмосфераның құрамы ауалық массалардың жылжуы (жел мен конвекция) және
атмосфералық жауын-шашын, жануар мен өсімдік әлемдерінің тіршілік әрекеті,
әсіресе орман мен әлемдік мұхиттың планктондары сияқты климаттық
факторлармен, сонымен қатар ғарыштық үрдістер, адамның шаруашылық іс-
әрекеті нәтижесінде геохимиялық құбылыстармен қолдайтын динамикалық тепе-
теңдік жағдайында болып тұр. Атмосфераның орташа массасы 5,14-1015 т.
Атмосфера массасының шамамен 50 % қалындығы 5км болатын төменгі қабатты
құрайды. Қалындығы 30км болатын қабаттың массасы атмосфераның барлық
массасынан 99 % құрайды. Тік бағыт бойынша атмосфера қабатты әртүрлі
құрылымға ие. Бөлек қабаттарды бөлу температура мен биіктіктің өзгеруіне
негізделген.
Атмосферада бөлінетін негізгі қабаттардың сипаттамасы
1.1- кестесі
Атмосфераның Аймақтың мұхит Температура.ос
аймағы деңгейінен жоғарғы
және төменгі
шекарасы, км
аймақтың төменгі аймақтың жоғарғы
шекарасы шекарасы
Тропосфера 0-11 +15 -56
Стратосфера 11-50 -56 -2
Мезосфера 50-85 -2 -92
Термосфера 85-500 -92 +1200
Атмосфераның ең жоғарғы шекарасы нақты айқындалмайды. Ол ғарыштық
кеңістікке баяу ауысады. Атмосфераның орташа температурасы орта ендікте
биіктігі 11км белгіде сызықты түрде азаяды. Бұндағы мұхит деңгейінің орташа
температурасы 288 К тең етіп, ал 11км биіктікте – 216,7 К алынады. Ауалық
массалардың ауысуына Жердің айналуынан пайда болатын Кориолис күші, жоғары
және төмен қысымдар аудандарына жақын аймақтарда пайда болатын ортадан
тепкіш үдеу, жер бетіне жақын ауаның қозғалуын баяулататын үйкеліс күші
әсер етеді.
Солтүстік жартышарда жоғары қысым орталықтарының айналасында ауалық
ағындардың қозғалуы айналмалы қозғалуынан төмен және сыртқа ауытқумен сағат
тілінің бағытымен қозғалады. Бұл ағын төмендеткіш атына ие болды және
атмосферада ластаушы заттардың шашыралуына қарсы бөгеттердің бірі болуы
мүмкін. Төмен қысымдар орталықтарының айналысында ауалық ағындардың
қозғалуы кезінде жылдамдықтың векторы сағат тіліне кері қозғалыстың
бағытымен ішке және жоғарыға бағытталған. Бұл жағдайда ластаушы заттар
атмосфераның төменгі қабаттарынан жоғарыға ауысады және ауаның үлкен
аумағына шашырайды. Ауаның солтүстік жартышарда сағат тіліне қарсы
қозғалысы кезінде төмен қысымның орталықтарының айналысында циклон
қалыптасады, төмен қысымның орталығының айналасында сағат тілінің бойымен
қозғалысы кезінде антициклон қалыптасады. Адам өзінің барлық даму
сатыларында қоршаған әлеммен тығыз байланыста болды. Жоғары индустриальді
қоғамның пайда болуымен адамның табиғатқа қауіпті қол сұғуы шұғыл күшейді
және қазір адамзат үшін жаһандық қауіп болуы мүмкін. Шикізаттың қайта
жаңғырмайтын түрлерінің шығысы өсе бастады, жыртылатын жерлер экономикадан
көптеп шығарылуда, өйткені онда қалалар мен зауыттар салынуда. Адам
биосфераның ішкі құрылысына көбірек араласуыға мәжбүр болуда. Қазіргі таңда
Жердің биосферасы антропогендік әсерге көптеп тап болуда. Қоршаған ортаның
оған тән емес химиялық заттармен көп ауқымда және елеулі химиялық ластануы,
оның ішінде – өндірістік-тұрмыстық газ тәріздес және аэрозольді ластауыштар
көптеп шығарылуда. Атмосферада көмірқышқыл газының жиналуы өсуде. Бұл
үрдістің әрі қарай дамуы планетаның орташа жылдық температурасының өсуін
қолайсыз жерді күшейтеді. Гидросфера мен атмосфера арасында газ- және су
алмасудың бұзылуын туғыза алатын әлемдік мұхиттың жалпы беті мұнай мен
мұнай өнімдерімен ластануы алаңдау туғызады. Топырақтың пестицидтермен
ластануының және экожүйенің ыдырауына апаратын оның жоғарғы қышқылдығының
мәні де күмән келтірмейді. Жалпы, ластаушы эффектісіне ие барлық қаралған
факторлар биосферада болатын үрдістерге елеулі әсер етеді.
Атмосфераның ластануы – оған қоспалардың енуі салдарынан атмосфера
құрылысының өзгеруі болып есептеледі.
Ауаны ластаушы зат – бұл қоршаған орта мен халық денсаулығына қолайсыз
әсер ететін атмосферадағы қоспалар. Атмосферадағы қоспалар әртүрлі
өзгерістергеге тап болатындықтан оларды шартты түрде алғашқы және қайталама
деп бөлуге болады.
Атмосферадағы алғашқы қоспа – қаралатын уақыт интервалында өзінің
физикалық және химиялық қасиеттерін сақтай алатын қоспа.
Атмосферада қоспалардың айналуы – атмосферадағы қоспалар табиғи және
антропогендік факторлардың әсерінен физикалық және химиялық өзгертулерге
тап болатын, сонымен қатар өздері арасында әрекеттесу нәтижесіндегі үрдіс.
Атмосферадағы қайталама қоспасы – алғашқы қоспалардың айналуы
нәтижесінде пайда болатын атмосферадағы қоспалар.
Адамның ағзасына әсер етуі бойынша атмосфераның ластануын физикалық
және химиялыққа бөледі. Физикалыққа радиактивті сәулелену, жылулық әсер,
шу, төмен жиілілікті дірілдер, электрмагниттік өрістер жатады. Химиялыққа –
химиялық заттар мен олардың қосылыстарының болуы кіреді. Атмосферада
ластаушы заттардың шығарындылары 4 белгі бойынша сипатталады: агрегаттық
күйі, химиялық құрамы, бөлшектердің мөлшері мен шығарылған заттың жаппай
шығыны. Ластаушы заттар атмосфераға шаң, түтін, бу мен газ тәріздес
заттардың қоспалары ретінде шығарылады. Атмосферадағы шығарынды көздері
табиғи үрдістермен байланысты табиғи және адамның іс-әрекетінің нәтижесі
болып табылатын антропогендік (техногенді) болып екіге бөлінеді.
Атмосфералық ауа ластануының табиғи көздеріне шаңды дауылдар, гүлдену
кезеңіндегі жасыл алқаптар, орман және дала өрттері,жанартаулардың атқылауы
жатады.
Табиғи көздерден бөлінетін қоспалар:
-шығу тегі өсімдіктік, жанартаулық, ғарыштық шаңдар, топырақ эрозиясының
өнімдері, мұхит тұзының бөлшектері;
-орман және дала өрттерінен шығатын тұмандар, түтін мен газдар.
Табиғи көздер әдетте алаңдық келбетте болады және салыстырмалы қысқа
уақытта әсер етеді. Атмосфераның табиғи көздермен ластану деңгейі аялық
болып табылады және уақыт кезеңінде аз өзгереді.
Атмосфералық ауа көп жағдайда өндірістік кәсіпорындар мен автокөліктер
шығарындыларымен байланысты туындайтын антропогендік (техногенді) көздермен
ластану түрлерінің көптігімен ерекшеленеді.
3. Ақмола облысы және ондағы атмосфералық ауаның жағдайы
Ақмола облысы 147 мың км2 ауданы бар аймақты алып жатыр, облыстың
тұрғындары 837,4 мың адамды құрайды. Тұрғындар тығыздығы облыс бойынша орта
есеппен (ауданның 1 км2) 5,7 адам құрайды.
Ақмола облысының климаты шұғыл континенталды, ыстық, құрғақ жазбен
және ауа температурасының тәуліктік толқу амплитудаларымен сипатталады.
Шілденің орташа максималды температурасы +190С, +210С, қаңтардың
температурасы -160С.
Оңтүстік-батыс және батыс желдер басым келеді. Ақмола облысының
аумағында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,6 мс құрайды. Шілде айы
бойынша желдің орташа жылдамдығы – 4,6 мс, қаңтар айы бойынша – 5,8 мс.
Облыс аумағында жыл ішінде орта есеппен 250-400мм жауын-шашын түседі.
Жауын-шашынның көп мөлшері (49%) жаз айларына (маусым-тамыз), ең аз мөлшері
– желтоқсан-ақпан айларына келеді; көктем кезеңінде (наурыз-мамыр) жауын-
шашын мөлшері жылдық норманың 18 % құрайды.
Климаттың қолайсыз жағына ерте көктемгі құрғақшылықты, шаңды дауылға
(топырақ эрозиясы) жиі әкелетін қатты желдер, кеш көктемгі үсіктің қайта
келуі және ертекүзгі үсіктің басталуын жатқызуға болады. Топырақтың мұздану
тереңдігі 110см жетеді, жер-жерде 200см дейін жетеді.
Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы – 947м),
Жақсыжаңғызтау (730м), Жыланды (665м), Зеренді (587м) тауларымен Көкшетау
биіктігі алып жатыр. Облыстың оңтүстік бөлігін 300-400м абсолютті
биіктікпен дуалды-толқынды, белесті-дөңесті жазықтық құрайды. Орталық
бөлікте Сандықтау, Домбыралы, оңтүстік шығыста – Селеті жазықтығы, орталық
бөлігінде – Атбасарлық жазықтық, оңтүстік-батыста – Теңіз-Қорғалжын ойпаты
орналасқан.
Облыс минералды ресурстарға бай. Оның көп бөлігі келесі пайдалы
қазбалардың қорымен ерекшеленген: алтын, уранды кендер, тас көмір, құрылыс
материалдары. Кен орындарының кендері әдетте құрамы бойынша құрылған және
құрамында негізгі және қосалқы құрамбірліктермен зиянды қоспалар, соның
ішінде экологиялық жағынан қауіпті, улы элементтер немесе олардың минералды
қосылыстары: уранның, калий-40, торийдің радиактивті изотопторы; мышьяк,
бериллий, селен, фосфор, сірме, таскендір және т.б. бар. Солардың ішінде
ториймен уранды-фосфорлы және сирек жерді элементтері (Заозерное және
Ишимск кен орындары), висмут пен уран және мышьякпен Васильковск алтын
кенді; бериллий мен торийлі Павловск кен орындары бар. Алтын кенді Ақсу,
Бестөбе, Жолымбет, Новоднепровск кенорындары құрамында мышьяк бар.
Еңбекшілдер ауданында темірдің Атансор кен орны, Ерейментау ауданында – тас
көмірдің Сарыадыр кен орны бар. Металдық емес пайдалы қазбалар мен орындары
ішінде фосфордың Дубрава кен орнын, Жолдыбай асбест кен шоғырларын
айтуға болады. Жергілікті құрылыс материалдарына кен орындардағы зиянды
минералды қосындылары барына қарай облыс аумағында әртүрлі. Облыстың
солтүстік бөлігінің өзіндік ерекшелігі жыныстардың ежелгі метаморфиялық
кешендері мен әртүрлі жасты интрузия граноитоидтардан құралған Көкшетау
орталық массиві алып жатыр. Ол уран, торий және калий құрамының жоғары болу
есебінен жоғары радиактивті жыныстардан құралған. Граниттердің
радиоактивтілігі ая көрсеткіштерінен жоғары және интрузивті жыныстардың
жасы мен негіздемесіне байланысты. Осылайша, құрылыс тастары кен
орындарының көп бөлігін тек өндірістік құрылыста пайдалануға болады.
Аймақтың оңтүстік бөлігі геологиялық жағынан, әдетте, өзінің тау
жыныстарында табиғи уран мен торийдің құрамы жоғары емес.
Облыс аумағында 20-дан астам тау-кен байыту және өңдеу кәсіпорындары
бар.
Облыс өндірісінің жетекші салалары кен байыту, өңдеу, химиялық,
жылуэнергетика, жеңіл және ауыр өндіріс болып табылады.
Экономика, әсіресе ауыл шаруашылықта болып жатқан реформаларға
байланысты қазіргі уақытта көптеп ірі кәсіпорындар жойылып, жаңалары пайда
болуда, бұрынғы кеніштер мен карьерлер жабылып, жаңадан ашылып жатады. Бұл
табиғат пайдаланушылардың есебін жүргізуге және олардың қоршаған ортаға
әсерін анықтауға қиындық туғызады. Тұрақты жағдайда тек жылуэнергетика
кәсіпорындары жұмыс істейді. Машина жасау және химиялық кәсіпорындар
көбінесе тоқтатылған.
Ақмола облысы бойынша атмосфералық ауаны ластаушы заттар
шығарындыларының негізгі көздері автокөліктер, бу қазандықтар және
жылуэлектрстанциялары болып табылады.
Ақмола облысының атмосферасының стационарлы және жылжымалы көздерден
ластануы 2006 жылдың 2 тоқсанында 16,7 мың тоннаны құрады, ол өткен жылдың
2 тоқсанымен салыстырғанда – не бәрі 10,35 мың тоннаға артқан. Бұл өсу
(61,35 %) шығарындыларда автокөліктік ластаудың үлесінің шұғыл өсуімен
(өткен жылғы 2 тоқсанындағы 1023,3 тоннасымен салыстырғанда есептік
тоқсанда 8057,126 тонна) түсіндіріледі. Бұл өз кезегінде облыс бойынша
автокөліктік шығарындыларын есепке алудағы өскен қатаңдық пен тексеру
сапасымен түсіндіріледі. Стационарлы көздерден шығарындылар, жалпы алғанда,
сонымен қатар қатты және газ тәріздес шығарындылар елеулі өзгерістерге тап
болған жоқ. Өйткені жылту кезеңінде бу қазандықтар да, атмосфераның
стационарлы көздердің шығарындыларымен ластайтын табиғат пайдаланушылар да
қалыпты жұмыс жасайды.
2006 жылдың жарты жылдығы бойынша шығарындылардың жалпы көлемі (42,3
мың тонна) өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі шығарындылардың жалпы көлемінен
(26,2 мың тонна) асуы да көліктердің өсуінен болып отыр. Ал ағымдағы жарты
жылдықта стационарлы көздерден шығарындылардың көлемі (29 мың тонна) өткен
жылдың жарты жылындағы сәйкес шығарындыларымен (24,3 мың тонна)
салыстырғанда елелулі өзгерген жоқ.
Көкшетау қаласының шағын кәсіпорындарында автономды жылту құралдарын
орнату салдарынан атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының арту қарқыны
байқалуда. Жиынтық шығарындылардың өсуі, жоғарыда айтылған автокөліктік
шығарындыларын есепке алуды жақсарғатқаннан басқа, отын ретінде көмірді
пайдаланатын БҚ-2 орталығының қуаттылығы толық іске қосылғандығына және
қалада қарамай жағатын бу қазандықтарының жұмыстары тоқтатылуына да
байланысты.
Облыстық басқармада автокөлік шығарындыларын бақылау одан ары қатаң
бақылаумен өткізіледі. Ал, бұрын автокөлік шығарындыларының келбеті дәл
емес, ал көлемдері – төмендетілген болған. Облыста атмосфералық ауаның
негізгі ластаушы көздерінің бірі автокөліктер болып табылады.
Кәсіпорындарда автокөліктердің өндірістік бақылауы әлсіз. Өйткені, бақылау
құралдарының (газоталдау, түтінөлшеуіштер), әсіресе аудандарда саны аз. Ал
қолдағы бар бақылау құралдары уақытында стандарт мекемелерінде мемлекеттік
тексерістен өтпеген, олардың бір бөлігі жұмыс істемейді, автосервис
кәсіпорындары көбінесе өз міндеттерін орындамайды. Нәтижесінде
автокөліктердің 20-дан 40 % дейін улылық пен түтіндік нормалардың жоғарғы
көрсеткіштерімен қолданылады.
Ағымдағы жылда қоршаған ортаны қорғау басқармасымен әдеттегідей
кәсіпорындар мен ұйымдармен табиғат қорғау заңнамасын сақтауды бақылау
жүргізілуде, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексін бұзушыларына
талаптар жоғарылады. Көптеген кәсіпорындарда қиын экономикалық жағдайға
қарамастан табиғат қорғау шараларын орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде,
қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылар көздеріне тазартқыш
құрылымдар қойылуда.
2. Кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметтер және атмосфераны ластаушы көзі
ретінде сипаттамасы
2.1 Кәсіпорын жөнінде жалпы мәліметтер
Термо-Транзит ШЖҚ МКК істегі кәсіпорын болып табылады және Щучинск
қаласында, Ақмола облысының аумағында орналасқан.
Физико-географиялық және климаттық жағдайлардың сипаттамасы бойынша
атмосферадағы ластаушы заттардың шашырау жағдайын анықтайтын
метеорологиялық сипаттамалар және коэффициенттер кестеде берілген. Термо-
Транзит ШЖҚ МКК аумағында аялық концентрация есепке алынбайды, аумақты
климаттық аудандау бойынша 1 климаттық ауданға жатады.
Ауданның климаты қатаң аз қарлы қыспен және құрғақ ыстық жазбен шұғыл
континенталды болып табылады. Ең суық ай – қаңтар, ең жылысы – шілде.
Желтоқсан-ақпан айларында желдің басым бағыты – батыс. Маусым – тамыз
айларында желдің басым бағыты – батыс. Желдің орташа жылдық жылдамдығы –
5,3 мс. Аудан жергілікті жағынан қауіпті емес. Жергілікті жерде биіктіктің
ауытқуы 2км радиусында 1 км-не 50м аспайды.
Геоморфологиялық жағынан зерттеу аумағы делювиальді-пролювиальді
жазықтық шекарасында орналасқан.
Геологиялық жағынан зерттеу алаңы саздақтар, балшық, қиыршық тасты
топырақпен көрсетілген орташа-жоғары ширектік жасты делювиальді-
пролювиальді түзілімдерден құрылған.
Гидрогеологиялық жағынан зерттеу аумағы барлық жерде дамыған сулы
горизонттың болуымен сипатталады. Жер асты суларының максималды көтерілуі
сәуір айының соңына келеді және жер бетінен 8м тереңдікте белгіленген. Жер
асты сулары әлсіз тұзды, сілтілік реакциясымен өте кермекті, бетонға
агрессивті емес, металлдық қондырғыларға орташа агрессивті.
Кәсіпорынның 4 өндірістік телімі бар.
№ 1 өндірістік телім (№ 1 бу қазандық – орталық) Щучинск қаласының
Набережная көшесі, 75 - үйде орналасқан;
№ 2 өндірістік телім (№ 3 бу қазандық – әскери комитет) Щучинск
қаласының Интернациональная көшесі, 25 - үйде орналасқан;
№ 3 өндірістік телім (№ 18 бу қазандық) Щучинск қаласының РСЦ-16
аумағында орналасқан;
№ 4 өндірістік телім (№ 20 бу қазандық) Щучинск қаласының КазНИИЛХ м.а.
орналасқан;
Кәсіпорын аумағында атмосфералық ауаның ластануын бақылау бекеттері жоқ.
Кәсіпорын шекарасынан тұрғын алқаптарына (селитебтік аймақ) дейін ара
қашықтық 2.1 кестесінде көрсетілген.
Тұрғын алқаптарына дейін ара қашықтық,метр
2.1 - кестесі
Бағыт румбалары
Тұрғын алқаптарына дейін ара қашықтық (м)

Тұрғын 78 - - 120 80 186
алқаптары
на дейін
ара
қашықтық
(м)
0328 Күйе 0,15 0,05 8,078 1
0304 Азот оксиді 0,4 0,06 5,028 1
0337 Көміртегі 5 3 85,586 1
тотығы
2754 РПК-265П 1 1,579 3
ерітіндісі
2902 Салынды 0,5 0,15 0,002 3
заттар
0110 Ванадий бес 0,002 1,388 1
қостотығы
0301 Азот 8,085 0,04 20,104 2
диоксиді
0330 Күкіртті 0,5 0,05 64,458 2
ангидрид
0143 Марганец 0,01 0,001 0,0015 3
және оның
қосылыстары
0342 Гидрофторид 0,02 0,005 0,0003 3
Барлығы: 186,2248
Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың тізімі (атмосфераға шығарылатын
ластаушы заттардың шығарындыларын төмендету шараларын өткізгеннен кейін)
2.3 - кестесі
Ластаушы Заттың атауыШРК ШРШ ӘЕБД Заттың Заттың
заттың макс. орт.тәулмгм[pшығарындысы қауіптілі
коды бірретті-к ic] тжыл к санаты
к мгм[pic
мгм[pic]
]
0328 Күйе 0,15 0,05 6,397 1
0304 Азот оксиді 0,4 0,06 5,028 1
0337 Көміртегі 5 3 85,586 1
тотығы
2754 РПК – 265П 1 1,579 3
ерітіндісі
2902 Салынды 0,5 0,15 0,002 3
заттар
0110 Ванадий бес 0,002 1,388 1
қостотығ
ы
0301 Азот 0,085 0,04 20,104 2
диоксиді
0330 Күкіртті 0,5 0,05 64,458 2
ангидрид
0143 Марганец 0,01 0,001 0,0004 3
және оның
қосылыстары
0342 Гидрофторид 0,02 0,005 0,00008 3
Барлығы 184,54248
63тжыл – циклонның өнімділігі
184,54248-63=121,54248тжыл

Циклондар – газ бен ауаны (соның ішінде аспирациялықта) шаңнан
тазалау аппараттарының ішінде көбірек таралғаны. Циклондық типті аппараттар
тәуелсіз шаңтазалаушы ретінде немесе жұқа тазалау аппараттарының (сулы
тозаңұстағыш, қолсапты фильтрлер, электрофильтрел және с.с) алдын ала
тазалаудың бастапқы сатысы ретінде қолданылады.
Кейбір жағдайларда газауалық шығарындыларды тазалау дәрежесі,
атмосфераға шығару үшін қолайлы болып табылады.
Циклондар халық шаруашырығының әртүрлі салалы кісәпорындарда кеңінен
қолданылады.
Пайдалану шығындары мен шағын қаражатты керек ететін циклондар 80-95 %
тиімділігімен газдарды 10 мкм мөлшерлі шаңнан тазалауды қамтамасыз етеді.
Мен ұсынып отырған циклон ЦН – 15 типтегі циклон болып табылады.
Циклон корпустан, шанақтан және газ шығатын құбырдан құралған. Тазартылған
газдар тангенциальді пісірілген кіру келтеқұбырлары арқылы корпустың
жоғарғы бөлігіне түседі. Шаңды ұстау газдың корпус пен газ шығатын құбыр
арасында қозғалысы кезінде пайда болатын центрден тепкіш күш әрекетінің
әсерінен болады. Ұсталынған шаң шанаққа түсіріледі, ал тазартылған газ
құбыр арқылы шығарылады.

Кәсіпорынның қауіптілік санатын анықтау үшін статистикалық есеп берудің 2-
ТП (ауа) формасы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
жөнінде мәлімет қолданылады.
Кәсіпорынның қауіптілік санатын келесі теңдеумен анықтайды:
n
КҚС= ( МiШРКi)ai
i
бұндағы:
Мi – i- зат шығарындысының массасы, тжыл;
ШРКi – i- затының орташа тәуліктік шектеулі рауалы концентрациясы, мгм3;
п - кәсіпорынмен шығарылатын ластаушы заттардың саны;аi - i- заттың
зияндылығының дәрежесін күкіртті газбен салыстыруға мүмкіндік беретін
өлшемсіз константа.
Қауіптіліктің әртүрлі сыныпты заттары үшін аi мәні
Константа Қауіптілік класы
1 2 3 4
аi 1,7 1,3 1,0 0,9
КҚС мәні МiШРКi1 кезде есептелінеді. МiШРКi1 кезде КҚС мәні
есептелмейді және нөлге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz