Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы қаржылық менеджмент

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1 Кәсіпорындардағы қаржылық менеджменттің

экономикалық маңыздылығының теориялық негіздері . . . 6

1. 1 Ауыл шаруашылығындағы қаржылық менеджмент түсінігі мен кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні . . . 10

1. 2 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржысы және оны басқару . . .

2 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кәсіпорынның бюджеттік қаржылық тұрақтылығын талдау

2. 1 АҚ «Батыс Күнбағыс» кәсіппорынның шаруашылық жағдайының

қысқаша экономика- техникалық мінездемісі . . . 19

2. 2 АҚ «Батыс Күнбағыс» Ауыл шаруашылық бюджеттік каржының

баланс активінің құрамы мен құрылымын динамикасын талдау . . . 19

2. 3 Ауыл шаруашылық бюджеттік каржының баланс өтімділігін талдау

және төлем қабілеттілігін талдау . . . 25

Кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық іскерлігін жетілдіру жолдары

3. 1 АҚ «Батыс Күнбағыс» сатудың шығынсыз сауда мен қауіпсіздік

кепілдігі көлемін анықтау . . . 40

3. 2 Директ - костинг жүйесін енгізудің шет елдік тәжірибелері . . . 42

Қорытынды. . . …… . . . . . …55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі… . . . …… . . . …. …… . . . …. 58

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.

Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқада салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процесстің дамуын қамтамасыз ету саясаты.

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді" . . . жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.

Ауыл шаруашылығын өркендетуде қазргі таңда алда төмендегідей міндеттер тұр:

  • азық -түлік рыногын тұрақтандыру;
  • импорттық тауарлардың тасқыны күшейген қазіргі жағдайда халықтық отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу;
  • аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету;
  • ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бәсекелестікке қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі - құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыз ету талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар, етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығын дамытуды қарастырады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттер жүктелген:

  • Ауыл шаруашылығындағы қаржылық менеджмент түсінігі мен кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні;
  • Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржысы және оны басқару;
  • Аграрлық өнеркәсіпті қаржыландыру көздері мен қаржысын жоспарлаудың жүйелері;
  • Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері;
  • Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық кәсіпорындарының табыстылықтарына қаржылық талдау;
  • "Батыс Күнбағыс" АҚ-ның экономикалық тиімділік пен қаржылық жағдайына талдау жасау;
  • Ауыл шаруашылық кәсіпорындары қаржысын басқаруда сапа менеджментін енгізудің артықшылықтары;
  • Ауылшаруашылығы өнеркәсіптік компанияларына мемлекеттің қолдаулары мен даму перспективалары.

Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі - ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында көрсетуге тырыстым.

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Талдау материалдар аграрлық саланы зерттеуші Қалиев Г. Ә., Мәдиев Г., Сейтбеков Л. С., Баймұхамедова Г., Айтуганова Б., Тілеубергенова М. А. және тағы басқа отандық ғалымдардың ғылыми еңбектеріне негізделінді.

1 Кәсіпорындардағы қаржылық менеджменттің экономикалық маңыздылығының теориялық негіздері

  1. Ауыл шаруашылығындағы қаржылық менеджмент түсінігі мен кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәні

Ауыл шаруашылығы кәсіпорынның қаржы ресурстары өте күрделі түсінік. Олардың мәні өндіріс процесіндегі тағайындалуымен айқындалады. Кез келген қаржы қатынасының материалды сипаты болып кіріс, аударымдар мен түсімдер түріндегі ақшалай қаражаттар арқылы сипатталады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорынның қаржысы - ауыл шаруашылығы кәсіпкерлік қызметтің көлемі мен артықшылығын анықтайтын тиімді форма.

Бұл саланың қаржы реурстары бөлу процестерін теңдестіреді. Қаржы ресурстарында қаржыға тән екі қызмет, олар: бөлу мен бақылау қызметтері.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындардың қаржысы қаржы менеджментінің объектісі бола отырып басқарудың құралы да болады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының осы қызметі қаржы менеджментін басқаруды басқару жүйесі ретінде қарастырудан шығады: бірішіден, басқару объектісі болып ақша айналымы мен құн айналымының жүзеге асырудың жағдайының жиынтығы болатындығы, екіншіден қаржы ресурстары мен кәсіпкерлік капитал. Осылайша қаржы ресурстарының мәні олардың қаржы менеджментінің объектілерімен үйлесетіндігінен және олардың экономикалық табиғатының екі жақтылығымен сипатталады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорынның қаржы менеджменті кешеніндегі басты мәселе кәсіпорынның қаржы ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы болып табылады. Кәсіпорынның менеджментінде қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:

•ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржы ресурстарының оңтайлы құрылымын анықтау;

•қаржы нарығындағы жағдайларды есепке ала отырып меншікті және қарыз қайнар көздердің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу;

•қарыз мүмкіндіктерінің резервтерін анықтау.

Қаржылық ресурстар мен капитал фирманың қаржыларын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында «капитал» түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін фирманың жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі әсер етуге болатын нақты объект болып саналады. Осы сапада капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал - фирма арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады.

Нақты өмірде кәсіпорынның капиталы ақшалай нысанда ұзақ уақыт бойы қала алмайды, өйткені ол жаңа кірістер әкелуі керек. Фирманың кассасында немесе оның банктегі есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде ақшалай нысанда бола отырып, ол фирмаға кіріс әкелмейді немесе тіптен кіріс әкелмейді.

Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен кейін айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.

Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен кейін айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.

Қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т. б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорынның қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша, үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:

  • меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;
  • қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;
  • қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.

Жеделдетілген амортизациямен қатар соңғы жылдары негізгі қорларды қайта бағалау да үлкен мәнге ие болып отыр.

Қайта бағалаудың мақсаты - негізгі активтерді жаңалау үшін керекті ақшалай қаражаттар қорын қалыптастыруға жағдай жасау, мүлікт бағалау және тозуды есептеу үшін алғашқы құндық базаны жаңалау болып табылады.

Қайта бағалауға барлық негізгі қорлар жатады, оның ішінде әрекеттегідері және консервацияланғандары, резервтегілері мен запастардағылары, аяқталмаған құрылыстардағылары, жалға немесе уақытша пайдалануға берілгендері, списанияға шығаруға дайындалғандары, бірақ өшіруге акт жасалмағандары.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа негіздеріне өтуде елдің экономикасында нарықтық механизмдерді активизациялауда кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерінің ішінде материалды емес активтердің амортизациясы үлкен мәнге ие.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қаржылық менеджментті ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп жатқан фирмалардың тәжірибесі осы мәселені шешудің қысқа жолының кәсіпорын басшыларының қолында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда кәсіпорынның қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:

- егер де басшы - кәсіби қаржыгер болса, ол қаржы қызметін қайта құруды өзі реттейді. Бұл тиімді нұсқа, бірақ отандық тәжірибеде көп кездеспейді;

- кәсіпорынның қаржы қызметінің тапсырмалары мен қызметтерін түсінетін басшы, бірақ олсы кәсіптің барлығын нақты білетін кәсіби қаржыгер болмаса, тәжірибеге қаржы жұмысын ұйымдастырудың керекті моделін қою мен енгізу үшін сыртқы ұйымды тарту.

Қызметтің ерекшеленген бағыттары бір мезгілде менеджердің алдында тұрған негізгі тапсырмаларды да анықтайды. Осы тапсырмалардың құрамы келесі түрде бөлшектенеді.

Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүргізіледі:

- кәсіпорынның активтерінің және оларды қайржыландырудың қайнар көздерінің;

- кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұруға және оның қызметін кеңейтуге керекті ресурстар шамасы мен құрамы;

- қосымша қаржыландырудың қайнар көздерінің;

- қаржы ресурстарын пайдаланудың жағдайы мен тиімділігін бақылау жүйесінің.

Екінші бағыт бөлшекті бағалауды талап қарастырады:

- керекті қаржы ресурстарының көлемінің;

- оларды ұсыну формаларының (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, нақты ақша) ;

- қол жеткізу мен уақыт дәрежесінің (қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі келісім шарт арқылы анықталады; қаржыға керекті көлемде және кереті уақытта қол жеткізе алу керек) ;

- ресурстардың осы түрін иелену құнының ( пайыз ставкалары, қаражаттардың осы қайнар көздерін ұсынудың басқалай формальды және формальды емес жағдайлар) ;

- қаражаттардың осы түрімен ассоциацияланатын тәуекел (яғни, меншік иелерінің капиталы қаражаттардың қайнар көзі ретінде банктің мерзімді ссудасына қарағанда аз тәуекелді болады) .

Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің талдауы мен бағасын қарастырады:

- қаржы ресурстарының трансформациясының тиімділігі;

- қаржы салымдарының тиімділігі.

Қаржылық шешімдерді жоғарыда аталған бағалауларды пайдалана отырып қабылдау өтеулілік, қаржылық тұрақтылық және тиімділік талаптары арасындағы компромиссті есепке алатын, альтернативті шешімдер нәтижесінде орындалады.

Ауыл шаруашылығы қаржы ресурстарын басқару кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің маңызды тармағы болып саналады. Айналым қаражаттарының айналымын көтеру запастарды сақтаумен байланысты нәтижелер мен шығындарды анықтауға және запастар мен шығындардың дұрыс балансын жүргізуге әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымын жеделдету үшін кәсіпорындарда төмендегі жұмыстарды жүргізген жөн:

- керекті материалдарды сатып алуды жоспарлау;

- қатаң өндірістік жүйелерді енгізу;

- қазіргі заманға сай қоймаларды қолдану;

- сұранысты болжауды жетілдіру;

- шикізат пен материалдарды тез жеткізу.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқару бойынша негізделген шешім қабылдау үшін ең алдымен кәсіпорынның жағдайының қаржылық тұрақтылығының қандай типке жататындығын анықтау керек. Оларды 4 топқа бөлуге болады: жақсы тұрақты жағдайдағы кәсіпорын, орташа тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; нашар тұрақты жағдайдағы кәсіпорын; дағдарысты қаржылық жағдайдағы кәсіпорын.

Ауыл шаруашылығына қаржы тарту инвестициялар бойынша шешім қабылдау ең маңыздысы және сол уақытта кәсіпорынның қаржы ресуртсарын басқару процесінің алғашқы құрамдастары болады, өйткені олардың маңызды көлемін айналымнан ұзақ уақыт аралығына алады.

Аграрлық өнеркәсіп кәсіпорынының қаржы ресурстарын басқарудың тиімділігін бағалау маңызды дәрежеде активтерге инвестициялаудың тиімділігін бағалаумен ұштасады, өйткені бұл инвестициялар қаржылық ресурстармен - меншікті және тартылған ресурстармен қамтамасыз етіледі. Және керісінше, қаржы ресурстарының мәнінен олардың негізгі тағайындалуының - қайта өндірістің қажеттіліктерін тұтас қаржыландыру мен бөлшекті түрде кеңейтілген қайта өндірісті қаржыландыру болып табылатындығын көреміз. Сондықтан, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі оларды инвестициялау тиімділігіне шартталғанын байқаймыз. Басқаша айтқанда инвестициялар қаржы ресурстарының мәнін сипаттайтын процесс ретінде, кеңейтілген қайта өндіріс процесінде іскерлік қатынастардың метриалды ұстаушылары ретінде болады. Қаржы нарығының тұрақтылығына, маңызды қаржылық тәуекелдерге, нарықтық экономикасы дамыған елдерде қабылданған инвестицияның тиімділігін бағалаудың тәсілдері Қазақстанда бірқатар ерекшеліктерге ие болды, олар әрекеттегі пайыздық ставкалар, кәсіпорынның капитал құрылымының әр түрлі макроэкономикалық циклдардағы серпіні, бірқатар факторлар қатынасында инфляция көрсеткіштерін есептеуде есепке алудың қажеттілігімен байланысты.

Қазіргі қаржылық менеджменттің маңызды элементі ретінде қаржылық болжау процесінде алдыңғы қатарға ақша ағынын дисконттау моделі ұсынылады. Ауыл шаруашылық субъектілерінің қаржылық жоспарында ақша ағынын дисконттау және модельдерді есепке алуды құрастырудың қажеттілігі төмендегі жағдаймен анықталады: қаржылық нәтижені болжау кезінде көрсетілетін шығындардың көп бөлігі төлемдер тәртібіне әсер етпейді. Мысалы, ауыл шаруашылық субъектілерінің айналым қаражаттары оның шығын ретінде пайда және шығын болжамына түскенге дейін төленеді. Осыған байланысты, төмендегідей тұжырым жасауға болады: пайда есепті шотта немесе кассадағы ақшалай қаражаттардың артықшылығын сипаттамайды, ал нақты ақшаның артық көлемі өз кезегінде кәсіпорын пайда алып жатыр дегенді білдірмейді. Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында бұл маңызды мәселеге айналуы мүмкін, өйткені нақты ақшаның артық көлемі пайдалы жұмысты сипаттамайды. Кейінге қалдырылған кредиторлық қарыздың жоғарғы деңгейін иеленгенде кәсіпорын маңцызды қаржылық қиыншылықтарға ұшырауы мүмкін, өйткені кредиторлардың қысымы дебиторлық қарызды алғанға дейін, кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Ақша ағынының болжам моделін жасаудың негізгі тапсырмасы ақша қаражаттарының түсімі мен шығындалуының синхрондылығын тексеру, кәсіпорынның болашақтағы өтеулілігін бағалау, болып табылады және осылайша қабылданған басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру.

Кәсіпорындарда есеп айырысуды жетілдіру келесі бағыттар бойынша жүргізілуі керек - кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы шамасын максималдау позициясында ең тиімді деген есеп айырысу формаларын пайдалану және керісінше - айналымнан қаражаттарды алуға әкелетін есеп айырысу формаларынан бас тарту, мұнда кәсіпорын операцияның кредиторы қатынасында қатысады. Есеп айырысу операцияларына қызмет ететін банктердің сенімділігі, есеп айырысу механизмінің құқықы және инфрақұрылымын қамтмасыз ету сияқты факторларына да көңіл аудару керек.

1. 2 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қаржысы және оны басқару

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй - коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей. Өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген. Мұның өзі олардың барлығын бір бастапқы буынға біріктіруге мүмкіндік береді.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ. Бір қатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп қарауға болмайды, өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі. Алайда өндірістік қағиданың жақтаушылар керісінше пікірде. өйткені өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндіріс кезеңдерін көрсететін экономикалық категория. Мысалы айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды. Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-біріне қарыздар болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар (тұтыну, еңбекақы, айналым қаражаттарын) құрып, жұмсау арқылы жүргізіледі. өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:

1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар - өндірістің серпінді элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста болады; оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді. Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде материалдық - заттық және ақша формасы қалады;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.

Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

Ауыл шаруашылық өндіріс өзінің табиғаты бойынша экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі - өсімдік және жануар өнімдерін өндірумен және қызметінің басты элементі ретінде еңбек процесінде жерді басқа еш нәрсемен орын бастырмайтын құрал етіп пайдаланады. Сондықтан ауылшаруашылығында қызметті жаңғырту және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың қаржысын функцияландыру табиғи-климаттық, шынайы-биологиялық, технологиялық, әлеуметтік-экономикалық бірнеше факторлар ерекшеліктері қатарымен иеленеді.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының қаржысы - қорлардың, білімнің, айналымдылығымен, кірістер мен ақша қаражаттары ресурстарын қолдану мен бөлу, өндірісті бақылау, өндіріс процесінде дайын болған өнімнің бөлінуі мен қолдануыдың нәтижесінде пайда болған экономикалық қатынастардың жүйесі. Кез келген ауыл шаруашылық кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесі айтарлықтай дәрежеде қаржылық шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқару шеберлігіне байланысты.

Дүние жүзілік кейбір елдерде нарықтық жағдайға нашар бейімделудің нәтижесінде ауылшаруашылығы өндіріс көлемінің төмендеуі байқалады. Себебі, өндірісті жүргізуде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өнімінің құнын, сату нысаны мен таза табысты анықтауды маңызды орынға ие болып табылатын жер және табиғи ортаны пайдаланумен байланысқан.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың қаржысын басқарудың негізгі мақсаты - өндіріс процесін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мен бөлінген қаражатты дұрыс және рационалды қолдану, бақылау болып табылады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарда қолданылатын қаржы-несие ресурстары келесідей қаржыландыру көздерінен құралады: жеке меншікті түсімдері, несиелік қаражаттар және бюджеттік қаржыландыру.

Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының қаржысын басқару келесідей негізгі аумақтарды қамтиды: қаржылық жоспарлау, жабдықтаушылармен, мердігерлермен, тапсырыс берушілермен және басқа дебитор-кредиторлармен есеп; қаржылық органдармен есеп; ұйымның айналым қаражаттарымен басқару; несие ресурстарын қолданумен басқару; басқа да іс-шараларды қаржыландыру; арнайы қорларды құрау мен қолдану; кассалық операциялар.

Халық шаруашылығы саласы кәсіпорындарының қаржысы мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің бастама негізі болып табылады. Сондықтан осы кәсіпорындардың қаржылық жағдайынан қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері мен елдің қаржылық жағдайының оңтайландырылуы тәуелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Ақмола облысындағы Степногорск қаласының бюджетін және Алем-Степногорск ЖШС кәсіпорынының бюджет құралдарын игеруіндегі іскерлігін талдау
Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
Азық–түлік өндіруші кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекетін талдау
Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру жолдары мен болашақтағы дамуы
Қазақстан экономикасы үшін кәсіпкерліктің мәні мен маңызы
«Ақсай» ХБК ЖШС-нің маркетингтік іс-әрекетін бақылау
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Бухгалтерлік есеп және аудит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz