Нарықтық экономикадағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 тарау. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық аспектілері

1. 1 Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық тиімділігінің шетел инвестициялары

1. 2 Нарықтық экономикадағы ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің маңызы мен мәні

1. 3 Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділік көрсеткіштері

2 тарау. «Бірлес-Көкше» ЖШС шаруашалығын талдау

2. 1 Кәсіпорынның жалпы мінездемесі.

2. 2 Кәсіпорынның ресурстық потенциалының қолданылуын талдау

2. 3 Астық өндіріс тиімділігінің талдауы

3 тарау. Нарықтық экономикадағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары

3. 1 Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары.

3. 2 Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі экономикалық тиімділіктің деңгейі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ауылшаруашылық тек өсімдік шаруашылығының негізгі саласы болып қана қоймай, сол сияқты барлық ауылшаруашылық өндірісінің негізгі саласы болып табылады.

Осы саланың мағынасы біріншіден, адамның тіршілік әрекетіне қажетті заттары бар нан, мал, астық және тағы басқа өнімдерін алуды қамтамасыз етумен байланысты.

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттік егемендікке ие болған кезден бергі алғашқы жылдар ішінде Республика салмақты жүйелі және өтпелі мәселелермен қақтығысты. Осы жағдай өнеркәсіп өндірісінің құлдырау қарқынына, қаржылық жүйенің бұзылуына ғана емес, сонымен бірге ауылшаруашылығындағы өндірістің едәуір құлдырауына себепші болды

Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығында оңтайлы үрдістерін жүргізуі сияқты кері салдармен әлеуметтік-экономикалық күрт өзгерту жүргізіледі. Бұл өзгертулер негізінде нарықтық қатынаста аграрлық сектордың ауысуымен байланысты объективті өзгертулер жатқызылады.

Әр түрлі шаруашылықты және жеке формаларында пайда болған жаңа әлеуметтік-экономикалық және нарықтағы ауылшаруашылық құрылымы топтастырылады.

Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі - бұл ауыл шаруашылығының қаржылық-шаруашылық субъектісінің нәтижелігі. өндірістілігін,

экономикалығын, табыстылығын, өнім сапасының үлкен көрсеткіштерге жеткізуін қадағалайды. Тиімділіктің осы түрдегі өлшемі - бұл тірі не затқа айналған еңбектің кішігірім шығыны арқасында ауылшаруашылық өнімнің максималды алуы болып табылады. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігі мынадай көрсеткіш жүйелері арқылы өлшенеді:

• еңбектің өндірістілігі;

• қор қайтарымы ;

• өнімнің өзіндік күны;

• табыстылығы;

• егістілігі;

басқалары;

Тиімділікті нәтиже және осы нәтиженің шығыны арасындағы байланыс арқылы анықтауға болады. Экономикалық тиімділік барлық қоғамдық өндірістің баға нәтижелігіне қолданылады.

Диплом жұмысының мақсаттары: Ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерінің ірі өндірушісі ретіндегі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды жасау; ауылшаруашылық өнімдерінің секторда нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржылық-несиелік реттеу жүйесінің тәжірибелік проблемалары мен теориялық негіздерін кешенді зерттей отырып, олардың шешімін табу мен іс жүзіне асырудын әдістемесін негіздерін белгілеп, тәжірибелік ұсыныстар дайындау. Осы мақсаттың ең негізгісі ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату жолдарын анықтау.

Қойылған мақсатқа сәйкес оған жетуде қамтамасыз ететін келесі мәселелер:

  • нарықтық байланыстың даму жағдайындағы мәселелерін теориялық деңгейде зерттеп білу;
  • өнеркәсіптегі ауылшаруашылық өндірісінің қазіргі жағдайдағымінездемесі, сонымен қатар мәнін ашып, оның экономикалық тиімділігін санау;
  • резервтердің өндірістегі үлкеюін және табысының көлемін іске асыру;

-орындалған тексерістің негізінде қорытындыны қалыптастыру және нақты сөйлемдердің толық қолдану резервісінің шығуы;

Тексерістің объектісі болып «Бірлес-Көкше» ЖШС саналады. Осы жазылған жүмыста келесі экономикалық тексеру әдістері қолданылды:-баланстық, талдаулық, талдау.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді табиғи және экономикалық шарттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің экономикалық механизмінің теориялық негіздері мен мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін анықтау және нақтылау;
  • нарық жағдайларында экономикалық реттеу мен ауыл шаруашлығының дамуын қолдаудың отандық және шетелдік тәжірбиесін анықтау;

2003-2005 жылдары жарияланған «Ауыл жылдары» Қазақстан экономикасына және әлеуметтік жағдайына қандай әсерін тигізгенін көрсету.
Ауыл шаруашылығының маңызды міндеті еліміздің халқын азық-түлікпен, ал өндіруші өндірістерді қажетті ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мәселені шешу саланы әріқарай қарқындатумен, ғылыми-техникалық жаңалықты жеделтетумен, экономикалық қарым-қатынастарды жетілдірумен, әртүрлі жекеменшік түрлері мен шаруашылқ түрлерін дамытумен тығыз байланысты.

Қажетті азық-түлікті өндіретін ауылшаруашылық өндірістердің қазіргі жағдайы терең дағдарыста тұр, бұл бағаның күрт өсуімен, шаруашылық байланыстардың үзілуімен, материалдық-техникалық жабдықтаудың күрт нашарлауымен сипатталады.

Диплом жұмысының объектісі мен мәселелері: Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өндіріс секторы және осы секторды нарықты экономика жағдайында мемлекеттік қаржылық-несиелік реттеу мен байланысты экономикалық ұйымдастыру проблемалар жиынтығы.

Зерттеудін теориялық және методологиялық негіздері ретінде отаңдық және шетелдік ғалымдардын, экономиканың ауылшаруашылық секторына, қаржылық реттеу жүйесінің проблемаларына арналған ғылыми еңбектер мен осы секторды мемлекеттік қаржы-несиелік реттеуге кешенді талдау, ауылшаруашылық реформалар мен ауылшаруашылық секторды басқару және осы сектордың сыртқы экономикалық байланыстарына талдаулар және экономикалық мәселелерге қатысты үкіметтің құқықтық-нормативтік актілері жайында жазылды.

Нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығын және аграрлық-өнеркәсіптік кешенді даму қарқының жеделдету көбіне өндірісті экстенсивті дамытудың барлық факторларын кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту, ғылыми-техникалық жаңалықтардың жетістіктерін енгізу, инновациялық және иевестициялық қызмет салаларын тиімді қолдануға байланысты.

Диплом жұмысын жазу барысындағы зерттеу нәтижелерінің жаңалықтары:

Ауылшаруашылықты мемлекеттік қаржьлық-несиелік реттеудің негізгі бағыттары мен мәні анықталды:

- ауылшаруашылық секторды қаржьшық-несиелік реттеудің қажеттілігі мен икемді әдістері негізделді;

- ауылшаруашылығын қаржы-несиелік реттеу тетігінің тұжырымдамалары жасалынды.

- Қазақстан Республикасында экономикалық катынастарды реттеу үшін қаржылық-несиелік ынталандыру тетіктерін аныктай отырып, ауылшаруашылығын несиелеу жүйесін қалыптастыру бағыты көрсетілді;

- Ауылшаруашылық ресурстарының екінші реттегі нарығы арқылы аграрлық экономикаға инвестиция тартуда банктік капиталдың ролі анықталып, дәлелденді;

- Ауыл еңбеккерлерінің материалдық жағдайын кетеріп және щаруашылық қызметтерін дамытыту;

- Ауылшаруашылығы субъектілерінің міндеттемелері мен талаптарын реттеудің кепілі ретінде мемлекеттік ауылшаруашылығын сақтандыруды жетілдіру;

- ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіретін және тұтынатын инфрақұрылымға лайық қаржы-несие жүйесін құрудьщ кажеттілігі негізделді;

Жұмыстың тәжірибелік маңызы қалыптасып және дамып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында іс жүзінде пайдаланылатын ұсыныстар, жобалар, нұсқаулықтар жасап, ауылшаруашылық секторын реттеудің теориялық және тәжірибелік негіздеуде. Оларды пайдалану ауылшаруашылығымен оның қызмет ету аумағының тұрақты тиімділігіне жағдай жасайтынына үміттемеміз.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, сегіз бөлімнен, қорытындыдан, кестелер, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I тарау. Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің теориялық аспектілері

І. 1 Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық тиімділігінің шетел инвестициялары.

Әлемдік практикада ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тәуекелдігінен және өтімді кепілдің болмауы салдарынан пайда болатын ауылшаруашылық сектор тауарын өндірушілерді қаржыландыру мәселесін шешу үшін, тікелей Үкіметке бағынатын арнайы кредиттік мекемелер бар. Мемлекеттік қаражатты тиісті нысаналы бағытта жіберу - бұл мекемелердің негізгі міндеті.

Қазақстан Инвестиция қорының тапсырысы бойынша, Аргентинаның ұлттық аграрлық технологиялар институтының ғалымдары еліміздің ауылшаруашылық кешенін қалай тиімді дамытуға болатындығы жайында зерттеулер жүргізіп, жобалар дайындаған. Осы аталған жобалардың тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде “Қазақстан инвестициялық қоры” басқармасының төрағасы Зейнолла Кәкімжанов аргентиналықтардың бүгінгі таңда ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде қол жеткізіп отырған табыстары туралы әңгімелеп, ДСҰ-ға мүше болғалы отырған біз, елдің ауылшаруашылығын дамытуды еске алған кезде таңдаудың неге осы Аргентинаға түскенін түсіндірді. Экспортқа ауылшаруашылығы өнімдерін шығаруда әлемдік рынокта аргентиналықтар сапа жағынан алдарына жан салмайды екен. Сол елден келіп, Қазақстанда бір жарым айдан бері зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдарды таныстырды. Жалпы, Аргентина ауылшаруашылық кешеніне мақсатты түрде ғылыми-техникалық қолдау көрсетудің нәтижесінде әлемде алдыңғы позицияны қолдан шығармай келе жатқан ел. Климаттық жағдайды қоспасақ, Қазақстан мен Аргентина мәдениеті, ауылшаруашылығы құрылымы жағынан ұқсас елдер көрінеді. Солтүстік аймағымыздағы суықтың аргентиналықтардың айтуынша, ауылшаруашылығын дамытуда еш кедергісі болмайды. Сондықтан да олардың тәжірибесі мен ғылыми-техникалық үрдістері қазақтарға сай келеді деп, елімізге шақырып, бірлескен жоба жасау қолға алынған.
Ауылшаруашылығы экономикамыздың бүгінгі әлсіз буыны болып тұрғанын бәрі біледі. Кеңес өкіметі кезінде 70 жыл бойы алып аграрлық ел болып есептелген біз соңғы 10-15 жыл ішінде барымыздан айырылып, көп жылдарға артқа шегініп кетіппіз. “Біздің мақсатымыз, аргентиналықтардың тәжірибесін еліміздің ауылшаруашылығы кешенінде жұмыс істеп жатқандардың игеруін қадағалау, соған жағдай жасау”. Инвестқордың алға қойып отырған мақсаты - ДСҰ-ға мүше болар алдында ауылдағы тірлікті жөнге келтіріп, ертеңгі күні бәсекеге қабілетті өнім шығара алатындай дәрежеге жету. “Ештен кеш жақсы” демекші, халықаралық ұйымның ауылды шайнамай жұтып қоятынын түсінген сыңайлымыз. “Біз жақын айларда Аргентинаның ұлттық аграрлық технологиялар институтымен бірлесе отырып, сол технологияларды Қазақстанға ендіру үшін елде ірі-ірі орталықтар ашпақпыз”. Оның айтуынша, жуық арада тікелей тұқым себу технологиялары орталығы, малдың тұқымын жетілдіру үшін аргентиналық ғалымдардың селекция, генетика, эмбриондар өсіру әдістері қолданылатын генетикалық орталықтар ашылмақ. Сонымен қатар осы ғалымдармен бірге басқа да бағдарламалар да қолға алынбақ. Ол - жем-шөп дайындаудың озық әдістеріне көшу, оларды өсірудің тиімді технологиясын ендіру, оған әр түрлі қоспаларды қосу технологиясын ендіру бағдарламалары. Жоғары сапалы вакциналарды да өзімізде шығару қолға алынатын секілді. Өйткені аргентиналықтардың айтуынша, басқа елдің вакцинасы екінші елдің малына ем болмайтын көрінеді. Сондықтан оны осы жердегі малдардың, климаттың жағдайына қарай ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп барып, соған сәйкестендіріп жасаған жөн екен. Аргентиналықтардың бұл жағынан тәжірибесі мол екендігі байқалады. Сондықтан да олар біздің елге келіп осы бағытта жұмыс істемек. Қазинвестқормен аргентиналықтар арасындағы келісім осындай. Тағы бір айта кетерлігі - аргентиналықтар Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналар құрылысы өндірісін ашу керектігін айтып отыр. Қазақстанның аграрлық ел болып келе жатқанынан талай жыл болса да, өзінің ауылшаруашылығы машинасын жасайтын өндірісі жоқтығы оларды таңғалдырса керек. Машина құрылысы да өзге жақтан келгеннен гөрі жергілікті жердің жағдайына қарай икемделіп, осында жасалғаны дұрыс дегенді айтады аргентиналықтар. Құлаққа сіңімді ұсыныс екендігінде дау жоқ. Әйтсе де осы арада көкейге оралған ойды айтпаса болмайтын секілді. Аргентиналықтардың айтып отырған жоғарыдағы ұсынысының бәрін өзіміздің ғалымдардың жақтары тынбай айтып келе жатқаны қаш-а-ан! Ұсыныстардың кімдерден шыққанына қарамастан, оның жүзеге асып, діңкелеп қалған ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосса болды дегенді медет тұтқан ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің бағы жанса кәнікей демеске амал жоқ. Аргентиналық үш ғалым өз баяндамаларын жасап, аргентиналық тәжірибелерді ортаға жайып салды. Олардың ауылшаруашылығы өнімдерінің жоғары сапалы болып, бәсекеде Америка мен Еуропаны басып озып отыруының басты себебі - ауылшаруашылығын сонау топырақтың құрамын жақсартудан бастап, мал қорегін қорландыруға дейін жалғасып кете беретін жұмыстардың үздіксіз тізбекпен жүзеге асырылып келе жатқандығында екен. Оның бәрін жүзеге асыру үшін алдымен үлкен ауылшаруашылығы институты жұмыс істеп, ондағы әр түрлі саладағы ғалымдар бар күшін осы саланы қайтсек гүлдендіреміз дегенге жұмылдыруы тиіс. Сонда ғана мына алапат рыноктан өз орныңды ойып тұрып аласың. Мұның бәрін оларсыз да біздің ғалымдардың білетіні шындық. Тек соны жүзеге асыруға қол қысқа, қалта тықыр болды.
Аргентиналық мамандар Қазақстанда өзінің машина құрылысын салатындай барлық негіз бар дейді. Біз солармен бірлесе осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Олардың кейбір осы салада жұмыс істеп жатқан компанияларын елімізде жұмыс істеуге шақырмақпыз. Әзірше, біз еліміздегі қаржы институттарымен бірге аргентиналық технологияларды елге тарту мақсатында лизингке тарту жобасын жасамақпыз. ” Аргентиналық мамандар осыдан жиырма жыл бұрынғы Қазақстан ауылшаруашылығы деңгейін өте жоғары бағалайды екен. Олардың айтуынша, 20 жыл бұрын қазақстандық ауылшаруашылығы көптеген бағыттар бойынша әлемдік деңгейде болған. Бірақ 20 жыл ішінде технология алға кетіп қалып, Қазақстандағы тоқсаныншы жылдары болған дағдарыс ауыл тірлігін артқа лақтырып тастап отыр. Бірақ біз сіздердің әлемдік рынокта ойып тұрып өз орындарыңызды алуларыңызға көмектесеміз, ол үшін негіз бар, тек жұмыс істеу керек дейді олар. Қазақтың қонақжайлылығына ырза болған аргентиналықтар Қазақстанға келіп, бірлесіп жұмыс істеуге құлшынып отыр.

Республика жұртшылығын соңғы кездері толғандырып отырған маңызды мәселе, ол Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және осыған байланысты еліміздегі тауар өндірісі, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің сырттан келетін тауарға бәсекелестік қабілеттілігі.

Әлі күнге дейін біз тұқым шаруашылығы саласында көптеген кемшіліктерден арыла алмай келеміз. Әсіресе, элиталық тұқымға мемлекеттік тапсырыс пен сатып алу жүйесі реттелінбей отыр.

Бүгінде республикада дақылдарының жалпы жер көлемі 155 мың га және осы көлемнің шамамен 20-25 пайызы ғана өзімізде өсірілетін тұқыммен қамтамасыз етіледі. Тұқым базарында сатылатын өнім негізінен Нидерландиядан, Израйльден, Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан әкелінеді. Алқаптардағы себілген тұқымның сапасын тексеру мақсатында жүргізілген сараптамалардың қорытындысы көрсеткендей, будандық тұқымдарды есепке алмағанда, сорттық тұқымдардың сапасы көп жағдайда тіркелген сертификаттық құжаттардағы көрсетілген сапалық нормативтерден әлдеқайда алшақ жатады. Жеке шаруалар мен шаруа қожалықтарының басым көпшілігі көкөніс тұқымын сатып алу, оны өсіру мәселесіне де салғырттықпен қарап келеді. Базарлардағы ұсынылып отырған арзан бағалы көкөніс тұқымының сапасының төмендігінің бір себебі оны сатып алушылардың өздеріне де байланысты екендігін атап айтқан жөн. Себебі, қалай болғанда да көкөніс өндірушілер өз табысының өсуінің сол егілген тұқымның сапасына тікелей байланысты екендігін көп жағдайда аңғара бермейді. Сапасыз ұрықтан алынған өнім қашанда төмен өнімділігімен, құнарсыздығымен, сыртқы көріксіздігімен, тартымсыздығымен ерекшеленеді. Осының бәрі ұрықты қолданушыны едәуір шығынға ұшыратады. Тауар өтімділігі нашар болып, ұзақ мерзімге жатып қалады, дертке шалдығады, сақталу сапасы нашарлайды.

Осы мәселелер төңірегінде бірқатар дамыған шет елдердегі тұқым өндіру және сату жүйесіндегі озық әдістерді, технологияларды сараптап қарағанда, мынадай ойларды түйіндеуге болады. Мысалы, АҚШ, Жапония, Корея, Тайвань, тағы басқа дамыған мемлекеттерде тұқым өндіру жүйесі мемлекеттік реттеуден гөрі нарықтық реттеуге бейімделген. Себебі, қандай да болмасын тауар өндіруші өзіне қажетті нәрсесін өз еркімен анықтап алуы қажет. Тиімсіз нәрсенің қажетсіздігі баршамызға мәлім және бұл қағида, әсіресе осы аталмыш елдердегі тұқым шаруашылығы жүйесінде мықтап орын алған. Мұндағы мемлекеттік сортты аудандастыру саясаты да осы жәйттерді қатаң есепке алып, үлкен сұранысқа ие сорттар мен будандадың ғана өндіріске жолдама алуына мүмкіндік береді. Басқаларына да тосқауыл қойып отырады. Өндіріске ұсынылмас бұрын сорт немесе будан жан-жақты сараптамалық зерттеулерден өтеді. Аудандастыру комиссиясының шешімі өндіріске ұсынылмақ сорттың соңғы сараптамалық қорытынды нәтижелерін есепке ала отырып қабылданады. Тағы бір айта кететін жәйт, аудандастырылатын сорттың дәстүрлі көрсеткіші - оның өнімділігіне ғана назар аударылмайды, сондай-ақ биохимиялық сапасына, витаминдердің мөлшеріне, сыртқы тартымдылығына, сақталғыштығына, ұзақ тасымалдауға жарамдылығына баса көңіл бөлінеді.

Дамыған елдердегі тұқым өндіру жүйесі негізінен 4 буыннан тұрады - селекционер-шығарушының сорт үлгісі (ғылыми мекеме немесе сұрыптау-тұқым шығару орталығы), негізгі тұқым қоры - элита (ғылыми мекеме, сұрыптау-тұқым шығару орталығы, дамыған және арнайы жарақтандырылған шаруашылық), сертификаттандырылған тұқым өндіру (арнайы жарақтандырылған шаруашылық) және коммерциялық тұқым (жарақтандырылған шаруашылық) . Бұл жүйеден біздің елдегі дәстүрлі жүйемен салыстырғанда көп айырмашылық таппай отырсақ та, ұтымды тұстарын айтпай кетпеске болмайды. Сорт және будан шығару, оны аудандастыру біздің елде негізінен мемлекеттік ғылыми мекемелердің қолында болғандықтан, оны қаржыландыру да мемлекет құзырында қалып қойды. Ал жекешеленіп кеткен шаруа қожалықтарының мүдделері әрдайым мемлекет мүддесімен сай келе бермейтіндігі тағы да белгілі жәйт. Сондықтан қазіргі жағдайда, аудандастыру комиссиясының құрамында шаруалардың мүддесін қорғайтын өкілетті органның өкілдері болуы тиіс. Екінші жағынан, ұсынылатын сорттарды сол шаруалар пайдаланатындықтан, қолданысқа енгізілер сорттың сапасын мемлекеттік сараптамалық құрылымдармен қатар шаруа қожалықтарының бірлестіктері қаржыландырып отыратын тәуелсіз сараптамалық бекеттер де тексеріп, ұсыныс беріп отыруы қажет. Соңғы кездері өндіріске қажеттілігі көмескі, жергілікті ауа-райы мен топырақ жағдайында өсіруге қолайсыз сорттар мен будандардың тізімге еніп, аудандастырылып кетуі осы аталмыш жұмыстардың ақсап тұрғандығының дәлелі болса керек.

Қазақстанда 2006 жылға өндіріске пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне көкөніс-бақша дақылдарының 272 сорты мен буданы енгізілген. Оның ішінде 61 сорт пен будан жабық жайда өсіруге арналған. Жабық жайдағы будандық сорттардың үлесі мұнда өсірілетін барлық көкөністер тізімінің 82 пайызын құрайды. Ал, ашық жағдайда өсірілетін будандық сорттардың үлесіне бар болғаны 23 пайыз ғана тиеді.

Қазақстандағы отандық сорттар мен будандардың үлесі тізімдегі көкөніс-бақша дақылдарының 13 пайызын ғана құрайды және мұның бәрі дерлік ашық тозаңданатын сорттар. Қазақстандық селекционерлердің иелігінде қиярдың тек 2 буданы ғана бар немесе барлық буданның 4 пайызын құрайды. Қазақстан көкөніс дақылдарының отандық селекциялық сорты мен будандарын өндіріске енгізу ісінде Ресей, Украина, Өзбекстан тағы басқа ТМД едлерімен салыстырғанда, баяулық танытып отыр. Ал будандық сорт шығару ісінде тіпті де салыстыруға тұрарлық қауқарымыз жоқ. Мәселен, салыстыру үшін айтсақ, соңғы 10-15 жылдың ішінде Ресей бұл істе үлкен серпіліс жасады. Қазіргі кезде мұнда пайдалануға рұқсат етілген мемлекеттік тізімде будандардың үлесі 40 пайызды құрап отырса, АҚШ, Еуропа мемлекеттері, Жапония, Корея тағы басқа елдердің тұқым базарларында ұсынылып отырған көкөніс дақылдарының барлығы дерлік (90-100 пайыз) будандық сорттардан өсіріледі.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер әлі күнге дейін дақылдарының отандық сорттары мен будандарын шығару ісінің мардымсыз екендігін, әлемнің озық елдерінен әкелінетін сорттары мен будандарына қарсы тұрып, бәсекелес болатындай қабілетінің жоқтығын және соларға тәуелділігін көрсетеді. Қазақстандағы ресми тізімге енген көкөніс-бақша дақылдарының ұзын саны 40-қа жетпейді. Оның ішінде көп көлемде өсірілетін халықтың сұранысына ие дәстүрлі түрлерінің саны 10-12-ден аспайды және осылар ғана селекциялық жұмыстармен қамтылған. Селекциялық жұмыстар негізінен классикалық әдістер арқылы жүргізіледі. Демек, шет елдерде кең қарқынмен дамып келе жатқан будандық сорт шығару ісін Қазақстанда мықтап қолға алатын уақыт жетті. Ол үшін осы жұмыстарға мемлекеттік тұрғыдан үлкен қолдау көрсетіліп, ғылыми жұмыстарды озық технологиялар мен әдістердің негізінде жүргізу ісі қадағалануы қажет. Еліміздегі мамандардың осы саладағы дайындықсыздығы және біліксіздігі, құрал-жабдықтардың бүгінгі күн талабына сай еместігі, бұл істердің бірден аяқ алып кетуіне тежеу болары анық. Сондықтан, алдымен қабілетті мамандарды, жас ерекшеліктеріне қарамай, өркениетті дамыған елдердегі ғылыми орталықтарда дайындықтан өткізіп, содан соң оларды жаңа бағыттағы ғылыми жұмыстарға тарту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласының қазіргі жағдайын талдау ( Қапшағай құрамажем зауыты АҚ мәліметтері негізінде )
Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жағдайы мен дамуы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Субъектілік көзқарас тұрғысынан агробизнес - экономикалық қатынастар жүйесі
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
«Шағын және орта кәсіпкерлік»
Сапа менеджменті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz