Краснознаменский -2 ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы


Мазмұны
Кіріспе
1 Ауылшаруашылықтағы есеп ерекшеліктері және аудитінің
теориялық аспектілері
1. 1 Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері, есепті ұйымдастыру . . . 5
1. 2 Ауылшаруашылық өнімдері және материалдар, оларды бағалау
мен есептеу . . . 17
1. 3 Аудиттің маңызы . . . 25
2 «Краснознаменский -2» ЖШС кәсіпорынның қаржылық-экономикалық
көрсеткіштерінің талдауы
2. 1 «Краснознаменский -2» ЖШС кәсіпорынның қысқа сипаттамасы
және техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы . . . 28
2. 2 «Краснознаменский -2» ЖШС кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау . . . 32
2. 3 Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау . . . 45
3 «Краснознаменский -2» ЖШС кәсіпорынның есебі мен аудитің жетілдіру
3. 1 Қорлардың есебі мен бақылау негіздері . . . 48
3. 2 Қорлардың есебі мен бақылауын жетілдіру . . . 52
3. 3 Өндіріс кезеңінің аудиті . . . 60
Қорытынды . . . 66
Қолданылған әдебиеттер . . . 68
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайларда ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында мемлекет тарапынан қомақты қаржылық экономикалық қолдау көрсетілуде. Ал мемлекет дотациясы ұсақ шаруа қожалықтарына жете бермейді. Осыған байланысты бүгінде шаруа қожалықтары мен фермер шаруашылықтарына ауылшаруашылық кәсіпорындарына бірігу ұсынылып отыр, оның мақсаты келешекте өсімдік және мал шаруашылығында жұмыстарды біріге атқару және өндірілген өнімді өз күштерімен өңдеп жоғары табысқа ие болу.
Сондықтанда шаруа қожалықтарының ірі кәсіпорындарға бірігуін орынды және тиімді деп санаймыз.
Қабылданған бағдарламаға сәйкес, елдің ауылшаруашылық кәсіпорындарынның дамуының басым бағыттары:
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- сыртқы және ішкі нарықтарда ауылшаруашылық өнімдерін және өңделген өнімдерді сату көлемін арттыру;
- агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
- ауылшаруашылық кәсіпорындарынын ауылшаруашылық өндіріс ретінде мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру.
Соңғы жылдары ауылшаруашылығының есебін ұйымдастыруға аса мән берілмей нарықтық экономикадағы деңгейі күрт төмендеді. Бүгінгі таңда ауылшаруашылығын қайта жаңғыртуда, соның ішінде өсімдік және мал шаруашылығының технологиясымен байланысты кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті жетілдіруге және ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Бірақ, ауылшаруашылығында Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарын (ҚЕҰС) қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп әдістемесінің қиындықтары орын алады. Ауылшаруашылығының бухгалтерлік есебі Қаржылық Есептің Халықаралық Стандарттарының талаптарымен Қаржы Есебінің Ұлттық Стандарттарына сәйкес қатты өзгерді. Қазіргі жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жағымсыз құбылыстарды болдырмауға бағытталған. Есептің бұл қағиданы орындауы бухгалтерлік есептің негізі және оның негізгі элементі болып табылатын бастапқы есептің жетілдірілуін қажет етеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында бухгалтерлік құжаттардың мамандандырылған түрлері қолданылады, бұл өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, қосымша қызмет көрсетуші, өнімді өңдеу өндірістерінің технологияларының ерекшеліктерімен байланысты. Бұның бәрі аграрлық салада бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырып, оның сапасы мен шынайлылығын арттырады.
Мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және бастапқы есеп әдістемесін қалыптастыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерді, ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін зерттеу барысында мына төмендегі міндеттер алға қойылды:
- таза табыс алу және есепті ұйымдастыруға әсер ету мақсатында оларға қосымша өндірістің қызмет көрсету қажеттілігі, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуда өндіріс технологиясын қолдану;
- ауылшаруашылық кәсіпорындарында ақпараттық жұйені қалыптастырудың рөлін, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өндірісінің, қосымша өндірістің «Ауылшаруашылық есебі» бастаушылығымен мамандандырылған бастапқы бухгалтерлік құжаттарды зерттеу;
- қазіргі заманғы техникалық жабдықтар кешенінің көмегімен ауылшаруашылық кәсіпорындарында есепті бағдарламалық қамтамасыз етудің аспектілерін қарастыру;
- кәсіпорындағы шығындар есебін жетілдіру мәселелерін негіздеу, ауылшаруашылық өнім өндіру шығындарын есепке алудың халықаралық жүйесін қолдана отырып салалық есеп саясатын қалыптастыру;
- ауылшаруашылық бірлестігінде өнімдердің өзіндік құнын есептеудің және шығындар есебін жетілдірудің мәселелерін зерделеу.
Зерттеудің объектісі ретінде «Краснознаменский -2» ЖШС аграрлық сала шаруашылығы алынды.
Зерттеудің негізі бухгалтерлік есеп бойынша нормативті-құқықтық актілерден тұрады, соның ішінде: Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Заңы, 28. 02. 2007 жылғы бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгідегі жоспары, аграрлық саладағы шаруашылықтың қаржылық қызметінің жылдық мәліметтері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп әдістемелерін дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін арттыруға, ауылшаруашылық кәсіпорындарының дамуына бағытталған тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.
1 Ауылшаруашылықтағы есеп ерекшеліктері және аудитінің теориялық аспектілері
1. 1 Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері, есепті ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның басты мақсаты халықтың тамақ өнімдеріне, ал өндірістің шикізатқа деген өскелең талабын толық қанағаттандыру мақсатында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің орташа жылдық көлемін одан әрі арттыру болып табылады.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жалдық мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше арта түседі. Есептеудің көмеғімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістің көлемі мен өнімді тарату, онын өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады. Есептің мәліметтері меншіктің сақталуын бақылауға, техниканы жөндеуге және кұрделі құрылысқа жұмсалынатын шығындарды анықтауға, машиналар мен жабдықтарды пайдалану, жаңа техниканы игеру, химияландыруды, егістіктерді өңдеудің интенсивті технологияларын, суландыру және басқаларын қолданудың экономикалық тиімділігі жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі - шаруашылық есеп. Оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресурстарын аз жүмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу алынған. Шаруашылықты жұргізудің бүл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды рөл атқарады. Ол шаруашылықтың түтастай және оның, бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын бақылап отыруы тиіс. Бүған осы заманғы компьютерлік техниканы, есептеудің озат түрлері мен әдістерін қолданып, қызметкерлердің мамандығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Бухгалтерлік есептің алдында түрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат-шаруашылык қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастырудың алғышарттары:
- шаруашылық операцияларын, бірізге салынған құжаттарды, есеп регистрларын және есеп берудің түрлерін қолдануды, есептеудің озат тәжірибесін жинақтап, таратуды және басқаларын бағалау мен есепте бейнелеудің бірлігін қамтамасыз ететін есептеуді мемлекеттік басқару; есептеуді жүргізу және есеп беруді құрастырумен айналысатын қызметкерлердің саңын қысқартуға, экономикалық ақпараттарды өңдеу мерзімін жеделдетуге, есеп мәліметінің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін есептеу жүмысын компьютерлендіру; есептеудің прогресшіл түрлері мен әдістерін қолдану есепті жүргізуге жұмсалатын еңбекті елеулі түрде қысқартуға, есептеудің жеделдігі мен сенімділігін арттыруға көмектесіп, жазулардың қайталанбауына, есепті жұргізушілердің еңбегінің жалпы мәдениетін жақсартуға жағдай жасайды; алғашқы есептеу мен құжаттар айналымы жүйесінің дұрыс құрылуы бастапқы ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруға жұмсалатын еңбекті азайтуға, операциялардың артық жасалмауына, жоспарда қаралмаған құжат айналымын болдырмауға мүмкіндік жасайды.
Есеп қызметкерлерінің іскерлік қабілетін арттыру - есептеуді, жақсы ұйымдастырудың алғышарттарының бірі.
Есептеу жұмысының алдында түрған міндеттерді орындау қызметкерлерден экономикалық заңдарды, қолданыстағы заңдылықтарды, жоспарлау мен болжауды, шаруашылық қызметін талдауды, статистика мен өндіріс технологиясын терең білуді талап етеді.
Бухгалтерлік есепті тиімді ұйымдастыру қолда бар материалдық, еңбек және ақша ресурстарын бакылап, дұрыс пайдалануды, өнімдерді өндіріп, оның өзіндік құнын темендету жоспарын орындау мақсатында ішкі резервтерді пайдалануды, белгіленген уақытында есеп беріп және оның мәліметтерінің жедел талдануын қамтамасыз етуі тиіс. Есепті тиімді жүргізу үшін есеп жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың үлкен маңызы бар. Есепті ұйымдастырудың жоспары құжаттар айналымы және түгендеу жүргізу жоспарынан, есеп жұмыстарын орындау графигінен, тексеру мен бақылауды өткізу жоспарынан және басқалардан тұрады.
Құжаттар айналымының жоспары құжаттарды жазып алу сәтінен оларды архивке өткізгенге дейінгі қозғалыс графигінен тұрады. Графиктерде құжаттарды жасап, олармен одан әрі жұмыс істейтін жауапты адамдар атап көрсетіледі. Графиктер жеке және құрылымдық болып бөлінеді. Жеке графикте әрбір орындаушыға жүктелген жұмыстың тізімі көрсетіледі және олардың орындалу мерзімі белгіленеді. Құрылымдық графикте шаруашылықтың әрбір бөлімшесінде орындалатын есептегі жұмыстың тізімі мен мерзімі көрсетіледі. Графиктерді шаруашылықтың бас бухгалтері бекітеді және оны нақты орындаушыға жеткізеді. Құжаттар айналымы жоспарының катаң сақталуы есептеудің сапасын арттыруға және есеп беріп отырудың мерзімдерін жеделдетуге жағдай жасайды.
Түгендеуді жүргізу жоспары негізгі құралдарға, өнім малына және көлік малына, тауарлы-материалдық игіліктерге, ақша қаражаттарына, аяқталмаған өндіріске, жұмсалған кұрделі қаржыға және есеп айырысуға (жылдық және жыл ішінде) түгендеу жүргізу мерзімдерін қарастырады. Жоспар бухгалтерлік есеп беру мен баланстар туралы Ереженің талаптарына сәйкес жасалады.
Тексеру мен бақылау жұргізудің жоспарын қаражат-шаруашылық қызметін тексеріп, бақылап отыруға міндетті ұйымдар мен кәсіпорындар жасайды. Жоспарда әрбір тексерудің немесе бақылаудың сипаты (толық, жарым-жартылап), уақыты, тексерудің мерзімі, орындаушылары және тексерудің немесе бақылаудың қорытындысын қарайтын күні көрсетіледі.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары халық үшін азық-тұлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары ұшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш-көлік малдың негізгі табынын ұдайы толыктырып отырады. Ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажырататын өзіне тән ерекшеліктері бар. Осыған орай мұнда бухгалтерлік есептің де ерекшеліктері бар.
Ауыл шаруашылығындағы ең басты және ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын, табиғаттың өзі берген өндіріс құралы жер болып табылады. Оны пайдаланудың ерекшеліктері ауыл шаруашылық өндірісін шоғырландыру мен мамандандырудың өзгеше түрлерін тудырады. «Егін шаруашылығында . . . жердің өзі өндіріс құралы ретінде қызмет атқарады. Ал фабрикада бұл жоқ немесе өте тар шеңберде ғана болады, өйткені жер мұнда фабриканың негізі оның орналасқан орны, жергілікті операциялық базасы ғана болып табылады». Егін шаруашылығының ғылыми негізделген жүйесін пайдалану жердің құнарлылығын төмендетпейді, қайта керісінше оны елеулі түрде арттырады. Еліміздің әртүрлі аймақтарының ауа райы мен топырағының ерекшеліктерін ескере отырып, тыңайтқыштарды өндіру мен қолдануды кеңейтуге, мелиорацияны, егіншілік жүйесін жетілдіруге байланысты ауқымды шаралар бағдарламасы жердің сапасын жақсартуға және оның құнарлылығын арттыруға бағытталған. Жердің тағы бір ерекшелігі мынада, ол бір уақытта еңбек заты (өндіріс процесінің алғашқы сатысында) және құралы болып табылады. Өндіріс құралы ретіндегі жердің рөлі үлкен болуына байланысты оны өңдеуге, тыңайтуға, әктеуге, мелиорациялауға жұмсалған шығындарды уақытылы және толығымен есептеуді ұйымдастыру, жекелеген дақылдарды өндіру мен жұмыстардың тиімділігін анықтау, топырақтың эрозияға ұшырауына және басқа қолайсыз құбылыстарға жол бермеу қажет.
Ауылшаруашылық өндірісі аумақты кеңістікте шашыранды орналасқан және үлкен көлемде жүргізіледі. Мүнда қуатты ауыл шаруашылық машиналары (тракторлар, комбайндар) қолданылады. Бүл ерекшелік өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыруға ықпал жасайды және шығындар мен табыстарды дакылдар бойынша және түліктердің түрлері бойынша ғана емес, сонымен бірге шаруашылық есептегі бөлімшелер (жалгерлік ұжымдар, бөлімшелер, фермалар, цехтар) бойынша да есептеуді талап етеді.
Ауылшаруашылық өндірісінде өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңдерінің арасындағы үзіліс айқын байқалады. Мысалы, күздік астық дақылдарын өсіру 300 тәулікке дейін созылады (өндіріс уақыты), ал оларды өңдеу жұмыстары - 60-100 тәулікке барады (жұмыс кезеңі) . Бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өнімнің бір түрін ғана емес, жұмыс кезеңі бір уақытқа тура келмейтін бір-неше өнімдер өндіруге, әртүрлі қосалқы шаруашылықтар мен кәсіптерді құруға итермелейтін себептердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру (өнімділігін арттыру) өндіріс уақыты мен жұмыс кезеңінің арасындағы үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді. Осы ерекшелікке байланысты кәсіпорын өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өнеркәсіп және кемекші өндірістері өнімдерінің өзіндік құнын ай сайын есептей алмайды, өйткені, бұл салалар тікелей өзара байланысты. Жыл бойы өнімдерді есептесу бағасы бойынша кіріске алады, ал жылдың аяғында оның нақтылы өзіндік құнын анықтайды және кәсіпорынның жұмыс қорытындысын шығарып, пайдамен немесе зиянмен жұмыс істегенін көрсетеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындары өндіріс құралдарының бір бөлігін өздері заттай ұдайы өндіріп отырады. Шаруашылықта өсірілген малдарды (еңбек өнімі) өнім беретін және көлік малдары (еңбек құралдары) ретінде пайдаланады. Негізгі кұралдар есебіндегі сақа өнім беретін және көлік малдарын (еңбек құралдары) негізгі табынның есебінен шығарып, семіртуге айналым құралдарына аударады. Өндіріс өнімдерінің бір бөлігін одан әрі өнім өндіруге пайдаланады (түқым, көшеттелінетін материал, жем-азық) . Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 20% дейіні келесі өндіріс циклінде еңбек құралы ретінде пайдаланылады. Бүл халық шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда өнімнің тауарлылығының бірқатар төмен болуына және өндірістік қорлардың қалыптасу ерекшелігіне себепші болады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімдерді, малдардың төлдерін өсіруге, негізгі табынды қалыптастыруға жұмсалған шығындарды және оларды қаржыландырудың көздерін есептеу ұшін арнаулы шоттар немесе субшоттар қолданылады.
Дақылдар мен малдардың көпшілігінен биологиялық ерекшеліктері мен өндірістік жағдайларға байланысты өнімнің бірнеше түрлері және екінші дәрежелі маңызы бар (қосымша) өнімдер алынады. Маңызы төмен қосымша өнімдер әдетте, өзіндік құнды есептеудің объектісі болып есептелмейді. Мысалы, сүт бағытындағы ірі қара табынынан сүт, төл және көң алынады. Жұмсалған шығындарды есептеу негізгі салаларда есептеу объектілері (астық, сүт, төл) бойынша емес, есепке алу объектілері (жаздық бидай, сүт бағытындағы ірі қара табыны; жалгерлік қатынас жағдайында - жалгерлік ұжымдар) бойынша жүргізіледі. Өнімдердің әр-түрлерінің арасындағы шығындар, белгіленген коэффициенттер немесе оның сату бағасы бойынша бағалануына пропорционалды не басқаша түрде бөлінеді.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарында, әдетте, құрама өндіріс басым болады. Олардың жанында басты және екінші. дәрежелі тауарлы салалар, сондай-ақ басқа салалар мен халыққа қызмет көрсететін (тауарлы емес) салалар болады. Өндірістік бөлімдер, өндірістің салалары, ал олардың ішінде - жалгерлік ұжымдар, дақылдардың тобы, жұмыстар, малдардың түрі мен топтары бойынша негізгі және қосымша шығындарды есептеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Ауылшаруашылық өндірісіне мерзімдік (негізгі жүмыстар көктемгі егіс және егін жинау кезеңдерінде орындалады), малдардың басым түрлерінен өнімдер алудың, сондай-ақ техникаларды пайдалану мен жөндеуге жұмсалатын шығындардың біркелкі қорындағы отандық үлесі 51%-тен кем болмауы тиіс. Бірлескен кәсіпорындарындағы есеп отандық кәсіпорындары үшін қолданылатын тәртіп бойынша жүргізіледі.
Есепті ұтымды ұйымдастырудың негізгі алғышарты бухгалтерлік есепті мемлекеттік басқару болып табылады. Есепті компьютерлендіру, оны жүргізудің прогресшіл түрлері мен әдістерін колдану алғашқы есеп пен құжаттар айналымының дұрыс қойылған жүйесі, қызметкерлердің іскерлік қабілетін арттырумен қатар есепті мемлекеттік басқару есептің тиімді жүйесін құруды қамтамасыз етеді. Есепті жалпы мемлекеттік басқаруды қаржы Министрлігі, статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитет, салалық министрліктер мен ведомстволар атқарады.
Әрбір кәсіпорынның халық шаруашылық жоспарын орындауына жедел басшылық жасау мен бақылау ісіне көмектесудің маңызды құралы есеп беріп отыру болып табылады. Есеп беру - жеке бөлімше және тұтастай кәсіпорын бойынша жинақталған есептердің кешенді жүйесі. Ол шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға, жедел басшылық жасап және бақылап отыруға қызмет етеді. Есеп берудің көмегімен кәсіпорындардын жоспарлы тапсырмаларды орындауына бақылау жасалады. Есеп берудің мәліметтері әрбір кәсіпорынның, салалық және тұтастай халық шаруашылығының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын жасағанда базалық қызмет атқарады. Есеп берудің негізінде салық салу, кәсіпорынның өндірістік-қаражат қызметіне талдау жасау қысқа және ұзақ мерзімді қарыз беру тәртібінің сақталуына бақылау іске асырылады. Мазмұны бойынша есеп беру статистикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.
Статистикалық есеп беруде халық шаруашылығы жоспарының орындалу көрсеткіштері (өндірістің көлемі, еңбек, өнімнің өзіндік құны бойынша) сипатталады.
Бухгалтерлік есеп беруде кәсіпорын қызметінің негізгі қаражат көрсеткіштері бойынша (өндіріс, өнімдердің өзіндік құны және өнімдерді өткізу, пайда мен зиян, өндіріс пен басқаруға қызмет көрсету шығындары) жоспарының орындалуы сипатталады.
Статистикалық және бухгалтерлік есеп берулер мерзімді (бес-күндік, онкүндік, айлық, тоқсандық, жарты жылдық және тоғыз айлық) және жылдық болады. Соңгысына мәліметтердің барынша кең шеңбері енгізіледі және онда кәсіпорынның өндірістік және каражат қызметі сипатталады.
Есеп беруді жасаудың тәртібі, мекен-жайы, беру мерзімі және қаралуы бухгалтерлік есептер мен баланстар жөніндегі Ережеде көрсетілген.
Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы есеп бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары бойынша ұйымдастырылады. Оны халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін, ауылшаруашылық кәсіпорындарының ерекшелігін ескеретін толықтырулармен Қаржы министрлігі статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитетпен келісіп бекіткен. Қосымшада бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары келтірілген, ол оқулықтың тексті бойынша шоттардың шифрларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жұргізу ұшін кәсіпорындарында бухгалтериялар құрылады. Оларға есеп жұргізу, есеп беруді құрастыру және қаражат тәртібінің сақталуын бақылау. міндеттеледі. Бухгалтериялардың жұмысы министрліктерде, ведомстволарда, бірлестіктерде, министрліктердің бас басқармаларында және басқа басқару органдарында бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Жалпы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады. Бас бухгалтер өз жұмысын бас бухгалтерлер жөніндегі Ережеге сәйкес іске асырады. Бас бухгалтер есепті ұтымды ұйымдастыруды, есептердің озат түрлері мен әдістерін енгізуді, компьютерлік техниканы кенінен қолдануды, каражаттарды дұрыс және уакытылы есептеуді, шаруашылық операцияларын дұрыс құжаттауды, өндіріс шығындарын, қаражат нәтижелерін, қаражат, қарыз беру және есеп айырысу операцияларыи сенімді және уақытылы есептеуді, бюджетпен уакытылы есептесуді, кассалық және есеп айырысу тәртіптерін қатаң сақтауды, инвентаризацияны уақытылы және толық жүргізуді және оның нәтижелерін есепте көрсетуді, сенімді құжаттар негізінде есеп беруді уақытылы жасауды, басқа қызметтермен бірге өндірістік-қаражат қызметін экономикалық талдауды, пайдаланылмай жатқан резервтердің бетін ашып, іске қосуды қамтамасыз етуге міндетті. Бас бухгалтер есеп пен бақылауды, ақша қаражаттары мен материалдық игіліктердің толық сақталуын қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Бас бухгалтерге өзіне жұктелген міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік жасайтындай құқықтар берілген.
Халық шаруашылығында банкі мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу басым. Қолма-қол ақшалай есеп айырысу белгілі бір шарт бойынша төлейтін, борышына есеп беретін адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс істейтін шаруашылықтарда пайда болады. Олар қолданыстағы заңдылық ережелеріне сәйкес банкі мекемелері арқылы жүргізілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz