А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі


Жоспар
І Кіріспе . . . 3
ІІ Негізгі бөлім
- Сөз таптастыру тарихы . . . 5
- А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі . . . 2. 1 Зат есім . . . 112. 2 Сын есім . . . 142. 3 Сан есім . . . 172. 4 Есімдік . . . 18
- А. Байтұрсыновтың етістіктерді жіктеуі, категориялар . . . 23
- Көмекші сөздер. Үстеу сөз табының орны . . . 46
- Одағай сөздер . . . 52
ІІІ Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57 Қосымша . . . 58
Кіріспе
Зерттеу жұмысының тақырыбы: А. Байтұрсыновтың морфологиялық мұрасы.
Зерттеу жұмысының объектісі: А. Байтұрсыновтың 1915 жылы жарық көрген «Тіл - құрал» атты еңбегіндегі қазақ тіл білімінің морфология саласына арнап жазылған бөлімінің теориялық материялдары.
Зерттеу жұмысының мақсаты: А. Байтұрсыновтың «Тіл - құрал» еңбегіндегі ғалымның сөз таптастыруда қолданған негізгі ұстанымын анықтап, қазіргі қазақ тілімен салыстыру; еңбектегі сөз таптарына жеке -жеке тоқтала отырып тіл білімінің әр түрлі кезеңдерінде жарық көрген грамматикалармен (1954, 1967, 2002) және қосымша ғылыми әдебиеттермен салыстыру; жеке сөз таптарының түрлену жүйесі мен құрамының «Тіл -құрал» мен қазіргі қазақ тіл білімімен ұқсастықтары мен өзгешеліктеріне назар аудару;
Зерттеу жұмысының міндеттері: А. Байтұрсыновтың морфологиялық мұрасының бір ғасырға жуық уақыт бұрын жазылғанын ескере отырып, өзгешеліктерге тоқталу.
Зерттеу обьектісінің өзектілігі: Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы болып табылатын А. Байтұрсынавтың ХІХ ғасырда жарық көрген «Тіл - құрал» еңбегінің бүгінгі күндегі қазақ тіл біліміндегі орны мен маңызы. Еңбектің қазақ тіл білімінің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі, қазақ лингвистикасының ғылым ретінде қалыптасуына бастау болған айтулы еңбек.
Зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: салыстыру әдісі, анализ-синтез әдістері.
Зерттеу жұмысы барысындағы негізгі тұжырымдар:
- А. Байтұрсынов жасап кеткен тіл білімі әлі күнге дейін өзекті;
- А. Байтұрсыновтың кейбір тұжырымдары әлі күнге дейін қолданылады;
1. Сөз таптастыру тарихы
А. Байтұрсыновтың сөздерді таптастыру жайының ерекшелігін байқату үшін осы мәселенің даму жолын шолып өткен жөн. Тілдегі сөздерді лексикалық-грамматикалық сипаттарына қарай топтастыру - грамматикалық теориялық та, практикалық та маңызы зор, әрі негізгі, әрі түйінді мәселе. Бұл мәселе тек грамматиканың ғана емес, оның лексикамен байланыстыратын да негізгі мәселе [1; 39] .
Тілдік құбылыстарды бір-бірінен ажыратуға, оларды айқындауға және тануға таяныш етілетін негіздер тіл білімінде принцип деп аталады [1; 40] .
Тілдегі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырғанда мынандай екі жағдайды қадалаған жөн.
Біріншіден, жеке-жеке сөз таптарына телінбекші сөздердің қай-қайсысы болсын тілдің сөздік құрамына енеді. Олай болса, я сөз я сөздер қай сөз табына қатысты болса да, қайткенде де олардың лексикалық жағы еске алынуы керек.
Ал сөздердің осылай лексикалық жағын ескеруден, сөзсіз, оның семантикалық жағын ескеру керек екендігі туады.
Ендеше, әрбір сөз табы және оның құрамына енетін сөздердің бәрі де лексика-семантикалық тұрғыдан қаралып талдануы керек. Екіншіден, сөздерді грамматикалық жағынан таптастыру, олардың түрлену және жасалу жүйесін айқындау, сондай-ақ сөздердің тіркесу мүмкіндіктері мен синтаксистік қызметтерін т. б. сол сияқты мәселелерін анықтау - қашан да болсын грамматиканың қарайтын міндеті.
Сонымен, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың (сөздердің) лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық жақтары да, бірдей қадағалана қаралуы қажет[41; 1] .
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ тілінде сөздерді тапқа бөлудің алғашқы соқпағын салған - түрколог Н. И. Ильминский. Ол өз еңбегінде сөздерді тоғыз түрлі тапқа бөледі. Осы сан совет дәуіріне дейін жарық көрген еңбектердің барлығында да сақталған [2; 69]
Қазақ тіліндегі сөздерді лексика-грамматикалық топтарға жіктеу тарихының революцияға дейінгі кезеңдерінің барлығына ортақ бір жайтты айта кеткен жөн. бұл кезкңде қазақ тілін зерттеген түркологтардың ешқайсысы да ондағы сөздерді тапқа бөлуде қандай принципке сүйенуге болатынын сөз еткен жоқ [2; 69]
Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тіл білімінің қай саласы бойынша болмасын, артына күрделі зерттеу еңбек-мұра қалдырғаны мәлім. Ғалым сондай сүбелі еңбектерінің ішінде морфологияның өзекті мәселесі - сөздерді семантикалық құрылымдық топтарға бөлу ісін де назардан тыс қалдырмай, айрықша ыждағаттылықпен зерделеп, ой-тұжырымдарын қағаз бетіне түсіріп үлгеріп кеткен.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіндегі «Жұбановтану» зертханасы қорындағы ғалымның бұрын-сонды баспа бетін көре алмаған еңбектерін зерделеу кезінде де сөздерді семантикалық-құрылымдық топтарға бөлу ісіне тікелей қатысты ой-тұжырымдар мол ұшырасады.
«Сөз таптары әрі зат, әрі етістік болып, бір бірінен айырылмаған кезде олардың есім не етістік екендігі қосымша арқылы ғана белгілі болады» - деп сөз таптастырудың морфологиялық принципінің маңызын алға тартады.
Ғалым мынандай маңызды қорытынды жасайды: «Тапқа айырғанда үш түрлі негізге сүйенеміз:
- Лексикалық қасиеттеріне қарай.
- Морфологиялық қасиеттеріне қарай; қандай қосымша қандай қосалқы ертетініне қарай.
- Сөйлемде қай мүше болатындығына, қай орында тұратындығына қарай» деп сөз таптастырудың үш принципін көрсетеді. Бұл үш принцип күні бүгінге дейін негізгі критерийлер болып келеді. [3; 25]
Академик Ә. Қайдаров та сөз таптастырудың осы үш принципін қазақ тіл білімінде алғаш жүйелеген Қ. Жұбанов екенін айтады [4; 11]
С. Жиенбаев та Қ. Жұбанов сияқты қазақ тілінің сөздерін тапқа бөлуде олардың үш түрлі белгісін басшылыққа алуды ұсынады: «Грамматикалық категорияны дұрыс айыру үшін оның белгілерімен таныс болу шарт. Ол белгілер мынандай үш түрге бөлінеді:
1. семантикалық белгілер;
2. синтаксистік белгілер;
3. морфологиялық белгілер» - дейді ғалым. [5; 38]
Синтаксистік принципті екінші орынға қоюының себебін автор былайша түсіндіреді: «Семантикалық белгілер мен синтаксистік белгілер өзара тығыз байланысты. Семантикалық белгіміз сөздің мәні болатын болса, синтаксистік белгіміз сөздің сөйлемдегі функциясына байланысты белгісі. Сөздің мәнінің өзі сөйлем ішінде тұрғанда ғана айқын байқалады ғой. Бұл жағдай әсіресе қазақ тілі сияқты сөз мазмұны тұрған орнына да байланысты болатын тілде көп көрсетілуі керек» - дейді автор [5; 38] . Ал сөз таптастырудың морфологиялық принципін соңғы орынға шығару себебін ғалым кейбір сөз таптарын ажыратуда морфологиялық принциптің ешқандай ролі жоғымен түсіндіреді.
Т. Сауранбаев та өзіне дейінгі ғалымдар ізімен сөз таптастырудың сол үш принципін атай отырып, сөз табына былай анықтама береді: «Семантикалық (мағыналық) және грамматикалық өзгеру өзгешелігіне қарай, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай сөздердің бөлінуін сөз таптары дейміз» [6; 68] . Ғалым сегіз сөз табын көрсетеді. Олар: зат атауыш, сын атауыш, сан атауыш, амал атауыш, есімдік сөздер, етістік сөздер, шылау сөздер, одағайлар.
50-жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасын шешу ісіне белсене араласқан адам А. ысқақов болды. А. Ысқақов та қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруда 30-жылдарда аталған үш принциптен ауытқымайды:» Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда да, басқа тілдегі сөздерді таптастырғандай, негіз етіп алынатын белгілер және қолданылатын принциптер бар:
Семантикалық (лексикалық) мағынасы;
Сөздердің морфологиялық (грамматикалық) формасы;
Сөздердің сөйлемдегі (синтаксистік) қызметі» - дейді.
А. Ысқақовтың тағы бір жаңалығы қазақ тіл білімінде 30-жылдары Қ. Жұбанов енгізген сөз таптастырудың үш принципін (семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) бірлікте қарай отырып, оларды жетілдіре түскендігі болды.
Қазақ тіл біліміндн сөз таптастырудың үш принципін өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ, Қ. Жұбановтан бастап кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың барлығы бір ауыздан осы үш принципті атап, оларды бірлікте қарау керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болу керек дегенде ғана пікір алшақтығы кездеседі. Қ. Жұбанов семантикалық принципті жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті қойса, С. Жиенбаев екінші орынға синтаксистік принципті шығарады. А. Ысқақов үш белгінің де қажет екенін ескере отырып, «кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің үшеуін де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгіні таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуы тиіс. Олай болатын себебі - сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі-оның семантикасы» - дейді [7; 13] .
Соңғы жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптары теотиясына елеулі жаңалық енгізген С. Исаев болды.
С. Исаев сөз таптастырудың негізінде жалпы грамматикалық мағына жатқан семантикалық принципін, негізінде категориялық грамматикалық мағына жатқан морфологиялық принципін, негізінде қатыстық грамматикалық мағына жатқан синтаксистік принципін басшылыққа ала отырып, қазақ тілі сөздерін он тапқа жіктейді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, еліктеу сөздер, одағай, модаль сөздер.
Міне, қысқаша қазақ тіл білімінде сөз таптастыру тарихы осындай. Ал енді, қазақ тілі сөздерін таптастырудың негізін қалаған А. Байтұрсыновтың сөз таптастыруда басшылыққа алған принциптеріне тоқталайын.
XIX ғасырдың ортасында жарық көрген Н. И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» атты еңбегінен басталып, М. Терентьев, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді тағы басқа бірқатар орыс түркологтарының еңбектерінде жалғасын тапқан қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа бөлу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға А. Байтұрсынов есімімен тығыз байланысты болды. А. Байтұрсыновтың «Тіл - құрал» аталған үш бөлімнен тұратын оқулығының морфологияға арналған бөлімі алғаш рет 1914-жылы, фонетикаға арналған бөлімі 1916-жылы жарық көріп, кейіннен әрқайсысы алты-жеті реттен толықтырылып қайта басылды.
А. Байтұрсынов қазақ тіліндегі сөздерді әуелі атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай деп үлкен үш топқа бөледі. Алайда ғалымның сөздерді былайша үш топқа жіктеуін сонау ерте заман грамматистерден бастау алатын сөздерді есім, етістік және жалғауыш деп ажыратуларының дәстүрті жалғасы ретінде қарауға болмайды. Автордың қазақ тілі сөздерін осылайша бөлудің негізінде қазақ тіл білімінде сөздерді автосемантикалық және синсемантикалық деп жіктеудің принципі жатыр дейді С. Мұхтаров [3; 19] .
Автосемантический (от греч. Avtos-сам + semantikos-обозначающий) Знаменательный, имеющий отдельный самостоятельный смысл [8; 281] . Семантический (от греч. syn-вместе + semantikos-обозначающий) служебный необладающий самостоятельным смыслом [8; 281] . Яғни А. Байтұрсынов автосемантикалыққа атауыш сөздерді жатқызады да, синсемантикалыққа шылау сөздерді жатқызып тұр. Бұл жерде ғалымның сөздерді осы үлкен үш топқа бөлуіндегі басты межегіші етіп сөздердің лексикалық мағынасын басшылыққа алады да, яғни сөздердің лексикалық мағынасы негізінде қаншалықты дербес, дербес еместігін ескереді. А. Байтұрсынов атауыш сөздер тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті, ал шылау шылау сөздер тобына үстеу, демеу, жалғаулықты жатқызады. Автор сөз таптарына жеке тоқталғанда одағайды шылау сөздердің төртінші түрі етіп енгізеді, ал «Қорыту» бөлімінде «Сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді» - дей келе одағайды шылау сөздерден бөлек жазады[9; 103] .
Толық лексикалық мағыналы сөздердің тәуелсіздігін, номинативтік қасиетін ескеріп, оларды атауыш сөздер тобына біріктірсе, лексикеалық мағынасы жоқ немесе лексикалық мағынасы жартылай ажырау нәтижесінде де шартты түрде болып қалған сөздерді шылау сөздерге жатқызады. Ғалым үстеу сөздердің де басқа атауыш сөздермен салыстырғандағы дербестік дәрежесінің төмендігін танып, оны шылау сөздер тобына енгізеді. «Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толықтыру үшін үстеу болады. Осылай сөз үстіне қосылып сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз» - дейді ол [9; 99] . Ғалым үстеу сөздерді неліктен шылау сөздер қатарына жатқызғанына түсінік беріп кетеді.
«Мәселен, «әрең келдім» дегенде, «әрең» демесем де, келгенім көрініп тұр, бірақ «әреңді» қосқанда келгендік үстіне қалай келгендік көрініп тұр» - деп өз ойын түсіндіріп кетеді [9; 99] . Бұл ғалымның сөз таптастырудағы бірден бір өзгешелігі. Дегенмен қазіргі таңда үстеу сөз табын шылау қатарына жатқызу обалдық етер еді.
1967жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөздерді былай топтастыру туралы былай делінген: «Әрине бұл үш топ сөздердің (атауыш, көмекші, одағай) алатын орындары бірдей емес. Мысалы, олардың ішінде сан жағынан да, соған сәйкес тілдің бүкіл лексикасына негізгі ұйтқы болу жағынан да атаушы сөздердің өздері де жалпы сипаттары бола тұра, іштей алды алдына тән ерекшеліктері мен жалқы сипаттарына қарай, әрқилы лексика-грамматикалықтоптарға бөлінеді. Мысалы, оларды алдымен есімдер мен етістіктер деп аталатын екі үлкен салаға бөліп алған дұрыс. Бірақ бұнымен тыну да жеткілікті емес, өйткені есімдер деп аталатынсөздерді алсақ, олардың өздері делексика-грамматикалық өзгешеліктері жағынан іштей біркелкі емес. Егер зат есімді, сын есімді, есімдіктерді алсақ, бұлардың бәріне тән өзінше жалпылық болса, үстеу сөздеа мен еліктеу сөздердің өздеріне тән әрі жалпы, әрі жақын қасиеттері бар. Осындай жалпы қасиеттері мен өзара жақындықтарын ескере келіп, атаушы сөздерді екі жікке бөліп олардың біреуін атаушы есімдер деп, екіншісін үстеуші есімдер деп саралауға болады [1; 40] . Бұл еңбектен де үстеу сөздерге берілген бағаны анық көруге болады. Бұдан біз А. Байтұрсыновтың XX ғасырдың басында айтып кеткен ойының осы күнге дейін жаны барын көреміз. Жоғарыда атап өткеніміздей үстеу сөздер сөз тудыруға да ұйтқы болмайды. Бұл - оны есім сөздер қатарынан бөлек алып қарауға болатындығының тағы бір себебі.
А. Байтұрсынұлы шылау сөздерге демеу, жалғаулық, үстеу сөздерді жатқызыды. Қазақ тіл білімінде сөз таптастыру проблемасының тарихына арналған Т. Қордабаевтың өткен ғасырдың 50-жылдарының басына дейінгі кезеңді қамтыған шағын шолу мақаласында да А. Байтұрсынұлының қандай принципті басшылыққа алғандығы аталады: « . . . Шылау сөздерді өз ішінен үстеу, демеу, жалғаулық деп үшке бөледі. Олардан шылаулар мен үстеулерге байланысты қазіргі ғылыми шешімдерге сай келмейтін байымдаулардың барлығын байқау қиын бола қоймас. Бұл оқулықта («Тіл - құрал») сөздерді тапқа бөлуде олардың мағынасына сүйенген. Үстеу, демеу, жалғаулықтарды шылау сөздердің құрамына енгізгенімен, ол үшеуін үш сөз табы деп есептейді де, қазақ тілінде тоғыз түрлі сөз табы бар дегенді айтады» [2; 69-70]
Ғалым қазіргі таңда шылаудың бір түрі болып жүрген жалғаулықтарды жеке сөз табы ретінде қарстырады. Жалғаулықтарға мынандай анықтама береді: «Жалғаулық дейміз - жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайтын сөздерді». Автордың «жалғаулық» деп атауының мақсаты - бұл сөздер не жалғаудан кейін, не жалғаудың орнына қолданылатынын көрсету. көріп отырғанымыздай А. Байтұрсынұлы қазіргі қазақ тіліндегі шылаудың бір түрі - септеулік шылауларды атап отыр. Ғалым сөз таптастыруда семантикалық принципін басшылыққа ала отырып, синтаксистік принципті де ұстанған. Жалғаулық шылауларға жататын сөздер тек лексика-семантикалық жақтан топтаспайды, сонымен қатар сөз бен сөзді байланыстыру қызметі жағынан да топтасады. Мысалы: Басшы бұл мәселені жиналыс сайын көтереді десек, «сайын» шылауынсыз сөйлемнің мағынасы толық сақталмай, сөйтем ақпарат беру қабілетінен айырылып қалады. Яғни «сайын» шылауы сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарып тұр.
А. Байтұрсынов одағайды жеке сөз табы ретінде қарастырып, оны лездік одағай, еліктеу одағай және шақырыс одағай деп үш топқа бөледі. Ал еліктеу сөздерді жеке сөз табы деп қарамай, одағайдың құрамына жатқызады. Автор одағайға «одағай дегеніміз - одағайланып, оңаша айтылатын сөздерді» деп анықтама береді. Мұны ғалымның интонациялық оңашалыққа баса назар аударып, ал грамматикалық жағына аса көңіл бөлмегені деп түсіндіруге болады. Одағай құрамында жүрген еліктеуіш сөздер семантикасы жағынан да синтаксистік қызметі жағынан да, морфологиялық белгілері жағынан да мүлде өзгеше сөздер. Одағай сөздер көбіне адам баласының эмоциясының тілдегі көрінісі болса, еліктеу сөздер ғалым А. Ысқақов айтқандай, «біріншіден табиғатта ұшырасытын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр түрлі әрекет қимылдарынан туатын әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді» [7; 344-345] . Сонымен қатар одағай сөздер сөйлемде синтаксистік қызмет атқара алмаса, еліктеу сөздер әдетте пысықтауыш қызметін атқарады.
2. А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі
2. 1. Зат есім
Зат есім грамматикалық сөз таптарының ішінде аса келелі орын алады. Сын есім заттың сынын білдіреді, сан есім заттың санын білдіреді деп берілген анықтамалардан зат есім категориясы есімдерді бір-бірінен ажыратуға өзек болатын категория екендігі байқалады. Тіпті, етістік заттың қимылын (әрекет, қозғалысын, күйін) білдіреді деп айтылатын анықтамалардан да тілдегі сөздерді лексика-семантикалық жағынан топтап, оларға грамматикалық сипаттама бергенде, зат есімдерді жанамай өтпейміз. Олардың барлығы да зат есім категориясының грамматикалық құрылысында алатын орны да, қызметі де зор екендігін көрсетеді [10; 216] . 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» деген академиялық зат есім сөз табының ішіндегі орны осылай беріледі. Зат есім сөз табына қатысты мәселелер қазақ тіл білімінде біршама шешілген проблема болып көрінгенмен, әлі күнге дейін оның (зат есім) мағынаның топтары мен грамматикалық категорияларында бір арнаға түспеген жайлар бар. Зерттеу обьектіміз болып отырған А. Байтұрсыновтың «Тіл - құрал» оқулығында зат есімдерге мынандай анықтама берілген. «зат есім - нәрселердің атын көрсететін сөздер. Нәрсе деп не түрлі болса да затты атаймыз»[9; 105] . Бұл - даусыз, ешбір өзгеріссіз ертеден келе жатқан, орныққан ереже. Қазақ тіл білімінде кейін жазылған ғылыми оқулықтарда кейбір толықтырулар енгізілгенмен негізінен осы анықтама сақталған. 1954 жылғы академиялық грамматикада: «Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі әралуан құбылыстарды да қамтиды» - деген анықтама берілсе, 1967 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасында» : «Зат есім дегеніміз - лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Өзімізді қоршаған дүниедегі зат жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер» - деген анықтама береді. Байқағанымыздай, екі анықтама да А. Байтұрсыновтың берген анықтамасына саяды. А. Байтұрсынов зат есімдерді деректі зат есімдер, дерексіз зат есімдер, жалпы және жалқы зат есімдер деп бөледі. Бұл мағыналық топтардың негізінен қазір де өзгеріссіз қалғаны белгілі. Тек қана кейінгі оқулықтарда үшінші мағыналық тобы болып адамзат және ғаламзат зат есімдер аталып жүр. Ал 1967 жылғы грамматикада жақтылық пен жақсыздық категориясы деп акталған. А. Байтұрсынов зат есімнің сұрақтары жөнінде сөз қозғағанда ғана тілге тиек етеді де, ал жеке грамматикалық категория ретінде алып қарамайды. А. Байтұрсынов зат есімнің екі айырысын: жекелік, көптік және екі қалпын: жай, тәуелдік қалпын көрсетеді. Соның ішінде бізге керегі - тәуелді қалып. Ғалым тәуелді қалыптың екі түрі деп оңаша және ортақ түрін көрсетеді., ал екі реті деп анайылық және сыпайылық түрлерін айтады.
«Оңаша тәуелділік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді» деген анықтама береді. Ал ортақ тәуелдеуге келгенде, ғалым «ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меіктеуін көрсетеді»[9; 109] дей келе мынандай мысал келтіреді:
Жекеше:
І жақ (біздік) атамыз, денеміз
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz