Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 4

І тарау. Бағалы қағаздардың экономикадағы рөлі және маңызы

1. 1. Бағалы қағаздар, және олардың түрлері . . . 7

1. 2. Бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілері . . . 10

1. 3. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу . . . 12

ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар

нарығының қазіргі даму деңгейі

2. 1. Мемлекеттік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың эмиссиясы

және айналысқа шығарылуы . . . 20

2. 2. Қазіргі бағалы қағаздар нарығының құқықтық

қамтамасыз етілуі . . . 29

2. 3. Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының инвестициялық

құрылымы . . . 38

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар

нарығының жетілдіруі және даму бағыттары

3. 1. Бағалы қағаздар нарығында маркетингтік зерттеуді

ұйымдастыру . . . 49

3. 2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын

қалыптастыру және реттеу . . . 54

3. 3. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының инвестициялық

бағытын жетілдіру мақсаттары мен оның инфрақұрылымын

дамыту жолдары . . . 56

Қорытынды және ұсыныстар . . . 61

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64

Қосымша

Кіріспе

Бағалы қағаздар рыногының жалпы Қазақстанның экономикасындағы маңызы зор. Бағалы қағаздар рыногы Қазақстанда дамуы соңғы үш жылда басталды, бұл 2003 ж. 13 мамырдағы “Акционерлік қоғамдар туралы” ҚР заңын қабылдаумен және бағалы қағаздар туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізумен байланысты.

Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - соңғы кездегі экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздар рыногының қарқынды дамуы. Қазіргі кезде бағалы қағаздаржың маңыздылығы түсінікті болып келеді және оларға табыс табу көзі ретінде пайдалану көз-қарасы қалыптасуда.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның бағалы қағаздар рыногын зерттеу, оның қалыптасу тарихын, даму динамикасын талдау, жетілдіру жолдары зерттелді.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

-бағалы қағаздар рыногы туралы жан-жақты мәліметпен терең танысу;

-бағалы қағаздардың ұғымын, түрлерін анықтау;

-бағалы қағаздар рыногының даму ерекшеліктерін белгілеп алу.

Зерттеу объектісі - жалпы және Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы.

Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың Кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

-құжатты және құжатсыз;

- эмиссиялық және эмиссиялық емес;

- атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар. Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар. Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар. Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар белгілі тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылғы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Жолдауында қржылық сектор мәселелері туралы қржы секторын одан әрі дамыту үшін қазір бағалы қағаздар нарығын дамыту мен 2005 - 2007 жылдары жинақтау зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламалары қабылданғаны туралы және енді тек жұмыс істеу керек екендігі туралы айтты.

Осының нәтижесінде “Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 Қаулысы қабылданды.

Бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту, оның ашықтығы мен тиiмдi қызмет етуiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi кеңейтудi, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және адал бәсекелестіктi қамтамасыз ету осы бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Бағдарламаның осы мақсатын iске асыру үшін мынадай мiндеттер шешілу қажет:

- бағалы қағаздар рыногын қазiргі заманғы талаптарға сай келтiру;

- инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

- инвестициялау үшiн бағалы қағаздар шығару үшiн мүмкiндiктердi, соның iшiнде мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген жобалық облигациялар, туынды бағалы қағаздар шығару, сондай-ақ корпорациялық басқару нормаларын енгiзу және "Секьюрителендiру туралы" заң жобасын қабылдау жолымен кеңейту;

- бағалы қағаздар рыногының институционалдық инфрақұрылымын және бағалы қағаздар рыногындағы салық салу режимiн одан әрi жетiлдiру;

- бағалы қағаздар рыногының тетiктерiн пайдалану жолымен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң капитал тартуын, соның iшiнде ұйымдастырылған рынокта компаниялардың бағалы қағаздарының листингiн ынталандыру;

- эмитенттердiң инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн сақтауын қадағалау жүйесiн жетiлдiру.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жыл Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жолдауында нақты іске асыру екінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкіметке Алты ай ішінде заңнамаға “Самұрық” мемлекеттік холдинг компаниясының қызметіне қатысты өзгерістер енгізсін және ұлттық компаниялардың бағалы қағаздарын қаржы рыногына шығару бағдарламасын әзірлесін деп тапсырды.

Осылайша бағалы қағаздар рыногын дамыту мәселесі жалпымемлекеттік деңгейде шешіліп жатыр.

Соңында жалры тақырып бойынша тақырып бойынша қорытынды шығарылады. Диплом жұмысы үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалардан құралады.

Бірінші тарауда жалры бағалы қағаздар нарығының даму мәселесінің теориялық негіздері, жалпы бағалы қағаздардың экономикадағы ролі маңызы туралы деректер қарастырылып, оларға сипаттама жасау.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейіне сипаттама беріліп, үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жетілдіру және даму бағыттарын қарастырады.

I тарау. Бағалы қағаздардың экономикадағы рөлі және маңызы.

  1. Бағалы қағаздар және олардың түрлері.

Бағалы қағаз қаржылық құжат болып саналады, бұл құжатты шығарушы тұлғамен оның иесі арасындағы иелік ету немесе қарыз алу қатынастарына куәлік ететін құжат. Вексельдер, чектер, акциялар, облигациялар, кепілдеме қағаздары - бағалы қағаздар - қаржылық құжаттардың түрлері. Бағалы қағаздар процент немесе процент төлемдерін алуды және бұл құжаттарда көрсетілген қаржылық құқықтардыбасқа тұлғаларға беруді көздейді. Бағалы қағаздардың ішінде ең көп тараған түрлері - акциялар мен облигациялар.

Акция - бағалы қағаз, акционерлік қоғам капиталына қосқан үлесіне берілген куәлік, қаржылық құжат. Бұл құжат иесіне - дивиденд деп аталатын белгілі табыс мөлшерін алу; компания таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу; фирманың өндірістік - қаржы жағдайын тексеру; қосымша шығарылған акцияларды бірінші кезекте сатып алу құқықтарын береді.

Артықшылық берілген акциялар бойынша дивиденд тұрақты төленеді. Дивиденд алдымен артықшылығы бар акцияларға төленеді, ал адам қалған сома қарапайым акция ұстаушыларға бөлінеді. Бірақ артықшылығы бар акцияларды ұстаушылардың қоғамның ісіне араласу, шешім қабылғанда дауыс беру құқығы жоқ. Тек қарапайым акция ұстаушылардың шешім қабылдағанда дауыс беру құқығы бар.

Акция ұсталушыға арналған акция және атаулы акция болып бөлінеді. Ұсталушыға арналған акция тіркеуді қажет етпейді, олар еркін түрде сатылады.

Акциялардың пайда болуы меншіктік корпоративті формасының қалыптасуына байланысты бұл меншік формасы ауқымының және оған Қажетті қаржының күрт өсуіне байланысты пайда болған. Өте ауқымды да ірі жобаларды іске асыру үшін жеке кәсіпкердің қаражат қоры жеткіліксіз болады. Ол үшін көптеген жекелеген қаржыларды жұмылдырып жұмсау қажет. Соның нәтижесінде акционерлік капитал және меншіктің корпоративтік түрі қалыптасады. Кәсіп орнының акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылған түрі қосымша инвестициялар тарту мүмкіншілігін артырады, ал инвесторлар үшін өндіріске капитал қауіпсіз болады (43) .

Акция сияқты облигациялардың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның наминалына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.

Вексель-қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемделушіге береді. Вексельдің мәні-несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

Қорыта айтқанда, банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп, бір жағынан оларды айналым жылдамдығын шапшандатса, екінші жағынан өздеірне пайда түсіреді.

Қаржы өндіріске тікелей салынғандай, оның қарапайым мерзімі ұзақ, ал инвистиуиялау тәуелділігі жоғары болады. Инвестицияның акционерлік формасы бұл мәселені түбегейлі шешеді. Біріншіден, акциянв кез икелген уақыт сатып, жұмсалған ұаржыны қайтарып алуға болыды. Екіншіден, жалпы жауапкершілік көптеген инвесторлар арасында бөлінеді. Сондықтан әр - бір жеке инвестордың жауапкершілігі шектеледі және тәуекелдігі азаяды. Сонымен бірге, кәсіпорындағы жиналған өндіріс ресурстары сақталып қала береді. Егер акционерлер акционерлік капиталдағы өз үлесін қайтарып алғысы келсе, оны ол ақша түрінде алады, өндіріс процессі бұзылмайды.

Акция акционерлік қоғамды басқару құқығын береді. Бірақ, іс жүзінже акционерлік қоғамды ірі акционерлер басқарады, салар ғана кәсіпорынныңң нақты активтеріне иелік етеді. Ұзақ акционерлік үшін акция шешу қаржыны несиеге беру және одан белгілі мөлшерде тадыс алумен шектеледі. Олардың акционерлік капиталдағы үлесі іс жүзінде қабылданған шешімге ықпал жасай алмайды. Көп жағдайда ұсақ акционерлер өздерінің дауыс беру құқығын сенімдік негізінде басқару кеңесіне тапсырады, осңғы кездері Қазақстанада да меншіктің акционерлік түрі қалыптасуда. Осыған байланысты акцияға иелік ету адамдардың, ұжым мүшелерінің шаруашылық белсенділігін арттырады деген пікір көп айтылып жүр. Батыс елдерінің тәжәрбиесіне зер салсақ, бағалы қағаздарға иелік ету адамдардың экономикаға белсенділіген арттырса да, олардың шаруашылық белсенділігіне тікелей әсер ете бермейді. Құныды қағаздың тағы бір маңызды түрі - облигациялар. Олар тұрақты жерде табыс алу құжатын береді, бірақ меншік құқығын анықтамайды. Облигация шектеулі мерзімі соң облигацияның құны толық төленеді. Облигацияны үкімет, кәсіпорындар, әртүллі қорлар және басқа да қаржы - бюджет ұйымдары шығарыды. Облигация бойынша табыс «купондық төлем» деп аталады.

Құрамы нөлге тең облигацияларда да болады. Бұл облигацияларға айналымға шығарғанда номиналынан төмен бағамен сатылады, мерзімі келгенде номиналына сәйкес қайтарып алады.

Жекешелендіруі және акционерлендіруі шешуші рөл атқарады. Қысқа мерзім ішінде жалпы ұлттық шаруалылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінеді. Осының нәтижесінде 2003-2004 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік комерциялық банктің акциялары тіркелді. Бұл жылдары эмисияның жалпы сомасы 110 миллиард сом құрады. Қазақстанның қаржы нарығы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарыды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкіметтіктері Қазақстанның ұлттық банкіне берілді (47) .

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағапздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсекнді бола түсті.

2003 жылы шешілген «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттілігінен тұрады. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» заң қабылданнан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып отырған бағаны қарыздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отырады.

1. 2 Бағалы қағаздар нарығы оның мәні және негізгі белгілері

Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты қамтыды. Оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

-бастапқы рынок;

-мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) нарығы: бастапқы орналастыру нарығы;

-сатып алу - сату секторы.

-корпарациялық облигациялар нарығы;

-акциялар нарығы.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жасалатын репо - операциялар нарығы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы: МБҚ - ны сатып алу сату секторы;

МБҚ - мен жасалатын репо - операциялар секторы.

Қайталама рыног:

Қор бирждасы

Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.

Басқадай сауда - саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар - иеленушілерге мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауардай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүмліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міңдетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәләндіратын белгілі бір жазбалар мен басқада белгілердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесенақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар белгілі ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуына мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді. Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісім шарттарға негілделеді. Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай -ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған төл онда жұмысты ұйымдастырумен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табыады, өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы топ олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қарызсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаз нарығының дамуы бағалы қағаздың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

1. 3 Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу

Дүние жүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік бағыттағы рыноктық экономиканың ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығының болуының мәні зор. Бағалы қағаздар нарығы - жалпы мемлекеттік инвестициялық саясатпен байланысқан индустрия. Ол тиімді, максималды әрі жедел пайдалануы мақсатында инвестициялық ресурстардың бөлінуін, сонымен қатар оның экономиканың келешекті салаларында шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар нарығының мәні өндірістің құлдыруына жол бермеуде және қаржы жүйесінің сауықтандыруында маңызды мағынаға ие. Бұл рыноктың дамыған сатысында қоғамдық өндірістің тиімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика жүзеге асады. Қоғамдық өндіріс көбіне қоғамдық сұранысқа сәйкес келеді.

Бағалы қағаздар нарығы нақты меншік иелері ретінде заңды және жеке тұлғалардың белсенділігін арттыруға жасайды. әлеуметтік бағыттағы рыноктың экономика жағдайында ел тұрғындарының әлеуметтік - экономикалық жағдайы басты мәселе. Бағалы қағаздарды шығарушы өндірісін кеңейтуге мүмкіндік беретін қосымша ресурстары боллғанда ғана пайда табады. өндірістің кеңейюі нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болады, бұл өз кезегінде экономиканың жоғарлауына және көрсетілген қызмет аймағының кеңейтуіне әкеледі, ал бұл қайтадан жаңа жұмыс орындарының және экономикалық ресурстардың пайда болуын туғызады (48) .

Бағалы қағаздар мемлекеттік және өндірістік тапсырыстарды шешу мақсатында, сонымен қатар шығңындарын жабу мақсатында ресурстарды тарту үшін мемлекеттік және жеке ұйымдар арқылы шығарылады. Бағалы қағаздар нарығының эмиссиясы нәтижесінде алынған қаражаттардың эмитентпен тиімді пайдаланылуы, оның шығарған бағалы қағаздарын сатып алған адамдар үшін тиімді болады.

Жаңадан шығарылған бағалы қағаздар бірінші немесе бастапқы рынокта айтылады. Акциялар мен облигациялар бірінші рынокта сатылғанда эмитент өіне қажетті қаржы рерустарын алады да, бағалы қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы бағалы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Бағалы қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы рынокта тиімді қызмет атқарады. Қайталама рынок механизмі, немесе бағалы қағаздарды кез келген сатып өткізу мүмкіншілігі инвестолрлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толық жұмылдыруда өз себебін тигізеді.

Қайта сату нарығында бағалы қағаздардың биржалық айналымы жіне биржадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.

Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелуі борлады. Биржада тіркелуі үшін компания оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.

Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларды өтімді етуге, оны өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге ұмтылады. Егер компания биржада тіркелген болса, онда бұл компанияның акциясы биржалық бағамдама алғанын енмесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Кампанияның биржада тіркелуі осы комапнияның қалыптасқан рынокта өз орнын көрсетеді.

Биржаның негізгің белгілері төмендегідей:

  • тұрақты және ұйымдастырылған түрде қызмет атқарады;
  • сауда келісімдері тауарсыз жүргізеді;
  • іскерлік келісімдер бірін бірі алмастырады, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Бағалы қағаздар нарығынның өркениетті нарығын қалыптастыруда және дамытуда бірқатар ұйымдастырушы - экономикалық мәселелер маңызды. Бәрінен бұл инвестор қаражаттарды салуына негізделген таңдау жасауға мүмкіндік беретін ақпараттардың толықтай ашылуын білдіретін бағалы қағаздар нарығының бірінші нарығына өркениетті келбет беру. Бұған бірінші рынокта болып жатқан жағдайлардың барлығы бағындырылуы керек. Бағалы қағаздар эмиссиясының тіркелу үшін құжаттардың дайындалуы, оның тіркелуі, эмиссия жобасының жариялануы, Бағалы қағаздар нарығынның орналастырылуы және жазылыс нәтижелерінің мемлекеттік органдар тарапынан реттелуі, бақылауы мемлкетпен жүргізілген, сондықтан бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:

  1. Мемлекет бағалы қағаздар нарығын реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
  • акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
  • биржаның қызметтін және бағалы қағаздармен жүргізетін операциялар түрлерін анықтайды.
  1. Мемлекеттік мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.
  2. Ұлттық банктің ақша - несие саясаты арқылы бағалы қағаздар нарығында ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыныгында жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Ұлттық банк қазыналық міндеттемелерді сатады және қайта сатып алады. Бағалы қағаздардың бұл түрін комерциялық банкілерден басқа ірі фирмалар, зейнет ақы қорлары, сақтандыру компаниялары сатып алады. Облигацияды сатып алғанда олар көбіне чек түрінде төлейді ұлттық банк бұл чектерді төлеуге комерциялық банкіге ұсынады, сондықтан олардың төлем қорлары белгілі сомаға қысқарады. Бұл облигациларды Ұлттық банк сатып алғанда коммерциялық банктердің резервтері өседі. Нақты экономикалық жағжайға байланысты мемлекеттік қеғаздар сатылады немесе сатып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда банк ашық рынокқа шығып мемлекеттік қағаздарды көптеп сатып алады және сонымен бірге резервтерін арттырады. Бұл өз кезегінде ақшаны арзандатады, несие алу жеңілдейді, іскерлік белсенді лігі артады, инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік
Мемлекеттік бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Қор нарықтардың экономикалық мәні және оларды нарықтық экономикалық қатынастарда мемлететтік реттеу маңыздылығы
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Бағалы қағаздар нарығы және оның экономикада қалыптасуы
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz