ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БАҒА ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Баға және бағақалыптастыру
1. 2 Бағаның экономикадағы функциялары
1. 3 Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
2 БАҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасының нарықтағы баға қалыптастыру
жағдайына талдау
2. 2 Қазақстан Республикасының баға саясатына талдау
2. 3 Қазақстан Республикасының бағаны реттеу мен бақылау
қызметіне талдау
3 ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ
МЕХАНИЗМДЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қаржы нарығындағы ақша-кредит саясатын дамыту
3. 1 Бағаны реттеудің шетелдік тәжірибесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен дамуында мемлекеттің ақша-несие саясаты мен банктік қызметі ең негізгі экономикалық құрылымдардың бірі болуда. Егер бұрын Қазақстанда экономиканы қаржылық реттеу мен банктік қызмет дамудың төмен деңгейінде болған болса, қазірде ғылым ретінде де және мемлекеттің нақты тәжірибесінде де өте жылдам үдеріспен дамуда.
Алайда, 2007-2008 жылғы ел экономикасының қаржылық дағдарыстан, жеке таурларға деген бағаның тұрақсыздығынан, тағы басқа қаржылық зардап шегуінен экономиканы реттеуде мемлекеттік тиімді қаржылық жүйесін жетілдіру қажеттілігін көреміз.
Ел экономикасында отандық қоры мол және адамның бірінші қажеттілігін қанағаттандыратын азық-түлік соның ішінде ұн өнімдері, тұз тағы басқа өнімдердің бағасының шектен тыс өсуі мемлекеттің қаржылық механизмінің дамудан әлде қайда алыс жатқанын көрсетті және халықтың әлеуметтік наразылығын тудырды.
Мемлекеттің бағаны реттеудегі ақша-несие саясатының негізгі міндеті - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру, республиканың тауар нарықтарында еркін және адал бәсекені дамыту, нарықтарды монополияландыру дәрежесін төмендету, бәсеке үшін тең жағдай жасау, табиғи монополиялар салаларын қысқарту, реттелетін тауарларға бағаны қалыптастыру тетігінің айқындылығын қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйе келе жұмыстың тақырыбының әдістемелік және тәжірибелік жағынан ел экономикасының дамуында өте өзекті болып табылатындығын көреміз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының бағаны реттеудегі қаржылық механизмін және елдің монополияға қарсы саясатын басқару, реттеу, реформалау қызметтерін талдау болып табылады.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының экономикасындағы баға және оның қалыптасу жағдайы және мемлекеттің ел экономикасын реттеудегі қаржылық саясаты болып саналады.
Жұмыстың бірінші тарауында баға және оның қалыптасуының мәні, теорялық алғышарттары, бағаны мемлекеттік реттеудің әдістері мен формалары жазылды.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының экономикасындағы баға және бағақалыптасу жағдайына нақты мәліметтер негізінде талдаулар жасалынды. Сонымен қатар ақша-несие, монполияға қарсы саясаты және валютаны ырықтандыру бағыттары, мемлекеттің салық-бюджет саясаты талданды.
Жұмыстың үшінші тарауында Қазақстан Ресмпубликасының экономиканы реттеудегі ақша-несие саясатын жетілдіру жолдары ұсынылды және елдің маңызды салаларындағы болашақ бағаның деңгейіне болжаулар келтірілді, баға қалыптастырудың шетелдік тәжірибелері қарастырылды.
Жұмыста отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттері, Ұлттық Банктің, тәуелсіз қаржылық талдау институттарының мәліметтері, Қазақстан Республикасының заңдық актілер мен құжаттары пайдаланылды.
1 БАҒА ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Баға және бағақалыптастыру
Бағалар және баға қалыптастыру нарыктьқ экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің 6ipi.
Баға тауарлық-ақшалай катынастардың барлығына қатысты болып табылады.
Баға - сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте керсетілген тауар құндылығы оньң бағасынан жоғары болғанда сатып алады.
Сатушы үшін баға енбек үшін, оньң пайдасыньң шамасына, өмір сүру қабілетіне әсер ететтін сыйақы болып табылады. Ол өндірic құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әcepiн тигізеді.
Нарықтық экономика жағдайында бағалар экономиканы реттегіш функцияларын атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар кешені, экономиканың дамуының зандылықгары мен тауар нарығының конъюнктурасы шоғырлануы керек.
Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады
Нарықтық тұрпаттағы экономикада бағақалыптастырудың теориялық сауалдарына жүйелендірілген тәсілдеме А. Смиттің алғашқы іргелік зерттеулерімен байланысты, ол өз ретінде Д. Рикардо, Дж. С. Милль, К. Маркстың классикалық зерттемелерінде және А. Маршалл, У. Джевонс, Дж. Робинсон, П. Самуэльсон сияқты еңбектік емес теория өкілдерінің еңбектерінде дамушылық сипатта жалғасын тагқан.
Осы зерттеулер нәтижесінде бағақалыптастырудың көрнекті теориялық базасы жеткілікті түрде құрыла отырып, бағақалыптастырудың трырнамалық қағидаларының сан түрлі мәнділігіндегі сқіатында болды. Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:
- шығындық, оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар (тұрақты және ауыспалы) есебі жатыр;
- нарықтық (құндылық), оның негізінде тұтынушылық мінез -құлық пен сұраныс жатыр.
Бағақалыптастырудағы шығындық бағыт негізінде А. Смит, Д. Рикардо, Дж. С. Милль және К. Маркстың еңбектерінде дамыған құнның еңбектік теориясы жатыр. Осы теорияға сәйкес, өндіріс көлемі өзгергенде қоса өзгеретін шығындар өзгермелі болып жіктеледі, ал өндіріс көлемі ауытқуында өзгермейтін шығындар тұрақты шығындарға жатады.
Бағақалыптастырудың негізгі критерийі ретінде еңбектің өзгермелі шығындарын ен бірінші болып А. Смит қарастырған. Осы ойында А. Смит тауар бағасының қалыптасуының негізі деп жүмыс күшін санағансонымен қақр тауар бағасының құрылымын үш негізгі бөлікке жіктеген: рента, еңбекақы және пайда.
Д. Рикардоның түсіндірмесінде А. Смиттің бағалық тәсілдемесі күрделі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Ол А. Смиттің әдістемелік тәсілдерін қолдана отырып жиынтық шығындарды еңбектің өзгермелі шығындарымен сипаттайды. Рикардо қосымша құн қағидасымен айқындалатын, еңбектің мультипликативтік шығындық категориясын әзірлеген.
Дж. С. Милль бағақалыптастыру саласында, баға және құнға әсер етуші факторлар ретінде сұраныс пен ұсынысқа жүргізген өзінің пионерлік (алғашқы) зерттеуімен ерекшеленді. Милльдің негізгі, басты ойпікірі бойынша құн - сұраныс пен ұсыныстың нәтижесі. Осы ойына байланысты ол, теориялық деңгейде баға теориясындағы маржиналдық бағыттың басымдылық сипатын танытады.
К. Маркс өзінің баға моделін құрастырғанда, негізгі шығындық тұрғыда бағақалыптастырудың шығындық базасын ретгейді: шикізаттар мен материалдарға, жұмыс күшіне және амортизацияға шығындар.
Маркс тәсілдемесінде қағидалы жаңалық ретінде, бағақалыптастырудың негізгі критериясы сипатында қогамгақажетті еңбектік шығындар категориясын қолдануды жатқызамыз. Маркста бағақалыптастыру процедурасы нақты айқындалған әкімшіліктік сипатты иемдене отырып, төмендегі операциялардан құралады:
- тауарларда қоғамдық қажеттіліктерді айқындау;
- қоғамдық қажеттіліктің белгілі бір деңгейіне жауап беретін, тауар ұсынысын орталықгандыру жолымен қоғамдық өндірісте пропорционалдылықты бекіту;
- еңбектің нормативті шығындар базасында тауардың бағасын калькуляциялау.
Осындай жолмен, шығындық тәсілдемеге сәйкес, тауар өзінде құн мен бағаны иемденеді.
Құн - тауарда қамтылған негізінен еңбек интенсивтілігі мен ептілігі арқылы сипатталатын еңбектің қоғамдық пайдалы шығыны. Кезкелген тауар еңбек нәтижесі, бұл барлық тауарларды сапалы біркелкі, салыстырмалы және өлшемді етеді. Баға тауардың ақшалай құндық көрсеткіші бола отырып, сан түрлі факгорлар есебінен өз құнынан ауытқып отыруы мүмкін. Құнның еңбектік теориясы шегінде құнның қалыптасуы негізінен өндірістік салаға тән. Сәйкесінше бағаның шығындық базасы негізінен өндірістік сипатқа ие болады. Бағаның қалыптасуының осы қағидасы кеңестік үкшет кезеңіндеп әкімшілік-командалық экономикаға тән және кеңестік болмыста үстемдік құрған.
Бағақалыптастырудың нарықтьң тәсілін анықтаушы - құнның еңбектік емес теориясына қатысты жағдай басқаша қалыптасты.
Бұл тәсіл тауар бағасын өндірістік ресурстарды дұрыс пайдаланудағы ақшалай шығындардың сомасымен түсіндірледі. Бүл жағдайда тауардың нарықтық бағасы өндіруші шығындарынан емес, сатып алушының осы шығындардың пайдалылығын бағалауына байланысты. Осы сәтте баға құндық мөлшерден тыс дербес болып табылады, және оны анықгау үшін өндіруші шығындарына қарағанда сатып алушының берген бағалауьт өте маңызды.
Баға теориясын әзірлеп, өңдеуде А. Маршалл маңызды роль атқарады. Маршалдың ойпікірі бойынша құн, экономиканың барлық құрылымдарында және секторларында тепетеңдікке жетудің тек сирек жағдайында ғана, баға ара қатынасын анықгайды және осы ойын дәлелдеген. Маршалл жетілген бәсеке жағдайында сұраныс пен ұсыныс қатынасының тауар бағасын қалыптастыруға әсер етуінің қарапайым механизмін бекітті.
Маршалл бағаны талдауда уақыт факторын ескеру қажеттілігін атап көрсеткен, талдау негізінде қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді тәсіл қолдануына байланысты баға және өндіріс шығындары арасында болатын әртүрлі байланыстарды айқындаған. Маршалл баға бойынша ұсыныс және сұраныс икемділігі туралы ойпікігші алғашқы болып айтқан.
Құндъқ тәсіл өзінің дамуын пайдалылық теориясында иемденді. Тұтынушылық мінезқұлық пен сұранымның маңызды қағидасы болып, тұтынатын игілік пайдалылығының белгілі шкаласын құратын, оның жеке талғамы мен қалауының есепке алынуы саналады. Одан басқа, тұтынушы өзінің сатьтп алушылық қабілеттілігін ескереді. Осыған байланысты тұтынушының барлық ісәрекеті тауардың белгілі пайдалылығына сәйкес өз өз басынан ала алатын пайдалылық максимизациясына бағытталған. Бұл теорияның авторлары - У. Джевонс, К. Менгер, Л. Вальрас, В. Паретто және И. Фишер.
Нарықтық тәсілдің шығындық тәсілден түпкі ерекшелігі келесіде: баға қалыптастырудың нақты үдерісі мүнда өндіріс саласында емес, кәсіпорында емес, өнімді өткізу саласында өтеді, яғни сұраным мен ұсыным, тауарлық ақшалай қатынастардың әсерінен қалыптасатын нарықта. Тауар бағасы және оның құндылығы нарықта тексерістен өткізіліп барып, қалыптасады. Бірақ шығындық та, құндық та тәсіл кез келген экономикалық жүйе шартында өндіріске және тауар өткізіліміне байланысты шығындардың анықталуы объективті қажеттілік болғандықтан жеткілікті шамада бірдей қызмет етуге құқығы бар. Нарықтық қатынастар шартында шығындардың қалыптасу үдерісі нарықтық баға базасында өтеді және де сатудан түскен табыстар есебінен тауарды өткізу және өндіріс үдерістерін жүзеге асырумен байланысты барлық шығындардың өтеуін талап етеді.
Сондықтан да бағақалыптастыру механизмі оның динамикасы арқылы айқындалуының орынды екенін ескерген жөн. Бағалар динамикасы 2 маңызды факторлар әсерінен қалыптасады: стратегиялыц және тактикальқ.
Стратегиялық фактордың мәнділігі бағалардың тауарлар құнының негізінде қалыптасуында жатыр. Бағалар құнның айналасында тұрақты түрде ауытқып отырады. Стратегиялық фактор - ұзақ мерзімді, перспективті ісәрекеттер факторы. Ол ең тиімді жағдайларға қазіргі заманғы техникасы мен технологиясы бар, еңбектік ұйымдардың алдыңғы қатарлы әдістерін қолданатын фирмалар мен кәсіпорындарды тиесілі етеді. Кімде өндіріске жеке шығындары төмен болса, сол ең көп олжаны (ұтысты) игереді.
Тактикалық фактор келесі сипатта байқалады: нақты тауарға бағалар нарық конъюнктурасы әсерінен қалыптасады. Бүл фактор жиі өзгеруі мүмкін (құн, сағат бойынша), өйткені конъюнктуралық өзгерістер динамикасы өте жоғары. Тактикалық фактор конъюнктуралық өзгерісті шүғыл түрде пайдалана алатын фирмалар мен кәсіпорындарға жағымды жағдай тудырады.
Бірақ ең көп олжаны нарықта стратегиялық та, тактикалық та факторларды пайдалану мүмкіншілігі бар фирмалар мен кәсіпорындар иемденеді.
1. 2 Бағаның экономикадағы функциялары
Баға - күрделі және күшті (мығым) экономикалық категория. Онда жалпы қоғамның, экономика дамуының барлық негізгі мәселелері қамтылған және түрлене айқындалған. Бұл тауарды өткізу мен өндіруге, оның құнын қалыптастыруға, үлттық табыс пен жиынтық ішкі өнімді құруға және оны пайдалану мен үлестіруге тиесілі.
Баға көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуге белсенді түрде қатыса алады, сондықтан да мемлекет және нарықтың әртүрлі субъектілері өз әрекеттерінде бағаның барлық қасиеттерін пайдаланып, ескереді. Бағаның ролі, оның микро және макродеңгейдегі алатын орны оның функциялары арқылы сипатталады.
Функция - экономикалық категорияның терең ішкі мәнінің нақты шындықта айқындылуын іске асырушы тәсілі. Баға функциясы оның ішкі мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады. Баға функциясын оған тән экономикалық категориядағы жалпы қасиеттер жиынтығы сипаттайды. Баға функцияларына әрбір нақты бағаға тән сипаттарды тиесілі етеміз.
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті үтпымды орналастпыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Әртүрлі тауарлар бағасын салыстыра отырып, оларды арзан және қымбат деп бөле отырып, әртүрлі тауарлар құндылығының ара қатынасы турасында бағалауға болады. Әртүрлі тауарлардың құндылығын салыстыруда баға қайта өлшегіштік функциясын атқарады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғам үшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға үрынды ратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші, материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын анықтайды.
Соңында баға тауар айналымы мен өндірістің жиынтық шығындарының мөлшерін ғана емес, сонымен қатар, пайда мөлшерін де көрсетеді.
Бірақ нарықтық факторлар әсерінен баға шығындардан едәуір ауытқуы мүмкін. Өндірушінің мүддесі максималды пайда алу, ал сатып алушы тауардың минималды бағасына ұмтылады. Бәсекелік жағдайды ұстап түру үшін тауар өндіруші өзінің шығындарын әрқашанда бақылауы керек, оларды бәсекелестер шығындарымен салыстыра отырып, өз шығындарын азайтуға және өндіретін өнім сапасын жақсартуға ниет танытуы қажет.
Жұмсалған шығындардың орындылығының танылуы, нарықта сатып алушы мен сатушы арасындағы тікелей қатынаста анықталады.
Шығындар есебінің жалпы негізін қалаушы қағидасы, кәсіпорында қолданылатын шығындар есебінің қағидалары мен тәсілдері оның ұйымдық және басқару құрылымына, шығарылатын тауарлар номенклатурасына, өндіріс технологиясы және нарықпен байланысы формаларына сәйкес болу керек.
Өлшеу, қайта өлшеу және есептік функцияларды атқара отырып баға барлық құндық көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, жоспарлау, болжау және талдау құралы, ақпаратты маңызды тасымалдаушы болып табылады.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және түтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра үсыным мен сүранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сүраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сүраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бүл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сүраныс үлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.
Әрбір тауар бойынша баға оның өндіріліп, шығарылуын қысқарту (егер де сүраным төмендесе), не өндірісті көбейту (егерде сұраным жоғары болса) қажет екенін көрсетеді. Үсынылатын тауарлардың баға деңгейі пайда деңгейін анықтайды. Қанағаттанарлықсыз бағалар немесе олардың төмендету тенденциясы кезінде ресурстардың колданылуына қатысты қайта бағдарлар әзілеп, тауарларды сату мен өндіру көлемін және технологияны ауыстыру керек.
Нарықтық құрылымдардың қалыптасуы мен бәсекенің даму кезеңінде, сұраным мен үсыным арасында баланстық жағдайға жету кезінде бағалардың көтерілуі тек тауар ассортиментін кеңейту және сапаның жақсартылуымен шартталынуы қажет. Нарыктық қатынастар дамуында бағаның бұл функциясының ролі күшейеді және тауарларға бағақалыптастыруда басты негізде болады.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.
Баға өндірушіге ынталандырушылық әсерді, құрамындағы пайданың үлесі арқылы тигізеді. Оның деңгейі, нарықтық бағақалыптастыру шаруашылықтық шешімдерді альтернативті түрде таңдауы үшін мүмкіншілік қалыптастыратындықтан, өндірістің неғұрлым үнемдірек әдісін және ресурстардың толығырақ қолдануына қатысты ынта тудырады. Мысалы, өндіріс факторларын, өндірілетін өнім және өткізу нарығын тандау бойынша баламалар (альтернативалар) .
Бағалар жүйесі арқылы өндіріс көлемін үлғайтуды, тауардың сапалық параметрлерін жақсартуды, айналым уақытын қысқартуды, үтымды емес тасымалдауды азайтуды, көлік құралдарын тиімді пайдалану ынталандырылады.
Өндірушіні ынталандыру негізгі бағадан үстеме және, бағадағы пайда үлесін көбейту жолымен жүзеге асады. Өндірушіге өз тауарын тиімді сатуға мүмкіндік беретін нарықтық бағаға ынталандырушы функция ие болады.
Ынталандырушы функция минималды баға арқылы алғашқы қажеттіліктегі тауарларды тұтыну үшін жағымды жағдай туғызу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен роль ойнайды.
Баға тұтынуға бөлшек сауда баға деңгейі арқылы ынталандыруға мүмкіндік береді немесе оның құрамына енетін жанама салықтар арқылы керісінше тұтынуға кедергі келтіреді.
Осындай жолмен, ынталандыру функциясы, баға жүйесі арқылы жалпы қоғамда және үдайы өндірістің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін іске асыруды танытады.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіру және қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Баға көмегімен табыстардың қайта үлестірілуі баға деңгейі, оның құрылымы, жанама салықтарды енгізу (енгізбеу), олардың өндіруші және өңдеуші салаларының сан түрлі өнімдеріне, ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өнімдерге қойылатын ставкасының деңгейіне, сонымен бірге әр түрлі тұтынушылар үшін баға деңгейінің әр түрлі жүйесін бекіту арқылы іс жүзіне асады.
Бағаның үлестіруші функциясын өткізу әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік етеді. Жайлылық заттарына жоғары бөлшек саудалық баға орнату әлеуметтік қорларға бюджет көмегімен ақшалай табыстарды қайта үлестіруге мүмкіндік береді.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы. Бұл функция келесідей сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екішпі секторына және ең жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы. Капиталдарды қайта үлестіру сұраныс және ұсыныс заңңарымен, бәсеке әсерінен жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай түріне, экономиканың қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес шешеді. Бұл жағдайға терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.
Бағалардың барлық функциялары өзара байланысты, өзара әрекетті, ал кей сәтте олардың арасында қарамақайшылық пайда болады. Функционалды бағалық қарымқатынастарды өткізу қиын және көп түрлілігімен ерекшелінеді, сонымен қатар, тұрақты түрде кәсіпорынның маркетингтік қызметінің зерттеу объектісі болуы қажет.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік нормативтері тек монополистік кәсіпорындар өнімдеріне бекітілуі мүмкін. Басқа жағдайларда пайданың мөлшері тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі нәтижесінде нарықта қалыптасады, және ол көптеген конъюктуралық факторлардан, шаруашылық операцияның жүргізу уақытынан, шығындар құрылымының әсерінен өзгеруі мүмкін.
Әдетте, жасалған мәміленің көлемі ұлғайған сайын, оның құрамындағы пайда үлесі аз болады. Ғылым саласында шығындардың негізгі бөлігін еңбектік шығындар құрағандықтан, оған ең төменгі рентабельділік деңгейі салынады. Сауда саласы материалдық қорларды құру қажеттілігімен байланысты болғандықтан, оның рентабельділік деңгейі жоғарырақ болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық шығындар, еңбек және тозу шығындары және т. б. болғандықтан, оған рентабельділіктің ең жоғарғы деңгейі сәйкес келеді.
1. 3 Бағаны мемлекеттік реттеудің формалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz