Бала психикасындағы ауытқулар және оның алдын алу шаралары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Бала психикасындағы ауытқулар және оның алдын алу шаралары”

Жоспар

Кіріспе: Кіріспе
4-7: 4-7
Кіріспе: І. Мінез-құлқында ауытқулар бар балалардың мінез-құлық ерекшеліктері, зерттелу жәйі
4-7: 8-15
Кіріспе:

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін ауытқулар

түрлері

4-7: 16-20
Кіріспе: 1. 2 Мінез-құлықтың бұзылу немесе әлеуметтік дезадаптация синдромы
4-7: 20-30
Кіріспе:

ІІ . Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушыларды анықтау

және психотерапиялық көмек көрсету жолдары

2. 1. Мінез-құлқында ауытқулар бар балаларды диагностикалау

жұмысы

4-7: 31-40
Кіріспе: 2. 2. Отбасына байланысты қиын балалардың пайда болу себептері
4-7: 47-54
Кіріспе:

2. 3. Қоршаған ортаның, мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы

кемшіліктердің балаларға кері әсері және оларды қайта тәрбиелеу бағыттары

4-7: 55-63
Кіріспе: 2. 4. Қиын балаларға психотерапиялық көмек көрсету жолдары
4-7: 64-68
Кіріспе: Қортынды
4-7: 69-71
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
4-7: 72-73
Кіріспе: Қосымшалар
4-7:

.

Кіріспе

Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан қоғамымызды ойландыратын мәселелердің бірі- ұрпақ тәрбиесі. Соның ішінде қиын балалар мәселесі өзекті тақырыптар қатарына еніп отыр. Осыған байланысты 2002 жылдың тамыз айында ҚР “Қазақстан Республикасындағы балалар заңы жайлы “ атты Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: “Балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жол тарауы, отбасынан немесе балалардың оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы”. Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: “тәртібі нашар”, “қиын”, “тәрбиесі қиын”, т. б. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында”, - деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр.

Көптеген зерттеулер мен тексерулердің жинаған мәліметтеріне қарағанда балалардың көпшілігінде психологиясының шайқалып қиындап кетуі, сондай-ақ көңіл күйінің уақытша күйзелуі және мінез-құлқының бұзылуы айтарлықтай жиі кездесетіні мәлім.

Елдің нарықтық жағдайға көшуі негізінде адамдардың көзқарасында, сана-сезімінде құндылықтарды қайта бағалау процесі жүрді. Бұл олардың өмір жағдайына, тәртіптеріне, моральдық және адамгершілік тоқтамдарына өте үлкен әсер етті.

Біздің міндетіміз заман талабына сай жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың саналы азаматтары етіп тәрбиелеу. Жеке-даралықты қалыптастыратын тиімді әуестенушіліктің жоқтығы, бос уақыттың молдығы делинквентті мінез-құлықтың қалыптасуының негізгі шарты. Жалпы тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бірқалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың жалпы дамуында, адамгершілік дамуында, қалыптасуында ағаттықтар, педагогикалық қателіктер жіберіледі. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады.

Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттелініп жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық (М. А. Аммаскин., А. С. Белкин., Л. М. Зюбин., Д. В. Колесов., Г. П. Медведев., М. Ф. Мягков., Д. И. Фельдштейн және т. б. ) ; клиникалық (В. Г. Власова., В. Я. Гиндикин., О. В. Кербиков., В. В. Ковалев., М. З. Певзнер., Г. Е. Сухарев және т. б. ) ; криминологиялық (М. М. Бабаев., К. Е. Легошев., В. Н. Кудрявцев., Г. М. Миньковский және т. б. ) аспектіде қарастырылуда Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланы ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, И. С. Славина бұны эксперименттік түрде көрсеткен. Бастауыш мектеп оқушыларының мінез-құлқындағы қиындық мәселесімен И. П. Воронаева., И. В. Козубская., В. Г. Сенько., Е. А. Сорофян., И. П. Грушина т. б. айналысты. Балалар мен жасөспірімдердің асоциалды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс істеді. Мысалы, В. Г. Баженов., Р. А. Дебагян., А. Жұмабаев., К. А. Жүкенова., А. М. Қарабаева., Л. К. Керимов., В. П. Кривошев., Л. В. Лысенко., И. Ф. Назаров., В. А. Парфенов., В. А. Трифонов., В. П. Шевченко., Э. И. Шнибекова., Г. А. УмановҚ.

Халықтың басты өмір құндылығы “жекеше”, өзіндік құндылықтармен байланысты болды (денсаулық, отбасы, тұрғын үй, материалдық жағдай) . Рухани және мәдени құндылықтар (шығармашылық әрекет, өнер) өзінің бұрынғы маңыздылығын жойды, олар төменгі сатыға көшті. Жұмыстың, еңбектің маңызы бірден түсіп кетті, қоғамдық белсенділік ең соңғы орындарға түсіп қалды. Еңбек пен игілікті өмір сүру арасында қарама-қайшылықтар туындады. Осының барлығынан ең көп зардап шеккен жастар болды, олардың санасында өзгерістер пайда болды.

Жастар - бұл өте күрделі танымдық объект. Атап айтқанда, жастар барлық жаңашылыққа, белгісізге жақын тұрады. Кейде мұның барлығы қиратушы күш болып келеді. Жастар өз құқықтарын қорғаймыз деп, қарсылыққа тап болады. Соның негізінде олар еріксіз агрессияға, зорлық, жаман жолға түседі.

Мектеп жасындағы оқушылар біздің қоғамның әлеуметтік тобының бір бөлігін құрайды. Қазақстанның 8069 мектебінде білім алып жатқан 3 млн 200 мың балалардың денсаулық мүмкіндіктері төменгі деңгейде.

Соңғы бес жылда оқушылардың аурушаңдығы 22 % өсті. Соның ішінде:

  • жүйке жүйесінің аурулары 1, 5 есеге артты.

Өскелең ұрпақ денсаулығының жағдайы үлкен алаңдатушылық туғызуда. Балалар мен жасөспірімдер арасында психикалық және мінез-құлықтың өзгеруі аурулар көбеюде. Қазіргі таңда психикалық аурумен ауыратындардың әрбір төртіншісі - бала. Ересектерге қарағанда жасөспірімдер арасында бұл паталогияның өсу қарқыны екі есе артық.

Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми- практикалық орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың /бұзылыста/ ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде:

  • ересектер 240729, жасөспірімдер 23487, балалар 58455.

Әрбір сегізіншісі жасөспірім психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі паталогияларға ұшыраған. 15 жасқа дейінгі балаларда - 22 %, ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер - 32, 7 % болған.

Социология ғылымдарының кандидаты Д. К. Қазымбетова 2002 жылы Қазақстанда 384 мың қылмысқа бейім адамдар тергеуде тұр, олардың жартысы - маскүнемдер, 46 мыңы - нашақорлар, 86 мыңы - отбасындағы жанжалқорлар, 26 мыңы -жасы толмаған тәртіп бұзушылар деп жазады. (Қар: “Вестник КазНГУ”, 2002 ж., № 2 (9) ) . Ол қылмыстың әртүрлі салаларда өсуінің әсер ететін себептерін көрсетеді. Жасөспірімдер арасында маскүнемдік соңғы 4 жылда 2, 5 есеге өскен. Тек 2002 жылдың ішінде психиатрге 5 мыңнан астам жасөспірім есепке алынды. 14 жасқа дейінгі балаларда маскүнемдік саны соңғы 4 жылда 21 есеге өскен.

2002 жылы спирттік ішімдіктерді ішудің нәтижесінде психикалық және іс әрекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерде 610 бала тіркелген. Есірткіге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімдерде анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен.

Көп жылдық зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушылардың 96 % қасиет - өтірік айту. Олардың күнделікті жүріс-тұрыстарында кездесетін кемшіліктері қиқарлық - 67 %, қыңырлық - 28 %, менмендік, өзімшілдік - 53 %.

Соңғы жылдары 15-20 жас аралығында балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіруі. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақтық бюросының мәліметтері бойынша, дүние жүзінде 14-24 жас аралығындағы адамдарда өзін өзі өлтіру соңғы 15 жылда екі есеге өскен.

ҚР Агенттігінің статситикалық есебі бойынша, Республика бойынша өзін өзі өлтіру әрбір 100 мың халыққа 29, 9 болып отыр. 2001 жылы 4462 өзін өзі өлтіру жағдайы тіркелген, оның ішінде 10-18 жас аралығындағы жастардың 154-і “ ер балалар”, 57-сі” қыз балалар”. 10-24 жас аралығындағы жастардың 678 өздерін өздері өлтірген, ол барлық жағдайдың 15, 1 % құрайды. Егерде осындай өсім сақталатын болса, 2007 жылы психиатрға алғаш көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. Бұл дегеніміз, әрбір 5 оқушының 2-нің психикасы өзгеріске ұшырайды деген сөз. Өкінішке орай, девиантты іс әрекетке ие болушы балалар жайлы бізде мәліметтер жоқ. Бұл әрине, ауру емес, бірақ та ол біздің қоғамдағы іс әрекеттік қабылданған нормаға сәйкес емес.

Балалар мен жасөспірімдер біздің қоғамымыздың ең қорғалмаған, осал буыны. Оған мысал, девиантты іс әрекетке ие балалардың қызығушылығын қорғайтын нормативті құқықтық базаның нашарлығы бола алады.

БҰҰ-ң мәліметтеріне жүгінсек, жастардың шамамен 30% -і құқық бұзушылық әрекеттерге қатысады, ал 5-і қылмысқа барады, оларды “қауіп тудыратын топқа” жатқызады.

Жеткіншектің мінез-құлқындағы агрессивтілік басқа адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай қоғамның тұрақсыздығынан тұлғааралық, топаралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Осы орайда мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен жұмыс жүргізе отырып, олардың психикалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мен өз диплом тақырыбымды “Мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен психотерапиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері” деп алдым.

Тақырыбы : “Мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен психотерапиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері”

Зерттеу мақсаты: Мінез-құлқында ауытқулар бар балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда олардың психикалық ерекшеліктерін ескеріп, психотерапиялық көмек көрсету жолдарын белгілеу.

Зерттеу міндеттері: 1 . Мінез- құлқында ауытқулар бар балалармен психотерапиялық жұмыс жүргізу арқылы психикалық ерекшеліктерін анықтау, әдебиеттерге талдау, саралау.

2. Мінез-құлқындағы ауытқулар бар балалардың әрекеттерін ескере отырып, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін белгілеу.

3. Мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен жұмыс істегенде психологтың шеберлігінің рөлін көрсету.

Зерттеу объектісі : Мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен психотерапиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Мінез-құлқында ауытқулар бар балалармен психотерапиялық жұмыс жүргізу жолдарын анықтап, белгілеу, психотерапиялық көмек көрсету жолдары

Ғылыми болжам: Егер, мінез-құлқында ауытқулар бар балалардың психикалық ерекшеліктері анықталып және ескеріліп отырса, оларға қажетті психотерапиялық көмек көрсетілсе, онда олардың қалыпты дамып жетілуіне мүмкіндік жасауға болады.

Зерттеу әдісі: Ғылыми әдебиеттерді талдап, саралау, тест, сауалнама.

І. Мінез-құлқында ауытқулар бар балалардың мінез-құлық ерекшеліктері, зерттелу жәйі

“Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты”

Әл- Фараби

Балалардың жас шамаларының үлкен-кішілігіне қарай мінез-құлықтарындағы қылықтары да әр түрлі болады, сондықтан да әр жастағы баланың мінез-құлқындағы өзгешеліктерді алдын ала дұрыс көре білу қажет. Жастарының үлкен-кішілігіне қарай мінез-құлқындағы ерекшеліктерді білумен қатар дербестігіндегі айырмашылықтардың шараларын шамалап болса да білу қажет, өйткені балалар әдетте бір-біріне ұқсамайды. Сонымен қатар психикалық дамудың көптеген сатылары әдеттегідей әр түрлі стрессаларды (күшті әрекеттің әсерінен туатын ширығу жағдайы) және эмоциональды (сезім әрекетіне бой алдырғыш) толқуларды бастан кешірумен байланысты болатынын түсіну қажет. Бұл іс тек мұның аясында ғана шектеліп қалмайды, не ол, не бұл оқиға дамудың қай кезеңінде, қандай жағдайда, ненің себебінен болғанын айқындап алу үшін, оның қалай болғанын және қандай процестері шалдыққанын анықтау қажет.

А. С. Макаренко “Балаларды жақсы тәрбиелеу - бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу- бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар арасындағы айыбымыз десе, Жүсіпбек Аймауытұлы “ Балаларды бұзуға, түзетуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге” дейді.

Соңғы уақытта жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық жағымсыз ассоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отырады. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу психология ғылымының негізгі мәселелері.

Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік-педагогикалық әсер ететіндігін зерттеді.

Революцияға дейін педагогикалық әдебиеттерде және педагогикалық іс-тәжірибелерде жеткіншек жастағы қылмескерлерге белгілі орын бөлініп келді. Олар соттың шешімі бойынша арнайы түзету орындарында тәрбиеленетін. Ал қиын балалар жайында тіптен сөз болған жоқ, жабық тақырыптар қатарына кірді “жабулы қазан жабық күйінде қала берді”. Әрине, бұл кезде тәрбиесі қиын балалардың болмағандығы емес. Қиын балалар революцияға дейін де болды. Оларға немқұрайлы қатынас білдірді. Олар бір мектептен, екінші бір мектепке, бір интернаттан екіншісіне көшіп жүрді. Бұл балалар барлық жерден қуылатын. Ал нәтижесінде тіптен мектептен шығарылып тасталатын. Соңында қиын балалар “кішкентай қылмескерлер” қатарына қосылатын және олар жайында арнайы тәрбиемен түзету орнына бармайынша ешкім де есіне алмайтын.

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады. (Блонский П. П. ) Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.

Қиын бала … Бұл таныс та, өкінішке орай соңғы кезде жиі қолданылып келе жатқан сөздің астарында не жатыр ? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін - ол тәртіп бұзушы, мұғалім үшін - басқа оқушыларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», тәрбиеші үшін - ол өте қозғалмалы, бағынбайтын сотқар бала. Ал ата-аналары үшін ол кім болып келеді? Әрине әрбір ата-ана өз баласын қиын деп санамайды.

“Қиын балалар”, “қиын балалық шақ” туралы түсініктер өткен ғасырдың 20-шы жылдары Е. А. Аркин., П. П. Блонский., В. Н. Мясищев., Г. А. Фортунатова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қолданыла бастады.

В. Н. Мясищев өзінің “Трудные дети в массовой школе” атты еңбегінде: “Жеке педагогтың және педагогикалық ұжымның қиын баламен жұмыс әрекетінде барлық қадыр-қасиеті мен кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік туады” деген.

Қиын балалар проблемасын зерттеген педагогтардың бірі - А. С. Макаренко. Оның қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына енді. Ол балалар тәрбиесі жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз . . . Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе . . . егер сіз дөрекі немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті де жоқ. Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”, -деді.

А. С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырды. Макаренко адам мінезінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төреші-қоғамдық пікір деп тұжырымдады. Ұжым ішіндегі тәрбиеде түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандары ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күні бұрын белгіленген әңгіме шақыру, т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.

Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. «Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етеді, нені қажет етпейді, ең алдымен сіз осыны біліуңіз керек. Ол кіммен достасады, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтыннын сіз білуіңіз керек», деген А:С: Макаренко.

Қиын балалрдың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский Л:С: (1928ж. ) еңбектерінде талқыланды. Сондай-ақ Макаренко А. С. тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлес қосқан зерттеушілер қатары біршама.

Қиын балалар проблемасымен айналасуда ірі педагог В:А: Сухомлинскийдің де тәжірибесі өте бай. Оның Тиросполь қаласындағы ПАвливи мектебіндегі жүргізілген жұмыстары үлкен, тәжірибесі мол. Мұнда оқушыларға жеке қатынас жасау әдісі кеңінен қарастырылды. Кезінде В:С: Сухомлинский қиын балалар тәрбиесі жайында былай деген: «Қиын бала - бұл ата-аналардың жіберілген кемшіліктері, отбасында теріс пиғылды болуы, алдау, арбау, мейрімсіздік, адамдардаы жеккөрушілік, өз бөрыштарын өтеуде немқұрайлы таныту жағдайнда өскен гүл сияқты . . . , бұл ата-аналардың балалардың жоспарлауда, оны тәрбиелеуде адамгершілік, танымдық білімдерің, дайындықтарың аздығының нәтижесі».

Донецкідегі Тапскі арнайы мектептің оқытушысы В:Ф: Шаталовтың тәжірибесі, көптеген қиын балалар басқа балаларға қарағанда 1 жыл ішіндегі оқу жоспары бойынша 2 есе алада болатынын дәлелдеді. В. Н. Сорока РЕсинскийдің де тәжірибесі тамаша мысал бола алады, ол жалпы оқу әрекетінде қиын балалармен тәрбие процесін құра алады, олардың ақыл-ой дамуында үлкен жетістіктерге жетті. Өзінің осы тәжірибесі жайында ол «Достоевский мектебі» атты кітабында толық ашып көрсетті.

Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдаймен, тәрбиемен өзара әрекеттістігін есепке алып, кешенді құрама түрнде зерттеп, іске асырған П:П: Блонский (1936 ж) болды. Оның зертеуінің негізгі мақсаты - қиын балалрдың өмірін анықтау. П. П. Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалім қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: “Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы”. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.

Атақты физтолог И. П. Павлов “ Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады” деп тұжырымдайды.

Ресей социологы Ж. Т. Тощенко ауытқымалы іс-әрекеттің себебі экономикада жатыр деп санайды. “Жабайы капитализм” жағдайында 90-шы жылдардың ортасынан бастап Ресейде бұл себептер көрнекті және айқын бола бастады. Бұған қоса Ресейдің экономикасы криминалдық белгі алды, яғни көлеңкелі ресми экономиканы ығыстыру орын алды деген пікір бар, ал әлеуметтік теңсіздіктің көлемін бұрыңғы колониальді Африка елдерімен салыстыруға болады ( Қар: “Социология” М. : 2000 ж., 235 бет) . Егер бұрын Совет өкіметі кезінде ауытқудың себебі экономиканың тапшылығынан болса, қазіргі кезде ол экономиканың түрі өзгеріп, бұзылғанынан туып отыр. Қазіргі кезде жұмыс, орын таппаушылығы бомждар, қаңғыбастар, нашақорлар мен қылмыскерлерді тудырады. Дұрыс емес саясаттың арқасында девиация өсіп кетті. Адамдар басшыларда шаруасыздықты, ұрлықты. қулықты, сұмдықты, алдаушылықты, заңды бұзушылықты, парақорлықты көріп, билікке немқұрайлықпен қарап, олардың еңбек етіп, шынайы өмір сүруге шақыруларына назар аудармайды. Мінез-құлық жеткіншектің басқа балалармен жағымсыз қатынасындағы, мысалы, төбелес-жанжалда, ересектерге бағынбауда, жалған әрекеттерде агрессиялық сипат алады.

Жеткіншек жаста баланың ішкі және сыртқы конфликтісі күшейеді. Жоғары қобалжу күманданғыштық, түрлі қорқыныштарға бейімділік, мінез-құлықтағы қатыгездік, агрессиялық немесе цинизм сияқты ерекшеліктердің туындауына әкелуі мүмкін. Агрессиялыққа, оның темпераментінің табиғи ерекшелігі, мысалы, тез қозушылық, әсерленгіштік, эмоция күші, өзін-өзі ұстай алмау сияқты мінез-бітістер ықпал етуі мүмкін. Осы мәселелер төңірегінде шетел зерттеушілері бала агрессиясымен отбасындағы тәрбиелеу стилінің арасындағы тікелей байланысты тапқан.

Америка зерттеушілері А. Бандура мен Р. Уолтерс өз баласының агрессиялы әрекетіне аса көңіл бөлмейтін, тіпті қостауға бейім ананың баласы тағы да агрессиялы бола түсетіндігін көрсетеді. Өте қатал жазаланған бала да жоғарға агрессиялы мінез-құлық деңгейін көрсетеді, ата-анасынан, әсіресе, әкесінен көп таяқ жеген бала өздерін бірқалыпты ұстап, тіпті тілалғыш болады да, бірақ басқалармен, өз құрдастарымен салыстырғанда жоғарғы агрессиялықпен ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Жеке тұлғаның даралық еркшеліктері
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Психикалық дағдарыс
Жеткіншек жастағы балалардың психотропты заттарды қабылдауға әсер ететін факторлар
Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы
Еліміздегі мектеп психологиялық қызметінің дамуы
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫН БАСТАН КЕШІРУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Даралық – нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz