Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Балалар мен жасөспірімдердің өсіп дамуындағы жалпы

заңдылықтар және физиологиялық даму ерекшеліктері . . . 8

  1. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері . . . 8
  2. Дене қасиеттерін дамыту және қолайлы кезеңдері . . . 12
  3. Қимыл-қозғалыстарда үйретудің физиологиялық заңдылықтар . . . 14
  1. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш

қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану . . . 27

  1. Ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі . . . 27
  2. Дене қасиеттерін арттыруда ойындардың тигізетін әсері мен маңызы . . . 33
  3. Спорттық күресте бастапқы дайындық тобында спорттық

ойын әдістемесін қолдану ерекшеліктері . . . 44

  1. Бастапқы дайындық тобында балалар мен жасөспірімдерді еркін

күреске іріктеу және бағыттау . . . 48

  1. Бастапқы дайындық тобында мамандандырылған ойындарды қолданып жалпы және арнайы дене дайындығын арттырудағы ойын әдістемесі. . . 56Балуандардың ойындар және көпшілік шараларда жекпе-жек элементтерін қолдану . . . 56Мамандандырылған ойындарды қолдану тиімділігінің мақсаты, міндеті және зерттеу ұйымдастыру . . . 62Балалар мен жасөспірімдердің бастапқы кезеңдегі дене дайындығын арттыруда қолданатын мамандандырылған қимыл-қозғалыс ойындар:

а) Балуандардың арнайы жаттығулары;

б) Қимыл-қозғалыс ойындар . . . 66

Негізгі қорытындылар . . . 88

Қолданған әдебиеттер тізімі . . . 98

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасында мәдени, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге негізделген спорт және дене мәдениеті жан-жақты дамып келеді. Қазақстан жастарының құқығы, барлық адамдардың үзбей дене мәдениеті және спортпен айналысуы Конституцияда заңды түрде бекітілген.

1997 жылы Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын жолдады.

1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт туралы» Заңы қабылданды. . «Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағымен, 2006-2011 жылдарға дене мәдениеті және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы шықты.

Осы Заңдар мен бағдарламалардың негізгі мақсаты дене мәдениеті мен спортты өмір салтын дамытуды әлеуметті тұрғыда анықтау үшін ғылыми-зерттеу деңгейін жоғарылату қажеттілігін атап көрсету. Бұл үлгі-адамдардың дене саулығы мен дене мәдениеті және спорт дамуына мемлекет зор көңіл аударғанын көрсетуді, мақсат келешекте барлық қазақстандық дене тәрбиесі және спорт жүйесін дамыту үшін жағдай тудыру. Дене мәдениеті және спорт тарихи қоғамның даму жағдайына байланысты, адамның рухани іс-әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Сонымен қатар, жас ұрпақтың өркениетті қоғамның ерікті, өз басын, бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабылетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет [1, 2, 3, 4] .

Біздің Қазақстан Республикамызда әлеуметтік экологиялық, экономикалық факторларға және қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты балалар мен жастардың денсаулықтарының нашарлауы жылдан жылға көбеюде.

Осы мәселе туралы еліміздің ғалымдарының мақалалары жарық көрді. Оларға (А. Қ. Құлнаназаров, Л. И. Орехов, 1997 ж; Г. Т. Қасымова, 1998; А. Буркашов, С. И. Қасымбекова, 1998; Л. И. Орехов, С. И. Қасымбекова, 2002; А. В. Ахаев, Е. Л. Караева, 2003; М. А. Ким, 2004) джатқызуға болады. [5, 6] .

Қазіргі таңдағы ғалымдар Қ. И. Адамбеков [7] А. О. Аяшев [8] З. И. Кузнецов [9] М. Б. Сапарбаев [10] Б. А. Гейну [11] А. С. Жұманова [12] Б. У. Алимханов [13] В. Н. Платонов [14] өздерінің еңбектерінің педагогика негізі ретінде жасөспірімдердің дене тәрбиесін бақылауға арналған. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне, оқушылардың қабілетіне қарай таңдауға Н. И. Набатникова [15], Ж. Б. Қоянбаев [16], М. С. Бриль [17] ғалымдар жұмыс жасаса, ал сыныптан тыс уақыттарда оқушылардың дене тәрбиесін жоспарлау және оны ұйымдастыру жөнінде К. А. Атаев [18] Б. Ж. Биданов [19] . Мектеп жасындағы оқушылардың жеке спорт түрінен қозғалыс дағдыларын тәрбиелеуді Б. Қ. Қаражанов [20], В. Г. Филин [21], В. В. Ашмарин [22], И. Г. Пономарев [23], Л. П. Матвеев [24], Т. А. Ботагариев [25], А. Н. Хан [26] және де басқа ғалымдар қарастырған.

М. Т. Танекеев [27], Ж. М. Төлегенов [28], Б. Төтенаев [29], Е. С. Сағындықов [30], Х. Ф. Анаркулов [31], М. Б. Тұрсынов [32], Б. А. Тойлыбаев [33] сияқты ғалымдардың көп жылдық зерттеулері ұлттық қимыл-қозғалыс және спорт ойындарының өскелең ұрпақты қалыптастырудағы тәрбиелік қызметін атқару туралы сұрақтарға арналған.

Дүние құбылыстары мен амалдары бір-бірімен тығыз байланысты. Осы негізде педагог психолог ғалымдарының еңбектерін саралай келіп, қазіргі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі еркін күрес оқу-жаттығу сабағының білімділік тәрбиелік сапасын жақсартып, осы ұлттық педагогиканың озық әдістемелері мен дәстүрлері арқылы қазіргі кезде спорт мектептерінде жас балалар мен жасөспірімдерді дайындауда бағдарламалық материалдар мен жаттығулар үйрету, дамыту әдістері көбіне жас ерекшеліктерді ескермейді. Осындай жағдайдағы мамандану балалар психикасының өзіндік ерекшеліктерін бағалаумен байланысты екендігін көрсетеді.

Әдіс-тәсілдік дайындаудағы дәстүрлі тәжірибе тәсілдерін үйрене отырып біртіндеп оларды күресте қолдануға бағдарлаған және сонымен бірге жаттықтырушылар әдіс-тәсіл әрекеттерді негізгі базалық элементтерін үйретудегі аса маңызды түрлерін ескермейді (бағана, қашықтық, алға қозғалу, қапсыра құшақтау, қапсыра құшақтаудан босату, маневр жасау және тағы да басқа қарапайым әдістер) . Кейбір балуандардың өздері үйреніп жасайды.

Еркін күресте әр түрлі әдістер қолдану үшін балуандарға әр түрлі күрес әдістерін меңгеру керек, ол үшін жаттықтырушылар оқу және жаттығу жұмыстарын қамтамасыз етеді, бірақ та бұл жағдайларда балалардың әдептері өте ауыр және баяу қалыптасады.

Қалыптасқан әдістемелер бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алмайды, ал ойын әдістемесінің көмегімен бұны жасауға болады. Ойын әдісін қолдану спорттағы оқыту және жаттығуда әр түрлі спорт түрлерінде жиі кездеседі. Осы жағдайлар В. М. Игуменовтың, Г. М. Грузныхтың, И. А. Кондратскийдің жұмыстардында қорытындырылған [34, 35, 36], бірақта ол еркін күресте таралмаған.

Ғалымдардың пікірінше, жасөспірімдердің білімді және қозғалыс дағдыларын игеруі, күнделікті өмірде оларды қолдана білу, сонымен қатар дененің қиымыл қабілетінің жоғары деңгейін өз бетінше қолдана алуы, өте маңызды міндет деп есептейді.

Бұл мәселелер еркін күрес үйрету, жаттығу сабақтарын өткізудегі, әсіресе баланың тұлғалық қарымы мен ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндіктердің бірі-балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде ойын әдістемесін оқыту және жаттығуда пайдалану болып табылады.

Қимыл-қозғалыс ойындары педагогикалық жүйе мен дене тәрбиесі педагогикасында кеңінен қолданып келеді. Бірақ бұл ғылыми негізделу қазіргі кезде жеткілікті деңгейде зерттелмеген.

Қазіргі уақыттағы спорттық күресте талап етіп отырған деңгейлерінің арасында қарама-қайшылық балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығын жетілдіру педагогикалық мүмкіндіктер туғызатын қимыл-қозғалыс және ұлттық ойындарын қолдану мәселесін ұсынамыз.

Осыған орай ғалымдардың пікірінше оқушылардың қажетті білімді және қозғалыс дағдыларын игеру, күнделікті өмірде оларды қолдана білу, сонымен қатар дененің қимыл қабілетінің жоғары деңгейін өз бетінше қолдана алу, өзінің қозғалыс қабілетін көрсете білуі ең маңызды міндет деп саналады.

Сонымен жоғарыда баяндалған мәліметтердің, қаралған зерттелетін мәселелер талдамасының айтарлықтай елеулі дәрежесі айқындылады. Бірақ, жүргізілген зерттеулер негізінен балалар мен жасөспірімдердің жаттығу тәжірибесі мен ілімінің жекелей мәселелерін ашуға, жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиелеуіне, еркін күресі бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған.

Аталған өзектілігі мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның теориялық тұрғыдан зерттеп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбымен таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, ғылыми зерттеудің тақырыбы: «Еркін күресте бастапқы дайындық тобында жасөспірімдердің жалпы және арнайы дене қуатының дайындығын арттыруда ойын әдістемесін қолдану» деп аталады.

Зерттеу объектісі. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бастапқы дайындық тобының оқу-жаттығу үрдесі.

Зерттеу пәні. Бастапқы дайындық тобында оқу-жаттығу үрдесінде спорттық және ұлттың қозғалмалы ойындарын пайдалану арқылы дене қуатының дайындығын арттыру.

Зерттеу мақсаты. Бастапқы дайындық тобында ойын әдісін қолданудың тиімділігін анықтау және жасөспірімдердің дене қуаты қасиеттерін арттырудағы оқу-жаттығу үрдесі жоғары деңгейде орындауды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің болжамы. Балалар мен жасөспірімдердің еркін күрес оқу-жаттығу үрдесінде ойын әдістемесін қолданып, спортты және ұлттың қимыл-қозғалыс ойындарды пайдаланса, олардың жас ерекшелігіне сәйкес негізделген қасиеттерін тәрбиелеуге белсенді түрде әсер етуге болады.

Зерттеудің ғылыми міндеттері. Қазақстан жасөспірімдерінің спорт теориясы мен әдістеме жүйесін жетілдіру.

Зерттеулер бойынша қойылған мақсатқа жету мына міндеттердің тиімді шешімін табу арқылы іске асты:

1. Ұлттық дене мәдениеті және спорттың педагогикалық жүйесін және әлеуметтік даму негіздерін ашып көрсету;

2. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай дене тәрбиесінің ерекшеліктерін айқындау;

3. Ойындар балалар мен жасөспірімдердің денесін дамытудың маңызды құралы ретінде пайдаланудың қажеттілігін теориялық түрде негіздеу;

4. Дене тәрбие жүйесінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық әдістемесін ұсыну;

5. Еркін күрес оқу-жаттығу үрдесінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарды пайдалану жолдарын анықтау.

Жетекші идея. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бастапқы дайындық тобында дене қуаты қасиеттерін арттыруда пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі негізделсе, онда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) оқу-жаттығу үрдесінің тимділігі артады.

Зерттеудің ғылыми-теориялық тәжірибелік жаңалығы:

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінде және спорт теориясы мен әдістемесіне балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің еркін күрес бөліміне, бастапқы дайындық тобына арналған ойын әдістемесі негіздері айқындалды.

Жалпы білім беретін қазақ мектептеріндегі, балалар мен жасөспірімдер спорт меткептеріндегі оқушылардың жас еліктеріне сай дене қуаты қасиеттерін, қабілеттерін арттырып, денсаулықтарын жақсарту мақсатында бірінші рет еркін күрес жаттығу сабағының құрал-жабдықтары мен әдістерінің жаңа, тиімді жолдарын тауып, концептуалды үлгісін жасап, практикалық енгізілуінде. Аталған мәселелер бойынша іске асырылған теориялық әдістемелік жұмыстар дене тәрбиесі және спорт теориясына өз үлгісін қосты.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:

- Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу үрдесінде дене қуаты қасиеттерін арттыруда спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдаланудың тиімділігі іс-тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Зерттеу әдістері:

-ғылыми теориялық және әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдау;

-жасөспірімдердің денесінің жұмыс қабілеттілігін функционалдық және дене дайындығын, дененің даму деңгейін тәлімдік бақылау тестерін жүргізу;

-салыстырмалы байқау, педагогикалық тәжірибе жүргізу;

-зерттеу барысында алынған мәліметтерге математикалық статистикалық өңдеу жүргізу;

-арнайы сауал-сұрақ сұхбат алу. Жаттықтырушылардың еркін күресте бастапқы дайындық тобында қолданатын ойын әдістемесіне көзқарастарын анықтау үшін.

Зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең (2012-2013 жылдары) аралығында тақырыпты анықтау, зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау жүргізілді, оқу-жаттығу үрдесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды пайдалану түрлері анықталды.

Екінші кезеңде (2012-2013 жылдарында) . Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-жаттығу өткізуде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының пайдалану әдістемелік және ғылыми бағыттағы ұсыныстары дене тәрбиесі және спорт жүйесінде қолданып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану деңгейіне іс жүзінде тексеру жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2013 ж. ) Зерттеу барысында алынған мәліметтерге статистикалық өңдеу жүргізілді. Бұл өңделген тәжірибені Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқушылармен сынақ жұмыстары жүргізілді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-жаттығу сабағында тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және өңделген концептуалды үлгіні тексеру бойынша эксперимент қойылды. Осы экспериментті жүргізу қажеттілігін анықтау үшін сұрау жүргізу әдісі қолданды. Жаттықтырушылардан сауалнама алынды.

  1. Балалар мен жасөспірімдердің өсіп дамуындағы жалпы заңдылықтар және физиологиялық даму ерекшеліктері. Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуы, олардың көрсеткіштері

Қазіргі кезде адам физиологиясы туралы көптеген мәліметтер жиналды. Соның нәтижесінде физиологиялық бірнеше ғылыми бағыттар пайда болды. Солардың ішінде физиологиялық және бір тарамын құрған жас ерекшелік физиологиясы.

Болашақ оқытушылар мен тәрбиешілерді балалар мен жасөспірімдердің өсіп дамуының ерекшеліктерін негізгі заңдылықтарын, сол мағлұматтарды оқу - тәрбие жұмысында пайдаланудың қажеттілігінің маңызы өте зор. Жас балаларды дұрыс тәрбиелеу, оқыту жанұяның, оқу-тәрбие орындарының тіпті мемлекеттің парызы мен міндеті.

Кезінде данышпан жазушы М. Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Шынында, халқымызда, Отанымызды өркениетті ел қатарына жеткізетіндер - болашақ ұрпақ екенін ойдан шығармаған жөн.

И. П. Павлов тәрбие беру ілімі мен тәжірибесі үшін физиологияның үлкен маңызы бар екенін атап айтқан. Ол барлық тәрбие беру және даму заңдылықтары физилологияға негізделген деп көрсетеді. Сонда мұғалім осы айтылған заңдарды оқушылардың жастарына сай пайдаланып, оқу-тәрбие жұмыстарының бағытын дұрыс анықтауға тиіс. Балалардың жас ерекшеліктерін білу мұғалім үшін баланың жеке басының ерекшелік қасиетін дұрыс қалыптастыруға, оның күш-қуатын және ақыл-ойын дұрыс бағалай білуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Педагогика ғылымының көрнекті қайраткері және халық ағарту ісін ұйымдастырушы Н. К. Крупская былай деген: «Педагог, біріншіден, не білу тиіс, - ол адам денесінің құрылысы мен қызметін яғни, адам денесінің анатомиясы мен физиологиясын және оның дамуын. Онсыз жақсы педагог болуға, баланы дұрыс өсіріп, тәрбиелеуге мүмкін емес».

Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек басталған. Балалардың ағзасын зерттеу жалпы адам мен жануарлар ағзасын зерттеуден басталды. Ондай зерттеулер ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге келтірілді.

П. Ф. Лесгафт балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланыстылығын анықтап, баланың психологиясын, ақыл-ойын, ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.

ХІХ ғасырда енбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытуды алғаш рет дәріптей бастады. К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелері қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.

И. П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек» дейді. Оның бұл ойын П. Ф. Лесгафт тіпті де тереңдете түскен: «Педагогика биология ғылымының бір бөлімі болу керек». Бұл ғалымдардың ойымен П. П. Блонскийдің пікірі үндескендей: «атақты тәрбиелеу жүйесінің реформаторы аталған педагогтардың өзі педагогиканы тек қана психологиямен ұштастырып, баланың денесі мен антропологиялық көзқарастарды ұмытады», - деген.

Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер жүйелерінің гетерохонды түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды. П. К. Анохиннің бұл пікірі бойынша, бала ағзасының алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымдарының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен әр түрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді.

Бұлай бейімделу нәтижелері биолгиялық жүйелердің қызметінің беріктігін, мықтылығын көрсетеді. Ал мұның өзі онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі ағзаның қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкіндігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.

Биологиялық жүйелердің беріктілігін онтогенездік даму барысында бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі. Өсіп, дамып келе жатқан дененің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.

И. М. Сеченов мынандай қортынды жасаған: « Ағзаның тіршілігін қолдайтын сыртқы орта сондықтан ағзаның ғылыми анықтамасына оған әсерін тигізетін орта да кіруі тиіс. Шындығын айтқанда, табиғат пен әлеуметтік ортадан тыс адамның болуы мүмкін емес».

И. П. Павлов бұл ойды әрі дамытты: адам сыртқы ортамен тығыз байланыста болып тұратын біртұтас ағза және оның сыртқы ортамен біркелкі тәуелді жағдайы әр уақытта сақталмақ. Бала ағзасы сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына тәуелді дамиды. Орта адам денесіне үздіксіз әсер етіп, оның даму бағытын анықтайды. Сондықтан ағзаның өсіп-жетілуі орта жағдайына тікелей тәуелді. Бала ағзасының құрылысы мен қызметінің өсіп-жетілуіне әлеуметтік ортаның тікелей маңызы бар. Әлеуметтік орта баланың психикасы мен денесінің дамуына белсенді, жүйелі және мақсатты әсерін тигізеді.

Қоршаған табиғаттың әр түрлі факторлары бала ағзасына тұрақты әсер етеді. Мысалы, ауа, температура, жарық сәулесі, судың құрамы, тамақ, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері және басқалар. Осы табиғи жағдайлар балалардың ой-өрісіне және денесінің дамуына ықпалын тигізіп, физиологиялық қызметіне әсер етеді. Зат алмасуына астың қорытылуына және басқалар.

Әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты, зат алмасу үрдесінің сан және сапа жағынан өзгеруі баланың денесінің өсуі мен дамуына әсер етеді.

Сонда бала ағзасының қызметі сыртқы ортамен байланысты бола отырып, бала ағзасының құрылысы мен денесінің өсіп-дамуын өзгертеді.

Дене жаттығуларына тәрбиелеуді оқытуды, тамақтануды, күнделікті өмірді тиімді ұйымдастыру арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің өсіп-дамуын дұрыс бағытқа өзгертуге болады. Жүйелі әртүрлі жаттығулар мен спорт ойындары сезім мүшелері мен жүйке жүйесінің қызметін жетілдіре түседі, ой және дене еңбегіне жұмыс қабілетін жоғарылатады, дене құрылысын және оның реакция туғызу қабілетін өзгертеді.

Ағзаның өзі И. П. Павлов айтқандай, жүйелердің жүйесі болып есептеледі. Сөйтіп барлық торшалар, ұлпалар, мүшелер мен жүйелер бірлестігі қызмет атқарып, адам ағзасының біртұтастық тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.

Балалар мен жасөспірімдердің дене құрылысы үнемі өсіп-дамуда болады. Ағзаның торшаларының саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Ағзаның негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.

Өсумен қатар адам денесінде даму жүріп жатады. Даму - сапалық көрсеткіш. Дененің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, дене мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Дененің дамуы екі түрлі болады: дене қуатының және функциялық дамуы.

Дене қуатының дамуының көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны т. с. с. Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп, даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, дененің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.

Кәмелетке келу немесе, дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыныларын жасау, еңбек ету қабілеттері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Жасөспірім дзюдошыларының дайындық үлгісін жасау және оны эксперимент барысында тексеру
Дзюдо тарихы
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Заманауи спорт ғимараттары
Балуандардың дене сапаларын тәрбиелеу әдістемесі
Денесін ұстап лақтыру
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz