Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық ойындардың ерекшелігі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы : Балалар психологиясын зерттеудің ерекшеліктері (педогогика и
психология)

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І-Тарау. Балалар психологиясын зерттеудің психологиялық ерекшеліктері.
1.1. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау мәселелері
жөнінде
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
1.2.Мектепалды балалардың интеллектуалдық тәрбиесі туралы ... ... ... ...
ІІ. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық
ойындардың ерекшелігі.
2.1.Ойын – бала үшін негізгі іс - әрекет және ойын әдістерінің
маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Оқушылардың интеллектуалдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Қазіргі уақытта "жеке бағдарлы оқу" түсінігі кең тараған, бұл түсінік
баланың жеке-тұлғалық дамуы, оның пеихикасының қалыптасып, даму
ерекшелігіне негізделіп айтылған. "Жеке бағдарлы оқыта отырып-тәрбиелеу"
түсінігі мынаған негізделген: жеке-тұлға адамдар қоғамында өмір
сүретіндіктен ол өзін-өзі танып-білуі қажет, бұл өмірде өз орнын дұрыс таба
білуі қажет, бұл жағдайдағы негізгі нәрсе өз өмірін дұрыс қалыптастыра
білу.
Дұрыс сөзбен айтқанда,педагогика негізін саясатқа немесе идеологияға
байланыстырмай, тек қана психология ғылымына сүйену қажет. Педагогиканың
негізгі объектісі -баланың ішкі дүниесін түсіну. Ал практикалық әрекеттегі
мақсат - әлеуметтік - психологиялық талаптарды қанағаттандыру.
Баланың жақсы дамып-жетілуі мынандай жағдайда: жоғары эффектілік
оқыту, баланың мектепке психологиялық жағынан дұрыс дамып келе жатқанын
маман ретінде анықтау, "жеті жастағы дағдарыс" кезеңін дұрыс шешу.
Баланың мектепке дайындығы қаншалықты дәрежеде екенін анықтау, балалар
психологиясының негізгі мөселесі, Соңғы уақытта бұл мәселеге көп көңіл
бөлінуде, Бұл мәселені шешудің жолы баланың жеке-тұлғалық, жас ерөкшелігін
дұрыс ескеруден басталады. Мұндай жағдайда психологиялық диагностика
негізгі роль атқарады.
Алайда теориялық тұрғыдан алсақ баланың мектепке оқуға дайындығы
мәселесін шешуде, 20 жылдан астам психологтар, педагогтар,гигиенистер,
балалар дәрігері айналысып келеді. Дегенмен "мектепке дайындық" түсінігіне
нақты анықтама жоқ, сондай-ақ мектепке оқуға толық дайын деген нақты пікір
болмайды.
Көптеген психологтардың жорамалы бойынша мектепке дайындық түсінігі,
бала мектеп процесіне қатыса отырып өзінің қабілетін дамытады, білімін,
дағдыларын, мектеп бағдарламасын меңгеруде мінез-құлқы қалыптасып, дамып
жетіледі деген пікірде.(И.Шванцер, А.Анастази және басқалар)
Бұл мәселені мынандай сандармен бекітуге болады. Осыдан 15 жыл
бастауыш сынып оқушыларында жүйке-жүйелерінің кемшілігі 5-7 (процент) пайыз
ғана болса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 40-70 пайызға жеткен (Аргумент
и факты 13 наурыз 1998 ж) мүмкін, бұл қазіргі әлеуметтік экономикалық
жағдайға байланысты болар, сондай-ақ мектеп жасына дейнгілерді мектепке
білім алуға дұрыс дайындамағандықтарынан болар.
Ойын - мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті.Балалардың
жақын араласуына олардың арасында байланыс болуына көмектеседі. Белсендік
барлық балаларды бірдей емес. Тұйық мінезді, ұяң, белсенділігі аз оқушылар
бар. Мұндай оқушыларды оқу мен еңбектен гөрі ойын арқылы көпшілікке тарту
педагогтың міндеті.
Интеллектуалдық ойындар оқушылардың танымдық ерекшелігін жетілдіреді.
Балалар ойындарының көпшілігі кім нағыз мерген, кім нағыз епті, кім ең
жылдам деген сияқты жарыс элементтерін қамтиды. Ойында біреу ұтады, біреу
ұтылады. Мұндай жағдайларда ұстаз ұтылғандарға көмектесуі қажет. Оқушылар
ойындарда педагогтың ролі өте маңызды. Ол ойында ұйымдастырушы, ойынның
мазмұны туралы кеңесті, балалар арасындағы дауларды шешетін әділетті
әділқазы, ойын кезінде жолдас та бола алады. Мұғалім балалардың ойында
жеңістер мен жеңілістерге мақтанышпен ренжу сезімдерінің болатынын есте
ұстауы қажет. Мұғалімнің міндеті балалар қатынастарының адамгершілік
жақтарына үнемі талдау жасап, балалар достығын қолдап отыру.
Ұстаз күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру
кезінде әр оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің
дамуына ықпал етеді. А.С.Макаренко: Ойынның адам өмірінде зор маңызы бар,
ол еңбекке әзірлейді және біртіндеп еңбекпен ауыстырылуы тиіс деген.
Балалардың өзін қоршаған өмірге белсенді түрге қатысуға деген ынтасы ойын
үстінде көрініс табады. Ойын – олардың дүниені, шындықты тану жолдарының
бірі. Бала ойын үстінде маңызды қоғамдық оқиғаларды көп ретте өз шама-
шарқынша түсіне отырып, өзінше бастан кешіреді. Балалардың көңіл күйі осы
ойын үстінде айрықша көрінеді және қалыптасады. Шындап берілмейінше ойын -
ойын болмайды. Ойын оқиғаларына ынта ықылас төмендеді дегенше, ол тоқтады
дей беріңіз. Ойын дегеніміз ешқашанда мәжбүр етуге міндеттілікке
негізделмейтін қызмет түрі. Ойынның басқа қызмет түрінен айырмашылығы да
осында. Түрлі
ойындар балалар ұйымдылығын ұйымдастыруға, қуанышты сергек көңіл-күйді
қалыптастыруға көмектеседі.
Бала өзін ойын үстінде жайшылықтағыдан жоғары сезіне алатындықтан
Макаренко оған аса үлкен тәрбиелік маңызы бар деп қарады.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Балалар доп ойнайды,
жіппен ойнайды, жасырынбақ ойнайды, шана тебеді тағы да басқа ойындар
ойнайды. Балалардың бір бөлігі футбол, хоккей, волейбол ойындарын, дойбы.
Шахмат ойындарын ойнайды. Тұрғын үйлер, метро салып, космонавтар болып,
соғыс ойынын ойнағанда балалар басқа дүниеге келгендей әсер алады, өздерін
құрылысшы, ұшқыш, әскери адамның орнында сезінетін болады. Мұндайда
балалардың қиялдауға бейімділігі көрініс береді, қиялдауы дамып жетіледі.
Педагог балалардың мазмұнды ойындарын ұйымдастыру арқылы олардың бойында
жақсы адамдарға, батырларға қызығу сезімін тәрбиелейді.
Мұғалімнің міндеті – ойнап жүрген балаларды зер салып, бақылап
олардың қарым-қатынастары қандай адамгершілік негізде құрылатынын біліп,
дұрыс ықпал жасау. Чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 - 1670), ол ойында
баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты
түрі деп санады.
Ойын баланың барлық маңызды ақыл – ой әрекеті, баланың қабілетінің
дамуына, ойында айналасуындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің
дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.
А.С.Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық
қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын балаланың сабаққа ынтасын
аудартуға, көңіл қойғызуға, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның
түрлері өте көп. Ойын – сабақ. ойын – жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл
интеллектуалдық мақсаттағы ойындар – оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет
етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойнайтын ойындар, жұп картинкалар,
лото, домино балалардың ойлау қабілеттерін дамытады (анализ, синтез).
Тіл сабақтарында зейінін, ойлауын, байланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік
ойындардың маңызы зор.
Зерттеудің негізгі объектісі - І - нші сынып оқушылары және
балабақшаның даярлық тобындағы балалар.
Зерттеудің негізі - 6-7 жасар балаларды комплексті психологиялық
диагностикалық деңгейде интеллектуалдық ойындар арқылы мектепке даярлау.
Зерттеудің мақсаты -теориялық және практикалық негізде баланың мектепке
дайындығын қазіргі психологиялық диагностика тұрғысында анықтау, олардың
негізгі кемшіліктерін аңғару, және баланың психологиялық тұрғыдан дайын
болуын қамтамасыз ету және интеллектуалдық ойындардың маңыздылығын көрсету.
Зерттеудің негізі және нақты мақсаты төмендегідей:
1. Баланы мектепке дайындау үшін дұрыс ойын методикаларды таңдау.
2. "Мектептік дайындық" түсінігін анықтау және нақтылау.
3. Баланың мектепке білім алуына дайын екендігін анықтайтын негізгі
интеллектуалдық ойын ерекшеліктерін анықтау.
4. Ойын арқылы оқушылардың қабілетін дамыту, білімін тексеру,
сөйлем құрауға дағдыландыру.
Пәні: ойын бастауыш сынып балалары үшін ең негізгі іс - әрекет.
Ғылыми болжам: Интеллектуалдық ойындарды баланың психологиялық – физикалық
ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырса – бала мектепке психологиялық
жағынын дайын болып, білімді сапалы меңгереді.

І. Балалар психологиясын зерттеудің психологиялық ерекшеліктері.
1.1. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындау мәселелері жөнінде
түсінік.
Мектепке білім алуға дайындау мәселесі-балалар психологиясының өзекті
мәселесі. Бұл мәселені белсенді зерттеушілердің пікірі өте ауқымды, бұл
түсінікке әр жағынан ауқымды түсіндіреді.
Баланың даму барысында шкалалар кең түрде қолданылады және баланы
стандартты бақылаулар арқылы баланың дамуын жас ерекшелік нормасына
сәйкестендіру. Диагностиканы жүргізу барысында баланың сөйлей алуы,
экспериментаторға тұлға ретінде қарауы нәтижесі баламен дұрыс қарым қатынас
жасаудың негізі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры әлі де дамып,
қалыптасатындықтан толқымалы тестерді қолдану мүмкіншіліктері шектеледі.
Сондықтан зерттеушілер орнықты методикалар қолдануды ұсынады. И.Шванцар
(1972) мен А.Анастази (1982) пікірлер бойынша диагностика үшін баланың
моторлық-танымдық сферадағы дамуы, сөйлеуі мен әлеуметтік мінез-құлқы
маңызды орын алады. Мектепке білім алуда компонентті сапа бөлу үшін
И.Шванцар мектепке білім алу үшін міндетті түрде ақыл-ойының дамуы
деңгейлі, концентрацияға қабілеттілігі, шыдамдылық, жетістікке жетуге деген
талап, қызығушылығының дамуы, білім алуға қабілеттігі, сондай-ақ әлеуметтік
мінез-құлқы қалыптасу керек деп есептейді.
Кеңес оқымыстыларының зерттеулері бойынша мектепке дайындық көп
компонентті жүйелік білім. Бұл ойды қолдаушылардың бірі Л.И.Божович 1960-шы
жылдардың өзінде-ақмынаны көрсеткен болатын. Оның ойынша мектепке білім
алуға дайындық негізі-ойлау әрекетінің даму деңгейі, танымдың қызығушылары,
оқушылық өмірдегі әлеуметтік позицияның болуы деп санайды.
А.Запорожецтің пікірінше мектепке білім алуға дайындық баланың мінез-
құлқының өзара байланысы, танымдың даму деңгейі; аналитикалық-синтетикалық
әрекеттер, ерік механизмнің қалыптасу деңгейі анықтайды деп есептейді. Бұл
мәселені Л.А.Венгер мен оның әріптестері теориялық аспекті тұрғыдан өзара
жуыңтатады. Барлық психологиялық ңасиеттер адаңда оның өс-өрекеті арқылы
қалыптасады. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балада таза мектептік
қасиеттер болуы мүмкін емес, өйткені олар да кез келген психикалық
процесстер сияқты іс-әрекөтте дамиды. Бұдан шығатын қорытынды мектепке
психологиялық дайындық оның мектептік қасиеттерінің қалыптасуында емес,
оның қалай оқып, үйреніп кетуінде.
Қазіргі уақытта ақпарат беттерінде баланы мектепке дайындау мәселесі
бойынша әр түрлі даулы пікірлер айтылуда. Бастауыш сынып пен мектепке
дейінгі мекемелердің дәстүрлі талаптары мен іс-әрекеттері ешқандай
талаптанушылықты ақтамайды: баланы кішкене кезінен бастап оқыту мен
жаздыру. Бастауыш сынып пен бала-бақша арасындағы байланыс жоғалған,
мектепке дейінгі мекемелердің спецификасы жоғалған. Өйткені баланың дамуы
оқыту әрекеті көп мән берілгендіктен бұл мәселе екінші жолға ысырылған.
Сондықтан да біз мектеп жасына дейінгі жеке-тұлғалы модельді тәрбиелеу
концепциясына түсіністікпен қарастырдық.
Соңғы жылдары мектепке психологиялық дайындық ТМД елдерінде
психодиагностикалық методикалармен толықтырылуда. Жоғарыда көрсетілгендей
білім алуға дайындық - көп факторлы феномен, бұл көп психологиялық
зерттеулер комплексін талап етеді. Дәлел ретінде білім алуға психологиялық
дайындығын анықтау бір-ақ тестпен шектелмеуі тиіс.
Мектепте білім алу - бала өміріндегі маңызды этаптардың бірі.
Сондықтан да үлкендердің, балалардың мектепке бару кезеңі жақындаған сайын
қобалжулары түсінікті жағдай. Көптеген бірінші сыныптар үшін мектеп
талаптарын орындау оңай емес. Сондықтан да оқу кезеңі басталмай тұрып,
мектеп талаптарына баланың психикалық мүмкіншілігі қанша мықты дәрежеде
екенін анықтап алған дұрыс.
Баламен жұмыс істеу барысында еске алар жағдай бала психологиясын
зерттеудің өзіне тән ерекшелігі бар екенін түсіну. Мектепке дейінгі балалық-
шақ адам өміріндегі өте қысқа кезеңі, бар болғаны жеті-ақ жыл.Бұл кезеңде
даму деңгейі жылдам тез қалыптасады. Ештемеден хабарсыз өмірге жаңа келген
нәресте тез арада-ақ белсенді, өзінше жеке тұлғаға айналады. Бала психикасы
барлық жағынан қалыптаса бастайды, оның одан әрі дамып жетілуінің негізі
қаланады.
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамудың қандай негізгі бағыты бар?
1. Жеке тұлға қалыптасады. Бала өзінің Мен екендігін түсінеді.Өзінің
белсендігін, іс-әрекетін дұрыс бағалай алады.
2. Бала іс-әрекетінің ауқымы кеңейеді. Ол тек қана ата-анасымен ғана
байланысқа түспей басқа да үлкендермен, құрдастарымен, құрбыларымен қарым-
қатынас жасай бастайды.
3. Бұл кезеңде танымдық даму жүреді. Баланың сөйлеуі қалыптасады.
Психикалық процесстердің ерекшелігі қалыптасады, яғни өз психикалық
процестерін басқара алады, танымдық іс-әрекетте мақсат қоя алады, жеткен
жетістіктеріне бақылау жасай алады.
Баланы дұрыс тәрбиелеп, оқыту үшін оның психологиясын терең түсіну
керек. Ал психологиясын түсіну үшін методикалық психологиялық зерттеулерді
білу шарт. Сонымен қоса бала зерттеудің арнайы объектісі екенін түсіну
керек. Оның психикасы қалыптасу, даму кезеңінде сондықтан нақты принциптер
мен методтарды жүргізе, ұйымдастыра алу қажет.
Гуманизм принципінің негізгі талабы төртеу: бүлдіріп алмау, балаға
аса сақтықпен, аялай, қамқор көзқараспен қарау керек, Қойылған диагноз оның
негізгі даму деңгейін ғана анықтамай, алдағы өміріне де жол ашуы мүмкін.
Комплекстік, бір ізділік, жүйелік принциптері белгілі бір уақыттарда
баланы осы принциптер бойынша оқып-білу. Әр жеке ерекшелігін, психикалық
құрылым қасиетін, басқа да психикалық дамулармен байланысын анықтау өте
маңызды.
Жеке және тура жағдайда жүргізу принципі әр баланың психикалық даму
заңдылығы ерекше және қайталанбайтындығын аңғартады.
Балалар психологиясының негізгі методтары: бақылау, экперимент,
әңгімелесу, іс-әрекетіне талдау.
Бақылау қарапайым табиғи жағдайда, күнделікті өмірде жоспарлы немесе
бір бағытты жағдайда психологиялық фактілерді жинақтау. Мектеп жасына
дейінгі баланың құрбыларымен қарым-қатынас мәдениетін, ойын, серуен,
тамақтану және тағы басқа жағдайларда оны бақылау.
Эксперимент-бақылаудан ерекшелігі, бала психикасын зерттеп-оқу арнайы
ұйымдастырылған жағдайда болуы. Бұл бала үшін күнделікті жағдайда өтеді.
Оның күнделікті атқаратын іс-әрекетін әдейі ұйымдастырады мысалы: ойын,
сурет көру, сурет салу тағы басқа.
Әңгімелесу методы экспериментпен бақылау кезеңінде өз бетімен
қолданылады. Мысалы, баланың ойын ойнау кезеңін оқып-үйренуде ең алдымен
оны ойын кезінде бақылау, содан кейін сүйікті ойыншығы, ойыны, кейіпкерлері
туралы әңгімелесу.
Мектеп жасына дейінгілердің психикасын оқып-үйренуде іс-әрекетінің
нәтижесіне талдау жасау методы маңызды орындалады. Құрастыру, өз беттілік
жұмыстарын талдау мысалы, сурет, аппликация, мүсіндеу, конструкция, әңгіме,
ертегі, ән мен биді орындау және т.б.
Ескертетін жағдай тек комплекеті, жүйелі, бірізді түрде бала
психикасын оқып-үйрену оның психикалық ерекшелігін анық және толық түрде
танытады.
Мектепке психологиялық дайындық мазмұны-мектептің балаға қойған
талаптар системасын анықтайды. Зерттеуші психологтардың көрсетуі бойынша
баланың әлеуметтік позициясының қоғамына байланысты.Нақты психологиялық
дайындық болмайды, ол өзгеріп, толықтырып отырады.
Білім алатын бала психикасына қойылатын әр түрлі талаптар оның
психологиялық дайындығының құрылымын анықтайды.Көптеген психологтар
пікірінше ( К.М.Гуревич, Е.М. Борисов 1997, А.В. Запорожец 1986 және т.б. )
негізгі компонентті дайындық ақылдылық пен жеке-тұлға дайындығына
байланысты.
Ақылдылық дайындық танымдық процестерден көрінеді (қабылдау, ес,
ойлау, қиял, сөйлеу) білімді меңгеру, бала бақшадан оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасына дағдылану, жалпы интеллектуальды қалыптасу.
Қалыптасу, мысалы, еске қойылатын мектеп талабы бала есте сақтау,
жаттау, қайта жаңғырту сияқты дағдыларды білуі қажет. Ойлау процесінің
мектепке дайындық деңгейі мынадан көрінеді ойлауға үйрену, анализ жасау,
талдау салыстыру, материалды түсіну, көрнекі -образды ойлауының даму
деңгейлі болу, оқу тапсырмасын меңгеру. Сөйлеу процесінің даму көрсеткіші
сөздік қорының болуы, дұрыс сөздік қарым-қатынас, сөздік дыбыстарды нақты
анық айта білу мектепке дайындықтың бір көрінісі.
Арнайы жеке дайындық үшін оқу іс-әрекетіне деген мақсаттылық, қоршаған
ортаны танудағы танымдық дамуы, өзін-өзі тану деңгейі, коммуникативті даму,
дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынасқа деген ниеті болу, бала
психикасының эмоциональдық және еріктік деңгейінің дамуы қажет.
Баланың мектепке оқуға деген дайындығы мынадан көрінеді:
Бала оқығысы келу керек, ол оқудың маңызы мен қажеттілігін түсіну
керек, ол оқуда нені оқытып, үйрететіне қызығу керек. Эмоциональдық
дайындығы -баланың әр түрлі жағдайындағы қобалжуынан көрінеді, ескертулер
мен мақтауларға дұрыс реакция беру, өз сезімін бағындыра білуге үйреніп,
жағымды эмоцияларын тудыра білу керек.
Еріктік дайындық симптомы мынандай:
Маңызды мағыналы мінез-қүлық және психикалық процесс яғни бала өз
қабілетін игере және басқара алу керек, ерігін бағындыру бұл жағдай ересек
оған қиын әрі қызықсыз тапсырманы орындау кезінде көрінеді.Қиын тапсырманы
орындау барысында өзінің ерік-жігерін, шыдамдылығын, жұмысты аяғына дейін
орындай алатындығын көрсету қажет.
Психологиялық дайындық құрылымына үңілу барысында мектеп баладан әр
түрлі психологиялық қасиеттерді талап ететінін көруге болады. Бұл жағдайда
сүрақ тууы мүмкін: Осынша талаптар қою дұрыс па? Әрине психологиялық
дайындық - мектепте нәтижелі білім алудың негізі. Баланың мұғаліммен,
құрбылармен және басқа да бөтен адамдармен қарым-қатынасы қалай
қалыптасады, соларға байланысты. Үнемі дайындықсыз, үлгере алмаушылық әсері
оқудың бас кезінде бала үшін өте қауіпті.Себебі, ол өзіне деген
сенімділігін жоғалтып, соның нәтижесінде өзін-өзі бағалауы төмендеп, ата-
аналармен қарым-қатынасы бұзылып, оқу әрекетіне деген жаман көзкарас
қапыптасуы мүмкін.
Мектепке оқу үлгерінің төмен болу проблемасы баланың эмоциональдық
тұрақтылығын және кей жағдайда денсаулығының төмендеп кетуі мүмкін, Бұндай
жағдай оқу жылының барлық кезеңінде болса, онда оның болашағының жеке-
тұлғалық дамуы және мектептен кейінгі өмірі де дұрыс қалыптаспауы мүмкін.
Психологиялық дайындық әр түрлі жас кезеңдерінде көрінуі мүмкін.
Балада әр түрлі психологиялық даму ырғағы болады. Кейбір бала психологиялық
даму жағынан көптеген құрбыларынан озып кетуі мүмкін,ал кей жағдайда кейін
деп, артқа қалуы мүмкін. Сондықтан да диагностикалық зерттеу нәтижесінде
мектеп жасына дейінгінің психологиялық дайындығы кейбір балаларда алты жас
кезінде-ақ мектепте білім алуға дайын екенін көруге болады.
Мектепке дейінгі мекемелер басқа білім беретін институттар сияқты
қандайда бір қоғамның қойнауында қоғамдық қатынастарда жұмыс
істегендіктен оның жағдайы көптеген ішкі жағдайларымен,қорпшаған әлеуметтік
ортамен,қарым-қатынастың сипаттамасымен анықталады. Педагогтердін алдында
мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа замаңғы мақсаттары мен сұрауларына
жауап беретін жоғары денгейде баланың жан-жақты дамыуна себепкер болатын
технологияны талдау бағдарламасы тұрды.Осы кездегі тарихи кезеңде адам
мен мемлекеттің қарым-қатынасының мәнділігі өзгереді. Нарықтық жағдайда ол
жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігінің өсуіне қызмет етеді.
Білім беру жүйесі білім беру қызметінің сипатын алады,ал жеке тұлға
тапсырыс беруші құқығын алып,ұсынылатын қызметтерынің дербес бағдар-
лануы мен сапасының көтерілуін талап етеді. Өйткені қоғам қоғамдық тұр-
мыстың дамуына ұмтылыспен жауап беретін жаңа білім беру жүйесімен жаңа
адамдардың қажеттілігін ұсынады.
Мектепке дейінгі педагогика адамзаттын сұраныстарынан қалмауға
тырысады, оқыту мен тәрбиенің қиындығы мен қайшылықтарың алдынала
білуге ұмтылады, бұнда оған білім беру жүйесіндегі дамудың жылжымалы
куші ретінде қоғамдық мүдделер бағдар болады. Қоғамдық мүдделер мен
қажеттіліктер әлеуметтік тапсырыс құрайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке оқытудың мәселесін
қарай отырып,Никитин В.Я. былай атап өтеді:Егер де бұрын мектептердің
жиынтығы, мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің баланы мектепке дайындау
деңгейі қанағаттандырса, енді инновациялық мектептердің жемісінің пайда
болуы баланың жеке тұлғалдық танымдық белсенділігі, ойлау белсенділігі
түрлі қызметтерде өздігінен сауалдарды шеше алатын сапасы жаңа талаптарды
ұсынады.
Бұл өз кезегінде,білім беру үрдісінде мектепке дейінгі мекемелерде
тех-
нологиялар мен мағынасының өзгеруін талап етеді.
В.П.Щетинин мен Н.Храменков білім алудың құндылығы мен мақсаты
адамдардың білім-дағдыға қажеттілігін қанағаттандыру,оның ішкі дүниесі
күштерінің табысты дамуының ынтасы және қабілеттілігімен жеке тұлғаның
шығармашылық әлеуметтілігі мен тұтас қоғамдық үрдісінен тұрады деп
атайды.
Әлеуметтік тапсырыс берушінің рөлінде біздің барлық қоғам: балалар,
ата-аналар, әлеуметтік топтар мен сыныптар,мекемелер мен өнеркәсіптер
көрінеді.Олардың мүддесі саланың жетілдіру жолдарында білім беру мен
тәрбиені жүзеге асыру құралдарының нысандары мен мақсаттарын анықтау-
да негізге алынады.
Әлеуметтік тапсырыс пен сәйкестік ретінде еліміздегі білім беруде
даму-
дың басынқылығы туралы сұрақ шешілуде В.П.Подобед білім беру мүдделе-
рінің мәселесін қарай отырып, білім берудің әлеуметтік тапсырысын шартты
түрде қоғамдық,жекелік,ұжымдық және аймақтық деп – түрге бөлінеді .
Қоғамдық тапсырыс жеке тұлғаның жан-жақты білім берудегі қажеттелігінің
дамуының әр кезеңінде объективтілігімен,мәнділігімен анықталады.Ол бар-
лық білім беру салаларының дамуы әлемдік тұжырымдамаларда бағдарлан-
ған.Аймақтық тапсырыс бірқатар шарттардың ықпалының қалыптасуымен:
әлеуметтік-мәдениеттік,экономикалық ,ұлттық,демографиялық және басқа да
берілген аймақтық сипатында жасалған.Аймақтық тапсырыста білім берудің
қосымша бөлігіне өтінім тұжырымын жасайды.Ол аймақтық қажеттілігін
өздік ерекшеліктерін,тәсілдерін қанағаттандыруын есепке ала отырып анықта
лады.Ұжымдық және меншік тапсырыстар оқушылардың ата-аналардың,
әлеуметтік топтардың ,қоғамдық мекемелердің білім алу ерекшеліктерінің
түрлілігімен және жеке тұлғаның жекеше оқыту- тәрбиелеу мүдделерін
қанағаттандыру қажеттілігімен,адамның қабілеттілігімен,бейімділігімен
шарттандырылған.Кешенді қажеттіліктердің негізінде(қоғамдық,аймақтық,
территориялық , жеке меншіктік ) нақтылы және мүмкіндіктермен,сәйкес
олардың көлемін және мөлшерін және кезектілігін қанағаттандыру жайында
сұрақ шешілуде.
Қоғамдық қажеттіліктері заңды актімен және ұстанымды іс-
қағаздарға сүйенеді.Олар елдің мүдделерін нығайтып және білдіріп,
әлеуметтік тапсырыстарға қарсы келмей ,білім алуға қоғамдық территориялық
,аймақтық және жеке қажеттіліктерін қорғауы керек.
Білім беруде жаңа тапсырыстар педагогикалық бірлестіктерге ғылыми-
зерттеу зертханаларда дискуссия,түрлі көзқарастарды салыстыру мақсаттар-
ды жетілдіру құралдарының негізіде туындайды және адам туралы ғылым-
ның кешегі талдамаларының жетістіктерінде өткізеді.
Сонымен,білім беруге әлеуметтік тапсырыс пен қоғамдық пікірдің
негізінде қарастырылады.Ол ең зәру қажеттіліктерді және республиканың ,
елдің ұлттық-мәдени сұранымдарының өнеркәсіптің және ғылымның даму
деңгейінің бейнесі. ҚСРО тарағаннан кейін білім беру мәселесі
олардың даму ерекшеліктері мен елдің ұлттық –мәдени сұранымдары
қажеттілігі есебінен өздігінен шешуге мүмкіндік алды.Балалардың мектепке
дейінгі мекемеде базалық оқу жоспары мен Қазақстандық авторлардың
талдауымен жасалған балабақшадағы оқу- тәрбие бағдарламасы құрылды.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында 8 тарауда жарияланған-
дай білім беру жүйесіндегі басымды сауалдарының бірі инновациялық
үрдістін пайдасы бірыңғай бейнелі көзқарасты шығаратын халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желіге шығу,білім беруді ақпараттандыру, оқы-
тудың жаңа технологиясын енгізу болып табылады. Сонымен,жаңа білім
беру технологиялары кенінен таралуда.Олар уақыт пен қоғамдық сұранымдарды
жоғары деңгейде қанағаттандаруға бағытталған .
1.2. Мектепалды балалардың ақыл-ой тәрбиесі туралы.
Алғашқы кезде балалардың белгілі бір бөлігі мектепке 7 жасында
баратын болады,ал алты жастағы балалар мектептерде де,сондай-ақ
балабақшаның ересек балалар топтарында да бірыңғай программа бойынша
мектепке даярланып оқытылатын болды. Мектепке дейінгі педагогикада
Ақыл-ой тәрбиесі деген тақырып бар.СССР Педагогика ғылымы
академиясының эксперименталдық программасында бұл тақырып бойынша
сенсорлық тәрбиеге және көрнекілік,практикалық, сөздік әдістері
ойынмен тығыз байланыстыруға басты назар аударылған.Сабақ кезінде алты
жасарлардың белсенділігін,өз бетімен жұмыс істеуін арттыруда,әсіресе
практикалық әдіске ерекше көңіл бөлу сөз болды.Еңбек тәрбиесінде
байланысты даярлық тобында және сыныпта өзіне-өзі қызмет ету,қоғамдық
мәні бар жұмыстарға белсенді қатыстырылуы көзделген.
Интеллектуалды, творчестволық ойындар арқылы,әсіресе,сабақтан тыс
уақытта тәрбие жұмысы олардың өзін қоршаған орта туралы түсінігін ке-
ңейтуге,кітапты сүюге,еңбексүйгіштікке,кішіпейілдік ке,қарапайымдылыққа
баулуға бағытталған . Алты жасарлармен жұмыс жөнінде дайындық топтағы
мұғалімдер ғылыми баяндама,рефераттар,курс жұмыстарын қарастыра-
ды.Мынадай тақырыптарға байланысты мәселелер қарастырылуда:
- Алты жасарлардың сабақ кезіндегі психологиялық, физиологиялық және
өзіндік ерекшеліктері туралы;
- алты жасалардың сабақ кезінде жұмыс қабілетін арттырудың жолдары мен
әдістері;
- алты – жеті жастағы тіл дамыту жұмыстары;
-жай қарапайым заттардың көлемі мен ұзындығы туралы түсінік беру;
-қарапайым арифметикалық есептер шығару арқылы алты жасарлардың ойлау
қабілетін арттыру және тілін дамыту;
- мектепке даярлауда бейнелеу өнері арқылы графикалық дағдыларын
қалыптастыру;
- алты жасарларды оқытудағы ойыннын рөлі;
- мектептің даярлық тобында балалардың тәртіп мәдениетін тәрбиелеу;
- алты жасарлардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру;
Тәрбиешілерді, мұғалімдерді, практиканттарды кеңінен қатыстыра алты жа-
сарлармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады: сұрақ, жауап ,диспут,
ауызша-журнал,пікір алысу т.б. Студенттердің ғылыми қоғамында,ғылыми-
практикалық коференцияларда, үйірме жұмысында алта жасарлардың
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес көрнекі құралдар,
методикалық ұсыныстарға байланысты мынадай проблемалық мәселелерге назар
аударылады:
- алты жасарларды оқыту және тәрбиелеудің теориялық, методикалық
негізі;
- мектеп және жоғары оқу орындары реформасына сәйкес алты жаста-
ғылармен жүргізілетін тәрбие жұмысын жетілдіру;
- балабақшаның даярлық тобындағы адамгершілік тәрбиесі;
- интеллектуалдық ойындар арқылы алты жастағылардың белсенділігін
арттыру , т.б.
Біздің мектепте мектепалды алты жасарлармен жүргізілетін жұмыс тура-
лы методикалық бұрыш ұйымдастырылған. Онда бұл тақырыпқа жазылған
студенттердің рефераты,ғылыми-методикалық нұсқаулар,әдебиеттердің
тізімі, баспасөзде жарияланған мақалалар бар. Жоғарыда айтылған ғылыми
және методикалық бағыттағы жұмыстың барлығы ,негізінен,педагогикалық
практика кезінде балабақшалардың даярлық тобында және жалпы білім
беретін мектептерде орындалады. Балаларды мектепке даярлау туралы
арнаулы курс оқылады.
Ал алты жасарларды мектепке қалай даярлау керек? Бұл – тың тақырып.
Алты жасарлардың жалпы даярлығы туралы сөз болғанда,олардың
интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық , дене тәрбиесіне назар
аудару қажет.Тәрбиеші бұл кезеңде әрбір баланың психологиялық,физио-
логиялық жағынан дамуы қалай? Интеллектуалдық жетілуі тоқтап қал-
май ма,тоқыраушылық кездеспей ме деген мәселелерге көңіл аударуы ке-
рек.Бұл мәселелер ешуақытта күн тәртібінен түспейді.Себебі , біздер,
оқы-
тушылар, тәрбиешілер озат тәжірибені кеңінен пайдаланып,өмір ағымына
ілесіп отыруға тиіспіз.
Балалардың денсаулығы туралы айтқанда,яғни,алты жасарларға медици-
налық тұрғыдан қойылатын талаптарды (биологиялық дамуы,денсаулығы
қарай, бұрын әр түрлі ауралармен ауырған жоқ па , т.б.) тәрбиеші
ескеруі
керек.Ең басты мәселе – алты жасарлардың психологиялық, физиология-
лық дамуынын қалай екенін анықтау.Бала психологиялық, физиологиялық
тұрғыдан әрбір дыбысты қалай айтады ?
Керн –Иерасеканың тестісі бойынша зерттеудің қорытындысы қалай?
Педагогикалық практикаға бастауыш оқыту және мектепке дейінгі
бөлімнің студенттері қатысты. Оқу жоспарына сәйкес мектепке дейінгі
бөлім студенттері педучилище, балабақшаларда инспекторлық – ме-
тодикалық практикадан өтеді. Практика кезінде алты жасарлармен
жүргізілетін жұмыстарға айрықша назар аударылады.

ІІ. Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық
ойындардың ерекшелігі.
2.1.Ойын – бала үшін негізгі іс - әрекет
Ойын бастауыш сынып баласы үшін ең негізгі іс-әрекет олар біртіндеп ойын
іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделеді.
Мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыруға ата-аналар мен
ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.
Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік қимыл-қозғалысты,
дидактикалық шығармашылық ойын түрін пайдалана отырып, балаңыз ойын
барысында айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білім
машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі ойын
ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас ойната отырып,
таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі. Ойын балаларды
оқушыға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойыны
ойнауда өмірде көргенін, білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп
отырып бейнелейді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде
қалыптаса алатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып өмір
баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Мұғалім бұл
мақсатта көркем әдебиет шығармаларын кеңінен пайдаланады. Солай еткенде
бала өздігінен ойын ойнауды мұғалімнің, ата-ананың оқыған шығармаларының
өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті
өмірде балаларға түсінікті әзіл-қылжың шығармаларды пайдалану балалардың
көңіл-күйін көтеріп олардың қайырымдылығын, ізгі сезімін бір-біріне
мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететінін атап өту лазым. Ойын –
балалардың жап серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің
ойыны сол елдің қоғамдық өзгерістеріне тұрмыс-тіршіліктеріне, айналысатын
кәсіп шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау
айтқандай қиындығы жоқ, оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала
үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру
оңай емес. Мысалы: рөлдерге бөлгенде бала өзіне ұнамсыз рөл балаларды
ойынға өз қызығушылығымен ынтасын қатысуын қамтамасыз етеді. Сонда ғана
ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Мұғалім ұжымдық ойынды
тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынастарын
дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Педагог ойын арқылы әр баланың игі
бастамасын қолдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындауда – интеллектуалдық ойындардың рөлі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында, интелектуалды дамытушы ойындардың қызметі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Баланы жан-жақты тәрбиелеуде ойының маңызы туралы
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Пәндер