Жеткіншектің жанұямен қарым– қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері


Көкшетау университеті
Тарих - педагогикалық инстиуты
Психология кафедрасы
«Жеткіншектің жанұямен қарым- қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері »
Диплом жұмысы
Ғылыми жетекші: аға оқытушы: Болатбекова Назгүл Жоламан қызы.
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі
Р. Р. Бирюшев
«» 2007
Көкшетау 2007ж.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 2
Бөлім І. Жанұядағы өзара қарым-қатынас сипаттамасы және
жеткіншектің психофизиологиялық ерекшелігі.
1. 1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның
жеткіншек психикасына әсері . . . 6
1. 2. Жеткіншектік кезең және оның психофизиологиялық
өзгерістерге ұшырауы барысында . . . 19
Бөлім ІІ. Ата-ана мен жеткіншек арасындағы түсініспеушіліктің
психологиялық факторы.
2. 1. Жеткіншек пен ата-аналар арасындағы өзара қарым-
қатынастың типтік ерекшеліктері . . . 22
2. 2. Жанұямен жеткіншектің түсініспеушілігі және оның
алдын-алудың негізгі бағыттары . . . 29
Тәжірибе бөлімі: Ата-аналар мен жеткіншектің өзара қарым-қатынас-
тарын зерттеуге арналған методтары.
3. 1. Түсініспеушілік жағдайдағы жеткіншектердің мінез-
құлық стилін анықтауға мүмкіндік беретін методтар
және олардың ата-аналарына деген қатынасы . . . 32
3. 2. Жеткіншекті тәрбиелеу ісіндегі және олардың қарым-қатынас
барысындағы сұрақтар бойынша ата-ананың қатынасын
айқындауға арналған методикалар . . . 40
Қортынды . . . 46
Қолданылған әдебиеттер . . . 49
Қосымшалар . . . 52
Кіріспе.
Ұлттық тәрбие мұрасында күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған маңызды мәселелердің бірі ата-дәстүріміз бойынша ежелден сақталып келе жатқан отбасы тәрбиесі. Сондықтан «тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі жанұядағы басты рөл-баланың өмірдегі адамгершілік қағидаларын қалыптастыру. Жанұя ерекшеліктерді тудырады немесе оны бұзады. Тұлғаларның психикасының қалыптасуының нығаюы немесе құлдырауы сол отбасының құзырында. Жанұядағы жағдай қандай да болмасын, алғашқы себептермен үлкендерге қарап, балалардың өсуіне себебін тигізеді. Жанұядағы климат оның айналасындағылардың моральдық климатына және денсаулығына әсер етеді. Баланың алғашқы тәрбиешісі-ата-анасы болса, жалпы өмірдің түп тереңі-балалық шақ деуге болады. Мысалы, «Бала тәрбиесі-бесіктен», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей мақалдың да отбасындағы ата-анасын тәлім-тәрбиесіне ықпалы зор. Бала үлкендердің іс-әрекетін, әдет, қылықтарын тез қабылдап, соларға ұқсап өскісі келеді. Мәселесі қиын жанұяда өскен баланы қайта тәрбиелеу өте қиынға соғады. Баланың азаматтық құқығын қалыптастыруда жанұяның ықпалы өте зор. Сол себепті отбасындағы ата-әже. Әке-шешесі, басқа да үлкендері тек қана сылдыр сөз бен ғана шектеліп қоймай, көрсетер тәрбиенің мәні бар үлгі-өнегесін ісімен, тәжірибесі мен дәлелдеуі керек. Ата-аналар балалары мен өздерінің арасындағы басталған түсініспеушіліктердің қисынын кеш ұғады да, кикілжің туындағаннан кейін ғана дабыл қаға бастайды. Ал конфликт бала мен ата-ана арасында сирек, не кездейсоқ басталады. Шешесінің баласына көп көңіл бөлгендіктен, әкесінің жанұядағы рөлі төмендейді, ол уақтылы көңіл бөлмейді және баласының жеке басының мәселесіне (проблемасына) назар аудармайды. Осының барлығы баланың көңіл күйіне кедергі келтіреді. Сондықтан біз жанұядағы ата-ана мен жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасы жөнінде мәселе қозғамақпыз. Бұл тақырыпты қазіргі заманның көкейтесті мәселесі деп ойлаймыз.
Бұл тақырыптың мәні-ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың өркендеуіне және баланың мінез құлқына, амандығына мәнінің ықпалы өте зор.
«Ақылды қария-ағып жатқан дария» - дегендей ең бастысы, алдымен ата-ана баладан нені талап ететіндерін өздері мән бере ойлана отырып, оны алдына мақсат етіп қойғандары жөн. Халық ұғымында ақылдылық баға жетпес қазына «Түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын» деген ата-ана баласына күнделікті тіршілігінде, істі ақылға салып отырмаса, мақсатқа жету қиын екендігін ұмытпайтындай етіп тәрбиелейді.
Педагогикалық тұрғыда отбасы тәрбиесінде мақал - мәтелдерді қолдану ескертусіз қалды десе де болады, мұның өзі бала тәрбиесінің танымдық іс - әрекетінде «құндылық» сезімдерінің жойылып, халық даналығында «Өзім дегеннің өзегі өртенеді» дегендей, тұлғаның өзін - өзі тануда, «Мен өзім білемін» деген сөз тігісіне ұласып кетіп, ата-ананың тәрбиесінің нәрлігі көрінбей қалады. Жанұядағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін А. И. Захаров, А. С. Спиваковская. А. Я. Варга. Э. Г. Эйдемиллер. Ю. Гиппенрейтер. М. Буяков. З. Матейчек. Г. Хаментаускас. А. Фромм. Р. Скайдер т. Б. зерттеген.
Бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынасты А. С. Макаренко зерттеп «Книга для родителей» деген кітабын шығарған. «Жанұя - бірінші ұжым оның ішкі қарым - қатынасы барлық тұлғаға қатысты соның ішінде балаға да тән» - деп жазған.
Аз да болса қызығарлық жұмысты Ә. Арутюнянцта былай деген «Бала мен ата - ана арасындағы қарым - қатынас, сол жанұяның құрылымының талдауына байланысты».
Оны ол 3 - нұсқаға бөлген: дәстүрлі, балалар арасындағы, жұбайлық.
Ал А. Е. Личко болса, ол жанұяның ішкі қарым - қатынасындағы ерекшеліктердің мәнің -«Баланың шамадан тыс белсендігі, қараусыздығы» «Жанұяның кумирін» туғызатын жағдай және еркелігі мен ерекшелігінен тұратын жағдай деп жазған.
Сайып келгенде жұмыстың барысы - ата - анамен баланың арасында туындайтын конфликтінің психологиялық аспектісі оның ішінара түзетуін де. Педагогикалық тұрғыда отбасы тәжірибесінде, бала бойында танымдардын, іс - әрекеттердің аспектілерін дамыта отырып кәзіргі кездегі тумай жатып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалар ес біліп, ер жеткенде, өздерін бақытсыз еткен жандар туралы кешіріммен ойлануға қол жеткізуінде психологиялық аспектілері сан қилы.
Ғылыми аппарат
Тақырыбы : « Жеткіншектің жанұямен қарым - қатынас барысындағы түсініспеушіліктің психологиялық аспектілері »
Мақсаты: Жеткіншек жастағы баланың психикалық ерекшелігіне назар аудару және оның жанұямен қарым - қатынас ерекшелігін анықтау.
Міндеттері:
1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның жеткіншек психикасына әсерін анықтау.
2. Жеткіншектік кезеңнің психофизиологиялық өзгерістерге ұшырауын қарастыру.
3. Ата-ана мен жеткіншек арасындағы түсініспеушіліктің психологиялық факторларын қарастыру:
- Жеткіншек пен ата-аналар арасындағы өзара қарым- қатынастың типтік ерекшеліктері.
- Жанұямен жеткіншектің түсініспеушілігі және оның
алдын-алудың негізгі бағыттары.
4. Ата-аналар мен жеткіншектің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге арналған методтарды қолдану ерекшелігін түсіну.
Зерттеу объектісі: Жеткіншектің жанұямен қарым - қатынасы.
Зерттеу пәні: Жеткіншекті тәрбиелеу ісіндегі жанұя мен қарым қатынасы. .
Ғылыми болжам: Егер жеткіншектік кезеңде оның психикалық ерекшелгіне баса назар аударса онда жанұямен түсініспеушілік себептердің алдын алуға болады.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, оқушылардың даму ерекшеліктерін үнемі бақылап, диагностикалық зерттеу жүргізу.
Бөлім І. Жанұядағы өзара қарым-қатынас сипаттамасы және
жеткіншектің психофизиологиялық ерекшелігі.
1. 1. Жанұядағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі және оның
жеткіншек психикасына әсері.
Жанұядағы тәрбиені зерттеу мәселелері дейді П. Ф. Лесгафт. Ондағы адамның өткен өмірі мен қәзіргі өмірінің тәжірибесін салыстыра отырып, ондағы өзінің әсерінің басқаға ықпалын көру. Ондағы байқалған өзгеріс әсерлерін көріп білу және де оны адам сангасына жеткізе білу ол адамның ақылдылығымен даналығы.
Қандай да болмасын бейненің табиғи түрде өсіп жетілуі, еркін адами тұлғаның дені сау болып, оның балалық шағы, жеткіншек кезеңі жақсы ортада өтуіне байланысты.
Ол қандай жағдайда?
Біріншіден . Сүйіспеншілік атмосферасы. Адам сүйіспеншілікпен дүниеге келуі керек және балалық шағын сол сүйіспеншілік атмосферада өткізуі, адамдардың бірін - бірі силауында.
Екіншіден . Адамгершілігі бар тәрбиеші, баланы ойлауға, әділ болуға, іспен сөзді ұштастыра білуге үйретеді. Әрине бұл рөлді анасы атқарса өте жақсы.
Үшіншісі . Баланың істеген жұмысы қашанда қуантады. Ол үлкендердің істеген қайталап отырып оны өзінше ойын сияқты көргенмен, өзі сол жұмысты көмекші ретінде атқарғанын ұға бермейді. Өсе келе сол жұмысты еркін орындайтын қалге жетеді.
Төртіншіден . Бала өзінің мақсаттық іс әрекеттеріне қанағаттанбаушылықтан оның не нәрсеге болса да қабілеттігі төмендейді.
Бесінші . Баланың барлық дамып өсуінің үйлесімі оның не нәрсені болсын көріп білуінде.
Алтыншы . Тәрбиеші, баланы қашанда болсын өзінің шамасына қарай айналасқан іс - әрекеттерін бақылап отыруы керек. Өйткені шамадан тыс ауырлықтан ол қызығушылықты жойып, жалқаулыққа ауысады.
Оның жасына байланысты жұмысын ауырлату керек.
Жетінші. Білімі мен тәрбиесі баланың еліктеуі байланысты. Түйсігі мен еліктеу методына байланысты. Түйсігі мен еліктеуі баланы айналасындағы адамдарға әрекет жасауға ұмтылдырады. Сол үшін үлкендер балаға жақсылық тілеп, оны жақсы көрсе оның әр қимыл әрекетің қадағалап отыру керек. Кәзіргі педагогикалық психологияда белгілі С. В. Королева жанұядағы өз ара қарым - қатынастың күрделігі мен оның жеткіншеккеықпалы зор деген. Оның ішінде ұстаздың рөлі өте зор, әсіресе нашар жанұяда деген. Жеткіншекпен қарым - қатынаста ұстаз өзін биязы ұстауы керек, Жанұядағы қыз бен ұлдың мінездерін ішінара түзетуге әсер етуі керек. Мұндай ішінара түзетулерді оқусыз түзетуге болмайды. Ол үшін өзінің стилі керек.
Қазіргі психологияда жанұяның өзара қарым - қатынасының стилі үшке бөлінеді.
1. Ырышылдық ( либеральный )
2. Өктемшілдік ( авторитарный )
3. Ашық айтушылық ( демократический )
Біріншісі, қашанда жанұяда өзара қарым - қатынастың болмауынан. Жанұядағы адамдардың бір - бірінен алшақтауынан, жатсынуынан, әсіресе жеткіншекке үлкендердің көңіл бөлмеуінен туындайды. Басқада екеуінде, Өктемділік пен ашық айтпауда, екеуінде бір қосынды - қатаң өктемшілдік, рәсімсіз қарым - қатынас, олардың қаталдық, агрессиялық, диктаттық, суықтық өз ара қарым - қатынасы. Басқасында коллегиялық демократия, бірігіп жұмыс істеу, өз ара көмек, ұзағынан түбегейлі жанұялық үстемдік. Жанұялық қарым - қатынаста тағы бір мінездеме бар - ол бағыттық мағанадағы қарым - қатынас.
Бағыттылық ол үш түрде болады.
Біріншісі: Артықшылдық іс - әрекет.
Екіншісі: Басқа адамдармен өз ара қарым - қатынас.
Үшіншісі: Өзіне және өзін қанағаттандыруға.
Бала мен ата - ана қарым - қатынасында жақсы бір формула бар, ол.
«Қатты қысып, құшақта, жібер, қал».
Үлкендердің балаға деген көз - қарасының өзгеруінен. Ата - ананың балаға кім екенін ойлаймыз ба ?
Біріншіден: Олар балаға жылулық пен қамқорлықпентың эмоциональды көзі.
Екіншіден: Жоғары дәрежелі әмірші және қайжағынан болмасын оларға тілектес.
Үшіншіден: Олар балаларға үлгі және соларға қарап еліктеп өседі.
Төртіншіден: Ақылшысы:
Мені, осылайша қандай да болсын, қай уақытта болса да, олардың арасындағы қарым - қатынас, олардың жастарына қарамай, ата - анамен балаға тән осы төрт функция сол қалпында қалады.
Сәби кезі мен балалық шақта осы функцияның біріншісі жүрсе, жеткіншек пен жасөспірім кезеңде екіншісі жүреді. Ал мектептегі кезеңде - үшінші жүрсе, төртіншісі - бала қай жаста болса да, ата - ананың ақыл кеңесі керек және ол басым болады.
Міне осы кезеңнен бастап, ата - анамен балаларының өз ара қарым - қатынасының қайта құру міндеттілігі артып, олардың біріге жұмыс істеп, оларға ақылшы болғаны дұрыс.
Енді балалардың ата - анасынан эмоциональды байланысы біртіндеп үзіледі не керсінше нығаяды. Немесе балалары мен ата - анасының арасындағы түсініспеушілік күннен - күнге күрделенеді. Кейде ата - аналар өз балаларының тәртібін реттей алмай қалады. Егер де ата - аналар мөлшері мен бағасын бағдарлап отырса, онда ол балаға жат болып көрінеді.
Осы жатсынудың түбінде не жатар?
БІРІНШІДЕН, Өскен балалармен арадағы қарым - қатынастың өзгеруі.
ЕКІНШІДЕН, Оның қажеттілігі, ата - ананың жеткіншекпен өз ара қарым - қатынасының дұрыс еместігін және оларды түсінбеуінің себебі.
ҮШІНШІДЕН: оларға өз дегендерін істетіп, өктемдік жүргізудің салдарынан.
ТӨРТІНШІДЕН:Жеткіншек пен өз ара қарым - қатынастағы тепетеңдікті сақтамауы.
Осының барлығы жеткіншектің мінез құлқының моральдық өзгеруіне әкеліп соғады. Жанұядағы бұданда маңызды мәселе, арадағы жеткіншектік кезең. «Ата - анамен бала» жүйесі.
Ұстаз - психологтың көңіл бөлетіні - біріншіден, ата - ананың балаға деген көз қарасының ерекшелігі. Жеткіншекпен ата - ананың ұстанымы ( позициясы ) бір арнаға тоғысуы мүмкін, - деген В. А. Караковский.
Біріншіден, ата - ана өзін, балаларының үстінен қарау оларға « алланың әмірімен » келген деп, жеткіншекке өз ойын, пікірін, барлығымызға белгілі « Мен сияқты істе » деумен ұқтырады. Бұл ұстанымның (позицияның) ақыры, жеткіншектердің өмірлік стиліне қарсы, олардың қәзіргі сән үлгісімен киініп, шаштарын түзетуі, заман талабына сай музыка мен билеулерін, барлығына қатаң талап қою енмесе соның барлығын тоқтатуға ұмтылудан басталады.
Екіншісі, ата - ана өз балаларының тез өсіп, ақыл - ойының жедел жетіліп, олар «Жастардан қалыспау » керек деп, алға ұмтылуларын қолдаса, онда олардан өздеріне деген жылылық пен алғысқа бөленеді.
Міне, осы екі позицияда да екі ұрпақтың өз ара қарым - қатынасының бұзылуы, ұрпақ арасындағы үлкендердің бала алдында абыройының жойылуы, қарым - қатынастағы тәрбиенің бұзылуына әкеліп соғады.
Осы арада ұстаз неге көңіл аудару керек? Мұндайда ата - ананың жеткіншекке деген көз қарасын өзгерту керек екенін түсіндіру және де олардың өз ара қарым - қатынасында үлкендердің балаға деген үстемдігін төмендетіп, абыройын жойып алмай, беделін көтеру. Сенімді болу - беделдің көтерілуіне негіз. Біз әрине жайдан - жай үлкендердің үстемділігіне көңіл бөлген жоқпыз.
Мамандардың ойынша, үстемділік пен беделдік бірімен бірі тығыз ұштастырылған. Сіздердің білулеріңізше, психологтар оларды үш негізден тұрады деген. (демократиялық, өктемшілдік, немқұрайлылық) .
Біріншісі - демократиялық ( ашық айту ) мұнда үлкендер балалармен өздерін жолдас реттінде сөйлесіп, олардың тәртібін бақылап, мақтап, ақыл айтып, олардың істеріне мәз болады.
Екіншіде, авторитарлық ( өктемшілдік ) жағдайда қарым - қатынас қысқа бұйрықты түрде, өз дегендерін істеумен аяқталады. Баланың сезімі мен эмоциясы есепке алынбайды. Оларға өздерінің көңіл күйіне қарай ұрысады да мақтайды да.
Үшіншіде - немқұрайлық .
Өз ара қарым - қатынаста балаға көңіл бөлінбей «не істесеңде - өзің біл» деген сынай білдіреді.
Егер де осыны шкала арқылы өлшеп көретін болсаң, онда оның бір жағдайдағы « + » (плюс) белгісінде ата - ананың балаға деген өте жақын, жылы, тілектестік көз қарасы жатса, екінші жағында « - » (минус) алыс, суық, жат көз қарасы көрсеттілер еді. Көптеген зерттеулерде ата - ана
Ның сүйіспеншілігі жеткіншікке өтн қажет, және де оның өзге адаммен қарым - қатынасының жақсаруына, өзін - өзі силап, өзі туралы басқаның жақсы көз қараста екенін сезінуінде.
Ал егер де ол қарым - қатынас керісінше болса, онда жеткіншектің психикасы қозғалып, жүйкесі жұқарып, өзгеге деген көз қарасы төмендеп, өзін кекшіл және жиіркенушілікпен ұстайды. Қарым - қатынастың стилі тәрбиесіне байланысты. Балаға зейін қойып, оларды мақтау бірінші орында болса, қаталдық пен жазалау - екінші орында болады.
Мұндайда ақыл алдында, ашу соңында дейді халқымыз. Мұнда бірінші типті қолдану баланың психикасының гормональді өсуіне, ал екіншісі баланың психикасының гормональды төмендеуіне әкеліп соғады. Мұндай эмоциональді тон жанұядағы тәрбиенің бақылауы мен дербестігінде, ал баланың тәуелдігі, енжарлығы, соқыр тілалғыштығы, осының барлығы не ұқсастықтан, не қарама - қарсылықтан болады. Өзара қарым - қатынастың стилі үлкендердің балалармен оларды қолдау контактісінде ғана емес, олардың өзара қарым - қатынастық тәрбиенің, өзіндік тәрбиелеу әдісінде. Осының барлығы баланың әдісінде. Осының барлығы баланың үлкендерге қарап еліктеуіне, шындап айтқанда соларға ұстап өсуіне әкеліп соғады.
Өз ара қарым - қатынастың стилінің мәнін, сызықтың бойында есептеуге де болады. Оның бір плюсінде сөзсіз өктемділік билесі, екінші плюссінде демократия, ал ортасында өзара қарым - қатынастың бірдей мәні көрсетілер еді. Егер де біз осы сияқты ойша жүріп өтсек, өзара қарым - қатынасты жүрудің, үлкендер атқаратын және де жеткіншектің бағыну мотивті ( түрткілері ) осы мәселелердің қатысу арқылы мынандай суретті көруге болар еді. Шектен тыс өктемділік, қарым - қатынаста зорлықпен ( ұрып - соғумен ) көндіруге болатыны.
Ақырындатып айтқанда, қорқытып істетуге әкеліп соқтырады. Өзінің үлкендігін пайдаланып, өзін силауға иландыру. Қатты айтып ананы істе, мынаны істе деп, оны құлға айналдыру. Жеткіншек мұндай әсерден енжар, өзіндік еркі жоқ, тілалғыш құлға айналады.
Ал қарама - қарсылық көрсеткенде шатақшығып қарама - қатынастың үзілуіне әкеліп соғады. Әрі қарай алғанда жеке қамқорлық, ол дегеніміз аз да болса өзімшілдік, терең өтініп сұрау ( бұл мен үшін өте маңызды, мен үшін істеші, деп өтініп сұрау, жауапкершіліктен қашқақтау. Өзіндік идиолизм қажеттілік әрекет - ол оған істеткізуге, оған сенім артуға, түсінуге, соңында шешім қабылдауға, үлкен мен жеткіншектің бірігіп істейтін жауапкершілігі.
Бұдан шығаратын қорытындымыз жанұядағы қарым - қатынаста ата -ананың міндеті жеткіншектік кезеңді жай ғана прогресті демокртизация деп түсінулері керек. Ата - ананың міндеті - тәрбиенің жүйесіндегі тілектерінің нәтижесі.
Көптеген жанұяда үлкендер балаларына өздерінің білмегенін, істей алмайтындарын үйретуге тырысады. Баланы тәрбиелеу кезінде ата - аналар көптеген даналықтарға үйренеді « Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра ». « Жасында байқары жоқтың - жасы жеткенде айтары жоқ », « Үлкен отырып - кіші сөйлегеннен без »,
« Еңбек адамның екінші анасы », « Еңбек - емізер », « Сабыр түбі - сары алтын » - деген мақал мәтелдердің айтарлары жас жеткіншектерді адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгішікке баулиды, ойлануға жетелейді. Менің ойымша ата - анаға керекті қасиет - жаңаша оқуға қызығушылық, әзілдесіп, өзінің істеген істеріне сын көзбен қарап, қашанда ашығын айту.
Жеткіншектің сана сезімінің өсіп жетілуіне, үлкендер өте қамқорлықпен қарап, оларды балалық, сәбилік кезіндегідей аялап білуінде. Оларға дер кезінде ақыл - кеңестерін айтып, қашанда қолдап отырса, олардың жақсы азамат болып, сана сезімдерінің жақсы азамат болып, сана сезімдерінің өсіп жетілулеріне көмектеседі.
Жеткіншектің мінез құлқының тез өзгеруін ата - ана түсініп бақылап отырса, онда олардың қателесуіне жол берілмейді. Егер де уақытымен қадағалап отырса, ата - анамен жеткіншек арасындағы қарама - қатынас түсіністік тауып, тығырықтан шығуға болады. Әрине, жеткіншектік кезеңдегі проблеманы (мәселені) қиындықсыз, әрі тез шешуге болмайды. Ата - анамен жеткіншек шыдамдылықпен жұмыс істеп, бірі мен бірі әңгімелесіп, бірін - бірі жақсы көруге тиіс. әр жанұяда мұндай кезеңде, айналасындағыларды жаңаша көріп, барлығы бірімен бірі жаңа танысқандай болады. Осындай конфликт пен торығуда, адам өзінің ақыл -ойымен өзіне жауапкершілікті мойнына алып, осы проблеманы шешуге тырысады. В . Сатирдың тәжірибесінен мынаны білуге болады. Ата - ана жеткіншектік дағдарыс (кризис) кезеңі өтіп одан балаға ешқандай із қалмауын қадағалайды. Олар өте қорқынышпен осы өтпелі кезеңді тосады. Баласының жаман әдетке, алкогольге, есірткіге, бұзақылыққа, зорлыққа (зинақорлыққа) баруынан сақтанады. Егер де олар осының барлығын алдын - ала қадағаласа, онда жарты жұмыс атқарылды деген сөз. Ата - аналар өздерінің қорқыныштарынан арылу үшін, алдын ала дабыл қақпай балаларының істеп жүрген істерін бағалап олардың істері дұрыс деп ойласа, онда оларды қолдап, мақтап отырғандары дұрыс.
Мақтаудың да жолы бар, егер жеткіншек өз қатесін уақытымен түсініп, оны түзетуге тырысса, онда мақтауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz