Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын көрсету
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары
Мазмұны:
Кіріспе.
I тарау. Оқыту процесіндегі баланың мектепке бейімделуінің кейбір
психологиялық-педагогикалық мәселелері.
1.1. Зерттеліп отырған проблемаға байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу.
1.2. Баланың әлеуметтік-педагогикалық бейімделу мәселелері
1.3. Баланың сабаққа бейімделе алмау себептері
1.4 Бірінші сынып оқушыларының психикалық даму
ерекшеліктері.
II тарау. Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың
жолдарын көрсету.
2.1. Оқушының мектепке бейімделу қиындықтары және оны жеңілдету жолдары.
2.1. Оқушының мектепке бейімделуінде мұғалім мен ата
– ананың, және психологтың атқаратын рөлі.
2.2. Жүргізілген іс – тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Кіріспе.
Еліміздің нарықтық әлеуметтік-мәдени саласы өскен сайын, қоғам
дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы
да өзгеріп жаңару үстінде. Осы орайда Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан
халқынына жолдауында былай деген еді: XXI ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық деген еді. Ал білімді ұрпақтың болуы мектеп
қабырғасынан басталатыны белгілі. Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын
еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктен, баланың
нәрестелік шағынан басталып, ұдайы, үздіксіз даму барысында ғана
қалыптасатыны белгілі. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен
міндеттер жүктейді. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш
буынның алар орны ерекше. Өйткені бұл саты баланың рухани күш – қуатының,
мүмкіндіктерінің, танымдық қажеттіліктері мен интеллект көзінің ашылар
кезі.
ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында бастауыш
білім беру жөнінде былай айтылған: Оқу алты жастан басталады. Бұл жас
баланың ақыл – ойының дамуы және әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы
кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті баланың жеке басын
бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және
дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу
қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік
қарым – қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін - өзі шығармашылық тұрғыдан
таныта білуге, мінез – құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты
өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің
жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды.
Баланың алғаш мектеп қабырғасына келуі – оның бойында ерекше сезімдер
туғызады. Жақсы оқушы, жақсы азамат болу – уақыт талабы. Баланың мектепке
келуінің басты міндеті – білім алып, қоршаған ортаны тереңірек тану, жақсы
азамат болып, ұлт болашағын жалғастырар білімді ұрпақ болып шығу. Ол үшін
бала түрлі қиындықтардан өтуі керек. Соның бірі баланың мектепке
бейімделуі. Осыған орай біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан – жақты
жағдай жасай отырып, оның мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек
көрсетуіміз керек.
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: ...
бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі,
оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан
диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға
күш жұмсап еңбектенетін бала – деп қарау міндеті анықталған. Осыған орай
біз бірінші сыныпқа келген оқушыға жан – жақты жағдай жасай отырып, оның
мектепке еш қиындықсыз бейімделуіне көмек көрсетуіміз керек.
Адамзат өміріндегі алғашқы оқудың маңызына баға жетпейді. Бала нақ осы
уақытта жазба сөзге үйренеді, бұл оны адамдардың көп ғасырлық мәдениетімен
ұштастырады, оған дейін адамзат жасап шығарғанның бәрін білуге мүмкіндік
береді. Осы кезде тіл, математика, табиғат және адамзат қоғамы бойынша
білімдердің маңызды негіздерін, сондай – ақ өз ойын басқаларға жеткізуді
біліп шығады.
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды
негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін
күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік, шеберлікпен қолдана білу. Осы
жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез – құлқын, сана –
сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің дұрыс қалыптасуын қадағалап,
әрі дамытып отыруы қажет.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны
тұжырымдамасында бастауыш білім берудің басты міндеттері былай
көрсетілген:
- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүрген жаңа табиғи және әлеуметтік
ортаға үйренуін, онда жаңа әлеуметтік мәртебе – оқушы мәртебесінің
қалыптасуын;
- оқу, ойын, еңбек, қарым – қатынас т. б. сияқты әрекет түрлерін қажетті
деңгейде меңгеруін;
- айналадағы дүниемен дара – тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық,
этикалық, адамгершілік нормаларды меңгеруін;
- білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір
деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет
етеді. Бірінші сыныпқа келген кейбір балалар мектеп өміріне бейімделуі, оқу
бағдарламасын меңгеруі қиынға соғады. Бұл балаларға мұғалімнің
психологиялық назары ерекше қажет. Мұнда оқу бағдарламасын толық меңгере
алмауы баланың болашақ интеллектуалды және жеке дамуына кері әсерін
тигізеді. Сондықтан мұндай балалармен жұмыс жасау үшін баланың жеке
ерекшелігіне байланысты ықпал ету қажет. Осы орайда бастауыш мектептің
негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз
ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Мектеп табалдырығын аттаған
бала міндетті түрде белгілі бір эмоционалды және әлеуметтік дамуға сәйкес
келуі қажет. Баланың мектептегі алғашқы күндері ең қиыны. Баланы нәтижелі
оқыту үшін бейімделудің ерекшеліктерін, яғни үйрену, мектеп өміріне
бейімделуін ескеру керек. Мектепке бейімделу кезеңін әрбір оқушы өзінің
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше өткізеді. Осы кезеңде
баланың іс - әрекетінің барлығы оқуға, білім алуға, жаңа міндеттер атқаруға
бағытталады. Әлеуметтік мәртебесі өзгереді, балабақша мүшесі мектеп
оқушысына айналады. Сонымен қатар осы сәтте қайшылық туындайды, баланың
таңдау еркіндігін енді нақты ұйымдастырылған шегі бар оқушы мінез – құлқы
ережесімен біріктіру жүзеге асады. Көптеген балалар бұған дайын
болмағандықтан, мектеп режиміне өту қақтығыспен өтеді. Алғашқы кезеңде бала
әрекетінде психологиялық қайта құруды басынан кешеді. Егер бұрын ойынға көп
мән берілсе, енді ол мінез – құлық мотивін өзгертетін, танымдық
қызығушылықтары мен адамгершілік көзқарастары дамуына түрткі болатын оқу
әрекетіне ауысады.
Баланың мектепке бейімделуі бірден болмайды. Оқушы болғаннан кейін оған
көптеген міндеттер жүктеледі. Оқушы мұғалімнің талаптарын орындауы қажет,
тәртіпті болуы керек, құрдастарымен қарым – қатынас жасай алуы керек,
сабақтар ретіне үйренуі тиіс. Бастауыш мектеп баланы оқуға үйретумен,
тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына
жағдай жасайтын негізгі саты. Сондықтан да мұғалім де баланың мектепке
бейімделуіне көмек көрсетуі қажет. Бала үшін мектеп ең алдымен мұғалім!
Бала үшін және оның ойдағыдай оқуы үшін мұғалімнің жеке басының қаншалықты
зор маңызы бар екені осыдан ақ айқын көрінеді. Өйткені бала сыныптағы
мұғалімнің көзқарасымен қарайды. Мұғалім балаға теріс баға беруден қашуы
керек. Оның алғашқы айлардағы негізгі міндеті – балаға сыныпта бөтен емес
екендігін сездіру. Балалардың бір – бірімен қарым – қатынасының
қалыптасуына мұғалім себепші ретінде болуы керек. Бала құрбылары арасында
өзіне тиісті орын алуы да, оның қарым – қатынасына әсер етеді. Сол үшін де
мұғалім баланың мектепке бейімделуі кезінде оларға жылы жүзбен қарап,
мейірімділік, шыдамдылық таныта білуі керек. Менің ойымша сонда ғана бала
мектепке тез бейімделіп, мектеп деген сөзден қорқыныш сезімін сезіне
алмайды, олардың оқу процесі жақсарып, әлеуметтік - психологиялық дамуы
белсенді түрде жүреді. Алайда барлық ұстаз, ата – ана баланың мектепке
бейімделу жолдарын біле бермейді.
Осыған орай, диплом жұмысы тақырыбын: Бірінші сынып оқушыларының
мектепке бейімделу жолдары деп алдым.
Мақсаты: Баланың мектепке бейімделе алмауының себептерін анықтау және оны
болдырмаудың жолдарын көрсету.
Міндеттері:
1. Баланың әлеуметтік-педагогикалық бейімделу мәселелерін айқындау
2. Түрлі психодиагностикалық әдістерді қолдану арқылы баланың мектепке
бейімделуін зерттеу.
3.Балаға мектептегі ортада бейімделуге көмек көрсету.
Зерттеу объектісі: Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуінің
жолдары.
Зерттеу пәні: Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуінде
қиындықтарды жеңу жолдары.
Зерттеу болжамы: Егерде баланың мектептегі ортаға, оқуға қажетті
психологиялық механизмдері қалыптасатын жағдай жасалса,онда баланың
мектепке бейімделуі қиындықсыз өтеді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді саралау, байқау, тест т. б. .

1. Зерттеліп отырған проблемаға байланысты ғылыми әдебиеттерге
шолу.
Қазіргі кезеңдегі бастауыш білім берудің басты міндеті – баланың күш –
қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдай жасау жолымен оның
интеллектісін байыту. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің
алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс.
Балалар, әдетте, мектепке баруды асыға күтеді, мұнда оған алғашқы
кезде барлығы да жаңа, тартымды болып көрінеді: мұғалімнің әңгімесі,
мектептің жалпы тәртібі, оқу, жазу және көруге қызықты көрнекі құралдар т.
б. Бір қызығы, бұл тұста балаларды қызықтыратын білім алу емес, оқу
процесінің өзі. Олар мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере алмаса да оның
сұрағанын жақсы көріп тұрады. Сонымен қатар бірқатар зерттеулерге қарағанда
бірінші сыныпта балалар асқан ұқыптылығымен, өзінің міндетін адал атқарып,
мұғалімнен алған тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың көбірек шұғылданатыны ойын. Ақын Қадір
Мырза Әлидің :
Жаста кім боп ойнайсың,
Кім болам деп ойлайсың.
Өскенде сол боласың,
Ақыл – ойға толасың.
Жүргенде де ойында,
Мақсат болсын ойыңда! – деген өлең жолдарында терең сыр жатыр. Егер осы
жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші рөл атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып,
баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық
дамуы ірі өзгерістерге ұщырайды. Өзгерістерге ұшырауының себебі ойынға
қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында. Сонымен қатар оқуға жаңа
түскен бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, орсының нәтижесінде
өзінің психикалық байлығын дамытып, жаман – жақсыны ажырата бастайды.
Дегенмен, әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе
алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: біріншіден,
бала мектеғптің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып,
мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға
үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да
ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай
қарым – қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың
мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін
сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға
болама, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Үшіншіден,
1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың
жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелемейді, дегенмен бала оқиды.
Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу
қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта
алмайды. Бала мектепке келісімен мұғалім оларды әртүрлі іс - әрекеттер
арқылы оқуға, еңбектенуге баули отырып, ұқыптылық пен зейінділікті талап
етеді. Мектептегі оқудың басталуы – бала өміріндегі әлеуметтік,
психологиялық жағынан да физиологиялық жағынан да қиын әрі жауапкершілігі
мол кезең. Бұл адам өміріндегі және іс - әрекетіндегі жаңа жағдай болып
табылады. Баланың бұл кезде бар өмірі өзгеріске түседі.
Л. Д. Столяренко бұл кезеңді былайша сипаттайды: 6-11 жаста баланың
танымдық процестері қайтадан құрыла бастайды. Ерікті зейіні, мақсатқа
бағытталған ерікті қабылдауы – байқау, ерікті есте сақтау дамиды. Сөздік –
логикалық ойлауы, өзін - өзі басқару, мінез – құлық, ерік дамиды. Белгілі
бір іспен айналысуға, өзінің мінез – құлқын меңгеруге үйренеді. Рефлексия
дамиды (бала өзінің істеген ісін сезініп, оны жеткізе біледі). Ақыл – ой
әрекеті қалыптасады. Бала осы кезде мектепке барып өзінің қарым – қатынас
жасау аймағын кеңейтеді. Мектеп бала дербестігіне әсер етеді. Оқуды,
жазуды, есеп шығаруды үйренеді. Үй жұмысымен айналысуға дағдыланады. Қарым
– қатынас аймағы кеңейеді, өздерінің мұғалім деген жаңа авторитеттері
көрініс береді. Оқу ұжымында қарым – қатынас жасау қалыптасады. Ойын оқудан
кейін екінші орынға түседі. Мұғалім бағалауы мен оқудағы жетістіктерінің
негізінде өзіндік бағалау, өзіне - өзі сенім қалыптасады. Бірақ оқудағы
қиын кездерде, мұғалім мен ата – анасының сындарының кезінде өз күшіне
сенбеушілік қалыптасады.
Бұл қауырт кезеңде мектеп 1-ші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар
қоятыны белгілі. Ал оқушының азын – аулақ алған білімі, ол қажеттіліктерді
орындауға мүмкіншілік бермейді. Осыдан келеді де, оқушылардың
мүмкіндіктерімен мектептің қойылатын талаптары арасында қарама –
қайшылықтар туады. Себебі оқу басталғаннан жүктеменің көлемі өседі. Баланың
өткен кезеңімен салыстырғанда ұзақ уақыт қозғалмай іс - әрекет жасауы. Осы
кезде бұл жүктеме ауыр тиіп жалықтырады. Бала мектепке бірден бейімделіп
кете алмайды. Бұл ағзаның, барлық жүйенің қатты жұмыс істеуін қажет ететін
ұзақ үрдіс. Баланың ағзасында жаңа тәртіптер мен іс - әрекеттерге үйрену
өзгерістер туғызады. Бала мектепке бірден төселіп кете алмайды. Ережелерге
ие болу – деп жазады А. Н. Леонтьев – бұл дегеніміз өз мінез – құлқына ие
болу, оларды басқаруды үйрену, оны нақты бір тапсырмаға бағындыруға
үйрену.
Белгілі орыс психологы Л. И. Божовичтің көрсетуінше, балалық шақтан
мектепке өту – баланың өмір салтын түбірімен өзгертеді, ол оқу арқылы білім
игеріп қана қоймай, күнделікті міндетті еңбек ету арқылы қоршаған ортаға
бейімделе бастайды. Мектепке келген баланың психологиясы да түбегейлі
өзгереді. Ол баланың оқу әрекетіне байланысты. Сондықтан мектеп
жүктемелерін табысты игеру немесе меңгермеуі ол үшін не зор қуаныш, не
үлкен уайымға айналады. Өз ортасында жоғарыдан көріне алмауы жан
күйзелісіне әкеліп соқтырады. Мектепке тез бейімделе алмаған балалардың
көңіл күйі төмен болады, жиі ауырады, олардың ауыруы мектеп неврозы
сипатында болады, яғни мектепке баруды есіне салса, бала ренжиді, жылайды,
уайымдайды.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты
еңбегінде : Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар
үнемі мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба? деген
қорқынышпен жүреді – дейді. Баланың өмірдегі әрқилы өзгермелі жағдайларға
тез арада бейімделе алмау деңгейі өмірлік дағдыларды меңгеру жәрежесі
қаншалықты екендігінен көрінеді. Өмірлік дағдылар дегеніміз күнделікті
өмірде оқушыларды оқуға және еңбек етуге байланысты өз қажетіне қарай
бейімдеу, кедергілерді өз дәрежесінде шеше білуге көмектесу.
Осы кезеңнің жетістігі баланың психикасы өте тез дамиды, олар өте
сезімтал, әсершіл болып келеді. Бірақта кіші мектеп жасындағы балалардың
қабылдауы әлі де тұрақсыз болғанымен, білімге деген құштарлығы өте зор.
Деңгейлі қабылдауының қалыптаспауы, сараптауға бейімсіздігі әр нәрседен
үлкен әсер алатындығымен теңестіріледі. Мұғалім баланың әсершілдігіне
сүйене отырып, оқушыны мақсат қойып тыңдауға, көруге үйретеді, өз әрекетін
зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағыттайды. Осы жаста баланың дерексіздендіру
қабілеті, логикалық ой - өрісі дамиды. Және баланың интеллектісінің даму
кезеңінің шыңы, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуынан, оқыту мен
тәрбиенің мазмұны мен әдіс – тәсілдерінен көп нәрсе тәуелді болуы заңды да.
Л. И. Божович бала психикасындағы мектеп талаптарына сәйкес келетін
мынадай жаңалықтарды ұсынады. Мектепке келген балада танымдық
қызығушылықтарының нақты даму деңгейі, әлеуметтік позициясының өзгеруіне
дайындық, оқимын деген тілек болуы керек; сонымен қатар оның мотивациясы,
этикалық инстанциясы, өз - өзін бағалау пайда болуы керек. Аталған
психологиялық қасиеттер мен сапалардың бірлігі осы бағыт шеңберінде жұмыс
істеуші ғалымдардың көзқарасы бойынша мектеп оқуына дайындықты құрайды.
Д. Б. Эльконин мектепке дайындық проблемасын талқылай отырып, бірінші
орынға оқу әрекетіне қажетті алғышарттардың қалыптасуын қояды. Осы
алғышарттарды талқылай отырып, ол және оның әріптестері келесідей
параметрлерді көрсетіп берді:
- балалардың саналы түрде өз әрекеттерін ережеге бағындыра алуы;
- берілген жүйе талаптарына бағыттала алуы;
- сөйлеп жатқан адамды зейін қойып тыңдау және ауызша формада берілген
тапсырмаларды нақты орындай алуы;
- көздік қабылдау үлгісі бойынша талап етілген тапсырманы өз бетінше
орындай алуы.
Бұл параметрлер еріктіліктің дамуына әсер етеді, және мектепке
психологиялық дайындықтың бөлігі болып табылады.
Психолог Л. С. Выготский: Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық
тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп – жетілуі үшін ересектермен қарым –
қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік
тәжірибені меңгереді – деген. Психологиялық дамуға баланың ересек адамның
сөзін түсінуі, оқуға жағымды көзқарасы, өздігінен іс - әрекетке дұрыс баға
беруі, көпшілікпен бірге жұмыс атқаруға ынталануы, жұмыс істей білуі
жатады.
С. Т. Басұрманова еңбегінде бастауыш сынып оқушысының психологиялық
жаңа құрылымы - өз беттерінше ерікті әрекет ету, ішкі және сыртқы
бөгеттерден өтуді меңгерту. Бірінші сынып оқушысы барлық жұмысты өзі
атқаруға ылғи ынта қояды, оның белсенділігі артады деген пікір айтады.
Бастауыш сынып оқушысы барлығын білгісі келеді, беделді адамға сенгіш,
болып жатқан оқиғаларға шынайы түрде қарайды. Осы кезеңде ақыл – ой
қасиеттерінің жалпы түрі: белсенділік пен өзін - өзі реттеуді атап өтуге
болады. Белсенділік барлығына қызығушылықпен қарауда көрінсе, өзін - өзі
реттеу барлық психикалық актілерде көрініс береді. Осы жерде мектеп өміріне
А. В. Запорожецтің сөздерін еске алуға болады, яғни психикалық дамудың
ерекше логикасы туралы, баланың психикалық дамуының әрбір жаңа сатысы
заңдылық ретінде дағдыланған сыртқы және ішкі шарттармен бір біріне өтеді.
Сондықтан да 6-7 жастағы бала мектеп өміріне дайын деген. Осы кезеңнің
жетістігі баланың психикасы өте тез дамиды, олар өте сезімтал, әсершіл
болып келеді. Бірақта бірінші сынып оқушысының қабылдауы әлі де тұрақсыз
болғанымен, білімге деген құштарлығы өте зор .
Қазіргі заманғы педагогикалық – психологиялық зерттеулердің анықтауы
бойынша мектептің бастауыш сатысындағы кезең баланың қай жағынан – ақыл-ой,
рухани, дүниетаным, т.б. – болсын ең қарқынды дамитын кезеңі екен.
Бастауыш сатыда оқушы тек пәндік білім, білік дағдылардың белгілі бір
қажетті жиынтығын ғана меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу
әрекетін, өзін - өзі ұстау мәдениетін, этикалық, эстетикалық, адамгершілік
нормаларын, яғни оқушының тәрбиелік деңгейін сипаттайтын және қалыптасуында
әр пән белгілі бір рөл атқаратын құндылық қатынастарды да меңгереді.
Осының бәрі:
- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін табиғи және әлеуметтік ортаға
үйренуін; жаңа әлеуметтік мәртебе – оқушы мәртебесінің қалыптасуын;
- оқу, ойын, қарым – қатынас, еңбек, т. б. әрекет түрлерін қөажетті
деңгейде меңгеруін;
- айналамен жеке – тұлғалы қатынасының қалыптасып, этикалық, адамгершілік
нормаларды меңгеруін;

деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектеп жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеудегі өте қолайлы кезең.
Себебі 6-7 жастағы баланың санасының дамуы адамдар әрекетінің адамгершілік
қатынасын тәрбиелейтін деңгейге жеткен. Сондай – ақ олардың қоршаған
өмірдегі шындыққа деген қатынасы мейлінше анық және тура, баланың сезім
өрісінің дамуы қажет деңгейге жеткен. Бұл жастағы балаға қоршаған ортаның
нақты, анық кезеңдерін қабылдап, бағалау тән.
Л .И. Божович, А.А.Люблинская, Д. Б. Эльконин және т. б. бұл кезеңді
баланың адамгершілік қасиеттерінің белсенді қалыптасу кезеңі деп
қарастырады. Әрқашанда әр оқушының мүмкіндігі мен қабілетіне сену керек. Ш.
А. Амонашвили “Балаға, оқу – тәрбие процесіне қоылатын талаптарды
айқындамастан бұрын, олардың мұғалімі қандай болуы керек екенін анықтап алу
қажет. Менің ойымша, мұғалім қызметінде жандана түсетін оқушылармен жұмыс
тәсілдері, принциптері, формалары егер ол солар арқылы өзінің оқушыларға
деген ізгі, мүдделі қарым – қатынасын жүргізбейтін болса, балалар ұжымында
ынтымақтастық пен жолдастық рухын орнатпайтын болса, әр оқушының өз күшіне
деген сенімін ұштай алмайтын болса өздігінен жақсы да тиімді де бола
алмайды. Өйткені әсіресе бірінші сынып оқушылары үшін ұстаз сенімі мен оның
бағасы өте мәнді. Сондықтан да әр ұстаз оқушылардың бірімен бірі тез тіл
табысып, сыйлауға бірін – бірі түсінуге жағдай жасағаны жөн. Себебі бала
үлкендердің айтқанынан гөрі өзінің құрбысы айтқанын тез қабылдайды. Бұл
жұмыстың барлығы өзара ынтымақтастық негізіндегі қарым – қатынас арқылы
жүзеге асып әр оқушының белсенділігін арттыруды мақсат етуі қажет. Себебі
тәрбие мәселесінде нәтижеге жету үшін ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт
арасында сенім мен пікірлесу орнығуы керек. Ал бұл сенімді және іскерлік
негізіндегі қарым – қатынас арқылы ғана жүзеге асады. Л. С. Выготский
“Ынтымақтастықта дербестіктен гөрі жетекшілік етумен, біреудің көмегімен
бала әрдайым көбірек тындырады және қиынырақ мәселелерді шеше алады... Дербес
жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол
өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке
көтеріледі...” - деп жазады. “Оқытудың бүкіл психологиясы үшін, - деп
толықтырады ол, - ынтымақтастық интеллектуалды биік баспалдаққа көтерілу
мүмкіндігі баланың қолынан келмейтіннен қолынан келетінге ұмтылу мүмкіндігі
орталық сәт болып табылады”.
Д. Н. Узнадзе Л. С. Выготский сияқты бастауышта оқытудың басты
міндетін баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін жағдайлар
жасаудан көреді.
Жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, оны жеке бас қасиеті үстінде
бекіту үшін оқыту процесінде арнаулы жағдай жасау керек. Біріккен іс -
әрекет адам белсенділігінің негізі болып, оқу барысында педагогтың
оқушылардың іскерлік, өзара дербес қарым – қатынасқа түсуіне жағдай жасауы
өз тарапынан жасалған нақты шара. Осындай көмек барысында педагог әр
оқушының жауапкершілік сезімін алғаш рет өз басынан өткізіп, сол қасиетке
сай психологиялық жүйеге енуіне, сол күйдің әр оқушының және басының
тұрақты қасиетіне айналуына жағдай жасағаны жөн.
Бірінші сынып оқушылары сезім әрекетіне тез бой алдыратыны ғылымда
белгілі. Сондықтан Б. А. Сухомлинскийдің жауапкершілік сезімін тәрбиелеуде
мейлінше әсерлі ықпал ету жолы ретінде қолданған жағдайды бастауыш сынып
оқушыларына қолданған жөн. Балалармен ертегі, әңгіме, кино және т. б.
жайында қарым – қатынасқа түсіп, сол жағдайлар арқылы оқушыларды басқа адам
сезімін бастарынан өткізуге, өзін көмекті түсінушілікті қажет ететін
адамның орнына қоя білуге, оның бастан өткізген сезімін өз басынан
кешіруіне үйреткен жөн. Бұл жұмыс тек мектеп қабырғасында ғана жүргізілмей,
әр отбасында қолдау тапса ғана айтарлықтай нәтиже шығады.
Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілеріне төмендегілер
жатады:
- білімге деген қажеттілік, адам мәдениетінің белгілі бір саласына деген
қызығушылық және оны терең меңгеруге ұмтылыс, әлеммен ақпараттық өзара
әрекет мәдениеті;
- өзінің білім ордасымен, сыныбы, мұғалімімен мақтану сезімінің болуы;
- білім мекемесінде, сыныпта оқушылардың өздерін жайлы сезінуі,
қауіпсіздіктерін сезінуі;
- өз сыныбының дәстүріне берілуі, оған қамқорлық білдіруі;
- ересектердің тәжірибесі мен білімін сыйлайтын оқушы болу білігі;
Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең
негізгі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің тоериясы
мен жетекші идеясын және бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігін, соған
орай балаға педагогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс. Тәрбие жұмысы
жас ерекшелігіне орай жүзеге асады. Бұл жастағы балалардың ерекшелігі –
олар әлеуметтік өмірге араласуға, енуге, оның заңдарын білмесе де, соншама
құлшыныспен асығып ұмтылады. Осы жас кезеңіне тән табиғи ерекшеліктерінің
бірі – еліктеушілік әлеуметтік жағдайларды қабылдауына ықпал етеді. Мұнда
баланың нәзік жан дүниесіне дақ түсіріп алмау керек.

Адам, бала қоғам олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып,
өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай болуы оны
құрушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде,
әлеуметтік-гуманистік ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Соңғы
жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жастар
бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп отыр.
Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі экономикалық және саяси
өзгерістер жастар ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні
белгілі. Осыған байланысты баланың бейімделуін зерттеу адам мен оны
қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуі мен,
қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай –ақ психология
ғылымының негізгі зерттеу обьектісі-тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы
мәселесінің маңыздылығы мен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.
Адаптация термині түрлі ғылым саласында қолданылады және соған орай оның
талдауы да әрқилы.
Баланың әлеуметтік-психологиялық адаптациясы- оның белгілі бір
әлеуметтік –психологиялық статусқа ие болу, қандай да бір қоғамдағы рөлдік
функцияларды игеру процесі. Әлеуметтік –психологиялық адаптация процесінде
тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары арасында үйлесімді
қол жеткізуге ұмтылады. Оның жүзеге асуына қарай тұлға бейімделуі
жоғарлайды. Толық адаптация барысында адамның психикалық іс-әрекетінің орта
шарттарына адекваттылығы жүзеге асады.
Әлуметтік-педагогикалық адаптацияны баланың қорғаныс құралы ретінде
қарастыруға болады. Оның көмегімен ішкі педагогикалық шиеленіс,мазасыздық,
тұрақсыздық жағдайы әлсіреп, шеттетіледі.
Өткен ғасырдың соңынан бастап америка ғалымы У.Джеймс пен оның
жақтастары Ч.Дарвин еңбектеріне негіздей отырып сананың адам өміріндегі
рөлі мен функциясын анықтау барысында сана теориясында функционалистік
бағытты ұсынды. Олардың айтуынша сананың негізгі функциясы-адаптация, ол
баланың сыртқы ортамен әрекеттестігін реттейді.Позитивистер (А.Бандура,
А.Маслоу, Г.Олпорт) тұлға адаптациясының бастауын оның ортамен қайшылығынан
көреді. Әлеуметтік адаптацияны бихевиористер арнайы топтық жүріс-
тұрыстағы, әлеуметтік қатынастағы немесе мәдениеттегі физикалық, әлеуметтік-
экономикалық немесе ұйымдасқан өзгерістер ретінде қарастырады. Р.Хэнки
анықтамасында әлеуметтік адаптациятермині индивид немесе топтық ортамен еш
қайшылықсыз, әлеуметтік тепе-теңдік жағдайына қол жеткізу процесі деп
танылды.
Л.Филиппс дамытқан адаптацияның интеракционистік концепциясы бойынша,
адаптацияның барлық түрлері орта және ішкі психикалық факторлармен
шартталған. Баланың эффективті бейімделуіне қол жеткізу үшін ол қоғамның
талаптары мен күтімдерін қанағаттандыру қажет. Түпкі мағынасында тек
әлеуметтік норманы қабылдау ғана емес, ол жаңа және қауіпті жағдайда
кездескендегі эффективті өзгермелілік, сондай-ақ оқиғаға өзіне қажетті
бағыт беру. Бұл мағынада адаптация өз мақсат, құндылық, ұмтылыстарын жүзеге
асыру үшін адамның қалыптасқан жағдайлардытиімді пайдалану. Бұндай
бейімделу іс-әрекеттің кез келген саласында байқалуы мүмкін. Адаптивті
жүріс-тұрыс адамның дұрыс шешім қабылдауымен, инициативті көрсетумен және
өз болашағын анық бағдарлаумен сипатталады. Адаптацияның бұл екі
түсінігінде тұлғаның белсенділік идеясы, оның әлеуметтік белсенділігінің
шығармашылық, бағыттылық сипаты көрінеді.
Баланың әлеуметтік педагогикалық міндеті-адамның эффективті бейімделуіне
қандай өзіндік функциялар және психикалық механизмдер көмегімен қол жеткізу
болатынын анықтау. Т.Шибутани: сонымен әрбір жеке адам қиыншылықтарды
жеңуге мүмкіндік беретін тәсілдер жиынтығымен сипатталады, бұл тәсілдерді
адаптация формалары ретінде қарастыруға болады-деп жазады.
Жеке адам мен қоғамның өзара әрекеті индивидуалды мен әлеуметтіктің өзара
себептелуін көрсетеді.Әрбір қоғамдық оқиға, жағдай, процесс бір жағынан
адамдар іс-әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан олардың өзіндік
дамуының себебі мен алғышарты.
Адам адал болып өмірге келгеннен кейін, өміріне араласа бастағаннан-ақ
оның өзіндік көзқарастары, қызығулары, санасы, бағалаулары қалыптаса
бастайды. Нақты тұлғаның өмірлік іс-әрекеті процесінде оның өмірлік жолына
деген белгіленген иедивидуалды қатынасы қалыптасады. (С.Рубинштейн). Оның
жекелік ерекшеліктері, белсенділігі мен мінез қырлары адамның сол қоғамға,
ортаға немесе ұжымға бейімделуіне,орта тәжірбиесін тиімді игеруіне өте
үлкен әсер етеді. Дәл қазіргі уақыттағы біздің еліміздегі шиеленісті
экономикалық жағдай адамның қоғамдағы динамикалық өзгерістерге қатынасын
сипаттауға мүмкіндік береді. Реалды өмірдің обьективті құбылыстарына қарай
жаңа экономикалық өзгерістерге ілесудің белсенділігі мен баяулығына
байланысты әрбір адамның жүріс-тұрысы қалыптасады. Бұл мәселеге қатысты
көптеген социологиялық зерттеулер жүргізілгені анық.Онда жастардың
қоғамдағы өзгерістерге деген адамның қайшылықты қатынасы неге алып келеді.
Реалды өмірдегі практикамен бұл өзгерістер қаншалықты сәйкестілікте
құрылған. Осы өзгерістер барысында адам бойында адаптацияның қандай түрлері
мен стратегиялары қалыптасады деген сұрақтар туындайды. Өткізіліп жатқан
өзгерістерге қарай адаптация деңгейі критерий біршама күрделі. Әлеуметтік-
психологиялық зерттеулер нәтижесінде адаптация деңгейіне адамның жасы,
білім деңгейі, өмір тәжірибиесі, өзіндік бағалауы мен тұлғалық
ерекшеліктерінің әсер ететіні байқалған. Статистикалық мәліметтер бойынша
жалпы белгілі бір тұрақты жұмысы жоқ адамдардың жартысына жуығы жастар
екен. Жұмыссыздық біздің елімізде етек алып отырған ауқымды мәселе.
Негізінен мамандар қалыптасқан жағдайға мойынсұну, уақыт ағымына ілесе
алмау мен оған қарсы тұру тәсілдерінің көптүрлігіне көңіл аударып отыр:
біреулері қиын өмір жағдайларын жеңіл жеңеді, басқаларға ол қиынға түседі.
Бұл көптүрліліктің классификациясы әлеуметтік өзгерістерге адаптация сияқты
түсінік негізінде жүзеге ауы мүмкін. Бұл құбылысты зерттеуде өз ісін
бақылай алу және мойынсұну сияқты екі бағыт алынады. (А.Н.Демин,
И.П.Попова). Бұл зерттеудің нәтижесі бойынша жұмыссыздардың көп бөлігі үшін
болашаққа бағыт беретін әлеуметтік және индивидуалды ресурстардың
шектелінуі қалыптасқан жағдайға байланысты адамның әлеуметтік ауысуы
кезеңінде уақытпен байланыстан шығуына әкеп соғады. Ал туындаған
қиыншылықтарға мойынсұнбай қарсы тұру, өз бетінше әрекет етіп, тығырықтан
шығу бұндай жағдайда адамның өзін-өзі ұйымдастыруы мен өзіндік жүріс-
тұрысын реттей алу, оны жаңа бағытқа бұра алу қабілеттілігіне байланысты.
Бұл жерде прогрессивті адаптацияның рөлі айқын көрінеді. Ол адамның
белсенділігімен тығыз байланысты.
Соңғы кездегі зерттеулерде, атап айтқанда Б.С.Братусь, Г.Е.Зеласки,
С.С.Бубнева еңбектерінде тұлғалық құндылықтар адам белсенділігін реттеу
қызметін атқара отырып, сананың дүниетанымдық құрылымы мен тұлғаның
мотивациялық-қажеттілік сферасының қиылысындағы күрделі иерархиялық жүйе
ретінде қарастырылады. (М.С. Яницкий). Құндылық бағдар бойынша жүргізілген
сұрақтамада жастар бойындағы жалпы дәстүрлі құндылықтар жүйесінде
ерекшеліктердің бар екені байқалады. Нәтижелерді талдау жастар бойында
мәдени-әлеуметтік тәжірибиенің берілуіндегі ауытқуды, бұрынғы мәдени
құндылықтардың біршама өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Тұлғаның жаңа ортаға
бейімделуінің мәнді белгісінің бірі осы құндылық бағдар. Қорыта келгенде
жастар үшін негізгі құндылықтар материалды жетістік, сенімді дос, денсаулық
және бақытты жанұялық өмір. Ал бүгінгі бала еліміздің ертеңі, болашақтың
иесі екенін ескерсек, жалпы рухани, мәдени-тарихи құндылықтардың төмендеуі,
ертеңгі күнге сенімсіздік, өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығы
неге апарып соғары белгісіз.

Мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп,
оқушының эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі
кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-
психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі.
Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында
көрінеді. Сондықтан бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау
әдісін қолдандым. Осы мақсатпен баланың мектептегі іс-әрекетінің әр түрлі
аспектілерін бейнелейтін бақылау схемасын өңдеп шығардым. Онда: оқу
белсенділігі, білімді меңгеруі, сабақтағы, қоңыраудағы мінез-құлқы,
сыныптастары және мұғаліммен қарым-қатынасы, эмоционалды көріністері
анықталды. Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушысының мінез-құлқының
сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелілігінде көрініп, бейімделу
мерзімін белгілейді.
Алынған материалдың талдауы балаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік береді.
Бірінші топ құрамында отыз төрт оқушы бар, бейімделу аз уақытта және
шиеленіссіз өтті. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен
мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың
көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен,
эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің
жоғарылығымен сипатталады. Ал екінші топқа отыз сегіз бала бейімделудің
кешеуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде, оларда
жағымсыз тұлғалық қасиеті бар екендігі белгілі болды: алаңдаушылық,
шиеленіс, өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан
көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылулары бар болды. Үшінші
топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жиырма сегіз бала
бар. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің
жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы
топтың бір бөлігі жоғары моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың
төмендігімен сипатталды.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші
сыныптағыларға (2-3-топтағы балалар) бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей,
онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық
жағымсыз факторлардың болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып
көбінесе психологиялық дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.
Бейімделе алмаушылық – оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу
бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы.
Бейімделе алмаушылық – одан әрі оқытуға кедергі болады, бір сыныпта екі
жыл оқуға апарып соғады.
Білімнің мазмұнына білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес (бұлардың
игерілу деңгейін балдық шкала бойынша біршама дәл бағалауға болады),
сонымен қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі мен
тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан, үлгермеушілікті
қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге болмайды. Бейімделе алмаушылық
оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі кемшіліктермен
байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс.
Бейімделе алмаушылық мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың
қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.
Артта қалушылықтың кейбір ортақ белгілерін саралауға болады (бұл белгілер
дидактикада оқу пәндері типтері бойынша топтастырылған).
Мұндай диагностика үшін сауалнама жүргізудің, оқушылардың сабақтағы
жұмысы мен эмоциялық реакцияларын бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады.
Кейін қалушылық байқалғанда, мұғалім оқушыға жеке консультациялар беріп,
топтармен қосымша сабақтар өткізіп, жақсы оқитындардың жәрдемін
ұйымдастырып көмектесе алады. Мұндай көмекпен қатар, мұғалім кейін
қалушылыққа себеп болған жағдайларға талдау жасайды. Алайда, мұндай
жағдайлар оқушы тап болатындай қиыншылықтарға педагог тарапынан жете назар
аударылмауының салдарынан да болуы мүмкін. Көптеген оқушылардың артта
қалушылығы саралап оқытудағы кемшіліктерден, оқушылардың мүмкіндіктері мен
мүдделерінің жете ескерілмеуінен, бағдарламалардың мазмұнының көлемі мен
күрделілігінің оны игеруге бөлінетін уақытқа сәйкес болмауынан туындайды.
Мұғалімнің жұмысында бұған себеп болатын жағдайлар оқыту әдістемесінің
босаңдығына, оқытуда қолданылатын ұйымдастыру нысандарының
бірсарындылығына, оқушылардың шығармашылық күштері мен танымдық мүдделерін
дамытуға көңіл бөлінбеуіне, сондай-ақ педагогтің білігінің жетімсіздігіне,
кейбір жағымсыз қасиеттеріне байланысты болады. Бейімделе алмаушылықты
оқушыларды зерделеу, олардың қызметіне талдау жасау, үлгермейтін оқушылар
типологиясын саралау негізінде жеңуге болады.
Бұған арналған педагогикалық әдебиетте бейімделе алмаушылықтың
себептерін талдауға және жіктеуге барынша назар аударылған. Бейімделе
алмаушылықты жою үшін жекелеп оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке
кезеңдерге бөлу, сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар
қолданылады.
Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушыларды келесі
сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады.
Зерттеулер мектептегі бейімделе алмаушылықтың себептерінің үш тобын
анықтады:
Әлеуметтік-экономикалық - отбасының материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-аналардың педагогикалық
жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі. Балаларға жалпы қоғамның жағдайы, бірақ
көбінесе отбасы жағдайы үлкен әсер етеді.
Биопсихологиялық – бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер, мінез-
құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие және отбасы
жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары жақсы болып туған
сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері бірдей.
Педагогикалық – мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде педагогикалық
орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалімнің кәсіби
әрекеті, баланың дамуында жетекші фактор.
Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты бейімделе алмаушылық
себептерін атап өтуге болады:
• қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін,
барлығына бірдей білім мазмұны;
• оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-
күйді ескермеу;
• оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді
бақылаудың болмауы.
Тұрақты түрде жоғары бейімдегі оқушылар арасында психологиялық зерттеу
жүргізу нәтижесінде, бұл балалардың өздерінің жеке ерекшеліктері бар екені
байқалады. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына кіретін
ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған білімдерін
жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде өздігінше қолдана
алады. Көбінесе бейімділігі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды,
кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның
мақтауының нәтижесінде өзі-өзін асыра, жоғары бағалау да кездеседі. Мұндай
оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы
жағымды факторлардан бәрі бірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді
қамтамасыз етеді.
Тұрақты түрде бейімділігі төмен оқушыларды зерттей отырып басқаша
мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі
байқалды. Олар таным компонеттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне
байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді.
Бейімділігі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі
қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.
Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің
себептерін анықтау қажет.
Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне
байланысты. Оның негізгі компонеттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен
болуының басты себебі болып табылады.
Компонеттердің қайсысы бейімделуінің төмендеуіне негізгі себеп болуына
байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: Педагогикалық жағынан назардан
тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда
әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет
етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін
қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі
дидактикалық және рольдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балалардың
сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару
керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейін мен ырықсыз
есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу
жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.
Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл
сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық
аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне
алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-
педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез
көнгіш болып келеді.
Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін
белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге
бағытталуы керек.
Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын
дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз
ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға (ән айту, спортпен
шұғылдану, сурет салу т.б.) арналған.
Көптеген психологтар мен оқытушылар оқу үрдісінде (проблемалық қиын
ситуациялар құру) танымдық процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз
деген шешім шығарды, сонымен қатар арнайы жаттығулар, тренингтер, ойын
сабақтарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау процестерін, қиялдау, сете
сақтау сияқты таным тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлген.
Осы жұмыс процесінде бағыт бойынша кейбір жаңа тәжірибелер жинақталып,
көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай тренингтің
тиімділігін айқындайды.
Оқушылардың таным процестерінің қалыптасуында түрлі жағдайлар
кездеседі. Балалардың кейбірі ойын кезінде, бір-бірімен қатынас кезінде
ақылды және аса тапқыр келеді де, ал сабақта, практикалық жұмыста, үй
тапсырмасын орындауда оқу-танымдық іс-әрекетіне өте шорқақ болып шығады.
Мұндай балалардың психологиялық диагностикасын мұқият қараған кезде таным
процесінің құрылымында ешқандай ақау байқалмайды, бірақ оқу-таным
әрекетінде толық қызығушылығына эмоционалды жеке бастық коммуникативті
қиындықтар кедергі келтіретіні байқалады.
Олар сабақ кезінде ғана емес, таным процесіндегі ойын, тренинг кезінде
өзін көрсетуіне және ары қарай дамуына кедергі келтіреді, мұндай балалар
сөйлемегенді, мүмкіндігінше үндемей құтылғанды жөн көреді, жиі ойын
тапсырмаларынан бас тартып, өздерін пассивті түрде көрсетеді.
Бұл жағдайда бала өзіне деген сенімділікті қалыптасыру керек.
Бұл үшін, ең алдымен, таным процестеріндегі болатын барлық эмоциональды
және жеке бастық коммуникативті кедергілерді болдырмау қажет, екіншіден,
максимум қабілеттерін пайдаланып, танымдық процестердің қызметіндегі толық
және эмоциональды қауіпсіз нітижелерді қамтамасыз ету керек. Осы кезде ғана
бала түрлі болжамаларды еркін айтып, осыдан кейін өзімен жасты оқушылармен
қарым-қатынасқа түсіп, өзін жеке аам ретінде көрсетеді.
Танымдылықты көрсетуге бағытталған жұмыстарды ойын формасында жүргізген
дұрыс. Қарапайым өмірдегі жеңіл материалдарды пайдаланып, балаларға
мәселені шешуге, түрлі есептің шешу жолдарын қарастыруға болатын
сәтсіздіктердің себептерін мойындауға, өзінің шешемін басқалардың жұмысымен
салыстыру арқылы үйретуге болады.
Кейіннен балаларға күрделендіріп оқу материалы түрінде беріледі.
І. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы принциптері.
1. Бұл оқушының кәдімгі сабақтарда екі жақты қиындықтарға
кездесетіндігімен ерекшеленеді: бір жағынан, оларға оқылатын материалдың
өзі күрделі болып келеді (яғни, әдеттегідей таныс емес), екінші жағынан,
оған өзінің түсінігіне құрылған материалды игерудің әдіс-тәсілдері де
қиындық туғызды. Нәтижесінде оны игеру тәсілдері жеткіліксіз болғандықтан
материал толық игерілмейді, ал ол өз кезегінде ары қарай бұл әдіс-
тәсілдерді еш жерде пайдалана алмаған соң оқылатын материал жеткіліксіз
бола береді. Осылайша, көптеген оқушылардың ерекше төмен үлгерімінің
бастамасы боп тұйық орта пайда болады, бала осы тұйық ортадан өз бетінше
шыға алмайды.
Сабақ барысында бұл тұйық орта тапсырмаларды тек қана жақсы таныс,
әдеттегідей материалдарды пайдалану арқылы ғана ары қарай жеткіліксіз болса
да қалыптасқан ойлаудың жаңа тәсілдері толығымен игеріледі.
2. Тапсырманы орындаудағы әр түрлі бағыттардың өзара алмасуы және әрбір
оқушының танымдық процестерінің диапазонын кеңейту. Әдетте бала өзіне
таныс, кенеттен пайда болатын интеллектуалды әдістер жиынтығына қолданады,
ол әдістер жиынтығы біржақты, тиімді емес, шектеулі, кейде қарапайым болуы
да мүмкін.
3. Балалардың интеллекуалдық ашылуы және сабақтың жалпы эмоционалдық
жағымды ортасын қалыптастыру. Бала үшін оқудағы кездесетін қиындықтар –
көбінесе мектептегі, сабақтағы ситуациялар стессогендік факторлар болып
келетін толық интеллектуалдық кедергілердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz