Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1 Бөлім Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының мәні.

1. 1 Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.

1. 2 Банктің меншікті капиталы; көздері мен қызметтері.

1. 3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі.

2 Бөлім Коммерциялық банктердің операцияларын және қаржылық жағдайын

талдау. («Каспий Банк » Акционерлік қоғамы)

2. 1 Банктің активтік операциялары

2. 2 Банктің комиссионды -делдалдық операциялары

2. 3 Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары

3 Бөлім Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жолдары.

3. 1 Банк қызметін жақсартудағы шетелдік тәжірибелері

3. 2 Банк қызметін рейтингілік бағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бөлінбес құрылымы. Банктер де қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың капиталын, халықтың салымдарын және басқа ақшалай айналымға шаруашылық іс-әрекеттер процесінде араласады және қарыз алушының уақытша тұтынымын қанағаттандырады, ақшалай төлем түрін жүргізіп, экономикамызда көптеген саналуан қызмет түрлерін көрсетеді, сол сияқты өндірістің тиімділігіне, айналымындағы жалпы өнімге де әсерін тигізеді. Еліміздегі жүргізіліп жатқан экономикалық реформада банк жұмысының дамуында жаңа кезеңін ашты.

1996 жылдың желтоқсанында екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа көшу бағдарламасының қабылдануы өзекті шешімдердің бірі болды. Осыған орай барлық екінші деңгейлі банктер капиталдарының, менеджмент деңгейі, бухалтерлік есеп, ақпарат жүргізу және оны тарту жағынан халықаралық стандарт деңгейіне қол жеткізуге тиіс болды.

Банк қызметінің халыққа неғұрлым жақын болуын, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және бәсекелестікті дамыту мақсатында Республикамызда жеке дара банктік іс-әрекетерді жүзеге асыратын ұйымдарды реттеп отыратын заңдылықтар нормасы қабылданды. Мұның қаржы қызметтерін дамыту ісіне аса маңызды қадам болғандығын атап көрсету қажет.

Қазіргі банк филиалдары өздерінің банктік қызметтеріндегі өз құрылымдары атқаратын істерді айқындап алды. Клиенттер үшін неғұрлым тиімді қызмет түрлерін ұйымдастырудағы қалыпты бәсекелестік, клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге ұмтылу, аймақта озық үлгідегі банктік технологияларды енгізу байқалып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктер өз қызметін заман талабына сай ұйымдастыра білуде.

Банктік операцияларының орындалуының ең маңызды ерекшелігі - несие жүйесінің кең дамуы.

Қазақстанның коммерциялық банктері өздерінің клиенттеріне көптеген операциялар мен қызмет түрлерін көрсетіп, өздерінің табыс базасын кеңейтіп, рентабельдік пен бәсекелестікті көтеруге тырысуда.

Бірақ, банктік қызметтің жаңадай дамып жатқан информациялық технологияларға көңіл аудармастан бакнкроттыққа ұшырауы мүмкін. Осы себебтен банктер өздерінің қызметтеріне және қызмет түрлеріне үлкен көңіл аударады.

Тұрғындарға дәстүрлі банктік қызмет көрсетумен қатар депозиттік салымдар, ссуда беру және халыққа есеп айырысу кассалық қызмет көрсетуде. Біздің еліміздегі қазіргі заманға сай банктік институттар электрондық қызмет көрсете бастады. Оларға; пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп айырысу, дүниежүзілік интернет желісіндегі қаржылық нарық құрылуы жатады. Банктер клиенттердің сұранымы бойынша маркетингілік зерттеу, валюталық операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде-трастылық, консультациялық мәліметті анықтаушы және басқаларын жүргізеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты -- коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеті;

- коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын және банктік операцияларын басқару әдістерін талдау;
- банктің қызметтер нарығының негізгі даму бет алысын анықтау;

- банктің қаржылық операцияларының пайда болған қиыншылықтарды анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың өзіндік ерекшелігі, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы мекемелердің нарықтық экономикадағы ролі мен қызметтеріне арналады. Мысал ретінде алынған банктің тек қана қазіргі тұрғыдан сипаттап қоймай, оны тарихи даму тұрғысынан көрсетеді.

Бұл жұмыста банк қаражаттарының қалыптасуын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтарын қарастырады.

Дипломдық жұмыс үш тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде, жалпы коммерциялық банктердің қаржы көздерінің қалыптасуы, оларды орналастыру тәсілдері, банктің меншікті капиталдыры және оның жеткіліктілігі қарастырылады.

Екінші бөлімінде, «Каспий Банкі» Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайына талдау жасалынған. Оның ішінде: банктің тартылған қаражаттармен жасалатын операцияларына талдау жасалынған.

Үшінші бөлімінде, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын жақсартудағы дамыған елдердегі банк ісін ұйымдастыру тәжірибелері қарастырылады. Сонымен қатар, банктің қаржылық жағдайын жақсару үшін банк қызметін рейтингілік бағалау әдісі қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың негізгі методологиясы; Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және номативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық материалдары.

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі болып, «Каспий Банкінің» қаржылық құжаттары болып табылады.

1Бөлім Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының мәні

  1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурстарына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк реурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комисиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Коммерциалық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналыр жатады;

  1. Банктің меншікті капиталы .
  2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Коммерциялық банктердің табыс көзделіне мынандай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады;

- Несиелік бизнес

- Дисконттық бизнес

- Сақтау бизнесі

- Банктік кепіл беру қызметі

- Бағалы қағаздармен жасалатын бизнес

-Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі

- Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес

- Дәстүрлі есес қызметтерді көрсету бизнесі.

Несиелік бизнес екі элементтен тұрады; клиенттерге ( жеке және заңды тұлғаларға ) несиелерге беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға айыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралақ несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін . Несиелік бизнестен пайыз формасында пайыз түседі.

Дисконтық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптьарды банктің белгілі бір төмен бағамен - дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналыссыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қараджатты алушыдан талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады;

1. Сатып алғаннан төлемнің түсуі арасында аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.

2. Факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып оыратын камиссиондық сыйақы.

Факторинг операциясындағы коммисия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операция түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін басқатғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағыны үшін алатын комисия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісімшарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиенпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі, мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуы қалайды. Соған сәйкес, трасталық операциялардан түсетін комисия мөлщері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағаңда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комисиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

  1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
  2. оларды нарықта сату;
  3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздаырымен қайталама нарықтағы операцияларды.

Мұндай бизнестен түсетін табыстар мынадай көзден құралады:

1) өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан;

2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жургізу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару және орналастыру, реестр жүргізу) ушін комиссия.

Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әр түрлі формалардағы берген кепілхаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктін қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепілхатын беруі мумкін.

Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мумкіндік береді:

- комисиондық сыйақылар;

а ) шот ашқаны үшін

ә) шотты жүргізгені үшін

-- белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комисия (ақша белгісінде ) ;

-- айналымнан алынатын комисия

б) шот бойынша операциялар туралы көшіпме бергені үшін ;

в) шотты жабу үшін

г) қолма -қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін.

Банктік корреспондентік қатынас бойынша басқа банктердегі колрреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алынаиын пайызы;

Дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байлданысты, клиенттерге оқытып үйреткені үшін және т. б алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комисия жатады.

Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады;

  1. Пайыздық табыстар;
  2. Банктік қызмет көрсетуден алынатын комисиялар;
  3. Басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни бьаланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айыпұлдар, пенялар)

Пайыздық табыспен комисиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалы, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлеммен комисияға иеленеді.

Несиелік пайыз - пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз аолушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады;

- несие формасына қарай; коммерциялық, банктік, тұтыну несителерінің пайызы және т. сс

- несиелік мекеменің түріне байланысты; орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;

- несиелердің мерзіміне қарай; қысқа мерзімдьі несиелер бойынша пайыз, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз;

- несиелер түріне бьайланысты; овердрафт бьойынша айналым құралдьарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты несиелер бойынша пайызы;

- операциялар түрлеріне қарай; несиелер бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;

- есептеу тәсіліне қарай, жай және күрделі, қарапайым және тура және т. б

Табыс көздері екіге бөлінеді ;

- тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;

- тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көрінбейтін операциялардан алынатын табыстарды жатқызуға болады.

Жоспарлды экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелеріне банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болады. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді.

Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуына көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардьың бьаланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе- теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, солсияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымындьа біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциалық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған жаңа қаражаттың жаңа түріне; Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алынатын несиелер, басқа банктердің, корреспондентік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы- материалды құндылықтар жатады.

  1. Банктің меншікті капиталы; көздері мен қызметтері

Коммерциалық банктердің меншікті капиталының ролі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысындьа меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар; жер, ғимарат, құрал-жабдьық, жалақыға жұмсалатын және т. б шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспондентік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдьар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциалық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциалық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциалық банктердің меншікті капиталы, мынадай баптар құрайды;

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар; ( резервтер)

- бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтермен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайдалары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші денгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады;

  • акционерлік банк формасында;
  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардын қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардын санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларынын бағасын өсіреді.

Меншік капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, диведент алуға және бьанкті ьасқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:

- меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлірбеген пайдадан тұрады;

- банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттерді төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

- банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары) .

Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатан түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.

Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға жәңе оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының қуралуы мыныдай кезендерден тұрады:

- бағалы қағаздардын проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;

- бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;

- банк - эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;

-шығарылатын және орналастырылатын бьағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады;

- банкті акционерлік формада құру ;

- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады . Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай ақ, резерявік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, мұның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толыңғымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатта бағытталаиын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорлдарды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айрма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталдьы қалаптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекеленген банктің операциялары бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнацйы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша девидентті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлінін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады ;

- банк пайдасы;

- акциялар шығару;

- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

- облигациялар шығару жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің операциялары
Нақтылай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептін мәні
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп айырысулардың жағдайын зерттеп, даму перспективаларын анықтау. әлеуметтік – экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Банктің тартылған қаражаттары
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Эквайер - банк банктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz