Банктік несиелік ресурстары және олардың қалыптасу көздері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕР САЯСАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘНІ . . . 6

  1. Банктік несие ресурстарының мәні, қызметi, қажеттілігі және оның экономикадағы маңызы . . . 6
  2. Банктік несие ресурстарының түрлері, тәсілдері және қолдану жолдары . . . 15
  3. Банктік несиелік ресурстары және олардың қалыптасу көздері . . . 24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ (‘‘АЛЬЯНС БАНК’’ АҚ

МЫСАЛЫНДА) . . ……. 33

2. 1 Банктің қаржылық жағдайының жалпы сипаттамасы . . . 33

2. 2 Банктік несие ресурстарын қалыптастыру динамикасын талдау . . . 42

2. 3 Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы . . . 50

ІІІ ДАҒДАРЫС КЕЗІНДЕ ЕКІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялары мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.

Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк түрлерінің жаңа технологиясын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi - несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелеу түрлерін қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.

Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен - пайда табуға, коммерциялық жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.

Бұл жағдайда отандық және шетелдiк банктiк тәжiрибенi салыстырудың өзiндiк мәнi зор. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды iске асыру үшiн нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие қатынастары мен банк iсiнiң даму тәжiрибелерiн қолдану қажет.

Несиелiк қарым-қатынастардың пайда болуында несие алушының қаржылық жағдайы ең маңызды рөл атқарады және оның төлеу қабiлеттiгiнiң деңгейi несие алу мүмкiндiгiн айқындайды. Несие алушының несие қайтару қабiлеттiлiгiне баға беру оптималды көрсеткiштерiн таңдауының үлкен маңызы бар. Өйткенi олар банктiң несие ресурстарын тиiмдi басқару мен пайда алуға көмек бередi. Қазiргi несиелiк қатынастардың құрылуы негiзiнен банктiк менеджмент және маркетинг тәсiлдерi негiзiнде қарастырылады. Қазақстандағы субъектiлердiң қаржы жағдайлары мен оның несиелiк қарым-қатынастарын талдап болжамдайтын институттардың дамуы, түрлi рейтингтiк агенттiктердi, несиелiк бюролар мен ақпараттық орталықтардың құрылуы, олардың қарым-қатынастар сапасының жақсаруына жағдай жасап, жаңа деңгейге өтуiне мүмкiндiк бередi.

Елiмiз нарықтық қатынастарға көшкен сәттен бастап мықтап көңiл бөлiнген мәселенiң бiрi банктердегi несиелiк операциялар жұмысы болды. Алғашқы кезеңде банктер негiзiнен кәсiпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсетiп, соларға қысқа мерзiмдi несиелер берiп келдi. Бiрте-бiрте әр банктiң тұрақты клиенттерi iрiктелiп, сондай-ақ жеке тұлғалардың салымдары көбейе түстi. Сонымен бiрге көптеген несие алушы заңды тұлғалардың онша жақсы емес несиелiк тарихы да банктер үшiн оңайға соққан жоқ. Сол себептi банктер соңғы жылдары жеке тұлғаларға көбiрек көңiл аударатын болды.

Осы мәселелердiң маңыздылығы мен тәжiрибе жүзiндегi мәндiлiгi дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Банктердің несие ресурстарының мәні мен қажеттілігін, қызметтерін және түрлерін зерттеу жалпы отандық банк жүйесінің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, несие нарығының проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Отандық экономистердің ішінде профессор Г. С. Сейітқасымовты ерекше атаған жөн. Ол өзінің еңбектерінде Қазақстанның банк және қаржы жүйелерінің өзекті мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосқан. Сонымен қатар А. Д. Челекбай, Б. И. Иришева, Мамыров Н. А., Мадиярова Д. М., Калдыбаева А. Е. Саниев М. С. және тағы басқа экономистер де банк ісіне байланысты мәселелерге бағытталған еңбектер жазып жүр.

Соған қарамастан, отандық экономистердің еңбектері көп жағдайда экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар мен оқулықтар шеңберінен шыға алмай жүр. Қазақстанда банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдауға бағытталған кең көлемді ғылыми еңбектер жоқ. Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысы жағдайында отандық банк жүйесінің даму мәселелерін талдаудың маңызы зор.

Тақырыптың өзектілігі мен зерттелу дәрежесі дипломдық жұмыстың мақсатын айқындады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы банктердің несие ресурстарын дұрыс пайдалану және несие саясатының теориялық мәнін оқып, оның даму жолдарын ұсыну.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынадай міндеттер орындалады:

- банктің несие ресурстарының мәні, қызметi, қажеттілігі және оның экономикадағы маңызын қарастыру;

- банк несиесін қолдану жолдары және тәсілдерін ұсыну;

- банк несие ресурстарының түрлерін көрсету;

- банк несие ресурстарының құрылу көздерін айтып өту;

-Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарын талдау;

- банктің несие ресурстарын қалыптастыру динамикасын талдау;

- дағдарыс кезінде екінші деңгейлі банктердің несиелік ресурстарын тиімді қолдану әдістерін жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектiсi - Қазақстан Республикасындағы банктердің несие ресурстарын дұрыс пайдалануы және құрылуы.

Зерттеу пәні - «Альянс банк» АҚ-ның несие ресурстарының мәні мен құрылымы.

Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері - дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық экономикалық каржылық әдебиеттер мен журналдар, статистикалық көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және нормативтік актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау заңдылықтары қолданылған.

Зерттеу әдістері - жалпы ғылыми, аналитикалық, талдау, тарихи-зерттеу әдістері қолданылған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші тарауда, коммерциялық банктердегі несиелер саясатының теориялық мәні, банктің несие ресурстарының мәні, қызметi, қажеттілігі және оның экономикадағы маңызы, банк несие ресурстарының түрлері, банк несие ресурстарының құрылу көздері, банк несиесін қолдану жолдары және тәсілдері қарастырылған.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің несие ресурстарын талдау, банктің қаржылық жағдайы, банктің несие ресурстарын қалыптастыру динамикасын талдау , несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы көрсетілген.

Үшінші тарауда, дағдарыс кезінде екінші дәрежелі банктердің несиелік ресурстарын тиімді қолдану әдістерін жетілдіру жолдары ұсынылды.

Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕР САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Банктік несие ресурстарының мәні, қызметi, қажеттілігі және оның экономикадағы маңызы

Ақшадан кейiнгi несиенi ойлап шығару - адамзаттың өмiр қажеттiлiгiндегi данышпандық табысы. Себебi несиенi пайдаланудың нәтижесiнде шаруашылық қажетiн және жеке қажеттiлiктi өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсiпорынның несие алу арқылы өз өндiрiсiн кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз iсiн ұлғайтуға, не болмаса қажеттi заттарды болашақта емес қазiр алуға мүмкiндiгi туады.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүлiктiк жiктелiп ыдырауы нәтижесiнде бiр қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлiнiп, бiреуiнде артық қалған өнiмнен оны кейiн қайтарып беруге келiсiп, екiншiсi өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейiнiрек өсiмқорлық несие деп аталды.

Өсiмқорлық несиеге тән белгiлер: несие берушiлер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шiркеу иелерi мен үлкен дiни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнiм өндiрушiлер, құл иеленушiлер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсiпкерлер несиенi ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеушi топтар қанаушылық, жауыздық iс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшiн өсiм ақының деңгейiнiң өте жоғарлылығы ұсақ өнiм өндiрушiлер мен кәсiпкерлердi өз шаруашылығын жабуға мәжбүр еттi. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлi қалаларында өсiмқорлық несие үшiн төленетiн ақының деңгейiн 21 пайыздан 43 пайызға дейiн көтеруге, ал кейбiр жағдайларда 100-200%-ға жеткiзуге рұқсат етiлдi. Өсiмқорлық несие капиталистiк өндiрiс әдiсiнiң пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни өндiрiс әдiстерiн ыдыратып, жаңа әдiстiң пайда болуына негiз дайындады. Сөйтiп несиенiң нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезiнде пайда болып, капиталистiк тауарлы өндiрiс тұсында дамуының жоғары сатысына жеттi [1] .

Ал капиталистiк несие капиталистiк өндiрiс әдiсiнен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi. Сондықтан, капиталистiк несиенiң өсiмқорлық несиеден елеулi ерекшелiктерi бар:

Бiрiншiден, қарыздар бойынша. Өсiмқорлық несие алушылар - ұсақ өнiм өндiрушiлер, құл иеленушiлер мен феодалдар, ал капиталистiк несиенi, негiзiнен, өнеркәсiп және сауда капиталистерi алады.

Екiншiден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдiсi бойынша. Өсiмқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушiге ғана капитал ретiнде өсiм ақы түсiредi, капиталистiк несиенi, керiсiнше, несие берушi де, қарыздар да капитал ретiнде қосымша құн алу үшiн жұмсайды.

Үшiншiден, экономикалық маңызы бойынша. Өсiмқорлық несие өндiрiстiң құлдырауынан тiресе, капиталистiк несие бiр жағынан өндiрiстiң өсуiне, ал екiншi жағынан капиталистiк нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленiсуiне жағдай жасады.

Төртiншiден, өсiм ақының шығу көзiне байланысты. Капиталистiк несие үшiн өсiмақының көзi - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсiмқорлық несие үшiн өсiм ақының көзi - құралдардың, шаруалардың және ұсақ өнiм өндiрушiлердiң қосымша еңбегi.

Бесiншiден, өсiм ақының деңгейi бойынша. Өсiмқорлық несие үшiн өсiм ақыны өтеуге барлық қосымша өнiм, тiптi қажеттi өнiмнiң де бiр бөлiгi жұмсалды, капиталистiк несие үшiн өсiм ақы төлеуге орташа пайданың тек бiр бөлiгi кетедi.

Қарыз капиталы деген капиталист-меншiк иесiнiң жұмыс iстеушi капиталының қайталама айналымына қарызға және жалдамалы еңбектi қанау негiзiнде өсiм ақы түсiретiн ақшалы капитал. Өсiмқорлық капитал капитализмге дейiнгi өндiрiстiк қатынастарды бiлдiрсе, қарыз капиталы - капиталистiк өндiрiстiк қатынастардың көрiнiсi. Ол өнеркәсiп капиталының қайталама айналымының негiзiнде пайда болды [2] .

Мұндағы несие жүйесiнiң негiзгi буыны - банктер болып табылады. Себебi масштабы және маңызы жөнiнен несие қатынастарының басым көпшiлiгi банктер арқылы өтедi. Банктер мемлекет пен кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды iс-жүзiндегi капиталға айналдырады. Банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және тағы басқа көптеген сан алуан операциялар жүргiзедi.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап iздестiрейiк. “Банк” деген ұғым италян сөзiнде орындық, айырбас орындығы деген ұғымды бiлдiредi. Тарихта банктiң ең жай қызметi, мысалы, тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейiнгi VIII-V ғғ. Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегi Египетте, Грецияда, Римде зәулiм ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезiнде тауар-ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек ХIII-ХIV ғғ. сауданың кең өрiстеуiне байланысты төлем делдалы ретiнде банк iсi қарқынды өрiстей бастаған. Орта ғасырда банк iсiнiң орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.

Капиталистiк банктердiң алғашқы iзашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 ж. айырбас iсiнiң негiзiнде, яғни әр түрлi елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердiң негiзгi теориялық мәні ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргiзудiң мәнi - екi клиенттiң қатысуымен банкирдiң кiтабына бiр шоттан екiншi шотқа белгiлi бiр соманы аударып жазу. Кейiнiрек ол осындай негiзде Амстердамда (1609 ж. ) және Гамбургте (1618 ж. ) ұйымдастырылды. Бұл банк iсiнiң арнайы түрi едi. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндiрiспен, өндiрiстiк капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметi де дамыған жоқ.

Ал капиталистiк банктер, керiсiнше ұдайы өндiрiстiң, өнеркәсiп және сауда капиталдарының қажеттiлiгiнен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы несиенiң маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табысының көп бөлiгiн ақша түрiнде төлеуге мәжбүр еттi. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етудi банктер өздерiне алды.

Карл Маркс банктердiң пайда болуы туралы былай деген: «Кәсiпкерлiктiң ерекше саласы пайда болды, себебi ол ерекше сала ретiнде барлық талаптардың ақша механизмiн қамтамасыз етедi, ол шоғырланып, iрi масштабта жүргiзiледi» [3] .

Банктер “несие iсiнiң екiншi жағы - өсiм әкелетiн капиталды да” басқарады. Өйткенi банктер фирмалар мен үкiмет мекемелерiнiң және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын өзiнде шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшiн ақы алып, табыс табады. Банктер iрiленген сайын тұтас несие берушi ретiнде капиталистiк кәсiпкерлiктiң дербес саласына айналады.

Банк iсi - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсiпкерлiктiң ерекше түрi. Қазiргi кезде банктер көптеген операциялар жүргiзедi. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал кейбiр жағдайларда делдалдық келiсiмдер және мүлiктi басқару түрлері жүргiзiледi.

Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктiң атқаратын қызметтерiн негiзiнен төмендегiдей топтастыруға болады.

-уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.

-кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргiзу.

-ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады.

-айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiн тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi.

-экономикалық және қаржылық кеңес беру.

-орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.

Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлi аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттiк деп, ал қазiргi Қазақстанда - Қазақстан Республикасының ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты - айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, банктерге ерекше тауар - ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол - елдiң екi деңгейлi банк жүйесiнiң - жоғары деңгейiндегi банк.

Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы сол сияқты банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi [4] .

Ипотекалық банктер - жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несие бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Капитализмнiң алғашқы даму сатысында коммерциялық банктер банкнота шығаруды капитал жинақтаудың бiр көзi ретiнде кеңiнен қолданды. Несие жүйесiнiң даму барысында ақша шығару сенiмдi iрi банктерде шоғырланды. Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолданылуын қамтамасыз еттi. Сөйтiп тарихи орталық банктердiң пайда болуы коммерциялық банктердiң банкнота шығаруының бiр жерде орталықтануымен байланысты. Алғашқыда ол банк эмиссиялық банк, кейiннен орталық банк деп аталды. Мұндай атақ оның несие жүйесiндегi басқару рөлiне сай келедi. Мемлекет заң шығару арқылы эмитент банктi қолдап отырады. Себебi банкноталар шығаратын көптеген ұсақ банктер күйзелiске ұшырағанда, олардың шығарған банкноталары да айналымнан ығыстырылады. ХIХ ғасырдың аяғында - ХХ ғасырдың басында көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бiр эмиссиялық банкте шоғырланып, ол мемлекеттiң несие жүйесiнiң түйiнi ретiнде экономиканы реттеудiң орталығы қызметiн атқарады.

Қазақстандағы несие қатынасының даму тарихы Ресей экономикасының бiр бөлiгi ретiнде әр деңгейде дамып келдi. Қазақстанның Ресей нарығына интенсивтi түрде енуi, нәтижесiнде Ресейлiк орталық-өнеркәсiптiк аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрi кеңейдi.

Банк капиталының Қазақстанға енгiзiлу мерзiмi ХIХ ғасырдың аяқ кезiн қамтиды. Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенiң әр түрлi формалары дамыған. Қазақстанның несиелiк жүйесi негiзiнен Ресей империясының несиелiк жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде: мемлекеттiк банк бөлiмшелерiнен, акционерлiк, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерiнен, ипотекалық несие банктерi немесе ұсақ несие мекемелерiнен және жинақ кассаларынан тұрды.

Iрi коммерциялық банктер қатарына саналатын Сiбiр сауда-банкiсiнiң (1872 ж. құрылған) 57 филиалының жетеуi Қазақстанның бiрқатар аудандарында, яғни Омбыда (1894 ж. ), Семейде (1898 ж. ), Қызылжарда (1905 ж. ), Верныйда (1908 ж. ), Ақмолада (1909 ж. ) Қостанайда (1911 ж. ) және Керекуде (1916 ж. ) орналасты.

Филиалдары жағынан екiншi орынға ие болатын орыстың сауда-өнеркәсiп банкiсiнiң (1916 ж. ) бөлiмшелерi де Қызылжарда (1904 ж. ), Қостанайда (1908 ж. ), Оралда (1909 ж. ) және Омбыда (1916 ж. ) ашылды.

Ресей империясында ең iрi банктерге енетiн Орыс-Азия банкiсiнiң (1910 ж. ) филиалдары Омбыда (1898 ж. ), Верныйда (1903 ж. ) және 1907 ж. - Семейде құрылды [5] .

Филиалдары бар Қазақстанда сыртқы сауда үшiн Орыс банкi мен Волжекамский коммерциялық банкi жұмыс iстедi. Осылардың бiрiншiсi Омбы (1905 ж. ) және Семейде (1907 ж. ) өз бөлiмшелерiн ашты.

Қызылжарда, Семейде және Оралда Ярослав-Костремскi жер банкiсiнiң агенттiктерi ашылып, қызмет көрсеттi.

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың бастапқы кезеңiнде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттiк банктiң - 6 бөлiмшесi, акционерлiк-коммерциялық банктердiң - 18 филиалдары, 12- өзара несие беру қоғамдары, 8 - қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелiк және ссудалық серiктестiктер жұмыс iстедi. Несиелiк мекемелерi санының көбi жағынан Ақмола бiрiншi орынға ие болды.

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер - бұл мемлекеттiк банктер болды және олар төмендегiдей операцияларды жүзеге асырды:

-вексельдердi есепке алу;

-тауарларды кепiлге ала отырып, ссуда беру;

-тауар құжаттарын кепiлге ала отырып, ссуда беру:

-ауыл шаруашылыққа ссуда беру;

-бағалы қағаздарды кепiлдiкке ала отырып, ссуда беру;

-қайта есеп жүргiзу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Компания капиталының құрылымы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Кәсіпорын капиталы
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz