Қазақстан Республикасы бойынша қаржы жүйесіндегі бюджеттендіру процедураларын басқаруды жетілдіру жол



Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қазақстан Республикасының бюджеттеу процессінің теориялық
негіздемесі 6
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі 6
Бюджеттеудің алғы шарты ретінде қаржыландыру жоспарларының құрылу,
бекітілу тәртібі 12
1.3 Бюджеттендіру - салаларға бөлінетін шығыстарды қалыптастыру мен
қаржыландыру және бақылау әдісі ретінде 23

2 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша 2011-2013 жылдар
аралығында бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуын талдау
34
2.1 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданның жалпы сипаттамасы 34
2.2 Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша бюджеттік
көрсеткіштердің орындалуы 38
2.3 Ақжар ауданының ІІБ қаржыландыруын талдау 47

3 Қазақстан Республикасы бойынша қаржы жүйесіндегі бюджеттендіру
процедураларын басқаруды жетілдіру жол 52
Жергілікті бюджет тапшылығының негізгі өзекті мәселелерi және жоюда
атқарылатын іс - шаралар 52
3.2 Бюджеттік процесті жетілдіру жолдары 59
3.3 Бюджет жүйесін басқаруды жетiлдiру жолдары 64

Қорытынды 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 74

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бюджет әр мемлекетке өзінің
экономикалық, әлеуметтік және саясаттық қызметтерін орындауға объективтік
ақшалай түрде қажетті. Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін
іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған
ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізі –
орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым –
қатынас, заңманалық белсендірілуі – заң. Бюджеттеу – мемлекеттің бюджет
шығындарының тиімділігінжоғарлату әдісі болады.
Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан
қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар
олар бір қоғамдық – экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да
өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық
категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да
экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды
негізі бар өндірістік қарым – қатынаста жатыр.
Бюджет – деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- Ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- Ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
- Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- Ол барлық бюджеттік қарым – қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджеттеу – бюджеттерді құрастыру мен қабылдау процесстері және
олардың орындауына бақылау жүргізу. Ол, ресурстарды уақыт бойында оптималды
бөлуге арналған қаржылық басқару жүйесінің құрамдас бөлігі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік
кодекстің 6 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе
құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
- республикалық бюджеті;
- облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
- аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері
дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік
бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің бірінші деңгейі болып
республикалық бюджет табылады. Республикалық бюджетте анағұрлым ақша
қаражаттарын орталықтандыру мемлекеттің тиімді қаржы саясатын іске асыру
қажеттілігімен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ақша ресурстарымен маневр
жасау, оларды ел мен аймақтардың әлеуметті – экономикалық дамуының
басымдылық бағыттарын қаржыландыруға жұмсау, экономикалық дамушылықты
ынталандыруға мүмкіншілік туады.
Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып,
екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан,
қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды – ол мемлекет таңдаған ел
басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетті
қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет
арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағыттары, салалар,
аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындар арақатынасы анықталады.
Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру
құралы ретінде мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.
Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті
әкімшілік – аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер
республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика
маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды.
Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік бойынша биліктің
жергілікті органдары өз қызметтерін орындауды қаржылық қамтамасыз етуге
арналған ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және
республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті
Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде
ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.
Сонымен тақырыптың зерттелу маңыздылығы – бюджет қалыптастыру, атқару
және бақылау процестерін біріктіретін бюджеттендіру механизмінің түтас
елдің, оның ішінде аймақтардың экономикалық – әлеуметтік дамуына зор
ықпалын тигізуі болып отыр.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі
талаптарына сай бюджеттендіруді қалыптастыру мен зерттеу және жетілдіру
бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды
нәтижелері болып мыналар саналады:
- Қазақстан Республикасындағы бюджеттендіру процесінің экономикада
алатын орны анықталып, ғылыми негізделген тұжырым берілді;
- бюджеттендіру процесін жетілдіру бағыттарын айқындау.
Практикалық маңыздылығы – дипломдық жұмысты жазған кезде құрастырылған
аналитикалық кестелер мен талдау болашақта мемлекеттік мекемесі Қаржы
бөлімінің қызметкерлерімен аналитикалық жұмыста қолдана алады.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Қазақстан Республикасының бюджеттендіру
процесін зерттеу және оның қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері,
проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты
қарастырылған. Бюджеттендіру мәселесін зерттеу барысында Үмбетәлиев А.Д.,
Керімбек Ғ.Е., Мельников В.Д., Байдуйсенов А.Д., ІлиясовҚ.Қ., Құлпыбаев С.,
сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бюджеттеуді мемлекеттің бюджет
шығындарының тиімділігін жоғарлату әдісі ретінде қарастырып, талдаулар
жүргізу, тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру болады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер
орындалды:
- бюджеттеу ұғымы және оның мәні мен мағынасын ашу;
- бюджетті қалыптастыру, атқару және бақылау мәселелері;
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуын талдау;
- бюджеттендіру үдірісін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың объектісі – СҚО, Ақжар ауданының ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ
бюджеті.
Дипломдық жұмыстың пәні – Қазақстан Республикасының бюджеттендіру
үдірісі мен орындалу тетіктері.
Дипломдық жұмыстың теориялық жәнеметодологиялық негізі ретінде
құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік
актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агентствосының ақпараты, СҚО
Ақжар ауданының қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдістері – дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесі әдістер:
салыстырмалы, аналитикалық, диалектикалық, тарихи, логикалық әдістер
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттерден тұрады

1 Қазақстан Республикасының бюджеттеу процессінің теориялық
негіздемесі

1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі

Бюджет- мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша
қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды
қамтамассыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының функцияларын жұзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Оның
қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық
байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген
қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы
салаларды бөліп шығаруға болады.
Бюджеттік сектор бөлімшесі ол өз алдында жеке бір экономикалық
категория, ол ақша қаражаттарын орталықтандыратын қор деп те айтуға болады.
Бұл бөлім барлық қалалық бюджетті қадағалап, өз меншігіне иеленеді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: “Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамассыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры”. [1,б.2]
Осы Бюджет Кодексіне сай бюджет секторы өз қызметтерін атқарады.
Сонымен қатар жылдық құрылған бағдарламаларды Бюджеттік Кодекске сай
жүргізеді және қаланың дамуына ат салысатын мекемелер, ұйымдар және тағы
басқа кәсіпорындарды өз қадағалауына алып, оларды әр ай сайын бақылап
отырады
Мемлекеттің кәсіпорындармен, мекемемен, ұжымдармен және тұрғындармен
қаржылық қарым-қатынас қалыптастыратын қоғамдық өте жақсы өнімді құндық
бөлудің айрықша облысы. Олар жалпы мемлекеттік сұраныстарды
қанағаттандыратын мақсатқа арналған орталықтандырылған ақша құралдары қорын
қалыптастыру мен пайдалану мәселелерімен байланысты. Бұл қаржылық
қатынастардың жиынтығы- мемлекеттік бюджет деп аталады.
Бюджеттік секторы ақша қорларын орталықтандыру, тұтас халық
шаруашылығы маштабы бойынша қорлардың үзіліссіз айналымын
қамтамассыздандыруға қажетті, экономиканың барлық тізбектерінің қалыпты
жұмыс істеуін қадағалайды.
Бюджет секторы бюджеттік бағдарламалауды енгізу, елдің даму мақсаттары
мен приоритеттері анықталған нақты бюджеттік бағдарлама арқылы жоспарланған
кезеңге біріктіруге мүмкіндік жасайды.
Бюджеттік бағдарлама дегеніміз бюджеттік қаражаттарды қолдану арқылы
мемлекеттің даму мақсаттарына жетуге арналған мемлекеттің белгілі бір
қызметтерін орындауға арналған шаралар кешені.Бағдарламаның міндетті түрде
нақты анықталған мақсаттары, міндеттері және нәтижелері болу керек. Бюджет
секторы осы бағдарламалар арқылы өз қызметтерін атқарады.
Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі-
орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-
қатынас, заңнамалық белсендіреуі-заң.[2,б.290]
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Мемлекеттік қаржының негізгі
бөлігі бұл мемлекеттік бюджетке тиесілі. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржының
мәні негізінен мемлекеттік бюджет арқылы анықталады.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізүші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасындағы пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді. Осыған сай бюджет секторы да өз жұмыстарын
атқарады. Негізінен бюджеттік секторды бақылаушы облыстық бюджет, ал
облыстық бюджетті жергілікті бюджет; бюджетті республикалық бюджет
қадағалайды. Республикалық бюджетті мемлекеттік бюджет қарамағына кіреді.
Сондықтанда, барлық бюджеттер мемлекеттік бюджетке сай атқарылады.
Мемлекеттік бюджет- қоғамның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған
және осы мақсатты шараларға жұмсалынатын мемлекеттің ақша қоры. Сонымен
қатар, бюджеттегі қаржылық ресурстардың шоғырлануы мемлекеттің қаржылық
саясатын жүзеге асыру үшін қажет.
Мемлекеттік бюджетті- бюджет секторын басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы қаражат арқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі
ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын құндық құралы болып табылады.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі денгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді.
Бюджеттік жүйе- Бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен бюджетаралық қатынастардың
жиынтығы ретінде танылады, мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды
құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория
ретінде мемлекеттің орталандырылған ақща қорын-бюджетті-қалыптасу мен
пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы
қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және
сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық
деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және
экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік
процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп
түсіндіріледі.[3,б.203]
2005 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне еңгізілген жаңа Бюджеттік
кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына
келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті.[4,б.158]
Бюджет жүйесі әр түрлі деңгейлердегі Бюджеттердің өзара байланысына
негізделеді. Бюджетаралық қатынастар бюджет шығыстары мен кірістері арқылы
қалыптасады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, “қаржы” категориясына қарағанда бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән: Ұлттық табысты қайта
бөлу, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету, экономиканы реттеу мен
ынталандыру, ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы
бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлу функциясының
мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында
қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бөлу функция арқылы
мемлекет аумағында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны
жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал
бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстары
түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол
қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы
болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік
сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік
және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет,
себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас
жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді
екенін анықтайды.
Бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да
объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциялдық
қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік
қатынасы бар қоғамдық қарым- қатынастың белгілі саласында көрініс табады.
Қазақстан Республикасы жиынтығында бюджетті құрайтын бекітілетін,
атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай деңгейдегі бюджеттер жұмыс
істейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет мемлекеттің
бюджеттің жоғарғы деңгейі, ал жергілікті бюджеттер төменгі деңгей санатымен
ажыратылады.
Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің мңндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамассыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып,
екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан,
қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды- ол мемлекет таңдаған ел
басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетті
қаржы ресурстары мен барлық резерівтер көлемі саналады, сондықтан осы
бюджет арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағыттыры,
салалар, аймақтар мен әрекек салалары бойынша шығындар арақатынасы
анықталады. Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты
іске асыру құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі
білінеді.
Қазіргі кездегі экономиканың дамуына байланысты республикалық
бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік саясаттын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады
және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге
маңызды әсерін тигізеді.
Бюджет - бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік
жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын
жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Бюджет кодексіне сәйкес, жергілікті бюджеттерге келесілер жатқызылады:
← облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері,
елорданың бюджеті;
← аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет.
Бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында көрінеді:
← билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын
қалыптастыру;
← бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылымсалалары мен
халықтың арасында қайта бөлу.[5,б.215]
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының
санқырлы қызыметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызыметін жандандырады, аумақтың
экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып
пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн қысқартуды
немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн заңдардың жобалары Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының
ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен
Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңдардың жобалары үшiн мұндай
қорытындының болуы талап етiлмейдi.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды
немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулылары жобаларының
ережелерi Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi қарауына жатады. Сол
сияқты экономика және бюджет бөлімдеріне келіп түсетін ұсыныстарды,
өтінімдерді бюджеттік комиссияға ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті бюджеттер
мемлекеттің бюджет жүйесінің материялдық тірегі, қаржы жүйесінің орталық
буыны, Қазақстан Республикалық мемлекеттігінің атрибуты және оның
егемендігінің қаржылық негізі болып саналады, сондай-ақ мемлекеттік бюджет
арқылы жалпы ұлттық өнімнің тиісті қаржылық заң актілерінде көзделген
бөлігі қайта бөлініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық игілігіне
пайдаланылады. Осыған сай Ақжар ауданының бюджеті де әлеуметтік-
экономикалық игілікке пайдаланылады.
Облыстық бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға
бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. кірістер:
• салықтық түсімдер;
• салықтық емес түсімдер;
• негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
• ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар;
3. операциялық сальдо;
4. таза бюджеттік кредит беру:
• бюджеттік кредиттер;
• бюджеттік кредиттерді өтеу;
5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
• қаржы активтерін сатып алу;
• мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6. бюджет тапшылығы;
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру
• қарыздар түсімі;
• қарыздарды өтеу.[6,б.132]
Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің
ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік
органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын
тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер
жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрайды.
Бюджеттік іс-әрекеттің жүргізілуі мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, Бюджеттердің
барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара
байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар
жүйесі болып табылады.
Облыс шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс,
яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша, бюджет секторы осының
барлыған қадағалап отырады.
Бюджет секторының негізгі құқықтық базасы ретінде келесідей заңдық
мәртебесі бар құжаттар танылады:
• мемлекеттің Конституциясы;
• бюджеттік кодекс;
• ағымдық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң.
Сондай-ақ, аталған құжаттардан басқа мемлекет бекіткен орта немесе
ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауы, мемлекеттің стратегиясы да қолданылады.
Сонымен қатар, Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері
мен деңгейлері дербес болып есептелінеді. Бюджеттік жүйе құрылымында
Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,
экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділіктігі мен қолайсыз сыртқы
факторлар әсерін төмендету мақсатымен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды
арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке
қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Елге қауіпті немесе әскери жағдайларда төтенше бюджет құрылуы мүмкін.
Төтенше бюджет қалыптасу кезінде аталған қор мемлекеттік бюджеттің және
сәйкесінше бюджет жүйесінің құрамына енгізіледі. Төтенше бюджеттің кірісі
республикалық және Бюджеттердің аударымдары арқылы қалыптасады.
Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы
бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық
бөліністің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория
түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және
оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар
ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.
Бүгінгі күнгі облыс бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет
орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет
экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын
көрсетеді.
Облыс бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. аудан бюджет өзінің ұйымдастырушылық
функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы
басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен
дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына
бағытталған, оның тиімділігін жоғарылатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану құжаттық формада болғандағы оған өте үлкен
ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

1.2 Бюджеттеудің алғы шарты ретінде қаржыландыру жоспарларының құрылу,
бекітілу тәртібі

Бюджеттік құралдардың қалыптасуы, бөлісуі және пайдалану процесін
басқару бюджетті жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджетті
жоспарлау рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды
негізгі мақсаттарға, әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай
тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустралды-
инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің
мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда
көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің
әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты
орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және
әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Мемлекеттің жалпы қаржылық жоспарлаудың және оның маңызды құрамалы
буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни барлық халықшаруашылығын жоспарлаудың
органикалық бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы ресурстары
басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана
бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы,
яғни төлемдер бойынша міндеттемелер тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру
көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржы жоспарлар ішінде
алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлакеттік мән береді. Ол
мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті
орталықсыздандырудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы
қаржылық және бюджетаралық қатынастырды жетілдіру байланысында және
мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін
ұтымдылауда білінеді.[7,б.318]
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың
мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлағымен және кірістер мен
шығындардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы
тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әрбір түрі
бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр
түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз
ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың тиісті өкілетті органдардың
мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен
бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік
құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығындық
бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар
шешіледі:
• Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар
арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
• Бюджеттік процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық
қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
• Қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік
мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бойынша бөлу;
• Салалар, іс-әркет салалары мен экономика секторларының қаржы
жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен
әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
• Бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін
анықтау.[8,б.320]
Бюджетті жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер
арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын тиімді бөлуді,
әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты
түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландырудың қамтамасыз
етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер,
жоспарларды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылық
қарастырылады.
Мемлекеттік бюджетті болжамдау маңында бюджеттің кірістік және
шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау
процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына
негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз
бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі
кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті экономикалық шарттарды
және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауланынесепке ала отырып,
бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау
нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар
қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Мемлекеттің бюджетін жоспарлау мен болжаудың үш маңызды бағыттарда
жұмыс істеуді қарастырады:
• Кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша континенттердің
болжамдық мөлшерін анықтау;
• әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша
реттеуші кірістердің бөлісі;
• қаржылық жәрдем,бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебін
жоғары,төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау;
Бюджеттік жоспарлау іс-әрекетінің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік
мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдарды тұрақты және бірқалыпты түсуін
қамтамасыз еру.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық,
теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске
асылылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және
жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз
етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттер деңгейлері арасындағы
кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бөлісу
нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін
тағайындау негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық
саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына
негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен
қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму
жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджеттік жоспарлаумен
қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті
қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару
мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субввенция беру
арқылы немесе бюджет шығындарын қысақарту арқылы немесе мемлекеттік
берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен
қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік прицип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не
шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер
негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі. [9,б.552]
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты климаттық және
әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр
аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары.
Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланады.
Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен
атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес
қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады
және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол
әр дейгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл
нормативтер тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық
саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша
шығындық өкілеттілікті шектеуде байланысты.
Мемлекеттің алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық,
Бюджет кодекстер мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске
асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеметтік-
экономикалық даму жоспарларының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің
ортамерзімді фискалдық саясаттың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы
мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі
көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда
пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім
көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция
индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың
көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді
бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал
бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан
жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны
анықтайтын арнайы құжат – ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты
құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспары
мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын
бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың
маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп
жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, жүргізіп
жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға
сәйкестігімен дәлелденеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкімет
қамтамасыз етеді. Заң актілерінде көзделген жағдайларда републикалық
бюджетке тауарлық немесе заттай бөліктегі түсімдерге және оларды
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттің мекемелердің
жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда
көрсетіледі.[10,б.127]
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің
олардың бекітілген көлеміне асып түсетін бөлігі мен республикалық
меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік
мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган
республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық
бюджеттік атқарылу туралы есепке көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын
қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылу барысында ағымдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген
бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым
мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс шараларды жүзеге асыруға
байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдар тізбесінде
өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бюджетті атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін
ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып бюджеттік
бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық
бюджетпен аудандар (қалалар) Бюджеттердің арасында кірістерді бөлу
нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді.Бюджеттік бағдарламалардың
паспортына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін
ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Республикалық
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның
паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге
асырады.Растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған
міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады.[11,б.12]
Республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың,
жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған
міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің,
үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет
алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді.
Бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы
міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған
жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі
туралы ақпарат береді. Ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда,
республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді. Уақытша бос ақшасын
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі салымдарына орналастырады; бюджеттік
бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; егер республикалық
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша
бюджеттік нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; бөлінген қаражаттар рұқсаттарда
көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарды кері
қайтарып алуды жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары республикалық бюджетті
қаржыландырудың жиынтық жоспарына жатады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген
тәртіппен: бюджеттік бағдарламаларды қаржыландару жаоспарларын бекітеді
және оларға өзгерістер енгізеді; бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру
жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына
сәйкестігін қамтамасыз етеді; бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті
органға бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын табыс етеді.
Мемлекеттік бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттар
шегінде бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік
бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұсаттар
береді, бюджеттік бағдарламаларды іске асырылу мониторингін және олардың
бағалауды жүргізеді.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме
белгіленген тәртіппен:
• бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын жасайды және
республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту
жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы;
• республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде
бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды;
• бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер
шегінде шығыстарды жүргізеді;
• республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың
есебін жүргізеді;
• бюджеттің атқарылу жөніндегі уәкілетті органға және Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс
етеді.[12,б.4]
Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет
қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік
борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін. Қазақстан
Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы барысында тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген
жекелеген республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы
тәртібін белгілеуге құқылы.
Атқарушы органдар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністер бюджеттің
атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын
қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын
және жергілікті бюджеттік қаржыландырудың жиынтық жоспарын
жасаумен бекітеді. Жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшілеріне рұхсат береді.
Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мәжіліс пен
мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергіліқті бюджетті бекіту
туралы шешімін атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджетті қаржыландырудың
жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттің
атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне табыс етеді.
Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді. Бюджетке түсетін ақша
түсімдерінің күтіліп отырған көлемін алдағы айларда міндеттемелер қабылдау
және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді.
2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және
орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар
алудың хабарлау жүйесін енгізу. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын
бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
- стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары
мен міндеттерін ықпалдастыру;
- бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың
тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
-бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын
қамтамасыз ету;
- бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау
бойынша қойылатын талаптарды күшейту;
- бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын
арттыру.[13,б.8]
Бюджет түсімдерін болжамдау. Бюджеттік кірістері ол мемлекеттік
функциялардың орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы
ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр
деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін
ақша құралдарын көрсетеді. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын
формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін
құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі
мөлшерде және тағайындарған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті
төлемдер түсініледі.
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде
жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және
шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар
қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті
төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни
заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден
басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды
уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады.
Бюджет түсімдерін болжау. Салық түсімдері контингентінің есеп әдісінің
сипаттамасы. Корпорациялық табыс салығының болжауы бірнеше есептеу
нұсқаларымен анықталады. Бірінші нұсқа бойынша есептік кезеңде тапсырылған
салық декларацияларының мәліметтер жиынтығы пайдаланады. Бұл мәліметтер
арқылы ең алдымен болжамдау мезіміне салық салынатын табыс анықталады.
Сонымен бірге шешімдер көлемінің өзгерістері де есептеледі, яғни есепті
мерзімі бойынша анықталған салық салынатын табыс ағымдағы жылғы инфляция
деңгейі мен келесі салық жылына болжамдап отырған инфляция деңгейіне
коррекцияланады. Сондай ақ, осыған қоса зияндар көлемінің өзгерістері мен
оларды ауыстыру мерзімі есептелуге тиісті.
Дивиденттерден, сый берулерден, резидент еместердің қызмет көрсету
бойынша қазақстандық көздерден түскен табыстарына түсетін салықтарды
божамдау негізінде олардың ақырғы екі жыл боый түсімдерінің динамикасы мен
болжамдап отырған мерзімдегі экономика дамуының макроэкономикалық
параметрлерінің өзгерістері бойынша жоспарланады. Төлем көзінен салынатын
жеке табыс салығын болжамдау үшін салық органдарының тапсырылатын салық
декларацияларының мәліметтері пайдаланады.
Біржолғы талон бойынша қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жеке табыс
салығын болжамдау үшін аймақ аумағында осындай тәртіппен іс әрекет
атқаратын жеке тұлғалардың саны жөніндегі атқарушы органдардың мәліметтері
мен жергілікті өкілетті органдардың шешімімен бекітілген біржолғы
талондардың құны пайдаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығын
болжамдау үшін ақырғы есепті мезгілдегі жеке тұлғалардың негізгі құралдары
мен материалды емес активтерінің құны жөніндегі статистикалық мәліметтер
пайдаланады. Есептеу маңында жалпы құнынан салық салынбайтын объектілер
құны, мүлік салығын төлемейтін жеке тұлғалардың негізі құралдары мен
материалды емес активтерінің құны алынады.
Көлік құралдарының салығының болжамы көлік құралдарының двигатель
көлемі, жүк көтергіштігі мен отыратын орындарына байланысты түрлері және
топтары бойынша ішкі істер органдары дайындайтын олардың саны жөніндегі
мәліметтері негізінде есептеледі. Осылай есептелген жалпы санынан салықтық
заңнамаға сәйкес берілетін жеңілдіктері бар заңды және жеке тұлғалардың
көлік құралдары саны алынады.
Жер салығын жоспарлау келесі категория бойынша іске асырылады – а)
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер; ә) елді мекен жерлері; б) өнеркәсіп,
көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы
жерлер.[14,б.98]
Бірыңғай жер салығын болжамдау үшін де декларациялар мәліметтері
пайдаланады. Бұл салықты есептеу базасы болып жер учаскесінің бағалау құны
табылады, ал оның сомасы осы бағалау құнға заңнамада бекітілген
мөлшерлемені пайдалану арқылы есептеледі.
Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының болжамдық сомасы су
ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың мәліметтері негізі мен төлемақы
төленетін объектілер бойынша және су тұтыну мен арнайы су пайдалану
түрлеріне байланысты Үкімет тағайындаған мөлшерлемелерді қолдану арқылы
есептеледі.
• бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы салық
түсімдері бойынша барлық мәліметтерді қортындап, оларды бюджеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
• бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган елдің орташа
мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық
көрсеткіштері негізінде салық түсімдерінің контингенттерін болжамдап,
оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жеткізеді;
• бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органдар тиісті аумақ бойынша кірістер шектелімдерін
жоспарлауды іске асырады.[16,б.105]
Бюджет кірістерінің шектелімдерін болжамдау процесінде әрекеттегі
заңнамалық және нормативтік актілерге енгізілген өзгерістер мен
қосымшаларды есептеу қажет және түсімдер бюджет жүйесінің деңгейлері
бойынша кезекті жылға бекітілген республикалық бюджет жөніндегі Заңнын
баптарына сәйкес болуы тиіс.
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ішкі салықтар түсімдерін
болжау. Ішкі немесе жанама салықтар ол тауарлардың бағасы арқылы төленетін
немесе тарифке енгізілетін сол тауарлар мен қызметке салынатын салықтар.
Мұндай салықтардың нақты төлеушілері болып сол тауар немесе қызмет иелері
салық сомаларын оларды өткізгенде алады. Ішкі салықтарға қосылған құн
салығы мен акциздер жатады.
Қосылған құн салығы түсімдерін екі вариантпен болжамдау мүмкін.
Бірінші варианттың есебі елдің орташа мерзімді әлеуметті экономикалық даму
жоспарына сәйкес жалпы ішкі өнімнің болжамдық көлемі мен ҚҚС алуының орташа
пайызына негізделеді. Екінші вариантының есебі ҚҚС түсуінің мониторинг
жөніндегі салық органдарының мәліметтеріне негізделеді. Бұл арада ірі салық
төлеушілер бойынша есептелген және төленген ҚҚС сомалары жөніндегі
мәліметтер пайдаланады.
Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлар бойынша акциздерді
болжамдау үшін алдыңғы жылда акцизделетін тауарлардың өндірістік көлемі
жөнінде мәліметтер пайдаланады. Өндіріс көлемі орташа мерзімді әлеуметтік
экономикалық даму жоспарының көрсеткіштері арқылы анықталады.
Халықаралық сауда және сыртқы операциялар бойынша салық түсімдерін
болжау. Кедендік баждар, басқа салықтар, халықаралық сауда мен сыртқы
операциялар бойынша болжамдау үшін есепті мәліметтер талдауы мен республика
аумағында ағымдағы мерзімде сыртқы сауда айналысының атқарылуы,
өнімдердің экспорты мен импортталынған тауарлардың салық салынатын кедендік
құны жөніндегі кеден органдарының мәліметтері және әрекеттегі кедендік
баждар қолданады. Сонымен қаса, салық және кеден заңнамаларындағы
өзгерістер мен теңгенің курсы есептеледі.
Шетке шығаратын тауарлар бойынша кеден баждарының түсімдерін болжамдау
маңында салық салынатын база ретінде республика немесе аймақтың орташа
мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында қарастырылған экспорт
көлемі алынады.
Қол қойылатын бонус бойынша түсімдерді болжамдау жер қойнауын
пайдалану жөніндегі қол қойылған өзара шарттар негізінде іске асырылады.
Коммерциялық табу бонус бойынша түсімдерді болжамдау пайдалы қазбаларды
өндіріп алу жөніндегі өзара шаттар негізінде жасалады.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің болжамдық
түсімдерін анықтау үшін роялтиді есептегенде қажетті көрсеткіштер керек,
бірақ роялтидің орташа мөлшерлемесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқадай өндіріс шығындары
Кәсіпорынның бюджетін қалыптастыру
«ҚарағандыЭлектроМонтаж» ЖШС бюджетін құру
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлар жүйесі
Айналым капиталының мәні мен құрлымы
Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызды тиімді басқаруды жетілдіру жолдары
Қаржы менеджментінің даму эволюциясы
Қаржы менеджментінің мазмұны
Өндіріс шығындарының есебін жүргізу
Ет өнімдерін өндіретін ЖШС «Казмясопродукт-М» кәсіпорынның ақша ағындарын жоспарлау мен басқару тиімділігін зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау
Пәндер