VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері


Жоспар
Кіріспе. 3
I бөлім . Жобалау әдісінің педагогикалық процесте алатын орны
1. 1 Жобалау әдістінің мақсатымен және оның тарихы . . . 7
1. 2 Жобалау әдісінің ерекшеліктері, мәртебесі және түрлері . . . 10
1. 3 Жобалау іс-әрекеті арқылы оқушыардың шығармашылық белсенділігін дамыту . . . 11
1. 4 Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері . . . 15
II бөлім VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері
2. 1. 1 Сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау әдісін қолданудағы жаттығулар кешені . . . 27
2. 1. 2 Орта тапта (8-9 сыныпта) ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтардың мазмұны . . . 32
Қорытынды . . . 58
Қолданылған әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Жобалау әдісі білім беру ресурсы ол оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту.
Зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы :
Еліміздегі білім беру саласындағы басты да, негізгі мақсат ол үш тілдік білім беру программасын қамту мен дайындау екені белгілі, соған байланысты беріліп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстың негізгі өзегі шет тілдегі материалдар мен шет елдерде қолданылып әдістер мен методиканы немесе жалпы білім беретін орта мектептегі орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолдану әдістерін қазақ мектебінде ендіру мен жүзеге асыру. Тағы бір маңызы, белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мәні - фактілерді әрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмәннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дәлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.
Жобалар әдісі біріншіден - қандай да бір мәселені шешуді, екіншіден - нәтижеге қол жеткізуді болжайды.
Қоршаған ортадағы, әлеуметтегі өзгерістерге байланысты сабақ беру тәсілі, әдісі методикасы бірге өзгеріп отырады. Тек сонда ғана тәрбие мен сабақ үрдісі өнімді, нәтижелі болады.
Мектеп программасындағы сабақ беру үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялардың енуін оқушының рухани, интелектуалды дамуының маңызды түрі екеніне көп көңіл бөлу керек, яғни тек даму ғана педагогикалық процесстің нәтижелі түрі болып табылады. Шет тілі сабақ ретінде оқушылардың мәдени, рухани дамуына үлкен мүмкіндік беретін сабақ.
Жобалау әдісі - қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі. Жобалар әдісінің негізіне «жоба» ұғымының мәні, оның қандай да бір тәжірибелік немесе теориялық мәнді мәселені шешу арқылы алуға болатын нәтижеге деген прагматикалық бағыты салынған. Бұл нәтижені нақты тәжірибелік іс-әрекетте көруге, түсінуге, қолдануға болады. Мәселенің шешімі бір жағынан, жиынтықтарды, әр түрлі әдістерді, оқыту құралдарын қолдануды алдын ала ескерсе, ал екінші жағынан, ғылымның әр түрлі салаларынан, техникадан, технологиядан, шығармашылық салалардан білімді қолдану икемінің, білімнің интегралдануының қажеттілігін болжайды. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі» болуы тиіс, яғни егер, ол теориялық мәселе болса, онда оның нақты нәтижесі, егер тәжірибелік болса - қолдануға дайын нақты нәтиженің болуы.
Жобалармен жұмыс істеу оқушыларға дәстүрлі оқу әдісімен қол жеткізе алмайтын, білім алуға мүмкіндік бере отырып, жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Бұлай болуы мүмкін, өйткені оқушылар өздері өз таңдауларын жасайды және өздері талаптанады. Бұл көзқарастан жақсы жобаның:
- тәжірибелік құндылықтары болуы;
- оқушылардың өзіндік зерттеулерін жүргізуінің болжауы болуы ;
- онымен жұмыс істеу үрдісінде де, және оның аяқталуында да бірдей мөлшерде болжаусыз болуы;
- оны орындау жылдамдығы мен жұмыс бағытында оралымды болуы;
- өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігінің болжауы болуы;
- оқушыға өз қабілетіне сәйкес білім алу мүмкіндігін беруі;
- кең спектрлі тапсырмаларды шешуде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына көмегі болуы;
- оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерін реттеуге жағдай жасалуы тиіс.
Дамыған елде шет тілінде сыныптан тыс сабақ жүргізудегі ең басты мақсаты: Шет тілінде мәдени қатынасқа түскісі келетін оқушының жеке тұлғасы. Мектеп алдында тұрған басты мақсаттың бірі : жаңа педагогикалық технологиялардың өнімді қолдануы мен еңгізілуі. Оларға әрине бірінші жобалау әдісі жатады. Төменде көрсетілетініңдей Е. С Полат жобалау әдісі жаңа педагогикалық технологиялар дидактикасының дамуына осылайша әсер етеді деп көрсетеді.
- Қазіргі таңда қолданылып жүрген стандартталған сабақтың класс−сабақ жүйесіне жобалау әдісі оңай еніп жүйенің ешқандай мақсатттары мен құрылымына әсер етпейді.
- Бұл технология интеграция кезінде мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген мақсатқа өте нәтижелі жетеді.
- Жобалау әдісі тек оқу материалдарының өнімді игерілуін ғана камтамасыз етпей, адамгершілік, өнегелік, өз бетімен жұмыс жасау, мұғалімге, оқушылардың бір−біріне кеңпейілді дұрыс көзқарас, тілдік қарым−қатынасқа бейімділік, бір−біріне көмекке келу сиякты қасиеттерін бекітеді. Мұнда бәсекелесу, күндеу, менмендік, дөрекілік, авторитарлық сияқты дәстүрлі педагогикамен жиі қалыптасатын қасиеттер жобалау технологиясымен қиылыспайды.
- Қазіргі таңда жобалау технологиясы өте мұқиат шет және өз еліміздің әдіскерлерімен зерттелуде: [2. 17-22]
И. Л Бим, И. А Зимний, Т. Е Сахоровой, О. М Моисеевой, Е. С Полат, И Чечель, L Fried-Booth, T Hutchinson, D Phillips және т. б.
Көптеген зерттеулерде жобалау әдісі нәтижелі білім беру жүйесінің ең маңызды компоненті және әзірлеудің түрін активті іс−әрекет түрі арқылы (жоспарлау, алдын ала болжау, анализ, синтез) дәстүрлі стандартты емес білім беру үрдісін көрсетеді.
Жобалау әдісін әсіресе Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында және сыныптан тыс сабақтарда қолдану нәтижелі болып келеді. Өйткені осы уақытта (8-9 сыныпта) алдыңғы қатарлы жаңа мәлімет алу үшін шет тілін өз бетімен қолдану, сөздік қорды байыту, лингвистикалық білімді кеңейту және оларды қоршаған болмыстың жаңа саласында қолдану алға шығады.
Жобалау методикасы жаңа педагогикалық жеке − тұлғаға бағытталған технология ретінде гуманисттік бағыттың негізгі принциптерін айқындайды:
- Оқушының жеке тұлғасына ерекше көңіл бөлінуі;
- Нақтылық, оқушыларды қиын қыстау ойлау қабілетіне бағыттау;
Осыған сүйене отырып біз ешқандай күмәнсіз жобалау әдісі әзір материалды игеру мен жаңадан игеруге негізделген дәстүрлі сабақ беру тәсілінің баламасы екенің айтамыз.
Ғылыми− теориялық әдебиеттерді анализдеудің, педагогикалық тәжірибеге сүйенудің және ғылыми-зерттеу жүргізушінің жеке зерттеулерінің арқасында қазіргі таңда шет тілін оқыту үрдісінде бірнеше қарама− қайшылықтар бар екені аңықталып отыр, олар:
- Мемлекеттік білім беру програмасы бойынша шет тілін оқытуда орта тапқа қойылған талаптар мен шынайы орта тап оқушыларының арасындағы қарама− қайшылықтардың болуы;
- Шет тілінде сыныптан тыс сабақтарда жаңа педагогикалық технологиялардың қажеттілігіне қарамастан дәстүрлі сабақ беру тәсілінің шет тілінен сынптан тыс сабақтарда басым болуы;
- Оқушылардың сабақ үрдісіне жаңа еңгізулерді, технологияларды жоғары ниетпен калауымен және оған дайын болғанымен мұғалімдердің жаңа әдістер мен технологияларға әлі де сенімсіздікпен қарау;
Зерттеудің өзектілігі, теориялық маңыздылығы осы мәселелерді шешудегі практикалық өңдеулердің жетіспеушілігі берілген тақырыпты таңдауға негіз болды. “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолдану”
Зеріттеу обьектісі : Жалпы Орта Білім Беретін мектептердегі орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтар үрдісі мен сыныптан тыс сабақтардағы сөйлеу қабілеті.
Зеріттеу пәні : “Орта буында жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолдану”
Зеріттеудің ғылыми болжамы: Егерде орта тапта Жалпы Орта Білім Беретін мектептердің орта табында ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдансақ, біз мынадай жетістіктерге жетеміз:
- Шет тілін өнімді игеру үшін ішкі мотивтің қалыптасуы мен дамуына;
- Ойлау қабілеті мен ойлау жылдамдығын арттыруына проблемалық жағдайда логикалық ойлау қабілетін игеру;
- Тілдік, сөйлеу қабілетінің дамуына;
- Оқушылардың жеке тұлғалық индивид ретінде қалыптасуына, дербес тәуелсіз тұлға болуына;
- Алға қойған тапсырмалардың нәтижелі шешім табуына.
Зерттеудің міндеті: Сыныптан тыс ағылшын тілі сабақтардағы жобалау әдісін теориямен негіздеу, өңдеу, және оның нәтижелі, өнімді технология екенін дәлелдеу. Алға койылған мақсат мынадай шешімдерді талап етті:
- Орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздерін аңықтау.
- Орта тапта жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында жобалау әдісін қолдану бойынша интерактивті сабақтардың маңыздылығын анықтау.
Дипломдық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде негізігі дипломдық жұмысымның тақырыбына тоқтала ғана отырмай оны әрі қарай жалғастыруға мүмкіншілік беріледі.
Бірінші бөлім дипломдық жұмысының тақырыбы бойынша оның тарихы мен оның қазіргі таңда қолдануы қарастырылады
Екінші бөлім VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері белгіленеді.
Қорытындыда дипломдық жұмысымның тақырыбын зерттеу барысында алынған жауаптарға қорытынды жүргізіледі
I бөлім . Жобалау әдісінің педагогикалық процесте алатын орны
1. 1 Жобалау әдістің мақсатымен және оның тарихы
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп - сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - оқушымен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Мектеп мұғалімдерінің арасында жобалау жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық жұмыстар т. б тіркестер қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазір мектеп оқушылары мен мұғалімдері бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды орындап, қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде белгілі ғалымдардың қатысуымен өткізілетін конференцияларда келелі мәселелердің шешілу жолдары туралы ойларын ортаға салып, көпшілікті мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстары таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.
Жобалау - «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т. б.
Жобалау әдісі 20 ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Девей
,
Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды - жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Танымдық прагматизм философиясының өкілі
Девей
жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады.
Девей
мен Килпатрак мектептен тыс кезде өмір мен ойлауды, әрекет пен білімді, мектеп пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак «жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде»қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісініңерекшебелгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шеуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық үрдіс деңгейіне түсіп кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды.
Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде (Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко 1969. ) бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды.
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді.
Жобалау идеялары Еуропада алпысыншы, жетпісінші жылдары «баламалы мектеп» немесе баламалы оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі
ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде 20 ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы. Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
- өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады.
- алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады.
- өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді.
- мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды.
- мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді.
- әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады.
- аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады.
- өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады.
- шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі.
-өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен оқушының функционалдық міндеттерін өзгертеді. Оқушы ағылшын тілін оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса, оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.
Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады. Ағылшын тілінде сөйлеуге үйрену процесінің негізгі сипаты тілді аутентті тілдік контексте табиғи түрде меңгеруге жақындайды.
Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
Жобалау технологиясы қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады.
1. 2 Жобалау әдісінің ерекшеліктері:
1. бір топ оқушылар белгіленген бір мақсатқа жетуге ұмтылады
2. оқушылардың ұжым болып жұмыс істеуін қалыптастыру
3. оқушының ойлау дағдысын қалыптастыру
4. әр оқушы жоба жұмысын орындау барысында керекті ізденген мағлуматының өзіне қажеттілігін түсіну
5. сабақта және сабақтан тыс алған білімін жүйелеу
6. жоба жұмысын орындау барысында оқушы оқыту процесіне көбірек жауапкершілікпен қарауы
7. жоба технологиясы оқушының өздігінен жұмыс жасауына қызығушылығын арттыр және ынталандыру.
Жобалар әдісінің мәртебесі (басқа әдістермен және технологиялармен салыстырғанда) :
Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ
, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері - тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.
Жобалар әдісі білім беру жүйесінің толық өңделген және құрылымдалған компоненті болып табылады.
Жобалар әдісінің танымалдығы нақты мәселелерді шешу үшін, онда теориялық білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуының үйлесу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Жобалардың түрлері:
Жобаларды түрлерге бөлудің негізі болып келесі белгілер табылады:
- Жобада басты іс-әрекет: зерттеу, іздеу, шығармашылық, рольдік, қолданбалы (тәжірибелік бағытталған), таныстырулық бағытталған және т. б. (зерттеу жобасы, ойын, таныстырулық бағытталған, шығармашылық) ;
- Жобаның пәндік - мазмұндық ауқымы: моно жоба (білімнің бір саласында) ; пәнаралық жоба;
- Жобаны үйлестіру сипаты: бір беттілік (бұлжымайтын, иілгіш), жасырын (анық емес, телекоммуникациялық жобаларға тән, жобаға қатысушыны имитациялау) ;
- байланыстың сипаты: бір ЖОО, факультет, қала, аймақ, елдің және әр түрлі елдер арасындағы қатысушылар үшін;
- жобаға қатысушылардың саны;
- жобаның ұзақтығы.
1. 3 Жобалау іс-әрекеті арқылы оқушыардың шығармашылық белсенділігін дамыту
Жобалау әдісі - белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі - шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея - ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым оқушылардың өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны оқушылар белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.
Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде - бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.
Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:
- Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау) . .
- Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)
- Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.
- Жобаның мазмұндық бөлімін құру.
- Зерттеу әдістерін қолдану.
Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т. б. )
Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі - ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу - нәтиже - презентация
Жобаларды құру:
- Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.
- Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.
- Оқушылардың өз бетімен жұмысы.
- Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.
- Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.
- Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.
Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:
- проблеманың мәнділігі және өзектілігі;
- қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;
- жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;
- қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;
- жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;
- проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;
- шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;
- орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;
- оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz