Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру жолдары мен болашақтағы дамуы


Мазмұны
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өзінің дамуының жаңа кезеңінде бүкіл әлемдік қаржылық тоқырауды бастан кешіріп отыр. Қазақстанның нарықтағы басшылыққа алатын бағытарының бірі экономикалық реформаларды іске асыра отырып, жоғарғы қарқынды экономикалық өсім мен экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігі кәсіпорындардағы инвестицияларды басқарудың маңызды орны мен оны дамытудың жолдарын қарастыруда жатыр.
Инвестиция дегеніміз (күрделі салым) - негізгі қорды, ұдайы өндірісті, кәсіпорынды, ауыл шаруашылығының барлық саласын ұлғайтуға бағыталған материалдық, ақшалық және еңбектік ресурстар шығындарының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеу қазіргі заман қоғамының экономикалық құрылымының дамуы мен құрылуында анықтайтын және алғы рөлді ұстанатын экономикалық саясаттың аясында жүзеге асырылуында басты орын алады.
Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, оның басты құрылымы мемлекеттік бюджет болатын механизмдердің ішіндегі ең маңыздысы қаржылық механизм, яғни қоғамның қаржылық механизмі болып табылады. Осы қаржылық жүйенің арқасында мемлекет орталықтандырылған қорларды құрып, қаржылық құралдардың орталықтандырылған емес қорларын құруына ықпал етеді, сонымен қатар мемлекеттік органдар жауапты функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 90-шы жылдардан келе жатқан Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары мемлекеттің қаржы аясына әсерін тигізеді, оның ішінде ең алдымен бюджеттік жүйеге көп ықпалын тигізеді. Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау мен таратуының маңызды құралы болып табылып мемлекеттік бюджет саяси үкіметке, экономикаға шынайы ықпал етуіне мүмкіндік береді. Бюджет - өндірістік процесті жүзеге асыратын маңызды құрал. Оның арқасында әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалынады, қоршаған ортаны қорғауын қамтамасыз етеді, ғылыми - техникалық прогресті ынталандырады, қорғаныс мүмкіндігін қамтамассыз етеді және де мемлекеттің басқа да функцияларын жүзеге асыруға болады. Соған қарамастан қазіргі кезде казақстандық инвестициялық саясат ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралына айналып отыр.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру экономикаға, әлеуметтік сфераға және инфрақұрылымның дамуына мол қаржының салынуын талап етеді. Осы реформалардың негізгі ауыртпашылығы ішкі және сыртқы инвестициялық қаржыларды тарту, оларды жоспарлы да жүйелі түрде жұмсай білу маңызды мәселеге айналып отыр.
Өйткені ол экономикаға, әлеуметтік қорғауға, білім беруге, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс және басқару сияқты қоғам өмірінің барлық сфераларын қамтитын экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін мемлекеттің барлық ішкі және сыртқы ресурстарын ынталандыра отырып шоғырландырыла алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық жобасын қаржыландыру іскерлігін тиімді пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың тәуекелділігін талдау және бағалау болып табылады.
кәсіпорынның инвестициялық жобасын қаржыландыру іскерлігін тиімді пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың тәуекелділігін талдау және бағалау мәселелерін Қазақстан республикасында көптеген ғалымдар мен экономистер қарстырп зерттеп жүр, мысалыға, олар Абдушев Б. М., Абулгазин Д., Баишев Б., Балахматова Г., Джаналеева А., Калдияров Д. , Сулейменов Д., Тургулова А. К және т. б. атап айтуға болады
Осы жоғарыдағы айтылған ойлар мен тұжырымдар жиынтығы дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтап берді.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қарастырылған:
- кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен мазмұнын қарастыру және ашу; отандық кәсіпорындардағы инвестициялық қаржыландырудың алатын орны мен рөлі; кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылықтың жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына әсер ету еркшеліктерін көрсету; Қазақстан мен оның аймақтарындағы кәсіпорындарға инвестициялық салымдарды салыстырмалы түрде бағалауды жүзеге асыру; орындалған жұмыстар мен зерттелген материалдардың нәтижесін тұжырымдау және ұсыныстарды құрастыру; кәсіпорынға инвестициялардың тартылуындағы басқарудың мәселерін анықтап, оларды шешудің жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың зертеу объектісі. «Есеп және Аудит-97» ЖШС.
Дипломдық жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі көрсетілген, мақсаты мен міндеттері құрастырылған, жаңалықтың мәні ашылып, зерттеудің пәні көрсетілген.
Бірінші бөлімде инвестицияның мағынасы мен жалпы түсінігі туралы әдебиеттік шолулар жасалынды. Қазақстандағы әртүрлі меншік жүйесіндегі аймақтық инвестициялар жағдайларына сипатамалар жасалынды.
Екінші бөлімде «Есеп және Аудит-97» ЖШС-нің инвестициялық жобасын қаржыландыру іскерлігін тиімді пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың тәуекелділігін талдау және бағалауына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде инвестициялық қызметерді басқарудың мәселелері анықталып, оларды келешекте еліміздің экономикасына тиімді әсер етуінің жолдары қарастырылды.
Зерттеу дәрежесінің нәтижесінде дипломдық жұмыстың қарастырып отырған қәсіпорындардағы инвестициялардың қазіргі кезеңдегі мәселелерін анықтайтын және олардың келешектегі дамыту үшін қажетті шешуші жолдарын себеп-ссалдарлар мен мүмкіншіліктер жиынтықтары белгіленіп, оны орныдаудың ұсыныстары мен тұжырымдары жасалынды.
Жалпы дипломдық жұмыстың орындалуы мен оны зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттерінің орындалуы туралы тұжырымдамалар мен ұсыныстар қорытындыда толығымен түсіндіріліп көрсетілген.
1 Кәсіпорынның инвестициялық жобасы және оны қаржыландырудың теориялық негіздері
1. 1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы өсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады [1, 45 бет] .
«Инвестиция» термині латынның investire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар өндіріс-материалдық запастар және т. б. ) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау» кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны білдіреді.
Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді.
Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектілеріне трансфермацияланады.
Экономиқалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар:
құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке;
қарыздық міндеттемелерге;
опциондар мен акцияларға;
шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге;
тікелей және жанама [2, 54 бет] .
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
-инвестициялардың түрлері;
-ақша құралдарын салу объектілері;
-инвестицияландыруға қатысу сипаты;
инвестицияландыру кезеңі;
-меншік түрлері;
-инвестордың қатысу түрлері;
- тәуекел дәрежесі; ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; жылжымайтын және жылжымалы мүлік; авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар; жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар; қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу-хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді: нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар; материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар; қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді: тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестициялау объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне; жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияланатын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестициялау объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестициялаудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі: қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ; ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді: азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары; мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты: қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ; инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу; жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу; табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дорежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады; тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т. б. ) . Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін,
жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін: жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы; шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту; шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру; техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу [3, 154 бет] .
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет. Ол үшін кәсіпорынның, оның ішінде акционерлік қоғамдардың инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметін қарастыру қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты: кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары; жалпы даму стратегиялары; инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтар жағдайы; құралдардың салу объектісі ретінде кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы [ 4, 58 бет] .
Кесте 1
Белгілі бір кезең ішіндегі байланыстылық пен үйлесімділік
Ескіруі / Пайда
болуы
Нарыкка еніп,
бекітілу процесінде
өмір сүру
Нарық сегмен-
тінің кеңеюі,
іс-әрекет ди-
версификация-
сы мен пайда-
ның жоғары
карқынмен
өсуін қамтама-
сыз ету
Іс-әрекеттің сала-
лық диверсифика-
циясы, пайданың
қол жеткен нормасыиа қолдау жасау
Пайда нормасын
сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен
нысандарының бір
уақыттық жаңалануының қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі
іскерліктің
масштабтарын сақтау
Бастапқы
нақты инвести-
цияның
жеткілікті
көлемін
қамтамасыз ету
Өндірістің
және нақты
қаржылық
инвестиция
масштабтары-
нын қеңеюі
Өндірістің
техникалық қайта
қамтамасыздан-
дырылуы жене кең масштабты
қаржылық инвес-
тицияландыру
Жана құрылыс пен
өндірістің қайта
құрылуына нақтылы
масштабты инвести-
цияландыру
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген.
Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т. б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт ете келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап түру үшін қолданылатын пассивті инвестициялау орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты [6, 98 бет] .
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz