АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 КЕЛІСІМДІ САҚТАМАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛАЛАРЫНЫҢ
КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Келісімшартты міндетті жасасу тәртібі мен өзгерту және бұзу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Келіспеушілік хаттамасы және оны реттеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
1.3 Сыртқы экономикалық келісімшарттардың жасасу барысындағы
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2 МӘМІЛЕНІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНІҢ АНЫҚТАМАСЫ
2.1 Мәміленің ұғымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Мәміленің жарамдылық және жарамсыз
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3 Мүлікті жалдау шарты бойынша азаматтық құқықтық
мәмілелер ... ... ... ... 45
3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Шарттың ұғымы мен оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
3.2 Шарттың мазмұны және шартты жасау
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..52
3.3 Рента және өмір бойы асырауда ұстау
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 63
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Конституцияның 1-бабында Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде, орнақтырады-деп айқын жазылған [1] Демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет боламыз десек, өзіміздің ұлттық заңымызды
күшейтіп оның орындалуын тек қана мемлекет тарабынан ғана емес әрбір
азаматтың өз борышы екенін терең түсіне білсе ғана демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекетке қол жеткізуімізге болады деп ойлаймын.
Сондықтан да заңның қай саласында болсын өз құқығы мен міндетін адал
орындау ол мемлекеттің дамуына үлкен үлес қосқанмен тең болуы мүмкін.
Қазіргі таңда келісімшарт жайлы кең әңгіме болғанымен, оның құқықтық
мәселелері шарттың қалыптасуы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар
жүйесі, оның мәнін түсіну, жетекші институттарын саралау, мемлекеттік
органдардың азаматтық құқықтағы шарттардың қалыптасуына ықпалын анықтау,
т.б. күрделі мәселелер әлі күнге дейін кешенді түрде айқындалуда.
Қазақстан Республикасы үшін азаматтық құқықтағы шарттардың
институттарын дамыту басты қажеттілік болып табылады. Азаматтық құқықтағы
шарттардың институттарның өсуі белгілі кезең шегінде жүзеге асырылады. Жаңа
замаңда осы институттары өсу үшін жаңа алдыңғы қатарлы механизм қажет.
Сондықтан да бұл тақырып азаматтық құқықтағы шарттардың дамуына әсер
ететін негізгі мәселелерді анықтаумен байланыстырылады.
Сол үшін ҚР-сы қол қойған халықаралық шарттар мен пактілерді ескере
отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру және үйлестіру; екіншіден, азаматтық
құқықтағы шарттардың заңдылық құралдарын нығайту және мемлекет тарабынан
тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; үшіншіден, халықтың жоғарғы
саяси, құқықтық және азаматтық құқықтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау
қажет.
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы
құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық
қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң
шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын
бұзушылықты білдіреді.
Шартты (соntrасtus) рим құқығы үш түрлі мағынада: кұқық қатынастарының
туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті
құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады [2,18 б].
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстеріңде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді.
Сондықтан да, осы баптың 2 - тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме
жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер
қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең,
өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Зерттеудің нысаны. келісімді сақтамаудың құқықтық салаларының
көкейтесті мәселелері болып табылады.
Зерттеу пәні. жаңа заманда келісімді сақамаудың құқықтық салаларының
болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Келісімді сақтамаудың құқықтық салаларының
көкейтесті мәселелерін талдау болып табылады.
Зерттеудің міндеттері. Азаматтық кодекстің тиісті баптарында
шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен,
міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан
(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар)
туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер
заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса,
жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдіснамалық негіздері.
Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған
шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).
Азаматтык кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтык кұкықтың субъектісі
шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтканда: 1) шартты жасау не жасамау; 2)
шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа
белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса
алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-
тармағы) .
Зерттеудің әдістері. Бұл мәселені зерттеуге үлкен үлес қосқан мынадай
отандық ғалымдарды атауға болады: Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г, Тулеугалиева
Г.И., Мауленова К. С. Сарсембаева М. А., және т.б.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы болып келісімді
сақтамаудың құқықтық салаларының көкейтесті мәселелері ретінде және оны
жетілдіру жолдары.
- мәміленің жалпы теориялық негіздерінің анықтамасын нақты көрсету;
- азаматтық-құқықтық шарттың жалпы теоретикалық сипаттамасын нақты
айқындау;
- келісімді сақтамаудың құқықтық салаларының көкейтесті мәселелерін
талқыға салу.
Тәжірибелік мәні. Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік мәні, бұл
жұмыста келтірілген ережелер, қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар:
- мәміленің жалпы теориялық негіздерін зерттегенде;
-азаматтық-құқықтық шарттың жалпы теоретикалық сипаттамасын
зерттегенде;
-келісімді сақтамаудың құқықтық салаларының көкейтесті
мәселелерінің тиімділігін анықтағанда, сондай-ақ Азаматтық құқық оқу
курсын оқыту үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыстың мазмұны таңдап алынған зерттеу жұмысының мақсаты
мен міндетіне және оның көлеміне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет көздерінен және қосымшадан
тұрады.
1 Келісімді ақтамаудың құқықтық салаларының
көкейтесті мәселелері
1.1 Келісімшартты міндетті жасасу тәртібі мен өзгерту және бұзу тәртібі
Азаматтық айналым тауарлық айналымның формасы болып табылады. Заттар
бір біріне тауар ретінде саналу үшін, тауар иелері бір біріне тұлға ретінде
қарым қатынаста болу керек- деп К. Маркс жазған. Бұдан әрі, К. Маркс былай
деп көрсеткен, қоғамдық қатынастар алдағы тауарлар өзінің экономикалық
табиғатында заңдылық ерікті қатынас түрін қабылдап, шарттың нысаны болып
табылады. Осыдан шарттық қарым қатынас кең көлемде таралып өзіндік
азаматтық айналымға түседі.
Келісімшарт заңды тұлғамен, сондай-ақ азаматтардың арасындағы қарым
қатынасты реттейді(орталықтандырады). Келісімшарт мәміле түрі болып
табылады, яғни оған екі немесе көп тарапты мәміле туралы тәртіп
қолданылады. Келісімшарттың түсінігі азаматтық-құқықтық мәміле түсінігінен
әлде қайда кең түрде ерекшеленеді. Келісімшарт бұл кез келген нәрсе емес,
ол ерікті түрде екі немесе бірнеше тараптар (екі болмаса көп тарапты
мәміле) сәйкестікпен жүзеге асады. Сонымен қатар келісімшарт түсінігі
міндеттеме түсінігімен араластыруды қадағаламайды. Міндеттеме тек шарттан
ғана пайда болмайды, бірақ әкімшілік актіден, бір тарапты мәміле, құқықтық
емес әрекеттер т.б., яғни шарт сияқты, әрі шарттылық емес сипат алады.
Келісімшарт міндеттемесі тек оған қатысушылардың келісім негізінде пайда
болуы танылады.
Келісімшарттың ядросы болып оған қатысушылардың еріктері табылады.
Тіпті социализм кезінде міндеттемелердің мән-жайы шаруашылық шарттарды
бекітудегі белгіленген контрагенттік еріктер сақталған. Советтік
цивилистикалық ғылымның негізгі концепциясы шаруашылық міндеттемесінен
өрбейтін негізгі тәсіл заңдылық құрамындағы қиын теория және оған қоса
шарт жоспары деп болды. В.П. Мозолин және Е.А. Фарнсворт кітаптарында АҚШ
және Совет Одағының қоғамдық жүйелері әр түрлі болғанымен осы мемлекеттерде
шарттың ерекшеліктері көп болған. Сонда да, шарт шарт болып қала береді
деп авторлар белгілеп кеткен. Мұнда авторлар шарттың ішкі нысанын айта
кеткен. Осы жағдайда бұл мәселемен дауласу қиынға түседі, өйткені шарттың
ішкі құрылымы өзінің негізгі техникалық құрылысын және нысан тәртібін
сақтай отырады. Ал социалистік негіздегі жалпы шаруашылықтың маңызы шарт
түбелікті өзгеру процесіне түсті. Бір ғана заңнамалық фраза – шарттың
ерікті принципі социалистік құрылыс жүйесінің экономикалық әкімшілік-
жоспарлаудың тамырын үзіп, осы қоғамға лайықтандырылды. Келісімшарттың
мұндай рөлі тарихта ешқашан орындалған емес. Келісімшарт тек қана реттеуші
болды, бірақ экономикалық қатынасты қайта құрушы емес [74,391 б].
Шарт жасасу тәртібі (АК-ның 397-бабы). Шарт жасау ұсынысы сол жерде
бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ
контрагентке тез жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда
жасалады. Мерзім көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін.
Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып
алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз
ұсынысынан бас тарта немесе оның тартса оферентке екінші тарапқа келген
шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.
АК-ның 397-бабының 3-тармағында жауаптың кешігуі акцептанттың
кінәсіненемес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс
бөлімінің кінәсінен болған жағдайда баяндалады. Бұл ретте оференттің де,
акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тарптың да мүдделерін
қорғайтын шаралар қарастырған [75,56 б].
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты
оферент белгіленген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол
ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады,
барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеген қандай да бір
өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент
акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас
тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа
оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос
әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.
Шарт жасалатын жер. Егер шартта оны жасатын жер көрсетілмесе, шарт
азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның
орналасқан жерінде жасалған болып табылады (АК-ның 398-бабы) [76;12 б].
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда
маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай
көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын,
ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы
бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері
деп танылады (АК-ның 16-бабы).
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған
жері болып танылады (АК-ның 39-бабы).
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығын болғанмен, АК-
да және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде
жасасу мүмкіндігі АК-да қарастырылған.
Мұндай жағдайларда көп емес. АК-да белгіленгендердің ішінен жария
шартты (387-бап) және алдын ала шартты (390-бап) атауға болады. өзге заң
актілерінде белгленген жағдайлар ішінен мемлекеттік кәсіпорындардың
мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы
Жарлықтың 13-бабы).
Бірінші нұсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші
тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде
екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның
өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті
жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.
Екінші нұсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап
жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер
хаттамасы алынса, онда бүл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап
отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы
не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жіберуге құқылы. Пікір
қайшылығы хаттамасы қабылданбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап
шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге
құқылы.
Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың
нәтижесі жайында хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттаамасын жолдаған тарап

Бұл мерзімдер императивтік емес. Шарттардың кейбір түрлері үшін
заңнамада, ал кейбір түрлері заңнамада, ал кейбір жағдайларда – тараптардың
келісімімен өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Шарт жасасуға міндетті тарап оны жасаудан жалтарса, екінші тарап оны
мәжбүр ету туралы және оған шығындарын төлеттіру туралы талап қойып сотқа
жүгінуге құқылы (АК-ның 399-бабының 4-тармағы).
Бірақ, кейбір жағдайларда бұл ережеден ауытқу бар. Ресейдікіне
қарағанда Қазақстанның Азаматтық кодексінде алдын ала шарт жасасқан тарапты
негізгі шартты жасасуға мәжбүрлеу көзделмеген. Екінші тарап тек шығынның
өтелуін ғана талап етеді.
Шығындарды өтеу, АК-ның 9-бабының 4-тармағының және 350-бабының
ережелері бойынша жүргізіледі.
Жалпы ереже бойынша шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын
тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол
қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып
саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды.
АК-ның 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын
тек екі жағдай бар:
- шарт қайшылығын бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті
болғанда (АК-ның 399-бабының 2-3-тармақтары);
- пікір қайшылығын сот (мемлекттік немесе төрелік) қарауына беру
жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе
төрелік деп аталады.
Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, шарттың тараптар келісе алмаған
ережелерін сот анықтайды. Ол шешімге тараптар бағынуға тиіс.
Шарт алдындағы даулар бойынша сот шешімдерді мәжбүрлеп орындату
жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз
бар.
Шартты өзгерту және бұзу тәртібі. Шартты өзгертудің және бұзудың
негіздері. Шартты өзгеру дегеніміз – оның мазмұнын құрайтын бір немесе
бірнеше ережелердің өзгеруі.
Шартты бұзу дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-
ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер
бойынша мерзімінен бұрын тоқтату [77,69 б].
АК-ның 401-бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы
көзделген: тараптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша; шартты
толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде.
Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы
принципінен туындайтын қалыпты және қолайлы тәсілі болып табылады.
Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот
тәртібінде, орындаудан біржақты бас тарту) АК-да, басқа заң актілерінде
және шартта көзделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты
бұзушылықтар белгіленген.
Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы
Заңды атауға болады, оның 103-бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын
үй жалдау шарты жалға берушінің талабы бойынша, Тұрғын үй қатынастары
туралы Заң негізінде ған бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер
жалдаушы оны ұдайы бүлдіріп немесе қирата берсе және т.б.) [10 б].
Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң
актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның
404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта
көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға
жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген [78,86 б].
273 және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен
жөн: 273-бапта заңнамада жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында
айтылған. Бұл ретте заңнама терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұндай
жағдайлар тек заңдармен ғана емес, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін.
Назар аударарлық бір жағдай – АК-да шартты орындаудан бір жақты бас
тарту және шарттан бас тарту терминдері бір мағынада қолданылады.
404-баптың 2-тармағында шартты біржақты бас тартуға жол берілетін
мынадай жағдайлар белгіленген:
1 шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса (374-
бап);
2 белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса;
3 шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгерсе
немесе күшін жойса.
Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір
түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы
борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар
(тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы,
жолаушылар тасымалдау шарттары).
Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң
актілерінде де көзделген.
Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген
уақытта бұзуға құқылы (отбасының кәмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).
Шарт мерзімі көрстелімей жасалса дшартты орындаудан біржақты бас
тартуға жол берілдеі.(404-баптың 3-тармағы).
Шартты орындаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе
өзгеруіне әкеп соғатын заңдық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу
немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер
мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы
[79,57 б].
Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары. Шартты
өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе
іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада
жасалады (АК-ның 402-бабының 1-тармағы).
Шартты өзгерту немес бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас
тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта
белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде
жауап алынбағаннан кейін ған тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы
талапты сотқа мәлімдей алады (АК-ның 402-бабының 2-тармағы).
АК-ның 403-бабында шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруға
мүмкіндік беретін ережелер келтірілген:
- шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта,
тараптар келісім жасаған немесе сот шешімі заңды күшінде кірген кезден
бастап тоқтайды; шарт заңсыз деп танылады (154-баптың 8-тармағы);
- шарт өзгергенде немесе бұзылғанда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған
кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды,
шарт заңсыз деп танылса әр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа
қайтарып беруі жалпы ереже ретінде белгіленген (АК-ның 157-бабы 3-
тармағы).
Келісімшарт өзгергенде немесе бұзылғанда пайда болған шығындар барлық
жағдайларда бірдей өтелмейді, ол үшін шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне
тараптардың біреуінің шартты едәуір бұзуы себеп болуы тиіс (АКның 403-
бабының 5-тармағы).
Тараптар шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарттың күшінде
болу мерзімін ұзарту іс жүзінде жаға шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан
ол АК-ның 397-бабының шарт жасасу тәртібінде арналған ережелері бойынша
жүргізіледі.
Яғни, шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта
жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс.
Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге
пролонгация (шарттың, яғни келісімшарттың мерзімін ұзарту) жасаудан ажырату
керек, соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың
күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың
өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі [81,57
б].
Шарттың мазмұны тараптардың еркімен құрылғанымен, мемлекеттегі жария
тәртіпке қайшы болмау қажет, яғни, шарт еркіндігі қағидасы шет елдерде де
абсолюттік бола алмайды [83,56 б].
Келісімшарт көне құқықтық құрылымның бірі. Келісімшарттың ғасырлар
бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы
әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген.
Келісімшарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу.
Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Келісімшартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық
қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең
соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады [84,18 б].
Келісімшарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодекстерінде тәртіптелген [80 ].
Келісімшарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп
танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 378-бабының 1-тармағы, бұдан әрі ҚР АК)
Келісімшарт – құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына
негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындайтын негіздердің бірі болып саналады.
Келісімшарт термині әрдайым сол бір мағынада қолданыла бермейтінін
есепке алу қажет. Сонымен қатар ол екі тараптың келісімін білдіреді, кейде
келісімшарт ұғымында міндеттемені түсінеді, ал кейбір жағдайда бұл термин
қатысушылардың міндеттері пайда болатын құжатты білдіреді. Әрине
көпшілікке келісімшарт заңды факт ретінде, құқықтық қатынас ретінде және
нысан ретінде шарт жасасқанда танысу керек. Азаматтық-құқықтық мәмілеге
келісімшарт нысанына жалпы тәртіп кіреді. Келісімшартпен туындайтын
құқықтыққатынастың мазмұны нақты шарт үлгісінің ерекшелігінен туындайды
және сату – сатып алу көрсетілген жағдайда қарастырылады. Сондай-ақ
мүліктік иелену мердігерлік және басқада шарттық міндеттемелерден тұрады.
Бұл жерде келісімшарт заңдылық факті ретінде зерттеледі, яғни келісім
сияқты азаматтық құқықтық қатынасты тоқтатын немесе өзгертетін белгіленген
бағыт береді.
Келісімшарттағы аталған келісім заңдылық факті ретінде танылады.
Сондықтан бұл белгіленген азаматтық құқықтық зардапқа әкеп соғады. Мұндай
кезде келісімшарт ерікті сипаттағы акті ретінде олардан туындайтын
азаматтық-құқықтық қатынас басқада әсер береді. Заңдылық оқиғаның маңызы
тек қана ол тәсілімен құқықтық зардаптың орын алуына итермелеу көрсетілген
заңнамамен шектеледі. Келісімшарт бұл тәсілге ие болады, сондай-ақ
көрсетілген заңнама талаптарымен нақты құқықтық үстемдік мазмұны және
қатысушылардан жасалатын міндеттемедегі олардың құқықтық қатынастарын
анықтайды. Сондықтан заңдылық сипаттағы оқиға олардың құқықтық құрылымдағы
әрекетті толықтай жойылады. Онда шарт міндеттеменің мазмұнын құраудағы
көзқарастың рөлін зерттеуге тиіс, мұның ең соңғысы шарттың өз мазмұнынан
туындайды.
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп
жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және
шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап
айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп
тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. Бір жақты және көп жақты
мәмілелер ұғымын бір жақты және өзара шарттар ұғымынан ажырату керек.
Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың
келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір жақты және
өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз). Шарттың басқа
мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз
тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Келісмшарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады,
себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал
міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде
талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде – сол құқыққа икемделген
міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (ҚР
АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа
қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы
қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай
серіктестік) туралы шарттың Міндеттемелік құқық туралы бөлімде емес,
меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін
орналасуы бекерден бекер емес (ҚР АК-ның 228-бабы) [86].
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді
көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды
қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады.
Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің
Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен
байланыстырады. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға
сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан
ортақ меншік обьектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның
қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес
заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің
қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке
қарағанда).
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның
пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап).
АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула негізілген: шарттан
(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа)
туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа)
құқықтық қатынастардың мәніне өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауыының
баптары (Шарт ұғымы және оның ережелері) қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының
мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және байланысты көптеген
ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-
ның 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай
құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы
ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында
шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады,
соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең
басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның
ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасасуға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында
жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Келісімшарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса,
коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Келісімшарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы).
306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген
кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен
жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін
сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Келісімшарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты
да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығығынан көрініс табады (380-баптың
2-тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада
көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай – 380-бабтың 2-
тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан
шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және
ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың
мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады
[87,56 б].
Тараптар заңда көзделмеген шарттарды жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады делінген (7-бап).
Бұл ереже азматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін
қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар
(жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір
түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді
тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері болады (АК-ның 381-бабы).
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада
көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды.
Сондықтан да, олардың мазмұнында заңда көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.
Тауар жеткізілім келісімшарты дегеннің не екенін кәсіпкерлердің
барлығы біледі. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, оған қол қойғанда мұқият
қарамау себепті, көп жағдайда, дау туған кезде, қиын жағдайға әкеп
соқтырады. Консультант журналының сарапшылары, контрагенттермен қажетсіз
мәселелерден аулақ болу үшін, келісімшартты жасаған кезде, ескерілуі қажет
жайттарды атап көрсетті [88,56 б].
Тауар жеткізілім компанияларға, өздері жеткізілім келісімшартының
формасын даярлап, оны клиенттерге ұсыну тиімді әрі қауіпсіз екені күмәнсіз.
Көңіл бөлетін аса маңызды шарты – келісімшарт бойынша төлем жасау. Тек
төлемнің мерзімін ғана емес, сондай-ақ сатып алушының жауапкершілігін де,
егер ол оны бұзса, нақтылап көрсету қажет. Әрі төлем мерзімін есептеу үшін,
бұл қағазда сатып алушының қолы болмағандықтан, шот-фактураны тапсыру сәтін
пайдаланудың қажеті жоқ. Сатып алушының тауарға төлем жасау датасын сатып
алушының шотының есебінен шығарып тастаған сәттен емес, тауар жеткізілім
шотына немесе банктегі корреспонденттік (тілшілік) есебіне қаражаттың
түскен уақытынан бастап есептеген дұрыс. Жеткізіліммен айналысатын
компаниялардың бірінде төмендегідей жағдай болды. Есеп саясатына сәйкес,
төлем жасау мерзімінен 14 күн асып кеткен жағдайда, сатушы фирма
наразылығын білдіріп, оны клиентке жолдайды. Егер төлем уақыты 30 күннен
асып кетсе, тауар беруші арбитраж (төреші) сотына талап арызын дайындап
жібереді [89,55 б]. Әрбір талап арызда өсімнің сомасы көрсетіледі. Есеп
келісімшартта анықталған ставкаға байланысты жүргізіледі (Әдетте ол қосымша
қаржының (қаржыландырудың-рефинансирования) екі-үш ставкасына тең). Егер
ставка келісімшартта анықталмаған болса, өсім Азаматтық кодекстің 395
бабына сәйкес, яғни қосымша қаржыландырудың – рефинансирования бір
ставкасынан шығарылып төленеді.
Негізінен соттар өсімнің мәлімделген сомасын қабылдайды. Десек те,
оларды азайтатын немесе жоятын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл егер де
өсім сомасы қарыз сомасынан артық болған жағдайда. Судьялар (қазылар)
мұндайда арбитраж тәжірибесіне жүгінеді (мысалы, Мәскеу қаласының арбитраж
сотының 2005 ж. 17 ақпандағы № А40-6267504-60-596 қаулысы). Кейде судьялар
төлем мерзімінің шартын сақтауды негізге алып, өсім сомасын төлетпейді.
Мысалы, егер келісімшартта төлем шот-фактураны алғаннан кейін
жүргізіледі деп жазылса, ал сатып алушы бұл қағазды алмадым деп шығады.
Мұндай кезде сот онымен келіседі [90,56 б].
Сатып алушыдан келісімшарт: төлем шарты. Әрбір жүйелі клиенттің
өзінің келісімшарты болады. Ал сатып алушыдан алынған келісімшарттар тауар
беруші үшін аса қауіпті. Құрастырушының көзқарасы бойынша олардың
тәуекелі барынша аз. Мұндай келісімшарттарда кейде мерзімі өтіп кеткен
төлемдер үшін айыппұл төлеу туралы тармақ болмайды және төлем мерзімі үнемі
келісілмейді.
Тапсырыстарды орындау. Клиенттердің келісімшарттарындағы ең тәуекел
шарты – тауар беруші орындау шарты. Жүйелі клиенттердің көбінің шартында
Сатып алушының Тапсырысты жіберген күнінен тасымалдау мерзімі тауарды
жеткізу мерзіміне дейін n күнді құрайды. Айыппұлдың көлемі - мерзімі
өткен әрбір күн сайын, тапсырыс сомасынан m %, бірақ k % көп емес. Тауар
беруші мерзімі үш күннің ішінде, айыппұл мерзімі - 0,5 күніне пайыздан
және тапсырыс сомасының бес пайызынан көп емес. Келісімшартта орындалмаған
тапсырыс үшін жай бір сан қойылады, мысалы АҚШ-тың 500 доллары. Алайда
кейбір келісімшарттарда тек жай тапсырыс емес, бекітілген тапсырыс жайлы
жиі әңгіме болады. Мұндай жағдайда, бірнеше сағаттың ішінде тасымалдаушы
тапсырысты алғаннан кейін сатып алушыға тауарды әкеле алмайтындығын
(мысалы, көлік болмай қалады немесе қоймада тауар жетіспеушілігіне
байланысты) жеткізеді. Бұл тауардың жеткізілмегендігі деп есептелмейді және
айыппұл салуға негіз болып табылмайды.
Баға саясаты. Жүйелі клиенттердің келісімшарттарында кейде мынадай
тармақ жазылады: Сатушы сатып алушы үшін аса жақсы жағдайларда ең төмен
бағаға тауар жеткізетініне кепілдік береді. Егер Сатушы жүйелі дүкендерге
жеңілдетіп, төмен бағамен жеткізе бастаса, Сатушы Сатып алушыға сол
бағалармен жеткізуге міндетті. Сатушы осы кепілдің әрбір фактісін
орындамағаны үшін Сатып алушы n рубль мөлшерінде айыппұл салады. Мұндай
кезде айыппұл көлемі 500 доллардан 15 000 долларға дейін көтерілуі
мүмкін.Тауар беруші осындай жайттардан аулақ болу үшін баға ұйымдастыру
бөлімінің қызметкерлері әрбір сатып алушыға тиелген бірдей тауарлардың
әрқайсысының бағасына жіті көңіл бөліп, бақылап отырулары қажет. Егер сатып
алушылардың біріне қосымша жеңілдік берілетін жарнамалық акция өткізілетін
болса, олармен баға саясатын сақтамағаны үшін айыппұл қарастырылған
келісімшарттарда осындай жеңілдікті басқа да клиенттерге бірден жасау
керек. Дей тұрғанмен, әрине, мұндай шарттарға келіскен тауар беруші
қосымша қиындықтардың болатынын және әжептәуір шығынды талап ететінін
ескергені жөн.
Тауарды қайтару. Тауар жеткізілім келісімшартының шарты бойынша сатып
алушының алдында тауар түрін жоғалтқан өнімдер және тауар сатылмай жатып
қалып, мерзімі өтіп кеткен тауарлар қайтарылады. Бұл, әрине, тауар берушіге
үшін тиімді шарт емес. Десек те, кей жағдайда оны қабылдаған да дұрыс.
Мысалы, мұндай тауар сөрелерде жатады, ал оны ешкім алмайды. Тиісінше,
тұтынушыларға жаңа өнімді ұсыну мүмкін болмайды [92,56 б].
Кейбір компаниялар кейде мұндай жағдайлармен келіседі. Алайда олар
қайтарылған тауарларды қабылдағанда өте мұқият қарайды, өнім жоғалған бос
қораптарды орнына келтіреді, іздейді, тауардың саны қосымша жазылмады ма,
өзіне басқа өнім қайтарылып жатқан жоқ па деп тиянақты түрде бақылайды.
Егер бақылау қатаң болмаса, сатып алушылар келісімшарттың шартын қалай
болса солай пайдаланатындарын атап айтқан жөн. Келісімшартта сатып
алушыға, тауарды қайтарудың жоқтығын ескеріп, қосымша жеңілдік қарастыруға
болады. Осының негізінде балама клиенттер бойынша мәліметтерден және
статистикадан шығатын экономикалық мақсатты анықтауға болады.
Басқа да шарттар. Тауар берушіге қатысты шарттардан басқа, сатып
алушылардың келісімшарттарында басқа да келеңсіз жағдайлар кездеседі.
Мысалы, өзара есептің салыстыру актіне қол қою немесе оны белгілі бір
мерзімде ұсыну міндетті шарт болып табылады. Оны орындамағаны үшін айып
салынады (әдетте 100 доллардан 500 долларға дейінгі көлемде).
Бухгалтерияның салыстыру актіне жауапты қызметкері осындай шартқа қол
қойған сатып алушыларды бақылауға алуы қажет. Кейде келісімшартта клиентті
факторингке ауыстыру үшін кедергі болып табылатын тармақ болады.
Онда дебиторлық шығынды үшінші тұлғаға қайта табыстау берген жағдайда
жеткізушіге барлық дебиторлық шығын мөлшерінде айып салынады. Сондай-ақ
келісімшартта әрбір тауар ұстанымын жеке паллетте жеткізу керектігі туралы
да шарт болуы қажет.
Мысалы, егер тасымалдаушы сатып алушыға әр түрлі тауардың екі қорабын
апарса, оларды екі түрлі паллетте әкелуі керек. Шартты орындамағаны үшін
тапсырыс жойылады, ал тауар берушіге айыппұл салынады. Егер тауар жеткілім
компания мұндай шартты орындауға келіссе, ол бұл мәліметті, тапсырыстарды
дұрыстап жинақтау үшін, қойманың қызметкерлеріне айтуға міндетті. Сатып алу-
сату келісімшартын жасаған кезде, қосымша шартпен, келісімшартқа өзгеріс
енгізу үшін, комиссия жиі жұмыс істейді. Банк реквизиттеріне, атауына, ИНН,
КПП, тауар беруші мекенжайына түзету енгізілгені үшін 500 долларға дейін
айыппұл салынады. Жоғарыда аталып кеткендерден басқа, кейбір
келісімшарттарда сатып алу бөлімі мен сатып алушының қоймасының
қызметкерлерінің өзара іс-әрекетіне қатысты әдеп нормалары да жазылады
(мысалы, қойма немесе сатып алу бөлімінің қызметкері пара алған кезде деген
тармақ қосылады). Тауар беруші шартты бұзған кезде, айыппұл салынып қана
қоймай, онымен мүлде келісім бұзылады.
Сатып алушылармен тәуекел келісім жасау туралы шешім тауар берушінің
сатып алушыға мүдделілігімен анықталады. Экономикалық тиімділікті әрдайым
мүмкін болатын шығындармен салыстырып отыру керек. Тәжірибеде, егер
тараптар шын мәнісінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі болса, белгілі
бір шарттарды бұзу айыппұлды алып тастауға әкеліп соқпайды. Басқа
компаниялар көп шарттарға келіседі, бірақ олар өздерінің бизнес-
процестеріне өзгерістерін енгізеді. Тағы бір кеңес бере кетсек. Егер тауар
беруші қайткенмен де белгілі себептермен айыппұл төлеуге міндетті болса,
онда ол сатып алушымен айыппұл санкциясын басқа жолмен қолдану, мысалы,
жеңілдік жасау немесе маркетингтік шығындар түрінде, келісім жасап көруіне
болады. Онда бұл соманы салық салу кірісінің мақсатына жұмсалатын
шығындарға, сондай-ақ ҚҚС (қосымша құн салығын) есептеуге енгізуге болады.
Жеткізушілер рейтингі . Кейбір клиенттер (әдетте батыс компаниялары)
тапсырыстарды орындау коэффициенті деп аталатын өздерінің тауар жеткізілім
рейтингін жүргізеді. Ол барлық жіберілген орындалған тапсырыстардың
қатынасын көрсетеді. Коэффициенттер әр түрлі тауарлар бойынша бөлек болса
да, 95 пайыз коэффициент норма болып есептеледі. Егер көрсеткіш төмен
болса, онда келісім (контракт) келесі жылы ұзартылмауы да мүмкін.
Келісімшарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі.
Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап
айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да
қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілеллер топтастырулары да қолданылады.
Нақты (реалды) және консенсуалдық шарттар. Егер, заң актілеріне
сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік
берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (АК-ның 393-бабының 2-
тармағы).
393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады.
Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. сonsensus –
келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті.
Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден
бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу
және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау)
шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп саналады. Мұндай
шарт нақты (лат. res – зат) деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға
тиіс [93,67 б].
Шарттың консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың
анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу – сату шартында
сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал
сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай
орындалуы тиіс.
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық – шарт бойынша өз
міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру
(бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара
міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау
жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын – американ құқығында considaration
деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі
ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.
Келісімшарттардың көпшілігі арқылы ҚР АК-да бекімін тапқан ақысыз
шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және
пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру,
сақтау, заем). Сондықтан да, АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік туса,
шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп
танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын
болса.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің
бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық,
екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта
тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міндеттемелер де көтереді
(сатып алу – сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша
төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге
міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол
зат үшін ақша төлеуге міндетті) [95,67 б].

АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген
де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Сондықтан да,
олардың мазмұнында заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт
жасаса алуы заңды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар
туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі
немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа
тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның
басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Алдын ала жасалатын шарттар. Мүлікті беруге , жұмыс орындауға және
қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндетер тікелей негізгі шарттан
туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз – сол шартта көзделген ережелерді
сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-
ның 390-бабының 1-тармағы).
Мұндай мерзімінің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше
жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін
жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің
заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азматтық кодексінде бір
тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету
құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже алғашқы рет
Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген болатын (60-бап).
АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: келісімшарт
жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты
жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар
(мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз
пәтерінің нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз пәтерінің ерекше
жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық
мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалынды. Ниет туралы
хаттамадан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет
туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген тұжырымға
алып келді. Мұндай шартта заңдық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы
керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша
қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені
болмаса, басқадай құқықтық салдарға әкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына
байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz