ЕКІНШІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: КӨШПЕНДІЛЕР ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ
4: 11
: 1. 1
КІРІСПЕ: Көшпенділер саяси интеграциясының ерекшеліктері
4: 11
: 1. 2
КІРІСПЕ: Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жоғарғы билік идеясы
4: 21
: 1. 3
КІРІСПЕ: Биліктің сакрализациясы
4: 29
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: ЕКІНШІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
4: 38
: 2. 1
КІРІСПЕ: VII ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай
4: 38
: 2. 2
КІРІСПЕ: Екінші түрік қағанатындағы билеуші тайпалардың ара- қатынасы
4: 47
: 2. 3
КІРІСПЕ: Тоныкөк және Білге қаған қтынастары
4: 56
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 67
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуымен және оның жалпы әлемдік деңгейде саяси-экономикалық қатынастарға араласуы жоғарғы биліктің идеологиялық бастаулары, оның пайда болуы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажеттіліктер туғызды. Осы мәселені зерттеу барысында мемлекеттік идеология дамуының көптеген аспектілерімен және олардың ортағасырлық көшпелілер мемлекетін құрудағы рөлі мен маңызы айқындалады.

Жоғарғы билік идеологиясының табиғаты әрдайым мемлекеттік ұйымдардың, ұйымдасулардың тақырыбымен байланысты болады. Ол бүгінгі уақытқа дейін дискуссия, даулы ойлардың тақырыбы болып отыр және де оның бір жақты жауабы табылатын емес. Көшпелілер мемлекеттілігін оның әлеуметтік құрылымы және идеологиясын зерттеу кешенді әдіс қолдануд қажет ететін көшпелі қоғамның ішкі дамуындағы көптеген күрделі аспектілерін қозғайды. Мұндай сараптаманың обьективті қажеттілігі көшпелі қоғамдарда идеология мемлекеттік құрылым мен басқарудың негізгі механизміне жатқандықтан туындайды.

Мемлекеттің саяси билігі идеологиясының пайда болуы мемлекет түзілуінің негізгі шарттарына жатқызылады. Мемлекеттік идеология немесе билік институты ретінде қоғамның даму барысында осы қоғамды басқару үшін ерекшеленген әрі санкцияланған, арнайы автономды басқаруға ұмтылған жүйе саналады[1] . Көшпенділер идеологиясы немесе қағандық

билік институты әлеуметтік байланыстардың басты саяси механизмі болып табылады және де ол көшпелі түркі қоғамдарында мемлекеттік дәстүрді айқындайды. Көшпенділер идеологиясын зерттеу көшпелілер қоғамының саяси және әлеуметтік тарихынан жаңа мазмұнда саралауға мол мүмкіндік береді. Ертеортағасырлық түркі мемлекеттеріндегі идеологияны, мифологияны, оның билік жүйесіндегі сипатын, көшпелі қоғамдардың жалпы дамуымен байланысын және дәстүрлі басқару жүйесіне тигізген ықпалын зерттеу Отан тарихының өзекті мәселелері болып табылады.

Көшпенділер идеологиясы көне сюнну, юэчжи, жуань-жуань, түркі мемлекеттерінің саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінде шешуші рөл атқарды. Оның басты қағидалары Ата-баба салттарын бұзбау, көшпелі тұрмыс салтын сақтап, әскери сананы ұлықтауға барып саяды. Бұл идеология өзінің ұтымды жақтарын Екінші Шығыс Түрік қағанатына қатысты барынша байқата алды. Ол Күлтегін, Білге қағанға арналған ескерткіштер мен Тоныкөк жазуының мәтіндерінде айқындалған болатын. Бұл жазулар Ашина мен Ашидэ түркі тайпаларының басшыларына жатады әрі баяндау көлемі бойынша ең ірі жазулар болып табылады. Ашина мен Ашидэ тайпалары түркі тайпаларының біріктіруші негізі болды және олар қағанаттың әулеттік коалициясын құраған болатын. Осы тайпалар арасындағы қарым-қатынастар түркілер қағанатының ішкі-саяси жағдайын айқындады. Олар көшпелілер идеологиясы механизмдерінің және бағыттарының негіздерін, династиялық қарама-қайшылықтарды, саяси тенденциялық ағымдарды және Үлкен жазулардың пайда болу себептерін ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны. VI-IX Екінші Шығыс Түрік қағанатындағы ашина және ашидэ тайпаларының ара-қатынасы, билеуші коалицияның өзара саяси-әлеуметтік байланысы.

Зерттеу пәні. Орхон-Енисей түрік жазулары көшпелілер идеологиясын зерттеуде негізгі дереккөз болып табылады. Көлемі бойынша ең ірі түрік бітік жазулары ашина мен ашидэ тайпалары көшбасшыларының атынан тұрғызылды. Күлтегін мен Білге қаған жазулары қағандық ашина тайпасының өкілдеріне жатқызылса, Тоныкөк жазуы қатундық ашидэ тайпасының өкіліне жатқызылады. Олар қоғам өмірінің ең маңызды жақтарынан көрініс береді. Олар көшпелілер идеологиясын, билік институттарын зерттеген кезде, негізгі бағыт-бағдарға айналады. Қаған жазулары түрік қағандары билігінің идеологиялық негіздемелері, олардың мемлекет құру мен даму үрдісіндегі мақсаты мен міндеті жайлы айтуға мүмкіндік береді.

Түркі тарихы бойынша толық мәлеметтер, әрине қытай жылнамаларында кездеседі. Көпғасырлық қытайлық жылнама дәстүрі ғалымдар тарапынан ақпарат тасымалдаудың бірегей тәжірибиесі ретінде есептелінеді.

Чжун го (Орталық мемлекет) империясы үшін Ұлы Қытай қорғанынан солтүстікке, солтүстік-батысқа қарай тұратын көршілері жайлы кез келген ақпараттар мен білімдер іс-жүзінде нақты өмірде қажет болды. Екіжақты қарым-қатынастар мен тауарайырбастың маңыздылығы зор болды. Олардың деңгейі мемлекеттер арасындағы күштер балансын белгілейтін еді. Ақпараттар әр түрлі болды. Сондықтана, көршілер жайлы ақпараттар жинау, кез келген қытай династиясысының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарды. Түркілер тарихына қатысты болып саналатын деректердің тізімін келесі түрде беруге болады: «Вэй шу» (Вэй әулетінің тарихы), «Чжоу шу» (Чжоу әулетінің тарихы), «Суй шу» (Суй әулетінің тарихы), «Цзю Тан шу», «Синь Тан шу» (Тан әулетінің жаңа және ескі басылымдағы тарихы) . Бұл дереккөздердің көп бөлігі орыс және қазақ тілді аудармалары жасалынған[2] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Мемлекет пен мемлекеттік идеология өзара тығыз байланыста болады және де ол бұл мәселені зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді қолдану жолдарын анықтайды, оның ерекшеліктері мен қойылған міндеттерін айқындайды.

Мойындалған саясигенез теориялары бойынша, мемлекеттік түрдің мемлекеттік емес түрден айырмашылығы одақ билеушісі беделге негізделген (консенсуальді билік) билікке иемденсе, мемлекетте билеушінің билігі заңдастырылған және легитимизация үрдісінен өткен әскери күштің көмегімен санкцияларды жүзеге асыруға құқылы болуында жатыр [3] .

Зерттеушілердің бұл ойлары көп жағдайда дұрыс, алайда көшпелілер қоғамына қатысты мойындалған билікке ие болған билеушілердің көшпелілер қоғамы ішінде, «легитимдендірілген күшті» қолдану өзін ақтай алмайтын әрі мүмкін емес, шара болып шығады] . Әр уақытта ол көшпелі тұрмыстың негізіне және ру-тайпалық қатынастарға «ұрынып» отырды. Көшпенділер саяси ұйымдасуының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін айтқан кезде, біз ең алдымен оның ішкі орта мен сыртқа орта әсерін назарға алуымыз қажет. Көшпенділердің ішкі ортасын қарастырған кезде, біз көшпелі қоғамның автаркиялық сипатта және кеңістікте экологиялық аридті аймақтардың салдарынан дисперсті (үзік-үзік) орналасатынын байқаймыз. Мұндай қоғамда билік вертикальдарының таралуына бірқатар қиындықтар туындайды. Отырықшы-жериеленуші халықтар үшін билік обьектісі ретінде этномәдени, әлеуметтік топтармен игерілген территориялар болса, ал көшпелі қоғамдар үшін сол әлеуметтік топтардың өздері болатын. Мұндай жағдай көшпелі халықтың мейлінше тәуелсіз тұрпатта болатынын көрсетеді, және аталмыш жағдай бағынышты халықтың көшіп кетуіне, яғни жоғарғы билікке бағынбауға ұласты.

Бүгінгі таңда көшпелі мемлекет отырықшы-жериеленуші мәдениеттермен өзара байланысу нәтиежесінде пайда болды деген пікірлер бар. Оның үстіне көшпелілердің басқару аппараты жаулап алушылық соғыстарда, сыртқы саясатта орын алып, ал іштей көшпелілер қоғамы автаркиялық сипатта болатыны белгілі [4] .

Мұндай әдіс көшпелі қоғамдарағы әлеуметтік қатынастар эволюциясы үрдісінің тек бір ғана, сыртқы жағын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ рутайпалық құрылымның басқару механизмдерін көрсете алмайды. Бұл әдістің оң позитивті негізі ретінде, шынында да сыртқы факторлардың ру-тайпалық ұйымдардың негізіне қаланған қоғам дамуының саяси-әлеуметтік механизмдерін біріктіріп, жылдамдатуы болды. Ол көшпелілердің ішкі қоғамдық қатынастарын ынталандыра отыра, олардың қажетті катализаторы бола алды.

Осы аталмыш жайттарды ескере отыра, диссертация бойынша зерттеу жұмыстарында белгілі тарих және политогенез теорияларымен бірге, өзгеде тиімді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Біріншіден, түрік бітік жазуларына жүргізілген салыстырмалы-мәтіндік сараптама жұмыстары, екіншіден ғылыми жұмыста көшпелілер мемлекеттілік идеологиясының дәстүрін ескере отыра, әр тарихи және географиялық аймақта мекен еткен көшпелі мемлекеттердің саяси ұйым құрылымына, билік институттарына, мәдени-шаруашылық ерекшеліктеріне диахронды сараптама негізінде талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, ұсынылып отырған жұмыстың әдіснамалық негізі толық түрде ғылыми әдістер кешенімен және этнографтар мен антропологтардың теоретикалық ой-толғамдарымен бекітілді.

Зерттеудің міндеттері. Көшпенділер салты, аридті аймақ ерекшелігі салдарынан біркелкі мәдени құндылықтардың, элементтердің жинақталуы жергілікті көшпелі тұрғындардың мәдени-шаруашылық ерекшелігіне әкеп соқты. Мұның негізінде көшпелілер арасында өз өмір салтын отырықшы-жериеленуші қоғамдарға мәдени-шаруашылық, саяси-әлеуметтік тұрғыда қарама-қарсы қою дәстүрі, идеологиясы пайда болады. Бұл Ата-баба салтын өзге мәдениеттен жоғары санау, өз төл мәдениетін өзге әлемге қарсы қою дәстүрінің көрінісі еді. Бұл сюннулар дәуірінен бастау алатын күрделі этномәдени, саяси-әлеуметтік өзгерістердің жемісі еді.

Қоғамның саяси ұйымдасу, жоғарғы билік идеялары көшпелілердің келтірімдерінде көрініс тауып, бір халықтан келесі халыққа беріліп отырған. Екінші Шығыс Түрік қағанаты кезінде, қағанат - мемлекеттің рөлі міндеттері көшпелілер идеологиясынан көрініс алды. Жалпытүрік қағанатын құрып, қағандардың жоғарғы билікке деген құқығына ашина тайпасы ие болды. Екінші Шығыс Түрік қағанатында қағандық идеология заңдастырылған кейпінде болды. Бұл билік Қапаған қаған және Білге қаған тұсында жекебилік жағына қарай күшейе түсті. 716 жылы ашина қағандарының жекебилікке деген ұмьылыстарының нәтиежесінде әскери жанжалдар орын алып, түркі тайпалары тан шекарасына көше бастайды.

Ертетүрік қоғамы аналық-құқықтық отбасы түрінен әкелік түрге көшу сатысында тұрды. Бұл әлеуметтік қатынастардың қағандық билікті мұралануы бойынша ең негізгі және консервативті көрініс түрлерінде айқындалады. Өтпелі кезеңде мұраланудың екі жолы билеуші қағанның аналық және әкелік жақтары бойынша бірігеді; ағасы билікті өзінің аналық руы бойынша інісіне тапсырады. Ал, ол өз кезегінде билікті өзінің ағасының ұлына береді, ағасының ұлы келесі кезеңде үлкен ағаға айналады. Бұл үрдіс өте ұзақ кезеңді қамтыды әрі қоғамда әкелік ру басты болып саналмай, аналық румен теңестірілген кезеңдегі отбасы қауымының түрін анықтады.

Екінші Шығыс Түрік қағанатындағы каған әкесі бойынша ашина, ал шешесі жағынан ашидэ тайпасынан болды. Ашина мен ашидэ арасындағы династиялық қарым-қатынастар қоғамның ру-тайпалық құрлымында көрініс тапты. Бұл шаруашылық базисін мұралану, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың іргетасы болуымен байланысты еді. Мұралану жүйесі биліктің барлық тетіктерін өз қолында ұстады және қағанат көлеміндегі билікке деген құқықты реттеп отырды. Жоғарғы билікті мұраланудың мұндай жүйесі қағандық биліктің аналық және әкелік ру бойынша генеалогиялық байланыстарға тәуелділігін анық көрсетеді. Ашина-ашидэ деңгейіндегі ру тайпалық дәстүрлер әлеуметтік қатынастардың материалды негізіне ие болды.

716 жылғы жанжалдың негізі ашина мен ашидэ арасындағы некелік-одақтық қатынастардың бұзылуында жатыр еді. Олардың өкілдері Тоныкөк пен Білге қаған Үлкен жазуларда түрік мемлекеттілігінің өмір сүру негіздеріне және отбасылық қауым түрлеріне қатысты өздерінің әр полярлы бағыттағы ойлары мен көзқарастарын білдірген болатын.

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдістемелік негіздері. Көшпелі қоғамдардың саяси-әлеуметтік тарихын зерттеу барысында көшпенділер идеологиясы, жоғарғы биліктің мәні оның дамуы жайлы тақырыптар, кейде тікелей зерттеу тақырыбы болмаса да, көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан орын алады. Көшпелілер идеологиясы жанама түрде болса да, бірқатар қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты. Зерттеулерде көне хуннулар державасының жоғарғы билік концепциясы мен оның Шыңғысхан империясына дейін эволюциялық жолы және Қазақ хандығындағы әлеуметтік байланыстары жайында мәселелер қарастырылады.

Диплом жұмысы тақырыбына сай тарихнамалық деректер шартты түрде негізгі мәселелері бойынша жіктеле алады. Ең алдымен руна жазулары бойынша зерттеу жұмыстарын ерекшелеп алу қажет. Руна жазуларына қатысты жұмыстар өте көп және ол зерттеулердің негізгі бөлігі филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Түркі филологиясының зерттелінуінсіз, түрік руна жазуларын танып-білу мүмкін емес. Бұл негізгі дереккөздің жазбаша дерегін танып-білудің өзектілігі тақырыпты тарихи зерттеу барысында қажет болуымен байланысты. Графеммаларды, түркі жазулары тілінің ішкі құрылымының ерекшеліктерін білу, олардың қазіргі түркі тілдерімен байланысы түркі филологиясының көптеген зерттеуші-ғалымдарының зерттеу пәні болды, әрі ол үрдіс өз жалғасын табуда. Ұсынылып от5ырған жұмыстың басты міндеті ретінде, түркі руна жазуларының саяси-идеялық мазмұнын көшпелі тайпалардың саяси интеграция, жоғарғы билік концепциясымен байланыстыра қарастыру болып табылады. Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстары барысында В. В. Радлов, С. Е. Малов, А. Н. Кононов, И. А. Батманов, В. М. Насилов, А. С. Аманжолов, Н. Базылхан сияқты белгілі ғалымдардың еңбектері мен руна жазуларына жасалған аудармалардың маңызы зор болды. Осы жазулардың соңғы аудармалары үлкен қызығушылық тудырып, зерттеулердің басты-бағдары ретінде пайдаланылды[3] .

Жұмыстардың келесі, маңызды бөлігі түркілер тарихына арналған. Түркілердің әлеуметтік, әскери-саяси тарихы, идеологиясы мен жоғарғы билігі жайлы көптеген зерттеулер В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Ю. А Зуев, С. Г. Кляшторный, Б. Б. Ирмуханов, А. К. Камалов және т. б. белгілі ғалымдармен жасалды.

Ю. А. Зуевтың зерттеу жұмыстары өзіндік мәдени-дүниетанымдық бастауларды, көне және ортағасырлық көшпелілер қоғамы өмір сүруінің іргелі негіздерін іздеумен ерекшеленеді. Олардың негізгі шарттары мен қорытындылары Ертетүркілер тарихы мен идеологиясына қатысты монографияда келтірілген болатын. Зерттеуші қытай жылнамалары, парсы, соғды және түркі дереккөздерінің мол деректеріне сүйене отырып, көшпелі қоғамдардағы әлеуметтік қатынастар жүйесіне талдау жасайды.

Зерттеудің әдістері. Мемлекет пен мемлекеттік идеология өзара тығыз байланыста болады және де ол бұл мәселені зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді қолдану жолдарын анықтайды, оның ерекшеліктері мен қойылған міндеттерін айқындайды.

Мойындалған саясигенез теориялары бойынша, мемлекеттік түрдің мемлекеттік емес түрден айырмашылығы одақ билеушісі беделге негізделген (консенсуальді билік) билікке иемденсе, мемлекетте билеушінің билігі заңдастырылған және легитимизация үрдісінен өткен әскери күштің көмегімен санкцияларды жүзеге асыруға құқылы болуында жатыр.

Зерттеушілердің бұл ойлары көп жағдайда дұрыс, алайда көшпелілер қоғамына қатысты мойындалған билікке ие болған билеушілердің көшпелілер қоғамы ішінде, «легитимдендірілген күшті» қолдану өзін ақтай алмайтын әрі мүмкін емес, шара болып шығады [4] . Әр уақытта ол көшпелі тұрмыстың негізіне және ру-тайпалық қатынастарға «ұрынып» отырды. Көшпелілер саяси ұйымдасуының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін айтқан кезде, біз ең алдымен оның ішкі орта мен сыртқа орта әсерін назарға алуымыз қажет. Көшпелілердің ішкі ортасын қарастырған кезде, біз көшпелі қоғамның автаркиялық сипатта және кеңістікте экологиялық аридті аймақтардың салдарынан дисперсті (үзік-үзік) орналасатынын байқаймыз. Мұндай қоғамда билік вертикальдарының таралуына бірқатар қиындықтар туындайды. Отырықшы-жериеленуші халықтар үшін билік обьектісі ретінде этномәдени, әлеуметтік топтармен игерілген территориялар болса, ал көшпелі қоғамдар үшін сол әлеуметтік топтардың өздері болатын. Мұндай жағдай көшпелі халықтың мейлінше тәуелсіз тұрпатта болатынын көрсетеді, және аталмыш жағдай бағынышты халықтың көшіп кетуіне, яғни жоғарғы билікке бағынбауға ұласты.

Бүгінгі таңда көшпелі мемлекет отырықшы-жериеленуші мәдениеттермен өзара байланысу нәтиежесінде пайда болды деген пікірлер бар. Оның үстіне көшпелілердің басқару аппараты жаулап алушылық соғыстарда, сыртқы саясатта орын алып, ал іштей көшпелілер қоғамы автаркиялық сипатта болатыны белгілі.

Мұндай әдіс көшпелі қоғамдарағы әлеуметтік қатынастар эволюциясы үрдісінің тек бір ғана, сыртқы жағын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ рутайпалық құрылымның басқару механизмдерін көрсете алмайды. Бұл әдістің оң позитивті негізі ретінде, шынында да сыртқы факторлардың ру-тайпалық ұйымдардың негізіне қаланған қоғам дамуының саяси-әлеуметтік механизмдерін біріктіріп, жылдамдатуы болды. Ол көшпелілердің ішкі қоғамдық қатынастарын ынталандыра отыра, олардың қажетті катализаторы бола алды.

Осы аталмыш жайттарды ескере отыра, диссертация бойынша зерттеу жұмыстарында белгілі тарих және политогенез теорияларымен бірге, өзгеде тиімді зерттеу әдістері пайдаланылды.

Біріншіден, түрік бітік жазуларына жүргізілген салыстырмалы-мәтіндік сараптама жұмыстары, екіншіден ғылыми жұмыста көшпелілер мемлекеттілік идеологиясының дәстүрін ескере отыра, әр тарихи және географиялық аймақта мекен еткен көшпелі мемлекеттердің саяси ұйым құрылымына, билік институттарына, мәдени-шаруашылық ерекшеліктеріне диахронды сараптама негізінде талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, ұсынылып отырған жұмыстың әдіснамалық негізі толық түрде ғылыми әдістер кешенімен және этнографтар мен антропологтардың теоретикалық ой-толғамдарымен бекітілді.

Ғылыми жаңалығы. Көшпенділер идеологиясының бастаулары мен алғышарттары ерекшеленіп, мемлекет түзуші жағдаяттардың ішкі және сыртқы орталарыда сарапталынады. Сонымен қатар, көшпелілер идеологиясының орталық қондырмалары мен негіздемелері көрсетіліп, олардың функционалдық маңызы мен қызметтеріне баға беріледі.

Көшпелілер идеологиясы, билік институттары билеуші топтардың ықпалына тәуелді. Осыған байланысты көшпелі дала көлеміндегі легитимді ашина тайпасы қағандарының жоғарғы билікке деген құқығы, түркі қағандарының әлеуметтік-таптық бөлінісі және ара-қатынастары, мемлекеттік басқарудың көшпелі жүйесіне талдаулар жасалып,

Осы мәселердің әрқайсысы Екінші Шығыс Түрік қағанаты деректері бойынша зерделенеді. Үлкен жазулар көшпелілер идеологиясының негізгі дереккөз материал ретінде бағаланып, жазулардың жазылу себептері мен оның саяси сентенциялары анықталады. Екінші Шығыс Түрік қағанатының күшею және құлдырау себептері ашылады.

Тәжірибелік мәні. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен алынған қорытындылары жоғарғы оқу студенттері мен магистрларына арналған оқулықтарда, арнаулы курстар мен семинарларда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КӨШПЕНДІЛЕР ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

1. 1 Көшпенділер саяси интеграциясының ерекшеліктері

Көшпенділердің саяси бірігу дәстүрі немесе идеологиясы тарихтан терең орын алады. Ол үнемі көптеген көшпелі тайпалар тарихында саяси ұйым (мемлекет), политиялар түрінде ұқсас тарихи жағдайларда қайталанып отырады. Мұндай күрделі саяси үрдістердің табиғатын мейлінше, танып-зерттеу үшін көшпелілер өмір-салтын, оның өзіндік даму ерекшеліктерін мемлекеттің пайда болу теорялары аясында қарастырған жөн деп санаймыз.

Мемлекеттің пайда болу теорияларының (политогенез теориясы) көшпелі қоғамдарға қатысты қозғайтын орталық мәселелерінің бірі - көшпелілерге мемлекеттілік дәстүр тән болды ма, бірігу дәстүрі мемлекеттілік денгейге жете алды ма, әлде саяси одақ күйінде қалды ма, және саяси интеграция, этникалық консолидация ішкі-сыртқы үрдістерге қаншалықты дәрежеде тәуелді болды, бірігу дәстүрінің қозғаушы күштері мен себеп-салдары қандай болды деген т. б. көшпелілердің саяси-әлеуметтік-экономикалық қатынастарына қатысты өрбитін сұрақтар кешенімен байланысты болды. Бұл сұрақтар біздің дипломдық жұмысымызда шешуші болып табылады. В. В. Трепавлов байқағандай, әр дәуірде өмір сүрген көшпелілерде әкімшілік жүйе, саяси ұйымдасу қағидалары және сыртқы саясаттағы ұқсастықтар ұйымдасу негіздері мен мал шаруашылығына бағытталған экономикаға байланысты болды, сондықтан да саяси бірігу дәстүрінің себеп-салдарын экономикалық және әлеуметттік қатынастардан іздеген жөн [5] .

Көшпелі қоғамдарды айтқан кезде, біз ең алдымен көшпелілер ортасындағы этникалық үрдістердің пайда болуы, дамуы мен ерекшелігіне көшпелілердің материалды өндіріс жүйесі мен өмір-салты ерекшелігі соған орай, барлық мәдени-шаруашылық құбылыстардың бастауы ретінде мекен ету ортасы - ареалдың қаншалықты дәрежеде ықпал еткенін анықтап алғанымыз дұрыс. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойыша, бұл мәселе өте айқын көрініс береді; экологиялық жүйе ерекшеліктері адамзаттың табиғи-климаттық ортаға бейімделу амалдарына тікелей әсер етті. Мұның нәтиежесінде материалдық өндірістің спецификалық ерекше жүйесі мен ерекше өндіріс амалдары пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ел және Қаған ұғымдар ара-қатынасы
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Түрік руна жазуы. Ел және қаған ұғымдар арақатынасы
Қарлұқ қағанаты
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Ұлы Түркі қағанаты
Түркі – Соғды қатынастары
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz