МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ . . . 7

  1. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік биліктің пайда болуы туралы

теориясының даму бағыттары . . . 7

2. 2 Жаңа заманда құқықтық мемлекет теориясындағы билік бөлінісінің маңызы және бағыттары . . . 9

2 МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ . . . 15

2. 1 Құқықтық мемлекет ұғымы мен мәні . . . 15

2. 2 Құқықтық мемлекет белгілері сипаттамасы . . . 24

3 МЕМЛЕКЕТ ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ӨРКЕНИЕТТІК КӨЗҚАРАС . . . 33

3. 1 Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі мемлекеттің қалыптасу концепциялары . . . 33

3. 2 Орта ғасырлық Батыс Европадағы мемлекеттің түсінігінің даму жағдайлары . . . 40

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57

КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектітілігі: Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология- қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз бүкіл тарихты жақсы, білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз обьективтік процесс.

Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүддесін қорғайды, халықтың қандай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.

Мемлекет пен құқықтың тарихи типі қоғамның, экономиканың дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заңдары бар. Мысалы, Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Корпус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап басқа халықпен жауланып, экономикасы терең дағдарысқа ұшыраған еді. Батыс Рим империяны франктер басып, өздерінің Франк империясын құрған кезде, Византияда император Юстиниан жүйелеу жұмыстарын басқарып, айтқан құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезеңде экономиканың, мемлекеттің және құқықтың дамуы бір-біріне сәйкес болған жоқ . Құқықтың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.

Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдіс. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінді: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді.

Мемлекеттің негізгі мақсаты-бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті- бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықтады. Типті осындай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың құрылуымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар құрылмаған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің алдында мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан-таптардың арасындағы қайшылықтарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық құралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм құлиеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізінде бұл мемлекеттерде құлиеленушілік қарым-қатнастар әлі қалыптасқан жоқ еді, мемлекеттерді туғызған басқа жағдай-географиялық жағдайлармен қоғамның жалпы экономикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде-Ніл өзенімен байланысты жер суару жұмыстары) . Сонымен, марксистік типологиясының негізін қалыптастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық құрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму құрылысымен және экономикалық формация деген түсінікпен байланыстырады. Экономикалық формация базис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылыс) пен қондырмадан ( әрбір базистің өзінің қондырмасы болады) тұрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен өндіруші күштерден тұрады. Осы формацияларға марксизм құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық-қоғамдық формациямен тығыз байланыста дамуға тиісті.

Бұлардан басқа марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген ұғым бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан құлиеленушілік қоғам арасындағы, құлиеленушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазиялық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ бірнеше континенттердің мемлекеттері осы өтпелі мемлекеттің типтеріне жатады. Латын Америкасының, Азияның, Африканың ХХ ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік немесе капиталистік бағытта болуы анықталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алға тартады. Осы мақсатты жүзеге асырушы Республикадаға мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституциямен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Бұл бөлініс бөлшекті бүтіннен ажыратпайды, бірақ жаңа тәуелсіз мемлекеттің саяси және заңдық тұрғыдан икемді болуына мүмкіндік береді.

Құқықтық мемлекетте билік тармақтары жоғары дәрежеге ие болып, мемлекетте өз қызметтерін дербес түрде жүргізеді. Билік тармақтары бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болғанымен, бірі екіншісінің қызметіне, міндетіне кедергі келтіріп, бірін-бірі ауыстырмауы қаже. Тек осындай жағдайда ғана олар жеке бостандық пен қоғамның жүйелі дамуына қызмет етеді. Республиканың мемлекеттік өмірінде билікті жіктеу қағидасын ұстану демократиялық қоғамда әлеуметтік қатынастарды реттеудің объективті түрде қалыптасқан шартты әдісі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Дипломдық зерттеу еңбегімде құқықтық мемлекет теориясының маңызды мәселелері:

теорияның қалыптасуы мен дамуы, оның дүниежүзілік саяси-құқықтық ойлар жүйесіндегі қарастырылу мен Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері, әрекеттегі Конституция бойынша Қазақстан Республикасындағы билік тармақтары қарастырылды. Сондай-ақ құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның екі жағын мазмұнды және формальды-заңды жағын реттеу тәсілдеріне де ғылыми пікірімді тұжрымдауға тырыстым.

- Еңбектің мақсаты - құқықтық мемлекет туралы саяси- құқықтық ойлар тарихындағы бастауларды негізге ала отырып, оның қазіргі таңда танылған түсінігі мен мәнін, атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттарын және белгілерін зерттеп пайымдау. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланыс жасауы қажеттігін негіздеу.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста құқық үстемдігі мемлекеті теориясының пайда болуы мен дамуы ғана емес, сонымен қатар оның тәжірибеде жүзеге асырылуы, құқықтық мемлекеттің тиімділігі айқындалады.

- еңбектің бір бөлігі мемлекеттік билікті тармақтарды жіктеудің Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған қазіргі механизміне, оның Ата заңда негізделуіне, билік тармақтарының өзара бір-біріне әсер ету жүйесі-тежемелікжәне тепе-теңдік жүйесіне аударылған. Осы арада Қазақстан Респуликасының тәжірибесіне тоқталу мақсатында көптеген нормативтік-құқықтық актілер қолданылғанын баса көрсету қажет.

- біртұтас мемлекеттік билікті дербес тармақтарға қазіргі кезеңдегі өркениетті мемлекеттердің құқықтық ұйымдасуының кепілі. Оның мемлекеттік биліктің мәні туралы ілімдерге, биліктің ұйымдасу нысанына, мемлекеттік оргадардың озара әрекеттесу механизміне, саяси жүйеге, егемендікке тигізетін ықпалы мол.

Зерттеу объектісі: Құқықтық мемлекеттің тарихи бастауларды негізге ала отырып, оның қазіргі таңда танылған түсінігі мен мәнін, атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттарын және белгілерін зерттеп пайымдау. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланас жасауы қажеттігін негіздеу.

Зерттеу мәні: Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік тармақтарының қоғамның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігімен ерекшеленеді.

Ғылыми жаңалығы: Аталған мәселелерді зерттеу барысында қазақстандық авторлардың еңбегімен қатар, шет елдік әдебиеттер де қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық алғы шарттарын жазу барысында осы мәселені ой-тұжырым ретінде қарастырып, қалыптастырған тарихи-философиялық еңбектердің маңызы зор болды. Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері ежелгі философ-ойшылдар Аристотель, Платон, Полибий, Цицерон еңбектерінің негізінде қарастырылды. Ал теориялық пайымдаулар әсіресе билік бөлінісі туралы Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо еңбектеріне терең қарастырылып берілді.

Зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде мемлекеттер типологиясының объективтік заңдылықтары, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік биліктің пайда болуы туралы теориясының даму бағыттары, жаңа заманда құқықтық мемлекет теориясындағы билік бөлінісінің маңызы және бағыттары қарастырады.

Екінші бөлімде мемлекеттер типологиясындағы құқықтық мемлекет түсінігі, жіктеудің мақсаттары мен тәсілдері, құқықтық мемлекет ұғымы мен мәні, құқықтық мемлекет белгілері сипаттамасына талдау жасалады.

Үшінші бөлімде мемлекет типологиясындағы өркениеттік көзқарас, ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі мемлекеттің қалыптасу концепциялары, орта ғасырлық Батыс Европадағы мемлекеттің түсінігінің даму жағдайлары көрсетілген.

1 МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

1. 1 Қазіргі кезеңдегі мемлекеттің пайда болуы туралы

теориясының даму бағыттары

Құқықтық мемлекет проблемасы әрқашан барлық адамдарды, ежелгі, ортағасыр және қазіргі кездегі прогрессивті ойшылдарды толғандырады.

Мәселен, құқықтық мемлекет деген не, оның идеясы қашан пайда болды және ол қалай дамыды, оның негізгі белгілері қандай, құқықтық мемлекеттің мақсаты және тағайындалуы қандай - деген сұрақт деген сұрақтар әрқашан көптеген философтар, заңгерлер, тарихшылардың, олардың әртүрлі көзқарастарына, пікірлеріне қарамастан қарауларында болады, сонымен қатар бұл мемлекеттің қалай аталып және біліктіліктелуі - яғни, заңның, әділеттіліктің мемлекеті ме, көпшілікке жақсылық жасау мемлекеті ме, әлдезаңдылықтың мемлекеті ме деген пікірлері де. Әрине әр ойшыларда құқықтық мемлекет жеке меншікпен, анықталған тап және топтардың байлықтарымен теңделсе, екіншілерінде теріс идеялары болады.

Ежелгі уақыттардан бастап ойшылдар құқықтық мемлекеттің қағидаларын, нысандарын, бар болған құқықтарды бекітуге және құқық пен биліктің келісілген және өзара тәуелді қарым-қатынастарға деген ізденістер болған. Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саясинысанының әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлекет және құқық туралы көріністердің құрастырылады. Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік кезде арнаулы орган ретінде, соттың әділеттілігін ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.

Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту және сақтау түріндегі құқықтық мемлекеттеориясының бастаулары Ежелгі Греция, Рим, Үндістан, Қытай мемлекеттері ойшылдары, құқық танушылардың еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ әділеттілік әрекеттігі заңдарға бағынудан көрінеді деп санаған. Әділеттіліпен заңдылықтың егіз ұғымдар екенін дәлелдейді. Қандай да болмасын заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса олар өмір сүретін мемлекет күшті де жасампаз болатындығын жариялайды.

Өз кезінде Платон «Мемлекет» және «Заңдар» еңбектерінде мемлекет заңды түрде құрылған кезде ғана мемлекет болып саналады деп атап өткен. Сократ, Аристотель, Цицерондар саяси - әділетті өмір заң азаматтарға және мемлекетке бірдей болған кезде болады деп есептеген.

Платонның «Мемлекет», «Заңдар» диалогтарында «заңдардың күші болмайтын және біреудің билігінің астында болатын» жерлерде мемлекеттің жойылуы қаупі болатындығы көрсетіледі. Оның ойынша «заңдар - билешілердің билеушісі, ал олар - оның құлы болғанда, мемлекет пен оған құдай сыйлайтын барлық құндылықтар құтқарылады». [11]

Платон мемлекетті біртұтас құбылыс ретінде қарастырады, ол философтар мен билеушілерден, әскерилер мен жұмыскерлерден құралады деп санайды. Олардың әрқайсысы өзіне берілген салада полистің қажеттігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне кедергі келтірмей қызмет етуі қажет, яғни еңбек бөліініс танылады. Қоғамның осындай дәрежесі мемлекеттегі үйлесімдікке әкеледі, қоғамдағы еңбектің бөлінуі идеалды мемлекет қалыптастырудың негізі болады деп санайды.

Ұлы ойшылдың негізгі көзқарастарына тоқталсақ: олар басым түрде мемлекеттің біртұтастығын негіздеуге арналады. Заң міндеті бір әлеуметтік топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Бостандық жеке адамдарға емес, қоғамға қажет, сондықтан жаппай бостандықты негіздеу керек. Қоғам топқа бөлінуінің себебі - адамдардың табиғи теңсіздігі. Идеалды мемлекеттерде топтар арасында еңбектің бөлінуі олардың арасында биліктің бөлінуін білдірмейді. Мемлекеттік билік арнайы дайындалған, мемлекетті басқаруда даналыққа қол жеткізген, аристократия табынан шыққан бір қолда болуы қажет. Мемлекеттілік әділ заңдар үстемдік еткен жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы - соттар. Кез келген мемлекетте соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекет билігін жоғалтады.

Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекет діни емес, өзінің өмір сүруінің табиғи негіздеріне сүйенеді деп санайды. Ол жеке тұлғаны, жеке меншікті қорғаушы ретінде танылған. Мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны түрінде қатыстырады. Мемлекеттік билікке, құқыққа және заңға өз көзқарасын білдіре отырып, Аристотель «заң билігі» жоқ жерде қандайда болмасын мемлекеттік құрылым нысанының болмайтындығын таниды. Құқық әділеттілікке сай деп таниды, заңды мен әділдіктің сәйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, әділ заңның ғанақұқыққа сәйкес келетіндігін бекітеді. Заң шығару саясаттың бөлігі ретінде қарастырылады, заң шығарушы мемлекетке қажетті заңдарды қалыптастыруға тиісті деп санайды. Мемлекетке адамдар емес құқық үстем тұруға тиісті.

«Заңның билігі жоқ жерде мемлекеттік биліктің құрылуына да жол жоқ»- деп жазған Аристотель. Сократ әділ билік түрі - ол патшалық билік, ал әділетсіз билік - тирандық және жариялық деп ойлаған. Осыған орай жариялықтың ең бір кемшілігі, билік басына келуші адамдардың жребии бойынша, яғни кезейсоқ келуі деп атайды. [2]

Аристотель ойы бойынша, саяси құрылымының алуандылығы мемлекеттің ерекшеленген бөліктерден тұратын күрделі организм екендігін көрсетеді. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатсыға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі және сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі әрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. әрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, әрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заң қабылдаудан басқа биліктің бұл тармағы соғыс жариялау, бітім жасау, өлім жазасын беру, мүлікті тәркілеу, қуып жіберу туралы мәселелерді шешеді. Мемлекетті ұйымдастыруда заң қабылдайтын ерекше элементті ажырату билік көріністерін әрі қарай жіктеуге негіз болады. Аристотель «кеңесу» билігі ретінде ежелгі грек халқының жиналысын қарастырады, бұл қазіргі мемлекеттердің заң шығару органдарының демократиялық дәстүрлерді жалғастырушы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. [3]

Заңның барлық билікте үстем болуы мемлекеттің құқықтық жомен дамуының кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында «заңдық кеңесу» органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты, екіншілік сипатта, олардың шығарған декреттерінің заңдық күші болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру қажеттігін айтады.

Римнің қоғамдық қайраткері Цицерон мемлекет «құқық мәселесінде өзара келісім мен мүдде бірлігімен байланысқан көптеген адамдардың жиынтығы» - деп қарастырған. Мемлекет құқықпен өзара қатынаста «жалпы құқық тәртіп» ретінде көрінеді. Құқық негізінде сана мен әділеттілік болады, ол адамдарға табиғатынан тән. Цицерон кейіннен құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған «заң әрекет кейбір таңдаулы азаматтарға ғана емес, барлық адамдарға қаралуы қажет»- деген ойдың негізін қалаған.

Осы саяси биліктің даму және құрылу формасын жете түсіну үшін құқықтық мемлекеттің тарихына үңілуіміз қажет. Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саяси нысанын әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлеект және құқық туралы көріністерден құрастырылда. Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік құдайы (көзі байлауышпен байланған және қолдарында қылыш пен әділеттілік таразысы бар) образы болып табылады. Ол құдайды күзетіп, қорғайтын тәртібінің тең түрде барлығына бірдей міндетті, құқық пен күштің бірлесін білдіреді. Бұл образ ежелгі уақытта қазщіргі кезде де арнаулы орган ретінде, соттың әділеееілігін ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.

1. 2 Жаңа заманда құқықтық мемлекет теориясының

дамуының маңызы және бағыттары

.

Италиандық мемлекеттанушы Марсилий Падуанский (ХІV ғ. ) заң шығару билігін құрамында сот билігі де болатын үкіметтік немесе атқару билігінен ажыратып қарастырылады. Бұндай көзқарасқа билікті дуалистік түсіну, билік субъектілері ретінде халық пен монархты тану негіз болады. Халық жоғары билікке заң шығарушы билігіне, монарх, -атқару билігіне ие деп санайды. Теріс әрекеті үшін монарх жазаланып биліктен айырылуы мүмкіндігін қарастырылады. М. Падуанский алғышқылардың бірі болып заң шығару және атқару билігін бөліп қарайды.

Құқықтық мемлекет теориясының дамуына ХVІІ-ХХ ғ. Ойшылдары қомақта үлес қосты. Оның кейбір бөлітері Г. Гроций, Спиноза, Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье. Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо, Т. Гобсс, И. Кант, Г. Гегель және т. б. ойшылардың еңбектерінде қарастырылып тожырымдалды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық өсуі феодалдық және абсолюттік деспотизмге қарсы күрес кезінде дамыған. Осы кездегі құқықтық мемлекеттің өсуі мен дамуы туралы Г. Гроция, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье т. б. еңбектер жазған.

Локк адамның жеке құқығы мемлекеттік билікті бөлу идеасының өте керектігін айтқан. Адами жеке құқыққа ол жеке меншік құқығы мен өз іс-әрекеті мен еңбек құқығын жатқызған. Ең бастысы - қоғамдық ұйымдар заңға қайшы келмей, бостандықты қамтамасызетуі керек. Осы үшін мемлекеттік биліктің заңды, орындаушы, федеративтік деп үшке бөлінуі керек. [4]

Буржуазия өкілдері монарх билігін шектеу мақсатында мемлекеттік билікті заң шығару - парламент, атқару - монарх және сот тармақтарына бөлу қажеттігі туралы пікірді негіздейді. ХVІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Джон Локктың көзқарасы бойынша құқықтың басымдығы идеясы табиғи құқыққа сәйкес келетін және индивидтің ажырағысыз табиғи құқықтар мен бостандықтарын танитын заң жоғарылығы болатын, әрі билік бөлінісі жүзеге асырылған мемлекет түрінде көрінеді. Құқық жоғарылығы танылған осындай мемлекеттің ол басқа басқару түрлеріне қарсы қояды, оларды деспоттық мемлекеттер ретінде таниды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Азаматтық қоғам жайында
Технократиялық мемлекет теориясы
Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz