ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
4
:
КІРІСПЕ:
4:
: 1
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНДЕГІ БИЛЕРДІҢ ОРНЫ
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ: Қазақ қоғамындағы билердің үлгі - өнегелік рөлі
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Қазақ қоғамындағы билік қатынастарының ерекшеліктері
4: 12
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қазақ қоғамындағы билердің атқарған функциясы
4: 17
:
КІРІСПЕ:
4:
: 2
КІРІСПЕ: ТӨЛЕ БИДІҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
4: 30
: 2. 1
КІРІСПЕ: Төле бидің өмірі мен қызметі
4: 30
: 2. 2
КІРІСПЕ: Ұлыны ұлы тұтса - құт болады
4: 39
: 2. 3
КІРІСПЕ: Төле бидің құқықтық-қағидалық мәні бар өсиеттері мен нақыл
4: 46
:
КІРІСПЕ:
4:
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 62
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 64
:
КІРІСПЕ:
4:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ қоғамындағы билік қатынастарының ерекшеліктерін ой елегінен өткізе отырып және оны егжей-тегжейлі талдау арқылы билер институтының саяси-мемлекеттік астарын айқындай аламыз. Сол сияқты билер институтын арнайы ғылыми сараптаудан өткізу қоғамдағы дәстүрлі билік қатынастарын жете түсінуге мол мүмкіндік береді. Еліміз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекеттігін жариялағаннан соң басталған экономикалық қиындықтар республикамыздағы тәртіпті де күрделендіріп, қылмыстық іс-әрекеттерді жиілетіп жіберді. Мұндай қиын-қыстау кезеңде ауыл-ауылдағы зиялы азаматтар, ақсақалдар қоғамдық тәртіптің сақталуына, ұры-қары болмауына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, яғни дәстүрлі құқық жүйемізді пайдалану арқылы реттегені шындық. Кезінде нақақ өшірілген, тарих сахнасынан ысырылған дәстүрлі құқық жүйеміздің кәдеге асар жағы өте көп. Оның үстіне ұлттық болмысымызды жоғалтып алмай, сақтауға өте пайдалы. Осы айтылғандардың барлығы дипломдық жұмыс тақырыбының өте өзекті екенін көрсетеді. Өздеріңіз көріп отырғандай дипломдық жұмысым «Төле би және билер институты» деген тақырыпты таңдадым. Тақырыпты таңдауыма бірнеше себеп болды. Соның бірі ретінде билер институты қазақ қоғамында әрқашанда маңызды институттардың біріне айналды және бүгінге күнде Төле бидің 350 жылдығы республика көлемінде аталып отырғаны маған негіз болды.

Жалпы, қазақ халқы өзінің тарих сахнасынан өшірілген рухани мәдени құндылықтарын қайта жаңғырту үстінде. Жұрт басына ауыр күн туғанда қазақ билері жұлдыздай жарқырап, құрып кете жаздаған елдің басын біріктіріп, тәуелсіздігімізді сақтауда ұлы сол жандардың асқан зор күш әрекеті ерекше маңызға ие. Міне, Төле би сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Билер институты жайлы сөз қозғағанда тарихыннан тағылым алып өсетін ұрпаққа бірден Төле, Қазыбек, Әйтеке билер елестейді. Ал Төле, Қазыбек және Әйтеке сынды ұлы қазақ билерінің мемлекеттік құқықтық идеялары өзінің шешімін тапқан «Жеті Жарғы» құқықтық ескерткіш жәдігері халық мүддесіне қызмет еткен, ұлт намысын асқақтатқан, ұлы даланың дарынды перзенттері. Отанға қызмет етуді өз өмірлерінен де жоғары қойды. Осыған орай аталмыш ұлы тұлғаларымыз қазақ қоғамында өз орнын тапты. Жоғары да аталған үш заңгердің есімімен «би» деген ұғым өте тығыз байланысты. Мәселен осы би деген ұғымның мағынасына сәлде болса тоқтай кетсем. Қарапайым тілмен айтқанда би-қазақ даласында билік қатынастарының белді әрі басты кейіпкерлерінің бірі. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы билік қатынастарының мәні, мазмұны, құрылымы және ерекшеліктері бидің билік иесі ретіндегі осы қатынастардағы орнын айқындайтын және негізін қалайтын. Демек, бидің дәстүрлі қазақ қоғамындағы орнын анықтау қоғамдағы билік қатынастарының сырын және сипатын танып-білуді және сол арқылы бидің билік аумағындағы тұлғасын түгендеуді қажет етеді. Қазақтың Ұлы Даласының әртүрлі кезеңдерге әділдігімен ерекшеленген көптеген билер болған. Қазақ даласының тарихының толайым бір кезенің атақты үш би - Төле, Қазыбек, Әйтекенің атымен байланыстыруға болады. Төле би өзінің балаларына «Мен болсам халық үшін жүрген адаммын» дессе, Әйтеке би өз өмірі туралы: «Өмірім өзгенікі, өлім ғана өзімдікі» деген екен. Бұл сол кездегі билердің жүргізу идеологиясынынң негізін құраған қағида болатын. «Үш бидің» өмірі Қазақ тарихының аса ауыр да, күрделі кезімен тұспа-тұс келді. Жоңғар қалмақтарының шабуылы, Қазақ елінің өміріндегі шешуші тарихтың ұрымтал кезеңін тудырған болатын. Бұл кезең тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен белгілі. Дәл осы кезде қоғам күшті мемлекет қайраткерлерін қажетсінді. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер дәл осы кезде билік құрған, қазақ жері мен елінің тұтас бірлігін сақтап, сүттей ұйып күн кешуі үшін аянбай тер төккен марқасқалар. Сондықтанда олар қазақ тарихында «Атақты үш би», «Үш пайғамбар» деген атқа ие болды. Осының билердің ішінде суырылып шығып, болашағы бұлдыр қазақ еліне жол сілтеген бірден бір тұлға ол - Төле Әлібекұлы. Халқымыздың жоғын жоқтап, барына бақ-береке тілеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен Төле Әлібекұлының өз елі, қадір-құрметі зор. Ол әділдігімен қара қылды қақ жарған кемеңгер би, аты-атағы көзінің тірісінде алты алашқа аян болған ірі тұлға. Төле би билік басында отырып ел бірлігін сақтау, әділдік, заңдылық орнату жолында талай үлкен-үлкен маңызды шаруалар тындырған. Сондықтанда Төле би бабамыздың есімі жер бетінде қазақ деген халық тұрғанда, оның көк аспанда шоқ жұлдыздай қалықтай бермек.

Зерттеу нысаны. XVII ғасырдың екінші жартысы және XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ хандығының саяси-қоғамдық кезенің зерттеу.

Зерттеу пәні. Дипломдық жұмысты жазу негізінде Білім және Ғылым министрлігі рұқсатымен жарыққа шыққан тарихи кітаптарды, ғылыми зерттеулер, газет-журналдар қолданылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ қоғамындағы билердің саяси-құқықтық жүйедегі қызметіне, һәм ірі би, шешен, дипломат, дана болып қалыптасқанын нақты фактілермен дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері. Сол үшін, яғни мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттерді алға қойып отырмыз:

- қазақ қоғамындағы билер институтының құқықтық бастаулары мен даму эволюциясын зерттей отырып, оның қоғамдағы рөлі мен мәнін ашу;

- Төле бидің ішкі-сыртқы саяси-құқықтық жағдайына тоқталу;

- Төле бидің өмірлік ұстанған принциптерін саяси көзқарастарын екшей отырып, оның шығарған билік шешімдерінің әділеттілікке, адамгершілікке, ел бірлігін нығайтуға арналғанын көрсету.

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде қазіргі таңда әдістемелік басылымда шығып отырған және қоғамдағы ғылым саласының әдістеріне тоқталдым. Мәселен осыған дейін қазақ елі өзіндік әдісі болмады, яғни белгілі бір әдіснамалық ұстанымдарды қажеттілігі байқалып отырды. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемендігімізді жариялауы өзіндік бір әдіснамалық негізге жол ашты. Яғни тарихи зерттеулерге жаңа теориялық, әдістемелік негіз қаланды. Тарих ғылымы біршама өзгерістерді бастан кешіргенімен түбегейлі реформалардан тыс қалды. Соның нәтижесінде қазақстандық тарих ғылымы қазіргі кезде теориялық - әдістемелік тұрғыдағы дағдарыстан шыға алмай отыр. Оны ұлттық жарияланымдардың материалдары дәйектейді. Дипломдық жұмыстың тарихнамасы сонау Тәуке заманы мен Абылайдың кемел дәуірі қамтиды. Яғни XVII ғасырдың екінші жартысы және XVIII ғасырдың бас кезіндегі аралықты бекітеді. Осы кезең қазақ даласынң саяси-қоғамдық жағдайын көрсетеді. Бұл тақырыпқа арқау болған біршама тарихи кітаптар, энцклопедиялар мен монографиялық туындылар қолданды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиетшілердің, тарихшылардың, туркологтардың зерттеулері мен ғылыми-теориялық әдебиеттеріне талдау жасау және олардың зерттеу әдістерін қолдану.

Ғылыми жаңалығы. Ғылыми жаңалық ол әрине ең бірінші әдіс-тәсілге келіп тіреледі. Яғни Қазақстан тарихы ғылымының дамуы - тарихи зерттеулердің теориялық-әдістемелік негіздері ғылымының дамуына тікелей байланысты. Оқуышының немесе студенттің жалпы адамзат баласының тарихи мағлұматтарды пайдалану жолындағы әдіс-тәсілдерінің жаңа түрлерін қолдану.

Тәжірбиелік мәні. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы ретінде жаңа материалдарды оқып меңгеру және жұмыстың теориялық маңызы болып табылады. Одан келе билер институты мен Төле би жайлы мәліметті толығырақ алып, келешекте тарих саласында өзіндік бір ретпен қолдану.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ-ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНДЕГІ БИЛЕРДІҢ ОРНЫ

1. 1 Қазақ қоғамындағы билердің үлгі - өнегелік рөлі

Қазақ елін ойлап, мұрындық болып, өзіндік бір зор үлес қосқан даналардың ішінде дәуірдің кемеңгері деп танылған Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің орны бөлек. Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын жаттаған осы үш бабамыздың ел алдыңдағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз жеткізген баға беру қиын-ақ. Халық болып сақталғанымыз, міне бүгін егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тігіп отырғанымыз, тіпті басқасын былай қойғанда, ата-баба жерінде басымыз аман, бауырымыз бүтін жүріп жатқанымыз үшін бүгінгі ұрпақ осы аталарымыздың аруағының алдында бас иеді.

Үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал еңбегі, топ бастаған көсемдігі, от ауызды, орақ тілді шешендігі, мүлтіксіз әділгі жөніндегі айтар әңгіме аз емес. Олардың аузынан шыққан бітімді бата, кесімді баға, ордалы ой, бейнелі теңеу, төрт аяғы жорға толғаулар ғасырдан ғасырға жұрт жадында жатталып бүгінгі күнге жетті. Дәстүрлі қазақ қоғамында билердің орны әрқашан айрықша болатын. Қазақ қоғамының қалыптасып, даму тарихының қай кезеңін алсақ та билер белгілі бір әлеуметтік беделге, саяси салмаққа, рухани көрікке ие болғанын байқаймыз. Олар әр кезеңде де қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында, саяси қарама-қайшылықтар мен шиеленістердің басы-қасында, халық қамы мен мүддесі үшін болған үлкенді-кішілі қақтығыстардың алғы шебінен көрінетін. Сондықтан да болар, би бейнесі ел санасында шуақты, нұрлы бояулармен суреттеліп, небір биік те асқақ адами қасиеттердің, мұрат-мүдделерінің жиынтығы әрі жанашыры есебінде көрініс табады. Қазақ қоғамындағы билік қатынастарының ерекшеліктерін ой елегінен өткізе отырып және оны егжей-тегжейлі талдау арқылы билер институтының саяси-мемлекеттік астарын айқындай аламыз. Сол сияқты билер институтын арнайы ғылыми сараптаудан өткізу - қоғамдағы дәстүрлі билік қатынастарын жете түсінуге мол мүмкіндік береді. Би ең алдымен халық билігінің өкілі еді. Оның билік жүргізу мәнері, билік жасау ауқымы және деңгейі, билік қатынастарындағы іс-әрекетінің және шешімдерінің пәрменділігі, «күші» ол қаншалықты халық сеніміне, құрметіне ие бола алды - мінеки, соған тікелей байланысты болатын. Би халық атынан сөйлеудің қай деңгейіне көтерілсе (ауыл, ру, тайпа, жүз, тұтас халық) сол дәрежедегі және сол көлемдегі билікке ие болатын. Оның билік иесі ретіндегі мәртебесі осы көрсеткішпен - халық сенімі, құрметі және қолдауы коэфициентімен өлшенетін [1] .

Билер институтының пайда болу, қалыптасу және даму тарихын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең, билер институтының протоқазақтық қоғамдардағы (ресми қазақ ордасы құрылғанға дейінгі) болмысы. Бұл дәуір сонау сақ тайпалары салтанат құрған уақыттан бастау алып, қазақ мемлекеттілігі Қазақ Ордасы деген атпен ресми түрде жеке-дара бөлініп шығып, өз алдына отау тіккен мезгілге дейін созылады (шамамен б. д. д. VII- б. д. XV ғ. ортасы) . Бұл қазақ даласында көшпелі өмір салтының әбден орнығып және соған негізделген қоғамдық-саяси, құқықтық құрылымдардың бекіген, орныққан заманы. «Би» атауының да пайда болып, осы атаудың заман ағымына сәйкес өзгерген мән-мазмұнына сай билер институтының да әр түрлі сипатқа, түрге ие бола отырып дамыған, толысқан, толыққан кезеңі. Бұл кезеңдегі билер институтының мән-мазмұнын анықтау барысында ғалымдар негізінен, екі түрлі жәйтке назар аударуда. Біріншіден, «би» сөзінің этимологиясын қарап барластыруда. Би сөзінің шығу тегі, түбірі іздестіріліп, оның бірнеше мағынаға ие болғандығы анықталды. Ғалымдардың бір тобы «би» сөзінің түбірі «бек» дегенді алға тартуда. Соған сай «бек-би» әуел баста лауазым атауы, әкімшілік қызмет атқарушы (ру, тайпа басшысы) деген мағына береді деген ой-болжамды ұстануда. Ғалымдардың екінші тобы осы ойды құптай және одан әрі дамыта отырып, би сөзінің мағынасы «билеу», «басқару», «билік ету» екендігін ашық көрсетуде, сондай-ақ би сөзінің үшінші бір мағынасы биіктік, жоғарылық болғандығы да белгілі болып отыр. Бір қызығы, аталмыш пікір иелерінің барлығы дерлік би сөзінің төркіні түркі заманынан бастау алатындығына келіседі. Бұл олардың зерттеу объектілерінің негізінен, түркі дәуіріндегі жәдігерлер болғандығын көрсетсе, екіншіден түркі заманына дейінгі кезеңнің әлі де болса аз зерттелгендігінің, оған дейінгі жазба құжаттардың жұтандығын меңзейтін түс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
XVII – XVIIIғғ. Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
Қазақтың ұлы билері
XVIIғ Соңы мен XVIII ғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
XVII-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығы
XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай
Қазақ халқының тарихында (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Әйтеке Бәйбекұлының өмірі және XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси жағдай
Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 350 жыл толады
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz