Оқушылардың қолөнер сабағында шығармашылық қабілетін арттыру
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1. Тері өңдеу – ата кәсібі
1.1. Тері өңдеу тарихы мен 6
теориясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Тері түрлері мен 11
технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.3. Теріден жасалатын ұлттық 17
бұйымдар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
2. Оқушылардың қолөнер сабағында шығармашылық қабілетін арттыру
2.1. Технология сабағының оқыту жүйесін арттыруда, көрнекі
әдістер мен құралдардың қолдану мүмкіншілігін 25
талдау ... ... ...
2.2. Көрнекілік ретінде халық шеберлерінің туындылары арқылы
оқушылардың шығармашылығын дамыту әдісінің сараптамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..34
... ... ... ... ... ... .
2.3. Әдістемелік құралдар және сабақ жоспары 48
... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Әдебиет 64
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Тері шикі затын өз елімізде пайдаға
асырып, тері өнімдерін көбейтіп тері өңдеу, көне жәдігерлерімізді сый кәде
ретінде және нағыз тұтынатын тауарларды жасап халыққа ұсыну болып
табылады. Осы дипломық жұмысымды ата дәстүрімізді ұлықтап, ата-
бабамыздың баға жетпес құнды жәдігерлердің біразын шамамыздың
жеткенінше ізденіп, жарыққа шығарып, өз қолымыздан жасап алдарыңызға
көрсеткелі отырмын. Халқымыздың сан ғасырлар бойғы арманы жүзеге асып,
бодандықтың бұғауынан босап, тәуелсіздігімен қауышып, азат ел болып,
дамыған 50 елдің қатарына қосылуға үлесімізді қосу біздің парызымыз
болып отыр. Сондықтан да қазақ батыр да батыл, шешен де шебер,
бабаларымыздың ықылым заманнан бері талай құнды жәдігерлерді дүниеге
әкеліп, соларды сан ғасырлар бойы дамытып, пайдаланып келгенін тарихтан
білеміз және көріпте жүрміз.
Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына
сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру
көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе бүгінгі жаһанға бет
бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында
бұл мәселенің өзектілігі арта түседі. Елбасының бұл жайында, бұл жайлы
толық өркениет болу үшін, алдымен өз мәдениетімізді, тарихымызды бойымызға
сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн деген сөзі
баршамызға салмақты ой жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат жас
ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттың құндалықтары, рухани мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Сол себепті көне рухани
жәдігерлерімізді қайта жаңғыртып, қазіргі ортамызға қайта әкелу. Сол
жоғалып бара жатқан жәдігерлеріміздің бірі тері бұйымдары. Тері
бұйымдары сапалы және өте берік болып келеді. Егер олар қазіргі
таңда кеңінен пайдаланылса, осы кездегі экспортқа шыққан сапасыз
химиялық заттардан жасалған жасанды терілерден көрі, биологиялық
жолмен өңделген, таза терілер неғұрлым тиімді тауарлар болар еді.
Ықылым заманнан бері қазақ халқы теріден киім-кешек, ыдыс аяқ,
малшаруашылығына қажетті бұйымдар, яғни тұрмысқа қажетті заттар
жасалған. Қазақ халқы осындай шебер халық болса да, сол шеберлігі
тарих қойнауында қалғаны мені қатты ойландырды. Елімізде малшаруашылығы
дамыса да, мал терілері, шикізат өнімдері текке далада жатқаны мені
қатты қынжылтады.
Осыны ойлай келе: Дипломдық жұмысымның тақырыбын ’’Тері өңдеу,, деп
алып теріден бұйым жасап, сол өнерді қайта жаңғыртсам деп ойладым.
Осыдан кейін мен алдыма үлкен мақсат қойдым. Ол мақсатым, тарих
қойнауында қалған тері өңдеу өнерін қайта жаңғыртып, қазақ халқының тері
өңдеу жұмысын қалпына келтіру. Енді осы мақсатыма жету үшін көп еңбек
етемін.
Халық басынан өткен сан қилы оқиғаларға сай мұның да өзінше даму,
өзгеру процесі жүріп жатты. Мұның өзі қазақ халқының қолөнерінің
қандайлық дәрежеде болғанын аңғартты. Түрлі ас құятын ыдыс жасауға
арналған жылқы, түйе, сиыр, серке терілерін, әдетте илемейді. Өйткені
иленген тері су тисе болды тез жібіп, былжырап кетеді, оған құйылған
сұйық тағамға иінің дәмі шығып тұрады. Сондықтан саба, торсық, жан торсық,
сүйретпе, көнек жасауға арналған жылқы терісінің жүнін ұстарамен қырып,
кейде тіпті жүнімен аязға тастайды да, көктемде қайта жібітіп, жүнін алып
ыстауға кіріседі. Қазақ арасында тері ыстауға маманданған ысшылар болған.
Саба жаңартқысы келгендер терісін жинап, ысшыға ыстататынды.
Мәселен Көкшетау төңірегінен (1970), Сыр бойынан (1971), Жетісу
өңірінен (1974) жиналған деректерге қарағанда, революцияға дейінгі
ысшылар қыстау жанында бірнеше жылқы терілерін бірден ыстау мақсатымен
жертөле қазып, оның төбесін топырақпен түтін шықпайтындай етіп жауып
отырыпты. Тек бір шетінен аздап леп шығып, ауа кіріп тұратын саңылау
қалдырады.
Жертөле ішіне бірнеше жылқы терілерін қырынан ілу үшін әр теріге
екіден ұзын сырғауыл дайындап, біреуін жертөле төбесінің астынан
орнатып, оған жіңішке жіптермен терінің әр жерінен ілетін де, төменгі
жақ шетінің әр жерінен жіңішке жіптер арқылы астыңғы сырғауылға
байлап, сырғауылды жерге тимейтіндей етіп салбыратып қояды. Сырғауылдың
салмағымен тері жақсы керіліп тұрады.
Теріні ысқа ілер алдында суға салып, жібітіп, мұқият шелдеп,
жүнін тегіс қырып тастайды. Осылайша ілінген терілер бір-біріне тимей,
әбден сорғып, дегдуді қажет етеді. Жертөле есігі де түтін шықпайтындай
болып жабылады. Бұдан әрине Қазақстанның барлық өңірінде тері ыстау үшін
тек осындай жертөлелер қазылады екен деген ұғым шықпаса керек. Мәселен
кейбір ауылдар қазып, оған әркім белгі салынған терілерін ысшыға
бермей-ақ ені 1 метр ұзын ор қазып, оған әркім белгі салынған терілерін
іледі де, төбесін шыммен жауып, арнайы мұржа арқылы тобылғы, қайың түтінін
жібереді.
Тері ыстаушылар отты кезекпен жағады. Кейбіреулер жалғыз-жарым
терілерін шыммен не құрым киізбен жабылған шағын күркелердеде ыстай
береді. Тасы көп таулы жерлерде, әсіресе оңтүстік Алтай атырабында
ысшылықты кәсіп еткен адамдар ысты тастан да салатын. Бүгінгі таңда
теріні ыстамай химиялық жолмен өңдеп, химиялық бояумен бояап, ішіне сусын
құюға жарамасада, қазақ шеберлерінің жоғары талғамдылық дәрежесін
айқындайтын, сыйкәделік бұйымдарды дүкендерден көптеп кездестіруге болады.
Қазақ халқы осылайша артына өшпес мұра, құнды жәдігер, бағалы
сыйлық, мол қазына қалдырды. Бұл күнде бұл бұйымдардың кейбіреуін адамдар
бір-біріне сый кәде ретінде ұсынады. Сол себепті бағалы сыйлық болып,
есептеледі.
Дипломық жұмыстың мақсаты:
Тері өңдеу тарихын зерттеп деректерге сүйене отырып, өз қолымызбен
тері илеп, жоғалып бара жатқан жәдігерлерімізді жарыққа шығару.
Оқушылардың шығармашылығын, дарындылығын, қабілеттілігін зерттеп, бұдан
бұрын зерттеген ғалымдардың деректеріне сүйене отырып, дарынды, қабілетті
оқушымен жұмыс жасау, жетістікке жетіу.
Зерттеу пәні:
Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді саралап терілердің түрлерін
сапасын қалың жұқасына қарай илеу әдіс тәсілін зерттеп, одан жасалатын
бұйымдар мен киімдерді анықтау, терілерді технологиялық өңдеу үрдісіндегі
сапасымен ерекшелігін анықтау.
Міндеттері:
Жұмыстың мақсатынан шешілуге қажетті мына мәселелер туындайды:
-Дипломдық жұмыстың тақырыбына қатысты әдебиеттер тізімін жасау;
-Әдебиеттерді зерттеп, оқып қажетті ақпараттар мен деректерді тауып
оларды жүйелеу.
-Теріліп жүйелеген деректерді саралау.
-Тері бұйымдардың жасалу жолдарын оның технологиясын жеттік зерттеп
меңгеру.
-Бұл тақырыпты зерттеудегі мақсатым: Тері өңдеу- ата кәсібі
демекші ескі ұмыт болып бара жатқан көне бұйымдарды зерттеп біліп, жасауға
қызығушылығым артты. Соның ішінде ірі қара малдың терісін өңдеп, ат
әбзелдерін және теріден жасалған ыдыстарды зерттеуді мақсат қылдым. Өзім
жасаған бұйымдарды мектеп мұражайына тапсырсам деген арманым бар. Осылайша
тәуелсіз еліміздің дамуына және елімізде өтетін ЭХРО 2017 халықарлық
көрмесіне тамшыдай болса да тарту болса екен деп осы ғылыми жобаны жазып
отырмын.
Зерттеу әдістері: Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау,
экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т.б.
зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, бірнеше параграфтан, қортындыдан,
пайдаланған әдебиеттер, қосымша беттерден тұрады.
Зерттеу нысаны:
Тері өңдеу тарихы мен жасалу технологиясы.
Тері ыстау, ыстаған теріден саба, торсықтың түрлері, көнек,
мес, тұлып, бұлқыншақ сияқты ыдыстарды зерттеп, жасау.
Теріні илеу, илеген теріден жүген, өмілдірік, құйысқан, ноқта,
қамшы, өрмелі арқан, шідер, тұсамыс тағы басқа бұйымдарды зерттеп,
жасау.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы:
Қазақ халқының теріден жасалған ыдыстары және басқадай бұйымдарды
жасап, олардың атқаратын қызыметі анықталып, сараланды. Әр түрлі пішінді
торсықтар жасауға мүмкіндік туады.
Оқушылармен бірге материалдарды дайындап, олардың көз алдында қалай
жасалу жолдарын денелей көрсетіп, қызығушылығын тудырыу және дайын
теріден торсық пішіп беріп тіктіру, формаларын заман талабына сай өздері
ойлап табу жаңа дизайынды торсықтар жасауға мүмкіндік беру.
1. Тері өңдеу – ата кәсібі
1. Тері өңдеу тарихы мен теориясы
Бұрынғы қазақ ата-бабаларымыздың қоғамдағы өндірістің тағы бір
түрі-тері өңдеу кәсіпшілігі. Тері өңдау кәсіпшілігінің негізгі қызметі мал
шаруашылығына қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті бұйымдармен
қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының малшаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен,
табиғи болды. Яғни малшаруашылығынан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы
өндірілетін құрал – сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да,
негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей
құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге
дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен
өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар
сұранысын өтеуге бағытталған. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй
кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар ешбір
елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарынан кем
болмады. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасаған тері бұйымдары,
малшаруашылығының жабдықтары, қазақ киіз үйінің арқан жіптері ыдыс-аяқтары
тағы басқа керек жарақтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең
шырқау шегі болды. Бұрынғы ата- бабаларымыз үйші, ерші, зергер, ұста,
көнші, ысшы, етікші, иіші, тамшы сияқты халық шеберлерінің өнеріне,
қолынан шыққан сан алуан бұйымдардың жасалу тәсіліне, көркемдік сапасына,
жергілікті ерекшеліктері аса көңіл бөлдік. Қазірдің өзінде еліміздің әр
өңірінде теріні ыстап, илеп әр түрлі өнер туындыларды, тамаша сый
кәделерді өмірге әкеліп жатыр. Шеберлеріміздің мұндай туындыларын шет
елдерге халықаралық көрмелерге ұсынып мақтанышпен көрсетіп жүрген
жайымызда аз емес.
Ежелден көшіп-қонып, мал баққан қазақ халқы үшін көліктің негізгі
түрі-салт ат болды, ал соған орай, ер-тұрман жабдықтарының алатын
орны да өзгеше еді. Ал енді тері өңдеу туралы айта кетейін.
Бұрынғы ата бабаларымыз үй жануарларымен аң терілерін өңдеп
өмірінде пайдаланып келгенін біз халқымыздың тарихынан, мәдениетінен,
салт дәстүрінен білеміз. Осындай құнды жәдігерлерімізді асқан
шеберлікпен сапалы етіп жасап, кисе киім, тұтынса ыдыс аяқ, мал
шаруашылығына керектенетін бұйым, тұрмыстық жағдайға керектенетін
дүние ретінде пайдаланған. Өкінішке орай қазіргі уақытта бұл дүниелер
көзден бұлбұл ұшып, кейбіреулерін тек мұражайдан көріп жүргеніміз
өкінішті. Сол себепті мен осы дипломдық жұмысымды тері өңдеу
тақырыбына арнап ізденіп зерттеп, өз қолымнан тері өңдеп ұмыт қалып
бара жатқан сол бұйымдарды жасаумен айналастым. Тері өңдеу үшін алдымен
көп ізденуге тура келді. Ауылдың және мектеп кітапханаларынан тері өңдеуге
қатысты мәліметтерді жинадым. Өз ауылымызда тұратын көне көз қариялардан
сұрастырып білгенімде, әр өңірде әртүрлі әдіс,тәсілмен өңделетінін білдім.
Бірақ тері өңдеу технологиясы бірдей екен. Бұрын биологиялық жолмен өңдеп
келсе, кейін келе химиялық жол мен де өңдей бастаған. Химиялық жолмен
өңделген теріден, биологиялық жолмен өңделген терінің сапасы анағұрым
артығырақ болады екен. Сол үшін мен мал сүтінің қалдықтарын жинап,
үлкендердің айтуы бойынша иі дайындап,теріні шелдеп, ыдысқа салып, күніне
бірнеше рет араластырып отырдым. Жеті күннен кейін теріні иіден шығарып,
тазалап, сумен жуып, көлеңке жерге кептіріп, шетінен керегін тіліп алып
отырдым. Үй жануарлары мен әр түрлі аң терілерін өңдеу қазақ өмірінде
ежелден-ақ үлкен орын алды. Өйткені, революциядан бұрын қазақ жұртшылығы
иленген мал, аң терілерінен сан алуан киім түрін тігіп киді.
Сонымен бірге, тұрмысқа қажетті бұйымдарды да жасай білді. Мал
терісін илеудің ел арасында кең тараған екі түрі болған. Біріншісі - ағаш
күбіге немесе басқадай аузы кең ыдысқа айранның сары суын, іркіт, ашыған
сүт, ұн, бидай, тұз салып ашытады да, теріні соған салады. Екіншісі -
тері бетіне ұн, тұз араластырылған іркіт жағу арқылы орындалады. Мұны иі
жағып илеу дейді. Негізінен жаңа сойылған мал терісіне тұз сеппей орап
жылы жерге қойса, ол өз-өзінен 2 - 3 күннен кейін жидіп, жүні түсіп
қалады. Бірақ ондай өңделген теріден шыққан исі өте өткір, жағымсыз
болады. Ал теріні тез тазалау үшін жаңа сойылған мал, әсіресе ешкі
терісінің ішіне қоймалжың әк борды жағып, теріні тұмшап орап, арнаулы жылы
су құйылған ыдысқа батырып, салып қою керек. Біз осы әдістерді пайдалана
отырып ірі қара терісінен әр түрлі пішінді торсықтар, жасадық. Мысалы:
торсық, жол торсық, түйе пішінді торсықтар, тиын ақша жыйнайтын түйе
пішінді сый кәделік бұйымдарды жасадық. Даладан жер қынысын теріп, суға
қайнатып, бояу шығарып боядық. Сонымен қатар бояу ретінде қарағайдың
қабығы, қара талдың қабығы, рау ағаш сияқты табиғы бояу жасауға болады.
Бірақ біз осылармен ғана шектелмей, көптеген бұйымдар жасауды қолға
алдық. Айталық өрме арқан, шалма, бұғалық, ат әбзелдері және саба,
көнек сияқты бұйымдар жасадық. Атам қазақ иіден шыққан теріні көлеңкеде
кептіріп, талқыға салып жұмсартады. Қайысқа арналған тері талқыдан кейін
өңдемей, сол күйінде кептіріп қояды да, керек болғанда шетінен таспалап,
тіліп алып отырады. Қайысқа арналған теріден ат әбзелдерін өреді. Мәселен
жүген, өмілдірік, құйысқан, қамшы, арқан, шідер, тұсамыс, тізгін, божы,
ноқта, (сурет 1) тағы басқа үлкенді-кішілі бұйымдарды тіпті кейбір
ыдыстарды да асқан шеберлікпен өріп жасаған. Түрлі ас құятын ыдыс жасауға
арналған жылқы, түйе, сиыр, серке терілерін әдетте иіге салып илемейді.
Өйткені, иленген тері су тисе болды тез жібіп, былжырап кетеді, оған
құйылған сұйық тағамға иінің дәмі шығып кетеді. Сондықтан саба, торсық,
бұлқыншақ, сүйретпе, көнек жасауға арналған теріні аязға тастап, көктемде
жүнін қырып алады да ыстауға кіріседі. Қазақ арасында тері ыстауға
маманданған ысшылар болған. Теріні ысқа ілер алдында суға салып,
жібітіп,мұқяат шелдеп, жүнін тегіс қырып тастайды. Ысшылар қыстау маңына
бірнеше жылқы терілерін бірден ыстау мақсатымен жертөле қазып, оның
төбесін топырақпен жауып, бір шетінен аздап леп шығып, ауа кіріп тұратын
саңылау қалдырады. Жертөле ішіне теріні қабырғаға немесе жерге тимейтіндей
етіп, ағаштарға жіңішке жіппен керіп, төбеден төмен салбыратып іліп қояды.
Осылайша ілінген терілер бір-біріне тимей, әбден сорғып, дегдуді қажет
етеді. Жертөле есігі де түтін шықпайтындай етіп жабылады. Ыстың жанынан
беті жабық жерошақ қазылады да, одан шығатын түтін арнайы мұржамен
жертөлеге тоқтаусыз барып тұруы қажет. Тері ыстау үшін қайың мен тобылғыны
пайдаланады. Жертөле ішіне жалынның жетпеуін қадағалаған жөн. Оттың жалыны
жетсе, теріні күйдіріп, бырыстырып тастауы әбден мүмкін.Осылайша күнде от
жағып отырып, бір ай шамасында терілер дайын болады.Әбден бабына келген
тері жұқарып, тығыздалып, артық майы шығып шыңылтырланады. Ары жағынан күн
көрінетіндей болуы қажет. Жақсы ысталған теріден тігілген сабаға қымыз
құйып, жарық түсіргенде, ішіндегі сусын анық көрініп тұрады. Сабаны
көбінесе 1-3 жылқы терісінен тігеді. Теріні еліміздің әр өңірінде әртүрлі
тәсілдермен илейді және әт түрлі әдіс тәсілмен ыстайды екен.
Үй жануарлары мен әр түрлі аң терілерін өңдеу қазақ өмірінде ежелден-
ақ үлкен орын алады. Өйткені, революцияға дейінгі қазақ жұртшылығы иеленген
мал, аң терілерінен сан алуан киім түрлерін тігіп киген-ді. Сонымен бірге,
өздері иелейтін немесе сатып алған былғары түрлерінен қазақ шеберлері
киімнен басқа көптеген үй бұйымдарын да жасады.
Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып тері илеуді кәсіп
еткендері де аз болмаған. Ондай ісмерлер, негізінен, Өскемен, Семей, Омбы,
Орынбор, Орал, Гурьев; оңтүстігіндегі: Верный (Алматы ), Әулиата
(қазіргі Жамбыл) Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қалаларында теріилеп,
былғары жасауды үйренген қазақтар кейінірек ел арасына шығып, өз
алдына осы кәсіппен айналысты.
Торсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған
сиымдылығы 10-13 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі.
Саба - пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар
сиымдылығы 100-150 литр тері қап. Сабаны жасар алдында арнаулы тұз
ерітіндісіне салып, қылшығынан тазартып, өңдеп шығарады, содан соң
ыстайды. Сабаны қайынның, тобылғының түтінімен ыстау қымыздың дәмін
жақсартады, мұндай қымыздың ерекше хош иісі болады. Саба мен
торсықтан басқа мес қолданылады, оны шыбыштың терісінен тігеді.
Қымыз саба, торсық, көнертек әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген,
ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдалып
алынады. Ол қыс бойы от жағылытын асхананың төбесіне кептіріліп, жаз
шыға қайтадан жібітіледі де, құрымға салынады. Құрым дегеніміз-
шошоланың төбесіне жиналған қара күйе ыс. Саба, торсық, көнек
жасайтын шеберлер қара күйені сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі
қышқылы мол, қою май сияқты сұйық ас әзірлеп, теріні соған батырады.
Ол құрымда 20-30 күн ұсталып, жүні, шелі, ет қалдықтарынан
тазартылады. Осыдан кейін тері ширап, шымырланып, қоңыр -қошқыл
түске енеді. Осындай әдіспен иленген теріні шуда жіппен көктеліп, ішін
таза құммен толтырып кереді де, кептіреді. Әбден кебуі жеткен саба
шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасаудың бірінші сатысы. Ал
екінші сатысында әлі кептірген ыдысты жылқының сүр етінің және
қымыздың майымен сіңдіре әбден майлайды. Майлардың нәтижесінде
сабаның тігістері кірігіп, бекіне түседі. Сабаны жасаудың үшінші сатысы-
оны ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте елге танымал болған, осы
іске қабілеті бар, тәжірибесі мол адам ғана жақсы жүргізеді.
Тәжірибесіз, шалғай адамдар бұрынғы еңбектің бәрін еш кетіріп, өрт
шығарып, сабаны күйдіріп алуы немесе шала- шарпы ыстауы мүмкін. Ысты
көбінесе үй іргесінен аулақ, шөп-шаламы жоқ, айналасы таза, суы,
өзені жақын жерде салады. Ыстау үшін әдейі құрылыс жүргізу керек.
Мысалы, жарқабаттан отын салатын оттық ойып алады да оның төріне
жалғастыра ұзындығы 15-20 метр, кеңдігі 50-60 см түтін жүретін өңеш
жасауға ор қазады. Оның ішін кірпішпен түтін шықпайтындай етіп қалап
шығады. Осы өңештің екінші басында құдықша етіп жер бетіне шығарып,
оның үстіне балшықтан шошома орнатады немесе киізден күрке тігеді.
Сонда ыс түтіні ошақтан өңештің бойымен өтіп, шошамадан шығып, осында
булығып үнемі бықсып сабаны ыстай беретін болады. Ысқа жағылатын
отын бүрі түспеген жас тобылғы, қарағай болады. Кейбір ысшылар
сабаға, торсыққа ерекше иіс беру үшін отынға аздап арша, көерек,
құрғақ көк пішен қосып жағады. Осылай дайындалған саба көп жылға
игілікке ұсталатын ыдыс болып шығады. Қымыз ыдыстарының ендігі бір
негізгі түрі отырықшы жағдайға бейімделген – күбі. Күбінің ауыз жағы
тарлау, түп жағы кеңірек болып келеді. Көбінесе еменнен жасалады. Аса
шеберлер арша, шырша ағаштарынан, қайың ағашынанда жасайды.
Сыйымдылығы 60-70 литр кейде 100 литр сусын сыйатындай әртүрлі
мөлшердегі күбілер жасалады. Оның ішін апта сайын жуып, кептіріп, сүр
еттін майымен, қойдың құйрығымен майлап тұру керек. Күбіні
ыстағанда тобылғы, дүзгін, қылмұрын, қарағай ағаштарымен, қожағай
деген шөп тамырының түтінімен ыстайды. Қымыз құйып сақтау үшін темір
ыдыстарды пайдаланбауы керек. Саба, күбі піспегінің басы аршаның
қызылынан ойылып, саба да жақсы ағаштан жасалып сүйек, күміспен
өрнектелсе – өте үйлесіп, көз тартып тұрады. Піспек, бие сауатын шелек,
қымыз тегене, шөміштер де жиі-жиі тазартылып, ысталып тұрса қымызда хош
иісті дәмді болады. Қымыздың сапасы негізінен ашытқысына байланысты.
Қазіргі кезде қымыздың микрофеорасы құрғақ күйінде жақсырақ
сақталатындығы анықталып отыр. Көктемде бие сауатын мерзім
басталғанда қымызды ашыту үшін пайдаланылады.
Қорды дайындау үшін күзде биені ағытар алдында бірнеше тәулік бойына
қымызды екі бөлініп тұнғанша үйде сақтайды. Суы жоғары көтеріліп,
казеиннен тұратын сүзбе сияқты қоюы түбіне тұнады. Ол тұнбаны марылмен
сүзіп, күннің көзіне қойып кептіріп, бие сауатын кезге дейін жабық ыдысқа
салып , салқын жерге қойып сақтайды. Ашытқыны бабына келтіру үшін қорды
жаңа сауылған бие сүтіне 5 литрге 3-4 ас қасық есебінен салып, жылы жерге
бір тәулік қояды. Бұл кезде оны араластырып тұру керек. Бір тәулік
өткеннен кейін осы ашытқыны қымыз ашытуға пайдаланады. Бұдан соң қымыз
ашыту үшін ашытқыны емес , ашыған қымызды жаңа сауған 6-7 литр сүтке 1 литр
есебімен қолданады. Қымыз ашыту үшін 25-40% биенің жаңа сауған сүтін
сабаға құйып, ашытқы қосады да түн қатырады. Келесі күніашытқан сүттің
үстіне жаңа сауылған сүттен үстеп құйып отырады да, жақсылап пісіп, тағы да
10-15 сағат ұстайды. Алайда бұл қымыз әлі де әбден ашыған қымыз емес,
әлсіз,көпіршімеген, әрі өте қою. Сондықтан оның үстіне жаңа сауылған сүттен
тағы да қосып, жақсылап пісіп, тағы бір күнге қояды. Соның нәтижесінде ол
орташа екі күндік қымыз болып шығады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құйып
алады. Сабаның қымызын сарқып құйып алмайтындығын айта кету керек, оның
түбіне (1:3 немесе 1:5 бөлігіндей) ашытқы ретінде қалдырады. 10-15 күннен
кейін саба толық босатылып, кептіріліп, тағы да ысталып, маймен майланады.
Қымыз ашыту үшін сабаны тек бір жаз бойы ғанапайдалануға болады, келесі
жылы оны басқа мақсаттарға қолданады. Қымызды ашытудың өңдірістікәдісі сүт
қышқылының таяқшалары мен сүт ашытқысының таза себінділерінен алынған
ашытқы дайындауға негізделген. Алғаш рет қымызды осындай әдіспен
лабороториялық жағдайда 1910-1911 ж.ж. А.С. Гинзбург пен А.А. Бачинская-
Райченко дайындаған болатын. Қымызды өнеркәсіптік жағдайда дайындау
технологиясына мынадай процесстер жатады: н үйрену, қамшыны ұстай білу,
қамшымен ұра білу, бәрін
Торсықты түйенің өркеш терісінен мес болдырып бітеу сойып алады, оны
сары ет, шел майынан әбден тазартып болғаннан кейін, қарағайдың қабығына
салып бірнеше күн қояды. Мұнан кейін малмаға салып иін қандырады. Иі қанған
теріні тобарсыған-нан кейін ою, өрнек салатын ағаш қалыпқа салып, ұрып
бедер салады. Үлгі арқылы екі жағын ( пішіп, шылғи түйе терісінен сыздық
салып, қос тарамыспен тіккеннен кейін ішіне кепкен сабанды нығап, болмаса
құм салып көлеңке жерге кептіреді. Кепкеннен кейін ішін қайың немесе
тобылғы түтінімен ыстап, бірнеше күннен кейін құрттың сары суын немесе
айран құйып шайып төгеді. Онан соң пайдалана беруге болады. Торсықты тек
қана түйе терісінен ғана емес, ірі қара терісінен жасауға болады. Жол
торсықты кейде жан торсық депте айтады. Жол торсықты иыққа асып жүру үшін
қайыстан жіңішкелеп өріп бау тағып, қайың немесе арша ағашынан сәндеп тығын
жонып, оны да күміс шынжырмен жоғалмас үшін торсықтың мойнына бекітеді.Ұзақ
жолға сапар шеккенде, жоқ іздеп, мал баққан кезде сусын құйып, жанға байлап
жүретін торсық. Торсықтың сыймдылығы үш литр шамасында болады. Үйде кереге
басына не ашаға іліп қояды.
Қазақ халқы сабаны өте ерте кезден пайдаланып келген. Сабаның екі
түрі болғанымен формасы бірдей, өлшемдері сыймдылығына қарай әр түрлі
болады.
Қымыз саба - бұл сабаға жылқы сүтін құйып ашытады. Мұны қазақтар ең
жақсы сусын ретінде ішеді.
Айран құятын саба - қой, ешкі, сиырдың сүтін сауып алғаннан кейін
пысырып, айран ұйытады. Ұйытылған айранды сол сабаға құйып пісіріп, май
шайқап алады. Мұны іркіт саба деп те атайды. Сабаны жылқы терісінен
жасайды. Жылқы терісін қарағайдың қабығы, тастың қынасы, немесе шайға
салып, тезектің түтініне ыстайды.Кейде терінің тілген жері ақ жолақтанбай,
қара қошқылданып жылтырап тұруы керек. Жеріне жете ысталған теріден
тігілген сабаның ішіндегі қымыз деңгейі сабаға жарық түскенде анық көрініп
тұратындай болуы керек. Сабаны, көбінесе, 1-3 жылқы терісінен жасатады.
Бұрын атаққұмар байлар үлкен астарға көп қымыз апарып, атын шығару үшін 10
жылқының терісінен саба жасататын болса керек. Сабаның түбі шаршыланып,
жоғары жағы қусырыла келіп, мойнына піспек басы еркін сыятындай болып
пішіледі де, шуда жіппен сырт жағынан жөрмей тігіледі. Кейде жүні қырылған
теріні бірер күн қара тал қабығының не томар бояуын сіңіріп алады да, біраз
дегдіген соң, одан саба тігіп, дайын сабаны ыстайды. Іркіт сабаның
сыйымдылығы 50-100 летр шамасында болған.Іркітті арнайы қазанға құйып құрт
қайнатқан. Қайнаған құрт қойылған соң арнайы сүзгіш қапқа құйып сүзеді де
2 күннен кейін бөліп бөліп өреге жәйіп кептіріп алады.
2. Тері түрлері мен технологиялары
Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске
әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау
берғен. Атап айтқанда : қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі,
тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы
жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек бас
тері, пұшпақ, мойын терілері. Үйек тері – бауыр терісі. Жылқы терісін
— бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе
терісін атан терісі, бота терісі деп екіге бөлген. Түйе терісінен
көбінесе ат саймандарын арқан –жіп сияқты бұйымдарды жасайды. Оларды
арнайы иіге салып илеп иі қанған теріден жасайды. Сиыр терісі, өгіз
терісі және олардың жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең
қолданылған. Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған.
Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Атан түйе терісі, өгіз
терісі және олардың жондықтары қалың жасалған өнім сапалы берік
болғандықтан, қол істеріне ең қолайлысы болып есептеледі. Қой
терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі,
тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа т ері
деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай
береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке
терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі.
Тақыр тері – жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған
терілер. Бұдан жарғақ шалбар, қап, тұлып, дорба т.б. заттар жасалады.
Сеңсең – үш ай мен бес ай аралығындағы қозының қырқылмаған терісі
ішік, тымақ, бөрік жасайды.
Елтірі – туғанына 2-3 ай болған қозы терілері. Жүні бұйра қаракөл
сияқты өте әдемі болады. Одан ішік, тымақ, бөрік, жаға жасайды.
Мари – туа салып немесе 1 – 2 тәулікте өлген қозы, лақ терісі. Бөрік,
тымақ тігуге, әдептеуге, киім тысын көркемдеуге қолайлы. Маридің жүні
жылтыр, тақыр, таңдай өрнекті болып келеді.
Жылбысқы- іште жатып өлген немесе туа салып өлген қозының өте жұқа
терісі.
Тоқтышақ терісі - сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен
4-5 айдан асқан қозы терісі. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі
артық деген. Киімнің барлық түрін жасауға арналған.
Ешкі терілерінен - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке
терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөлінеді. Ешкі терісі өте төзімді
берік болады. Киімдер және ыдыстар қапшық, мес шанаш т.б. ыдыстар тігеді.
Жабағы – қой ешкінің сәуір, мамыр айындағы жабағы жүнді түбітті тері.
Қырықпа – жабағы жүнімен түбіті қырқылғаннан кейін сойылған тері.
Күздіктері - қазан, қараша айларында сойылған малдың өңі қалың
терілері.
Соғым тері - жүндес қыртысы қалың мықты терілер.
Қазақ халқының тұрмыс – тіршілігінде малдың етін, сүтін азық
етсе, терісі мен жүнін киім- кешек тігуге, тұяғымен мүйізінен әр түрлі
қолөнер бұйымдарын әзірлеген.
Төрт түлік малдың терісі өте қымбат шикі зат.Соның ішінде, ірі қара терісі-
сиыр, өгіз, тайынша, бұзау терісі деп төртке бөлінеді.
Жылқы – бие, жабағы құлын терісі деп үшке бөлінеді.
Түйе терілері. Атан терісі, бота терісі деп екіге бөлінеді. Мал
терілері жондық, қабырғалардың, бауырлық, пұшпақ, мойын, таналық, деген
бөлшектерге бөлінеді. Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі тері
өңдеу технологиясының ертеден келе жатқан өнер екенін жақсы білеміз. Тері
өңдеумен дүние жүзінде өмір сүріп жатқан барлық халық айналысқан. Кейбір
елдерде балық, қолтырауын тіпті сирек кездесетін аң терілерін асқан
шеберлікпен өңдейтінін біреулер білсе біреулер білмейді. Соның ішінде
қазақ халқы тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен
бері келе жатқан кәсібі деуге болады. Өкінішке орай өз елімізде төрт
түлік малды өсіре отырып, теріден жасалған бұйымдарды шет елдерден
алатынымыз, тері шикі затын шетке шығаратынымыз таң қалдырады немесе
шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін.
Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі-оның
ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен
жерлерін алып тастап, ыстағанда жұқа жерлері
шымырланады және қарақошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып
Тігіліп дайын болған торсықты өзен судың жағасына апарып ішіне құм нығап
толтырып, арнайы формаға келтіреді де арнайы көлеңкеге кептіреді.
Ыс салу жұмысы тобылғы, қайың қабығы, тезекпенде жүзеге асырыды.
Ыстың орнын не өзен жағасындағы жарқабақтан тас жиынап не құдық маңынан
арнайы күрке жасап, сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас
шөппен түтін шықпайтындай етіп тұншалап,
ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, қаратып
салбыратып іліп қояды.
Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері
келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі
ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе
шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды.
Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып
тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді
терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба,
шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі,
көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған
теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр,
таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл,
тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан,
опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон,
шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты
келемді заттар да жасалады. Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы
пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр
терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау
терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы — жондың,
қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі.
Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан
терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой
терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр
тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге
бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі
терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ
терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан
одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық
жасайды. Теріні құрымға салу, ысқа ұстау - Торсық (саба, көнек...) жасау

жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан
кейін 2—3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып
қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана
түседі және қара қошқыл өңге енеді.
Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға,
көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді
де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек
кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.
Кейбір шеберлер оған сыздық салып отырып тебе тіккен. Тігіліп дайын
болған торсықты (сабаны, көнекті) өзен судың жағасына апарып, ішіне ыстық
құм толтырып, құмды келтекпен түйгілеп әбден нығыздау керек. Бұлай
істегенде болашақ сабаның, торсықтың сырт өрнегі қалыптасады. Құм кептелген
торсықтар ыстық пен желде 4—5 күн тұрып әбден кеуіп сіріленіп қатады. Содан
кейін құмын төгіп тастап, ыдыстың іші тысын тұздалған сармаймен немесе
жылқының сүр етінің майымен майлап тағы да күнге қояды. Енді май сіңген
тері ыдыс ыстауға әзір тұрады. ЬІстық орнын не өзен жағасындағы
жарқабақтан, не құдық маңындағы ескі апандардың шетінен дайындайды. Бұл
үшін ені 40—45 см, тереңдігі 35—40 см, ұзындығы 10—15 мұржа қазылады. Мұның
жар не апан жақтағы аузын шұқырлап оттық жасайды да, дала жақтағы аузын
плитаның үстіңгі тесіктері сияқты етіп ашық қалдырады. Жыраның өн бойының
екі жақ қабырғасына кезекпе-кезек кірпіш қалытқы қалап бұрма жасайды.
Сонда оттықтан шыққан тобылғының жалыны мен ыстығы орта жолдағы
қалытқыларда бөгеледі де, шұңқырдың аузына тек жылы түтін ғана келеді. Ал
ысталатын терілерді ілетін күрке шұңқырдың осы дала жақ аузына тігіледі. Ол
үшін бірнеше түзу ағаштардың басын түйістіріп, іргесін жая күрке жасайды.
Оның сыртын терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шөппен қымтап жауып
қояды.
Ысқа қойылатын ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын төмен, яғни
түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, көк пішен
жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша т. б.
шөптерді қоса жағады. ЬІсты әдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы
салады. Өйткені ыс дұрыс салынбаса өрт шығып кетуі мүмкін. Ыс әбден сіңген
ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып қалады.
Осындай тобылғы торы торсықтар 5—6 айға дейін жібімейді де, дымдаңбайды да,
көгермейді де, өңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты айдан кейін оны
тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған ыдыстар ең
алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзініқ күн көріс тіршілігіне қажетті үй
жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзініқ тұрмыстық кәсібі
етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем
бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық
шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың
қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін
көреміз.
“Халықтық қол өнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш керуерт, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі
бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс,
таспа тіліп, өрім-өрім қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік,
және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен
жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды
мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып
келеді”. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған ескерткіштердегі, діни
әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер,
ағаштар қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер – халық қолөнерінің
тамаша туындылары. Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру,
шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т.с.с.
салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу
тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы
процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саятшылыққа қажетті садақ пен
жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың
тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да
қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз. Мал
шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық,
тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап
тапты. Торсық – сусын құятын ыдыс. Торсықты ірі қара малдың терісінен
жасайды. Ірі қара малдың терілерінің жүнін жидітіп, көк етін шелдеп
ыстайды. Жақсылап ысталған теіден төмендегі аталған торсықтарды әр түрлі
және үлкенді- кішілі етіп жасайды. Оның жан торсық, мүйіз торсық,
шимай торсық, сүйретпе торсық, т.б. түрлері көп. Мүйіз торсықты қазақтар
киелі заттарының біріне санаған. Өйткені, арқар мүйіз, марал мүйіз,
қошқар мүйіз өрнектері баршылықтың, байлықтың нышанын білдіреді. Мүйіз
торсықтың тағы бір құпиялы сыры бар. Оның екі жақтағы иілген мүйізінің
бұршына қымыз сақталып қалады. Оны қанша жусаңда кетпейді, биенің сүтін
құйып қойса болды қымызды өзі-ақ ашытып тұрады. Сондықтын оны қымыз
ашытатын ыдыс іретінде пайдаланады. Теріден жасалған ыдыстардың күннің
ыстығында да суығында да бірқалыпты температурада сусын сақтайтын қасиеті
бар.
Мұндай ыдыстарға құйылған сусынды алыс сапарға шыққан жолаушылар
қоржынға салып немесе қанжығаға байлап, алып жүреді. Бәрімізге белгілі,
торсық қос бүйірлі болып келеді. Осыған байланысты, бұрын әжелеріміз сүтке
салатын айран іздемейтін болыпты. Көшіп-қонып жүргенде де тиімдісі осы
емес пе?! Торсықтағы айранды құйып алған кезде, бүйір ұшында шамалысы
төгілмей қалады екен, мұны білген әжелеріміз тек оның үстіне сүт құйып
қояды-мыс. Малшылар мал баққанда, жоқ іздегенде, алыс сапарға шыққан
кезде торсыққа сусын құйып алып қанжығаға байлап, алып жүреді. Қымыз
ашытудың ескі және жаңа әдісі жөнінде айтып өтейін. Көшпелі
халықтар бірнеше жүздеген жылдар бойы қымызды торсыққа ашытып келді.
Бұның мәнісі неде? Көшпелі тұрмыс алып жүруге ыңғайлы ыдысты қажет еткен.
Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады. Торсық дегеніміз жылқының
терісінен шелін алып, ыстап жасалған, сиымдылығы 10-30 литр тері қап.
Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі. Саба - пирамида сияқты, төрт
бұрышты түбі және ұзын мойыны бар сиымдылығы 100-150 литр тері қап. Сабаны
жасар алдында арнаулы тұз ерітіндісіне салып, қылшығынан тазартып, өңдеп
шығарады, содан соң ыстайды. Сабаны қайыңның, тобылғының түтінімен ыстау
қымыздың дәмін жақсартады, мұндай қымыздың ерекше хош иісі болады. Саба
мен тосықтан басқа мес қолданылады, оны шыбыштың терісінен тігеді. Қымыз
саба, тосық, көнектер әзірлеуге көп мінілмеген, тер сіңбеген,
ауырмаған, арқасы жауыр болмаған, семіз жылқының терісі таңдалып алынады.
Ол қыс бойы от жағылатын асхананың төбесіне кептіріліп, жаз шыға қайтадан
жібітіледі де, құрымға салынады. Құрым дегеніміз – шошоманың төбесіне
жиналған қара күйе ыс. Саба, торсық, көнек жасайтын шеберлер қара күйені
сыпырып алып қайнатады да, әрі ащы, әрі қышқылы мол, қою май сияқты
сұйық ас әзірлеп, теріні соған батырады. Ол құрымда 20-30 күн ұсталып,
жүні, шелі, ет қалдықтарынан тазартылады. Осыдан кейін тері ширап,
шымырланып, қоңыр-қошқыл түске енеді. Осындай әдіспен иленген тері шуда
жіппен көктеліп, ішін таза құммен толтырып кереді де, кептіреді. Әбден
кебуі жеткен саба шерткенде сыңғырлап тұрады. Бұл саба жасаудың бірінші
сатысы. Ал екінші сатысында әлі кептірген ыдысты жылқының сүр етінің және
қымыздың майымен сіңдіре әбден майлайды. Майлардың нәтижесінде сабаның
тігістері кірігіп, бекіне түседі. Сабаны жасаудың үшінші сатысы – оны
ыстау. Бұл жауапты істі маман, әдетте елге танымал болған, осы іске
қабілеті бар, тәжірибесі мол адам ғана жақсы жүргізеді. Тәжірибесіз, шалғай
адамдар бұрынғы еңбектің бәрін еш кетіріп, өрт шығарып, сабаны күйдіріп
алуы немесе шала-шарпы ыстауы мүмкін. Ысты көбінесе үй іргесінен аулақ,
шөп-шаламы жоқ, айналасы таза, суы, өзені жақын жерде салады. Ыстау үшін
әдейі “құрылыс” жүргізу керек. Мысалы, жарқабақтан отын салатын оттық ойып
алады да оның төріне жалғастыра ұзындығы 15-20 метр, кеңдігі 50-60 см түтін
жүретін өңеш жасауға ор қазады. Оның ішін кірпішпен түтін қашпайтындай
етіп қалап шығады. Осы өңештің екінші басында құдықша етіп жер бетіне
шығарып, оның үстіне балшықтан шошола орнатады немесе киізден күрке
тігеді. Сонда ыс түтіні ошақтан өңештің бойымен өтіп, шошаладан шығып,
осында булығып үнемі бықсып сабаны ыстай беретін болады.Ысқа жағылатын отын
бүрі түспеген жас тобылғы, қарағай болады. Кейбір ысшылар сабаға, торсыққа
ерекше иісберу үшін отынға аздап арша, көкпек, құрғақ көк пішен қосып
жағады. Осылай дайындалған саба көп жылға игілікке ұсталатын ыдыс болып
шығады. Қымыз ыдыстарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz