Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері


Мазмұны
Кіріспе
1. Шағын кешенді мектептерде денешынықтыру сабағын ұйымдастыру
- Оқу жұмысын жоспарлау және денешынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
1. 3 Сабақтың құрылымы және мазмұны
2. Зерттеу мақсаты, мәселесі, әдістер мен зерттеу ұйымдастыруы
2. 1 Зерттеу мақсаты мен мәселесі
2. 2 Зерттеу әдістері
2. 3 Зерттеуді ұйымдастыру
3. Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
3. 1 Сыныптан тыс уақытта спорт жарыстарын ұйымдастыру
3. 2 Сабаққа дейінгі гимнастика, спорт сағаты мен сергіту минуттарын өткізу әдістемелік және сабақ түрлері
3. 3 Жазғы тынығу лагерьлеріндегі дене тәрбиесінің мазмұны, мақсаты мен міндеттері
3. 4 Оқушыларды дене тәрбиесіне қызықтыруға арналған насихаттық тәсілдер
3. 5 Бастауыш сынып жасындағы балалардың анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
3. 6 Қимыл-қозғалыс ойындарын жүргізу ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен өзіндік орын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға кірісті. "Білім туралы" заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар мен төл оқулықтардың жазылуы - мектеп өміріне қатысты реформалардың жүріп жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі өтпелі кезеңде республикамыз әлеуметтік - экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе, ауыл мектептеріндегі білім жүйесіне кері әсерін тигізбей отырған жоқ. Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына айналып кетуіне байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын кешенді жинақталған мектептерге айналды.
Шағын кешенді мектеп дегеніміз - біріккен сынып құрамында аз санды оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Бұндай мектептерде бала саны аз болғандықтан толық бастауыш мектеп құру өзін-өзі ақтамайды. Шағын кешенді мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер оқу жұмысын ұйымдастыруда үлкен қиындықтарға кездеседі. Кешенді бір мектепте бір мұғалім бір мезгілде төрт сыныптың оқушыларын оқытады және екі кешенді мектепте төрт сыныпқа екі мұғалім сабақ жүргізеді. Мұндай мектептер аудан орталықтарынан қашық болғандықтан, мұғалімдерге педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүйелі кеңестер алу қиындық туғызады. Сондықтан шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне оқу-әдістемелік құралдар үлкен көмек көрсетеді. Бұл ұсынылып отырған оқу құралында дене тәрбиесі сабақтарының теориялық мазмұны мен кейбір дене жаттығуларының орындалу және сабақты ұйымдастыру әдістері толықтай қарастырылған. Берілген сабақ жоспарлары бағдарламада көрсетілген дене тәрбиесіне қажетті негізгі құралдар мен спорттық жаттығуларды: гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалыс және спорт ойындарын оқушыларға меңгертуді мақсат етеді.
Сонымен бірге әр мектептің материалдық жағдайына қарай шаңғы және жүзу сияқты оқушыларға аса пайдалы, қолданбалы спорт түрлерін меңгерту жолдары да берілген.
Бұл оқу құралының кұндылығы сол сабақтар барысында қажет болатын әдістемелік нұсқаулар, жалпы дамыту жаттығуларына қойылатын талаптар, лақтыру, секіру, тасымалдау, өрмелеу т. б. сияқты жаттығуларды үйрету және оларды орындау барысында кездесетін қауіпсіздік ережелерін меңгеру, дәрігерлік бақылау және қауіпті аурулардың алдын алу сияқты бөлімдер нақты көрсетілген. Және де қозғалыс ойындарының жас ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі, ойындарды жүргізу әдістемесі, дене қабілеті мен жалпы дамыту, лақтыру, секіру, жүгіру, дәлдікке бағытталған жаттығулар және "Президенттік сынама" жүйесіндегі қозғалыс ойындарының түрлері нақты сипатталған. Жергілікті мектептің орналасу және материалдық жағдайына байланысты пән мұғалімі одан басқа да ойын түрлерін таңдап алуына болады.
Болашақ педагог, дене тәрбиесі пәні мұғалімінің өз мамандығының қыр-сырын білуге, қажетті білім, білік, қимыл дағдыларын қалыптастыруын көздейді.
Оқу құралы студенттер мен оқытушы, дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің сабақты өз дәрежесінде өткізуіне мүмкіндік жасайды. Әрі оның білімін, кәсіби шеберлігін шыңдауға көмектесетін тұстары да бар.
Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсарту мен денені шынықтыруға бағытталған: бұған таңертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс кезінде жасалатын жаттығулар мен ойындар, сабақтан тыс уақыттағы жұмыс түрлері, дұрыс сымбат қалыптастыруға, сондай-ақ дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастырудың түрлеріне де көп мән берілген.
Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын оқушылар дене тәрбиесі сабағында орындап үйреніп, оларды үйде өздігінше қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығулары мен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алған жаттығулары пайдаланылады.
Оқу құралының өз құрылымы, мазмұны, жүйесі, өзіндік бағыт-бағдары бар. Өмір талабы мен бүгінгі күннің сұранысына сай ғылыми-әдістемелік тұрғыда дайындалған, қазақ тілінде алғаш рет жазылған қажетті оқу құралы деп қабылдаған жөн. Еңбек жоғарғы оқу орындарының студенттері мен дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналып отыр.
1. Шағын кешенді мектептерде денешынықтыру сабағын ұйымдастыру
- Оқу жұмысын жоспарлау және денешынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:
Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі - балалар тәрбиесі мен білімінің ажырамас бөлігін құрайды және оқушылардың дене, рухани күштерін жан-жақты дамытуға, қоғамдық пайдалы еңбек пен Отан қорғауға даярлауға бағытталған. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінде денешынықтыру сабақтары маңызды орын алады, олар мұғалімге бүкіл оқу жылына есептелген жалпы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне ең алдымен, денсаулықты нығайту, қозғалыс қызметінің табиғи түрлеріне үйрету, қимыл бейімділігіне баулу (жүру, жүгіру, секіру), дене бітімін дұрыс қалыптастыру, жеке гигиена дағдысын тәрбиелеуді жатқызуға болады. Дене тәрбиесі сабақтарында балалар биіктікке секіру, жылдам жүгіру, допты алысқа, нысанаға лақтыру, алып жүру сияқты күрделі жаттығуларды жиі орындайды. Аталған бұл жаттығуларды үнемі жетілдіріп отырған жағдайда оқушылардың қимыл қозғалыс дағдылары нығаяды. Дене тәрбиесімен үнемі шұғылдану барысында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ерік-жігері қалыптасып, адами қасиеттері жетіледі.
Мұғалім жалпы міндеттерден басқа әрбір сабағында әр сыныптың бағдарламалық материалдарының талаптарына сәйкес нақты міндеттерді де орындайды.
Жоспарлау қағидалары.
Бағдарламалық материалды жоспарлау - оқу жылы барысында жеке сабақтар мен нақты міндеттерді шешудің негізі болып табылады. Мұғалім оқу жұмысын жоспарлау кезінде қойылған міндеттерді орындауға қолданатын әдістемелік құралдарды белгілейді.
Ол оқу жұмысын жоспарлау барысында төмендегі шарттарды есепке алуы тиіс:
- оқушылардың денсаулық жағдайы, олардың жасы, дене бітімінің жетілу деңгейі;
- ашық ауада және жабық үй-жайда сабақ өткізуді дұрыс жолға қою үшін мектеп орналасқан аумақтың спорт алаңының талаптарға сай болуы;
- мектептің спорттық құрал-жабдықтары және дене тәрбиесіне байланысты оқу құралдарының болуы.
Шағын кешенді мектеп мұғалімдері күрделі жағдайда жұмыс жасайды. Мұғалімге әр түрлі жастағы, дене дайындықтары біркелкі емес және әр түрлі оқу бағдарламаларымен сабақ жүргізуге тура келеді. Одан өзге, мектептің көпшілігінде спорт залдары мен лайықталған жабық жайлар жоқ. Сондықтан жұмысты материалдық - техникалық базаны дайындаудан бастау қажет. Материалдық - техникалық база
Шағын кешенді мектептерде жүгіру жолдарын, биіктікке және ұзындыққа секіру шұңқырларын, ойын және арнайы жасақталған қарапайым спорт алаңдарын жасауға мүмкіндік мол. Сонымен бірге гимнастикалық қалашықтар салуға да болады: тепе-теңдікке бөренелер, ағаштан гимнастикалық қабырғалар орнату, өрмелеу үшін арқандар жасау т. б. Алаң жиегіне ағаштар мен гүлдер отырғызған дұрыс.
Аланды жабдықтауға ата-аналар және демеушілермен бірге балалар да қатыса алады. Олар ересектерге жүгіру жолдарын тегістеуге, белгілеуге, ойын алаңын тазартуға, секіретін шұңқырларға кұм төгуге, ағаш - бұталар, гүлдер отырғызуға бар ынтасымен көмектеседі. Қыста кардан таушық тұрғызуға, шанамен және шаңғымен сырғанау орындарын жасауға да балалардың өздерін қатыстырған жөн.
Шағын кешенді мектептерде шаңғымен сырғанауға арналған орындарды оқушылар өздері таңдай алады. Шанамен сырғанауға да ауылдық жерлерде жақсы жағдайлар бар.
Секіру құралдары, жіптер және кұм салынған қалталар, бөрене және кубиктер, эстафеталық, гимнастикалық таяқшалар, жалаушалар, ойынға арналған т. б. ұсақ заттарды мұғалімнің басшылығымен балалардың өздері мектеп шеберханасында жасай алады.
Эстафета таяқшалары (ұзындығы 30 см және диаметрі 3 см) ағаштан жасалады. Жалаушалар түрлі-түсті болғаны дұрыс, тік бұрышты не үшбұрышты (15-22 см) жеңіл матадан немесе қағаздан дайындайды.
Ұзын секіргіштер (3, 5 м) диаметрі 10 мм жіптен жасалады, қысқасы (1, 5-1, 8 м) диаметрі 6-8 см жіптен. Гимнастикалық таяқтарды (ұзындығы 80 см, диаметрі 2, 5-3 см) қайыңнан жасаған дұрыс (ұштары жұмырланады) . Лақтыру қалқандарын (1x1) жеңіл тақтайдан жасайды.
Жылдың жылы мезгілінде, атап айтқанда, күзде және көктемде ауылдың бастауыш мектептерінде дене тәрбиесі сабағында қимыл-қозғалыс және ұлттық ойындарды табиғат аясында өткізген дұрыс.
Шағын кешенді мектептерде спорттық сауықтыру жұмыстары дене тәрбиесі сабақтарымен ғана шектелмейді. Сонымен бірге әр мектепте кез келген жағдайда сабаққа дейінгі таңертеңгілік гимнастика, сергіту минуттары мен сергіту сәттері, сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстардың көптеген нысандарын - "Ойын сағаттары", жаяу және шаңғы серуендері, шанамен сырғанау, қарапайым спорттық жарыстар, басқа мектептермен спорт түрлері бойынша жолдастық кездесулер, ұлттық қозғалыс ойындарынан "Көңілді жарыстар" сияқты т. б. жарыстар өткізуге болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі мұғалімнің мүмкіндігін барынша пайдалана білуіне және сабақтарды нақты жүргізіп, ұйымдастыруына байланысты.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын кешенді мектептерде оқитын балаларды дене тәрбиесіне баулу жұмыстарының міндеттері, құралдары және нысандары басқа мектептермен бірдей болады. Сабақты құру қағидалары, оларды өткізу әдісі, сондай-ақ оқу жұмысының практикалық материалы барлық мектептерге ортақ болып табылады.
Шағын кешенді мектептерде дене тәрбиесіндегі оқу жұмысының ерекшелігі сабақ өткізуге әр түрлі сыныптардың оқушыларын қатыстыру болып табылады. Сондықтан мектепте дене тәрбиесі сабақтарын жүргізудің үш нұсқасын ұсынуға болады.
Бірінші нұсқа - дене тәрбиесі сабақтары әр сыныпта бөлек жүргізіледі. Бұл сыныптарда оқушылар саны көп болған жағдайда жүзеге асады.
Әр сыныппен бөлек сабақ жүргізудің кестесі жасалады, онда дене шынықтыру сабағы кесте соңына қойылады. Сабақ кестесін осылай ұйымдастырғанда дене шынықтыру сабағы үлкен нәтиже береді. Өйткені дене дайындығы шамалас бір сыныптың оқушылары қимыл-қозғалыстарға, ойындарға, дене жаттығуларына түгелдей қатыса алатын болады. Бір сыныпта оқушылар санының аз болуы да мұғалімге дене жаттығуларын іріктеуге көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабақтарын өткізуді ұйымдастырудың осы әдісін қолдану ешқандай қиындық тудырмайды және мектептерде жүргізілетін дене шынықтыру сабақтарынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Дене шынықтыру сабағын өткізу үшін әр сынып оқушыларының мектепке келу уақытын өзгерткен дұрыс емес. Мектептегі сабақ кестесіне дене шынықтыруды бірінші сабаққа қойған тиімсіз. Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабағын сабақ кестесінің соңына қойған тиімді болады.
Екінші нұсқа - Дене шынықтыру сабақтары бірге өткізіледі. I сынып пен 2 сынып және 3, 4 сынып оқушылары біріктіріледі.
Бұл нұсқа, әрине, біріншіге қарағанда жақсы емес. Мұндайда мұғалім сабақты жас ерекшеліктері әр түрлі, дене дамуы мен дайындығында елеулі айырмасы бар оқушылармен сабақ жүргізуі тиіс. Сабақ әдістемесін күруда айырмашылық болғанымен, жаттығуды орындауға оқушыларды ұйымдастыруда, екі сынып оқушыларына оқу материалын шектеуде, таңдауда біршама қиындықтар туады.
Бұл нұсқаның тиімді тұстары да бар, ал кейде оқушылардың жас мөлшері мен денсаулық жағдайы мұғалімнің оқушыларды дене жаттығуларына толыққанды үйрету мүмкіндігін шектейді.
Үшінші нұсқа - мектептің барлық оқушыларына бір мезгілде дене шынықтыру сабақтарын өткізу. Бұл жағдайда мектеп шағын, оқушылардың жалпы саны аз, мектепте бір мұғалім жұмыс жасап, мектептің бастауыш сыныптарының оқу жоспарындағы барлық пәндердің сабақтарын өзі жүргізген кезде туындайды. Бұл өте күрделі жағдай, өйткені сабақта жұмыс бір мезгілде бірнеше жас шамасындағы балалармен, әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Алайда, мұндай жағдайда да дене шынықтыру сабақтарын толық мәнінде жүргізу қажет. Материалдық база, оқушылар саны, сондай-ақ ауа райы жағдайына қарай мұғалім сабақты бірден барлық оқушылармен немесе оларды екі топқа бөліп жүргізе алады.
Бір топпен дене тәрбиесі сабағы жүргізіледі, ал екінші топпен қандай да болмасын басқа сабақ, ол сабақта оқушылар көбіне мұғалімнің тапсырмасын өз беттерімен орындайды. Мұндай сабақтар міндетті түрде кезектесуі тиіс.
Мұғалім сабақ өткізудің екі нұсқасын да қолдануы тиіс. Жоғарыда аталған әдістің бір түрі ретінде дене тәрбиесінің бір сабағын екі сабаққа бөлу және тиісінше басқа пәннің бір сабағын екі сабаққа (мысалы, сурет сабағы) бөлу қолданылады. Оқушылар екі топқа бөлінеді: Бірі - дене тәрбиесімен айналысады, екіншісі - басқа пәнмен өз бетімен мұғалімнің тапсырмасын орындайды. Мұндай жағдайда әр пәннен сабақ 20-25 минут болады.
Бұл әдістің елеулі кемшіліктері де бар. Балаларды өте жақсы ұйымдастырғанымен, сабақ уақыты толық болмайды. Мұғалім бірнеше минутты (5-8 мин) сыныпта қалған оқушыларға өз бетімен жұмыс тапсырмасын түсіндіруге, ал сабақтың аяғында тапсырманың орындалуын тексеруге бірнеше (3-5 мин) минут жұмсайды. Сонымен, дене шынықтыру сабағының ұзақтығы 45 минутқа емес 35-38 минутқа тең. Ал 20-25 минуттық сабақтар дене жаттығуларының бірнеше түрлерін өткізуді шектейді. Мұнда қажетті ұйымдастыру мәселелеріне - қатарға тұрғызуға және сабақ өткізілетін орынға екінші топты апаруға елеулі кедергі келеді.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабақтарын табысты өткізу үшін төмендегідей қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.
- оқушыларды кез келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы;
- нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану;
_ әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, іріктеу;
. бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындауы мен ойындағы тәжірибесін шебер пайдалану;
- барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлу;
- сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру;
- бағалау, бақылау жасап, қателіктерді дер кезінде түзеу қажет. Осы аталған қағидалармен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене шынықтыру сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамын, жетіледі.
- Сабақты ұйымдастырудың негізгі әдістері
Шағын кешенді мектептердің бастауыш сыныптарында дене шынықтыру сабақтарын өткізуде дене жаттығуларын орындау үшін оқушыларды ұйымдастырудың бірнеше әдістері қолданылады. Бірнеше сынып оқушыларымен бірдей, бірден сабақ өткізу барысында барынша сан алуан әдістер кеңінен қолданылуы тиіс.
Сабақ жүргізу әдістерін мұғалім сабақтың міндеті мен мазмұнына қарай таңдайды.
Жаппай (біркелкі) орындау әдісі бұл әдіс көп жағдайда сабақтың кіріспе бөлімінде қолданылады. Бұл әдіс сапқа тұрғызуды, жүру және жүгіру бағытындағы секіруді, би жаттығуларын, жалпы дамыту жаттығуларын, құралмен және құралсыз дене бітімін қалыптастыру жаттығуларын, бір орында тұрып секіруді, қысқа секіртпемен секіру, үлкен және кіші доптармен жаттығуды, акробатикалық жаттығуларды, еденде тепе-теңдік сақтау жаттығуларын және шаңғы жаттығуларын қамтиды.
Бұл әдістің кемшілігі оқушыларға ортақ жаттығулар өткізу қажеттілігі мен 3-4 сынып оқушыларына жаңа жаттығулар үйрету мүмкіндіктерін шектейді.
1-2 сынып оқушыларының 3-4 сыныпқа еліктеулеріне жағдай туғызу үш ін қатарға (сапқа) тұрғызуды қолданған дұрыс. Кішкентайлар артта бір қатарға тұрады.
Лекте жүру және жүгіру жаттығуларын орындау кезінде екі нұсқаны қолданған тиімді. Біріншісі - барлық оқушылар бір лекте жүреді (жүгіреді), ал қозғалыс қарқынын мұғалім реттейді.
Екінші - үлкендер бөлек қарқынмен жүреді (жүгіреді), ал кішкентайлар басқа жаттығулар орындайды.
Ашық тізбекте орындалатын жаттығуларда кішкентай балалар үлкендерден кейін шахмат тәртібімен тұрады. Барлық балаларды ортак шеңберге тұрғызған кезде де жаппай (бәрі бірдей) - орындау әдісін қолдануға болады. Бұл, әсіресе, би жаттығуларын жүргізуге ыңғайлы.
Кезектесіп орындау әдісі - белгілі бір қашықтыққа жүгіру мен жүруді кезектестіріп жаттығулар жүргізгенде, соның ішінде жылдамдыққа, биіктікке және ұзындыққа секіру, шығу және түсу, доп беру, лақтыру және қағып алу, акробатикалық жаттығулар, шаңғымен төмен түсу және жоғары шығу т. б. кеңінен қолданылады. Шағын кешенді мектептерде кезектесіп орындау әдісінің ең жақсы нұсқасы үш жүйе бойынша жүргізу болып табылады. Яғни, біріншіде - 3 сынып оқушылары жаттығулар орындайды, екіншісінде - 2 сынып, үшіншісінде 1 сынып оқушылары жаттығулар орындайды.
Кезектесіп орындау әдісінде барлық сыныптың оқушылары үзіліссіз кезекпен жаттығулар орындайды. Бұл әдістің артықшылығы оқушылар өз жолдастарының, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларының да орындаған жаттығуларын көре алады. Жаттығулар саны неғұрлым көп болса, сабақ тығыздығы да жоғары болады. Кезектесіп жасау әдісінің тиімділігі - мүмкіндігінше жаттығуларды топтауға және сабақтың тығыздығының жеткілікті болуында. Кемшілігі - бастауыш сынып оқушыларына еліктейтін үлгінің болмауы.
Әр түрлі нақты жағдайда кезектесіп орындау әдісінің екі түрін де қолданған дұрыс. Сынып оқушыларына жаңа жаттығулар үйреткен кезде, үш әдісті де қолданған тиімді. Екеуінде оқушылар үйренген жаттығуларын өз бетімен орындайды, ал үшіншісінде - мұғалім оқушыларды жаңа жаттығумен таныстырады. Кезектесіп орындау әдісі әр түрлі сынып оқушыларының бірнеше жаттығуларды орындауында ойдағыдай қолданылады. Ең күрделі нұсқа - әр түрлі сынып оқушылары түрліше жаттығуларды орындайды.
Ауыспалы әдіс - дене бітімін қалыптастыру жаттығуларын, акробатикалық жаттығуларды, лақтыру жаттығуларын жүргізуде және тар бөлмеде сабақ өткізіліп, оқу құралдары жеткіліксіз болғанда қолданылады. Мұндай жағдайда барлық сыныптар бірдей тапсырма алады, бірақ оны кезекпен ауысып орындайды. Ауыспалы әдісті негізгі екі нұсқа бойынша жүргізуге болады. 1 - барлық оқушылар сынып бойынша ауысымдарға бөлінеді де, бірдей жаттығулар орындайды. 2 - оқушылар сыныптарымен ауысымдарға бөлінеді, бірақ әр түрлі жаттығулар орындайды. 1 - нұсқаның артықшылығы үлкендерге еліктеу мүмкіндігі басым болса, ал 2 - нұсқада әр түрлі сынып оқушыларына жаттығуларды іріктеу мүмкіндігі мол. Екі нұсқаны да жүйелі пайдаланған дұрыс. Ауыспалы әдісте жаттығуларды орындағанда мысалы: 1 сынып оқушылары нысанаға доп лақтырады, 2 сынып оқушылары допты жинайды, 3 сынып лақтырғандардың қатесін белгілейді, ал 4 сынып оқушылары доп лақтырған 1 сынып оқушыларымен орын ауыстыруға дайындалады.
Топтық әдіс - шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне барынша ыңғайлы, бірақ мұғалімнен, оның көмекшісінен жақсы дайындықты талап етеді. Бұл әдіс сабақтың негізгі бөлімін өткізгенде неғұрлым жиі қолданылады. Бұл әдістің артықшылығы әртүрлі сынып оқушыларына жаттығулардың жеке түрлері бойынша сабақ материалын саралауға, әр түрлі сыныптармен бірдей емес, әр түрлі жаттығу түрлерін жүргізуге барынша кең мүмкіндік береді, сондай-ақ жаттығу мөлшерін реттеу мүмкіндіктері мұғалімнің топтық әдіспен сабақ жүргізе отырып, бір сынып оқушыларын жаңа материалдармен таныстыруға жағдай жасайды, ал басқалары мұғалім көмекшілерінің басшылығымен өткен жаттығуларды орындауды жетілдіруге мүмкіндік алады. Топтық әдісті қолданудың міндетті шарты жаттығу түрлерін ұтымды кезектестіру болып табылады. Дәлдікпен ерекшеленетін жаңа жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің басында жүргізіледі. Едәуір толқу тудыратын, жүктемені көбейтуді талап ететін жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің екінші жартысында жүргізіледі.
Жеке әдіс - жекелеген оқушылар кәртішкелермен айналысқан кезде қолданылады. Бұл әдіс мұғалімге үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасауға көмектеседі.
Сабақ мазмұнын анықтау
Сабаққа дайындық кезінде сабақтың құрылымына (кіріспе, негізгі, қорытынды бөліміне) сәйкес келетін бағдарламалық материалдарды іріктеу өте маңызды. Бірінші негізгі бөлімге жаттығулар іріктеледі, өйткені онда сабақтың міндеттері мен мақсаттарын жетекші шешеді, содан соң кіріспе және қорытынды бөлімге назар аударады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz