ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
С. Қазабаев. Қазақ тілін оқыту методикасы
ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ
Етістік— семантикалық мәні жөнінен тіліміздегі бай сөз табының бірі.
Ол — қимыл процесін білдіреді. Бастауыш мектеп көлемінде қимыл процесі
деген ұғым жалпылық, жинақтылық мағынада алынады. Әйтпесе, етістік
білдіретін қимыл процесінің мәні әр алуан. Мәселен, адамның еңбек әрекетін
(ағаш кесу, тас қашау,) адамның қозғалысын (еңбектеу, жүру), сезім күйін
(есту, көру), ойлау процесін (ойлау, білу), түрліше табиғи жай-күйді
(отыру, ұйықтау, күлу) білдіреді. Бірақ бастауыш кластарда етістік
осыншалықты кең және әр талап мәні бойынша зерттелмейді. Тек қана заттың
қимылын, ісін білдіреді деп жинақ мағлұмат беріледі.
Етістік — өзінің грамматикалық формалары жөнінде маңызы күшті сөз
табы. Бастауыш класс оқушылары етістіктің жақпен, жекеше, көпше айтылып,
бұларға орай түрлену жолдарын біледі. Ал, етістіктің жасалу жолдарын
көрсететін кептеген қосымшалар, соған сәйкес мағыналық түрлері егжей-
тегжейлі қарастырылмайды. Дегенмен жаттығу материалдарында сөз жасаушы
категориялар ұшырасып отырады.
Етістіктің сөйлем құру, ойды ұйымдастыру жөнінде синтаксистік
мүмкіншілігі мол, демек етістік екі бас мүшенің бірі — баяндауыш болып
қызмет көрсетеді. Сондай-ақ етістік сөз тіркесін жасауда да ерекше роль
атқарады. Демек етістіктің сөз тіркесінде меңгеруші қызметі бар. Соған орай
оқушылардың септік жалғауларды дұрыс қолдануының өзі етістіктік лексикалық
және грамматикалық мәнін қаншалықты меңгергендігін байқатады.
Бастауыш кластарда етістік тым элементарлы түрде өтіледі. Сонда да бұл
тақырыптың оқытылуына программа ерекше талап қояды. Оқушылар етістік туралы
үйренген ережелерді айтып берумен бірге, етістік сөздерді, оның формаларын
өз сөзінде, жазуда еркін қолдана алатын болуы тиіс. Етістік қатыстырып сөз
тіркесін құру, сөйлем құрастыру дағдысын меңгеріп, етістік сөздерді қатесіз
жаза білуі керек.
Етістік тақырыбы бастауыш үш класта да өтіледі. Программа бойынша әр
класта берілетін білім көлемі мына шамада.
Бірінші класта берілетін білімнің барлық мазмұны етістікті заттың
қимылын білдіретін сөз ретінде тану, оны тану құралы деп сөзге сұрақ қоя
білу екені байқалады. Бұл міндет таза практикалық түрде меңгертіледі. Бұл
үшін программа төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынады. Қимылды білдіретін
сөздердің үш жақта және үш шақта жұмсалатынын аңғартатын жаттығулар
орындау. Заттың атын білдіретін сөздер мен қимылын білдіретін сөздер
тіркесінің сөйлем жасайтынын байқату. Заттың атын, сынын, санын, қимылын
білдіретін сөздерді таптырып, грамматикалық талдау жүргізу. Бұл жұмыс қазақ
тілі оқулығында біраз түрлендіріп, балалардың дұрыс түсінік алуын жеңілдету
тәсілдері қарастырылған. Сөйлемдегі етістік сөзді теру, сөйлемдегі сұрақ
орнына немесе нүкте орнына лайықты сөз тауып жазу, суретке не сұрақтарға
ойдан сөйлем құру сияқты жаттығу түрлері беріледі.
Екінші класс оқушылары Заттың қимылын, ісін білдіретін сөздерді
етістік дейміз деген грамматикалық ережені үйренеді. Осы ережеде
етістіктің екі түрлі мәні танылады. Бірақ бұл мәселенің басын ашып қарауды
программа ұсынбайды, оқулық та әдейілеп талқыламайды. Солай екен деп
мұғалім бірінші класстағыдай заттың қимылын білдіретіні тұрғысынан оқытумен
тынса, онда II класта етістіктің мәні жөніндегі мағлұмат үстемеленбей,
бұрынғысынша қала бермекші.
Етістіктің мағынасын түсіндіргендегі мысалда етістік туынды түрінде
болмауға тиіс. Ол затпен байланысты болып, сол затқа тән қимылды көрсететін
етістік танытылуы қажет. Мысалы: бала жүгірді, қолын көтерді, көйлек тікті
дегенде заттың қимылы айқын танылады, ал тікті, жазды сөздерінде әрі
қимыл, әрі іс мәні бар. Осындай қимыл, іс ұғымы айқын танылатын сөздерден
бірте-бірте заттың басқа да мәнін, тіпті ойлайды, ұйықтады сияқты жай-
күйді білдіретін сөздерді кірістіріп жауап болатын сұрағы бойынша олар да
етістік сөз деген тұжырымға келтіреді. Екінші кластың жаңа материалы —
отыр, жатыр, жүр, тұр көмекші етістіктерідің қатысуымен жасалатын күрделі
етістіктер. Бұл күрделі етістіктерді қысқа сөйлемдегі дара етістікке әлгі
көмекші сөздерді тіркестіріп, салыстыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістік формалары және оны оқытудың әдістері
Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Етістікті мектепте оқыту
Сыни ойлау технологиясымен етістікті оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Етістіктен етістік жасайтын жұрнақтар
Етістік категориясын сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқыту
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары
Септіктер Септіктердің жалғаулары
Пәндер