Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы ғылыми жұмысқа бейімдеу
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Әдебиеттерге шолу
1.1 Жобалау технологиясы дегеніміз не?
2. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы ғылыми жұмысқа бейімдеу
2.2 Зерттеу әдіс-тәсілдері , оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын жасаудың
тиімді жолдары
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Бала жақсы оқиды,
егер оған өтілген материалды
өз бетімен зерттеуге мұрсат берсе...
(Питер Клейн)
Жоба тақырыбы: Жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттыру
Өзектілігі:
Естігенімді – ұмытамын, көргенімді - есте сақтаймын , өз істегенімді-
меңгеремін,- деп Конфуций айтқандай, жобалау технологиясы – оқушылардың
жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін
білімі. Балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен
өмірге дайындау бүгінгі тақырыптың өзектілігі.
Жұмыс мақсаты: оқушыларға жобалық оқыту технологиясының әдіс-
тәсілдерін үйретусабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың
жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау.
Оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың
шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс-тәсілдер жиынтығы болып келетін
оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген
нәтижелерге жету.
Міндеттері:
- оқушының ғылыми – зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру;
- жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу-тәрбие
үрдісінде қолдану;
- оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
- оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми
көзқарасын қалыптастыру;
- оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға, оған дайындалуға
жәрдемдесу;
- оқушының шығармашылығын дамыту;
- оқушы дамуына мониторинг жүргізу.
Әдістері:
1.Ғаламтор
2.Теориялық анализ(әдебиеттерге шолу)
3.Сауалнама
Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз
білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру
формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді
жасақтау.
Практикалық жұмыстың барысы:
“Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”, деп ұлы
жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың
бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім барша әлем тыныс тіршілігінің
алғашқы іргетасы. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын
еркін айтуға тәрбиелейтін, теориялық алған білімді тәжірибе жүзінде өмірде
қолдана білуге үйрететін шағын –жобалар сабақ барысында қалай жүзеге
асырылады?
Жобалау технологиясы дегеніміз не
ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамудағы негізгі басымдық-
тарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше
білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға
мақсатты,әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.
Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.Бұл
технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда
cooperative learning – бірге үйрену, ал латын тілінен аударғанда
projectus - алдын ала деген мағынаны білдіреді деген екі ұғым бар.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда
болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог,
философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университеті жанындағы
мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша,
балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге
дайындау – бұл технологияның негізі. Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді
мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей,
аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп,
тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі деген
екен Килпатрик.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге
асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та,
Канадада, Англияда, Австралияда және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып
жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын тереңге жая
бастады.
Уақыт өте келе еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі
біртіндеп тәртіпке бағынып, білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп
отыр.
Бірақ оның негізгі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек –
оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты
проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен мемлекеттің алдында
тұрған басымды өзекті мәселелерге әр адам мен жеке тұлғаның заман талаптар
негізінде жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамзат перзенті қол
жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына қалыптастыра
отырып, өз ретінде қоғам қажеттіліктерін халық игілігіне айналдыруда
шығармашылық пен салауаттылық, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін де
назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп отыр. Бұл жөнінде ресми
құжаттар мен мемлекеттік іс-шаралардың қолға алынуы соның айғағы болмақ.
Қоғам дамуының үлкен бір саласы және ажырамас бөлігі болып табылатын
педагогика ғылымы сонау ескі дәуірден бүгінгі заманға дейін өзінің
қажеттілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қоғам дамуының прогрессивтік
сипаты, қоғам мүшелерінің өмір заңдылығына мойынсыну барысында, ғұмыр
көшіндегі адамзат перзенттінің рухани, мәдени және өндіргіш күштер ықпалы
арқылы қалыптасқан тәжірибелермен тығыз байланысты. Ғаламдық жаһандану
жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен
технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын
бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр.
Сол себепті оқыту жүйесін оптимизациялау мен интенсификациялау үрдісі
ғылыми-педагогикалық тұрғыда қайта сарапталынып, арнайы мекемелерде
зерттеліп, қажет жағдайда практикалық шешімін табуға мүмкіндік жасалғаны
шарт. Оның жоғарғы және арнаулы оқу орындарымен қатар жалпы білім беретін
орта мектеп практикасына ендірілуі жалпы сабақ үрдісін шығармашылық тұрғыда
ұйымдастырудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға себепші болады.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген болса,
оқушы тек оны тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе
репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау,
т.б.). Егер дәстүрлі оқытуда оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде
болса, технология жағдайында белсенді қызметті оқушы атқарады, оны
оқытпайды, ол өзі оқиды, оқулық арқылы өз бетімен білім алуға дағдыланады.
Технология сөзі гректің техне - өнер, шеберлік, логос - ілім, әдістер
жиынтығы деген мағананы береді. Технология — өнім алу үшін керекті
материалдарды өндеу әдістері мен өнім шығаруға керекті жүйелі процесс. Кез
келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі
нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы
анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік
және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады.
Әлемнің әр түрлі елінде (АҚШ-та, Ұлыбританияда, Белгияда, Ресейде және т.
б. ) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық әдіс –тәсілдерінің
тиімділігі дәлелденген.
Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып
табылады. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы
бірлескен жұмысқа тарту. Сабақта интерактивті әдістер арқылы проблемалық
оқыту (технологияның синектикалық бөлімінің талаптары бойынша) іске
асырылады (мәселені шешу, балаға ой тастау, миға шабуыл, дебаттар, т.б.
әдістер арқылы). Мұндай топта оқушылар өз даралығын жоғалтпайды, қажетті
жағдайда олар бір-бірінен көмек сұрап, ортақ міндеттерді шешеді.
Қазақстан республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасы,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік береді. Ал оқыту технологиясын қолдану үшін
алдымен жаңалықты игеруге даярлық, яғни, технологиялық өңделген құжаттар
болуы керек. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану, оған
қызығушылық таныту, ынта қою оның мақсатын, мазмұнын, болашағын түсініп, іс-
жүзінде асыра білу, белгілі бір мақсатты жүйелі дайындықтың нәтижесі болып
табылады.
Марал Мәденқызы Жанпейісованың МОТ-ын 8-10 сыныптарда пайдалану
барысында білімді игеру барысында оқушыларда кездесетін қиыншылықтарды
жеңу, табандылық, есте сақтау, кітаппен, жұмыс дәптермен өзіндік жұмыс
жүргізуде ықпалы болды. Өзіндік жұмыстарды жүргізуде мынадай шарт қоямын.
1. Нақты тапсырма беріледі
2. Қысқаша нұсқаулар беріледі.
3. Жұмыстың орындалуына уақыт белгіленеді.
4. Оқушылардың дербестілігі ескеріледі.
Модульдік оқыту технолгиясының мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас
технологиясын жобалау алға қойған мақсатқа жетеді көздейтін педагогикалық
үрдіс түзу. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және
қортынды бөлімнен тұрады. Модул жасалған сыныптарда III деңгей
жеңілдетілген стандарт тапсырмалары.
II деңгей стандарт талаптарына сай алған білімді қолдану және талдау
деңгейіндегі тапсырмалар.
I деңгей шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар
(стандарттан жоғары) беру арқылы танымдық ізденімпаздық қабілеттерін
дамытамын. Қалай тексеру керкек? (бірін-бірі тексеру әдісі, қатар отырған
оқушы ) және өзін -өзі тексеру арқылы Репродуктивті ( қайта жаңғырту)
сипатындағы оқыту проблемалық, ізденушілік, зерттеушілік оқытумен
ұштастырудамын. Негізінен оқушылардың бір-бірімен өзара сөйлесуіне құрылған
оқытудың белсенді формаларын сабақта қолданамын. МОТ-тың ерекшелігі оқушыны
үнемі білім алуға, өз бетімен әрекететуге деген құлшынысын оятып, ақыл -
ойының дамып жетілу процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету, қабылдауды)
сабақта дамытуға көңіл бөлемін. Мысалы 11-сыныптарда Гибридтену және
гибридтелген орбитальдарды өткенде С атомының sp3 гибридтенуі этан
молекуласында бұрыш 109°28' кеңістіктегі пішіні – тетраэдр, sp2 гибридтенуі
этилен молекуласындағы валенттілік бұрыш 120 градус кеңістіктегі пішіні –
жазық тригональді, sp гибридтенуі ацетилен молекуласындағы валенттілік
бұрыш 180 градус кеңістіктегі пішіні – сызықтық. Танымдық әрекеттің
негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалптасады. Белсенділіктің
бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі
тәрбиелеу т.б.белсенділіктер. МОТ оқушылардың білім деңгейін дамытуға
ықпалы зор. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, оқушы үшін мұғалім –
эталон.
Білім беру жүйесінде әлемдік стандартқа сай деңгейге жету үшін,
оқытудың әр түрлі әдіс тәсілдері, озық технологияларды сабақ үрдісінде
пайдалану бүгінгі күн талабы. Пәнге деген оқушының қызығушылығын,
шығармашылығын шыңдау, жаңа ғасырда білімді, тәрбиелі жеке тұлға
тәрбиелеуде, өз іс- тәжірибемде оқыту үрдісін жоспарлап, Мемлекеттік Білім
стандартын негізге алып, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын қолданамын. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында М.М.
Жанпиісованың Интерактивті Модульдік оқыту технологиясын 2007 жылдан бері
химия пәнінен 8-10 сыныптарда тарау бойынша модул құрып, сабақта қолданып
келемін. Нәтижесінде, оқу сапа көрсеткіші 80%-ке дейін көтерілді.
Оқушылардың пәндік Олимпиядаға, ғылыми жұмыстарға қатысуы жоғарылап, Ұлттық
бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша 100%-нәтижесін көрсетті.
Химия сабағында Интерактивті Модульдік оқыту технологиясын пайдалану
барысындағы іс-тәжірбиемде:
1. Жеке тұлғаның танымдық қабілеттеріне арнайы тұлғаны дамытуға өзін-
өзі өзектілендіру, тұлғаның қауіпсіздігін сақтай отырып өз бетімен және
ізденіспен жұмыс істеуге толық мүмкіндік болатындығын көрдім.
2. Оқушының сабаққа қызығушылылық аясын дамытуға, психологиялық танымдық
құрылымын арттыруға ерекшеленетіндігін байқадым.
3. Теорияда берілген кіріспе, сөйлесу қортынды нәтижесінде білім-білік
дағдыларын қалыптастыра отырып, білім толық жүйеленедігі.
4. Интерактивті Модульдік оқыту технологиясымен өткізілген әр сабақта
барлық оқушының толық жұмыс істеуі қамтылады, барлық оқушы толық бағаланады
және оқушылардың ортақ бағалау парағында көрсетіледі. Бұл оқушының білім-
білік дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік береді.
5. Оқушының білімін тексеруде сынақ тест рейтинг жүйелерін қолдану арқылы
қорытындылап, білім деңгейін анықтаймын.
Енді Интерактивті Модульдық оқыту технологиясымен 8-сыныпта химия
пәнінен өткізілген бекіту сабақ үлгісін ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Сабақтың білім беру мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
жөніндегі мағлұматтарды жүйеге келтіріп бекіту.
Оксид, негіз, қышқыл, тұздардың құрамын, қасиеттерін салыстыра білуге,
жіктеуге, заттардың бір-біріне айналу, генетикалық байланысты қорытындылау.
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ойлау жүйесін кеңейту, қортынды жасау
қабілетін қалыптастыру. Білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жеке тұлғаның химия пәніне қызығушылығын арттыру, өзі
оқи отырып, өзгені үйрету. Ұжымдыққа баулу, топпен жұмыс жүргізу арқылы
жауапкершілікке, мәдениетті қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: Бекіту сабағы. Білімді Білім биржасы оқыта үйрету арқылы
қортындылау.
Сабақтың әдіс тәсілі. Модульдік интерактивті оқыту техналогиясын
пайдалану.
Топтық, жекелей блокпен жұмыс.
Көрнектілігі: Интерактивті тақтадан көрсетілім, сызбалар, панода үш
түрлі деңгейдігі тапсырмалар жазылған үлестермелер.
Сабақтын барысы.
1. Ұйымдастыру.
Сынып оқушылары 5 топқа топтастырады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz