ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖОЛЫНДАҒЫ СӘТТІ БАСТАМА



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖОЛЫНДАҒЫ СӘТТІ БАСТАМА

Жаһандық дағдарыстың өкпені қысқан өліара кезеңінде Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен дағдарысқа қарсы Үкімет қабылдаған іс-
қимыл шаралары шеңберінде жүзеге асырылған “Жол картасы” бағдарламасының
еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарының қиындықтан қиналмай шығуына
тигізген игі ықпалы өлшеусіз.Қаржы тапшылығы белең алған сол кезеңде
мемлекет тарапынан бөлінген қаржы есебінен “Жол картасы” бағдарламасы
бойынша іске қосылған жобалар елімізде жұмыссыздықтың белең алуына тосқауыл
қойды. Мәселен, 2009 жылғы “Жол картасы” шеңберінде еліміз бойынша 5300
жоба жүзеге асырылып, 248 мың адам жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс
орындарын ашу және “Жастар тәжірибесі” бағдарламасын кеңейту шара­ларының
нәтижесінде оқу орындарын бітіргендердің және басқа да жастар тобының
қатарынан 125 мың адам жұмысқа орналастырылды. 97,7 мың адам кәсіптік оқу
орындарында даярлықтан және қайта даярлықтан өткізілді. Қорыта айтқанда,
2009 жылғы “Жол картасы” шараларын іс жүзіне асыру нәтижесінде 146 мың
адам тұрақты жұмыс тапты. Қаржы дағдарысы қыспағында қалған әлемнің бірде-
бір елінде мұндай игілікті бастама жүзеге асқан жоқ.

Сондықтан, Мемлекет басшысы ел Үкіметінің алдына 2010 жылы да “Жол картасы”
бағдарламасын жалғастыру міндетін қойды. Елбасы өзінің Қазақстан халқына
арнаған биылғы Жолдауында “Үкіметке 2010 жылы “Жол картасы – 2009” жоспары
бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуды,
ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың
2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын” деп атап көрсет­кен
болатын. Осыған байланысты Үкімет 2010 жылғы “Жол картасының” іс-шаралар
жоспарын бекітті. Құрылыс нысандарын салу, күрделі жөндеуден өткізу және
қайта жаңғырту жұмыстарына 2010 жылғы “Жол картасы” аясында 132 млрд.
теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның 88 694,2 млн. теңгесі республикалық
бюджет­тен, 43 376,9 млн. теңгесі жергілікті бюджеттерден қарастырылған.

2010 жылғы “Жол картасын” іске асыру мақсатында жаңа нормалар енгізілді.
Атап айтқанда, осы жылы жұмыс орындарына орналастыруға және қайта даярлау
мен біліктілігін арттыруға басымдық берілген тәртіппен аз қамтылған
азаматтарды және ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отырған адамдарды жіберу
көзделген. Жұмысшылардың 80 пайызын жұмыспен қамту органдарының жолдамасы
бойынша қабылдау талабы алынып тасталды. Биылғы жылы жұмысқа қабылдау
басымдық берілген тәртіп бойынша жергілікті жұмыспен қамту органдары
жіберген үміткерлердің қатарынан құралады, ал ондай ұсыныс болмаған
жағдайда жұмыс беруші жұмысшыларды еркін еңбек рыногынан жұмыспен қамту
органдарының жазбаша келісімінен кейін қабылдай алады.

Өткен жылдың соңында еліміздегі жұмыссыздар саны 532 мың адам, ал
жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайыз болса, 2010 жылғы “Жол картасы” шараларын
жүзеге асыра бастаудың арқасында бірінші тоқсанның соңында жұмыссыздық
деңгейі 6,1 пайызға дейін төмендеді. Еліміздегі еңбек рыногындағы өсу
динамикасын төмендегі кестеден көруге болады.

Үстіміздегі жылы құрылыс нысандарына бөлінген 132,1 млрд. теңге қаржы
мынандай бағыттардағы жұмыстарды атқаруға жұмсалады:

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жөндеуге, қайта жаңғыртуға және
дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің жаңа әдістері
Жұмыспен қамту бағдарламасындағы жұмыспен қамтудың көрсеткіштері
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және себептері.ҚР жұмыссыздықпен күресу шаралары.
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы. Жұмыссыздық
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметі жайлы
Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері
Пәндер