Қаңлылар мен үйсін тайпаларының бірлестігі

Қаңлылар — қазақтың халық болып қалыптасуына өзекті ұйтқы болған
негізгі тайпалардың бірі, қазақтың тарихи аңыз-әнгіме, шежіре-дастан
деректеріне сүйенсек қаңлыны ұлы жүзден тараған деседі. Сырдария бойындағы
қаңлылар мен Жетісу өлкесіндегі қаңлылар негізінен қара қаңлы, сары қаңлы
болып екі арыс елге айрылады. Олар ұлы жүз Төбейдің немересі Бәйтеректен
таратылады. Бәйтеректен Қаңлы, Қаңлыдан Қанкөжек, одан Келдібек,
Келдібектің бірінші әйелі сары бәйбішеден сары қаңлы, екінші әйелі хан
қызынан қара қаңлы ұрпақтары тарайды. Сыр бойындағы қаңлылар сары қаңлының
бес баласы (Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миам) мен қара қаңлының
алты баласынан (Тоғызбай, Онбай, Тоғанай, Бақа, Бадырақ, Қара) өрбіген
ұрпақ деп есептесе, Жетісу қаңлылары өздерін Сары қаңлының бес баласы
(Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз, Шанышқалы) мен қара қаңлының алты
баласынан (Ерезен, Қаспан, Еңке, Тайта, Оразымбет, Бақа) таратады. Шежіре
деректерін салыстырып көрсек, Сыр бойы қаңлыларының арғы әулеттері Жетісу
қаңлыларының арғы атасы болып шығады.
Тарихи аңыздар мен рауаяттарда қаңлы деген аттың шығу тегі Оғыз
ханмен байланыстырылады. Оғызнама дастанында: Оғыз хан бір соғыста
жеңіске жетіп, ырғын олжа алады. Мұны алып жүре алмайтын болғанда, Оғыз
ханның шеріктері ішіндегі асқан кемеңгер әрі шебер Бармақылық Иөсін (уйсін)
білігі деген адам арба жасап, осы олжаларды алып жүреді. Арбадан қаң-қаң
деген үн шыққандықтан, арба қанға деп аталады да, оны жасаған қартқа
Қанғалы (қаңлы) деген ат беріледі. Бұл аңыз парсы тарихшысы Рашиденнің
Жамих ат-тауарих атты еңбегінде және тарихшы Әбілғазының Шежірёии түрік
атты шығармасында да бар. Рашиденнің еңбегінде Оғыз ханның жорығында арбаны
олжаға түсірген тайпа қаңлы деп аталса, Әбілғазының шығармасында осы
арбаны жасаған адам қаңлы деп аталады, ал Оғызнама дастанында осы
арбаны жасаушы Бармақылық Иөсін білігі деген данышпан шебер, ол арбаны
тұңғыш рет жарыққа шығарушы адам ретінде суреттеледі. Бірақ бұл аңыздарды
тарихи жазба деректерге салыстырсақ, арасы тым шал-ғай жатқандығы
байқалады. Оғыз тайпалары 8-ғасырдың ортасынан бастап Сырдарияның төменгі
алқабы мен Қаратау өңіріне келе бастаған. Орхон ескертқіштерінде шығыс
түрік қағандығы құрамына енген оғыз тайпалары Шығыс Маңғолияда еді, олар
тоғыз-оғыздар болатын. 9-ғасырдың соңы, 10-ғасырдың ортасында Арал теңізі
және Каспий теңізі маңындағы территорияларда оғыз одағы құрылды, 10-ғасырда
Сырдарияның төменгі бойындағы алқаптарда оғыз мемлекеті ұйымдасты, мемлекет
орталығы Жаңакент (Яңгікент) болды. Ал қаңлылардың Сырдарияның орта ағысы
мен Қаратау өңірін мекендеуі бұдан мыҢ жыл бұрынғы іс. Еліміздің (Хан
патшалығының) жазба деректеріне қарағанда, олар біздің заманымыздан бұрынғы
3-ғасырдан бастап әйгілі болған. Бұл қаңлы деген ат біздің заманымыздан
бұрынғы зороастризм дін кітабы Авеста деректері мен үнді халқының эпосы
Махабхарата қоллсазбаларының деректерінде де әйгілі болған. Бұл
деректерде Хаңға түрінде берілген. 8-ғасырда орхон жазуымен жазылған Күл
тегін, Білгі қаған ескерткіш-терінде Қаңғу-Тарбан түрінде кездеседі.
Тарбан деп Отырар қаласын айтқан. Кейбір деректерде Кенріс,
Қаңғар деп те айтылады. Мұның бәрі Қаңлы деген аттың түрліше
тілдердегі деректердегі дыбыс өзгешеліктері. Ерте заманда Сьірдарияның орта
шені Қаң, Қан деп аталған. Қаңлы Осы Сыр бойын мекендеушілер деген
сөз дейтін болжам да бар.1
Орта Азияның ежелгі тарихын зерттеуші әйгілі жапон ғалымы Сиратори бұл
жөнінде мыналарды айтады: Жүң-го жылнамаларында жазылған халық аты Каңжұй
деген сөз ежелп заманда деп оқылған. Бұрынғы заманда
Сырдарияның қазіргі Ташкент қаласынан төменгі жағы Kanq-ки өзені деп
аталған. Сырдарияның осы айтылған орта және төменгі ағысы алқаптарын
мекендеген халық та капкаг-Kangar деп аталған. Каңжұй деген ханзуша
әріптің сол замандағы оқылуы капкаг (кап-каг) дыбыстық жағынан kangki
дегенге жақын. Демек, хан әулеті дәуіріндегі халық аты каңжұй (каңгюй)
kankar, kangkar яки kangar деген атаудың дыбыстық баламасі. Сиратори
осы қаңғыр (қаңлы) деген сөзге қарулы, жақсы-жайсаң деген мағына
береді3. Әйгілі ғалым Махмұт Қашқари өзінің Диуан лұғат ат-түрік атты
еңбегінде: Қыпшақ тайпасының жақсы-жайсаң ұлықтары қаңлылар еді, дейді.
Қазақ халқының Киелі елде қаңлы бар, қаңлыны хан көтер, қаңлыдан өзге
хан болмас деген мақал-мәтелдеріндегі қаңлы сөзінде де жақсы-жайсаң
деген ұғымның барлығы байқалған. Одан кейінгі дәуірде жазылған Сұй
патшалығының тарихы, батыс өңір шежіресі, қаңлы тарауында: Қаңлылар — бір
жерге ірге теуіп отырмайтын көшпелі ел, олар Хан патшалығы дәуірінен бері
осылай болып келген. Олардың ханы ұлы иозылардың уын руынан шыққан. Оның
бұрынғы мекені Чилан тауының солтүстігіндегі Жау қаласында еді. Бұларды
хұндар талқандаған, осыдан соң батысқа қарай қоныс аударған... дейді,
жапон ғалымы Сиратори. Қаңлылар алғашында шығыста болған, хан әулеті
дәуірінде Сырдарияның Орта және төменгі өңіріне ауып келіп мемлекет құрған
дейді.
Тарихи генеологиялық (шежірелік) зерттеулерде қаңлылардың шығу тегі,
оның таралу өрісі, даму-өркендеу кезеңдері, түркі халықтарының тарихындағы
рөлі туралы талас пікір көп. Алайда қаңлы тарихын зерттеушілердің көпшілігі-
ақ Жұңғо жылнамалары мен Авеста тарихынан белгілі (біздің заманымыздан
бұрынғы 3—1-ғасырларда Сыр бойы мен Қаратау алқабын мекендеген, өзінің
дербес мемлекеті болған Кангұй, қаңға тайпалары бірлестігі мен одан кейінгі
дәуірлерде де дәл сол өлкені қоныстанып, көрші түркі тайпаларының саяси-
әлеуметтік өміріне әр кезде түрлі ықпал жасап келген қаңлылар, сайып
келгенде біртұтас этностық қауымның негізі екенін мойындайды .
Еліміздің ханзу ғалымы Уи Иуан: Үйі ордаға бөлінген қазақтар...
ежелгі қаңлылар дейді. Чи Иұншы: Қазақ дегеніміз — ежелгі қаңлы елі
дейді. Жапон ғалымы Сиратори; Ежелгі қаңлылар тұрмысы, ғұрып-әдет және тіл
жағынан қазіргі қазақтар еді деп дәлелдейді.
Қазақ құрамындағы қаңлылардың ұраны: айрылмас, бақтияр, бәйтерек. Бұл
ұрандар қазақтың байырғы шежіре деректеріндегі чұлы жүз Төбейдің ұрпақтары,
қаңлылардың ад)ғы аталарының аттары .болып келеді.
Қаңлылардың тайпалық таңбасы екі түрлі, бірі I (көне таңба),
енді бірі (ай, күн таңба). Тарихи деректерге қарағанда, ерте замандағы
қаңлылар зороастризм дініне сенді, ай мен күнге және отқа табынған екен.
Олардың таңбасының ай мен күн және от көсейтін көсеу болуы ерте замандағы
діни нанымнан туған болса керек.
Қаңлылар заманымыздан бұрынғы 3-ғасырдан бастап, осы заманға дейін
Сырдария алабы мен Жетісу өңірін мекен етіп келген ежелгі ел есептеледі.
Қилы-қилы замандарда осы өңірде болған сұрапыл соғыстар мен ел іргесі
шайқалған үркін-қорқын кездерде басқа жаққа ауып барып, өзге елге сіңіп
кеткен каңлылар да болды. Алайда, олардың негізгі бөлегі өздерінің
атамекенінде қалып, қаңлы деген атын сақтай отырып, қазақ халқын
қалыптастыруға елеулі үлес қосты.
Қаңлы елінің жағырафиялық орны жөнінде Тарихи жазбалар, Дауан
шежіресіндё былай дейді: Қаңлылар — дауандардың батыс солтүстігінде екі
мың шақырым жер-дегі кешпелі ел. Олардың ғұрып-әдеттері ұды иозыларға
ұқсас. Қару ұстаған әскерлері 80—90 мың. Дауандармен көрші отырады. Кішкене
ел болғандықтан, оңтүстікте ұлы иозылардың, шығысында һұндердің
тізгіндеуінде болды. Бұл деректе тағы былай дейді: Асалар — қаңлылардың
батыс солтүстік жағында екі мың шақырым жерде тұрады. Ұлы иозылардың
оңтүстігінде — дашалар, батысында аншилер, солтүстігінде — қаңлылар
тұрады. Біз бұл деректерден сол замандағы қаңлы елінің шығыс жақта һұндер-
мен, оңтүстікте ұлы иозылармен, батыс солтүстік жақта асалармен шекаралас,
ал, шығыс оңтүстікте дауандармен көрші екенін ұғынамыз. Демек, б. з. с.
дейінгі 3-ғасырдан бастап жазба тарихта әйгілі болған қаңлы елінің негізгі
территориясы Сырдарияның орта алқабы мен Қаратау өңі-рінде болған.
Қаңлылардың күшейіп, гүлденген дәуірінде олардың қарамағына Ташкеннен
Хорезмге дейінгі өлкелер енген. Б. ж. с. дейінгі І-ғасырдың аяғында қаңлы
елінің территориясы Ферғана, Соғды өлкелеріне дейін кеңейген. Қазақтардың
шежірелік деректеріндегі қаңлылардың {қара қаңлы мен сары қаңлының)
өрістері мен қоныстары жоғарыдағы жазба деректерге сайма сай келіп отырады.
Қаңлы елінің ең жоғарғы билеушісі хан болған, онан соң ханның
орынбасары болған. Хан патшалығы тарихы, Чин Таңның өмірбаяны тарауында:
Қаңлы ханының орынбасары неше мың әскерімен Чигу қаласына шабуыл жасап,
ұлы күнмуға қарасты мыңдаған адамды өлтіріп, малын талады2 делінген. Хан
патшалығы кезіндегі деректерде қаңлы хандарының аттары аталмайды. Ал Жин
патшалығы тарихында қаңлы елінің Най би деген ханының аты кездеседі1. Ал
Сұй патшалығы тарихында қаңлы елінің ханы Даш би (Тас би) деген адамның
аты аталады. Сонымен Қабат ханның қол астында мемлекет ісін басқаратын үш
уәзірі барлығы айтылады. Қаңлы елінің астанасы Битянь қаласы болған. Жапон
ғалымы Сиратори Битянь қаласының орны қазіргі Түркістан қаласының ма-ңында
болса керек деп мөлшерлейді3. Қаңлының ханы қыста Ұлы орын деген жерде
тұрады. Жазда жайлауға шығады. Битянь қаласы мен Ұлы орынның арасы атқа
жеті күншілік жер. Битянь қаласы мен жайлауының аралығы 340 шақырым келеді.
Қаңлы тайпаларының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған.
Олардың бір бөлігі егіншілік және бау-бақша кәсібімен айналысқан.
Солтүстік патшалықтар тарихы, батыс өңір шежіресінде және Сұй Патшалығы
тарихы, қаңлы тарауында: қаңлылар мал шаруашылығымен шұғылданады. Жылқы,
түйе, қашыр, есек, сиыр өсіреді деп жазады. Жу патшалығы тарихы, қаңлы
тарауында: оларда қой өте көп, аттары өте жақсы. Қаңлылардың жері мал
шаруашылығына да, егіншілікке де қолайлы. Ауа райы жылы келеді. Онда дәнді
дақылдың алуан түрі егіледі. Бау-бақшада шырын жемістер
жетілдіріледі дейді. Жазба деректерде: Қаңлы елінде жүзім шарабы мол,
байларының үйінде көл-көсір шарап болады. Бұл шараптар жыл бойы үзілмейді
де бұзылмайды. Қаңлы елінен алтын, күміс, асыл тастар, хош иісті жұпар
шайлар, кілем-кілше, қымбат аң терілері шығады дейінгі 1—2-ғасырларда
қаңлылар батыс өңірдегі белді мемлекеттердің бірі еді. Хан патшалығы
тарихы, Батыс өңір шежіресінде: Қаңлы елінің 200 мың үй, 600 мың жан
саны, 120 мың әскері бар, деп жазылған. Қаңлылар одан кейінгі кезде тіпті
де күшейген. Солтүстік патшалықтар тарихы, қаңлы тарауында: Қаңлылар —
атақты да құдіретті мемлекет, батыс алқаптағы көптеген елдер оған тәуелді
болып отыр. Ун елі, Ши елі, Сау елі, Хы елі, Шауан елі, Насайпо елі, Онах
елі, һу елі сияқты елдердің бәрі қаңлы мемлекетіне бағынды дейді (1220-
жылы Геноя елшісі Буксон сапар шегіп, Шыңғысханға бара жатқан жолында
Мауереннахрда қаңлы ұлысын басып өткен. Ал Планокарпин Команиадан (қыпшақ
елінен) өткен соң қаңлы (қаңғыт) еліне келген. Әмір Темірдің тұсында
қаңлылар Сырдарияның оң жағында болған. 14-ғасырдағы Ақ Орда хандығының
қарулы күштерінің оң қанаты болған. Ақ Орданың жалғасы болған қазақ
хандығын құруда, нығайтуда, қазақтың халық болып қалыптасу барысын
біржолата аяқтауда, ежелгі заманнан бері Сырдария алабы мен Жетісу өңірін
мекендеп, мол мәдениет мұраларын жасаған қаңлылар елеулі үлес қосты.
Қаңлылар өте көп ел еді. Олардың бір бөлегі өзбек, қырғыз, қарақалпақ, тағы
басқа халықтардың да құрамына қосылды. Кейбір топтары батысқа кетіп, басқа
халықтарға сіңіп кетті. Ал қазақ құрамына қосылған қаңлылар ұзақ ғасырлар
бойы өздерінің атамекенінде өмір сүріп, мәдениет дәстүрін үзбей келген
тайпалардың қатарына қосылды.
Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Батыс
үйсіндердің шекарасы Шу және Талас өзендері арқылы өтіп, Қаратаудың шығыс
бөліктеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндердің қол басқарушысы рұньмо деп
аталған. Үйсін ғұньмосының ордасы Чигу-Чэн "Қызыл-Аңғар қаласы" Есік көлдің
жағасында орналасқан. Ол ертеден белгілі "Ұлы Жібек жолындағы" маңызды
сауда орталығы.
Үйсіндер туралы алғашқы деректер б.з.б. 2 ғасырдың аяқ шенінде белгілі
бола бастайды. Хань император сарайы ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп,
"Батыс өлкесіне" б.з.б. 138 ж. Чжан Цзянь бастаған елшілік жібергенде ол
Жетісуда болып, үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цзяннің
хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың
жауынгер жасақтарының болғанын айтады.
Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол шығыс
бөлікке, оң батыс бөлікке және ғұньмоның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz