Өндірістік құрылымның түрлері



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты мен міндеттері.
1.1. Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары
Экономиканың дамуының барлық кезеңдерінде кәсіпорын негізгі буын болып
саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс
құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес
өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын
ұйымдастыру — әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе
алатын өндірістік бірлік саналады.
Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта
өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік
түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-
экономикалық байланыс қызметін қамтиды.
Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік
бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген
зандарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және элеуметтік бағыттылығын
көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары,
шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды
тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады.
Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін
қалыптасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азамат та, олардан
құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын — деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа
көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан
кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес
шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру
және табыс табу жатады.
Кәсіпорын қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады.
Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше таңдаулары болуы мүмкін:
- өз өнімдері үшін нарықтық көп үлесін жаулап алу;
- жоғары сапалы өнім өндіру;
- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;
- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;
- жұмысбастылықты барынша жоғары деңгейге жеткізу; Басты мақсатқа жету
үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:
- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;
- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз
позицияларын қалай ныгайту керек;
- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;
- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;
- қолда бар каржы ресурстарын қалай бөлуге болады;
- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық
сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.
Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы
іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысында іскерлік саясат іс-
әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әдетте үш кезеңнен тұрады.
1) кәсіпорын қол жеткісі келетіп сандық көрсеткіштерді анықтау;
2) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-
әрекеттерді анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:
— кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін
анықтау;
— кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;
3) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді
жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.
Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы
кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.
Олардың біріншісіне, нарықтық кеңістікте өзінің "шаруашылық орнын"
таба білуі кәсіпкерге нарық жағдайын, анықталған сала және аймақта
тауарларға ұсыныс пен сұранысты зерттей отырып, мүмкін болатын кедергілер
немесе шектеулерді анықтауы тиіс. Қарыз алу, салық жеңілдіктерін пайдалану
мүмкіндіктерін зерітеумен қатар инвестицияның жалпы шарттарын анықтайды.
Мұндай ақпараттармен танысу үшін статистиканы, заң актілері, ақпарат
құралдарының мәліметтерімен жиі танысып отыруы тиіс. Осылай нарықтағы оз
"орнын" тапқаннан кейін кәсіпкер кәсіпорынның мамандану жолдарын анықтайды.
Мұнан кейін болашақ тұтынушылардың мүмкіндігін анықтау, бәсекелестер туралы
мағлұматтар жинастыру, өнім ондіруге қажетті техника және технология
мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды.
Кәсіпкерліктің түрін таңдаудың да мәні зор. Ең бірінші жеке және
ұжымдық кәсіпкерліктің ішінен біреуін тандауы тиіс. Кәсіпкер кәсіпкерліктің
жеке түрін таңдауда тәуекелділік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке
кәсіпорны болғандықтан, оның меншігінде немесе отбасы мүшелерінің жалпы
үлестік меншік құқығы болады. Егер сәтсіздікке ұшыраса кәсіпорын
міндеттемесінің толық жауапкершілігін өз мойнына алады да өзінің қалған
меншігімен есептеседі.
Ал егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша
жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерліктің мұндай түрі
тәуекелділік дәрежесін азайтады және қосымша ресурстарды тартуға
көмектеседі.
Кәсіпкерліктің ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:
— Шаруашылық серіктестіктер, олар толық серіктестіктік және
сенімділікке негізделген серіктестік болып бөлінеді. Шаруашылық қоғам,
акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі
бар қоғам болып бөлінеді.
— Толық серіктестік, оның мүшелері олардың арасындағы келісімшартқа
сәйкес серіктестіктің атынан кәсіпкерлік жұмыспен айналысады және оларға
қатысты мүлік міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
— Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық қоры белгілі бір акция саны бойынша
есептелінеді, акционерлік қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойынша
жауапты емес, өзіне қатысты акциялардың құны көлемінде қоғамның
шығындарының тәуекелділігіне жауапты болады.
— Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп оның бір немесе бірнеше
тұлғалардан құрылған қоғамды айтады. Оның жарғылық қоры белгілі
құрылтайшылар құжатындағы шамаға сәйкес үлестерге бөлінеді. Қоғамның
мүшелері міндеттемелері бойынша жауапты болмайды, қосқан үлестерінің
құнының шамасында қоғамның шығындары бойынша тәуелділікке жауапты болады.
— Қосымша жауапкершілігі бар қоғамның мүшелері қоғамның құрылтайшылық
құжатында анықталғандай өзінің қосқан үлесінің құнына бірдей еседе өз
мүлкімен жауапкершілікті міндетіне алады.
Сондықтан кәсіпорын түрін анықтау өте жауапты жұмыс болып саналады.
Келесі негізгі шешуші қадам болып өндірістің базасын құру саналады.
Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен
құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, комплект
бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.
Негізгі кезеңге кәсіпорынды қаражаттармен қамтамасыз ету жатады. Өз
қаржылары кәсіпкерге және оның серіктестеріне жұмысты бастауға және
дамытуға көп жағдайда жете бермейді. Ақша қаржыларының жетіспеушілігін
акциялар шығару арқылы немесе коммерциялық банктерден қарыз алу арқылы
толықтырып отырады.
Банктен несие алу сақтандырудың әр түрлі операциялармен қатар
жүргізіледі. Сақтандыру шараларын жүргізуде үйлер, материалдық запастар
және т.б. пайдалынылады.
Акциялар, облигациялар және т.б. құнды қағаздар шығару және сатып алу
арқылы кәсіпорын қор немесе құнды қағаздар нарығымен байланысты болады.
Мұның бәрі кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстарын көрсетеді.
Нарықтық қатынастар дамыған сайын кәсіпорынның сыртқы ортамен байланысы
кеңейе және толыға түседі.
1.2. Кәсіпорын және бәсекелестік орта
Нарықтық экономиканың басты факторы болып бәсеке саналады және оның
айқын корінісіне бәсекелестік жатады. Ол - бұл нарықтағы бірдей тауар
өндірушілерді жоғары табыс табу үшін тұтынушылардың неғұрлым көп санын
тартудағы экономикалық бақталас сайысы.
Бәсекелестік-нарықтық жүйедегі бақылаудың басты әдісі. Сұраныс пен
ұсыныстың нарықтық механизм ретінде тұтынушылар қалауын өндіруші -
кәсіпорындарға, ал ол арқылы ресурстармен жабдықтаушыларға жеткізеді.
Бәсекелестік өндірістің кеңеюіне және бағаның өндіріс шығындарына
сәйкес деңгейге дейін төмендеуіне себеп болады. Бәсекелестіктің экономика
мен оның тиімділігіне әсері мұнымен шектеле қоймайды. Бәсекелестік
кәсіпорындарды ғылыми-техникалық жетістіктермен толығуына, инновациялық
техника және технология, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін
қолдануға итермелейді.
Бәсекелестікке кері ұғым—монополия. Монополия жағдайында нарықта тек
бір сатушы және көптеген тұтынушылар қалыптасып, берілген тауардың тек
жалғыз өндірушісі болуынан тауарға монополды жоғары баға тағайындау
мүмкіндігіне ие болады. Соның нәтижесінде тауарларды сатып алатындар саны
салыстырмалы түрде азаяды да, мұндай тауар үшін көбірек төлеу қажеттігі
туады. Еркін бәсекелестік жағдайында монополист ұсынысы азырақ болғанымен
берілген тауардың жалғыз өндірушісі болғандықтан оған өте тиімді нарықтық
жағдай қалыптасады. Сондықтан ол тауар бағасын еркін түрде көтере алады,
себебі темен баға белгілейтін, нарықты жаулап алатын бәсекелестері туралы
мазаланбайды. Бірақ бұл монополистің бағаны шексіз көтере алатындығын
білдірмейді. Баға туралы шешім қабылдар алдында, монополист нарықты
зерттеп, өз өндірісінің өнімін өткізу шығындарын талдайды. Нарық
сұранысының қисығына сәйкес баға өскен сайын сұраныс төмендейді, және
керісінше бұл арқылы монополист тауар бағасын белгілеп, өнім өндірудің және
өткізудің көлемін анықтайды.
Классикалық экономикада (Адам Смит теориясында) "көрінбейтін қол"
термині бар. Оның мазмұнына бұл өз табысын көбейтуді көздейтін және
шиеленіскен бәсекелестік ортада қызмет ететін өндіруші кәсіпорындар және
ресурстармен жабдықтаушыларды "көрінбейтін қолмен" бағыттап, сонымен қатар
мемлекет және қоғамның мүдделерін де қатар қорғап отырады. Бәсекелестік
ортада кәсіпорындар берілген өнім көлемін өндіру үшін ресурстардың ең
тиімдісін пайдалануға тырысады. Нәтижесінде "көрінбейтін қол" тұжырымдамасы
кәсіпорындардың табысын арттыруға, өнім көлемін көбейтуге ықпалын тигізеді.
Шағын кәсіпорындардың қаншалықты бәсекелестік қабілеті бар? Ірі
кәсіпорындарға қарсы тұра ала ма? Кейбір шетел экономистерінің пікірі
бойынша шағын кәсіпорындарда ірі компанияларда кездесе бермейтін оң
сипаттар жиі байқалады екен.
Ірі фирмалардың кемшілігі неде? Біріншіден, олар өз тауарлары арқылы
барлық нарықтарды бақылай алмайды және де кез келген өзгеріске тәуекел
ретінде қарайды. Ірі фирмаларға көбінесе жаңа ойлардың бастаушысы болатын
құлшынған адамдармен тіл табысуы қиынға соғады. Мұндай фирмалар жобаларға
ақша салу туралы шешімді ұзақ уақыт қабылдайды. Ірі компаниялар ақшаны өте
көп және тез жұмсайды.
Қорлардың қайтарымын тездету үрдісі қалыптасады. Мұнда компания
басшылары тауарларды емес, тезірек жоспарларды бекітуге тырысады.
Ірі компанияларға қарағанда шағын фирмаларда керісінше "қажеттілікке
бағытталу" қағидасы бойынша жұмыс жүргізеді. Олар нарыққа жаңа, нақты
заттарды ұсынуға тырысады. Шағын фирмалардың басшысының білімі, күш-қуаты
жоғары адам болуы тиіс. Жаңа тауарлар өндіруге шағын кәсіпорындар бейім
болатыны белгілі.
Шағын кәсіпорындардың келешекті болжау мүмкіндігі әруақытта жоғары.
Онда инновациялық үрдістің бастапқы кезеңінде өндіріс шығындары
салыстырмалы түрде төмен болады, себебі бұл кезеңнің ұзақтылығы жаңа өнімді
өндіру мен игеруге әсер етуі мүмкін.
Шағын кәсіпорындардың нарыққа икемді екендігі шетел тәжірибесінен
белгілі. Жұмыс барысында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда өндірістің тиімді
түріне қарай оңай көшуіне мүмкіндігі жоғары болады. Сонымен бірге шағын
фирмалар бірнеше тәсілдерді қолдана отырып, ұтымды бәсекелестік тэсілді тез
игере алады.
Шағын кәсіпорындар "бей-берекеттікке" шыдамдылық көрсете алады.
Инновацияның - калыпсыз, ұйымдастырылмаған үрдіс екенін естен шығармауға
шағын кәсіпорындар тырысып бағады. Егер ірі компаниялар бұндай жағдайды
болдырмау шараларын қолданса, шағын кәсіпорындар бұл жағдайды орынды түрде
қабылдайды. Сонымен бірге шағын кәсіпорындар тәуекелді кәсіпорындар
инвесторларымен жұмыс істей алады. Ірі фирмаға - бір сәтсіздіктің өзі көп
қиыншылықтарға әкелуі мүмкін. Соның нәтижесінде шағын кәсіпорындар
бәсекелестік күресті табысты жүргізе алады.
1.3. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру
Маркетинг теориясы нарықтың тауарлармен толысуынан және өнім өткізуде
болған эр түрлі қарама-қайшылықтарға байланысты пайда болды және дами
бастады. Сондықтан да бұл пәнді АҚШ-тың көптеген университеттерінде оқыта
бастады. Ал 50-ші жылдың басында маркетинг жұмыстарының тәжірибелік
нәтижелерінің негізінде алғашқы маркетингтің қағидалары анықталды да осы
уақыттан бастап, "маркетинг дәуірі" басталды. Дүниежүзілік әдебиеттерде 200-
ден астам маркетингтің анықтамалары берілген.
Маркетинг ("market" ағылшын сөзі - "нарық ") — деп нарық пен
экономикалық конъюктураны, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін
тұтынушылардың талабын ескере отырып, кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізу
және ғылыми-техникалық жұмысын басқарудың нарықтық тұжырымдамасын айтады.
Ф. Котлердің берген анықтамасы бойынша маркетинг дегеніміз қажеттілік
пен тұтынушылықты айырбастау арқылы қанағаттандыруға бағытталған адам
қызметінің түрін айтады.
Американдық маркетологтар ассоциациясы маркетингке тауарлар мен қызмет
түрлерін дайындау, баға саясаты, тауарлардың нарықта қозғалуы және оларды
сату жұмыстарын жоспарлау мен басқару үрдістерін жеке адамдар және қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізуін айтады деп анықтама
берген.
Өндірістік кәсіпорынның маркетинггік қызметінің негізгі мақсаты болып
өнімге сұранысты қалыптастыру және оны ынталандыру, кәсіпорынның жұмыс
жоспары мен басқару жұмыстарында ұтымды шешімдер қабылдай білу және өнімнің
нарықта алатын үлес салмағын арттыру, сату көлемін арттыру арқылы табысты
молайту болып саналады.
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастырудың негізгі мақсатына
өндірілген өнімді сату емес, сатылатын өнімді өндіру болып саналады.
Кәсіпорынның маркетингтік жұмысының негізгі қағидаларына сауда
өндірістік жұмыстарды басқару жүйесінің негізгі ережелері мен түрлерін
анықтау жатады. Оларға кәсіпорынның өнім өндіру және еткізу мүмкіндіктерін,
экономикалық конъюнктураны талдау және нарықты терең, жан-жақты ғылыми-
тәжірибелік тұрғыда зерттеу, нарықты сегментке бөлу (сегменттеу); нарық
сұраныстарына өндіріс пен өнім өткізудің икемді болуы, инновациялық жаңалық
енгізу, жоспарлау және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің негізгі функцияларына нарықты
кешенді зерттеу (талдау, болжау, конъюнктура), кәсіпорынның өңдірістік-өнім
өткізу мүмкіндіктерін талдау, маркетинг стратегиясы мен бағдарламасын
жасау, тауар саясатын жүргізу, баға саясатын қалыптастыру және жүргізу,
өнім өткізу саясатын жүргізу, коммуникациялық саясатты жүргізу, яғни
сұранысты қалыптастыру және өнім өткізуді ынталандыру жатады.
Нарықты кешенді зерттеудің мазмұны мен бағыттылығы, біріншіден, бұл
тауарға нарықтың қоятын талабын зерттеу, яғни тұтынушылар талабына сәйкес
өнімнің тұтынушылық қасиеттерін арттыру, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
көтеру шараларын жүргізу және оларды дайындау; екіншіден, нарықты кешенді
зерттеу — экономикалық конъюнктураны тыңғылықты зерттеу. Конъюнктуралық
зерттеу нарықта және оның жеке сегменттеріндегі сұраныс пен ұсынысты, баға
деңгейін, сүраныс пен ұсынысқа бағаның икемділігін, нарық бәсекелестігін
зерттеуге байланысты маркетингтің барлық деңгейінде стратегиялық,
тактикалық және оперативтік шешімдер қабылдауды талап етеді; үшіншіден,
нарықты сегменттеуге талдау жүргізіледі және жеке нарық сегменттері
тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін және кәсіпорынның мүмкіндіктері
мен оның ұтымды жұмысы үшін мақсатты нарықтарды анықтау арқылы жеке нарық
сегменттері зерттеледі. Мұндай талдау демографиялық, климаттық,
географиялық, экономикалық, психографиялық критерийлер бойынша жүргізіледі;
төртіншіден, нарықты кешенді зерттеуде нарықтағы кәсіпорындардың құрылымы
зерттеледі, яғни белгілі нарықта жұмыс істеуші кәсіпорындардың негізгі
топтары анықталады: фирма-серіктестер (сатып алушылар), фирма-бәсекелестер
(ұқсас тауарлар сатушы), фирма-нейтралдар (тауарға қызығушылық көрсетпеген,
бірақ жақсы маркетингттік жұмыстың арқасында болашақта белсенді серіктес
болу мүмкіндігі бар); бесіншіден, белгілі тауар бойынша нарықта және оның
сегментгеріне сауда тәжірибесінде пайдаланылып жүрген нысандар мен
әдістерді зерттейді. Маркетинг облысындағы мамандар мен делдалдардың сауда-
саттық келісімшарты, делдалдық келісімдердің қандай түрі қолданылады,
сауданың қандай нысандарын қолдану керек және т.б.; алтыншыдан, анықталған
нарықтағы тұтынушылардың ерекшелігі, әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктері, сатып алу жөніндегі себептері, тұтынушылардың түрлері және
т.б. соған байланысты сатып алудағы негізгі себебі, жарнама, маркетингтік
құралдарды таңдау және т.б.
Кәсіпорынның әлеуеттік мүмкіндіктеріне баға беру кешенді маркетингтік
зерттеу жүргізудіц екі құрамдас бөлігінің бірі болып саналады. Біріншісі-
нарықты және оның тұтынушылығын зерттеу, яғни ол нарық талаптары мен
кәсіпорынның өзінің таза мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз
ету, өндірістің даму бағдарламасын дайындау, оның нарықтағы мінез-құлқы,
дұрыс шешім қабылдаудың негізін құрау жатады.
Кәсіпорынның өндірістік-ресурстық жоне экспорттық мүмкіндіктерін
анықтау екі бағытта жүргізіледі:
а) кәсіпорынның дамуының сыртқы шарттары - кәсіпорын жұмысының
құқықтық базасын зерттеу, яғни мемлекет бекіткен, соның ішінде шаруашылықты
қайта құру; заң актілері, кәсіпорынның өндірістік және экспорттық
жұмыстары, сыртқы экономикалық байланыстары, министрліктер мен
ведомстволардың әр түрлі инструкциялары және т.б.
Кәсіпорын дамуының сыртқы факторларын талдау өндірістік және өнім
өткізудің тиімділігін, табыстылығын арттыруға, микродеңгейде басқарудың
түйінді мәселерін шешуге кемектеседі.
ә) кәсіпорынның өндірістік-ресурстық және өнім өткізу бағдарламасының
құрылуының ішкі шарттарына мынадай бағытта зерттеу жүргізуді талап етеді.
— кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына баға беру;
— кәсіпорынның тауар ассортименттерін қайта қарастыру және өндірілетін
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
— кәсіпорынның нарықтағы стратегиясын әзірлеу, жеке алғанда
сегменітерге бөлу арқылы сыртқы нарықтағы стратегиясын анықтау;
— кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын талдау;
— кәсіпорынның өндірістік қуатын есепке алу және диагностика жасау,
материалдық-техникалық базасын бағалау;
— кәсіпорынның жоспарлау жұмыстарын және өндірістік-өнім өткізу және
ғылыми- техникалық болжамдар жүргізу;
- кәсіпорынның мамандар құрамын, жұмыскерлердің білім және
мамандылықты көтеру деңгейін бағалау.
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастырудың негізгі мақсатына
кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін, оның күшті және әлсіз жақтарын
анықтау және кәсіпорын жұмысын жетілдіру жатады.
Кешенді маркетингтік зерттеу кәсіпорынның даму бағдарламасын және
стратегиясы туралы шешім қабылдау үшін негізделген база болып саналады.
Нарықты болжау, нарықтағы кәсіпорынның өз жұмысын жоспарлау, стратегиясын
жасау, нарықтық сұранысты қалыптастыру — кәсіпорынның ішкі жұмыстарын
басқарудың маркетингтік тұжырымдамасының негізгі қағидалары болып саналады.
Ұзақ мерзімдік стратегиялық саясат жүргізу және экономикалық және
әлеуметтік қиыншылықтарды болдырмау үшін, тұрақты даму және перспективалық
жетістіктерге жету үшін кәсіпорынның маркетинггік бағдарламасы дайындалады.
Бағдарлама индикативті ұсыныстық сипат алады.
Бұл бағдарлама кәсіпорын жоспарының бірі болып саналады және маркетинг
бөлігінің негізгі жұмысының қорытындысы десе де болады. Бағдарламада
көптеген шарттар, нарықты дамыту перспективасы мен шектеулері, нарықпен
тікелей және кері байланыстар, нарықтағы өзгерістерге бейімделу, нарықтық
сұранысын қалыптастыру мен кеңейту жөніндегі іс-шаралар кіреді.
Маркетингтік бағдарлама және стратегиялық жоспар жасау кәсіпорынды
дамыту жолдарын анықтайды және ол келесі тәртіп бойынша орындалады:
- кәсіпорынның сан және сапа көрсеткіштері анықталады;
- нарықтық шарттарды болжау және талдау жолымен қол жеткізуге болатын
көрсеткіштер бағаланады;
Маркетингтік зертеу талдау, бағдарлама дайындау жұмыстарымен
кәсіпорында маркетинг бөлімі айналысады. Оның жұмысының нәтижесі
кәсіпорынның болашағын ғана анықтап қоймай, нарықтағы тұрақты жұмыс істеуін
де айқындайды.
Кәсіпорынның, өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары
2.1. Өндірістік үрдіс - кәсіпорынды ұйымдастырудың негізі
Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге
айналу үрдісіне бағытталған жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістің түрлері және оның ерекшеліктері туралы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Кәсіпорын - экономикалық жүйенің негізгі бөлігі
Басқару құрылымы туралы жалпы түсінік
Ұйымдастыру функциясы
Өндірісте менеджменттік ұйымның құрылымын құру
Кәсіпорынның өңдірістік құрылымы. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері. Тәуекелділік және оны бағалау
Өндірісті басқару құрылымының түрлері
Пәндер