ҚХР (тарихы және қазіргі заман) Экономикасы
Мазмұны
1 Жалпы мағлұмат
1.1 Қытайлар
1.2 Қытай тілі
1.3 Қытай жазуы
1.4 Саясат жайғасы
2 Тарихы
2.1 ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
3 Экономикасы
4 Қытай мен Қазақстанның байланысы
5 Қытай тіліндегі Қазақстан тарихы туралы деректемелер
Пайдаланылған әдебиет
Қытайлар
Қытайлар (өз атаулары – Хань, Ханьзужэн, Хуа, Хуажэн) – ұлт, Қытай
Халық Республикасының негізгі халқы. Жалпы саны 1 миллиард. 300 миллион-нан
астам. Қытайлар Сингапурда, Таиландта, Малайзияда, Индонезияда, Филиппинде,
Мьянмада, сондай-ақ АҚШ –та, кейбір Батыс Еуропа елдерінде де тұрады.
Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің Тынық мұхит бұтағына жатады.
Солтүстік қытайлар арасында шығыс азиялық топ, ал оңтүстік қытайларда
оңтүстік азиялық топтардың түрлері басым. Қытайлардың этногенезі мен тарихы
күрделі. Кейбір этнограф ғалымдардың айтуынша, қазіргі қытайлар этносы хань-
тибет, малайя-полинезия, мопкхмер, тохар және алтай тілдерінде сөйлейтін
көшпелі халықтардың араласуынан қалыптасқан. Синологияда ең көп тараған
ғыл. пікір бойынша, қытайлардың арғы этникалық тегі Хуаньхэ өзенінің орта
және төменгі аңғарында б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта Яншао, Луншаннеолит
мәдениетін жасаушы тайпалар болған. Б.з.б. 21 – 8 ғасырларда осы аймақтарда
көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. Бұлар әр түрлі тайпалардан құрылды.
Батыс Чжау әулеті билеген дәуірде Хуанхэ мен Янцзы (Чанцзян) өзендерінің
орта, төменгі аңғарларындағы әр түрлі тайпалар ұзақ уақыт аралас өмір
сүріп, Хуа және Ся, кейінірек біртұтас Хуася атты этнологиялық
қауымдастыққа айналды. Бұл атау оңтүстіктегі Мань, шығыстағы И, солтүстік
пен батыстағы Ди және Жун (Роң) сияқты көшпелі тайпаларға тарады. Қытайда
б.з.б. 3 ғасырға дейін біртұтас мемлекет қалыптасқан жоқ. Бұл дәуірде
Чанцзяннан оңтүстікке қарай Юэ тайпалары өмір сүрсе, батысы мен
солтүстікнде үнді-арий және алтай тілдес көшпелі халықтар мекендеген.
Қытайлардың ата-бабалары бұл халықтармен өте тығыз қарым-қатынаста болып,
олардың материалдық және рухани мәдениетінің көптеген белгілерін қабылдады.
Әсіресе динлин, ғұн-дунху, юечжи-тохар, тағы басқа көшпелі халықтардан
металл өңдеуді, арбаны пайдалануды, атқа салт мінуді, соғыс өнерін, тағы
басқа үйренді. Чжанго дәуірінде Қытайда бір-бірімен жауласқан жеті бірдей
патшалық өмір сүрді. Солардың ішіндегі ең қуаттысы Цинь Шихуанди б.з.б. 221
жылы өзге алты патшалықты өзіне бағындырып, Қытай тарихындағы тұңғыш
біртұтас мемлекет – Цинь империясын құрды. Бірақ көп ұзамай, б.з.б. 206
жылы билікке Хань әулеті келді. Қытай ұлтының негізгі этнологиялық құрылымы
осы кезеңде қалыптасты. Қазіргі қытайлардың этнологиялық атауы – Хань да
осы әулеттің атымен байланысты. 3 – 6 ғасырда қазіргі Қытай жерінде бір-
бірімен ымырасыз күрескен көптеген патшалықтар қатар өмір сүрді. Бұлардың
бірсыпырасын түркі, моңғол тектес тайпалар құрды. 618 – 907 жылы Тан
империясы билік құрған Қытайдың ең елеулі әрі мәдениетінің өркендеген
мерзімі болып есептелді. Хань дәуірінде пайда болған Ұлы Жібек жолының рөлі
артып, солтүстіктегі және батыстағы көршілес елдермен саяси-мәдени
байланыстары күшейді. Бұл кезеңде қытайлар этнология жағынан да
біртұтастанып, нығая түсті. 10 – 13 ғасырларда қытайлар бөлшектенген
жағдайда өмір сүрді. Таза Қытай әулеттері елдің орталық және оңтүстік
аймақтарына үстемдік етті. Ал қазіргі Солтүстік Қытайда көшпелі түркі,
моңғол, тағы басқа халықтардың мемлекет бірлестіктері бірінен соң бірі
ауысып жатты. Олардың ішіндегі ең қуатты мемлекеттер – қидандар құрған Ляо
(916 – 1125), шүршіттер құрған Цзинь (1115 – 1234) және таңғұттар құрған Ся
(1032 – 1227) әулеттері болды. 1271 – 1363 жылы Қытайда Шыңғысханның
немересі Құбылай негізін қалаған Юань әулеті билік етті. 1368 – 1644 жылы
Мин әулеті мемлекет билікті қолға алды. 1644 – 1911 жылы маньчжурлік Цин
әулеті тұсында Қытайдың қазіргі шекарасы қалыптасып болды. Соңғы рет
қытайлар 1949 жылы ҚХР құрылғаннан кейін бірікті. Қытайларды әлем халықтары
әр түрлі атайды. Шетелдіктер (негізінен ағылшын тілді елдер) Chіna,
мұсылман елдері Чин, ал түркі, славян тектес елдер Қытай деп атайды. Chіna,
Sіna, Чин атаулары ежелгі қытайдағы Цинь империясының атауынан шыққан.
Жалпы түркі тектес елдер Қытайды тарихтың әр кезеңінде билік басына келген
әулеттердің атымен атаған. Ежелгі ғұндар мен сақтар Қытайды Чин деп атаса,
көне түркілер Табғаш елі (Солтүстік Қытайды билеген түркі тектес тобашы Вэй
әулеті), Оңтүстік Қытайды Шин-Машин деп, ал моңғол тектес қидандар билеген
кезден бастап Қытан, кейін Қытай деп атады. Бұл атау түркілер арқылы Шығыс
Еуропаға таралды. 16 – 18 ғасырларда қазақтар Қытайды билеуші әулет шүршіт
атымен де атаған. Елде біртұтас дін қалыптаспаған. Дао (даосизм) дінінің
қағидаларын халықтың көпшілігі мойындамайды. Әрі дін, әрі филос. ілім болып
саналатын конфуцийшілдікті (конфуцианство – жуцзяо) көбінесе билеуші және
зиялы қауым өкілдері ұстанды. Б.з. 2 ғасырында Орталық Азиядағы Кушан
патшалығынан Шығыс Түркістан арқылы Қытайға будда діні таралған. Буддизм
қытай мәдениетіне, философиясына, әдебиетіне, архитектурасы мен бейнелеу
өнеріне күшті ықпал етті. Орта ғасырлар мен жаңа заманда қытайға арагідік
зорастризм, ислам, христиан (католик, несториан, манихей) діндері де
таралып, өріс жайды. ҚХР-да тұратын қытай халқының 70 пайызы ауыл
шаруашылығында еңбек етіп, тары, күріш, бидай, жүгері, мақта, соя, шәй
өсірумен айналысады. Көкөністің 100-ден аса түрі бар. Негізгі ұлттық
тағамдары күріш пен ұннан, балық, құс етінен (тағы басқа жәндіктерден),
мал, шошқа етінен жасалады. Желінбейтін нәрсе жоқ, тек аспаз соны дәмді
етіп пісіре білсін деген мақал қытай тағамдарының ерекшеліктерін
көрсетеді. Қытайлар ұлттық киімдерінде ерлер мен әйелдердің сырт
киімдерінің үлгі пішімі ұқсас, тек кейбір жеке бөліктері ғана өзгеше.
Отбасында ерлердің рөлі басым. Дәстүрлі ұлттық мерекелері – қытайдың
күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басы – Көктем мерекесі (Чуньцзе) аса
салтанатты жағдайда өтеді. Ол қаңтардың 21-нен ақпанның 19 аралығына тура
келеді. Ай күнтізбесі бойынша 4-айда өтетін Цинмин (таза жарық) мерекесінде
ата-баба аруағына мінәжат етеді. Бұдан басқа да 5-айдағы Дуакоу және 8-
айдағы Чжунцю (орта күз) мерекесінде шаруашылыққа, діни нанымға қатысты
ғұрыптық іс-шаралар өткізіледі.
Қытай тілі
Қытай – Тибет тілдері тобына жатады, Тайвань, Сингапур, Малайзия, тағы
басқа елдерде қолданылады, 1,5 миллиардқа жуық халық күнделікті қарым-
қатынаста пайдаланады. Қытай тілінің басты ерекшеліктері: 1) Қытай тілінде
төрт үн бар, мағына үн (тон) арқылы анықталады; 2) әрбір иероглиф бір буын
болып есептеледі; 3) жалаң буынды сөздер жиі кездеседі, күрделі сөздер көп
түбірден құралады, бірақ морфолагиялық түрлену болмайды; 4) сөздердің орын
тәртібі мен шылаулар қолданысы негізінде грамматикалық мағына айқындалады.
Тарихи жазбаларға қарағанда Қытай тілінің диалектілері мұнан 2500 жыл бұрын
байқалған. Ұсақ диалектілер көп болғанымен, негізінен үлкен жеті топқа
бірігеді: олар – Солтүстік, У, Шияң, Гань, Кыжия, Юэ және Минь. Қытай әдеби
тілі солтүстік. диалекті негізінде қалыптасқан. Осы тіл мен ортақ иероглиф
болмаса әр диалектіде сөйлейтіндер бір-бірін еркін түсіне бермейді. 12 – 13
ғасырларда кітаби тіл – Байхуавин (жаңаша әдеби тіл мағынасында)
қалыптасты, Су бойында, Оқымыстылар шежіресі, Қызыл сарай түсі сияқты
көркем туындылар осы тілде жазылған. Қытай тілін жаңаша ғылыми түрде
зерттеу Ма Цзянь Чжунның Ма Ши Вань ун (1898 жылы) атты грамматикалық
еңбегінен басталады.
Қытай жазуы
Қытай жазуы– қытай халқының жазу жүйесі. Қытай жазуы морфема –
логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір
ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды – бірнеше иероглифті сөздер саны
ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына
айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш
ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық
зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б.з.б. 2140 – 1711) пайда
болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген
иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан
кешірді: 1) сауыт-сүйек жазуынан қола, Дачуан, Шиау жуан жазуларына дейінгі
дәуір; 2) Шиау жуаннан Линшу үлгісіне дейін; 3) Линшу жазуынан Жие шу, Сау
шу, Шиң шу уақыты және жазудың бергі дәуірі. Иероглифті зерттеу ертеден
басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты
анықталмаған. Б.з. 100 – 121 жылы Шүй-Шин жасаған Шуо вын жие зы
сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 – 1911)
Жаң Шу құрастырған Каң ши сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай – жапон
сөздігінде 48902 иероглиф, Қытай тілінің үлкен сөздігінде 49905 иероглиф
қамтылған (Тайвань, 1968). Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында
деп болжайды.
Саясат жайғасы
1949 жылдың желтоқсанында ҚХР құрылғалы елде төрт Конституция
қабылданды(1954, 1975, 1978 и 1982). Қытай Халық Республикасының
Конституциясы бойынша (1982 жылдың желтоқсаны), ҚХР — халықтың
демократиялық өктемдігі бар социалистік мемлекет. Мемлекеттік биліктің
жоғарғы органы — жергілікті жиналыста 5 жылға сайланатын халық
қалаулыларынан тұратын 2979 депутаттан тұратын бір палаталы Бүкіл Қытай
халық қалаулыларының жиналысы (БҚХҚЖ). БҚХҚЖ сессиясы жыл сайынғы тәртіппен
шақырылады. Депутаттардың санының көптігінен БҚХҚЖ функцияларын сессия
мерзімдерінің арасында делегаттардан сайланған тұрақты комитет атқарады
(шамамен 150 адам).Сайлауға тек қана Қытай Коммунистік партиясы мен
Халықтың саяси кеңес Советіне кіретін сегіз демократиялық партия қатысады.
Шәңғаңда және Макаода өз заң шығару жүйелері бар.БҚХҚЖ барлық депутаттары
коммунистер және демократтар блогінен тұрады.
2. Тарихы
Б.з.б. 140 – 87 жылы конфуцийшілдік ресми идеологияға айналды. Хань
әулеті тұсында бірыңғай қытай халқы қалыптасты. Халық өзін ханьдықтармыз
деп атай бастады. Бірақ 184 жылы 20 жылдан астам уақытқа созылған
көтерілістен Хань әулеті құлап, үш патшалық құрылды. Хань әулетімен бірге
Қытайда құл иеленушілік қатынастар да жойылып, жаңа қоғамдық қатынастар
(феодализм) орнады. Солтүстік Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. Елде
түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылды. 589 жылы ел Суй
әулетінің төңірегіне қайта бірікті. 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді.
Қытай елі қайта гүлденді. Империя түрлі бағытта басқыншылық соғыстар
жүргізді. 630 жылы Шығыс Түрік қағандығын жойды. 8 ғасырдың бас кезінде
Жетісуға басып кіріп, 751 – 52 жылы Атлах шайқасында арабтар мен жергілікті
түркі тайпаларының одағынан күйрей жеңілді. 10 ғасырдың басына қарай Тан
империясы ыдырап, 960 – 1279 жылы Оңтүстік Қытайды Сун әулеті біріктірді.
Солтүстікте, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста көшпелі тайпалар билеген
мемлекеттер өмір сүрді. Олар бір-бірімен және Сун әулетімен үздіксіз
соғыстар жүргізді. 13 ғасырдың бас кезінен Қытайды Шыңғыс хан билеген түркі-
моңғол тайпалары жаулап ала бастады. 1271 жылға қарай Шыңғыс ханның
немересі Құбылай бүкіл Қытайды өзіне бағындырып, Юань әулетінің негізін
қалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань әулеті биліктен кетіп, орнына
қытайлық Мин әулеті келді. 16 ғасырда Қытайға еуропалықтар келе бастады.
1551 жылы Португалия Аомэн (Макао) жерін жалға алады. Миссионер-иезуиттер
келіп, христиан дінін уағыздай бастады. 17 ғасырда солтүстікүстіктен
көшпелі тайпалардың шабуылы күшейді, аса ірі шаруалар көтерілістері
басталды. Мин әулеті биліктен кетіп, өкімет көтерілістерді басу үшін
көшпелі маньчжур билеушілерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Билікке
маньчжурлік Цинь әулеті (1644 – 1911) келді. Жаңа әулет Қытайды қайта
біріктірді. 17 ғасырдың аяғына қарай олар Халханы (қазіргі Моңғолияны)
жаулап алды, 1757 жылы жоңғар хандығын жойды, Шығыс Түркістан Шыңжаң (жаңа
шекара) деп аталды. 18 ғасырдың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь
әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғасырда Қытайға еуропалықтардың
әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 жылы
еуропалықтармен арада апиын соғыстары болды. Жеңіске жеткен Англия,
Франция, АҚШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солтүстікте пайда
болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы
күрт төмендеді. 1850 – 64 жылы елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып,
еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық
көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 жылы болған
дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 жылы Қытайда
капиталисттік қатынастар дами бастады. Жаңа экономикалық орталықтар
(Шанхай, Ухань, тағы басқа) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап,
Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, тағы басқа елдер Қытайды
өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің
үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 жылы
басталған Ихэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, Қытайдың
ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды. 1911 – 13 жылы елде Синьхай
революциясы болып өтті. Цинь әулеті биліктен кетіп (1912 жылы 12 ақпан),
оңшыл күштер билікке келді. Бірақ Қытай жартылай отар ел ретінде қалып
қойды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 – 18) Жапония еуропа елдердің
өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Қытайға жаңа талаптар қойды. Жаңа үкімет
ол талапты мойындап, Жапонияға тәуелді елге айнала бастады. 1917 жылы
Ресейдегі Ақпан революциясынан кейін елде Сунь Ятсен басқарған ұлт-азаттық
қозғалысы басталды. Қозғалыс Оңтүстік Қытайда жеңіске жетіп, Сунь Ятсен
Кеңес өкіметіне хат жазып, империалистерге қарсы бірлесіп күресуді
ұсынды. 1923 жылы ақпанда, Кеңес өкіметі Сунь Ятсен басқарған Гоминьдан
партиясының өтініші бойынша Қытайға саяси, әскери кеңесшілер, қару-жарақ,
тағы басқа көмек жібере бастады. 1927 жылы 18 сәуірде Гоминьдан партиясының
оңшыл қанаты әскери төңкеріс жасап, билікті өз қолдарына алды. Оған қарсы
1921 жылы іргесі қаланған Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) бірқатар
көтерілістер ұйымдастырды. Сөйтіп, солтүстік. Аудандарда ҚКП-ның
басшылығымен Қытай Қызыл Армиясы мен Кеңестер деп аталатын өкіметтік
органдар құрылды. 1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз
жорықтар жасап, ҚКП -ның базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап
Жапония Қытайды жаулап алуға кірісті. Солтүстік-шығыс Қытайды басып алған
жапондар орталық аудандарға ұмтылды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды
толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солтүстік, Орталық Қытайдың
едәуір бөлігін және Оңтүстік Қытайдағы теңіз порттарын басып алды. 1945
жылы 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солтүстік-Шығыс
Қытайды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-
жарақтар мен әскери техниканы ҚКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 жылы
басталған ҚКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949
гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949
жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды. 1950 жылы 14 ақпанда
кеңес-қытай келісімі жасалып, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz