Халықтық педагогика – тәрбие өзегі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
жанындағы көпсалалы колледж
Педагогика пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Халықтық педагогика - тәрбие өзегі»
Орындаған: Махамбетова Б. Ғ.
Тексерген: Мұхамеджанова Г. С.
Көкшетау 2007 жыл
Мазмұны
I. Кіріспе бөлім
1. Халық педагогикасының дамуы . . . 3-6
2 . Дәстүр - халық педагогикасының асыл қазынасы, мұрасы . . . 6-7
II. Негізгі бөлім
1. Халық педагогикасы - ұлттық тәрбие бесігі . . . 8-9
2. Қазақтың халық педагогикасындағы тәлім-тәрбие ерекшеліктері . . . 9-13
3. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері.
. . . 13-15
4. Қазіргі отбасы мен балаларды халық педагогикасы арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктері . . . 15-18
5. Халық педагогикасындағы қыздар тәрбиесі . . . 18-22
6. Халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу тәрбиесі жүйесіне енгізу . . . 22-25
7. Халық педагогикасы математика сабағында . . . 25-27
III. Қорытынды бөлім . . . 28-30
Пайдаланған әдебиеттер . . . 31
Қосымша №1
Қосымша №2
Қосымша №3
I. Кіріспе бөлім
«Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін
ол халықтық сипатта болуы керек»
К. Д. Ушинский.
1. Халық педагогикасының дамуы
Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білімі, тәжірибесі. Халық педагогикасының зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтың тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері тағы басқалар жатады. Орыс педагогикалық әдебиетінде “халық педагогикасы” терминін енгізген К. Д. Ушинский, ол халық шығармаларында орыс халық педагогикасының алғашқы және айқын белгілерін көрді. Ал қазақ кеңес энциклопедиясында “халықтық педагогикасы дегеніміз тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі…” деп айтылған.
Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің дамып жетілмеген кезінде пайда болмағандықтан тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қолөнеріне негіздей жүргізуді уағыздады. Бертін оқу-білім дамып, ғылым мен техника өркендей бастаған кезде XVII ғасыр аяғында славян педагогы Я. А. Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев тағы басқа педагог-ғалымдардың бәрі оқу-тәрбие ісін ұлттық мәдениеттің бөлінбес бір бөлшегі деп қарап, олар ұлт тілі мен ұлттық әдебиетті, халықтық салт -дәстүрлерді білім беру ісі мен тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдалануды қуаттады.
Халық педагогикасын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі Г. Н:Волков. Ол екі монографияның авторы: “Чувашская народная педагогика”, “Этнопедагогика”. Оның анықтауы бойынша, халық педагогикасы - бұл халықтың тілегіне сәйкес жеке адамның бойына қасиеттерді дарыту мақсатымен педагогикалық дәстүрлердің, тәрбие мен оқыту құралдарының
жиынтығы. Ал қазақтың халық педагогикасының тарихын адамзат мәдениетінің даму кезеңдерімен байланыстыра қарастырып шартты түрде 8 дәуірге бөліп қарастыруды жөн көрдік. Ол:
1. Алғашқы қауымдық құрылым кезеңіндегі тәрбие.
2. Сақтар мен ғұндар дәуіріндегі жауынгерлік тәрбие (б. з. д. VII-Vғ. ғ. ) .
3. Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IXғ. ғ. )
4. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері. (X-XIVғ. ғ. ) .
5. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар (XV-XVIIIғ. ғ. ) .
6. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі тәлім-тәрбие мен ағартушылық идеялардың өркен жаюы (XVІІІ-XXғ. ғ. 20 жылдары) .
7. Кеңестік дәуірдегі ұлттық ғылыми педагогиканың дамуы (1920-1990жж. )
8. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті кезіндегі тәлім-тәрбие көріністері (1991 жылдан кейінгі кезең) .
Қазақтың халық педагогикасы тарихының 1-5 дәуірлері барлық халықтарға ортақ болғандықтан, ол дәуірлерге тоқталмай, қазақ халық педагогикасының ғылым ретінде туып қалыптасу кезеңін қамтитын ұлттық тәрбиенің басқа кезеңдерін баяндауды жөн көрдік.
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш сөз қозғап, еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушыларының жолжазбалары десек, екінші XX ғасырдың алғашқы 20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен А. Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, Х. Досмұхамбетов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов тағы басқа қазақ зиялылары еді. Әсіресе қазақ халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми негізін салуда М. Жұмабаев пен
Ж. Аймауытовтың еңбектерін ерекше атап өтуге тура келеді.
Қазақ педагогикасы ғылымы саласында Мағжанның пір тұтқаны: бірінші ұлы ойшыл, ақын Абайдың тәлімдік шығармалары болса, екінші қазақ халқының өткендегі бай мұрасы ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін ғылыми зерттеу ісіне арқау етті. Ол қазақ бесігінің баланың жаны мен тәнін өсіріп жетілдірудегі ролін, “бесік жыры”, “санамақ”, “жаңылтпаш”, “жұмбақтардың” тәлімдік мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Баланың ойлау, қиялдау қабілетін жетілдіруде ертегілер мен төрт түлік малды мысалға алуы немесе ұлттық ойынның ерекшеліктерін сөз ету, тәрбиені күнделікті өмірмен байланыстыру, сана-сезімді, ой-қиялды жетілдірудің жолдарын ғылыми аспектіде қарастырып, тәрбиені халықтық педагогика құралдарына сүйене отырып жүргізудің жолдарын көрсетті. Ал жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы жазушы Ж. Аймауытов педагогика ғылымында тыңнан жол салған тұңғыш “Психология”, “Жан жүйесі және өнер таңдау” атты еңбектердің авторы болды. Мұнда ол барлық мамандықтың қажеттілігін айта келіп, табиғи икемділік қабілетке, оның биологиялық негізіне ерекше көңіл бөледі. 1940-1950 жылдық үрдістен кейін 1970-1990 жылдарында қазақ халық педагогикасын зерттеу ісі қайта қолға алынып жандана бастады. Бұл кезеңде Ш. Ахметовтың, Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің, Ә. Табылдиевтің, С. Ұзақбаеваның, М. Құрсабаевтың тағы басқалардың баспа арқылы жарық көрген зерттеу еңбектерін атауға болады. Олар өз елінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырымы, жол-жораларын терең біліп, халық педагогикасын жан сала қолдап, зерттеді. Осыған олардың біраз көкейкесті мәселелерді алға тартатын ұлттық тәрбие жайындағы еңбектері дәлел болады. Білім беру мен тәрбие мәселелерінде жаңа идеялар дүниеге келді. Әсіресе нарықтық экономикаға көшу, жастардың өмірге деген көзқарасын мүлде жаңартуды талап етті. Оны шешуде білім беру, тәрбие ісімен бірге ұлттық тәрбиені ұштастыра отырып, жастарды іскер, өмірге бейім, адамгершілік қасиеттері мол, өзінің жеке бас мүмкіндіктерін бағалай білетін,
өмірге сын көзімен қарап, өзін-өзі тәрбиелей алатын азамат тәрбиелеу күн тәртібіне қойылды.
1. Дәстур - халық педагогикасының асыл қазынасы, мұрасы.
Қазақ халқының өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Демек, халық педагогикасы - тәлім тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халық педагогикасының саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдаланып келеді. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін келешекте де кеңінен пайдаланып, тәрбие ісіне арқау ету - борышымыз.
Осыдан халық педагогикасы мұрасының бірі - дәстүр.
Дәстүр - ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, ол дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі. Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн болып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс. Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына, марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол - халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғамтану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде,
тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Халық педагогикасы - ұлттық тәрбие бесігі.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, халық педагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Өйткені, қазіргі қоғам дамуындағы нарықтық экономика талаптарына байланысты кез келген адам өз өмірінде жұмыс орнын, тіпті, кәсібін бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Бұл өз ретінде адам мүмкіндіктерін, оның мүдделері мен ұмтылыстарын жаңа талап тұрғысынан шешуді, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына динамикалық үрдіс ретінде қарауды қажет етеді. Ал қазақ мектебінің мәселесі - қазақ елдігінің мәселесі. Бұл - ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе. Сондықтан біз бұл мәселелердің заңдылықтарын, негізін, ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарына сүйенеміз.
Қазіргі кездегі өмір отбасы тәрбиесінен бастап әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән сана-сезімі, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар тұлға екенін ескере отырып, төмендегі міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:
- халық тәжірибесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жас
жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру;
- қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этникалық салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрпының еркін гүлденуін жас ұрпақтың санасына сіңіру;
- балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой
қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру. Өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;
- адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге,
жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру,
әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
- еңбектің адам өміріндегі мәнін, маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті
дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыру, жоғары ілкімділікке бейімдеу.
Осымен халықтық педагогикасының озық дәстүрлерін білу адамгершілік қасиет-сапаларды қалыптастыруға негіз болады. Біздің мемлекет отбасындағы
қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуына, балалардың отбасында дұрыс, жақсы
тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөледі. Адамгершілігі мол, берік ұйымдасқан жанұя тәрбие жұмысынан жақсы нәтиже шығарады. Ана мен баланы қорғау жұмысын күшейту туралы шыққан жаңа Заң отбасындағы қарым-қатынастың нығаюын, баланың отбасындағы тәрбиесінің жақсаруын бұрынғыдан гөрі күшейтеді. Тәрбиенің басты әліппесін бала отбасында алады, ұлттық тәрбиесінің негізі құралады, айналадағы дүниеден қарапайым түрде мәлімет беріледі. Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазына - ұлттық тәлім-тәрбиеден нәр алумен ұштастырылуы талап етіледі.
2. Қазақстанның халық педагогикасындағы тәлім-тәрбие ерекшеліктері.
Ұшы қиырсыз жазира дала тұрғындары - көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Ол еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан бетін қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың мәселесін қайтармау: көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т. б) . Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көз қарастың сәйкестігі, кісілік қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған. Сөйтіп ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дархан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, ойлау жүйесінің негізі болды.
Әсіресе, орта ғасыр ойшылдары мен XV-XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясында келелі сөз болған мәселе адам тәрбиесі еді. Қазақ ұғымындағы “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілік қасиетпен, ар-ожданмен өлшеу, “жеке
адам” ұғымының ауқымын кеңейте түсті. Сол сияқты “Ақын елдің еркесі”,
“Өнерліге өлім жоқ”, “Өнерлінің қолы алтын” деп қараған ата-бабамыздың
өнерлі азамат, сал-сері жөніндегі ұғымы әлдеқайда ауқымды. Осыдан қазақтың тәлім-тәрбиесіндегі ерекшелігі - ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға берілген. “Ақылдың көзі - аталы сөз” деп ұққан бабаларымыз сөйлей білуді өлмес өнер, асыл мұра деп бағалаған. Осы пікірді “Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген”, “Сөз сүйектен өтеді”, “Жақсы сөз - жарым ырыс”, “Жақсы сөз жан семіртеді” және тағы басқа мақал-мәтелдерден байқауға болады. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің тағы бір ерекшелігі - ұлттық базисы мен қондырғысы болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған. Екі қазақ кездесе кетіп, амандық сұрасса “Мал-жан аман ба?” - деп сұрауы да сол пікірге байланысты. Өйткені малдан айырылу жаннан айырылумен бірдей болған. “Мал ашуы - жан ашуы”, “Малдының беті шарық, малсыздың күні кәріп” - деп, ерінбей еңбек етсең ғана мал табасың, малсыз өмір жоқ, күн көрісің қараң деген ойды түйдірген. Осымен байланысты төрт түлік малға арналған мақал-мәтелдер, ертегі-әңгімелер, жаңылтпаш-жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы, мал атауларының молдығы, тіпті сұлу қызды “Ботакөз”, ал батыр, алғыр жігітті “нар жігіт” деп атауы, немесе баласын “құлыным”, “ботам” деп айналып, толғануы ұлттық тілдегі көрінісі болып саналады.
Халқымызда руға, жүзге бөлінуінің тәрбиелік мәні бар. Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз»деген сөздің мәні мынададеп ойлаймын. Қазір де ақсақалдар баланы қасына шақырып алып: «Қай атаның баласысың? Сүйегің кім?» деп сұрайтын. Сонда «қарға тамырлы қазақ» сұраса келе, қарынбөле, болмаса да құдандалы шығатыны бар. Үлкендердің кішіден ата жөнін сұрауының мәнісі сол туысын танып білейін, шырамытып отырса сынап көрейін дейтіні болса керек. Арғы-бергі ата-бабасын білген жастарға риза болып: «Е . . . сен, сол бәленшекеңнің баласы текті атаның тұяғы екенсің ғой. Сенің әкең бәлен, шешең түлен емес пе? Ата-баба, нағашы жұртында сондай-сондай еліне еңбегі сіңген, аузы дуалы, қолы ашық, пейілі кең адамдар болған. Олардың ақыл-парасаты, адамгершілік үлгісі солай, сондай еді» - деп ылғи тәуір жақтарын айтатын. Сонда адам баласына тән жақсы қасиет - адамгершілік, адалдық, шешендік, шеберлік, батырлық, мырзалық . . . сенің ғана ата-баба, нағашы жұртыңа еншілі сыбаға болғандай сезініп, марқайып қалар едің. Мұның өзі бөліну, бөлшектеу, қашықтау емес, туыстыққа дәнекер іздеу болатын. Сондықтан иісі қазақтың «қандас туыспыз, сүйекпіз» деп бірін- бірі жан тартатыны бір ғанибет емес пе? Сонда көп жыл қазақ ортасында жансыз болып жүріп бүтін халықтың құдірет күші неде неде екенін зерттеген бір ғұлама патшасына: «Бұл халықта шежіре деген қасиетті кітап бар. Ол құрымай бұл халықты құрта алмайсыз. Жерін басып ала алмайсыз. Өйткені, ол ұрпақтан-ұрпаққа рух беріп, ұлттық қасиетін сақтап, ата-бабаларының жерін, тілін, дәстүрін содан оқып үйреніп, қуат алып отырады екен» деген екен.
Шежіре дегеніміз - халқымыздың ғасырлар бойғы тарихының негізгі рухани байлығы, тәлім - тәрбие құралы, ұлттық құндылықтарымыздың мәйегі. Ол әрбір тайпа, ру, ата-әулеттің кәсіп қаракетіндегі биологиялық, психологиялық, т. б. қасиеттерін саралайтын, өзге ешбір жұртта жоқ қазына. Өкінішке орай, бүгінгі ұрпақ ортасында өз елінің өткенін, жеті атасын білетіндері некен-саяқ болып қалды. Немере мен шөбере, жиен, нағашылардың өзі бірін-бірі түстен танымайтын, тіпті, аты-жөнін жете білмейтін болып барады.
Жесірін тентіретпейтін, жетімін жатқа телміртпейтін қазақы қасиет, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілік әркез таныла бермейтін болып барады. Ата қонысы мен бабалары мәңгілік тыныс тапқан қасиетті орын қайда екенін білетіндер де түгесілер түрі бар. Сондықтан да мен баланың өзінің жеті атасын білуінің мәні өте зор деп есептеймін.
«Жеті атасын білген ұл,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер»
- деген халқымыздың даналығын кейінгі ұрпақ ұғып, өткенін зерделеп, зерттеп жатса, қайта нұр үстіне нұр .
Бүтін халықтың ұлттық рухының алтын арқауын үзіп, тұтас тарихын жою үшін ұлы көршілеріміз (орыс, қытай) тарих жазамыз деген жалған желеумен әлемнің бірде-бір ұлты мен ұлысына жоқ қазына - қазақ шежірелерін бірнеше рет жинаған. Кейін де шежіре жазушылар мен айтушыларды жоюдың әртүрлі айла-шарғысы жасалды. Мұның бәрі тарихи, өткені, өткенінен үлгісі жоқ халықтың болашағы да баянсыз боларын біле тұра жасалған әрекет болатын. Бірақ, шежіре әр қазақтың жадында жатталып, санасына сіңіп, бойына қасиет болып кеткен еді. Соның арқасында құлан жортса тұяғы тозатын, қыран самғаса қанаты талатын ұланасыр аймақта, қаны тілі, түрі, діні, әдет-ғұрпы, міне-құлқы, дүниетанымы біртұтас қазақ деген ұлы халық қалыптасқан. Ол өз тарихын жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа ауыз-екі көшіріп отырған.
Ұлттық тәлім-тәрбие ерекшелігі адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан, киім үлгілері мен спорттық ойын түрлерінен немесе тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, той жөнелту рәсімдерінен т. б. ), ұлттық тағам түрлерінен айқын байқалады. Қазақтың халықтық педагогикасындағы тәлім-тәрбие ерекшеліктері өз ұрпағын жастайынан сөз қадірін бағалай білуге, өткірлікке, шешендікке, ақындыққа тәрбиелеу болып келеді. Өйткені халықтық педагогиканың өзі тұнып тұрған өмір психологиясы. Әсіресе халық педагогикасы бала психологиясының адамның ішкі жан дүниесінің барлық қырық қамтылғанын біздер зерттеп талдау жасаған
әдебиеттерден айқын көреміз. Халықтық педагогикада рухани мәдениеттің
басқа көріністері сияқты адамның өсіп, дамып, жетілуі, адамгершілік қасиет- терді қалыптастыруда ықпал жасайтын біріне бірі нәр беретін құбылыс.
3. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері.
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы. “Халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-күйін, әдет-ғұрпын, ұрпақ тәрбиелеу тәсілін, жақсылап зерттейміз десек - дейді Максим Горький, - ауыз әдебиетін білуге тиіспіз”.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz