Абайдың педагогикалық көзқарасы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Адамзат
ақылманы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 3
Негізгі бөлім.
2.1. Абай тәрбие хақында.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
2.2 Абайдың педагогикалық
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 7
2.3 Абай қара сөз атасы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 36
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 37

Кіріспе.

Абайды ұқсаң-үйден ұзап,ұзақ жолға шыққаның,
Абайды ұқсаң-өзіңді де түсінгенің,ұққаның!
Абай-қазақтың бас ақыны.Мұны 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы айтып қана
қоймай,ғылыми тұрғыда дәлелдеп берген.Абайдың классикалық стилі туралы
Ахмет Байтұрсынұлы былай дейді: Сөзі аз мағынасы көп,терең.Не нәрсе
жайынан жазса да Абай түбірін,тамырын ішкі сырын қасиетін қармай
жазады.Нәрсенің сырын,қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі де халыққа
тіреліп,оқушылардың біліміне сың болып,емтихан болып тадылады.Оқушы сөзді
сынаса,сөз оқушыларды сынайды.Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен
оқшау,олардың сөзінен үздік,артық.
Бүгін ХХІ ғасырдың басында да Абай-қазақ әдебиетінің сап түзейтін
үлгісі,рухани айнасы.Қазақтың бас ақыны Абай қазақтың болмысы арқылы оның
рухани моделін адамзатқа ортақ адамдық үлгімен тоғыстырды.Сондықтан Абайды
бір ұлттың шеңберінде ұстай алмаймыз.Бізге Абай қандай ойлармен
қажет?Абайдан бүгін сопы,әулие жасау да мүмкін емес.Абай ауқымы бұдан әлде
қайда жоғары,кең.Ол бүгінгі адамға қажет сауапты,ерекше білімді уағыздың
иесі.Абай адам баласына (тек қазаққа емес) әр уақытта маңызды болған
мәңгілік сауалдарды қоя білуімен ғана емес,соларға жауап берумен,адамдықтың
рухани дамуымен,кісілік құндылықтарды анықтап берген көркем,асыл сөздерімен
қажет.Абай бүгінгі мұсылмандықтың басты рухани категорияларын анықтап
берумен маңызды.
Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми – теориялық шығармалар жазып,
тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара
сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері
жөнінде үлгі - өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп
кездестіруге болады. Ақын жастар тәрбиесінің сан қырына, оның өзекті
салаларына баса назар аударды, жас ұрпаққа үміт артты, олардың жүрек
сезімін оятып, өзінің көкейкесті мақсат – мұраттарына жұмылдыруға ұмтылды.
Жастардың еңбек етіп,ғылым мен білімге ден қоюы, алда тұрған мақсаттарына
жету жолында табандылық көрсетуі қажеттігі сияқты асыл қасиеттерді уағыздау
– Абайдың бүкіл ақындық қызметінің негізгі де үзілмейтін идеялық –
тақырыптық желілерінің бірі.
Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек
дегенді бәріміз де түсінеміз. Күннен - күн, жылдан - жыл өткен сайын осы
істерге көңіл бөліп, зер салушы саны молайып келеді. Ақынның өмірі мен
шығармашылығы жан - жақты зерттеліп, бүгінгі қауымның рухани асыл азығына
айналды.
Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары
негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз адам – “Толық адам”
етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Сондықтан, Абай атын ардақтап, оның асыл мұрасын халықтың санасына
жеткізуге белсене ат салысуымыз керек.

Негізгі бөлім
      2.1 Абай тәрбие хақында.
Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны,классикалық әдебиеттің
көшбасшысы ғана емес,педагогикалық ойлар желісінің иегері де.Абай поэзиясы
да,қара сөздері де халық тәжірибесімен суарылған тәлім-тәрбиеге толы.Ұлы
ойшыл мұраларының алтын арқауы-бүкіл адамзатқа ортақ жасампаз гуманистік
идея,яғни адамды ардақ тұту,адамгершілік қасиетін,адамның бас
бостандығы.Адам баласына адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп-үн қатқан
Абайдың өзгеге үлгі тұтқан,сүюге тұрарлық депесептеген адамы кім?
Ол қандай адамды адам деп есептеген,кімді идеал ретінде ұсынған?
Адамсынған,кісімсінген жандарға қандай баға берген?Бұл сұрақтардың
жауабын Абайдың адам болу, толық адам, жарым адам, адамның
адамдығы, адамшылық бенденің кәміләты, инсаниаттің кәмлаттығы сияқты
күрделі ұғымдарға қатысты ой толғауларынан табамыз.
Абайдың:
Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден бөлек,-
дегендегі дарабозы-оның ақандық объектісіндегі гуманистік сипаттағы
сүйерлік толық адамы.
Толық адамы-ақыл мен қайраттың,жүректің құлы.Адам бойындағы үш
асыл қасиет деп,Абай:ақыл,қайрат,жүректі ұсынған.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек,-деп осы үшеуінің бірлігін идеал
тұтады.
Абай толық адам орындар алғы шарттарды ғылым таппай мақтанба
өлеңінде адам болам десеңізден кейін желілейді.Осы жолда Абай адам болуға
ұмтылған,әрбір жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін,нендей ізгілікті
қасиеттерді орнықтару керек екенін айтады.Бұл өлеңге М.Әуезов: Бұл
Абайдың,әсіресе,көп ой қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңі-
деп баға берген.Адам болам десеңіз,ең әуелі мыналарды орында дейді Абай:
Талап еңбек терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой-
Бес асыл іс,көнсеңіз.
Адамды адамшылықтан бездіретіндер санатында:
Өсек,өтірік,мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ-
Бес дұшпанын білсеңіз-деп қадап айтады.
Абай әлеуметтік ортаға кері әсер етіп отырған,ұрпақ тәрбиесіне жат
әрекеттер деп:
Бір сөз үшін жау болып
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
Саудасы-ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғалы.
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.
Терін сатпай,телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.
Ақын өлеңдерінен алынған осынау жолдардың қай-қайсысында да ел болудан
алшақтатар әрекеттердің шындығы көрініс береді.Абай армандаған толық адам
тәрбиесіне мұндай керітартпа психологияның қолбайлау болары ақындығы
алаңдатады. Атаның баласы емес,адамның баласы боларлық ұрпақ тәрбиелеуде
әлеуметтік ортаның бүтіндігі,қоғамның саулығы алғы шарттардың бірі екенін
ұлы ойшыл өз тұсында армандап,кейінгіге аманаттап кеткен.

2.2 Абайдың педагогикалық көз-қарасы.
Адамгершілік! Бұл сөздік қорымыздағы сөлі ерекше, мәні мәңгілік айқын,
салмағы пара - парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл
қасиетін анықтайтын бірден - бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің
мәнін, дүниенің сәнін төрттағандап ұстап тұрған ең ұлы принцип. Осы ұлы күш
- адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да
қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан
айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл - көсір.
Олай дейтін себебіміз, бір кесірлі адамнан көп адамға тиетін зиянның шексіз
болатындағын еске салсақ, адамдық қасиеті тапшы бір адамнан көп адам зор
зардап шегуі мүмкін.
Абай шығармашылығындағы адамгершілік тұжырымдамаға үңілетін болсақ,
ақын өмірдегі жақсылық пен жамандықты айыа білуге адамдықтың алғы шарты
ретінде мән бергенін байқауға болады. Ақын ұғымында жақсыны тану -
жақсылықты қолдау деген сөз, ал жақсылықты қолдай білмеу - жамандықтың
отына май құюмен бірдей екен. Шындығында Абайдың бұл тұжырымдамасы кімді
болса да терең ойға қалдырады, әрі бүгінгі күні де терең мәні бар
екендігіне мойынсұнта түседі. Жақсылықты айыра білу дегеннен шығады, мұны
өзі өмірдің көрсетіп келе жатқандай жеке адамның тағдырына ғана емес, бүкіл
ұлттың рухани дамуына, адамгершілік парасаттың салтанат құруына да тікелей
қатысы бар. Жақсылықты тап басып танымаудың, оны дер кезінде бағаламаудың
өзі жамандықтың басы екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал жақсылыққа
қарсылық жамандыққа жол ашатындығын қашан да ұмытпағанымыз жөн. Сондай - ақ
жамандықты кез келген тұста ауыздықтап отыру жақсылықтың үстемдік құруына
жағдай жасайтындығын үнемі есте ұстау, бұл принципті іс жүзінде басшылыққа
алу - ұлттық адамгершілік кемелдіктің басты белгілерінің бірі.
Осы тұста Абайдың бәрімізге де жақсы таныс мына өлең жолдарында:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Осы шумақты оқығаннан кейін бізге қандай ой келді, сол ойдың
күнделікті тіршілігімізді түсінуге болмаса оны өзгертуге, жақсартуға, яғни
ұлттық, адамдық сана – сезіміміздегі қайшылықтың сыр – сипатын түсінуімізге
ықпалы мен әсерінде. Егер осы айтылғандар жоқ болса, онда оны оқығанбыз деп
омыраулағанның, білеміз деп біліктілік танытқанның түкке де қажеті жоқ.
Барлық гәп осы шумақтағы тек әрқайсымыздың жеке басымыздағы ғана емес,
бүкіл ұлттық мінезімізбен психологиядағы кемшілікке қатысты айтылған сын
мен ойды терең түсінуде. Түсінігіміз сол жақсы мен жамандыайырмайтын
ұлттық кемшілігімізге байланысты сыншыл ойдан қорытынды шығара білуімізде,
яғни аталған кемшілікті бүгінгі тіршілігімізде қайталамауда, жол бермеуде.
Абай адам мінезіндегі жағымсыз атаулыны қаншалықты қадала сынаса, одан
арылудың жолдарын да соншалықты саралап көрсете білген. Бірақ оның бәрі де
жалаң ақылгөйлік, жадағай дәрісшілдік, адамды мезі қылатын мимырт
моральшылдық емес. Ақыл мен сезімге бірдей әсер ететін тағылым тораптары,
көркемдік кестелері.
Ақынның шынайы адамгершілікке шақырған өлеңдерінің ішіндегі жинақтау
сипаты бар кең құлаштыларының бірі - "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат"
деп басталатын өлеңі.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
"Жігіттер" деген бір ауыз сөзбен - ақ барлық жасты өз айналасына жинап
алғандай сезінген ақын: "екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат" деп ағыан
жарыла сөйлегенде, жақсылыққа ұмтылған талапкер жастардың бар назарын өзіне
аударып, бір ұйытып алғаннан кейін, ақынның қай сөзіне де олардың ынта -
ықыласы үстемелеп арта түсетін тәрізді.
Ақынның "ойын - арзан, күлкі - қымбат" деген тұжырымы "Арзан, жалған
күлмейтін, шын күлерлік" жасты іздегенде, ақын байсалды, шыншыл жанды
қалайтынын білдіреді. Оны "ер" деп атайды.
Ақынның осыдан кейінгіаса зор бағалап, табанды түрде мәслихат ететін
қасиеті - адалдық және сол адалдықтан айнымайтын тұрақтылық. Бұл тек
сүйіспеншілікте ғана емес, жолдастық қарым - қатынаста, адамның өзін де
аздырмай - тоздырмай, аман - сау алып жүретін сенімді қасиет.
Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса - күйсе, -
деген сөздерді өмір құбылыстарының қай қалтарысына апарып қолданса
да, ешқашан алдамайтын, адастырмайтын берік бағдарлама деп қабылдауға
болады.
Шынайы адамгершілік жолына түскен жігітке қажетті тағы бір қасиет бар.
Ол - талмайтын талап. Адам бойына табиғаттан сый болып дарыған неше түрлі
қабілет - дарынның бәрі тек осы талап арқылы шыңдалады.
Ақынның жас ұрпаққа ерекше діттеп, санасына қайта - қайта сіңіре
пысықтап айтатын ақыл - кеңесі - бірлік, татулық, өзара сыйластық. Бірлік
деген өте кең мағыналы ұғым. Ол ағайын арасындағы, жолдас - жоралар
ортасындағы татулық пен сыйластықтан бастап, бүкіл ел, халық өміріндегі
ынтымақ пен тастұйін тұтастыққа дейін түгел қамтиды.
Ақыл мен парасат - бөліп жаруға келмейтін тұтас ұғымдар. Шала
ақыл, жартыкеш парасат дегендер болмайды. Адам ақылды болса, ақырына дейін
ақылды. Парасатты кісі қай кезде де сол парасатынан танбаса керек. Адамның
дәл осылай кемеліне келіп, қашанда қапысыз кісілік таныта алуы үшін, оның
бойында кісіні ақылды, парасатты атандыратын қасиеттер түгел болуы керек.
Ақынның адамгершілік, парасаттылық жөнінде жастарға арнап айтқан
ұлағатты сөздерін жинақтай келсек, жалпы бағыт - бағдары "Жігіттер, ойын
арзан, күлкі қымбат" бастау алған бұл тағылымның соңғы ой - қорытып, нүкте
қояр тұсы деп "Әсемпаз болма әр неге" деген өлеңі. Егер сен шын мәнінде
ақыл - парасат асқарының биігіне көтеріліп, ізгі адамгершілік пен жемісті
өнер - білімнің кәусарына сусындай алған болсаң, онда арзанға әуреленіп,
босқа шашылма, өмірден өзіңе лайықты орныңды ал. Ақынның өз сөзімен айтсақ:

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Ақын енді адамгершілікке байланысты ауыл - үйдің төңірегінен алыстап,
жалпы дүниелік, ғаламдық көлемге көз тастап отыр. "Дүниенің кетігін толтыр"
деген талапта осындай кең мағына жатыр. Жеке бастың адамгершілігін үлкен
азаматтық ұғымға ұластырудың даңғыл жолы нұсқалып отыр.
Сөйте тұра, елінің жас азаматын өз топырағынан ажыратпайды.
... Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанда да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға, -
Деп, негізгі ойының иын тағы да қандыра түседі де:
... Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың - мұз,
Барар едің қай жаққа? -
Деп өз қауымының, өз халқының тағдырына әкеліп тірейді. Тарих көшінен
кешеуілдеп қалған қазаққа бұл қасиеттер өзгелерден гөрі керегірек екенін
аңғара айтады.
Абайдың қай өлеңін, қай сөзін алсақ та, үлкен – кіші, кәрі – жас,
қалың елі қазағын - барша қауымды, әсіресе, жас буынды ақыл – парасатты
болуға, өнер – білімге, ізгілікке баулуға уағыздайды.Бұл жөнінде ақын:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, термек үшін.
Көкірегі зезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Абай қалдырған, халық көзін ашып, оң жолға бастауды мақсат тұтқан
орасан мол мирасы ішінде таза оқу – тәрбие, ғылым – білім игеру
мәселелеріне арналған педагогикалық бағытта, мазмұнды жазылған бірнеше
өлеңі бар. Оларды шартты түрде болса да бөліп талдау ақынның ойшылдық,
педагогикалық қыр – сырына, мінезіне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді.
Ескілікке, кертартпалыққа қарсы тұрған Абай халықты еңбекке, өнер –
білімге ұмтылуға шақырады. Тіпті оның өткір сынға құрылған шығармаларының
өзінде халық өмірінің көкейкесті мәселелеріне жауап беруге тырысу айқын
сезіледі, оның шығармаларындағы наразылық ағартушы - ақынның арман
мұраттарымен ұштасып жатады. Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, көкірегі
сезімді, көңілі ойлы адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды
өзінің озат мақсат – мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек
етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық
көрсетуі, міне осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл
шығармашылығының негізгі идеялық – тақырыптық үзілмес желісінің біріне
айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айырықша зор
сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету
жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім
білдіреді.
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да сөнер ме?
Абай мектепте оқып жүрген қазақ балаларына үміттене қарап, елдің
болашағы осылар деп қуанды. Елдің мешеулігін, халықтың қараңғылығын,
надандықты әшкерелеп, жаңа - өмірге бастар жол оқу – ағарту, адамның рухани
жағынан азат болуы деп түсінді. Адамның білімі, өнері – адамшылықтың
таразысы санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан
жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі - жастық шақты оқуға, ғылымға
жұмсауды еске салады. Ойын – сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында
еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе:

Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз...,-
деген тұжырым ұсынады.
Абай оқу – ағарту ісінің дамуына кедергі жасап келе жатқан ескілік
пен надандықты, қатаң жазалау тәртібіне негізделген түсініксіз тілдегі діни
оқуды әшкере етті. Молдалардың діни қағидаларды жалаң, жаттанды әдіспен
түсіндіріп, баланың сана – сезіміне, ақыл – ойына, өмір мен дүниені танып
білуіне сенім тудыра алмайтынын, олардың діни оқудың толық мағынасын өз
мәнінде жеткізбей жүргізгендерін қатты сынға алып, шынайы білімді
меңгерудің әдіс – тәсілін терең ғылыми тұрғыда көрседіп берді. Отыз
екінші сөзінде : ...білім – ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана
білмектің өзін дәулет біл... білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да
сондай білсем екен деп үміттен... деп, білімге ұмтылу, оқыған азаматқа
еліктеу, іздену, талаптану сияқты қасиеттерді бойға дарыту арқылы оқып –
білген сайын дүниені тани түсетінін, бұл таным ғалымдық жолды
қалыптастыратынын атап өтті.
Ғылым таппай мақтанба деп аталып жүрген өлең шынында Интернатта
оқып жүр деп басталатын өлеңнің жалғасы деудің қисыны жоқ емес.
Бұл екі өлеңнің тұтастығына көз жеткізу үшін, әрине, оларды салыстыра
талдап шығу қажет. Ғылым таппай мақтанба деген өлең түгелдей ғылым
үйренуге талпынған жастарға айтылған ақыл – кеңес түрінде құрылған болса,
Интернатта оқып жүр атты өлеңде осындай ақыл – кеңес, насихат сөздердің
алдында сол оқушы жастарға тұжырымды сипаттама, мінездеме беріледі.
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы.
Жас өспірім, көк өрім,
Бейне қолдың саласы.
Өлеңнің беташары іспеттес осы ықшамды суреттемеден бұл екі бөлшектен
тұратын шығарманың бастапқысы деуге лайық екенін аңғарамыз. Бұл сөздерден
Абайдың білім алу, ғылым үйрену жайлы ақыл – кеңестерін кімдерге қаратып
айтып отырғаны анық байқалады. Интернатта оқып жүрген балаларды ақын
соншалық жылы сезіммен, сүйсіне бейнелейді, Талай қазақ баласы деп
олардың көбейіп келе жатқанын да көңілге медеу етеді. Алайда осылардың
ертен ел үмітін ақтай алатынына ақынның сенімі толық емес.
Абай интернатта оқып жүрген қазақ балаларына жүрегі елжірей қарап, жас
буындар, жас өркендер осылар деп қуанады. Міне, сұңғақ бойлы, сымбатты, бес
саусақтай өрім, білімге құштар жас балалар иін тіресе келе жатыр. Абайдың
Интернатта оқып жүр деп аталатын таңдаулы өлеңдерінің бірі дәл осылай
көркем көріністі көз алдымызға алып келеді. Қазақ жастарын білімді
меңгеруге шақыру өлеңнің өзекті мазмұны. Сонымен қатар ғылымды үйренетін
жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе Абайды
бәрінен де көбірек толғандырды. Абай қазақ жастарының ынталана оқып, білім
шыңына ұмтылуын армандады. Өмірде дұрыс жол таңдап алудың, адал және
лайықты еңбек етудің маңызы бар екенін де атап көрсетті. Халық ағарту
тақырыбы Абай шығармашылығында бұрын – соңды болмаған, шын мәнінде орасан
зор әлеуметтік мазмұнға ие болды. Хлықты ағарту ісін ол адамдарды қандай да
болсын әлеуметтік кеселден азат етудің қуатты құралы деп түсінді. Адай
ескілікке сену әдетінен, топастықтан бойы жоғары тұрған білімді адамдарды
аңсады. Ол надандықты, қандайда болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра
алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең
алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ол үшін адам
еңбексүйгіштік, мақсатқа жету, кішіпейілділік, мейірімділік сынды өнегелі
қасиеттерге ие болуға, өтірік айту, жалқаулық, мақтаншақтық сияқты
дерттерден аулақ болуы тиіс. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына
отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп
жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа
адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылығына өте тән және ағарту ісін,
өнер – білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді. Діни
фанатизм мен жоққа сенушіліктің жауы болған Абай дін иелерін, молдаларын да
надан ретінде сипаттап, олардың екі жүзділігі мен жемқорлығын әшкерелейді.
Абай адамдардың санасын өзгерту арқылы заманды түзетуге, қоғамның
кемшіліктерін жоюға тырысты. Бірақ ол адамға білім беру, жамандық пен
жақсылыққа көзін жеткізу арқылы әдет – ғұрыпты, заманды мүлде өзгертуге,
түзетуге, қоғамды бүлдіретін кеселдің тамырын жоюға болады деген сенім оп –
оңай іске аса қоймайтынын да аңғарды. Міне сондықтан ақынның шығармаларында
тоғыру, қайғы – мұңға берілу сарыны да барған сайын күшейе түсті. Қазақ
қоғамында надандық атаулы өте терең тамыр жайып кетті.
Ақылды аса жоғары бағалай отырып, Абай адамды игілікті іске бастайтын
адалдыққа бұратын жүрек деп санайды. Мұна қара сөздердің 14 – бабында
айтылатын мына сөздерден байқаймыз: Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе
адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға болса игі еді демек –
бұлар жұрек ісі.
Сонымен қатар Абайға рақымсыздық, қаталдық, біреуге қастық ойлау да
жүректен шығуы мүмкін деген тұжырым да жат емес. Достық, қастық, бар қызық
– жүрек ісі – дейді Абай Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас деген
өлеңінде. Абай сезімнің өлшеуіші болатын, ар мен ұятты сақтайтын күзетшісі
ақыл деп санайды ( Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі). Жүректің ақыл суаты
деп ақыл жүрекке қуат бере алатынын, адам сезімге шектен тыс. бой алдырып
алса, соның көмегімен барып жол табатынын аңғартады.
Еңбек, ғылым, адамгершілік жер жүзіндегі ұлы, данышпан
адамдардың бәрінің де көңіл бөлген мәселелері болды. Міне, бұл мәселелер
жөнінде Абай да қазақ даласынан шығып, осыларға үн қосып, ұран тастады.
Еңбек туралы Абай көп жазды. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен
еңбек етуі керек. Ғылымға қолы жету де, әлеумет өмірінде пайдалы жұмыс
істеу де – бәрі де еңбекпен байланысты деген қорытынды шығарды.
Сегіз аяқтың бір жерінде:
Болмашы кекшіл,
Болсайшы көпшіл
Жан аямай кәсіп қыл! -
деп, адамның адамшылығы өз басын емес, көпті сүйген адал жүрегінде, еңбек
етуде десе, екінші бір жерінде:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім... -
деп, жұртты өнер, ғылымға шақырады. Сөйтіп надандыққа қарсы ғылымды,
алауыздыққа қарсы бірлік, жалқаулыққа қарсы еңбекті, пәлеқорлыққа,
жауыздыққа қарсы адамгершілікті қояды ды, алдыңғыларды елді аздыратын
қылық, соңғылары халықтың көсегесін көгертетін, игілікті деген қорытынды
шығарды.
Ақын кейбір жастардың бойындағы еңбекке икемсіздігін, құлықсыздығын,
жалқаулығын сынап, берекесіз адамның болашағы жоқтығын әрдайым еске салып
отырады. Жастарға жеке басыңның қамын күттеп кетпей, халқыңның жарқын
болашағы үшін еңбек ет: "Өзің үшің еңбек қылсаң, өзі үшін оттан хайуанның
бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының
бірі боласың , - деген өсиет қалдырды. Абай қалың бұқараны адал еңбекке
үндеді, қулық – сұмдықпен, алдау – арбаумен, ұрлық – зорлықпен, еңбексіз
тапқан мал мен мүліктің :
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
қардың суы сықылды тез саулар... –
деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз екенін ұқтырды. Ол қалың қазақ
жұртшылығын адал, қарапайым еңбекті қадірлей білуге, ерекше құрметтеуге
және оны бағалай білуге үндеді. Жастардың әрбірінің айналысар кәсібі
болуын, ол кәсіпке дағдылану машығының неғұрлым ертерек басталуын, жастық
шақтаеңбекке деген ұмтылыстық, икемділіктің тұрақты қасиетке ұласуын
құптады. Еңдек етуге де өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық
сияқты қасиеттердің керектігін ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің
нұрлы, болашағын жарқын болуы адал еңбегі арқылы жүзеге асатыны туралы
терең педагогикалық тұжырым жасады.
Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата –
ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік
алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал
еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екендігін атап көрсетті.
Сондықтан, баланы ұлағатты азамат – толық адам етіп тәрбиелеу үшін,
өнегелі болуын талап етті.
Басында әке айтпаса ақыл жарлық,
Ағайын табылмаса ой саларлық.
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық? -
деп, ойын – сауықты қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке
салынып босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата – ананың
ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алу керектігін еске салады. Ойшыл ақын
әкенің ізгі қасиеттері – оның адамгершілігі, еңбексүйгіштігі, отбасы,
жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, жарына деген сүйіспеншілік
сезімі үй – ішін нұрландырып тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату
болса, үстіндегі үй райысқа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке
тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел
кезіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне
мән бермейтін әкелерді сынға алады. Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы -
әке деп білу мен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады.
Өз анасы ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос меірім бұлағынан
сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық
мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше
қастерледі.
Тәрбие жайлы, Абай жалпы адам біткеннің сонау сәбилік, балалық шағынан
бастап толғайды. Өйткені, ақынның айтуынша, жалпы адамға біткен ғұмырдың
кәдімгі әлімсақтан бері келе жатқан өзінше бір қалыптасып қалған заңдылығы
бар. Жалпы баланы ата - ана өсіреді, баптайды. Енді біраздан соң сол
баланың өзі ата - ана атағына ие болады. Сүйтіп оның өзі бала
тәрбиелемектің, өсірмектің әуресіне түседі. Өстіп, адамзат ортасындағы
тәрбие ісі біресе үміт сәулесімен тұтанып, біресе күйінішті күйге түсіп,
жалғаса береді.
Ақын, ең алдымен, осындай бала қызығына түсіп отырған ата - ананың
кейпін көрсетеді. Тәрбие жайындағы көп ойларын осындай бір отбасылық
суреттен сабақтап бастайды:
Ата - анаға көз қуаныш -
Алдына алған еркесі,
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті,
Не бітті? -
дейді ақын. Иә, ата - анаға бала қызық. Ата - ана үшін бала гүл.
Үлпілдеп, көз тартып, аймалатқызып, мәпелеткізіп қояды. Бірақ ерте ме, кеш
пе, әрбір ата - ананың алдынан өмірдің өзі бір үлкен де салауатты көлденең
сұрақ тартады. Ол - балаға берілетін тәрбиеге байланысты туатын сұрақ.
Дегенмен бұл тұста ата - анаға көмекке келетін, бала тәрбиесінде ата
- анаға көп қолқабыс жасайтын, бала алдындағы парыз - міндеттің жүгін көп
жеңілдететін бір қуатты тегеурін бар. Ол - қоғамдық орта. Егер қоғамдық
орта баланы оқытуды шарт қылып қойған болса, ата - анада жалпы үрдістен
қыйыс өтіп кете алмайды. Баланы оқытқаннан шығар нәтиже бар ма, жоқ па, ата
- ана оны есепке алып, басын ауыртып жатпайды. Әйтеуір баланы қайткен күнде
оқытып шығару шарт. Ақын бұл жайға өзінше қызық мән береді.
Оқытарсың молдаға оны,
Үйретерсің әрнені.
Медеу етіп ойға соны,
Жаны тыныштық көрмеді.
Жасында күтті,
Дәме етті,
Босқа өтті.
Үйтіп, бүйткенше ата - ананың көп дәме қылған баланың оқуы да тез өте
шықты. Ұл - бозбала, қыз - бойжеткен дәрежесіне жетті. Енді біраздан соң
әлгінде ғана оқыған оқу, алған дәріс ұмытқа айналып көзден ғайып болды.
Бозбала мен бойжеткен өзіне лайық ойын - күлкісімен, сауық - сайранымен,
желік қуып кете барды.
Бар ойы - өлең айтып, ән салалық,
Біреуді қалжың қылып қолға алалық.
Қызды ауылға қырындап үйір болса -
Көңіліне зор қуаныш, бір бадалық.
Бірақ та, қаншама қызық болғанымен, бозбалалық дәурен де кісінің
басына байланып ұзақ тұра бермейді. Әуелде адам өмірінің ең бір тез,
байқатпай зырғып өте шығатын кезінің өзі жастықтың осы бір әулекі шағы. Әп
- сәтте тұрмыс құратын, үйленетін кез де келіп қалады. Ақын адам өмірінің
осы бір кезін де қызықты суреттейді.
Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді азнаға.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла -
Не пайда?
Сонымен оқу да тәмам болды, алған тәрбие де тәмам болды. Ендігі жерде
өмірдің өз талқысы, жойқын ағыны адамды мойын бұрғыздырмай, тізгіндеп, өз
ырқымен алып жүріп отырады. Оқусыз, өнерсіз қалдым - ау деп, ойланып, опық
жеп жатқан ешкім байқалмайды да. Бұдан былай адам, егер қолынан келсе
байлық, мал жинар, әйтпесе тағдырдың бұйырғанына мәз болып, отбасылық
тұрмыстың аясынан аспаған қалпы, ойсыз, мұңсыз күн кешіп жүре бергені. Адам
үшін әлімсақтан бері жазылып қойған қалыпты, үйреншікті салты осы.
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Уайым аз, үміт көп,
Ет ауырмас бейнетке.
Бүгін - ертең жетем деп,
Көңілге алан дәулетке, -
Деп ақын, жастықтың бір албырт, қызу шағына қатты қызығып, мұны және
әрбір жас адамға лайықты табиғи мінез - қылық ретінде санап, әрбір жасты
осы алған бетінен қайтпауға, өмірден өз керегін, өз нәсібін қоймай іздеп,
тауып алуға үгіттейді.
Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ.
Талайғы кәрі дүниенің,
Бір кетігін ұстап бақ.
Иә, өмір табалдырығын жаңа аттаған әрбір жастың өмірден алар өз
рызығы, дәмі, теріп жер жемісі бар. Қалай дегенмен де әрбір адамның өзіне
тән өмірлік жолы, өмірге артар дәмесі, бақ - талайы, маңдайына жазған
пешенесі, өмірден алуға тиіс еншісі бар. Жас - балауса ақылың, жігер -
қайратың дер шағында тұрғанда сол еншіңді молынан қамтып алып қал.
Ақынның келесі бір өлең жолдары, ақындық әрі ұстаздық сөзі, тікелей
жастардың өзіне қаратылып айтылады, сүйтіп жас адамның жрегіне, санасына
тікелей ара тура жол іздейді.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез? -
деп, ақын әрі ұстаз Абай ендігі бар үмітін, арманды үмітін, көкірегі
саңлаулы, көңілі зерек, көзі ашық, өнерлі, сөз ұққыш жастарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Абай Құнанбаевтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие беру
Абайдың музыкалық мұрасындағы тәрбие беру жолдары
АБАЙДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫНА ТӘЖІРИБЕ
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу, оны оқу-тәрбие жұмысында қолдану
Қазақ ағартушыларының философиясы
Абайдың психологиялық және педагогикалық көзқарастары
Пәндер