Нарықтық баға стратегиясы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
КІРІСПЕ: 1 Нарық және баға
2: 3
КІРІСПЕ: 2 Қазақстан Республикасындағы баға құрылымы
2: 6
КІРІСПЕ: 3. Нарықтық баға стратегиясы
2: 9
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
2: 13
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2: 14

КІРІСПЕ

Нарық-тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері - құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс.

Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды.

Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т. б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т. б. ) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән.

Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады. Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардың енуімен жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың арақатынастарын қарастырайық.

1 НАРЫҚ ЖӘНЕ БАҒА

Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ. Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға болады. «Әлеуметтік нарық экономикасы» атты кітабында X. Ламперт нарықтың төмендегідей приоритеггерін атап өтеді:

- еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;

- өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз, бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда формалды түрде ғана таныс болып келеді;

- әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;

- сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады.

Нарық - бұл демократиялық құрал, онда әрбір тұтынушының дауыс қүқығы бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол - тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы құндылықтан жоғары болуы.

Адам өзінің беделі мен құндылығынан гөрі, өтімді тауар болғанды көбірек қалайды. Элиталық тауар сияқты, адам модалы болуы керек, ал осылай болу үшін, тұлғалар бәсекесі қажет. Осы тұстан жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары, неше түрлі «имидж» қалыптастырушылар іске кірісіп кетеді.

Нарықтың бағасын ойлайтын адам өзін әрі сатушы, әрі тұтынушы ретінде қарастырады және оның көңіл-күйі тұлғаның өзінен гөрі, оған бағынбайтын сыртқы жағдайларға көбірек тәуелді болып шығады. Егер ол табыстан табысқа жетсе, онда құнды, ал сәтсіздіктерге жиі ұшыраса - құндылығынан айырылған. Ол өзінің ішкі мәнді күштерімен тұтас әрі үйлесімді емес, себебі ол үшін өзін өзі жүзеге асырудан гөрі, нарық базарында табысты сатылғаны мәнді.

Осында ділдік тип қазіргі мәдени ет жүйесіне де үлкен ықпалын тигізеді. Мәдениет бұл жағдайда шығармашылық пен жасампаздықтан, нарық мүдделеріне сай мол ақпарат жинақтауға көбірек бағытталады. Мәдени қайраткерлер өз туындыларының құндылығына қарағанда, олардың нарықтағы бағасына көп көңіл бөледі, басқаны ойлауға оның мұршасы да жоқ. Нарықтық бағдарды мәдени жасампаздықтан бөліп қарастыру салыстырмалы түрде жүргізіледі. Нарықтық бағдарға сынның абсолюттік мораль тұрғысынан берілетіндігін есте тұту керек. Нарықтық бағдар шынайы адамдық құндылықтарға әкелуі үшін, нарықтық қатынастар субъектілері белгілі бір қылық ережелерін сақтауға міндетті. Тек гуманистік, этикалық ережелерді бұлжытпай орындау нарықты қазіргі әлем мәдениетімен үйлесімді қоса біледі.

Адамдық ынтымақтастықтың спонтандық тәртібі қалыптасқан жерде өз әрекеттерін жалпы мәдениеттілікке бағыттаған әлеуметтік топтардың нарықтық табыстары адамзаттық жоғары әдеп жүйесін нығайтады. Бұл процесс тура бағытты болып келмейді және адамдық топтар өз әрекеттерінде тек ылғи рационалды есепшілдікті басшылыққа ала бермей, көп жағдайларда жіберілген қателіктерінен сабақ алу арқылы коррекцияларға (түзетулерге) барып отырады және бұл түзетулер бәсекелік қалпында өтеді. Түбінде ынтымақтастық деңгейі жоғары топтар тарихта үтып отырады. Ф. Хайектің жазғанындай, «іс-әрекеттер ережелерінің эволюциясы ылғи даңғыл жолмен жүріп отырмады, өйткені қалыптасып қалған дәстүрлі көзқарастар эгоизмді қорғаштап, өзінікін дұрыс және әділетті деп есептеп келеді»

Егер өркениет мәдениеттің арнаулы емес өзгерістерінің нәтижесінде біртіндеп қалыптасты десек, онда өркениетте моральды критерийлердің болмауы нарықты оның коррупциялық және криминалдық түріне айналдырады деген пайымдаудың көп негізі бар. Әрине, бүкіл тұлғалар нарығы мен өмірді қастерлеуге негізделген жоғары ізгілік этикасының арасында белгілі бір алшақтық бар. Әрине, жоғары адамгершілік құндылықтары бүкіл моральдың мазмұнын тауыспайды. Мұрат - нормадан басқа күнделікті мақсаттарға сай нормаларда жеткілікті. Оны жеке мүдделерді үйлесімді ететін әлеуметтік әріптестік әдебі деп атауға болады және оның басты құндылықтарына әділеттілік (жеке басының жетістіктері бойынша), теңдік (құқық), тұлға дербестілігі және адам абыройлығы жатады. Тұлға орталықтық көзқарас маңызды болғанымен қоғам байлықтың бір қолда жинақталып, басқалардың кедейленуін және пауперлендіруін қолдамауы керек. Әлеуметтік топтардың арасындағы алшақтықтың терендеуіне әртүрлі әлеуметтік әрекеттер қарсы бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық және мәдени реттеу функциялары артып келеді.

Осыдан келіп қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздіктің жалғыз кінәлісі деп нарықты айта беруге жөн жоқ. С. Темірбековтыңатап өткеніндей, дәстүрлі тарихи дамудың жемісі ретіндегі ұлттық мәдениеттің басты құндылықтарын таза нарықтық бағамен өлшеуге келмейді. Сол себепті шектеусіз нарықтық қатынастар жағдайында ұлттық құндылықтардың кейбіреулері нарыққа икемделе алмай, қолданыстан шығып, мұражайлық, этнографиялық құндылықтарға айналып кетеді (Темирбеков С. Т. В объятиях рынка. - Алматы: 1998. 66-68) . Нарықтық либералдану дәстүрлі құндылықтарды, нормаларды, институттарды, әлеуметтік-қызметтік стереотиптерді, өткен ұрпақтардың тәжірибесін өмірлік табыстарға жетудің стратегиясы ретінде жарамсыз және адекватты емес қылып, бұрын-соңғы болмаған қысымға алды. Осының нәтижесінде бұқаралық, азаматтық, әдептік және ұлттық өзіндік сананың деформацияға ұшыраған құрылымдары пайда бодцы.

Оларда дәстүрлі құндылық-мағыналық иерархиялар мен басымдылықтар қиратылып не маргиналданып, қазіргі өмір ырғақтарына сай рухани-адамгершілік ұстанымдар әлі қалыптаса алмады. Осы жағдайларда дәстүрлі ұлттық құндылықтар арзандатылып және ескі раритеттер түрінде қалды, ал оларға иек артатын тұлғалар экономикалық прагматизмнің либералдық демократиялық принциптерін қабылдай алмады және өздерінің күнделікті әрекеттерінде бойкүйездік, селқостыққа немесе агрессияшыл тынымсыз девияцияға бұрыла бастады, кейбір тұлғалар ескі әлемнің құндылықтарының ауысуын бүкіл адамдық ынтымақтастық, руханилық жоғалуы деп жариялады. Нарықтық қатынастарға тежеусіз ерік бере отырып, мемлекет те өз әрекетінде осы стихияның ықпалында кетеді. Ол болашаққа бағытталған бағдарларды күнделікті өмір талаптарына құрбан ете салады. Болашақты бағдарламау адамның өзіне теріс әсерін тигізеді. «адамдық капиталды» алайық. Қазақстан сияқты ТМД елдерінде стихиялық нарық табысты кейінірек түсіретін ғылым, білім, мөдениет салаларын қаржыландыру қиындықтарын туғызды. Тікелей пайда әкелмейтін бұл салалар құлдырай бастады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒА ҚҰРЫЛЫМЫ

Кез келген қазiргi объективтi жүйенің сияқты, нарықтың да меншiк инфрақұрылымы бар. "Инфрақұрылым" термині қазіргі жүз жылдық басында, экономикалық талдаудың қарулы күштердiң қызметін дұрыс қамтамасыз ететiн объекттерін және ғимараттарын белгiлеу үшін қолданылған. 40-шы жылдары Батыста инфрақұрылыммен материалдық игiлiктер және қызметтер өндiрiсiнiң дұрыс жұмыс жасауына себепшi болатын салалардың жиынтығын түсiне бастады. Инфрақұрылым мәселелерiнiң зерттелуi бұрынғы Кеңес Одағының экономикалық әдебиеттерінде 70-шi жылдары басталды. Нарық - еркiн ашылмалы-жабылмалы бағалар бойынша тауарлардың сауда-саттығы өтетін орын.

Нарықтық экономика - бұл тауарлар және қызметтердiң сатып алу-сату жөнiндегі экономикалық қатынастардың жүйесi, ол әлеуметтiк-экономикалық мәселелер шешiмдерің тиiмдi қамтамасыз ететiн меншiк, еркiн бәсеке және баға белгiлеудiң барлық формалары, плюрализм шартындағы қазына арқылы iске асады.

Нарықтық экономикаға инфрақұрылым қажет, ол өзара байланысты мамандандырылған ұйымдардың жүйесi, тауарлар, қызметтердiң өзара байланысты ағындарының, қазына, бағалы қағаздар және жұмыс күшінің жағдайы жайлы мәселелер жиынтығы. Мысалы, тауарлық нарықта сауда биржасы, көтерме және бөлшек сауда кәсiпорындары, делдалдық қызметпен шұғылданатын фирмалар және т. б жұмыс iстейдi

Ең алдымен, "инфрақұрылым" ұғымын қарастыру үшiн, "инфрақұрылым" терминінің өзі қандай мағына беретінін анықтау керек. Инфрақұрылым (латын тілінен infra - астыңғы, астында және structura - құрылыс, орналасқан жер) - нарықтың теориясында: негiзгi макроэкономикалық ағындардың өзара байланысын қамтамасыз ететiн нарықтық институттардың кешені. Инфрақұрылымды "кең" және "тар" деп танып бiледi. Нарықтық инфрақұрылымға кең мағынада барлық жергiлiктi нарықтардағы институттардың барлық жүйелерiн жатқызады. Тар мағынада инфрақұрылымның заттық объектілерiн айтады, әдетте өндiрiсi және қолдануы мемлекетпен қамтамасыз етiлетін "қоғамдық тұтыну тауарлары", (қалалық көлiк жүйелерi, сумен жабдықтаудың муниципалдық жүйелері және т. б. ) . Немесе басқаша айтқанда, инфрақұрылым бұл өндiрiске қызмет етуші шаруашылықтар салаларының кешенi. Мысалы, жолдар құрылысы, каналдар, порттар, көпiрлер, аэродромдар, қоймалар, энергетикалық шаруашылық, көлiк, байланыс, бiлiм, ақпараттық қамтамасыз ету, ғылымды, денсаулық сақтау және т. б. қосады. Қазiргi нарық деп, сатушы мен сатып алушыларға еркiн тауарды сатып алуға-сатуға мүмкiндiк беретiн жүйенi түсiнедi. Нарықтық құрылым әр түрлi

Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері: Нарықтың ақпараттық қызметі - нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады. Нарықтың делдалдық қызметі - нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.

Нарықтың баға белгілеушілік қызметі - нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады. Нарықтың реттеушілік қызметі - нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады. Нарықтың сауықтырушылық қызметі - нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:

Маржиналды (шекті) талдау принципі - нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Баламалы (экономикалық) таңдау принципі - берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

Экономикалық ұтымдылық принципі - рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді

Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым - бұл қоғамдық өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін фирмалардың қызметіне және тұрғындардың өмір-тіршілігіне әсер ететін шаруашылық ұйымдарының және коммерциялық емес мекемелердің кешенді жүйесі. Экономикада инфрақұрылымның мынадай түрлері қалыптасқан: Өндірістік инфрақұрылым - бұл өндірістік қызметтер мен халық шаруашылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ететін салалар мен салаішілік салалардың жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымның құрамына мыналар кіреді: өндіріске қызмет көрсететін көліктердің барлық түрлері, өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары, материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының объектілері, т. б.

Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайлар жасайды. Әлеуметтік инфрақұрылым - бұл халықтың дұрыс өмір сүруі үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық, рухани жағдайларды қамтамасыз ететін салалардың және салаішілік салалардың жиынтығы. Бұл әртүрлі қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру аясы.

Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамына мыналар жатқызылады: халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары, т. б. Нарықтық инфрақұрылым - бұл ерекше нарықтар ретінде әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық агенттіктер, заң қызметтері

3. НАРЫҚТЫҚ БАҒА СТРАТЕГИЯСЫ

Кезекші үлгісі. Бағалар мемлекет бақылауында болса, олар ұзақ мерзім өзгермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сұраныс пен ұсыныстың қандай болмасын тербелуі, тауарлардың тапшылығына, немесе, олардың өтпей жатып қалуына әкеліп соғады. Айталық, алғашқы мемлекет белгілеген баға тепе-теңдік баға болсын. Түрлі себептерге байланысты сұраныс өссін дейік. Баға тұрақты болып қалса, бұл жағдайда тапшылық пайда болады. Енді, тепе-теңдік орнату үшін ұсынысты көбейту керек, немесе, тапшы болған тауарларды тұтынушылардың арасында карточка жүйесін енгізу арқылы, немесе, нарықтық тепе-теңдікті кезекпен сәйкестікке келтіру арқылы рационалды жолмен бөлу қажет.

Кезек дегеніміз тұтынушылардың тауарды сатып алуға жұмсайтын шығындарының екі бөліктен тұратынын көрсетеді: тауарға ақшалай түрде белгіленген бағадан және кезекте тұрғандықтан туған шығындардан. Кезекте тұрғандықтан келген шығындарды, сол кезекте тұрғанда кеткен уақытта пайдалы еңбек жасалғанда түсетін табыстар шамасымен өлшеуге болады. Осыған байланысты мынадай тұжырымдар туады: «ұзын кезектен гөрі қымбат баға жақсы», «қымбат баға кезекті қысқартады». Қарсыластар: «қымбат баға хал-ауқатты төмендетеді». Осы тұжырымдардың екеуі де дұрыс болуы мүмкін. Көп адамдар, өзгерістер қандай болмасын, егер олардың нәтижесінде ұтқандардың байлығының өсуі, ұтылғандардың байлығының шығындарынан артық болса, онда осындай өзгерістер тиімді, ұнамды деп саналады.

Мемлекеттің кірісу жағдайындағы нарықтық тепе-теңдік үлгісі (кезекші үлгісіне косымша) . Егер нарықтық жағдайда мемлекет тауарлардың бағасын тепе-теңдік дәрежеде белгілемесе, онда артықшылық, немесе, тапшылық болуы күмәнсіз.

Егер баға тепе-теңдік дәрежесінен жоғары белгіленсе, артықшылық пайда болып, тауарлар қоймаларда қалып қояды. Бұл сатуды және сатудан түсетін ақы мөлшерін азайтады. Сондықтан мемлекет фирмалардың табыстарының азайуымен байланысты, олардың, қосымша жұмсалған шығындарын өтеуге мәжбүр болады. Осы мәселені шешудің ең жабайы жолы: артық тауарларды мемлекет өзі сатып алады. Осылай экономикалық тепе-теңдік орнайды. Керісінше жағдайда баға тепе-теңдік дәрежеден төмен белгіленеді. Нәтижесінде тапшылық туып өтелмеген сұраныс көбейе түседі. Мұндай ұнамсыз жағдайды жою мақсатымен мемлекет өзінің қаражаттарын пайдаланып тапшылықты болдырмау үшін, мысалы, импортты көбейтеді. Мемлекет өзіне қосымша тауарды жеткізуші қызметін жүктейді. Осылайша тапшылық, жойылады, экономикалық тепе-теңдік орнайды.

Осы замандағы батыс экономикалық әдебиеттері өзін-өзі реттейтін жүйе болып нарықтың қызмет етуін, нарықтық қатынастар субъектілерінің экономикалық іс-әрекеттерінің рационалдылығымен дәлелдейді. Олардың әрекеттерінің рационалды түрде жүруі.

Ынталар мен қажеттіктерді қамтамасыз етудің оптималдық әдістері арқылы жүзеге асырылуынан көрінеді. Фирмалар өздерінің табыстарын көбейтуді көздей отыра сонымен бірге, «көрінбейтін қолдың» қатысуымен, қоғамдық ынталарды да қанағаттандырады. Фирмалар өнімдердің осы көлемін өндіру үшін алдыңғы қатарлы технологііяны, өндірісті ұйымдастырудың қолайлы әдістерін қолданады. Олардың осындай әрекеттері жеке бастарының табысқа жетуіне, шығындарын үнемдеуіне жол аша отырып, сонымен қатар, жалпы коғамның байлығының молаюына ат салысады. Осылайша, нарықтық жүйе мүмкіндік тудырған жеке адамдардың өз басының табысты көздейтін әрекеттері түбінде бүкіл қоғамның қажеттерін толығырак қамтамасыз етуге жол ашады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға және баға жасау жайлы мәлімет
Баға теориясы. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі
Баға саясаты және баға стратегиясы
Кәсіпорында маркетингтік қызметті ұйымдастыру
Бағаның нарықтық экономикадағы рөлі. Баға белгілеу факторлары
Маркетингтің баға саясаты
Астыртын экономика нарығы
Баға белгілеу саясаты туралы
Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы
Кәсіпорынның баға стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz