Мемлекеттiк және жеке капитал



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
2
1 Капиталдың экономикалық мәні мен жалпы сипаты
3
2 Мемлекеттiк және жеке капитал
10
3 Банкроттық және нарықтық капитал
15
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болдыЭкономикалық теория ғылым болып тек ХVІ-ХVІІ ғасырларда ғана қалыптасады.Алғаш бұл теория, "ойкос"үй,шаруашылық,"номос"-заң).С онымен.саясикономия қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. XVII ғ. басында саяси экономия дербес Еңбек нарығ ында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдениетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады. Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Грекия, Рим, Қытай, Үндістан ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағанын негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған. Ксенофонт(б.д.д. 430-354 жж.), Платон (б.д.д. 427-447 жж.), Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.Көне Рим ойшылдары Сенека (465 б.д.д. жж.), Лукреций Кар (39~55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді."Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін"деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған.

1 КАПИТАЛДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз" деп Елбасымыздың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттiҚазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моральдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады Жалпы "капитал" экономикалық тұрғыда бiрiншiден - капитал деген өндiрiстiк құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншi жағынан - капитал деген бастапқы ақша сомасы.
Екi көзқараста да капитал шаруашылықта пайда табу мақсатында қолданылатын бастапқы өндiрiстiк резервтердi көрсетедi.Экономикада капиталдарды тиімді қолдану жалпы экономикалық дамуға қол жеткізеді. Капиталды қалыптастырудың басты мақсаты экономикада шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған және өз активтерін қаржыландыруды айтамыз.Экономикалық қатынастарда капиталдардың қызмет етуi қапитал нарығының болуымен сипатталады. Капиталдар нарығында капитал екi түрлi сипатта болады: өндiрiстiк нарықтағы және қарыз қаражаттары нарығындағы. Мұндағы өндiрiстiк нарықтағы капитал нақты өндiрiске қатысатын өндiрiстiк-техникалық құрал-жабдықтармен байланысты болады. Ал қарыз қаражаттары нарығындағы капитал ақша формасы негiзiнде көрiнiс табады. Ол өз кезегiнде ипотекалық нарыққа және қаржы нарығына жiктеледi.Қазақстан өзiнiң 14 жылдық экономикалық дамуында келесiдей капитал нарығының сипатымен ерекшелендi: Елде өндiрiстiк капитал нарығының дамуы әлi күнге дейiн оң бағыт ала алмай отыр, оның басты себебi ел экономикасына құйылып жатқан инвестициялардың басым бөлiгi өндiрiстiң шикiзаттық бағытына тартылуда, ал капиталдың қарыз қаражат нарығының дамуы ТМД елдерi iшiнде ең тиiмдi құрылған жүйе және рыноктық механизмде толық қанды дамып, қызмет iстеп отырған капитал нарығы болып табылады. Оның бiрден-бiр мысалы, елiмiзде ұзақ мерзiмдi несиелер, лизингтiк қатынастар, мемлекеттiк және корпорациялық бағалы қағаздар нарығының бiрiншi және екiншi нарықтарының дамуы, ұлттық биржа қор нарығының еркiн аймақ рентiнде қызмет етулерiн атап өтсек болады.
Сондай-ақ қандай-да болмасын рыноктық экономикада кәсiпкерлiк қызмет түрiн бастау үшiн ең бiрiншi капиталға қажеттiлiк туындайды. Қазiргi Қазақстан экономикасында жекешелендiрудiң жаппай жүргiзiлiп, кәсiпкерлiк қызметтiң дамуы капиталдарға деген сұраныста жылдан жылға артуда. Ол негiзiнен негiзгi өндiрiстiк капиталдарға деген қажеттiлiктен туындауда.Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын Капиталдың алғашқы қорлану теориясы. Қазақстан Республикасындағы капиталдың алғашқы қорлану формалары деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал мемлекеттiк деңгейде капитал нарығының екi сипаты да сапалы әрi толық қанды дамыса онда ұлттық экономиканың әлемдiк экономикадағы орны мен жағдайы да артадыКапитал бұл өздігінен қолданылып, өсуді қажет ететін экономикалық категория болып табылады. Капитал сондай-ақ, өндірістің үш негізгі факторы жер, капитал және еңбек күшінің бірі және ажырамас бөлігі болып табылады.
Экономикада салымдар бойынша капитал екі түрге бөлінеді: кәсіпкерлік және қарыздық капитал. Кәсіпкерлік капитал өндірістің нақты, материалдық емес және қаржылық активтерін қалыптастыру және оны басқару болып табылады. Ал қарыз капиталы бұл ақшалай сипаттағы, яғни несие формасында белгілі бір пайызбен қайтарылатын және кепілдемелермен қамтамасыз етілетін капитал. Капиталдың жалпы экономикалық мақсаты мен бағыты өз иесіне ағымды және болашақта тұрақты пайда әкелу және оның деңгейін көтеруді талап етеді.
Капитал- экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бiрi, нарықтық шаруашылықтың қажеттi элементi. Тауар өндiрiсi пайда болып қалыптасқаннан берi, капитал мынадай тарихи даму формаларына ие болған: сауда капиталы (көпес капиталы түрiнде), - табиғи капиталдың ең көне еркiн формасы, өсiмқорлық, осыдан кейiн - өнеркәсiпiкКапиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерiнде зерттелген. Капиалдың формалары мен экономикалық мектептердiң қосарласып дамуы бұл категорияны тұнғыш зерттеушiлердiң
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеудi өзiнiң "Капитал" (1867ж) деп аталған еңбегiнлде К.Маркс жүргiзген. Капиталдың қызмет етуiнiң нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнiн, мазмұнын айқындап көрсетедi. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны белгiлi бiр экономикалық қозғалыс деп тұжырымдады. "Капитал" экономикалық ғылымның тарихында капиталды, капиталистер мен жалдамалы жұмысшылыр арасындағы ерекше белгiлiк тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсеттi. Осымен қатар капиталдың заттық түрi болады: станок, машина, шикiзаттық түрiнде болады.Экономикалық теорияның классиктерi капиталдың алғашқы қолданылуын, капитализмнiң қалыптасуының бастапқы кезеңi деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзiндiк еңбекке негiзделген индивидуалдық жеке меншiктi жою процесi, жұмысшыларды өз еңбегiнiң шартына меншiктен шеттету процесi. Ол бiр жақтан, тiкелей өндiрушiлердiң тек қана жұмыскерге - идеалдық жұмыскер, екiншiден қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмiр сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Капиталдың алашқы қорлануының экономикалық негiзiн шаруалар мен қолөнершiлердiң жаппай экспропорционалдануы құрайды. Екiншiден, елдiң iшкi жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өрiс алды. Үшiншiден, капиталдың барлық нысандары - сауда, өсiмқорлық, өнеркәсiптiк -- екпiндi дамыды. Осымен бiрге капиталдың қорлануы ақша және құрал-жабдықтар түрiнде қорлану арқылы жүрiп отырды.
-Шаруашылық жүргізуші субъектісі капиталдың қайнар көзі бойынша меншіктік және қарыз капиталы болып жіктеледі; меншік капиталы кәсіпорынның өзіндік меншік активтерінен құралады және ол жалпы капиталдардың ішінде маңызды роль атқарып тұруы керек.
-Қолданылу мақсаты бойынша капиталдар: өнеркәсіптік, қарыздық және спекулятивтік болып бөлінеді.
-Инвестициялау формасы бойынша келесі формаларда болады. Оларға: ақшалай, материалды және материалды емес формада.
-Инвестициялау объектісі болып негізгі және айнымалы капиталдар жатады. Мұнда негізгі капиталға айналым активтері емес айналым емес активтер қатарына жатады.
-Меншік формасы бойынша капиталдар мемлекеттік, жеке және аралас болып жіктелінеді.
-Ұйымдық-құқықтық қызмет формасы бойынша капитал акционерлік және жеке капитал негізінде құрылады. Мемлекет тапшылығын жою үшiн мемлекет ақша капиталының иелерi арасында iрi сомаға қарыз орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз берушi бейнесiн алған буржуазия.
Үкiметтiң мiндеттемелерiне сәйкес төленетiн, елеулi көлемдегi проценттердi иеленуiне мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк несиенiң дамуы бағалы қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды. Осының негiзiнде көп мөлшерде экономикада ақша капиталдары немесе қаржы капиталдары қалыптасты.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесi қызмет еттi. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап еттi. Бұл басқа елдерден келетiн тауарларға шек қоюға және өнеркәсiп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшiн сыйлық төлеуге жол ашты. Осы саясаттың негiзiнде ұлттық капиталдың көбеюi мемлекеттiк негiзде iске асырылып, ол белгiлi бiр саясаттармен реттелiп отырылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын қамтамасыз етiп оны дүниеге әкелген өндiргiш күштердiң дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуi және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.Ел экономикасында капиталға деген сұраныстың өсуiне басты себеп кәсiпкерлiк қызметтiң жылдан-жылға дамуы болып табылады. Осы сұранысты қамтамасыз етудiң iшкi және сыртқы қайнар көздерi бар. Iшкi себептерге ең алдымен жекешелендiру реформасы жатады. Ол мемлекеттiк меншiктiң келесi әдiстер арқылы бөлiнуiне әсер етедi:
-өнеркәсiптiң ауыр және жеңiл салаларындағы қаражаттарды екiншiсiнiң пайдасына сәйкес қайта бөлу;
-капиталды қызметтер мен сауда сферасындағы шоғырландыру;
-сыртқы сауданы нарықтандыру нәтижесiнде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
-коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.
Ал сыртқы қайнар көздерiне шетелдерден келiп жатқан несиелер жатады. Экономикада капиталдарды тиімді қолдану жалпы экономикалық дамуға қол жеткізеді. Капиталды қалыптастырудың басты мақсаты экономикада шаруашылық етуші субъектілердің өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған және өз активтерін қаржыландыруды айтамыз. Осы мақсатқа жетуде және капиталдарды тиімді қалыптастыруда келесідей қағидалар қалыптасады: Капиталды тиімді қолдануды қамтамасыз ету. Бұл тиімді капитал құрылымы меншік және қарыз капиталдарының ара-қатынасы негізінде сипатталады. Кәсіпорынның меншік капиталына көбінесе жарғылық, үстеме және резервті капиталдар жатады.
Енді осы капитал нарығының қызмет етуі мен оның құрылымына келесі тақырыпта кеңірек тоқталып өтсек. Капитал нарығында капитал ұғымы бiрiншiден - капитал құрал-жабдықтар жиынтығы, екiншiден - капитал ақша сомасы. Екi көзқараста капитал шаруашыылқта пайда табу мақсатында қолданылады және өндірісті ұйымдастырудың басты құралы екендігін дегенді мойындады.
Капитал нарығы нарықтағы сатушыларды мен сатып алушылардың арақатынастарының объектiсiне байланысты, осы түсiнiкке анықтаманың екi варианты болуы ықтимал.
Бiрiншi вариант бойынша өндiрiс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшемiндегi физикалық капитал түсiнiледi: өндіріс құрал-жабдықтары, станоктар, машиналар, ғимараттар және т.б. материалдық-заттық объектiлер. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндiрiс факторлары нарығының бiр бөлшегi болып табылады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс - бұл өздерiнiң инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрiнiсi жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық жұмыстарға қатысу.
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Физикалық капиталдың фирма меншiгiне айналуына, немесе оның уақытша пайдалануға берiлуiне байланысты, төлемдер екi түрге бөлiнедi: капитал қызметтерiнiң толассыздығы (пайдалану бағасы) үшiн төлем және капиталистiк активтер үшiн төлем болып бөлiнедi.
Капитал қызметерiн пайдалану құны капиталдың ренталық (жалға беру) бағалануы болып табылады. Бұл нарықтық сұрыптама түрiн, немесе фирманың капиталдың бiр бөлiгiн жалға алғаны үшiн оның иесiне төлейтiн сома түрiн бiлдiредi. Бұл iс жүзiнде бүгiнгi экономикалық қатынаста лизингтiк келiсiм-шарт түрiнде көрiнуде, яғни кәсiпорын өз қызметiн iске асыруда лизингке құрал-жабдықтарды алып, оны өндiрiсте пайдаланып, ал лизинг берушiге алынған объектiнiң белгiлi бiр мөлшердегi құнын төлеп отырады.
Активтiң бағасы - капитал бiрлiгiнiң қандай уақытта болмасын сату және сатып алу бағасы болып табылады.
Екiншi вариант оБйынша қаржы нарығында капитал деп ақша ақша капиталдары түсiндiрiледi. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының құрамды бөлiгi болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектiсiнiң қызметiн атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы болып табылады. 2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай қарыз капиталдар нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлiнедi. Ақша нарығы мерзiмi бiр жылға дейiнгi банк операцияларының қысқа мерзiмдегi мiндеттерiне байланысты қалыптасады.
Капиталдар нарығы банктiң орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi операцияларына қызмет етедi. Осы нарық өзара ипотекалық нарыққа (кепiлдiң қарыз куәлiгiмен операцияялар жүргiзу) және қаржылық (бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу) нарыққа бөлiнедi. Қаржы нарығының субъектiлерiне банктер мен олардың клиенттерi, қор биржалары жатады, операциялардың объектiлерiне - жеке кәсiпкерлердiң және мемлекет институттарының бағалы қағаздары жатады.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмет етуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.
Қаржы капиталы объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.
Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау болып табылады.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Ақша нарығы және капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екiншiлiк нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз құралдары, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалықтары болады. Осылардың бiр-бiрiмен айырмашылықтары бар және олар төмендегiдей жағдайларға байланысты болады.
Бағалы қағаздар - белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға - эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы - бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару - екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi - Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы индосамент болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар қарыздың қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық бағалы қағаздар капиталдық және мүлiктiк - есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа бөлiнедi:Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар.

2 МЕМЛЕКЕТТIК ЖӘНЕ ЖЕКЕ КАПИТАЛ

Қазақстанда мемлекеттiк және жеке капитал көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді.
Банкроттық және нарықтық капитал байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Банкроттық және нарықтық капитал айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек.
Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру -- үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды.
Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алу
Орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда - рын білмеді.
Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы - бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғылық капитал есебі
Капиталдың халықаралық қозғалысы
Жapғылық кaпитaл еcебі
Меншікті капиталдың қалыптасуы мен жұмсалуының есебі
Капитал салымдарының түрлері
Жарғылық капиталдың есебі
Резервтік капитал аудиті
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
Меншік капиталдың ұйымдастырушылық есебі
Капиталдың экономикалық табиғаты. негізгі капитал
Пәндер