КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 820574

КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Э. Қ. Пертаева
“Тараз” институты, Тараз қ.

Дулат пен Абай творчествосының танымдық, қоғамдық, көркемдік мәнін
толық ұғыну үшін әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері,
үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастыруымыз қажет. Көркемдік
дәстүр жалғастығы жайында Н.Келімбетов былай дейді: “Тарихи жалғастық -
қоғам дамуының объективті заңдылығы екені мәлім. Мұндай жалғастықтың өзі
қоғамда қалыптасқан белгілі бір дәстүрге негізделеді. Дәстүр дегеніміз -
бір ұрпақтан, келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан
қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр халықтың мінез-құлқы
мен іс-әрекеттерінің рухани негізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік
дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені, әрбір ұрпақ
өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны
– жаңа қоғамдық, тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана
қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады” [1,38
бет].
Дулат пен Абай ХІХ ғасырда өмір сүрген ақындардан қаншалықты оқшау,
дара тұрса, өлеңдеріне тән өлшем-үлгілерімен де өз кезінің поэзиясынан
соншалықты ерекшеленіп тұрады. Дулат өлеңдеріне тән өлшем-өрнектердің
қайсыбірі кісіні өте көне дәуірге жетелесе, ал енді бір парасы Абай
өлеңдерінің өлшем-өрнектеріне әкеледі. Қ. Өмірәлиевтің айтуына қарағанда,
“ХІ ғасырдағы түріктердің ауызша және жазбаша поэзиясында екеуіне тел ортақ
– а а а б - ә ә ә б – в в в б... – түрінде ұйқас құрайтын 7-8 буынды өлең
үлгісі болды” [2,41 бет]. Айталық, Махмұд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрк”
сөздігінде мынадай жыр үлгісі бар:
Иай барубан еркүзі,
Ақты ақын мундузы,
Тоғды йаруғ йулдузы,
Тыңла сөзүм күлкүсүз,
Түрлүк чечек йарылды,
Барчын йазым керілді,
Ужмақ йері көрүлді,
Тумлуғ йана келгүсүз [2,62 бет].
Міне, ХІ ғасыр өлеңіне тән өлшем-үлгі өзінің бар осы ерекшеліктерімен
ХІХ ғасырда Дулат өлеңдерінде қайталанады:
Атаны бала алдады,
Шешеге назар салмады.
Теңгерер жақсы қалмады,
Қысқа менен ұзынды...
Мәстек озып бәйге алды,
Бағасыз қыран жай қалды,
Достықтың қылы үзілді [3,83 бет].
Дулат жырларының бір өзіндік ерекшелігі – Қашғари өмір сүрген түркі
дәуірінен бастау алып, ұлы Абай салған қазақтың төл жазба әдебиетіне
дейінгі дәуірге желі болып тартылған айшықты жырлар мен отты ойлар тудыруы.
Ол – нағыз ақындық үлгіде өлең жазып, оның негізін салды деп айтуға әбден
лайық адам. Дулат – қазақ төл жазба әдебиетінің алғашқы нышандарын тудырған
ұлы реформатор.
Х-ХІІ ғасырлардағы түркі поэзиясымен қазақ жырауларының жыр-толғаулары
арасындағы дәстүр жалғастығын, байланыс белгілерін де аңғару қиын емес.
Мәселен, М.Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрк” сөздігінде батырлар бейнесін
сипаттайтын жоқтау, мақтау өлеңдерінің ғажайып үлгілері бар. Х\-Х\ІІІ
ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауларының поэзиясында мұндай модельдік
формалар біршама жетілдірілген түрінде қайталанып отырады. М. Қашғари
“Сөздігінде” алып Ер Тоңа батыр өлгенде айтылатын ұзақ жоқтау былай
басталады:
Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тоңаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма,
Қайғылы жүрек жыртылды- ау,
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты,
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау (4,92 бет).
Мұнда шумақтың алғашқы үш жолы ұйқасады да, төртінші жолы келесі
шумақтың төртінші жолымен үндесіп жатады. Жырдың мұндай түрі бертінде, ХІХ
ғасырда өмір сүрген Дулаттың өлеңдерінде жиі ұшырайды:

Сен туған жерді тастадың,
Теріске елді бастадың.
Арқаға аяқ басқаның,
Қаратаудан асқаның.
Түлігі төртеу мал үшін,
Ен жерді мекен етем деп,
Игілікке жетем деп,
Кеңшілік сүтін ішем деп,
Ой менен тон пішем деп,
Қара қазан, сары бала,
Кемпір-шалдың қамы үшін- [3,63 бет]
деп толғайды. “Алып Ер Тоңа” дастаны – түркі тайпаларының байырғы
поэтикалық өлшемінде “көг” өлшемінде туған”, - дейді Қ. Өмірәлиев [5,72
бет]. “Бұл өлшем бойынша, жырдың алғашқы үш жолы өзара ұйқасады да,
төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен ұйқасып отырады. Көне түркі
поэзиясының көг өлшемі негізінен –а -а –а –б; -в –в -в –б; -г -г -г -б
түрінде болып келеді:
Алп Ер Тоңа өлді му?
Есіз ажун қалды му?
Өзлек өчун алды му?
Емді йурэк йыртулур.
Ежелгі түркі жырларына тән ұйқастың мұндай түрі бертін келе қазақтың
ақын-жыраулары поэзиясынан да кең орын алғаны мәлім. Мәселен, Доспамбет
жырау, Шалкиіз жырау толғаулары мен Дулат, Абай сияқты ақындардың
өлеңдерінде көг өлшемі жиі ұшырайды. Көне түркі ауыз әдебиеті тудырған
мұндай жыр өлшемін ұлы Абай өзіне ғана тән шеберлікпен жазба әдебиетте
көркемдік дәстүр ретінде жалғастыра түсті.
Мәселен, Абай “Білімдіден шыққан сөз” деген өлеңінде:
Әділет басқан елер ме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сене ме,
Түзелмесін білген ез?

“Айтшы-айтшылап” жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жолығар,
Ұйқылы ояу бойкүйез, - ”
дейді [6,29 бет]. Сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан әдеби дәстүр
жалғастығы мазмұндық және модельдік бірліктің қатар сақталуына негізделеді.
Әдетте, көне түркі поэзиясында есімшенің - ған, -мыш, формалары басым болып
келеді, әрі ұйқасып тұрған сөздер етістік (баяндауыш) қызметін атқарады.
Мәселен, М. Қашғари “Сөздігінде” мынандай жыр жолдары бар:
Ерді ашып татурған,
Иавлақ йағығ қатарған,
Бойынан тутуы қазырған,
Басты өлім ағтару [4,12 бет]
Дәл осындай жыр үлгісі ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясына да тән деуге
болады. Махамбет:
Садағына сары жебе салдырған,
Садағының кірісін,
Сары алтынға малдырған,
Тереңнен көзін ойдырған [7,69 бет].
Дулат:
Аққан жасы сел болған,
Етегі толы көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, қайғы алған.
Қайғылыны уаттым [3,22 бет].
Дулаттың “Тобышық атты бүгілтіп” деп басталатын өлеңіндегі:
Күнбатысқа көз салмай,
Күншығысты еске алмай,
Бізді алатын жау жоқ деп,
Бізден мықты жау жоқ деп,
Алды-артыңды байқамай,
Маған не бар дескенсің, - [3,47 бет]
деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ МЕН ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРМЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Жыраулар поэзиясында троптардың қолданылуы
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Пәндер