ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОК (УДК) 940. 2 (574)

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Ж. Исахметұлы, А.Е. Жұрынбай
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта
даярлау институты, Тараз қ.

Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың,
әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас
туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың
өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе
болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі –
қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны
қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет
(дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде
А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс
халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы,
орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының
Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, -
оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много
богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних
культур Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные
культурные очаги, без которых история Евразии не может быть полностью
понятой. Как мы видим по находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье ведет
их путь на Дон и на Дунай 1,19 бет.
Л.Н.Гумилев Көшпенділер мәдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта
теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан
өткерді 2, 112 бет деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпенділер
өркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия,
одан қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мәнінде Шығыс
пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің Еуропа мен
Шығыстың өмір салтымен бәсеке болуға мүмкіндігі бар-ды. Барша мемлекетті
Ел деп атаған, баспалдақты-бағынышты жүйе жасаған, шен-шекпенді билеуші
топқа орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне
баршаны игізген, өмірге деген көзқарас арқылы өмір салтын әлемге білгізген
Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық теориясына негіз бола алды. Бұл
көзқарасты А.Сейдімбек те қолдайды 3,45 бет.
Көшпенділер өркениеті деген ұғымды Ә.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов
сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады. Көшпенділер қоғамы деген
терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар ғылыми айналымға қосты.
Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті болды- деген
пікір көбірек айтылуда 4,95 бет.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді
өркениетін континентальды деп атағаны белгілі. Егер біз Еуразия
сахарасындағы өркениетті осы тұрғыдан қарасақ, ол баяғы Ұлы Қыпшақ даласы –
Дала өркениеті, И как бы не называли эту культуру – половецкая,
печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что степи на
одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по
тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские 5,84 бет - деп
әділ көрсетеді Мұрад Аджи.
Жалпы, Дала деген ұғымды тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ
жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Онон мен Керулен, Ертіс,
Тобыл, екінші шеті Жайық, Кәрі Каспий, Арал, Еділ Ұлы сахараның сәні мен
әні еді ғой. Бүгінгі қазақ елінде 45000 өзен, 85000 көл атының болуы
ойландырса екен. Ал Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары
жер бедерін безендіріп тұрған жоқ па? Ендеше Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті
Қыпшақ сахарасы әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өркениет емес
пе? Осы ұлан-ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
Бірінші, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын
қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы, тоқсан жолдың торабы еді.
Екінші, біздің жылсанауымыздан мың жылға жуық бұрын Алтайдан Донға
дейін Еуразия сахарасында пайда болып, эволюциялық даму сатыларынан өтіп,
бірегейлік, біртұтастық қадір-қасиеттерін сақтаған өркениет – Дала
өркениеті 7000 км аралықта өрбіді. Бұл географиялық аймақта этномәдени
тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар
өзара әлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара байланысты. Осы
тектер тоғысында түркі тегі, оның бірегейлігі жеңіп шықты. Біздің жыл
санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяқ шегінде адамдары ең жүйрік аңы -
жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украинадағы Дерьевка
елді мекені, Ресейдегі Воловад қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай
қонысындағы археологиялық қазбалар, т. б. осының дәлелі.
Үшінші, сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб
өркениеттерімен тоғысты.
Төртінші, Ұлы Далада барлық әлемдік діндер тоғысты. Шаманизм, тәңірге
табыну, зердеш, пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Қазақ тарихы ─ түркілердің көшпелі өркениетінің құрамдас бөлігі
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Мәдениет және өркениет туралы
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРШI ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
Түркі тайпаларының діні
Саһа кеңістігі
Түркілердің ежелгі сенімдері
Пәндер