АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. АДАМ ӨЛТІРУДІҢ
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5

1.1 Өмірге қарсы қылмыстардың тарихы мен жалпы сипаттамасы ... ... . 5
1.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекс бойынша адам
өлтірудің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 6
1.3 Адам өлтіруді ауырлататын мән-
жайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

2. АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
... ... ... ... 18
2.1 Жаңа туған сәбиді анасының
өлтіруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Жан күйзелісі жағдайында адам
өлтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.3 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру ... ... ...
19
2.4 Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың
шегінен шығу кезінде жасалған кісі
өлтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.5 Абайсызда кісі
өлтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 20
2.6 Өзін-өзі өлтіруге дейін
жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.7 Адам өлтірудің неғұрлым жиі кездесетін
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... . 21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында "ең қымбат
қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп
жарияланған. Өмір сүру құқығы - ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына
болмайтын адамның басқа барлық қүқығының ең негізгісі. Қазақстан
Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға әр уақытта артылықшылықтар береді.
Соңғы жылдары ерекше өткірлікпен маңыздылықа адам өмірі мен
деңсаулығына ауыр қол сұғушылықтармен күресу ие болуда. Осы қоғамдық
қиындық бүгінде қоғам үшін ақиқатты қауіптілік тудырып отыр. Адамға қарсы
жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру қылмысы болып
табылады. "Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза
келтіру" деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 96-бабында
көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабында әркімнің
өмір сүруге құқығы бар және ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы
жоқ екендігі айқыдалған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
адам өмірін қорғайтын бірқатар нормалар бар: адамды өлтірген үшін (96 - 101
баптар), өзін-өзі өлтіруге жеткізгені (102 бап), қауіп үстінде қалдырғаны
(119- бап), ауру адамға көмек көрсетпегені (118-бап) және басқа да
қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қазақстанның қылмыстық
заңнамадағы едәуір өзгерістер тіркелген қылмыстар санының азаюына себеп
болды (№1 Қосымша). Алайда, қылмыстық заңнын "қатаңдылыгына" қарамастан,
статистикалық деректер бойынша адам өлтіру қылмысының көрсеткіштері жоғары.
Курстық жоба тақырыбының маңыздылығы Адам мен азамат құқығының жалпыға
бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығы мен әр адамның өмір
сүру құқығы, Қазақстан Республикасы Конституцияның 15 бабында
жарияланғанынан көрінуде. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
Қазақстан - 2030 стратегиясында ұзақ мерзімді басым ретінде: барлық
қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен
мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту айқындалған.
Курстық жоба мақсаты - түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, адам
өлтіру туралы білімдерді жүйелеп терендету, бұл қылмыстың заңдылық
жауаптылығын және оны ауырлататын мән-жайларды қарастыру, адам өлтірудің
түрлерін саралау, сондай-ақ кәзіргі кездегі қылмыстықтың ішінде адам
өлтірудің үлесі мен динамикасын анықтау.
Курстық жоба жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің ресми

1 Алауханов Е. О. Криминология: Алматы: Жеті жарғы, 2005 ж. 74 бет

мәтіндері, оларға берілген түсініктемелер, басқа да нормативтік құқықтық
актілер, адам өлтіру мәселесіне арналған ғылыми еңбектер, қазақтардың көне
құқығының әдет-ғұрып ережелері, қылмыстық құқық, криминология,
криминалистика пәндерінен оқу-әдістемелік әдебиеттер, құқықтық статистика
деректемелер қолданылды.

1.АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ.

1.1. Өмірге қарсы қылмыстардың тарихы мен жалпы сипаттамасы

Қазақ хандығында Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы,
Тәуке ханның Жеті жарғысы деп аталатын заңдар болды. Бұл көне заңдарда
адам өлтіру мәселесіне елеулі орын берілген. Мысалы, Қасым ханның қасқа
жолы ережесінде адам өлтіру қылмыс деп танылып, қылмыс заңы бойынша
қудаланатын1. Қасым ханның қасқа жолы бір ғасырдай атқарылған соң тиісті
толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп Есім ханның ескі жолы деп аталып,
адам өлтірудің мәселесі маңыздылығын жоғалтпай қарастырылған. Қазақ хандығы
заңдарының түп-төркіні қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-
ғұрыптық ережелерден шықты. Тәуке ханның Жеті жарғы жекелеген баптарында
хан жоғары судья болған, ол қылмысты және теріс қылықтары үшін, жазаға
тартқан. Қазақ хандығы заңдарының қылмыс заңынагі оның таптық мәні айқын
көрінеді: Тәуке ханның Жеті жағысында қысаспен әдейілеп кісі
өлтірушілерге бұрынғыдай қанға қан, жанға жан алу ережесі сақталды.
Өтірілген адамдардың туыстары кісі өлтірушіні өлтіруге құқылы немесе
тапапкерлердің келісімі бойынша қылмысы үшін белгіленген құн төлемен
жазаланаты. Кісі өлтіруші құл төлеп, яғни әрбір өлтірілген ер кісі үшін
1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлеп өмірін сақтапқалады.
Қазақ хандығы заңдарының негізі - феодалдық базис пен патриархалдық-
феодалдық өндірістік қатынас болды (№2 Қосымша) :
- сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам өлтірілген адамның
туыстарна
жеті адамның құнын төлейді;
. - егер әйелі күйеуін өлтірсе ол міндетті түрде өлтіріледі, егер туыстар
оған кешірім жасамаса, одан құн төлеп құтыла алмайды;
1. егер күйеуі әйелін өлтірсе, ол жазасына құл төлеп құлыла алады;
2. күйеуі өз әйелін зинақорлық үстінде ұстаса оны өлтіре алады;
3. ата-аналарына өз балаларын өлтірген үшін ешқандай жаза қолданылмайды;
- некесіз тапқан нәрестесін ұяалғанынан өлтірген әйел өлім
жазасына кесіледі;
- өзін-өзі өлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді.

Қазақ ССР-нің 1959-жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық
анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997-жылғы жаңа
Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген.
Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру дегі Қылмыстық
кодекстің 96-бабында тура көрсетіген.

Адам өлтіру - жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры. Бұл қылмыстарды
ашу ерекше қиын және жүмыс көлемі үлкен болғанды ұтан, кісі өлтіру бойынша
істерді күрделігіен қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.
Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғай негіздері мыналар болып
табылады:
1)кісі өлтіру белгілері бар мәйіттін табылуы;
2) өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы.
Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп
қарауға болады:
1. ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін
адамдардың болуы. Егер көрген болмаған жағадйдын өзінде де, кісі өлтіруші
өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда;
2. жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмысиық ешкім көрмеген жағдайда
жасалуы, қылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы,
куәгерлер қатысқан жағадйдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап,
жауапкершіліктен құтылып мақсатын іске асыруы.
Кісі өлтіру туралы істер бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде
ең маңызды орынды сот-медицина сараптамасы алады, оны тағайындау дене
жарақаттары сипаты мен өлімнің болу себептерін анықтау үшін міндетті болып
табылады.
Сот-медициналық сараптамасы жасалған қылмыстың жағдайлары, өлтіру
алдындағы жағдайла, өлтірудің құралдары, жәбірленуші тұлғасы, сезіктінің
тұлғасы, қылмыстың сылтауы мен мақсаты, мүмкін қылмыс болмай, инценировка
жасалған шығар мәселелерін шешу үшін тағайындалады.

1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодескі бойынша адам
өлтірудің ұғымы.

Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексі
бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК-тің 96'
бабы); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 97 бабы); жан күйзеліс
жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98 бабы); қажетті қорғаныс шегінен
шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 99 бабы); қылмыс жасаған адамды
ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-
тің 100 бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тің 101 бабы); өзін-өзі өлтіруге
дейін жеткізу (ҚК-тің 102 бабы). Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар,
адам өлтірумен байланысты. Адам өлтіру-жеке адамға қарсы қылмыстардың, ең
ауыры. ҚК-тің 96-бабының бірінші бөлігі, адам өлтіру дегеніміз-басқа адамға
құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп анықтама береді. Адамның өмірі
табиғат берген, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді.
Адам өлтіру объектісі-адамның өмірі, ол адамнын азаматтығына, ұлтына және
нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен
айналысатына, денсаулық ахуалына, біліміне,т.б. байланысты емес. Қылмыстық
заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен
қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің
кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер
етпейді.
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін
оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Қылмыстық-құқықтың
тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп
саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған адамның өміріне қастандық жасау
мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір
басталды деп есептейді. Бірақ қылмыстық заң ғылымында көптеген ғалымдар
өмір адам туылғаннан кейін басталады деп пікір айтады. Физиологиялық тууға
дейін баланы өлтіріп түсіру, егер оған медициналық негіз болмаса,
криминалдық абортқа жатады.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми
қабы клеткаларының бір жола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық
тоқтаған кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа клиникалық өлім деген
түсінік бар, бүл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады. Қазіргі медицина
тоқтап қалған жүректі бірнеше сағаттан кейін қайта жүргізе алатындай немесе
оны басқа жүрекпен ауыстыратындай дәрежеге жетті. Мұндай жағдайда өмірі
қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Жүрек тоқтағаннан кейін бас миының
қабы 4-7 минут өткен соң өледі, бұл жағдайда адамды тірілту мүмкін емес.
Адам клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып
қалпына келсе, мұндай іс-әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады.
Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру
деп санауға болады.
Өлтіру, ол-басқа адамның өмірін жою. Өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі
өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды.
Тірі екен деп қателесіп өлі адамға қастандық жасау өлтіруге оқталғандық
болып саналады.
Жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп
танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң
болғандығы маңызды емес.
Қылмыстың объективтік жағы Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен
де жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру,
уландыру, т.б.),психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған
лақап таратып, т.б.), айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын
адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы. Бұл
жағдайда қандай да бір объективтік және субъективтік алғышарттар болуы
тиіс: заң бойынша-туыстық жақындығы, кәсіби борышы, жасасқан шарт бойынша
міндет артылуы және ол міндетті орындай алатын мүмкіндік болуы тиіс.
Мысалы, баласын өлтіру үшін анасы оны тамақтандырмайды, дәрігер өлім
халінде жатқан адамға тиісті көмек көрсетпейді.
Өлтіру тәсілдері әрқилы. Кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің
сараланған түрін қарайды (ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің д және е
тармақтары). Ол,көбіне, жаза тағайындағанда ескеріледі.
Қоғамға қауіпті зардаптың - адам өлімінің болуы-бұл қылмыстың
объективтік жағының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері
жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс
аяқталды деп саналмайды.Адам өлтірудің басқа бір нышаны-айыптының іс-
әрекеті мен жәбірленушінің өлімі арасындағы себептік байланыс. Қылмыс
нәтижесінің кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт.
Адам өлтіру-заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен
өлтдрсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай
әрекеттерге -өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен
асып кетпей қол сұғушыны өлтіру(ҚК-тің 32 бабы), қауіпті қылмыскерді
ұстаған кезде оны лажсыздан өлтіру (ҚК-тің 33 бабы).
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады.
Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын,
ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмаң қалмайтынын
біледі, соны тілейді-яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына
немқұрайды қараса-жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і. бойынша
абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам
өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады:
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың
да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен
мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайдынемесе
жаза тағайындағанда ескеріледі. Адам өлтірудің субъектісі - жасы 14-ке
толған, есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін
жауаптылық 16 жастан басталады.
ҚК-тің 96 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтірдің қарапайым деп
аталатын түріне жатады. Бұл түрде жазаның жеңілдететін мән-жайлары да жоқ,
сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ, адам өлтіру жатады. Сот практикасы
адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану
сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған
жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.

1.3 Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлар.

Екі немесе одан көп адамдарды өлтіру. 1996 жылғы 20 желтоқсандағы №
.11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот
Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына
қастандық жасағандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың
қолдануы туралы №7 қаулысында былай көрсетілген: ҚК-тің 96 бабы 1
бөлігінің а тармағы бойынша екі немесе одан көп адамды қасақана өлтірген
жағдай саралануға тиіс, егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа
уақыт аралығында орындалса және де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей
немесе жанама ниетінің болғандығы анықталса. Айыптының ниеті бірнеше адамды
өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды өлтіріп, екінші адамға қастандық
жасаса, бүл аяқталған қылмыс ретінде - екі немесе одан да көп адамды
өлтіргендік деп қарастырылмайды, себебі - қылмыс субъектісінің еркіне
байланысты емес мән- жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге
аспай қалды. Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК-тің 24 бабы және 96 бабы 2
бөлігінің а тармағы бойынша және басқа сараланатын нышандардың болуына
қарай ҚК-тің 96 бабының 2 бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау
керек. Ал қылмыскерлердің бір адамды өлтіру және екінші адамға қастандық
жасау әрекеттерінің қандай кезекпен орындалғандығы қылмысты саралауға әсер
етпейді.
Егер қылмысты бірнеше адам орындайтын болып, олар бірнеше адам
өлтіруді алдын ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы
басқа адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе, олардың әрқайсысының
әрекеті ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің а тармағы бойынша саралануға жатады.
Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бүл
әрекеттер айыпкердің бір жолғы ойымен жүзеге асырылмаса, онда бүл қылмыстар
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің н тармағы бойынша бірнеше адам өлтіру ретінде
сараланады.
Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай өлтірген
айыптының әрекетінде бүл қарастырылып отырған қылмыстың қүрамы жоқ, ол екі
қылмыстың жиынтығы: адам өлтіру және абайсызда кісі өлтіру қылмыстары
ретінде сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру көптеген адамдардың өміріне
қауіпті тәсілмен жасалса, бүл іс-әрекетті ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің а
және е тармақтары бойынша саралау керек.ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің а
тармағы қолданыла алмайды, егер екі адам өлтірудің біреуі жеңілдететін мән-
жайларда жасалса (ҚК-тің 97-100 баптары).

2. Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе коғамдык
борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру.
Қылмыстың бтүрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы , сондай-ақ
кәсіби және қоғамдық борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары
болуы мүмкін. Бүл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік
міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын занды түрде атқаруына қарсы
тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды
өлтіруі, тергеуде немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда
адам өліміне себеп болған әрекеттің қашан жасалғандығына мән берілмейді.
Жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби не қоғамдық борышын
атқару кезінде ғана өлтірілуі міндетті емес.
Айыптының әрекетін осы көрсетілген тармақ бойынша саралау үшін, адам өлтіру
сол жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық не кәсіби борышты
өзінің туыстарының немесе жақындарының емес атқаруымен байланысты жүзеге
асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қастандық жасағандық
үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы қаулысында
көрсетілгендей, жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық не кәсіби
борышты атқаруына байланысты жасалған қылмысты саралағанда айыпталушы
өзінің қызметтік міндетін немесе қоғамдық борышын атқарушы адамға қарсы
әрекет жасап отыранын және соған байланысты қылмысқа баратындығын өзінің
түйсінетіндігін және жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық борышты
атқарудағы қандай заңды әректтері айыптыны қылмыс жасауға итермелегенін
анықтау қажет.
Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз - адамның мемлекеттік немесе
басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне
жататын әрекеттерді жасауы.
Қоғамдық борышты атқару дегеніміз - кез-келген азаматтың өзіне
жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін
көздейтін кез-келген басқа әрекеттерді орындау.
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта
қаралуына, алдын-ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің, сот шешімінің
немесе өзгедей сот актісінің орындалуына байланысты судьяның, прокурордың,
тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, сот
приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не
өлтіру) арнаулы норма - ҚК-тің 340 бабы бойынша жауаптылыққа апарады.Құқық
қорғау органының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын
деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер
жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің б
тармағы бойынша саралануы тиіс.
Жаңа қылмыстық заң бү_л құрамға қоғамдық борышпен қатар жаңа нышан -
кәсіби борышты енгізген. Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін
міндеттер жатады.
Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышын
атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. Жақындар
деген түсінікке тек арғы бергі туыстар ғана жатпайды, сонықатар достық,
сүйіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т.б.) адамдар да
жатады. Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе
қоғамдық борышты атқарумен бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін
өш алу мақсатында жасалынады.
3. Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты
адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру. Адамды ұрлау не адамды кепілге
алу оқиғаларының көбеюі, дәрменсіс жағдайдағы адамға қастандық жасау
фактісіне қоғамның басқа көзбен қарауы, бүл жайларды адам өлтірудің
саралаушы нышандары ретінде санауға негіз болады. Адамның дәрменсіз жағдайы
дегеніміз - адамның физиологиялық немесе басқадай себептермен (әлі
жас,қартайған, ауру, кеміс: соқыр, керең, ақсақ, шолақ, т.б.) қылмыскерге
жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтірудің бұл түріне ұйықтап жатқан
немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір себептермен есінен танған
адамдарды өлтіру де жатады. Бұл жағдайда жәбірленушінің дәрменсіз екендігі
айыптыға белгілі болуға тиіс. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы айыпкердің
әрекетінің салдарынан да, онсыз да болуы мүмкін. Ұрланған немесе кепілге
алынған адамды өлтірудің осы қарастырылған нышанмен ұқсастығы бар,
сондықтан олар 96 баптың 2 бөлігінің бір тармағына біріктірілген. Ұрланған
немесе кепілге алынған адам да дәрменсіз болады. Мұндай адамды өлтіру 96
баптың 2 бөлігінің в тармағы бойынша сараланады.
ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің осы қарастырылып отырған тармағы
қолданылғанда жәбірленушінің ұрланған кезде немесе бірқатар уақыт өткеннен
кеңін қаза болғандығы ескерілмейді. ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің в тармағы
үрланған немесе кепілге алынған адамның өлтірілгендігін ғана емес, сонымен
қатар адамды ұрлауға немесе кепілге алуға байланысты басқа адамдардың
өлтірілгендігін де қамтиды (мысалы, кепілді босатуға тырысқан немесе
ұрлауға кедергі келтірген адамды өлтіру).
4. Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру. Бұл қылмыс үшін
жауаптылықтың қатаң болу себебі сонда - мұндай жағдайда қылмыскер тек
әйелді ғана өлтіріп қоймайды, бойына жан біткен, бірақ әлі өмірге келмеген
ұрпақты да өлтіреді.
Бұл бөлікті қолданудың бірден-бір шарты - әйелдің жүкті екендігін
айыпты білуге тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994
жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған
қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы
қаулыда былай делінген: өлтірген кезде ол әйелдің жүкті екенін айыптының
білуі жеткілікті, бұл жағдайда іштегі баланың қанша айлық екендігі, оның
қалай өсіп келе жатқандығы, әйелдің тиісті дәрігерлік мекемеде өзінің
жүктілігін тіркеткен-тіркетпегендігі рөл атқармайды. Айыпты адам әйелдің
жүктілігін сырт пошымынан, әйелдің өз сөзінен немесе медициналық
құжаттармен танысу арқылы біле алады. Қалай болғанда да жүктілік анық
белгілі болуға тиіс. Әйелдің жүкті екендігін білмеген адам бұл тармақ
бойынша жауапқа тартылмайды. Және де, қылмысты осы тармақпен саралау үшін
іштегі баланың әйелге қастандық жасау нәтижесінде немесе одан бұрын
өлгендігінің заңдық маңызы жоқ.
Егер айыпты адам әйелді жүкті екен деп ойлап өлтірсе, бұл әрекет екі
қылмыстың жиынтығымен сараланады - біріншіден, жүкті екендігі айыпкерге
белгілі әйелді өлтіру және жай немесе басқа ауырлататын мән-жайлармен
сараланатын адам өлтіру. Жәбірленушіні шатастырып, басқа адамды өлтірген
жағдайда қылмыс осылай сараланады (өлтіруге тиісті жүкті әйелдің орнына
қателесіп айыпты ондай жағдайда емес басқа адамды өлтіреді).
Жүкті әйелді өлтіргенде айыптыда жәбірленушінің өліміне қатысты, тікелей
ниет те, жанама ниетте болуы мүмкін. Өлтіру себептері әртүрлі болғанмен,
олардың қылмысты саралауға ықпалы болмайды. Мысалы, жүкті әйелді
қызғаныштан өлтірген адам ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің г тармағы бойыніпа
жауапқа тартылады.
5. Аса қатыгездікпен адам өлтіру. Жәбірленушіні аса қатыгездікпен
өлтіру дегеніміз - айыптының айуандық әрекеттерге баруы, адамгершілік
шегінен шығуы. Аса қатыгездікті мынадай мән-жайлар сипаттайды:
➢ өлтіру тіәсілі (жәбірленушінің денесіне көптеген жарақат салу, көму, ас
су бермеу, уландырып қинау,қышқылмен күйдіру,т.б.).
➢ өлтірер алдында немесе өлтіргенде садистік қылық көрсету (қинау,
зорлау,жанын күйзелту);
➢ жәбірленушіні жақындарының көзінше өлтіру, оларды күйзелту.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23
желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін
жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы қаулысында былай
делінген: Қасақана өлтіруді аса қатыгездікпен жасалған ретіңде сипаттайтын
мән-жайларды баға бергенде аса қатыгездік тек объективтік әрекеттермен ғана
емес, сонымен қатар айыптының өз іс-әрекетіне психикалық қатынасымен де
сипатталатынын ескеру қажет. Аса қатыгездіктің нысандары болу үшін айыпкер
өлтірер алдында немесе өлтіріп жатқан кезде жәбірленущіні қинайды, жанын
күйзелтеді, не алдын ала әдейі қинап өлтіреді, өлі денені қорлау, бүлдіру
де аса қатыгездіктің белгісі, ол әрекетті ҚК-тің 96 бабы 2 бөлігінің д
тармағымен саралауға негіз болады.
Аса қатыгездікпен өлтіргенде айыпкер өзінің іс-әрекетінде аса
қатыгездік сипат бар екендігін түйсінуге, соны қалауға немесе оған саналы
түрде жол беруге тиіс. Жоғарыда аталғандай, аса қатыгездік тек объективтік
әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен де
сипатталады. Бірақ аса қатыгездік түсінігі медициналық емес, құқықтық.
Адам өлтірудің бұл саралаушы нышанының бар жоғые қоғамда қалыптасқан
моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып тергеу және сот органдары
анықтайды. Адам өлтірудің нақты тәсілін қолданғанда жәбірленушінің өлім
алдында ерекше күйзелісте болған-болмағанын дәрігер-сарапшы анықтайды.
Өлім денені жойып жіберу немесе оны мүшелеп тастау барлық уақытта
бірдей аса қатыгездік әрекетте жата бермейді. Аса қатыгездік жасаудың
себ.ептері әртүрлі болады: кек, қызғаныш, бас пайда, т.б. Олар қылмысты ҚК-
тің 96 бабының 2 бөлігінің д тармағы бойынша саралауға әсер етпейді.
6. Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам елтіру. Қазақстан
Республикасының Жоғарғы соты пленумының 1994 жылғы 20-желтоқсандағы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты
реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы Қаулысында былай.деп
көрсетілген: қасақана адам өлтіруді көптеген адамдардың өміріне қауіпті
тәсілмен орындалды деп саралау үшін, сол әрекетті айыптынын көптеген
адамдардың өмірінге және денсаулығына өзінің қауіп төндіргенің біліп
жасалғандығын анықтау қажет. Бұл қылмысты жасау тәсілінің өзі көпшілікке,
яғни көбіне адамды мұндай тәсілмен өлтіргенде көптеген азаматтардың өміріне
қауіп төнеді (өрт салынады, копарылыс болады, адамдарға қарай автоматты
қарудан оқ жаудырады, ішнде адамдар бар автомильді апатқа үшыратады, т.б.).
Егер адамды қандай да бір автоматты аспапен өлтірсе, ал аспапқа жақын
басқа адамдар өмірне қауіп төндіретін болса, бұл жағдайда да көптеген
адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру орын алады. Ол аспап тек
жәбірленушінің ғана өміріне қауіпті емес, басқа, кемінде бір адамның
өміріне қауіпті болуға тиіс. Бірнеше адамның өміріне қауіп төндіре алатын
аспапты немесе құралды жәбірленушіні ешкім жоқ жерде өлтіруге қолданса, бұл
қарастырылып отырған қылмыс нышанын бере алмайды. қасақана адам өлтіруді ҚК-
тің 96-бабы 2-бөлігінінң е тармағымен саралау ішін жәбірленушіні өлтіруді
алдын-ала ойластырып, сол әрекетін айыпатының жәбірленушіні өлтіруді алдын-
ала ойластырып, жүзеге асыру барысында қанша адамның жәбір шеккендігінің
маңызы жоқ. Іс жүзінде тек бір адамды ғана өлтіру ҚК-тің 96-бабы 2-
бөлігінің е тармағын қолдануды жоққа шығара алмайды, егер адамды өлтіру
тәсілі басқа көптеген адамдардың өміріне қауіп төндірғен болса. Адам
өлтірудің бұл түрінде айыпкердің нақты бір адамды өлтіруге тікелей ниеті
болады.
Басқа адамдарды өлтіру немесе олардың деңсаулығына зақым келтіру
жанама ниет болып саналады. Егер көптеген адамдардың өміріне қауіпті
тәсілмен бір адамды өлтіру көптеген адамның өліміне алып келсе, айыпкердін
әрекетің ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің а, е тармақтары бойынша саралау
қажет. Егер көрсетілген әрекеттер нәтижесінде бір адам қаза тауып, бір
адамның денсаулығынга зақым келсе, әрекет қылмыстар жиынтығы бойынша
сараланады.
Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адм өлтіргенде айыпқер
өзінің өлтіруге тиісті адамынан басқа адамды өлтірсе, оның әрекетің ҚК-тің
96-бабы 2-бөлігінің е тармағы бойынша саралау қажет.

7. Адам өлтіруді ұйымдасқан топтың жузеге асыруы. ҚК-тің 31-бабына сәйкес.
бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың тұрақты
тобы ұйымдасқан топ деп саналады. Адам өлтірудің бүл түрі қоғам үшін өте
қауіпті. Ұйымдасқан топ қылмыстық мақсатпен алдын-ала бірігеді. адам
өлтіруге мүқият дайындалады (қай жермен қашан жүретіні, қандай қарумен
қалай өлтіруге болатыны, т.б.), өзара атқаратын рөлдерді бөледі. Адам
өлтірудің бұл түрін ашу өте қиын. Адам өлтіруді жүзеге асырған топта
үйымдасқан топ тән нышандардың біреуі болмаса (тұрақтылық немесе қылмыс
жасау мақсатында топ мүшелерінің әдейі бірігуі), ондай топтың адам өлтіру
ҚК-тың 96-бабы 2-бөлігінің ж тармағы бойынша саралануға тиіс емес.
Адам өлтіруді бір адам жүзеге асырса, ол ұйымдасқан топтың құрамын сол
адаммен қоса ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші адамдар кірсе,
бұл әрекетте ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігініңосы тармағы бойынша саралануы
мүмкін.
Ёгер ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың мүшелері адам
өлтірген болса, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрған не
оған басшылық жасаған адам ҚК-тің 31-бабының 5-бөлігіне сәйкес ҚК-тің 28-
бабына сілтеме жасалып ҚК-тің 96-бабы 2-бөлігінің ж тармағымен
жауапталады. Адам өтіруге қатыспаған адамды адам нақты бір ұйымдасқан
топтың мүшесі болғандықтан ғана жауапқа тартуға жол берілмейді.
Қылмыстық сыбайластық жасаған адам өлтіруді де ҚК-тің 96-бабы 2-
бөлігінің ж тармағы бойынша саралау керек, себебі, біріншіден - қылмыстық
сыбайластыққа ғана тән ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Қылмыс жасау сатылары, Баланы қасақана өлтіру
Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау объектілері ретінде
Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Ауырлатылған мән-жайлары бар кісі өлтіруді саралау
Россиядағы өзін-өзі өлтіру анализі
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кісі өлтіру
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Пәндер