ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі - ұрпақ тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың сан-алуан ой - пікірлері мен іс-тәжірибелері ғасырлар бойы жинақталып отырған.
Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі болып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тәлімгерлік тәжірибесі дейміз.
Қазақ халқының да сан-ғасырлық тарихи-мәдени жетістіктерінің жемісін, рухани байлығын, жанына біткен еңбексүйгіштік, имандылық, бауырмалдық, балажандық, қонақжайлық, т. б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данғой қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер және ақын-жыраулардың саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр.
Курстық жұмыстың мақсаты-
жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компоненттері:эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезім, эстетикалық талғам. Еліміздің президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Қоғамдық ойдың тағы бір бағыты дәстүрге, халықшылыққа сүйенеді.
Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар жарамсыз болып қалған кезде неге назар аудару керек. Сірә, қарапайым әрі түсінікті, сонымен бірге әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек. », -деп көрсетуі бұл проблеманың көкейкестілігін айқындай түседі.
Осы орайда республикамызда халықтық дәстүрді жинақтап зерттеу, саралап игеру, оларды жастар тәрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып табылады.
Өмір талабымен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады.
Бұл мәселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде.
- Курстық жұмыстың міндеттері:Эстетикалық қызығуды қалыптастыру мен дамыту.
- Эстетикалық тәрбие берудің мәнін зерттеу
- Эстетикалық мәдениет - педагогикалық өзекті мәселесін қарастыру
Қазақстан Республикасының қазақ тілінің әлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шаралары, ғылым мен мәдениеттің өрістеуін қамтамасыз ететін Конституциясы, еліміздің мәдени-әлеуметік дамуына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде адамгершілік, эстетикалық тәрбие, мәдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деген сенімдеміз. Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен әдістеріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер әкелуде.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге
қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардан басқа А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, т. б. үлкен мән берген. Бүгінде Қ. Бөлеев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, т. б. көптеген қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді. Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту үрдісінде халық педагоггикасын пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Бұл қайшылықты шешу курстық жұмысымның тақырыбын «Мектептің оқу - тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану» деп таңдауға мүмкіндік берді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
1. 1. Эстетикалық тәрбие берудің мәні
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - . . . жеке тұлганың сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, . . . таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай, болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің іпікі тылсым сыры ұғылады (қабылданады) . Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке" ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж. Баласағұни, т. б. ), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М. Жұмабаев, М. Дулатов, ЬІ. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. ), шетел психолог-педагогтері (Н. Крупская, А. Луначарский, П. Блонский, Д. Лихачев, С. Шацкий, Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Бакушинский, т. б. ) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В. Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін . . . , тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, . . . эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңгілік пен бүгінгілік, тағдыр, т. б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді. Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Эстетикалық белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнері бұйымдарын жасай білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға талпындырады.
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және сезім (эмоциалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады. Педагогикада бұл мәселені шешуде адам ақыл-ойы мен адамгершілігінің әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін негізге алады.
Бүгінде жоғары оқу орындарында жеке тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімін жетілдіруде қазақ қолданбалы өнері негізінде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігі ерекше. Бұл болашақ ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қояды.
1. Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
2. Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа сапаға көтереді.
1. 2. Эстетикалық мәдениет - педагогикалық өзекті мәселе
Адамзаттың ежелгі арманы - бақытты өмір. Мұның мағынасы кең де терең. Ол "тамақтың тоғымен, көйлектің көктігімен" әсте шешілмейді. Бақытты өмір сүру үшін, тұрмыс байлығы мен ырзық молшылығына қоса адамның рухани өмірінің де кең шалқуы шарт.
Адам өмірінің рухани саласының бірі - эстетикалық тәрбиенің атқаратын қызметі айрықша. Эстетика дегеніміз түпкі тегінде дүние танудың бір түрі. Эстетика - өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. "Эстетика" гректің "эстезис" деген сөзі екендігі бізге мәлім. Ол сезім, түйсік деген мағынаны білдірсе, адам баласында эстетикалық сезім болады, бұл сезім оның моралдық қасиет және адамгершілік бейнесіне асыл қасиет беріп тұрады. Ал адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан, (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
Ұлы сыншы В. Г. Белинский былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін . . . , тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан ушін құрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, оның бар ауыртпалығына белі қайыспайды.
Мұнсыз, бұл сезімсіз, даналық жоқ, талант жоқ, ақыл парасат жоқ, өмірдің үй ішіндегі қамына өзімшіліктің ұсақ-түйек есептеріне қажетті құнсыз "ақылгөйсу" ғана қалады. Кімде-кім би музыкасына ғана елең етсе, елең еткен жүрегімен емес, аяғымен елең етсе, музыка оның жан жүйесін елжіретіп, жүрегіне от салмаса, кімде-кім көркем суретті бөлменің ішін безендіруге ғана жарамды галантереялық бұйым деп қараса, оның тек бояуына ғана таңданса, кімде-кім өлеңге жастайынан құмартпаса, кімде-кім драманы тек театр пьесасы деп, ал романды еріккенге ермек ертегі деп білсе - ол адам емес . . . эстетикалық сезім жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі".
Басқаша айтқанда, адамның эстетикалық сезім-сезігі, қабілеті оның еңбегінің жемісі екенің және сол қабілет-қасиеттерінің дамуы қоғам өмірімен, тарихи жағдайлармен байланыстылығын дәлелдейді. Сөйтіп, біз адамның ләззат алуға бейім эстетикалық деп аталатын сезімдері адам табиғаты дамуының объективті жағдайларына сай дамып өрістейтінін көреміз. Адамның дамып жетілген эстетикалық сезімінің айқын көрінісі әдебиет пен өнер саласынан байқалады. Олай болса, жаңа қоғам орнату дәуіріндегі адамның материалдық-рухани дамуының биік дәрежесі оның эстетикалық сезімінің де жан-жақты кемелденуін талап етеді. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің белсенді рөлі үнемі күшейе беруі қажет.
Әсемдік - өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандай маңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды. Әсемдіктің тану, білу жөнінде маңызы зор. Адам және табиғат сұлулығы, өнер табиғаты, адам өміріндегі эстетикалық құндылықтар - біздің әсемдік жайындағы түсінігімізге байланысты. Әсемдіктің жақсылық пен ақиқаттан айырмашылығы адам сезімі және адам санасымен тығыз байланысты болуы".
Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Бірақ осы қызығушылық пен сүйсінудің мөлшері адам баласының бәрінде бірдей деңгейде дамыған ба? Әрине, олай емес. Өйткені әсемдікті түсініп, танып бағалаудың да дәрежесі оларда әр түрлі. Олай болмаған жағдайда қоғамдағы кейбір жастардың бүгінгі сұрықсыздыққа, талғамсыздыққа бой алдыруы неліктен? Мұның себебі неде? Ол оның алған тәрбиесінде болмақ.
Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанған Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде "адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі" десе, ұлы Абай кезінде “Атаның баласы болма, адамның баласы бол! Әкенің баласы -дұшпаның, адамның баласы - бауырың” деген еді.
Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көпжақты. Сондықтан да оның дамуы, біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н. Г. Чернышевский былай дейді: "Әсемдіктің адамға ететін әсері, сезігі - ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөленетін жарқын қуаныш сезіміне барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз".
Ұлы ақьін, көрнекті ағартушы, ұлттық педагогика ғылымының іргетасын қалаған Мағжан Жұмабаев эстетикалық сезім туралы қезінде былай деген екен: "Жаратылыстын, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін ынталы Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шетсіз-түпсіз қара көк теңіз, түрлі шөптер пен толқындаған дала, бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерек сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері, яки искусствоның тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сөз, сұлу картина сықылды әсерлері адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Сәулет, сұлу сурет (живопись), скульптура секілді пластика өнері адамның көру сезімін сиқырлап барып жанда сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы; тәрбие қылынуға тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамның сұлулық сезімдері, әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі музыкадан, біреудікі, сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан. Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің міндеті балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар екенің тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету. Өркендету жолдарынан төмендегі жолдарды көрсетуге болады:
1) Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырактың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін. Жымындаған жұлдыздар себелеген көк шатыр көкті, түрлі түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұландаған қайынды көрсін. Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара білу керек.
2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза болсын. Таза деген сөзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың манайындағы нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші, киім-кешек, ыдыс-аяқ - бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-басы, денесі, беті-қолы - бәрі таза ұстауға тиісті. Баланың маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға міндетті. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұрнын сіңбіріп, яки баланың нәжісін ұстап, қолын жөндеп шаймастан тағы асқа кіріссе, бала да соны істейді. Кейбіреулердің былықтықты ырыс керуі надандықтың әбден асқынғандығы ғой.
Баланың маңайындағы сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөздерді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала шағаның алдында былық-былапыт сөздерді сапырып сөйлеуінді қой. Қайдағы құдай атқан сөздерді естіп өскен ұлында қандай әдеп болады, қызында қандай қылық болады.
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар. Аяғы қисық, жауырыны кушық. Ақыл қарында тұратындай-ақ қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-мыс! Семіз болып пысылдап отырса, ай енді "адам" болады-мыс! Кейбір мырзалар сал боламын деп жүргенде қиқандай ма керек, бұрандай ма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып құсқың келеді. Осыларды көріп өскен қазақ баласының денесінде не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір, Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе, оған ауру үйір болмайды.
3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін. Сұлу сөздер, сұлу өлеңдер жаттасын. Түрлі музыка құралдарының әуендерін тындасын, сурет салып үйренсін, ән салып, музыка құралдарына ойнап үйренсін. Міне, осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері өркендейді. Білу керек, топас адам - тірі өлік".
Орыстын данышпан жазушысы А. П. Чехов та адамның барлық жағынан әдемі болуын көкседі. Ол былай дейді:"Адам бойындағының бәрі де - бет-пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болута тиіс".
"Адамның сұлулығы неде? Бұл тұрғысында Абай өлендерінен мына шумақтардан үзінді келтуруді жөн көрдік.
Қақтаған ақ күмістей кең мандайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойган
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы.
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды,
Жұп жұмыр, ақ торғындай мойны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
Екі алма кеудесінде қисаймайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұрандайды.
Етіндей жас баланың білегі бар,
Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы.
Қолан қара шашы бар жібек талды,
Торғындай толқындырып, көз таңдайды.
Ақынның бұл жыр жолдары орыс халқының:
"Сұлулық көруге керек, ақыл өмірде керек" - деген мақалымен үндескендей.
Бұл сияқты қарапайым сұраққа қысқа әрі басты мәселелерді толық қамти жауап беру оңай нәрсе емес. Қандай сұлулыққа баса назар аудару керек: рухани сұлулыққа ма, жоқ әлде тән сұлулығына ма? Соншалықты қымбат, бағалы қасиетті қандай өлшеммен өлшеуге болады?" (Сонда) . Олай болса, сұлулықтан ләззат алу, ңәр табу өз алдына бір мәселе де, оған құштар болып, оны сүю - ол, өз алдына бір мәселе. Сол үшін де эстетикалық тәрбие өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс ұғынуға эстетикалық қабілеті бар, талғамды адамдар шындап шығуды мақсат етіп алға қояды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz