АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ ... ... ... 7
1.1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі
маңызы және
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 7
1.2. Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық –
функционалды қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9

2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... 12
2.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2.Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен
өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 14

3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУШІЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... .. 17
3.1.АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары. 17
3.2. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың
субъектілері және оларды
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың,
салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін
жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге
болады. 
Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде қағида ұғымы
мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын
қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті қағида
терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше
талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы
қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер
түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының және
т.т.) араласуына әкеліп соқты.Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің
қатарына ену мақ-сатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды
жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға
қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны
із-гілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді
қағидаларын заңдарды жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе
болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау
үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс
жүргізу қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу
осы зерттеудің мақсаты болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының
ұғымы мен маңызын зерттеу; 
-олардың қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін жүзеге асыруда және
социалдық әділеттілікті жүргізудегі ролін қарастыру;
-Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын бекітудің құқықтық нысанын
анықтау; 
- олардың нормативтік сипаттамасын көрсету; ҚР Конституциясындағы және
қылмыстық іс жүргізу заңындағы бекітілген қылмыстық іс жүргізудің
қағидаларын қарастыру;
- Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі стадияларындағы қылмыстық іс
жүргізудің қағидаларын жүзеге асыру;Қылмыстық іс жүргізудің әр түрлі
стадияларындағы жалпы шарттар мен қағидалардың ара-қатынастарын
зерттеу.Процессуалдық әдебиеттер, заң мақалалары және прокуратура
органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар ғылыми ұғымдарды
қалыптастыру туралы еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар, озық
тәжірибелер.Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы
дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен,
кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған әдістеменің
тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы
арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы деп аталады.
Онда қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігіне, мәні мен маңызына және
қылмыстық іс жүргізу қағидалар жүйесінің сипаттамасына жалпы шолу
жасалады.Қылмыстық іс жүргізу қағидалары, қылмыстық сот ісін жүргізудің
тәртібі негізделген бастама ережелер атты екінші бөлімде ҚР
Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидалары мен ҚІЖК-де
бекітілген қағидалар және қылмыстық іс жүргізу қағидаларының сипаттамасы
толық қарастырылады.Қылмыстық іс жүргізуде қағидалардың алатын орны деп
аталатын үшінші бөлімде қылмыстық процесте жүргізуші органдардың
қағидаларды қолданудың ерекшеліктері мен қылмыстық іс жүргізу ісінде
қағидаларды сақтамаудан туындайтын проблемалар жан-жақты қарастырылды. 
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі
ретінде. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, оның
қалыптасуы мен дамуы. 
Қылмыстық сот ісін жүргізу приңциптерінің жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу
принциптері мен міндеттері арасындағы қарым - қатынас. Принциптердің жүйесі
қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың методологиялық негізі
ретінде. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді
жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары. Қылмыстық
іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу
қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы. Өзара іс әрекет
етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық
нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі. Тергеушінің
сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі. Қылмыстық іс бойынша іс
жүргізудің түсінігі. Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптардың
пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс
жүргізудегі азаматтық талаптың құқықтық негізі. Қылмыстық іс жүргізу
құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақтауға жататын тұлғалар, ақтау
негіздері. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудын шеттеуге өтініш жасау және
қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарслық
білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеуші мен анықтаушыға қарсылық
білдіру. Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны.
Дәлелдемелер теориясының методологиялық негіздері. Дәлелдеу процесінің
ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу
және бекіту. Дәлелдемелерді бағалаудың түсінігі мен принципі. Қылмыстық іс
жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен
маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығы құқық саласы ретінде–азаматтық істер
бойынша сот төрелігін жүзеге асыратын қоғамдық қатынастарды реттейтін
жүйелермен құқықтық нормалар жиынтығы.АІЖҚ-ң пәні-азаматтық істерді қорғау
және шешу барысында, сондай-ақ шығарылған сот актілерін орындау негізінде
сот пен іске қатысушылар арасында пайда болған қоғамдық қатынастар.АІЖҚ-ы -
азаматтық істер бойынша сот өндірісі саласындағы қоғамдық қатынастарды
императивті- диспозивті тәсілмен реттейді.Императивті тәсіл АІЖ
құқыққатынасының субъектілерінің, яғни іске қатысушы тұлғалардың құқықтық
жағдайының заңда белгіленген тәртіппен шектелуі. Сот өзіне тиісті құзіретке
ие мемлекеттік билік ету органы б.т. Сондықтан соттың немесе судьяның іске
қатысты талаптары, хабарлаулары басқа да тапсырмалары іске қатысушылар үшін
міндетті. Сондықтан азаматтық іс жүргізу қатынастары билік ету және бағыну
қатынастарымен сипатталады. Ал диспозитивті тәсіл керісінше субъектілердің
әрекеттерінің еріктілігіне бағытталады.Азаматтық іс жүргізу тәртіп бойынша
мүдделі тұлғаның талап арыз жазуы арқылы қозғалады, яғни құқық туралы
даудың субъектілеріне байланысты, ал сот өз бастамасымен азаматтық істі
қозғауға құқы жоқ.АІЖК-ң жүйесі –азаматтық сот өндірісі саласында қоғамдық
қатынастырды реттейтін процессуалдық құқық нормаларының реттелген
жиынтығы.Қ.Р Конституциясының 13-бабының 2-тармағында және АІЖК-ң 8-
бабында көрсетілгендей әрбір азамат бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 
Соттық қорғалуға құқық ҚР-ң сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
туралы конституциялық заңының нормаларына сәйкес:
- Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де
адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген
құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе
оларды шектейтін кез-келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарына сот арқылы
қорғалуға кепілдік беріледі.
- Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті
сақтай отырып құзіретті тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан
айыруға болмайды.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен
шағымдарды басқа ешқандай органның лауазымды немесе өзге де адамдардың
қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судья ҚР –да сот билігін жүзеге
асырушы лауазымды тұлға.Өз құзіретін жүзеге асыруы кезінде қойған талаптары
барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғасына және жеке,
заңды тұлғаларға міндетті т.б.Сот жүйесі және соттың мәртебесі туралы
заңнын 3-бабы 3 –тарамағы сәйкес сотың талаптарын орындамаған тұлғаларға
заңда көзделген жауапкершілік көзделеді деп көрсетілген .Істі қараушы сот
объективтілікті және әділдікті сақтауы тиіс.Әділшілікпен сот актісін
шығаруды қамтамасыз ету үшін заң сотқа қарсылық білдіру құқығы негіздерін
қарастырған. Ол АІЖК-ң 40,43 –бабында көзделеген.Субъективті құқықтар мен
заңды мүдделерді қорғау нысаны дегеніміз-құқықты қорғау жолында құзіретті
органдардың белгілі әрекеттер жасауы, яғни нақты мән-жайларды бекіту құқық
нормаларын қолдану, құқық қорғау тәсілін анықтау және шешім шығару.
Заңгердің біліктілігінің негізі — құқықтық салаларды жақсы білу және
олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге
салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің
түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын
қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс
жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы,
салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты,
зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің
принциптерін, АІЖК-нің құқықтық негізін Конституция белгілейді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық
соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының
сапалы белгіленуі.

1.АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.

1.1.Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларының түсінігі маңызы және
жүйесі.

Құқықтық жүйенің құрылымының принциптері ретінде, демократияны және
заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да
үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін
әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана
отырып, жасау кажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң
жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе,
қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы
кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық іс жүргізу принциптерін және олардың
конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық іс жүргізу
принциптерінің маңыздылығы — осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі.
Принциптер, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың
айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең
толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың
негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың
құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді.
Принциптердің мазмұныдемократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен
бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай
отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы
түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық,
сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа
қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот
ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары
және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудің принциптері түсінігін дұрыс
талқылау қажет. АІЖК-де азаматтық құқық принциптерінің толық
зерттелмегендігі, оларға анализ жасау және түзеті енгізу қажеттілігінде.
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
- толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері
мен болашағын анықтау.
Жаңалық элементі ретінде: диспозитивтік принциптің соңғы дұрыс
талқылауы — сот және өзге істерді жүргізудің бастапқы локомотив екендігі
анықталғанын айта кеткен жөн.
Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және
шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да
кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның
нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді;
сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сотмәжілісін
жүргізудің тәртібін белгілейді.
Азаматтық іс жүргізу заңдарымени бірге, бұл ұғым  өзімен 
аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық — құқықтық
нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық
қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.
Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен
адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу
тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық
бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен,
мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың
объектілері. 
Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау,
қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау
кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың
бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты,
өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.
Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және
қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін
қарастырайык.Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін
реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу
құқығы деп аталады.Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді
қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты
сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды
құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп
аталады.
Императивтік (императив — өкімет, үзілді-кесілді талап заң —
таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және
биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.
Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да
өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар
үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында
процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп
бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге
асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын
билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.Диспозитивтік
азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге
бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.Өйткені,
әдетте, азаматтық құқық мүдделі адамдардың талап-арызбен (өтінішпен)
жолдануларына байланысты пайда болады. Соттың азаматтық істерді өз бетінше
қозғауына құқығы жоқ, азаматтық процестің дамуы құқық туралы даудың
субъектілерінің ерік білдірулеріне тәуелді болады.

1.2. Азаматтық жүргізу құқығының ұйымдастырушылық –функционалды
қағидалары.

Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына — заңдарда бекітілген
жалпы, маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі
негізделген. Бұл қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық
нормаларының жалпы ережелерінде бейнеленеді.Сот төрелігін тек соттық жүзеге
асыруы. Ол Қазақстанда сот қана мемлекет пен тұтастай коғамның атынан сот
төрелігін жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Соттың биліктік өкілдіктерін
басқа біреудің иемденіп алуына тыйым салынады және құқықтық жауапкершілікке
әкеліп соғады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы және сайланбайтындылығы.  Соттар
тұрақты судьялардан тұрады. Судьялардың өкілеттігі тек заңда белгіленген
негіздер бойынша ғана тоқталуы немесе кідіртілуі мүмкін. Судьялар
Конституция мен жоғарыда аталған Конституциялық заңға сәйкес сайланады
немесе тағайындалады. Сондай-ақ судьялардың өкілетіктері нақты мерзіммен
шектелмеген.Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға ғана бағынуы.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға
бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да
болсын араласуға жол берілмейді жоне ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп
соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
• Азаматтар мен ұйымдардың заң мен сот алдындағы теңдігі. Азаматтық сот
ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді
және олардың ешқайсысы да қандай да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге
тиіс.
• Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Азаматтық іс
бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-
ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-
әрекеттерге тыйым салынады.
• Сотта істі қараудың жариялылығы. Бұл кағида барлық соттарда істі қарау
ашық сот отырысында жүргізілетінін білдіреді. Заңда сот отырысына
қатысқысы келетіндердің барлығына рұқсат берілген, соның
ішінде БАҚ өкілдеріне де. Сот отырысының залына, егер іске қатысы бар
адамдар немесе куә болмаса, он алты жаска толмаған азаматтар
жіберілмейді.Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы
азаматтардың сотты, істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып
алуға немесе аудио дыбысын жазуды пайдалануға құқығы бар. Сотта істі
қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейне-таспаға
жазу,тікелей радио және телехабар ж үргізу соттың іске қатысушы
адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады.
Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның
уақытын сот шектеуі мүмкін. Заңда көзделген негіздер бойынша ғана істерді
қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
• Сот ісін жүргізу тілі. Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тек
мемлекеттік (қазақ) не орыс тілдерінде, тең дәрежеде жүргізілетіндігін
білуге болады.
• Соттың қызметіндегі заңдылық деген соттың құқық нормаларын дұрыс
қолдануын, шығарылатын актілердің және жасалатын барлық іс жүргізу
әрекеттерінің қолданыстағы заңдарына сәйкестігін білдіреді.
• Диспозитивтік деген азаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастары
субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін еркін билеуін білдіреді.
Азаматтық процесті қозғау іске қатысатын тараптар мен басқа адамдардың
еркіне байланысты болады. Мүдделі адам (талапкер, өтініш етуші) өзінің
талап-арызының, өтінішінің заты мен негізін, сондай-ақ берген талаптарының
көлемін өзі айқындайды.
Мұндай мәліметтер сотқа берілген талап-арыздың (өтініштің) мазмұнды
бөлімінің мәнін құрайды. Талапкер талап арыздың негізін немесе затын
өзгертуге, талап-арыздың мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге құқылы. Сот өз
бастамашылығымен талап-арыздың затын немесе негіздерін өзгертуге құқығы
жоқ.
— Бәсекелестік тараптардың заңды мүдделерінің қарама-қайшылығынан
келіп шығады, ол азаматтық процестегі айтысу қажеттілігін негіздейді.
Тараптың әрқайсысы өзіне оңтайлы сот шешімін қабылдатқысы келеді. Сондықтан
бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау барысында өзінің құқықтық
ұстанымын сақтауға өз талаптары мен қарсылықтарын дәлелдеуге және
негіздеуге міндетті.
— Тараптардың іс жүргізудегі тең құқықтылығы материалдық құқықтық
қатынастардың (азаматтық, отбасы, еңбек және т.б.) субъектілерінің
теңдігіне сүйенеді (тең құқықтық жағдайы) және іс жүргізу құқықтары мен
талаптардың іс жүргізу міндеттерінің теңдігін белгілейді.
— Сот талқылауының тікелейлігі. Сот істі карау барысында іс бойынша
дәлелдемелер мен өзге де мән-жайларды: Іске қатысушы тараптар мен басқа
адамдардың түсініктерін, куәгердің  айғақтарын, 
сарапшылардың қорытындысын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді
қарауға, дыбыс жазбаларын тыңдауға және бейне жазбаларды,
кино, фотоматериалдарды қарауға, жаңартылған өзге де материалдармен танысып
шығуға тікелей міндетті.
— Сотта істі қараудың ауызшалығы. Сот отырысында мынадай істерді қарау
және шешу ауызша нысанда жүзеге асырылады:
• төрағалық етуші процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді;
• іске қатысушы адамдардың өтініштері айтылады;
• іске қатысушы тараптар мен басқа адамдардың түсініктемелері айтылады;
• куәгерлер өз айғақтарын береді;
• сарапшы жазбаша нысанда жасалған қорытындысын мазмұндайды (сарапшы жоқ
болған жағдайда қорытындыны сот жариялайды);
• маман кеңес береді;
• сот отырысында жазбаша дәлелдемелер, хаттамалар және өзге де құжаттар
жарияланады;
• мемлекеттік органның жазбаша жасалған қорытындысы мазмұндалады;
• сот жарыссөзі жүргізіледі;
• прокурор іс бойынша тұтастай қорытынды жасайды;
• істі қарау нәтижесінде сот шығарған шешім жария етіледі
Кейбір іс жүргізу әрекеттері тек жазбаша түрде жүзеге асырылады не
жазбаша рәсімдеуді талап арызды арыз (өтініш),  апелляциялық 
немесе кассациялық шағым(наразылық),қадағалау шағымы не қадағалау
тәртібіндегі наразылық тек жазбаша түрде ғана беріледі, сот актілері
жазбаша нысанда шығарылады.Сонымен, адам мен азаматтың құқықтары ішінде
құқықтарды сот арқылы қорғаудың маңызы зор. Азаматтардың құқықтарын қорғау
бойынша сот билігі органдарының қызметі азаматтық іс жүргізу арқылы жүзеге
асырылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тәртібін
реттейтін құқық нормаларының жиынтығы, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ.

2.1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы

Қылмыстық құқықтың міндеттері. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше
бөлімдері. Қылмыстық құқықтың қағидалары. Заңдылық, әділдік, жариялылық,
ізгілік, азаматтардың заң алдындағы теңдігі қағидалары. Қылмыстық құқықтың
қайнар кµздері. Қылмыстық құқық ғылымы.Қылмыстық заң ұғымы мен маңызы және
оның негізгі мазмұны. Жеке тұлғаның мүддесін қорғау қажеттілігі, қоғам мен
мемлекет мүддесін қорғау- қылмыстық заңды шығару немесе өзгерту негізі
ретінде. Қылмыстық заңның функциялары.Қылмыстық заңның заңға сәйкес
нормативтік актілер алдындағы басымдылығы.Қылмыстық заңның халықаралық
құжаттарға сәйкес келу міндеттілігі.Республикада қолданылып жүрген
қылмыстық заң.Қылмыстық заңдардың құрылымы. Қылмыстық құқықтық нормалардың
түсінігі мен ерекшелігі. Қылмыстық заңнамадағы Жалпы және Ерекше бөлім
нормаларының құрылымы. Диспозиция мен санкцияның түсінігі және
түрлері.Қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті. Қылмыстық заңдардың
аумақтық қағидаларының әрекеті. Қылмыс жасалған жерді анықтау және
қылмыстық заңдардың кеңістіктегі әрекеті.Шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдардың іс әрекеттеріне қолданылатын қылмыстық заңның әрекеті.
Қылмыскерлерді ұстап беру институты және оның маңызы. Қылмыстық заңның
уақыттағы әрекеті. Қылмыстық заңдардың күшіне енуін және тоқтатылуын
жариялау тәртібі. Қылмыстық заңның кері күші.Қылмыстық заңдарды түсіндіру.
Түсіндірудің түсінігі, түрлері және әдістері. Сот тергеу тәжірибесінде
заңды дұрыс қолдану үшін сот шешімдерінің және құқық қорғау органдарының
нормативтік актілерінің маңызы. Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда
көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен
күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде
тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер. 
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын
талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті
құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда
қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.Қазақстан Республикасының
Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін
жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де
мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы
алынған онда былай делінген: "Әркім Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті". Бұл негіз
адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа
қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Адамның жеке басының бостандығына
конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей
байланысты. Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің 16-бабында
келтірілген: "Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның
қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың,
телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың
құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге
заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі".
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен заңды түрде айырудың кепілдіктері (іс
жүргізу шарттары) мыналар:
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану;
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен айырылуы мүмкін субъектілерді заңмен
белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы);-мәжбүрлеу шараларын
қолданудың дербес іс-әрекетін белгілеу (адамды қамауға алу, ұстау, күштеп
әкелу, тінту және т.т.)-мәжбүрлеу шараларының қолданылуын іс жүргізу
мерзімдерін шектеу;-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңсыз
қолданылғанына шағым жасау мүмкіндігі;-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын
заңсыз қолданудың нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу;-прокурор мен соттың
іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуының заңдылығын қадағалауы және
адамның Құқықтары бұзылған жағдайда қажетті шаралар қолдануы.Қазақстан
Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық
актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу
қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге
болады. Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде қағида ұғымы
мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын
қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті қағида
терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше
талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы
қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер
түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының және
т.т.) араласуына әкеліп соқты. Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің
қатарына ену мақ-сатын алға қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды
жетілдіру, халықаралық норма-лар-дың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға
қауіптілігі шамалы іс-әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны
із-гілендіру, қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді
қағидаларын заңдарды жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе
болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін
оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу
қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу осы
зерттеудің мақсаты болып табылады Процессуалдық әдебиеттер, заң мақалалары
және прокуратура органдарының тәжірибесіне көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар
ғылыми ұғымдарды қалыптастыру туралы еңбектер, оқулықтар мен әдістемелік
құралдар, озық тәжірибелер.Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық
қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай
болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған
әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-
эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз
етілді.Бірінші бөлім Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
деп аталады. Онда қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігіне, мәні мен
маңызына және қылмыстық іс жүргізу қағидалар жүйесінің сипаттамасына жалпы
шолу жасалады.Қылмыстық іс жүргізу қағидалары, қылмыстық сот ісін
жүргізудің тәртібі негізделген бастама ережелер атты екінші бөлімде ҚР
Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің қағидалары мен ҚІЖК-де
бекітілген қағидалар және қылмыстық іс жүргізу қағидаларының сипаттамасы
толық қарастырылады. .

2.2.Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен өзара
байланысы.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық өзге құқық салаларымен өзара байланыс
азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары.Азаматтық іс жүргізу құқықтық
қатынастары.Қылмыстық іс жүргізуде қағидалардың алатын орны деп аталатын
үшінші бөлімде қылмыстық процесте жүргізуші органдардың қағидаларды
қолданудың ерекшеліктері мен қылмыстық іс жүргізу ісінде қағидаларды
сақтамаудан туындайтын проблемалар жан-жақты қарастырылды.Қылмыстық іс
жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс
жүргізу құқығының құқықтың басқа салалары және ғылыми пәндермен ара
қатынасы. Қылмыстық іс жүргізудің түрлері (нысандары). Қылмыстық іс жүргізу
құқығының қайнар көздерінің ұғымы мен түрлері. Қазақстан Республикасының
Конституциясы қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде. Қазақстан
Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, оның қалыптасуы мен
дамуы. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот
ісін жүргізу приңциптерінің жүйесі. Қылмыстық іс жүргізу принциптері мен
міндеттері арасындағы қарым - қатынас. Принциптердің жүйесі қылмыстық сот
ісін жүргізуді дамытудың методологиялық негізі ретінде. 
Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді
жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары. 
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі.
Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара
қатынасы. 
Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің
ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі.
Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі. Қылмыстық іс
бойынша іс жүргізудің түсінігі. Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық
талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері.
Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқықтық негізі. Қылмыстық іс
жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақтауға жататын тұлғалар,
ақтау негіздері. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудын шеттеуге өтініш жасау және
қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарслық
білдіру. Прокурорға қарсылық білдіру. Тергеуші мен анықтаушыға қарсылық
білдіру. Дәлелдемелер ұғымы. Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер
теориясындағы орны. Дәлелдемелер теориясының методологиялық негіздері.
Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері.
Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бекіту. Дәлелдемелерді бағалаудың
түсінігі мен принципі. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік
мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы. 
Қылмыстық ісіті қозғау сатысының мазмұны.Қылмыстық істі қозғау дербес
саты ретінде. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, міндеттері мен
маңызы. Қылмыстық істі қозғау субьектілері. Қылмыстық істі қозғаудың
себептері мен негіздері. Алдын ала тергеудің түсінігі, мазмұны мен
міндеттері.Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Алдын ала тергеу
кезінде шығарылатын қаулылар.Анықтау мен алдын ала тергеудің мәліметтерін
жария етпеу. 
Айыпталушы ретінде жауаптылыққа тарту: ұғымы, мазмұны мен маңызы.
Айыпталушы ретінде тұлғаны жауапқа тартудың іс жүргізу тәртіптері. 
Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі. Тергеу әрекеттерінің
мазмұны мен құрылысы. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Тергеу
әрекеттерінің түрлері. Жауап алу, Беттестіру,қарау. Куәландыру алдын ала
тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің
аяқталуының негізі мен жағдайлары. Айыптау қорытындысын жасау мен алдын ала
тергеудің аяқталуы. 
Басты сот талқылау сатысының мәні,маңызы және міндеттері.Басты сот талқылау
жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы. Басты сот талқылауын тағайындау
сатысының ұғымы мен маңызы,міндеттері.Келіп түскен қылмыстық істер бойынша
соттың іс әрекеттері.Келіп түскен істер бойынша судья қабылдайтын
шешімдердің түрлері. Басты сот талқылауы сатысының ұғымы ,оның жүйесі.Басты
сот талқылауы сатысының мәні,міндеттері және маңызы. Басты сот талқылауы
қылмыстық іс жүргізудің басты сатысы. Апеляциялық өндіріс сатысының ұғымы,
маңызы және міндеттері.Үкімге апелляциялық шағымдануға наразылық келтіруге
құқылы субъектілер. Апелляциялық тәртіппен істерді қарайтын соттар. Үкімді
және қаулыны орындау сатысының мәні мен мазмұны.Үкімді орындау сатысында
қылмыстық іс жүргізу принциптерін жүзеге асыру. Қадағалау өндірісінің
ұғымы,маңызы және міндеттері. Апелляциялық өндірістен ерекшелігі.Заңды
күшіне енген соттың үкімдерін, қаулыларын қайта қарау негіздері. Жаңадан
ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
сатысының мәні,маңызы және міндеттері.Жаңадан ашылған мән-жайларға
байланысты іс бойынша қайта бастаудың негіздері мен себептері. Қылмыстық
ізге түсу жеке түрде асырылуы мүмкін қылмыстардың жеке айыптау істері
бойынша соттың шығаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары
Азаматтық процесуалдық құқық қатынас ұғымы және ерекшеліктері
СОТ ДАУЛАУШЫ ЖАУАПКЕР
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар. Жоспар
Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар
Төлем жүйелері ұғымы
Азаматтық іс жүргізу құқығы жайлы
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері
Азаматтық процессуалдық құқық қабілеттілік және азаматтық процессуалдық әрекет қабілеттілік
Пәндер