Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары
Жоспар
Кіріспе 3
1. Азаматтық құқық объектісі. 5
1.1. Азаматтық құқық объектісінің ұғымы. 5
1.2. Азаматтық құқық объектісінің түрлері 6
2. Заттар. 9
2.1. Заттың ұғымы. 9
2.2 Заттың түрлері 13
2.3. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары. 14
2.4. Бағалы қағаздар және оның түрлері 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының сот
тарапынан қорғалуына негіз беретін Қазақстан Республикасының
Конституциясының қабылдануына байлансыты құқықты қорғаудың сот жүйесін
кеңейту мәселелері ерекше мәнге ие болады. Конституцияда Әркімге құқығы
мен еркіндігін сотпен қорғауға кепілдік берілетіні бекітілген. Кез-келген
құқықтық нормаларды қолданудың барлық жағдайларында санкциялар қолдану да
туындап, белгілі субъективтік құқықтарды шектеуге әкеліп соғады. Мұны ғалым-
заңгерлер әділ соттылық әдістерін қолдануда ең тиімді деп есептейді.
Өзектілігі: Құқықтық қабілет – азаматтың субъективтілік құқығына
қабілетін аңғартады. Азаматтық заңдылықта құқық нысаны туралы түсінік ең
көлемді болып табылады. Оның астарында осы құық саласы мен реттелетін
мүлітік және мүліктік емес қатынастарға қатысушы ретінде қатысатын тұлға
айтылады. Ең бастысы, оның іс-әрекет қабілеттілігі шектеліп, қабілетсіздігі
танылған жағдайдағы құқығы мен міндетін осылай анықтауға болады. Себебі бұл
азаматтық құқықтың барлық салаларына қатысы бар деп есептеледі. Қазақстан
Республикасының Азаматтық коденсінің бірінші тарауының екінші тарамақшысы
Тұлға деп аталады, және оған үш тарау енеді. Олардың біреуі Азаматтар.
Жеке жұлғалар деген атауға ие. Сөйтіп ол азаматтық құықтың жеке
нысандарына, ал қалған екеуі заңды тұлғаларға және Қазақстан
Республикасындағы азаматтық заңдылықтарды реттеуге қатысты құрылымдарға
арналады.
Заң әдебиеттеріне адам тұлға болып тумайды, өмір сүре келе оған
қалыптасады деп аталып көрсетіледі.
Азаматтық құқық нысандарын тану тек тұлға сапасын иеленбейтін жас
балалар, жүйке дертімен ауратындар адамдарды ған танымау екенін аңғартар
еді. Мұндай шешім адамның жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан әр
адамның азаматтық құқығы насанын танитын азаматтық заңнамаға қарама-қайшы
келер еді. Сондықтан адам ұғымы құқық нысандарындағы мағынада халық
аралық әр-түрлі құжаттармен заңдарда кеңінен қолданылады. Мысалы, Біреккен
Ұлаттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған
Адам құқығы жалпы декларациясының 6 бабында Әр адам, қайда болмасын оның
құқықтық субъективтілігін тануға құқық иеленеді деп жазылған .
Ал біздің басты заңымыз конституцияда да бұл талаптар баса назарға
алынады. Адам және азамат құқығы мен еркіндігі декларацисында әркімнің
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға және тоқтатуға құқық
иеленітіні қарастырылады. Демек, адам мұндай жағдайларда өзіне тән
психикалық даму формасы сананың биологиялық және әлеуметтік бастауларын
біріктіредін жаратылыс екені анық нәрсе. Адам қоғамдық зат. Міне бүгінгі
курстық жұмысымда алдымен осы мәселерге баса назар аударылады. Мен де
өзімше бұған әрекеттеніп, құқық қабілеті мәселелеріне талдау жасауға
тырыстым.
Іс-әрекетке қабілеттілік азаматтың өзінің іс-әрекеттерін иеленуге
және азаматтық құқығын жүзеге асыруға, өз іс-әрекетімен азаматтық
міндеттерді жасап, азаматтық қоғамның толық қанды мүшесі болып табылатын
қабілеті. Іс әрекетке қабілеттілік негізінен кәмелет жасқа жеткенде, яғни,
18 жасқа толғанда сол шақтан бастап, алады. Іс-әрекетке қабілеттіліктің
құқықтық қабілеттен айырмашылығы адам 18 жасқа толуы бойынша, өз іс-
әрекетінің мәнін түсініп, оны басқарумен оның салдарын көру мүмкіндігі
болатынынан байқалады. Дәлірек айтсақ, осы жастан бастап, азамат шарттар
жасасып, өз меншігін басқарып, өзге де заңдық іс-әрекеттерді жасауға және
оған жауап беруге дербес қам жасай алады.
Мақсаты:Қазақстар Республикасының Азаматтық Кодексінің 14 бабында заңда
қарастырылған жағдайлар мен тәртіптерден басқасында құқықтық қабілет пен іс-
әрекет қабілеттілігінен шектеуге жол берілмейді.
Осы зерттелетін жұмыста азаматтық шектелген іс-әрекеті қабілетін тану
туралы іс бойынша сот өндірісі тұлғның өзін игеруі, және еркіндіктерін, ар-
ожданын қандай болмасын тараптан, заңсыз қол сұғушылықтан қорғау
мүмкіндігін мемлекеттік жағынан азаматтық заң құралдарымен белгіленген
тәртібі ретінде қарастырылады.
1. Азаматтық құқық объектісі.
1. Азаматтық құқық объектісінің ұғымы.
Азамтыттық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
азаматтық құқықтың объектісі деп аталады. Мүліктік және мүліктік емес
игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115 бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен
тізбек келтірілген.
– мүліктік игіліктер мен құқықтарға жататындар, ақша, заттар,
соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет,
шығармашылақ интеллектуалдық қызметтердің объектіге айнадған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды
даярлау өзге де құралдары, мүліктік емес игіліктермен басқа да
мүлік жатады.
– жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады:
жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абыройы, игі
атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия
мен отбасы құпиясы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық
құқығы және басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар.
Мысалы, мүлік жалдау шартының талаптары, мүлік жалдау шартында жалға
алушыға мүлікті жалдау объектісі ретінде берілуге тиесілі мүлікті анықтауға
мүмкіндік беретін деректер көрсетілуі тиіс.
Шартта мұндай деректер болған кезде мүлікті жалдауға беруге тиесілі
объект туралы талап тараптармен келісілмеген деп, ал тиісті шарт жасалмаған
деп есептеледі. Мүлік жалдау объектілері мүлік жалдауға кәсіполрындар мен
басқа да мүліктік кешендер, жер учаскілері, үйлер, ғимараттар, жабдықтар,
көлік құралдары және оларды пайдалану процесінде өздерінің табиғи
қасиеттерін жоймайтын басқа да заттар берілуі мүмкін.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер пайдалану құқығы, жер
қойнауын пайдалану құқығы жәнебасқада заттық құқықтыар мүлік жалдау
объектісі болуы мүмкін. Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық
шаруашылық және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар
затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын
белгіленеді, сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті
физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
Мысалы: авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен
маңызына, сондай – ақ оларды білдіру әдәсімен нысанына қарамастан
қолданылады.
Авторлық құқық халыққа таратылған, жарияланған сондай – ақ
таратылмаған туындыларға қандайда бір объектифті нысанда,
- жазбаша, қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.
- ауызша
- дыбыс және беине жазу
- бейнелеу
- көлемдік – кеңістікті – мүсіндеме, модель және басқада нысанда
қолданылады.
Осы баптың 1 – ші тармағында аталған белгілері бар және дербес
пайдалануы мүмкін туындының бір бөлігі авторлық құқық объектісі болып
табылады.
Авторлық құқық объектілерінің түрлері
- әдеби туындылар
- драмалық және музыкалық-драмалық туындылар
- сценарилық туындылар
- хореография және пантомима туындылары
- мәтіндік және мәтінсіз туындылар
- аудио-бейне туындылар
- кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқада бейнелеу өнерінің
туындылары
- қолданбалы өнер туындылары
- сәулет, қала құрылыс және бау- саябақ өнер туындылары
- фотосурет туындылары және өзгеде туындылар
авторлық құқық объектілеріне сондай-ақ, туынды шығармалар, жинақтар
және басқада іріктелу немесе материалдардың орналасуы бойынша шығармашылық
еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
2. Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық
объектілері болып табылады.
Мүліктік игіліктер мен құқықтарға заттар, ақща, шет ел валютасы,
құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің
объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және
бұйымды дараландырудың өзгеде құралдары мүліктік құқықтар мен басқада мүлік
жатады.
Жеке мүлік емес игіліктер мен құқықтарға жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір – қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, шығармаға қол сұқпаушылы
құқығы және басқада материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық кодексте және өзгеде заң актілерінде белгіленген реттер мен
тәртіп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интелектуалдық
қызметінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру
құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе
қызметінің өнімдерінде ерекше құқығы танылады.
Шығармашық интелектуалдық қызметінің нәтижелері мен ерекше
құқықтардың (интелектуалдық меншіктің) объектісі болуы мүмкін даралану
құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі теңге болып табылады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындаөз құны бойынша
қабылдауға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы төлемдер қолма-қол және қолма-қол
төлемей есеп айырысу түрінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы аумағында шет ел валютасы мен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында да
белгіленеді.
Валюталық қазыналар деп танылатын мүлік түрлері және олар арқылы
мәмлелер жасау тәртібі заң құжаттарында белгіленеді.
Белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып жүзеге
асырылуы, тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүлік құқықтарды
куәландыратын құжат Бағалы қағаз деп аталады.
Заң құжаттарында көзделген реттерде бағалы қағазбен куәіландырылған
құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін реттерде бекітілген бағалы қағаз
шығаруды жүзеге асырушы және онда айтылған міндеттемелер бойынша сондай –
ақ бағалы қағаздар мен жасалған мәмлелерді тіркеуді жүзеге асыратын бағалы
қағаздар рыногында кәсіпқой қатысушылардың жауап беретін адамы – эмитенттің
айғағы жеткілікті.
Қызметтік және комерциялық құпия
Үшінші жаққа белгісіз болуна байланысты ақпараттың нақты немесе
потелциалды коммерциялық құны болып онымен заңды негізде еркін танысуға
болмайтын, және ақпаратты иеленуші оның құпиялығын сақтауға шара
қолданыоатын ретте, қызметтік немесе крммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат Азаматтық заңдар мен қорғалады.
Мұндай ақпаратты заңсыз алған адамдар сондай – ақ еңбек шартына
қарамастан қызметтшілер қызметтік немесе коммерциялық құпияны жария етсе,
келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті.
Азматтық құқық объектілері, егер олар айналымнан алынып тасталмаса
немесе айналымға шек қоймаса, бір адамнан екінші адамға әмбебап құқықты
мирасқорлық (мұрагерлік ету, заңды тұлғаны қайта құру) тәртібімен не өзгеде
әдіспен еркін беріледі немесе ауысады.Жеке мүліктік емес игіліктер мен
құқықтар заң құжаттарында белгіленген реттерді қоспағанда, басқа әдіспен
берілмейді және ауыспайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен
құқық объектісі түріндегі Кәсіпорын деп аталады.
Кәсіпорын тұтасымен кешен ретінде қозғалмайтын мүлік деп танылады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған
мүліктің барлығы, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал –
саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық талап ету құқықтары,
борыштар, сондай – ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар
(фирмалық атау, тауарлар белгілері) және егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, басқада айрықша құқықтар енеді.
Кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу, сату, кепілге,
арендаға беру және заттық құқықтарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға
байланысты басқада мәмлелер объектісі болуы мүмкін.
Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін.
Бөлінетін мүлік дегеніміз – бөлу нәтижесінді бөліктер өз мақсатын,
міндетін жоғалтпайтын мүлік.
Бөліндейтін мүлік дегеніміз – бөлу нәтижесінде бөліктер өзінің
шаруашылық мақсатын, міндетін өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң
құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. Құқық объектілері
ретінде бөлінбейтін заттардың ерекшеліктері заңдарда белгіленеді.
2. Заттар.
2.1. Заттың ұғымы.
Заттық құқық деп белгілі біл тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға
үстемдік етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады,
біріншіден, ол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден,
өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады. Олардың ара жігі заңда
өзіне тән ерекшеліктер мен айқындалады.
Азаттық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай
заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқада заттық
құқықтар жатады.
1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік
болған жоқ. Әрине, оның мәнісінде түсіну қиын емес, өйткені кеңестік
Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін
байланыстыратын құқықты елемеді. Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық
құқықтың жалпы жүйесіндегі негізгі құқық институты бола тұрсада, түптеп
келгенде ол заттық құқықтың бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа
ауыртпалық түсірумен қатар оған өкілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық
құқықтың субъектілері сол заттың меншіктен туатын ауыртпалығын көтерді
немесе белгілі бір адамға меншік иесінің құқығын жүзеге асыру өкілеттілігі
беріледі. Барлық заттық құқықтырға – меншік құқығына, сондай – ақ басқада
заттық құқықтардың табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз құқықтар қатарына
жататындығын айту керек. Ал құқұқпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз
қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің тисуге құқығы
жоқ.
Цивилистика ғылымында зат адам еңгімен жасалған, сондай – ақ табиғи
күйінде кездесетін фихикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы
материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз – өкілетті жақтың немесе өзге
жақтардың заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа
немесе жақтардың жиынтығына тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша
тікелей үстемдік ету құқығы болып табылады.
Кеңес заңдарындазатты құқықы ережелері әр қилы болды. РСФСР – дің
1922 жылы қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964 – жылға дейн
қолданылып келген Азаматтық кодексінде заттық құқықтың бөлімдері болған
еді. Ол меншік құқығы, құрылыс салу құқығы және кепіл құқығы деп бөлінеді.
Мұндай бөлінудің өзі иелену құғының, меншік құқығымен басқа біреудің
заттарын иелену құқығының классикалық түрінен біршама ерекшеленеді. Алайда,
бұдан былай заттық құқықты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР – дің 1922
жылғы Азаматтық кодексінен затты нақтылы иеленуді алып тастауы меншік
құқығына әркез сәйкес келмеуіне байланыстыоның дамуына кері әсерін тигізді.
Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет меншініне айналуыда жер
және басқада ресурстар оған себепкер болды. Заң заттарды қозғалатын және
қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады. Демек, заттар өндіріс құрал –
жабдығы және тұтыну заттары деп бөлінетін жағдайға жеттіде, ал жердің тек
мемлекет меншігіне ауысумен түсіндірілді. Міне, сондықтан да 1964 жылғы
Азаматтық кодексте заттық құқық арнайы бекітілмей қалды, оған тек Меншік
құқығы деген бөлім енгізілді, бұл, сайып келгенде, социолистік меншікке
қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған болатын.
Жаңа Азаматтық кодексте заттық құқық меншік құқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан біртұтас
екендігін дәлелдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп қана
қоймай, сондай – ақ өзгеде меншік түрлері, мысалы, меншік иесі болып
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары бекітілді. Азаматтық кодекстің 194
және 195 баптары.
Азаматтық кодекстің Иелену мерзімі деп аталып 240 бабы негізінде
иелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда боды. Біздің ойымызша,
енді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек:
- Азаматтық кодекстің 188 және 194 баптарына сәйкес меншік иесінің өзіне
берілетін мүлікті иелену құқығы және меншік иесі болып табылмайтын
адамдардың заттық құқықтары;
- Мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып
табылмайтынмүліктіАК-тің 240 бабының шарттарысақталса, бірақ өзінің жеке
қозмалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл
адал, ашық және ұдайы иеленген азаматнемесе заңды тұлға мүлікке меншік
құқығын алады.
Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды шектей отырып, оның
бірқатар белгілерін атап көрсетейік: заңда бекітілген құқықтың шектелген
шеңбері; заттық құқықтардың шексіздігі абсолюттық құқық: затқа тікелей
үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп құқық жалғасуы
өкілеттігі шығады; затты алудың заңды тәсілдерінің нақтылы және қорғау
нысанының ерекшеліктері.
Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған АК-тің
188,194,195 баптары, яғни тұлғалардың өз беттерімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға құқысы жоқ. Айта келетін жайт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтық кодекспен шектеліп қана қоймай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық құқықтар басқа заңдарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық құқық шексіз құқық түрінде сипатталады. Демек, бұл барлық
басқа субъектілердің аталған құқық өкілеттігін жүзеге асыруына бөгет
жасамау міндетін алға тартады. Обсолютты құқыққа мазмұны жағынан қарама –
қарсы тұрған міндеттемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті болған бір
ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетті болған субъектіге
не міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан бұл міндеттемелік
құқықты бұзатын тек солар ғана, мысалы, мәмлеге негізделген құқықтардың
бәрі де міндемелік құқық болып табылады. Бұл құқықтарды орындауды мәмле
бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап етуге болады.
Мысалы, затты беру, белгілі бір жұмысты орындау, тағы сол сияқты міндеттер.
Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеледі. Заттық
құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір- біріне
тектес заттар, сондай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық құқықтың
объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті басқа
біреудің игілігінен затты қайтару болып табылады, әрі бұл бұл затты сыйға
беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғалда, заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа
адамдармен қатынасқа түскенде айқын көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің
құқығына қол сұқпауға міндетті. Демек,заң меншік құқығын қорғай отырып,
азаматтарға өз құқвғвн жүзеге асыруға бөгнт жасамауына жағдай жасайды.
Мысалығменшік иесініңзатты иелену немесе пайдалану құқығына заңсыз түрде
бөгет жасау әрекетінің бәрі де жоұарыда айтылған міндетті бұзушылық болып
табылады.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі
болып табылады. Мұның өзі құқықтық объекттісіараға үшінші бір адамды салып
үстемдік етпейді дегенді білдіреді. Бұл аракда затқа затқа үстемдік толық
күйінде болуы мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген
түріндеде кездеседі.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің құқығы иеленуші ретінде сақталып қалатындығы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына,соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға,бірақ
өзі меншік иесі болып қалаберуіне құқылы.Басқаша айтқанда, мүлікке меншік
құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, ондавиндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы.
Мысалы, кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық
тәртібімен көшірілгенде кепіл сақаталады. Азаматтық кодекстің 323 бабы.
Заттық құқық мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл
мекеме өзіне тиесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып
қалуына байланысты заттық құқықта сақталады. Азаматтық кодекстің 208 бабы.
Заңда заттық құқықтың затты алудың заңды тәсілдерінің
нақтылығыазаматтық кодекстің 7 бабы 4 тармақшасы, 198-203 баптары мен
қорғау нысанының ерекшелегі азаматтық кодекстің 260-261 баптарында
көрсетілген.
Заттық құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді:
- Меншік құқығы;
- Меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқығы;
Азаматтық колекстің 195 бабынды заттық құқықтың үлгі тізімі
келтірілген, бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік
құқығымен қоса жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды
басқару құқығы, басқада заттық құқықтар жатады.
Өзгеде заттық құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке
билік етуде қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ отбасы мүшелерініңтұрғын үйді
пайдалану құқығы Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР Заңының 22 бабы және жер
қойнауын пайдалану құқығы Жер туралы ҚР Заңы 2 бөлім, тағы басқалар
заттық құқыққа қатысты бола алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы
бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсеілмеген
болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекттік
органның келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға құқысы
жоқ;
- Өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқада
негізгі қорларын өзге адамға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ
мерзімді жалға беруге (3 жылдан астам) жалға беруге, уақытша пайдалануға
беруге;
- Филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, оларға өндірістік және ақша
капиталын салуға;
- Жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша ҚР Ұлттық банкі белгіленген
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын төмен сияқымен төлетіп алуға;
- Үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кпілдік
беруге құқысы жоқ. Азаматтық колекстің 200 бабы 1 тармағы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заттық құқықтың жіктелуі
(классификациясы) толық түрде берілген. Әдебиетте заттық құқықтарды
дәрежелеуге ұмтылыс бар. Айталық, Ю.К.Толстой құқықты мынадай түрге бөледі;
- белгілі бір мүлікке қатысты құқық; (жер учаскісіне)
- белгілі бір адамға қатысты құқық;(бөтен адамның үйінде өмір бойы тұру
құқығы)
- жария мүддеге байланысты құқық; (жария сервитуттар)
- жеке мүддені қорғау үшін бекітілген құқық;(жер учаскесін өмір бойы
мұрагерлікпен иелену)
- белгілі шектелген қатынаста бөтеннің затын пайдалануға берілген
құқық;(сервуттар)
- бөтеннің затына билік жасауға берілген құқық (ипотека)
- Л.В.Шенникова заттық құқықты өзінше жіктеп, оны мынадай топтарға бөледі:
- меншік иесінің мүлкіне шаруашылық жүргізуге заңды тұлғалардың заттық
құқығы;
- азаматтардың мүлкін белгілі бір шектеу шегінде пайдаланатын сервитуттық
түрдегі құқық:
- ұйымдар мен азаматтардыңжер учаскесін пайдаланудағы заттық құқықтары;
- мүліктің кепілі туралы шарттағы кепіл ұстаушының өкілдігі. Заттық
құқықтардың бұдан басқа да түрлері әр жағыдайда кездесуі мүмкін сот
шешімімен,шарт бойынша және т.б.
2. Заттың түрлері
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның
ұғымы. Азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз,азаматтық құқық
тұрғысынан алып қарағанда физфкалық дене ретінде және оның Адам
еңбегіменжасалған, сол сияқты табиғи күйіндеде кездесетін сыртқы
материялдық дененің бір бөлігі болып табылады.
Затты заңдық жағынан саралау көбіне көп оның табиғи қасиетіне
физикалық немесе экономикалық немесе қоғамдық маңызына негізделеді және әр
құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне байланысты әрекет етуін
айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117 бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатырына жатқызу
екі жағдайға байланысты; яғни материалдық жағынан затты жерді айыруға
болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шағымдану қажеттігіне
байланысты. Кейбір жағдайларда заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда
теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, ғарыш объектілерінқозғалмайтын
түрде жатқызады. Қозғалмайтын мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі
толық еместігін еске сала кеткен жөн. Азаматтық кодексте заң актілері
бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүліктерде жатады. Қозғалмайтын заттарға
меншік құқығы мен басқада құқықтар, бұл құқықтарға шек қою , олардың пайда
болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемелекеттік тіркелуге тиіс.
Азаматтық кодекстің 116 бабының талаптарына сәйкес Заттар айналымнан
еркін бірілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын зат деп азаматты
құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар
адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық
кодекстің 124 бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер заңдарда
өзгеше көзделмесе жалпы ережелер қолданылады. Азаматтық құқықытың
объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін
түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісі ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа
беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар.
Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115 бабының 3 тармағында
көрсетілген. Олар – өмір, денсаулық, тұлғаның ар – намысы және т.б.
Енді күрделі Заттар деген ұғымға тоқтала кетейік.
Егер ер текті Заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір
затты құрайтын болса, олар бір зат деп қаралады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек жарақ деп бөледі. Басты зат
деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық қатынастың тікелей пәні
болып табылатын затты айтады. Қосалқы зат басты затқа қызмет етеді.
2.3. Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың
заттық құқықтары.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан - 2030 деп аталатын
халыққа Жолдауында жеке меншік институттары жерге меншік арқылы билікке
түсетіндігі, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын заңдық жүйелердің
құрылатындығы айтылған.
Меншік құқығының заңдық жүйесін құру меншік иесі болып табылмайтын
адамдардың құқылық тәртібін бекітіп, тағайындайынтығына мүмкін болмайды.
Бұл орайда әңгімемізді жерді пайдалану мен сервитутқа қатысты заттық
құқықтан бастамақшымыз. Шаруашылық жүргізу құқығы мен оралымды басқару
құқығы Мемлекеттік меншік құқығы тарауында қаралады.
Жерді пайдалану құқығы – заттық құқық бұрынғы Кеңес азаматтық
заңдарында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып есептелмеді. Қазақстан
Республикасының Жер туралы Заңмен жер пайдалану құқығына заттық құқық
берілді. Бұл орайда меншік құқығынан басқа жер учаскесін және меншіктегі
уақытша пайдалану құқығы, сервитуттар және басқада заттық құқықтар пайда
болды. Жер туралы заңның 5 бабы 4 тармағына сәйкес жерді пайдалануға
байланысты меншік құқықтар азаматтық заңдардың нормалары мен реттеледі,
әрине ол Жер туралы Заңға қайшы келмеуі тиіс. Заң сондай-ақ Жер меншік
құқығы, жер пайдалану құқығы және өзгеде заттық құқықтар деп аталатын
арнайы бөлімді енгізген.
Жерді пайдалану құқығы дегеніміз – тұлғаның мемелекеттік меншігіндегі
жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде мерзімсіз немесе белгілі мерзім
ішінде иелену және пацдалану құқығы.
Бұл анықтама айтылғандай, жерді пайдалану құқығынан жеке меншік
құқығы негізгі ерекшелікке ие. Өйткені, жеке меншік иесі жер учаскесін
иеленеді, пайдаланады және оған билік етеді, ал жерді пайдаланушы болса
берілген учаскеге ғана иелік жасап, пайдаланады. Оның үстіне заң жер
пайдаланушыға жерді белгілі бір шекте пайдалану құқығын береді.
Жер пайдалану субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар болады. жер
туралы Заңның 22 бабына сәйкес:
- Мемелекеттік және мемлекеттік емес;
- Ұлттық, шетелдік;
- Жеке және заңды тұлғалар;
- Тұрақты және уақытша;
- Бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
Мерзімі бойынша жер пайдалану тұрақты және уақытша болады.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер учаскелері мына мемлекеттік жер
пайдаланушыға:
- Кондоминиум объектілеріндегі үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды
шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығы мен
иеленетін заңды тұлғаларға;
- Ауыл шаруашылық және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға;
- Ерекше қорғалатын аймақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға;
- Заң актілері көзделген өзге жағдайларда беріледі. Тұрақты жер пайдалану
құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесілі бола алмайды.
Жерді уақытша пайдалану құқығы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы
мүмкін. Бастапқы ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы бар мемлекеттік емес
жер пайдаланушылар егер заңда өзгеше белгіленбесе, өздеріне тиесілі жер
учаскелерін жалға немесе өтеусіз уақытша жер пайдаланушыға беруге, сондай-
ақ өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иелігінен шығаруға
құқылы. Жер пайдалану құқығы былайша:
- Жер пайдалану құқығын беру;
- Жер пайдалану құқығын тапсыру;
- Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
арқылы пайда болады. Жер пайдалану құқығын беру, басқа біреуге тапсыру
және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсатын ескере отырып жүзеге
асырылуы тиіс.
Жер пайдалану құқығының объектісі дегеніміз – жекелеген жер
пайдаланушыға заңды бекітілген тәртіп бойынша берілген жер учаскелері болып
табылады. Жер учаскесінің құқықтық объектісі ретінде белгілі бір аумағы,
нақты мсекені және шекарасы болады.
Жер учаскелері өзінің құқықтық тәртібі бойынша жер пайдалану
объектісі ретінде шаруашылық бағыты, нысаналы мақсатты пайдалануы, жер
пайдалану субъектісі, жерді пайдалану құқығының тұрақты немесе уақытша,
иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз
алынатындығына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz