Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Азаматтық құқық - құқық саласы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Азаматтық құқық субъектілігі жеке
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және
тоқтатылуы негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 8
1.3 Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға
құрмайтын құқық
субъектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... . 11
2. Азаматтық құқыққа қатысатын
тұлғалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Заңды тұлғаның пайда болуы және
тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... . 13
2.2 Мемлекеттің және әкімшілік – аумақтық бөліністің азаматтық
құқық субъектілігінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.3 Мемлекеттің азаматтық айналымға қатысу нысандары ... ... ... ... ... 16
2.4 Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
3. Азаматтық құқықтық ғылым
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
3.1 Азаматтық құқықтық қатынастың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері мен
объектілері

... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Пайданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 26
Кіріспе
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға
бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын –
азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе
жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар.
Өйткені, бұл саламен реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтық құқықтармен реттелетін қатынастар, яғни реттеу пәні мен
реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияны негізінде
азаматтық құқығына сала ретінде анықтама ғана емес, оның басқа құқық
салаларымен байланыстығының ерекшелігін Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-
ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар ақша қатынастары
және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік емес жеке
қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені
олар заң құжаттарында өзгеше көзделиеген, не мүліктік емес жеке қатынастар
мәнінен туындамайды.
Мүліктік қатынастар негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал жабдықтарына,
мүліктік иеліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты
мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық заңдармен
реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға
құнды маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтіін материалдық
емес құндылықтар жатадды. Мәселен, әдеби шығарамен, ғылыми еңбекпен
айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе
қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес
қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз
байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда
авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады. Азаматтық заңдармен реттелетін
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға
азаматтың есімі, жеке қабілет құқығы, жеке өмірдің құпиялылығы, тұрғын үйге
қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-
қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды
жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтардың ар-
намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық атап көрсетілген.
Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы “азаматтың жеке өміріне араласуға оның
ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тиым салынады” десе, осы баптың
келесі тармағында “тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы” атап көрсетілген.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл
қатынастардың субъектілерінде атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар
(Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ
азаматтар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік аумақтық бөлініс.
1. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде
1.1 Азаматтық құқық субъектілігі жеке тұлғалар
“Азаматтық құқық”атауы ежелгі уақыттан белгілі, оны Римдік заңгерлер
Рим азаматтарының құқығы цивильді құқық деп аталған.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария
және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді:
“жария құқық дегеніміз Рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал
жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді”. Азаматтық
құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс
тіршілікті , сондай –ақ азаматтардың ,заңды тұлғалар мен мемлекеттің
өзімен, оның әкімшілік -аумақтық бөліністермен тығыз байланысты. Азаматтық
құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап ,басқа ша айтқанда,
мүның пәні не екенін белгілеп алуға тиіспіз.
ҚР азаматтық құқығының пәнін тауар –ақша қкатынастары және
қатысушыларының теңдігіне негізделген. Өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-
ақ м.ліктік қатынастарға байланысьты мүліктік емес жеке қатынастар
құрайды.Сонымен қатынастар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік
емес жеке қаатынастар азаматтық заңдармен реттеледі,өйткені олар басқа дса
құжаттарында өзгеше көзделм еген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туындамайды.
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық –
құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып,
құқық субъектісінің тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана
құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті – азаматтық құқық
субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге
және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың
кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік – аумақтық
бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады.
Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық
субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын,
мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын,
азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі
деп танылады. Ал ұйым – бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың
субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі
болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай – ақ
мемлект пен әкімшілік – аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі
бар.
Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін
шатастыруға болмайды. “Азаматтық құқық субъектісі” ұғымы оның құқық
субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді
(тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы
қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда “құқық субъектілігі” термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылыпжүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
Азаматтық құқық субъектілік – салалық құқық субъектіліктің бір түрі.
Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, заңдық шындық ретінде құқық
субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ
бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың
ерекше институты – құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар – адамдарды
құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу
қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың
қоғамдық, заңдық қасиеттері болып табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі
салаларында түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР
Конституциясы адамдардың құқық қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың
құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда,
азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған
қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы,
саяси құқықтар, әскери қызметті өтеу міндеттері).
Кейде құқық субъектілік пен нақты субъективтік құқық арасындағы
айырмашылықтар келтірілген мысалдағыдай соншалықты көрнекті көрінбейді,
бірақ осыған қарамастан, олар қашан да өмірде кездеседі. Мысалы, құқық
субъектілік элементі ретінде әрбір азаматтың тұрғылықты жерді таңдау құқығы
бар, бірақ қалаған жерінде тұру – бұл енді нақты субъективтік құқық болады.
Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің бөлінбес бірлігі
түрінде өмір сүретін заңды тұлғалардың құқық субъектілігінен өзгеше, жеке
тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігіне бөлінеді.
Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның
құқық қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс - әрекеттерімен азаматтық
құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түзіп,
оларды орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады.
Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда,
азаматтық құқықтың барлық субъектілерінің азаматтық құқы субъектілігінің
негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа
қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс -
әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқық қабілеттілігі жоқ субъект
мүлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды.Азаматтықәрекет қабілеттілігі
жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам – бұл азаматтық
құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер
атқара алатын адам.
Әрекет қабілеттілік. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық
қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда
айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына,өзінің іс-әрекеттерін
саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан
заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол
18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың
толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық
толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-
әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра
алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен
байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл-ойы мен ерік-жігерінің
жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді..
Қазақстан зандары адам 18 жасқа жеткенде толық көлемде әрекет
қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік
белгілейді: заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат
етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап
толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.
14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер
заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап
алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. Әрекетке қабілетсіз
кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған
таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп
түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын,
қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ
мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық
мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай
мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар
кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы,
ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс Бұл мәмілелердің құны аз
ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар – оны пайдалану қауіпті
болатындықтан, баланың қолына беруге болмайды.
14 жастан 18 жасқа дейінгілер мәмілелер жасау туралы жалпы ережелер
бойынша, ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының
келісімімен өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне дербес
билік етуге құқылы, 14-18 жастағылар өздері жасаған интеллектуалдық меншік
құқығы объектілеріне, мысалы әдеби шығармаларына, өнертабыстарына дербес
билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір
азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-
әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды
орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз
немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін
Әрекетке қабілетсіз азамат айыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай
оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған
белгіленген қамқоршылық алынып тасталады.
Қамқоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және
әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары және
қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған
әрекетке қабілетті адамадар болуға тиіс.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды,
ал әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын –
қорғаншыларды арнайы мемлекеттік қамқоршылық және қорғаншылық жасау
органдары тағайындайды.

Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымын бұл-құқыққа қабілетті адамдар
арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп шығады.
Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал ол осы
түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын
субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді. Алайда мұндай
мән –жайлардың болуы өзінен өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі
бір құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл-оның пайда болуының қажетті
абстрактілік алғышарттары ғана.
Құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де осындай мән-
жайлар қажет болады.
Мұндай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды. Өзіндік адрес иесі
жоқ құқықтық нормадан өзгеше,заңдық факті қашанда дербес бағытты болады.
Сондықтан оны құқықтық қатынастардың нақты алғы шарты деп тануға болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз- заң құқықтық қатынастардың пайда
болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.
Азаматтық Кодекстің 7-бабы заңдық фактілерге арналған. Алайда бұл
бапта аталған заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Құқықтық
қатынастар субъектілерінің еркіндігі азаматтық құқықтың негізгі
принциптерінің бірі болып табылатындақтан (заңда тікелей тыиым салынбаған
нәрсенің бәріне рұқсат етілген), олар өздері үшін азаматтық құқықтар мен
міндеттерді түзе алады, яғни 7-бапта тікелей аталмаған, сондай-ақ заңдарда
тыиым салынбаған өздерінің тікелей әрекеттерімен азаматтық-құқықтық
қатынастарға түсе алады. Мысалы, қаржыландыруға қатысу туралы келісім
заңда тікелей аталмаған, оған тыиым да салынбаған. Сондықтан бұл келісім
азаматтық құқықтар мен міндеттер туғыза алады.
Нақты жігерлі мінез-құлқы актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз. Олар
заңды немесе заңсыз іс-әректтер болуы мүмкін. Заңды іс-әрекеттер өзара
құқықтық қатынастардың пайда болуына баағытталған. Бұлар-мәмілелер
(Азаматтық Кодекстің 147-бабы), оның ішінде-шарттар.147-бап заңда тікелей
көзделген мәләмелер туралы (мысалы, сатып алу-сату, мердегерлік, тасымал
және тағы басқа), сондай-ақ заңда тікелей көзделмеген мәмілелер туралы
байяндайды.
Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда
белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер ( мысалы, үй
тұрғызы, кітап жазу, өнер табыстық жасау) орынды заңдық фактілер болуы
мүмкін.
Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да құқықтық
қатынастар тууы мүмкін. Әдетте бұл-әкімшілік акт (мысалы, меншік иесі-
мемлекеттің мүлігі бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беруі). Соттың
құқық белгілетін шешімдері де осындай актілерге жатады. Заңдық фактілердің
бұл түрінің ерекшелігі-олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы азаматтық-
құқықтық қатынастар туатын үшінші тұлғалар олардың қатысушылары болып
саналмайды.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз, яғни
заңда тікелей тыиым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін. Мұнда,
әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субъектілер үшін ұнамсыз болғанымен осыған
қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірілген залалын ретке келтіру
міндетін жүктейтін құқықтық қатынастар пайда болады.Мысалы, бөтен мүлікті
бүлдіру не оны заңсыз ұстап қалу.
Азаматтық Кодекстің 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс
пайда болатын мән –жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Мұнда, ең
алдымен, табиғи фактілерді атау керек ( адам өлімі, жанып кеткен
сақтандырылған мүліктің құнын төлеу міндетін туғызатын найзағайдан өрт
шығуы, табиғи апаттары және т.с.с.). Басқа адамдардың іс-әрекеттері
құқықтық қатынастарға қатысушылар үшін объективті оқиға болуы мүмкін
(мысалы, бөгде адамның үйді қасақана өртеуі өрт қоюшының жәбірленуші үй
иесі мен құқықтық қатынасы үшін заңсыз әрекет және үй иесінің сақтандыру
компаниясымен құқықтық қатынасы үшін –оқиға болып табылады).
Заңдық фактілердің ерекше түрі –мерзімдер оқиғаларға
жуықтайды(мерзімдер туралы Азаматтық Кодекстің 6-7-тарауларын қараңыз).
Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі- жарым
заңдық фактінің пайда болуы да жеткілікті. Мәселен бөгде мүлікті
бүлдіру кінәліға залалдың орынын толтыру міндетін туғызады. Басқаша
жағдайларда фактілнрдің белгілі бір жиынтығы болғанда ғана құқықтық
нәтижеге қол жетеді.Мысалы сатып алу – сату шартын жасасып , іс
жүзінде затты беретін- бір мезгілде немесе бірінен соң бірі
жасалатын екі әрекеттің нәтижесінде сатып алушыда сатып алатын
затқа меншік құқығы пайда болады.Кейде үш, төрт , бес және оданда
көп заңдық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы заңдық салдар туды
. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық
құрам деп атайды.
Заңдық күй деп аталатын жағдайды заңдық фактілердің ерекше
санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді жасамаудан емес , заң
құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық
немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән- жайларды
заңдық күй деп түсіну керек.Мысалы қайтыс болған адаммен жақын
туыстық байланыс - мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу
негіздерінің бірі.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді болумен
қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі бір
топтарға бөлінуі мүмкін. Заңдық фактілердің құқықтық қатынастардың
дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, тоқтататын,
өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын мұндай
заңдық байланысы( шарт, зиян келтіру) болмаған адамдар арасында
құқықтық қатынастардың тууына әкеледі. Екіншісі (мерзімнің өтуі,
шарттың бұзылуы ) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеліп соғады.
Үшіншісі- қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге
себепші болады.
Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше
әсер етеді . Көптеген жағдайларда мұмкін болатын құқықтық салдардың
мазмұнын заң айқындап береді. Мұндай заңдық фактілерді құқықты
бағыттаушы фактілер деп атайды. Бұлардан өзгеше , құқықты
қалыптастырушы заңдық фактілер құқықтық қатынастардың тууына себепші
болып қоймай, заңда белгіленген шекарада мазмұнын айқындауға
жәрдемдеседі. Құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер бұл қасиеттері
жөнінен құқықтық нормаларға ұқсайды, бірақ одан мәнді айырмашылығы-
құқықтық қатынастардың мазмұнын жалпылай емес, жеке- дара анықтайды.
Заңдық фактілердің барлығын мәміле мен әкімшілік актілерді ғана
құқықты қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әлбетте , олар
құқықтық қатынастардың мазмұнын белгілі бір шектерде ғана ,ол
императивтік ұйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы
келмейтін шектерде ғана анықтай алады.
Азаматтық құқықтың кейбір объектілерін және мәмлелердің кейбір
түрлерін міндетті тіркеу секілді заңдық фактілер түрінің ерекше
маңызы бар (Азаматтық Кодекстің 118 және 155–баптары) . Тіркеу
өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды , өзгертпейді
және тоқтатпайды , бірақ бұл олардың пайда болуын, өзгеруін,
тоқтатылуын аяқтайды . Құқықтың өзі тіркеуге жетпей тұрып- ақ
қорғауға мұқтаж болады , бірақ ол тіркелмейінше , мұндай құқықты
иеліктен айыру мүмкін емес. Осыған дейін қажет болатын заңдық
фактілердің барлығы жиналғанда , тіпті құқығын беруші адам оны
тіркеуге қарсылық білдіретін жағдайдың өзінде де құқықты тіркеу оны
иеленушінің бір жақты талап етуі бойынша жүргізілуі тиіс .
1.3. Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын
құқық субъектілігі
Азаматтың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын құқық
субъеклігі-бұл азаматтың құқық субъектілігінің ерекшелігін және маңызын
ескере отырып, Азаматтық Кодекстің Азаматтық құқықтардың субъектілері
деген 2-тарауына арнайы бап арналған бірден-бір саласы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 26-бабының 44-тармағындағы
әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар деген нормасына сәйкес,
Азаматтық Кодекс азаматтар заңды тұлғалар құрып қана қоймасытан, сонымен
қатар заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы деп
белгілейді. Бұл ережеден өзгешелігі заң актілері ғана белгілей алады және
ол кәсіпкерліктің белгілі бір саласына ғана қатысты болады. Мысалы, банк
саласы қызметімен арнайы заңды тұлғалар ғана-банктерайналыса алады.
Азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуын
Азаматтық Кодекс нормаларымен қатар, Жеке кәсіпкерлік туралы заң және басқа
да нормативтік құқықтық актілер реттеп отырады. Егер заңдарда немесе
құқықтық қатынастарда өзгеше көзделмесе, онда азаматтардың кәсіпкерлік
қызметіне заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормалар қолданылады.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңды тұлға құрмайтын
құқық субъектілігі, азаматтардың жалпы құқық субъектіліг секілді, тең болып
табылды. Азаматтар өздерінің қалауы бойынша жеке кәсіпкерлікті өзіне меншік
құқығы ретінде тиісілі мүліктің, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған
билік етуге рұқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде дербес
жүргізіледі. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар жеке кәсіпкерлер тобы
заңды тұлға құарамй-ақ, азаматтардың меншік құқығы ретінде тиісілі
мүліктерінің негізінде, сондай-ақ осы мүлікті бірлесіп пайдалануға және
оған билік етуге рұқсат беретін өзге де құқықтардың негізінде жүзеге
асырылады. Шаруа қожалықтарының кәсіпкерлік, сондай-ақ қарапайым
серікиестік түріндегі бірлескен кәсіпкерлікке мысал бола алады.
Жеке кәсіпкер өз қызметін өзінің атынан жүргізеді. Бірлескен жеке
кәсіпкерлікте кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәмілелер заң
актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде бірлескен кәсіпкерліктің
барлық қатысушыларының атынан жасалады, сондай-ақ құқықтар мен міндеттер
алынады.
Заң актілері азаматтардың жеке кәсіпкерлік қызмет саласындағы
құқық субъектілігін жүзеге асыру шараларын да көздейді. Мәселен, жеке
кәсіпкерлер екі жағдайда міндетті мемелекеттік тіркеуден өтуге тиіс.
Біріншіден, егер олар ұдайы жалданушы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын
болса. Екіншіден, салық заңдарына сәйкес есептеліп шығарылған жиынтық
жылдық табыс жеке тұлғаларға заң актілерімен белгіленген жылдық жиынтық
табыстың салық салынбайтын көлемінен артатын болса. Барлық өзге жағдайларда
жеке кәсіпкер, өз қызметін тіркелусіз – ақ жүргізе алады, бірақ өзінің
қалауы бойынша оны тіркеуге құқылы.
Лицензияланатын қызметтүрлеріне лицензия алу жеке кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудың қажетті шарттарының қатарына жатады.
Жеке кәсіпкер дәрменсіз болып қалатын жағдайлар үшін заң актілері
оның банкрот болуын да көздейді. Банкроттық рәсімін және несие берушілердің
талаптарын қанағаттандыру кезектілігін ҚР АК мен басқа да заң актілері
белгілейді.
2. Азаматтық құқыққа қатысатын тұлғалар
2.1. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.
Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы
– меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті
алғышарты болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың
құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуының өкімдік,
рұқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды тұлғалар құрылуының өкімдік тәртібі оның құрылтайшының өкімі
негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен
кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға
уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылтайшылары
болуы мүмкін.
Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзыретті
органның алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданылып келген заңдар
кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай
ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі – мұнда
заңды тұлғаны құруға тиым салынуы мүмкін. Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны
тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың
әлде бір рұқсат етуін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес
коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекетттік тіркеуден өткен
сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататына қарамастан, заңды тұлға
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
- Заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
- Заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық
заңды тұлғалардың мемлекетік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;
- Жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі адам құпия
немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды
тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы
танысуға құқылы.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге
заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің
қызмет жүргізуіне тиым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен
алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы және
таратылуы нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату, яғни тоқтата
тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы жер қойнауын және қоршаған табиғи
ортаны қорғау заңдарының талаптары, заңды тұлғалардың – жер қойнауын
пайдаланушылардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын ұдайы немесе өрескел
бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген
лицензияның қолданылуы уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді.
Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік
иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі
бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген
органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот
органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
Заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын - қосу,
біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту – атап көрсетеді.
Өткізу актісі дегеніміз – бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және
өзгерту кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға – құқық мерасқорына өтетін
мүліктік құқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің
меншік иесі бекітіп, тіркеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz