Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
h1
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны 5
1.2 Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері 6
2 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ
РЕТІНДЕ 9
2.1 Мүліктік игіліктер мен құқықтар 9
2.2 Азаматтық құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік емес игіліктер мен
құқықтар 16
3 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ, ӨЗГЕРУ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУ
НЕГІЗДЕРІ 19
3.1 Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы 19
3.2 Азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерту және тоқтату негіздері
22
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
h3
KIPIСПЕ
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл
нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық
қатынастары деп аталады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай
азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:h4
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік
қатынастар.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер — субъективтік
құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.
Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі,
денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке
өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы,
авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық
емес игіліктері мен құқықтары жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты - азаматтық-құқықтық қатынастардың
ерекшеліктері болып саналатын азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен
әдістеріне сипаттама беру арқылы азаматтық-құқықтық қатынастардың аса
маңызды белгілерін, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігін көрсету
болып табылады.
h4Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара
бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана
байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің
екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне
емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық-
құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік дербестігіне
сүйенеді.
Курстық жұмыстың мақсатына сай мына міндеттері орындалады:
азаматтық-құқықтық қатынастар мазмұны және олардың түрлерін
қарастыру;
азаматтық-құқықтық қатынастар ретіндегі мүліктік және мүліктік емес
қатынастарға сипаттама беру;
азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу
негіздерін талдау.
Курстық жұмыс кіріспе, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми
еңбектері, басылымдары және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық
актілері мен заңдылықтары қолданылды.h4
h41 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұны
Азаматтық-құқықтық қатынастар ұғымынан бұл — құқыққа қабілетті
адамдар арасындағы заң нормалары реттеген қатынас деген түсінік келіп
шығады. Демек, құқықтық қатынастар тууы үшін құқықтық норма болуы тиіс, ал
ол осы түрдің құқықтық қатынастарының және оның қатысушылары бола алатын
субъектілердің құқық қабілеттілігінің пайда болуын көздейді. Алайда мұндай
мән-жайлардың болуы өзінен-өзі белгілі бір қатысушылар арасында белгілі бір
құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл — оның пайда болуының қажетті
абстрактілік алғышарттары ғана.
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды
тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар
(олар құрған ұйымдар — заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты
қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап
айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай
қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық
қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы
қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда
болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз — бұл нақты қоғамдық қатынастардың
нысаны ғана.h4
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп
отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша
айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық
сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес
игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық
құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап
айтқанда, азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматтық-
құқықтық қатынастар дегеніміз — азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық-құқықтық
ретгеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық
қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң
жүзіндегі теңдігі. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен
өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен
ғана байланысты болады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың
бірінің екіншісіне міңдеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің
өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың мүліктік
дербестігіне сүйенеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай
қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-
құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда
олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық
қатынастардың мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың
ерікті әрекеттерімен жүзеге асырылады.
1.2 Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері

азаматтық-құқықтық қатынастардың мынандай түрлерін ажыратады:

қатынастар.h4
Азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік
қатынастар болатындықтан, азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі
мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың
объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік
қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу-сату,
айырбас, займ және т.с.с.) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің
нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық
қатынастардың обьектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық
қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы,
шығармаға қол сұғылмау құқығы және т.с.с), алайда оларды басқа тұлғалардың
пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан
аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік
қатынастармен байланысты болып шығады.
Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер —
ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел және т.с.с. мүліктік қатынастармен
байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық
қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға
міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай
құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім жөне барша жүрт міндетті болып
шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға
жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл
құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады.
Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міңдетті
болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың
да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген
болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын
толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез
келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық
субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады.
Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы
мүмкін.
Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған
жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек,
салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан
қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда — тапсырыс беруші
тарапынан қорғалады.
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық-
құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық
берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы
болады ("өзі әрекет ету" құқығы). Заттық құқықтық субъектісі өзінің затқа
деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер
ету жолымен қанағаттандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық
қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне
тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал
міндетті субъектілер — қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік
иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет
жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа
адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін.
Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан
белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы ("бөгде әрекет" құқығы).
Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал
сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады,
ал міндеттемелік қатынастардың объектісі — зат болмауы мүмкін. Мысалы,
баспа мен автордың арасындағы әдеби туынды жасау жөніндегі шарттан
туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің
нәтижесі — әдеби шығарма болады.
h42 МҮЛІКТІК ИГІЛІКТЕР МЕН ҚҰҚЫҚТАР АЗАМАТЫҚ–ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ОБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
2.1 Мүліктік игіліктер мен құқықтар
Мүліктік және мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық-құқықтық
реттеу мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру
жолымен жүзеге асырылады. Шын мәнінде, құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл
адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы. Азаматтық -
құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен
субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды.h4 Субъективтік құқық
дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-қүлкииыц шщы жолмен
қамтамасыз етілгеи шарасы. Ол қүқық берілген адамның белгілі дәрежеде
өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе
міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы —
талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді.
Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау
құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға
берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң
қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз
жүзеге асыру мүмкін емес.

Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады
(мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай,
барлық басқа өклеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады
Субъективтік міндет дегеніміз — міндетті адамның байқалуға тиісті
мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық
қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның
қатысушыларының міңдеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік
құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір
тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді
жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған
субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір
әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың
келесі қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау
міндеті сәйкес келеді.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік азаматтық
құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес жүргізілетіндіктен, әрбір
өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады. Мәселен, көркем туынды
жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір мезгілде оның өзіндік,
мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып табылады. Осы автордың баспадан
қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін, мүліктік, салыстырмалы құқық
болып табылады.
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқығы кейде
көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан көптеген
әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда
субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас
элементтер — жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ құқықтық қатынастың
шегінде өкілеттіктер біртекті немесе әртекті болуы мүмкін. Мәселен,
мүліктік жалдау шартында жалдаушының құқығы жалға алынатын мүлікті иелену
және пайдалану мүмкіндігін қамтиды (заттық, абсолюттік өкілеттіктер),
сондай-ақ жалға берушіден күрделі жөндеуді дер кезінде жүргізуді талап ету
мүмкіндігін қамтиды (міндеттемелік, салыстырмалы өкілеттік). Заң тұрғысынан
алғанда, әртекті өкілеттіктерді қамтитын мұңдай күрделі құқықтарды кешенді
құқықтар деп атауға болады.
Заттар –азаматтық құқық қатынастарының объектілері.
Азаматтық құқық қатыныстарының объектілері деп заттарды (мүләк және
мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп
есептелмейтін игіліктер (мәселенатау) мен интеллекуалды меншікті, яғни
әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы объектілерду
құқық қатынастарына қатысушылардын мүдделері тоғысады және де бұл
оюъектілердің құқық қатынасарындағы тағдыры шешіледі. Әдетте, азаматтық
құқық объектілерінің шеңбері айнымалы келеді.Мысалы, күні кешеге дейін
ақпарат онын аяасына кірмеді. Жалпы алғанда, азаматтық құқық қатынастарының
объектілерінің негізгі бөлігін заттар құрайды.Зат деп материалдық әлемнің
кез келген объектісін айтамыз. Заттардың заңдық тағдырында оның сапасы мен
құқылқ мартебесі елеулі орын алады. Сондықтан да азаматтық құқықта заттарды
саралаудын (классификациялау) алун түр кездеседі.
Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым
қабілеттілігін байланысты азаматтық айналымнан шығармаған және азаматтық
айналымнан шығарылған деп бөлінеді. Азаматтық айналымнан шығарылмаған
заттарды олардың йелері өзгеге еркін түрде бере алады, сөйтіп, ол ешқандай
шектеусіз қолдан қолға өте береді. Былайша айтқанда, мұндай заттар
азаматтық айналымға емін-еркін қатысады. Айналым қабілеттілігін шектелген
заттарды азаматтық айналымға қатысушылардың белгілі бір бөлігін қатысты,
немесе айналымы ерекше тәртіппен жүзеге асады. Осы объектілердің шеңбер
заңымен айқындалынады. Оған у, қару-жарақ, оқ-дәрі, қымбат бағалы металдар
мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер, тағы басқалары жатады.
Сонымен, азаматтық заң кейбір заттардың айналымнан шығарып
тастайды. Өйткені,онің өзі мемілекеттің немесе басқа тұлғалардың өзгеге
беруге болмайтын жеке дара меншік болып табылады. Қазіргі кезде оған мысалы
ретінде орман, су және басқа бірқатар объектілерді жатқызуға болады.
Заттардың бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін
заттар бөлінгенде күннің өзінде тұтынушылыққасиетінен, бастапқы сапасынан
айырылмайды.Мысалы, бір бөлке нанды алайықшы, оны қашан жерден бөлсеңіз де
нан күйінде қклкды емес пе. Ал бөлінбкйтін заттарды бөлсеңіз пайдаға аспай
қалады. Егер отығышты армен екіге жарып кесіп тастаңызшы, онда ол тұтыну
қасиетінен айырылып қалады ғой. Саралаудың мұндай заттақ мәні мүлікті бөлу
кезінде айқын көрінеді.
Заттар құқық қатынстардын жекеше белгіленгенжәне тектес
қасиеттеріне қарай белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларын
тектесуіне қарап бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп,
екінші жағдайда тектес қасиеттерінен қарай белгіленген заттар деп атайды.
Жекеше белгіленген тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән.
Мысалы,оған суретшінің суреттегі қолтаңбасы немесе көйлектің өзіндік үлгісі
жатады. Зат сол жекеше күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес
қасиеттерімен айқындалады, ал басқа ретте даралық сипатқа ие. Айталық,
тігін фабрикасы дүкенге 48-пішімді, 3 тұрқылы (рост) 100 көйлек әкеліп,
сатуға шарт жасасты делік. Бұл құжат бойынша аталған тауар тектес
белгілерімен анықталады. Ал сатып алушы әлгі жүз көйлектің тек біреуін ғана
таңдайды. Демек ол қолына түскенін емес, өзіне ұнағанын алады. Яғни дене
бітіміне шақ келетін әрі жарасымдысын көйлектің жекеше сапасы бойынша
таңдайды. Осы құқық қатынасында сатып алушының алған көйлегі жекеше
белгілерге ие, сондықтан да сатушы оған жүз көйлектің өзгесін бере
алмайды.
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Оның
қозғалмаитынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы,
көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құрылыстар жатады, олар тұтастығы мен
пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды.Сондай-ақ
Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарын әуе және теңіз кемелерін мен
ғарыш объектілерін де жатқызады. Себебі олар халқаралық дәстүр мен
халқаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осыдан аса қынбат саналатын
объектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырына шығып та кетеді.Әрине,
мұндай объектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен
сыиыспайтындықтан да мойындауғ тура келеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемілекеттік тіркеуден
міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияақты мемілекеттік тіркеуге
қозғалмаітын мүлңкке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арада
ереже талаптарын шығып кететін жәйттерді де кездестірмеіміз.Мәселен,
автокәсіпорын қозғалатын мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жатқызылады
Кәсіпкерлікке пайдаланылатын кәспорын мүліктік кешен ретінде
мүліктің (заттың) ерекше түрі болып табылады. Ал кәсіпорыннегізінен алғанда
қозғалмайтын мүлікке жатады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға оның
қызыметіне мүліктің барлық түрі енеді. Ол тек қажетті объектілерді ғана
қамтып қоймай, жер учаскесі, ғимарат, құрлыстар тәрізді қозғалмайтын болып
көрінетіндерді өзіне қаратып алады, тіпті жеке дара күйінде қозғалмалы
мүлік болып табылатын керек-жарақ, құрал-жаптық, шикізат, өнім,тіпіт талап
ету құқық да қараңыз, атау, тауарлар және фирмалықбелгілер бәрі-бәрі онда
іргесін аулақ сала алмайды. Демек, егер кәсіпорын сатылатын болса, мүлктің
беруге тиіс. Тек сатып алушымен келісм арқылы мүліктің бір бөлігін
(мысалы,шикізат немесе кеібір құрал-жаптықтар) жекелеі түрде сатуына
болады.
Қосалқы зат және басты зат. Дербес пайдалануға келмейтін, тек басқа
затпен (бастғы) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар деп
аталады. Жалпы ережеге сәйкес қосалқы зат басты заттың заңдық тағдырына
әсер етеді. Енді басты зат пен қосалқы затқа мысалдар келтірейік: құлып
пен кілт,есік пен құлып, үй мен есік. Егер сіз үйді сату-сатып алу жөнінде
шарт жасассаңыз, онда оған үйді есігімен, қүлыбымен,сондай-ақ кілтімен
сатылады деп жатудың қажеті жоқ. Өйткені, ол басты зат пен қосалқы зат
ережелеріне бағынды.
Сатушы есіктің қүлыпы алып қойса онда сатып алушы оны орынына қойуды
талап етуді құқылы. Кей жағдайда сатушы мен сатып алушы арасында жасалған
келісім шарт бойынша қосалқы затты басты заттан бөлуге мәмілеге келе алады.
Жаңа азаматтық кодекс азаматтық құқық объектілерінің тізімін
жануарларды да қосады. Егер заңды өзгеше көздемесе, мүлік жөніндегі жалпы
ереже қолданылады. Құқықты жүзеге асыру кезінде жануарларме ізгілік
принцйптеріне қайшы келетін қатал да аямаушылық әрекеттерінің орын алуына
жол бермейді мұндай тұжырымдама қосымша түсіндірме жасауды қажетсінеді.
Біріншіден,бұл арада әңгіме жан-жануарлардың бәріне қатысты ма, әлде тек үй
жануарлары туралы ғана ма? Қоян мен қасқырды орман мүлкіне жатқыза
алмаймыз? Солай болған күнде меншік иесі мұндай мүліктерді басқара алмайды
емес пе.
Сондай-ақ жануарға “қатал қарау-аямаушылық” дегенге орай оған әдейі
зардап шектіру шегі қалай айқындалады,бұл да оңай сауал емес. Өйткені,
ғылыми тәжірибеге байлаңысты жануарларды азаптауға, тіпті өлтіруге тура
келеді, онда қалай боладі? Бұл сауалдарға жауапты тек соттың белгілі бір
жағдайларға байланысты шығырған шешімі ғана жауап бере алады.
Затқа ақша, валюталық құңдылықтар,сондай-ақ құнды қағздар
жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған зат болып табылады. Тек
оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді. Қазқстанның барлық
аумағында теңге заңды төлем қүралы болып есептеледі. Ол банкнотта
көрсетілген бірлікте-100 теңге, 500 теңге және т.с.с. бағаланады. Шетелдік
валютамен есеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады. Валюта
құндылығына қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы тастар, шетелдік валюта,
шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік облигациялар жатады.Олармен
келісім жасау 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңымен жүзеге асады. Бірақ
валюталық құндылыққа меншік құқығы басқа мүліктер тәтізді жалпы негізде
қорғалады.
Құнды қағаздар да зат делінеді. Құпды қағаз дегеніміз белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір мүліктік құқықты
орналатын, оны куәландыратын, өзін көрсеткенде ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz