Айгерім қонақ үйінің құрылымы мен жұмысы



Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 3

I. Объектінің мінездемесі және оның тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Қонақ үй қызметтері мен пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қонақ үйдің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7

ІІ. Техника экономикасының
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1. Техника экономикасының мінездемесі Айгерім
3 жұлдызды қонақ
үйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
2.2 Айгерім қонақ үйінің құрылымы мен жұмысы ... ... ... ... ... ..
13
2.3 Айгерім қонақ үйінің ғимараты мен құрылымдық
Сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 15

III. Нөмерлер саны және
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .. 17
3.1 Айгерім қонақ үйінің құрамды
бөліктері ... ... ... ... ... ... .. ... .. 17
3.2 Қонақ үйдің барлық нөмерлер
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 22

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... . 24

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі - Мемлекетіміз егемендік алып, нарық
экономикасының зонасына кіргеннен бастап елімізде көптеген елеулі
өзгерістер болып жатыр. Әсіресе олар экономика мен кәсіпкерлік салаларына
қатысты болып келеді. Жаңа рыноктар мен кәсіпорындар пайда болып орта және
шағын кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туындап келеді.
Бәсекелестік пен тұтынушылардың еркін таңдап алу мүмкіндіктеріне
қатысты қызмет көрсету саласы да дамудың даңғыл жолына түсті десек те артық
айтпаймыз. Және мемлекет тарапынан да бұл мәселеге ерекше назар аударылып
келеді.
Бұған дәлелді жаңа оңжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан анық көруге болады. Онда
"Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын
дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды
әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу
маңызды." делінген. Бұл сөздер жоғарыдай айтуға толық мүмкіндік береді.
Осындай қолайлы жағдайда қызмет көрсету түрлері де, сол қызметтерді
көрсететін мекемелер мен кәсіпорындар да күн сайын көбеюде. Осы факторлер
дербес бәсекелестікпен қосыла қызмет көрсету мекемелері арасында
тұтынушылардың назарын аудару үшін тартыс туғызады. Бұл қонақ үйлерге
ерекше қатысты деуге болады.
Тұтынушылар үшін бәсекелестік аталмыш салада әрекет ететін мекемелер
жұмысына айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз. Халықты өзіне тарту үшін қонақ
үйлер қызмет көрсету сапасын жақсартып, менеджменттің басты құралы
жарнаманы кеңінен пайдаланады. Ал басқалардан ерекшеленін өзіндік
айырмашылықтары арқылы тұтынушалардың назарын өзіне аудару максатында
маркетинг пен дизайннің көмегіне жүгінеді.
Жұмыстың мәселесі — Бүгінгі күнде, қызмет көрсету нарығының тым толу
жағдайында қонақ үйдің жұмысына маркетингтік жоспар мен тиімді менеджмент
жүйесін жасаудың маңызы арттып келеді. Ол мекемеге
бәсекелестік ортада ерекшеленіп өзін танытуға мүмкіндік береді. Ал, кез-
келген мекеме қонақ үй болсын, немесе басқа да салада да әрекет ететін
мекеме болсын толыққанды менеджмент пен маркетинг құралдарын пайдалана
бастаса, ол оған басқа бәсекелестерден гөрі бірмаша арттықшылдық әкелетіні
сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты - Айгерім қонақ үйінің ғимараты мен қызметіне
сипаттама беру.
Зерттеудің обьектісі - Айгерім қонақ үйінің ғимараты мен қызметі
Зерттеу гипотезасы - Егерде қонақ үйдің ғимаратының жабдықталуы мен
қызмет көрсету сапасы жоғары әлемдік деңгейде болса ол оны
бәсекелестерінен ерекшелендіру мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
1. Қонақ үй қызметі мен ғимаратын теория жағынан сипаттау.
2. Зерттеудің негізінде қонақ үй жобасына суреттеме жасап негіздеу.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері:
Зерттеу барысында бақылау, синтез, анализ, осылардан
туындайтын тәжірибелік эксперимент әдістері пайдаланылды.
асыуына да өз септігін тигізеді.
Ғылыми жаңашылдығы — Бұл курстық жұмысының ғылыми жаңашылдығы негізгі
мәселені шешуде, яғни әрекет етіп жатқан калыпта қонақ
үйінің қызметіне сипаттама беріп талдау процесіне жаңа идеялар мен ойларды
еңгізу болып табылады.
Тәжірибелік маңызы - Қазіргі заманауи технологиялар мен материялдарды
тұрғын үйді жабдықтау мен құруда пайдалану, қызмет көрсету
сапасын арттыру қонақ үйін қызмет көрсету рыногінде ерекшелендіріп
тұтынушылар назарын тартуға тиісті.

I. Объектінің мінездемесі және оның тарихы
1.1 Қонақ үй қызметтері мен пайда болу тарихы
1-794 жылы АҚШ-та ең алғашқы қонақ үй 70 бөлмелі Сити Отель ашылды.
Ол Нью-Йоркте орналасқан. 1829 жылы Бостон қаласында Ақш-тағы бірінші
классті Отель Темот ашылды. Осы жағдайда елдегі конақ үйдің дамуына негіз
болды. XIX ғасырдың ортасында елде орталық жылулық қамтамасыз етілген
алғашқы Отель пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғында қонақ үйдің 2 типі кеңінен
таралды. 1. Қымбат; 2. Арзан; Қонақ үй ісінің дамуына үлес қосқан адам
Цезарь Ритц болды. Оның атын осы күнге дейін Европадағы ең қымбат және
атақты қонақ үй шынжыры иеленеді. XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында
Европамен Америкалық ірі қалаларында миллионерлер сұранысын қанағаттандыра
алатын салтанатты қонақ үйлер пайда болды. Мұндай қонақ үйлердің бірнешеуі
Ресейде де пайда болды. Мысалы: Мәскеудегі Метрополь Националь отельдері
Петербургтегі Европа қонақ үйі. Қонақ үй индустриясы маңызды салаға
айналды. Қонақ үй құрлысымен кадрларды дайындаумен баға беру
мәселелерімен конақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлер қоғамдар
айналаса бастады. Олардың ішіндегі неғұрлым белсендісі: Қонақ үй иелерінің
Лондондық синдикатор, қонақ үй иелерінің Француз одағы және әлемнің әртүрлі
елдеріндегі 1700 қонақ үй иелерін біріктірген Қонақ үй иелерінің
халықаралық одағы болды. Қазіргі кезде әлемде ондаған халықаралық қонақ үй
шынжырлары жұмыс істейді. Олардың ішінде Holiday in Shois Marriott
Hilton қонақ үйлерін айтуға болады.
Қонақ үйі жұмысының көрсетілген ерекшеліктері кәсіпорындар жүйесін
құрғанда, олардың типін таңдағанда, жұмыс режимі мен көрсетілетін қызмет
түрлерін анықтағанда ескеріледі.
Қонақ үйлер өз жұмыстарында мемлекеттік стандарттарда белгіленген,
санитарлық, өртке қарсы ережелерде, технологиялық құжаттар мен басқа
нормативті актілерде көрсетілген қызметтер сапасына, олардың адам өміріне
қауіпсіздігіне, қоршаған орта мен мүлікке зиян келтірметіндігіне қойылатын
талаптарды сақтап отыру қажет. Қонақ үйлер, көрсететін қызмет түрлеріне
қарамастан міндетті:
• Мақсатты бағытына сәйкес болуға;
• сапалы және дұрыс қызмет көрсетуге;
• қауіпсіз және экологиялық тұрғысынан зиянсыз болуға;
• экономикалық және комфортты болуға;
• эстетикалық тұрғыдан алған әдемі болуға;
• қызмет көрсету мәдениетіне сәйкес болуға;
• әлеуметтік бағытталған болуға;
• ақпаратты болуға.
Әлем бойынша қонақ үйлер көрсететін қызметтердің көлемі жылына 150
миллиард АҚШ долларын қүрайды.
Батыс Европа елдері мен америка құрама штаттарында нарықтың негізгі
бөлігін сін салондарының жүйелері бақылайды. Мысалы АҚШ-нда жүйелік қонақ
үйлерның үлесі 80% құрайды.
Ал Ұлыбритания мен Францияда Euromonitor-дің зертеулері бойынша
жүйелер үлесі жетпіске жуық пайызын құрайды.
Әлемдегі ең үлкен қонақ үйлерінің жүйесі америкалық Ніlton
Соrporation. Жалпы алғанда оның құрамына Солтүстік және Оңтүстік
Америкалардың, Европа мен Азияның, Африканың отыздан астам мемлекеттерінде
он үш мың төрт жүз қонақ үйі кіреді.
Ресми ститистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 1000-нан 3000-ға
дейін қонақ үйлер жұмыс істеп келеді.
АҚШ пен Батыс Европа елдерінен айырмашылығы елімізде негізінен жеке
дербес конақ үйлер жұмыс істеп келеді.
Ал қонақ үйлерның пайда болу тарихына келсек, қонақ үйлердің қызметі
алғашқыда керуен сарайларында көрсетіле бастады.
Қазіргі еліміздің кез келген қаласында, тіпті аудан орталықтарында да
толық қызмет көрсететін қонақ үйлерді көруге болады.

1.2 Қонақ үйдің сипаттамасы
Қонақ үйі дегеніміз халыққа дем алу және тұрғын тұрмыстық қызмет
көрсететін мекеме.
Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан ілгері дамуына орай,
халықтың, яғни қазакстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыстық деңгейі де артып
келеді. Осыған орай түрлі тұрмыстьщ қызметтерге деген сұраныс та өсіп
келеді.
Сұраныс болса, ұсыныс туындайды деген нарық заңына сәйкес халыққа
тұрмыстық қызмет көрсететін инфрақұрылымдардың объектілерін кұру мен жұмыс
жасауын тұрғындар арасындағы сұраныс қамтамасыз етеді. Осы тұрмыстық қызмет
инфракұрылымдар объектілеріне қонақ үйлер да жатады. Бұл салада қызмет
көрсететін мекемелердің қатарына демалыс үйлері мен санаторилер де кіреді.
Қонақ үйлерінің олардан айырмашылығы олардағыда көрсетілетін қызмет
негізінен демалыс пен сауықтыру және адамдардың денелеріне күтім көрсетумен
байланысты.
Республика бойынша тұрмыстық қызмет көрсететін инфрақұрылымдардың мына
объектілері жұмыс жасайды:
Демалыс үйлері - 664;
Санаторилер мен шипажайлар - 240;
Қонақ үйлер - 1370;
Қазақстан Республикасында қонақ үй қызметін көрсететін мекемелер
негізінен тек қана коммерциялық тұрғыда жанданып жатыр. Осыған байланысты
тұрмыстық қызмет саласында республикалық, облыстық, қалалық, аудандың
шеңберлерінде жаңа мекемелер ашылып шағын және орта бизнестің дамуына да
үлес қосып келеді.
Бірақта қонақ үй қызметін көрсететін мекемелердің қазіргі уақыттағы
маңызды сұрақтарының бірі болып конақ үй қызметін көрсететін мекемелердің
жұмыс тәжірибесіне инновациялық ұйымдасудың жаңа қызмет көрсету түрлерін
енгізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты қонақ үй қызметін көрсететін мекемелердің: халықтың
демалысы ыңғайлы болуына көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Қонақ
үйлернің қызметтерінің бірқатар ерекшеліктері бар. Егер
басқа тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелер негізінен бір
немесе екі функциясымен шектелсе, мысалы шаштараздар шаштарды кию,
бояу қызметін көрсетсе, СПА салондары, СПА қызметтерін ғана көрсетеді. Ал
қонақ үйлер өзара байланысты қызметтердін көптеген түрін көрсете алады.
Қонақ үйлер, көрсететін қызметтері:
- Қонақ үй қызметі, нөмерлер мен бөлмелерді жалға беру;
- Сән салолнының қызметі;
- Кафе ресторандардың, қоғамдық тамақтану мекемелердің қызметтері; -
Байланыс қызметтері;
- Сауда саттық қызметтері.
Және де қонақ үйлер көрсететін қызметтер клиенттердің сұраныстарына
орай үсынылып тұрады. Және кешенді түрде де жалқы жалғыз
қызметтер де ұсынылу мүмкін. Мысалы, конақ үй қызметтерін пайдаланған адам
сонымен қатар шаштараз, асхана, сауда дүңгіршектердің қызметтерін пайдалана
алады. Немесе, конақ үйінда біршама ұзақ мерзім өткізіп көрсетілетін
қызметтің барлық түрлерін пайдаланып көре алады.
Қонақ үйлер көрсететін қызметтердің ассортименті өте әртүрлі, оларды
көрсету үшін бірнеше түрлі салада біліктіліктері бар мамандар керек. Түрлі
салада қызмет көрсететін білікті мамандар және қызмет түрлерінің көп болуы
тұтынушылар сұраныстарын толығырақ қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Алайда, жұмыс инфрақұрылымын да күрделендіреді.
Қонақ үйлерінде көрсетілетін көптеген қызмет түрлері жеке кабинетті,
арнайы құрал-жабдықтарды, қосымша заттарды пайдалануды талап етеді. Қызмет
түрлерінің алуан түрлілігі ең алдымен сұраныстың сипатына және қызмет
көрсететін контненттің ерекшеліктерінен, оның кәсіби, жастык, ұлттық
ерекшеліктеріне, еңбек ету шарттары мен жағдайына, тағы да басқа көптеген
факторларға байланысты.
Қонақ үйі жұмысының режимі негізнен клиенттердің қалауларына
байланысты. Осыған орай конақ үйлерінде ең интенсивті жұмыс халықтың бос
уақыты бар демалыс күндерінде болады. Мерекелер де қонақ үйлерінің
жұмыстарына ықпал етеді.
Қонақ үйлерінің қызметтеріне деген сұраныс жыл мезгілдеріне, апта
күндеріне, тіпті тәулік сағаттарына орай өзгеріп тұрады. Маркетинг
тұрғысынан қарастырғанда кез келген кәсіпорын сұраныс нарығында сараптап
зерттеуге тиісті. Өйткені оған қызмет көрсетудің тәсілдері мен түрлері де
тәуелді.
Қонақ үйлер тура қызметтерден басқа да қызмет түрлерін көрсете алады,
мысалы кафе, бар қызметтері, бассейн, сауна т.б. қызметтер.

ІІ. Техника экономикасының мінездемесі
2.1. Техника экономикасының мінездемесі Айгерім 3 жұлдызды қонақ үйі
Өртке төзімділік дәрежесі I дәреже
Ұзақтылық дәрежесі II дәреже
Капиталдық класс I класс

Көптеген құрлыста, проектілік және қоғамдық ғимарат нормасына сәйкес
ғимаратты 4 классқа бөледі. Ол кластар ғимараттың қабаттарына, мерзіміне,
ұзақтылығына, конструкция негізіне өртке төзімділігіне байланысты болады.
Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі, құрлыс конструкциямен материялдарының
жану дәріжесімен, отқа төзе алатын шектігімен анықталады. Негізгі
конструкция ғимараты - (баған,жабдық) темір бетонынан жасалынған, сондықтан
да ол жанбайтын материал (өртке қарсы 3 сағаттан кейін әсер етеді), және де
өрт тұтылады. Осыған қарап анықтаймыз ғимарат I дәрежелі өртке төзімді
екенін. Ұзақтылық ғимарат, тұрақтылықпен беріктікті сақтайды. Ол әртүрлі
физикалық және химикалық материялдарға әсер етеді. Ұзақтылық ғимараты
құрлысыың сапасына және эксплутация ережесіне бағынады. Ұзақтылық
ғимаратының дәрежесі II (75-100) жыл. Осы мәліметтерге сәйкес, ғимарат I
капиталды классқа жатады.
Жылу, су, электр, газбен қамсыздандыру көздері
Жылу, сумен, электр және газбен қамтамасыз ету көздері бұл қонақ үйге
негізінен қалалық жүйелерден жеткізіледі.
Канализациялық жүйені орналастырудың қабылданған нұсқасы болып
шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік канализацияны жіберу болып табылады.
Олардың барлығы жалпы канализацияға косылған.
Бас жоспардың технико-экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштердің атауы Сандар көрсеткіші
1 2 3
1. Ауданның аумағыА, м2 15350
2. Құрлыстың ауданы А3, м2 1235.2
3. Көмек бөлме ауданының құрлысы Азв, м2 575
4. Ауданның жабдығы Атп, м 2130
5. Жолаушы жолының ауданы Апд, м2 200.8
6. Көгэлдану ауданы Аоз, м2 7700
7. Құрлыс тығыздығы (А3+Азв+ Ао)А 0.23

Айгерім қонақ үйінде сәуір айында өндірген өнімі мен істеген
жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік.
Бұл жағдайда осы ұжымдағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың
мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп
шығарылады. Қосымша табыс коэффиценті бұл мысалымызда 26 (жиырма алты)
теңге 10 (он) тиынға тең болып отыр (яғни 6 бағана 4 бағана немесе 62669
теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын = 26 теңге 10 тиын)
Айгерім қонақ үйі заң қүқығы Еңбек туралы заңның 12 б., 5 т.
қарастырылған. Мысалы, қызметкерге 2010 жылдың 1 мамырынан бастап 21 күнге
демалыс берілген.
Орташа жалақының құрамын есептеу үшін мыналар енгізіледі: төлем ақы
жүйесінде каралған есептік кезеңдегі есептелген жалақысы; есептелген
сыйлығы; есептік кезеңнің әрбір айы үшін есептелген жылдық сыйлығы (112).
Бірінші кезекте есептеуге кіретін сыйлықтың сомасы анықталады:
49000+2400:12*8 -50 600 тенге.
Әрбір қызметкерге 2009 жылдың 8 ші сәуірінен бастап, 18 календерлық
күнге еңбек демалысы берілген. Есептік кезеңде толық жұмыс істелмеген, яғни
14 наурыздан 21 наурызға дейін уақытқа еңбекке жарамсыз болған. Бұл
мәліметтердің негізінде еңбекке есепті кезеңге есептелген демалыс ақысын
былай шығаруға болады:
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық
тұрақтылығы негізінен капитал көздерінің құрылымының оңтайлылығынан
(меншікті және заемдық қаражаттардың қатынасы) және активтердің құрылымынан
тәуелді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше
арнайы көрсеткіштер есептелінеді. Олардың негізгілері келесілер:
1. Қаржылық тәуелсіздік (автономиялық) коэффициенті
2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті
3. Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффициенті
4. Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекел. Қаржылық тәуелсіздік
(автономиялық) коэффициенті
2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті
3. Қаржыландыру (төлем қабілеттілік) коэффициенті
4. Қаржылық леверидж (қаржылық тәуекел) коэффициенті
5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті
6. Маневрлік коэффициент
Банктер мен басқа кредиторлар үшін клиенттің меншікті капиталының
үлесі басым болғаны сенімді, бұл қаржылық тәуекел деңгейін төмендетеді.
Бірақ қазіргі күні меншікті капиталдың үлкен үлесі кез-келген шаруашылық
субъектісінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсете бермейді, керісінше
кей жағдайларда заемдық қаражатты пайдалану кәсіпорынның икемділігін, несие
табу қабілеттілігі мен іскерлік ортадағы сенімділігін көрсетеді.
Айгерім қонақ үйі мекемесінде табыстылық
көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады: табыстылықтың
абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
• таза табыстың қалыптасуының қүрамдас элементтерін зерттеу;
• табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
• табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
• табыстың өсу резервтерін анықтау;
• кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты
тиімді папдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
• табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандыктан, барлык назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Айгерім қонақ үйінде табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші
өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер
және т.с.с салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған
тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталын
көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша
негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

2.2 Айгерім қонақ үйінің құрылымы мен жұмысы
Айгерім қонақ үйі 2005 жылы кұрылған. Онда төменгідей қызмет түрлері
көрсетіледі:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Абай Жолы романының қысқаша мазмұны
Роман жанырындағы некелесу әдет-ғұрпы
Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы
Абай жолы эпопеясындағы монологтың көркемдік қызметі
Империя G қонақ үйінің қызметін және персоналмен қамтамасыз етілуін талдау
Қазақстан қонақ үйінде маркетингті ұйымдастыру
«Алматы» қонақ үйі
Аққу қонақ үйіндегі нөмірлер құны
Қонақ үйді басқарудың қызметтік құрылымы
Пәндер