АҚМОЛАТУРИСТ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ЕСЕПТЕРІНЕ СИПАТТАМА
КІРІСПЕ
Адам баласының негізгі мекені - жеке үйі. Осыған сай, халқымыздың
басым бөлігінің саналы ғұмыры өз шаңырағында өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге,
сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос-жарандарымызға барып,
кешкісін үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек
демалысына, іссапарларға және өзге де себептерге байланысты жыл бойы жиі-
жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар аялдайтын бірден-бір орын –
мейманхана.
Қаланы саяхаттай жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар,
мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден
түседі. Керісінше қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және
автозаправкаларды кездестіреміз. Осы ретте қаланың нақ ортасынан да, қала
маңынан да алдымен байқалатын бір ғимарат – мейманхана. Кімнің болса да
әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындарға кенде
емеспіз. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.
Тұтынушылардың көзқарасынша мейманхана – коммерциялық негізде тұру
үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.
Қонақ үй шаруашылығының шығуы және дамып жетілуі қоғамымыздың даму
тарихымен тікелей астасып жатыр. Ең алғашқы мейманханалық мекемелер –
ежелгі Шығыстың өркениетті елдерінде саяхат жасаушы адамдарға қызмет
көрсету мақсатында біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдай бұрын пайда
болған.
Ерте дәуірлерден-ақ римдіктер мемлекет мұқтаждықтарына қарай саяхат
жасаушыларға арнайы ғимараттар тұрғыза бастапты. Жол бойында ерекше сән
түзеген бұл ғимараттар бір қарағанда сарай секілді. Меймандостық
мекемелерін құру жолында Шығыс, Азия және Кавказ елдеріндегі сауда
байланыстарының дамуы үлкен роль атқарды. Аталған аймақтардың территориясы
арқылы алып сауда жолдары қалыптасты. Осылайша тауар жүктеген керуендер
көші басталды.
Саяхат жасаушыларды түнету мақсатында сауда жолдарын жағалай
керуендерді жайғастыратын орындар құрылды. Ұлы қабырғамен айнала қорғалған
сарайлар кезінде керуеншілерді қолайсыз ауа-райынан, сондай-ақ түрлі жол
азабынан сақтады.
Орта ғасырлардағы қонақжай орындарын дамытудың діни дәстүрлерге де
ықпалы болды.
Қонақ үй шаруашылығын дамытудағы тағы бір елеулі кезең Еуропадағы ат
күшімен атқарылатын пошта және көлік қатынасының орнауымен байланысты
бекеттер. Пошта жолы бойында мемлекеттік тасымалдауға, сондай-ақ демалыс
орындарына қызмет көрсететін пошта бекеттері пайда болды.
ХV ғасырларда тұрғын сарайлар пошта бекеттеріне біріктірілді. Оларға
мейманхана деген атау тағылды. Осыдан соң кейбір ірі қалаларда қонақжай
орындарының қатары біртіндеп көбейе бастады. Бірақ, бұлар - өзгеше сипатта.
Мұндағы ерекшелік - жолаушы-жүргіншілердің орналасып, тамақтануымен қатар,
олардың коммерциялық құрылымдарын жетілдіруіне жол ашылғандығы. Осыған
орай, қонақ үйлерде жабдық бөлмелер, сауда қатарлары, дүкендер, қоймалар
құрылды.
Отель сөзі ХVІІІ ғасырда қолданысқа енді. Кезінде Францияда көп
пәтерлі ғимараттарды отель деп атаған. Мұндай пәтерлер негізінен бір күнге,
бір аптаға не бір айға жалға берілетін. Көп ұзамай бұл терминді Америка
Құрама Штаттарының тұрғындары қабыл алды. О бастан-ақ алпауыт Америка –
мейманханаларды техникалық жарақтандыру ісіндегі жаңа ережелердің, жаңа
енгізілімдердің Отаны. Бұл елдерде мейманханаға деген сұраныс қашан да
жоғары. Өйткені, мұнда уақытша қоныстануға бел байлаған эмигранттар жиі
барып тоқтайтын. Әлемнің алпауыт мемлекеттерін жаулап алған қонақ үй
бизнесі көп ұзамай қазақ даласында да дәуірледі.
І. АҚМОЛАТУРИСТ ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
Ақмолатурист АҚ – 1993 жылғы 5 қарашада тіркеуге алынған заңды ұйым.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 23.
Ақмолатурист қонақ үйі Үш жұлдызды категорияға жатады. Ол 273 төсек-
орынға және 158 тұру нөміріне есептелген. Тұру бағасы нөмірлердің
категориясына және адам санына қарай түрліше белгіленеді. Ақмолатурист
қонақ үйінің барлық нөмірінде телефон орнатылған. Мұнда 1999 жылы
орнатылған автономды телефон станциясы арқылы бірқатар мүмкіндіктерге қол
жеткізілді. Өзге қалалармен салыстыра қарағанда бұл да - бір басымдық.
Клиенттердің бос уақытын көңілді өткізуге сеп болатын радиоқабылдағыш пен
теледидар да әрбір нөмірден табылады. Нөмірлердің барлығы да жеке ванна
бөлмелерімен және санитарлық тораптармен жабдықталған. Сондай-ақ
тоңазытқыштар да орнатылған. Қонақтар үшін ең маңыздысы мейманханада тұру
уақытын ұзартуға да мүмкіндік жасалған.
Люкстер кондиционерлермен де жарақтандырылған. Люкстер осы замандық
жиһаздар қойылған екі бөлмеден тұрады әрі қабылданған стандарттарға
толығымен сай келеді.
Нөмірлік қорлардың жай-күйі жаман емес, 2000 жылы мейманхананың жетпістей
нөміріне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл жалпы нөмірлер санының (158 нөмір)
43,8 % құрайды. Сондай-ақ 2000 жылы 3-9 қабаттардың дәлізіне ағымдық жөндеу
жүргізілді. Нәтижесінде қонақ үйдің ішкі келбеті көркейе түсті.
Жоғарыда келтірілген деректерден қонақ үйдің нөмірлік қоры әр алуан екеніне
көз жеткізуге болады әрі осы жағдай кез келген тұрғынмен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді. Нөмірлік қордың көлемділігі көптеген клиенттер, яғни, бас
қалаға арнайы келген әр алуан делегацияларды қабылдауға қолайлы.
Мейманхана қызметкерлері көптеген клиенттер сұранысына сай кездесулер
ұйымдастырады және оларды қаладағы қалаған орнына жеткізіп салады. Осы
мақсатта Ақмолатурист АҚ 30 орындық эксклюзив-классты Вольво автобусын
және 8 орындық кондиционерлі Фольцваген - Каравелла микроавтобусын сатып
алды.
Турист мейманханасының бірінші қабатында 26 орынға арналған кафе жұмыс
істейді. Кафеде қонақтар ертеңгілік асын ішеді. Кафетерияның ас үйінде
ыстық және салқын тағамдар дайындалады, мұндағы тағам түрлері ұдайы
толықтырылып тұрады. 2001 жылы кафе интерьерін жақсарту үшін ағымдық жөндеу
жүргізілді. Бар бағаналары мен стеллаждар, сөрелер мен өлшеуіштер
ауыстырылды. Мұның бәрі кафе жұмысын жақсартуға айтарлықтай ықпал етті.
Мейманхананың бесінші қабатында 12 орындық буфет бар. Буфет түнгі сағат
2.00-ге дейін жұмыс істейді. Буфет жабдықтары мен тұрмыстық техникалары
қонақ үй категориясына сәйкес. Бұл жабдықтар қонақ үй меймандары үшін өте
қолайлы. Қонақ үй холлдары мен қабаттарында салқын сусындар, темекі, тәтті
тағамдар мен өзге де бұйымдар сататын сауда нүктелері ұйымдастырылған.
Қонақ үйде кондитер цехы да жұмыс істеуде. Онда сауда нүктелері мен кафе
жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті тағамдарды пісірумен айналысадыцехының
бұйымдары мен басқа да тауарларды жеткізуге болады.
Сапасыз тағамдардан клиенттердің ұшынуын болдырмау үшін азық-түлікті
дайындау сапасын көтерумен қоса өнімдер сапа сертификатына ие фирмалық
дүкендерден сатып алынады.
Қонақ үй ғимаратында әйелдер мен ерлерге арналған шаштараз бөлмелері жұмыс
жасайды.
Қонақ үйде клиенттердің факс хабарламаларын алып әрі жібере алатын бизнес
орталығы бар. Мұндағы қонақтар өзге де қызмет түрлерін қолдануға мүмкіндік
алған.
Тұтынушылар 500 орынға есептелген мәжіліс залын да жалдай алады. Зал әр
алуан кездесулер мен кеңесулер өткізуге сай келеді.
1999 жылдан қонақ үйде сауықтыру кешендері қызмет көрсете бастады. Оған
енетіндер: фин саунасы, су алабы, массаж кабинеті, бильярд. Осы кешеннің
арқасында қонақ үй өз тұтынушыларының еркін демалуына жағдай жасап, оларды
көтеріңкі көңіл күйге бөлейді. Бұл қызмет түрлері осы отельде тұрмайтын
азаматтарды да тартып, кірістің көбеюіне ықпал етеді.
Жаңсақтыққа жол бермеу үшін алғашқы медициналық көмек ретінде қонақ үйде
медициналық пункт орналасқан. Оған Ақмолатурист АҚ еңбеккерлері мен
тұтынушылары келіп жолығуына болады.
Ғимаратта тәулік бойы жұмыс істейтін валюта айырбастау орны, бейнекассета
сататын мекен және банкомат бар
Бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында Ақмолатурист АҚ бұқаралық
ақпарат құралдарының (телевидение, радио, газет-журналдар, іскерлік
анықтамалықтар, бизнес кітаптар т.т.) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз
қызметін тиімді түрде жарнамалайды.
№ Көрсеткіштері Маңыздылығы
1. Разряды Қонақ үй
2. Сыйымдылығы 158 орын
3. Қабаты 9 қабат
4. Жатын нөмірлердің типі 70 нөмір
1 жатын орынды нөмір
2 екі жатын орынды номір
Екі бөлмелі люкс нөмір
5. Участкенің аумағы 0,60 га
6. Капиталды жөнделу және өртке ІІІ класс
қарсы ғимараттын тұру клксстылығы
ІІ. ҚОНАҚ ҮЙ БӨЛМЕЛЕР САНЫНЫҢ ЕСЕПТЕМЕСІ
2.1 Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің экономикалық жағдайы
Кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан саланың бiрi - туризм.
Бұл өз кезегінде экономикамыздың едәуiр пайда әкелетiн тармағына айналуымен
қатар қонақ үй саласын ілгерілетуге септігін тигізіп келеді.
ҚР Үкіметінің Экономиканың басымдық секторындағы пилотты кластерді
құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекіту туралы Қаулысында қазіргі таңда
туристік бизнес жандана түскендігі сөз етілген. Қазақстан алдағы 3-4 жыл
ағымында елімізге келетін туристерді 10 есеге ұлғайтуды көздеп отыр.
Халықаралық консалтингтік IPK компаниясы келтірген деректер бойынша
еліміздегі туризмді дамытуда бес облыс алда тұр. Олар: Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, сондай-ақ Алматы қаласы. Мұндай
өсім жоғарыда аталған облыс аймақтарынан ірі орталықтар құруға сеп. Осы
сынды қадам қонақ үй бизнесін екпінді дамытуға, туристерге бағытталған орта
деңгейлі мейманханалар құрылысын салуға жол ашады.
2009-2010 жылдардағы республикамыздағы қонақ үй бизнесінің қарқынды
дамуы экономикалық өсіммен байланысты сипатталады. Қонақ үй шаруашылығын
дамытуға сыртқы және ішкі туризмнің дамуы нәтижесінде қатысушылар санының
көбеюі ықпал етті.
2010 жылғы есеп бойынша республикамыздағы мейманхана, мотель және
келушілерге арналған жатақханалар саны – 385, ал келгендерді орналастырумен
шұғылданатын кәсіпкерлер – 163. Мейманханалардағы бір жолғы сыйымдылық -
33 399 орын болса, нөмірлер саны - 15 515. Орта статистикалық әрбір қонақ
үйдегі 86,8 орынға 40,2 нөмірден келеді. Сонда бір нөмірдегі орташа
сыйымдылық көлемі - 2,2 төсек-орын.
2006-2010 жылдары елімізде мейманханалар саны күрт өсті. Бұл
Қазақстанға шетелдік азаматтардың іскерлік мақсатпен келу көрсеткішінің
көбеюімен байланыстырылады. Екінші жағынан, соңғы жылдары халықаралық
стандарттарға сай келетін жеке мейманханалар, қонақ күту үйлері мен
туристерді жайғастыратын өзге де стационарлық орындар бой көтеріп, ескі
мейманханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2006 жылмен салыстырғанда мейманханалар, мотель және келушілерге
арналған жатақханалар саны 226 бірлікке, яғни 2,4 есе өскен болса, 1994
жылмен салыстырғанда – 6,7 есе артық. 2011 жылмен салыстырғанда қонақ
үйдегі бір жолғы сыйымдылық 2-2,5 есеге, нөмірлер саны – 6391 бірлікке,
яғни 1,7 есе ұлғайды.
Қор нөмірінің көлемі жағынан аса ірі қонақ үйлер Алматы және Астана
қалаларында орналасқан. Алматыдағы мейманханалар орта есеппен алғанда 148,8
орынға 72,5 нөмірден, ал Астанадағы 66,2 орынға 38,4 нөмір сәйкес келеді.
Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады:
Бес отель 5 жұлдызды, жиырма үші 4 жұлдызды категория қатарына
тіркелсе, 3 жұлдызды қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй
қорлары - арзан сегменттегілер. 5 жұлдызды қонақ үйлердің менеджменттері
шетелдіктердің басқаруында, келесі категориядағыларға жетекшілік ететіндер
– жергілікті топ-менеджменттер.
Халықаралық желіге жататын бес жұлдызды отельдер: Алматыдағы Hyatt
Regency мен The Regent Ankara, Астанадағы – OKAN InterContinental мен Rixos
Astana President Hotel, ал Ақтауда – Marriott International Ренессанс
Ақтау атты алғашқы отель желісі. Ренессанс Ақтау Отелі – Ренессанс
брендіне (макетіне) ие болған Қазақстандағы тұңғыш отель.
Тәжірибе көрсеткендей, қонақ үйдегі қызмет түрінің сапасы мен
бағасының арақатынас факторы нарықтағы отельдерді тізімдеудің айырмашылық
белгісі болып саналады. Бұл [баға-сапа] кілтті параметрлердің қонақ үйді
таңдар алдындағы ықпалы зор.
Қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары түрлі мақсатпен түрліше
топтастырылады.
Қонақ үй – кіріс пен шығыстың ара қатынасына кіріптар кәсіпорын. Осы
замандық қонақ үйдің экономикалық құрылымы кәсіпорын қызметінің, өнімінің
тиімділігін көтеруді көздейді. Қонақ үй қызметінің тиімділігін арттырудың
нақты жолы – қонақ үй сервисі қызметін сатуға ұсыну.
Қонақ үй өнімін (қызметін) сату – аталған қызмет нарығына қарай қонақ үйде
жүзеге асырылатын маркетингтік іс-шараларын қорытындылау кезеңі. Әрбір
мейманханада өнімдерді өндіру есебімен қоса қонақ үй сервисі қызметін
сатудың эффектілі жүйесі әзірленеді.
Қонақ үй әлеуетінің мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламалық құжаттардың
бірқатар кезеңдеріне есеп жүргізіледі.
Есеп негізіне қарай қонақ үйдегі инвентарлық орын саны мен қор нөмірінің
сыйымдылығы алынады.
Еліміздегі үшжұлдызды категориялы қонақ үйдің бірін алайық. Оның бөлме қоры
(нөмірлік қоры) 310 бірлік, ал нөмір қорының сыйымдылығы 510 койко-орынды
құрайды.
Бөлме қоры – бір мезгілде орналасуға арналған қонақ үйдегі нөмірлер саны.
Нөмір қорының сыйымдылығы сонда орнатылған кереует санымен есептеледі.
Мәселен;
а) 110 бір орынды (бір бөлмелі);
ә) 200 екі орынды, соның:
- 110 бір бөлмелі;
- 60 екі бөлмелі, жоғары комфортты;
- 20 үш бөлмелі, жоғары комфортты;
- 10 төрт бөлмелі, жоғары комфортты.
Қонақты қоныстандырға берілетін тәуліктік койко саны қонақ үйдегі койко-
орынның жалпы санын ажыратады.
Бірінші көрсеткіш (К жалп.) жоспарлы кезеңдегі қонақ үйде жайғастырылатын
барлық инвентарлық орынның 100 пайыз қолданысы жағдайында мейманханаға
кіргізу мүмкіндігін көрсетеді. Мұны жоспарланған кезеңдегі календарлық орын
санына қонақ үйдегі бір мезгілдік сыйымдылықты көбейту арқылы анықтайды.
Жыл ағымындағы төсек-тәулік санын анықтап көрсек. Оның формуласы
төмендегідей:
К жалп. = М u х Д г,
мұндағы К жалп. – төсек-тәуліктің жалпы саны;
М u - қонақ үйдегі инвентарлық орын саны;
Д г - жыл бойындағы күн саны.
Төсек-тәуліктің жалпы саны анықтаймыз:
565 х 365 = 186 150 төсек-тәулік.
Жоспарлы жөндеу кезіндегі іркіліс уақыты (Пp) тұрғын үйлер мен қоғамдық
ғимараттарға алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарының ережесіне
сәйкес, қонақ үй қорын 5 жылдық жоспарлы жөндеудің жүйелілік есебімен
айқындалады. Бір инвентарлық койко-орынға жөндеу жүргізудің орташа ұзақтығы
– 10 күн.
Формулада бұл былайша ұсынылған:
Пp = М u Ц х Р,
мұндағы Пp - жөндеу кезіндегі іркіліс уақыты;
М u - қонақ үйдегі инвентарлық орын көлемі;
Ц - қонақ үй қорын жөндеу жүйелілігі;
Р - жөндеу жүргізудің орташа ұзақтығы.
Қонақ үй қорына жоспарлы жөндеу кезіндегі орын санын анықтау:
5105 х 10 = 1, 020 койко-тәулік.
Сөйтіп, қонақ үйдегі жалпы инвентарлық қор орындары айналымында жыл
ағымында 1020 төсек-тәулік бос болады екен.
Қонақ үйге кіруді анықтау:
Пс = К жалп. – Пp,
мұндағы Пс - қонақ үйге кіру;
К жалп. – төсек-тәуліктің жалпы саны;
Пp - жөндеу кезіндегі іркіліс уақыты.
186150 төсек-тәулік - 1020 төсек-тәулік = 185 130 төсек-тәулік.
Қонақ үй ресурстарын сипаттаудың қолданылым көрсеткіштеріне жататын
пайдалану сыйымдылығының коэффициенті немесе жүктеме коэффициенті – К;
Н к
Кз = ------------------------ х 100 %
Р қс х 1365
мұндағы Н к - қону саны (төсек-күн);
Р қс – отель сыйымдылығы (отельдегі орын саны).
Егер жүктеме коэффициенті пайызбен болса, онда 50 % тең жартысы 3652 =
182,5 күнді құрайды.
Қонақ үйде ұсынылған төсек-тәулік саны мейманханадағы орташа ұзақтығына
қарай келуші клиеттердің жалпы санын көбейту жолымен анықталады.
Оның формуласы:
N = M х t,
мұндағы N – қонақ үй клиентурасында ұсынылған қону көлемі (төсек-тәулік);
M – клиеттер, адамдар саны;
t - нақты бір қонақ үйдегі бір адамның мекендеу ұзақтығы,
орташа алғандағы.
Кез келген отельдегі қоныстану деңгейі бірдей емес. Бұл көбінесе жыл
мезгілдеріне де байланысты.
Әркелкі қоныстану сипаттамасы мерзімдік өзгеріс жүктемелерінің
коэффициентімен анықталады.
Ол:
Q
max
К мерзімдік шығын өзг. = ----------------- х 100 %,
Q
min
мұндағы К м.ш. – отельдегі min мерзімдік өзгеріс жүктемелерінің
коэффициенті, %;
Q max – айлық ең аз мөлшерлі жүктемелік тәуліктік төсек
саны;
Q min – айлық жүктеме бойынша тәуліктік төсек саны.
Өзгеріс жүктемелерінің салыстырмалы коэффициенті, бір жылдың бір айы мен
өткен жылдың сол айындағы жүктеме көрсеткіштерінің ара қатынасы арқылы
пайызбен анықталады.
1998 Q
К сал. мерзімдік шығын коэф. = ----------------- х 100 %,
1997 Q
Мұндағы К сал. мерзімдік шығын коэф. – жүктемелердің салыстырмалы
коэффициенті;
Q – қонақ үй жүктелерінің максимальді көрсеткіші (жылдық, айлық);
Q – қонақ үй жүктелерінің минимимальді көрсеткіші (жылдық, айлық).
Мейманханадағы кт орташа айлық көрсеткіш мөлшері бір жылдағы ай санын
жылдық төсек-орын санынан бөлу арқылы айқындайды.
J
К орт.. = -----------,
T
мұндағы К орт. – орташа айлық төсек-тәулік көрсеткіші;
J - кт жылдық көрсеткіші;
T – қонақ үйдің белсенді жұмыс қарқынындағы айлар саны.
Белгілі бір кезеңдегі (жыл, тоқсан, ай) қонақ үй нөмірі қорының
интенсивтігін сипаттайтын маңызды көрсеткішке койко-орын айналымы жатады.
Алдымен қонақтың тұруының орташа уақытын анықтайық (Д np):
П с
Д орт = --------------,
Г к
мұндағы П с – қонақ үйге кіру бейімі;
Г к – бір жылда қызмет көрсетілген қонақтар саны.
185,130
Д оpт = --------------------- = 3,8 күн.
47,965
Қонақтың орташа тұру уақытын анықтағаннан кейін қазіргі жағдайда ол 3,8
күн, бір жылдағы қонақ үй орыны айналымының санын айқындаймыз (О).
М u
О = ------------,
Д np
мұндағы М u - қонақ үйдегі инвентарлық орын көлемі;
Д оpт - қонақ үйдегі қонақтың орташа тұру уақыты.
510
О = ---------------- = 134 рет.
3,8
2.2 Ақмолатурист қонақ үйінің қызметіне экономикалық талдау
Ақмолатурист қонақ үйі Үш жұлдызды категорияға жатады.

ұйымдастырады және оларды қаладағы қалаған орнына жеткізіп салады.
Кесте – 1 Ақмолатурист қонақ үйіндегі нөмірлер құны.
№ Категория 1 орынға тәуліктік тұру
бағасы (НДС-пен)
1 Бір орынды люкс № 512 5100
2 Бір орынды люкс № 301-312, 324, 402, 6400
404,0502, 504, 602, 604, 702, 704, 802,
804, 902, 904 (25 нөмір)
3 Екі орынды люкс № 419, 519, 619, 719, 819, 9500
919 (6 нөмір)
4 Бір орынды жартылай люкс №314, 412, 414, 5100
612 (4 нөмір)
5 Бір орынды нөмір (27 нөмір) 4600
6 Екі орынды нөмір 1 категория № 401, 403, 4100
405 – 411, 501, 503, 505, 511, 601, 603,
605, 611, 701, 703, 705, 711, 801, 803,
805, 811, 901, 903, 905, 911 (54 нөмір)
7 Екі орынды нөмір (34 нөмір) 3100
8 Төрт орынды нөмір (7 нөмір) 2100
Барлығы: 158 нөмір
Персонал термині кәсіпорындағы еңбек ұжымының құрамды бөліктерін
біріктіреді. Персонал ұғымы өндірістік немесе басқарма операцияларын
орындайтын барлық еңбеккерлерге (еңбек ұжымы) қатысты.
Жұмысшы немесе өндіріс персоналы - материалдық өндірісте өз қызметін жүзеге
асырушы тұлға.
Басқарушы персонал - өндірісті басқару процесінде ой еңбегі арқылы қызметін
жүзеге асыратын қызметкер. Олар техникалық басқару құралдарын қолдану
арқылы мәліметтер әзірлеумен айналысады.
Компанияның бас экономисі кәсіби бірліктер санының қажеттілігіне қарай
еңбеккерлердің штаттық кестесін жасайды. Штаттық кестеге сәйкес еңбекақы
қоры қалыптасады (кесте - 2).
Кесте – 2. 2006 жылғы еңбеккерлердің орташа айлық жалақысы
Көрсеткіштер Орташа жалақы Тізімдік құрамдағыАйлық орташа
төлемін және басқақызметкерлердің жалақы деңгейі,
да шамаларды жалақы қоры, мың теңге
есептеуге арналғантеңге
қызметкерлер саны,
адам
Ұйым бойынша 155 46587,956 66395
Соның ішінде:
Жұмысшылар 112 38804 41000
Қызметшілер, мұнан35 49783,956 32804
Жетекшілер 3 4347,480 51430
Мамандар 10 5960 32000
Өзге де 22 10476,476 37658
қызметкерлер
Әкімшілік-басқару аппаратының қызметкерлері мен қызметшілер нақты айлық алу
құқығына ие.
Мәселен. Швейцардың (есік күзетшісі) айлық жалақы есебі (аудандық
коэффициентті қоспағанда):
1) 26592 21 =1266, мұндағы 26592 – швейцардың айлық тариф мөлшері;
21 – жұмыс істеген күндері.
2) 1266 8 = 158, мұндағы 8 – бір күнгі жұмыс сағаты.
3) 158 х 192 =30336, мұндағы 192 – жұмыс істеген мерзімнің табеліне сәйкес
бір айдағы жұмыс сағатының саны.
Кәсіпорын бойынша орташа айлық жалақы 45900 теңгені құрады. Ең жоғары айлық
алатын жетекшілерге белгіленген жалақы көлемі – 96000 теңге шамасында.
Жұмысшылардың жалақы қоры - 29800 мың теңге, ал қызметкерлердікі -
35783,956 мың теңге.
Жалпы алғанда, Ақмолатурист АҚ бойынша орташа жалақы мөлшері едәуір
қанағаттанарлық деуге болады. Бұған 3-кестеден көз жеткізелік.
Кесте – 3. Жұмыскерлер еңбегі өнімділігінің талдамасы.
Көрсеткіштер Жылдар Ауытқушылық, +-
2004-2005 2005-2006
2004 2005 2006
Негізгі қызметтен16108,0 18502,0 32472,5 49722,8 10859,2
түскен кіріс
Еңбеккерлер 132 145 155 13 10
санының орташа
тізбегі, адам
Жұмыскерлердің 122,23 127,6 209,5 25,6 1,1
бір жылғы еңбек
өнімділігі,
адамға мың
теңгемен
Ақмолатурист АҚ жұмыскерлері еңбегінің өнімділігі мен кәсіпорынның
негізгі қызмет кірісі ұдайы өсу үстінде. Соған сай жұмысшылардың орташа
тізімдік саны да көбейіп отыр.
Еңбек кадрын пайдалану көрсеткіштеріне тұрақсыздық коэффициенті жатады. Бұл
кезіндегі жұмысшылардың орташа тізімін тұрақтамау себебімен жұмыстан
босағандар санына бөлу арқылы, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz