Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Негізгі бөлім
1.1 Қорықтар. Жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .4
1.2 Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи
қорығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...7
1.3Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар әлемі
(Aves) ... ... ... ... ... ... ... . ... ..12
1.4 Қорықта кездесетін сүтқоректілер
(Mammalia) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...19
1.5Қорықта кездесетін бауырмен жорғалаушылар
(Reptilia) ... ... ... ... ... ... . ...26
1.6Қорықта кездесетін қосмекенділер
(Amphibia) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 29
1.7 Қорықта кездесетін балықтар
(Pices) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 35
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты - туған өлкенің экологиялық құндылықтар жөнінде
білімдерін кеңейту, елімізде мекендейтін омыртқалылардың әр түлілігінің
түр–тұқымын анықтау, оларды биологиялық тұрғыдан талдау жасау арқылы
көрсету. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер
қойылды:
Жұмыстың міндеттері:
-Елімізде мекендейтін жануарларының түр –тұрпатын анықтап, оларға
сипаттама беру;
-Жануарлар әлемін қорғау туралы түсінікті кеңейту;
-Аймақтағы экологиялық факторлардың жануарларға тигізетін әсерін
анықтау.
Жұмыстың өзектілігі - табиғи қоршаған ортаға адамзаттың әсері жыл
санап өсуде, осы жағдаймен байланысты әлемдік қауымдастықтар биологиялық
алуантүрлілікті сақтаудың қажеттілігін ұғынуда. Мұндай жағдайда ерекше жəне
сирек түрде кездесетін жануарлар əлемін қорғау іс-шараларын жүргізу арқылы
сақтау, ерекше өсіру мен сақтауды қажет ететін биологиялық түрлерді қорғау
керек болып табылады. Міне сондықтан мұндай жағдайлар болмас үшін қорықтар
ұйымдастыру әрекетімен, жануарлар мен өсімдіктердің әр түрлілігін сақтау
керекпіз. Сондай мақтан тұтар байлығымыздың бірі — Ақсу-Жабағылы қорығы.
Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдардың қорықтың
табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектері жарияланды.
Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО –ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық
одағының құрамына енгізілді. Онда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып
кету қаупі төнген жануарлар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемін ғана
қамқорлыққа алып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасның
ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынға атақ –
даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми – зерттеу жұмыстары
жүргізілуде[2].
1Негізгі бөлім
1.1 Қорықтар. Жалпы түсінік
Қазақстан Республикасы бойынша 10 мемлекеттік қорық, 66 қорыққор (44
-зоологиялық , 20 ботаникалық , 2 палентологиялық), 6 ұлттық парк және 24
–тен астам табиғат ескертікіштері бар. Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы
орман – тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң – құс, айдын шалқар
көлдер, ағыны қатты өзендер,мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында
сақтаулы тиіс.Табиғатты қорғаудың ұтымды әрі негізгі жолы – қорық. Қорықтар
әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан – жақты көрсете
алатын, барлық табиғат байлықтары қорғауға алынған алқаптарды қамтиды.
Қорық ұйымдастырылған жерлерде ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді,
ондағы табиғи құбылыстар мен заңдылықтар өз бетінше жүреді. Сондықтан
қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Осыған орай қорықтарды "табиғат
эталоны", "табиғат зертханасы" және "ашық аспан астындағы табиғат мұражайы"
деп атайды. Кез-келген мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің,
іргетасының бірі — оның табиғи қорлары, табиғат байлығы [1].
Дүние жүзінің көптеген елдерінде халықаралық табиғат қорғау одағының
мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын, мұндағы тіршілік
ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат
кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. Соңғысы
адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін
аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар
арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда
корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ
республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді.
Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың
барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі
табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта
ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық
ұйымдастырылмақшы.
Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Оңтүстік Қазақстан
облысы, Төле би ауданында орналасқан Талас Алатауының батыс жоталарын
қамтиды. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар
екені есепке алынды.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының
Наурызым ауданында орналасқан. Қорықта сүткоректілердің 42 түрі, құстардың
60-тан астам түрі, балықтың 6 түрі, 687-ге жуық өсімдік түрі кездеседі.
Алматы қорығы 1931 жылы құрылды. Іле Алатауы мен Іле өзенінің атақты
әнші тауы Аққұм-Қалқан баурайында орналасқан. Қорықтың жануарлар
дүниесінде 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965
өсімдік түрлері бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні,
барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Ормандағы биік шыңдар мен
құздада арқар мен таутеке көп. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік,
бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар мекендейді.
Барсакелмес қорығы Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Арал теңізінің
солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Жалпы
көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар
саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Негізгі
қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан.
Қорғалжын қорығы1958 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының259 мың
гектар жерін алып жатыр. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі,
балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Қорғалжың көлінің қамыс
нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі ұя салады.
Марқакөл қорығы1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан
Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м
биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықта
сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар,
қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу,
суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке,
майқан, талма, теңге бар. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.
Үстірт қорығыМаңғыстау облысында1984 жылы құрылды. Бұл қорық Үстірт
жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің
261 түрі кездеседі. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың
ерекше түрі - үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар
күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл,
кекілік, ителгі, шөл кекілігі.
Батыс Алтай қорығы 1997 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Қорықта жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120,
сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты,
алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек
аңдар кездеседі.
Алакөл қорығы 1998 жылы құрылды. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық
Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Құстардың 257 түрі (олардың
12-сі Қызыл кітапқа енген), өсімдіктердің 270 түрі сондай-ақ
сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты - Алакөл жүйесіне
енетін көлдерде мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна
және т.б.) қорғау.
Қаратау қорығы 2004 жылдың 1-наурызында құрылды. Көлемі 34,3 мың
гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде
орналасқан. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен
омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың
114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі кездеседі.
1.2 Ақсу-Жабағалы мемлекеттік қорығы.
Ақсу-Жабағылы қорығы – елімізде ең бірінші құрылған қорық, яғни
қорықтардың ең үлкені болып табылады. 1926 жылы 14 шілде айында құрылған,
ауданы 854 мың га. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында орналасқан
Талас Алатауының батыс жоталарын қамтиды. Өсімдіктің 1400түрі (оның 258
түрі сирек кездеседі )құстардың – 238, сүтқоректілердің -42, бауырмен
жорғалаушылардың – 11 түрі, қосмекенділердің – 3, балықтардың - 2 түрі
кездеседі. Жер бедерінің биіктік белдеулері әр тұсында әрқилы (1-сурет).
Қорық территориясы 16 қорықшы учаскесіне бөлінген. Шөл – шөлейт, далалық,
шалғынды белдердің соңы биік аршалы беткейлерге ұласады.Арынды өзендері ақ
көбік атып, күркіреген сарқымаларға құлайды.
1-сурет. Ақсу-Жабағылы қорығының табиғаты
Ақсу-Жабағылының негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс
бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100-4200 м биіктіктегі Өгем жотасының қиыр
солтүстік-шығыс тарамын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Шымкент
облысының Түлкібас, Ленгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан.
Мұндағы тау жыныстарының басымы – төменгі карбон мен жоғарағы девон
ізбестері. Ізбес сілімдері палеозойдағы ежелгі теңіз жануарларының
көпшілігін – трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, губкаларды қатқан
күйінде сақтаған. Қорықтағы тау жоталары қатты бөлінген. Олар шығыстан
батысқа бойлай созылған және бедерлері ұқсас болып келеді. Солтүстік
баурайлары әдетте жазық, кең тегіс сатылы бедерлер, тау адырлары қар және
мұздықтармен көмкерілген. Оңтүстік баурайлары – тік, құрғақ және
жартасты.Олардан жиі жіңішке үшкір жоталар кетеді, сөйтіп, сайда күрделі
иірімдер түзеді.Орталық бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылытөр айқын түсіп
тұрады. Талас Алатауының жоталары негізінен қалыңдығы 2000 метрге
дейін жететін палеозойлық әк тасты тау жыныстарынанқұрылған. Гранит
пен сиенит жыныстары аз кездеседі. Олардың әк тасымен араласқан жерінде
мрамор пайда болады. Таудың 1800 м биіктігіне дейін әк тастың бетін
бор және үштік дәуірлеріне тән құмтастар, балшық, слонец жыныстары
басқан. Мәселен слонецтер бір парақ қағаз сияқты жұқа пластинкалардан
тұрады. Олардың түсі ақшыл сұр, кейде ақ келеді. Бұл жыныстар әбден
қатқанға дейін Қаратау бассейнінің етегінде жұмсақ лай, тұнба
күйінде қалған. Кейіннен қатқан бұл тұнбалар өз беттерінде осы
жерде бұдан 120 миллион жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктер мен
жануарлардың таңбаларын сақтап қалған Бұл жерде 60- тан астам
өсімдік түрлері табылған[3].
Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейіне 2915 м. Алатаудікі-4012
м, Өгем жотасынікі –4072 м биіктікте. Таудың беткейлері көбінесе тік
келеді. Тау беткейлеріне тән қасиет – онда орман ағаштары жоқ. Тек кейбір
бөліктерінде ойдым-ойдым болып өскен орманды көруге болады. Көбіне тау
қойнаулары тастақ келеді. Судың жуып шаюынан өзендер бойында терең
беткейлері тік аңғарлар кездеседі.Таулы өңірде биіктікке байланысты да ауа
райы өзгеріп отырады. Таудың биік щыңдарында күшті желдер де болып
тұрады.Тау етектерінде қар 4-5 ай жатады. (2-сурет). Наурыз айында бұл
өңірде ауа райы күрт өзгереді, қар еріп, күн жыли бастайды. Бәйшешектер
гүлдеп, қара ала торғайлар келіп, тау ішін әнге бөлеген кезде кенеттен қар
жауып, суық болып кететін жағдайлар көктемде де байқалады. Бұл жағдай ерте
ұшып келген құстардың тіршілік етуін қиындатып жібереді.Таудың белдеуінде
қыс 6-7 айға дейін созылады. Қар қалың түседі, көбіне тау жоталарының
теріскей беті қарлы келеді де, күнгей жағы қарсыз болып, онда тіршілік
ететін елік, арқар, таутеке сияқты хайуанаттардың қыстап шығуына қолайлы
жағдайлар тудырады. [3].
2-сурет. Тау етектеріндегі қар бейнесі
Қорықтың негізгі өзендері – Жабағылы, Ақсу, Балдыбірек, Бала-
Балдыбірек олар батысқа қарай ағады. Оларға су қар, мұз және бұлақтардан
келеді. Өзен аңғарларының көпшілігі таудан шығар жерінде арна түрінде
болады.Әсіресе Ақсу өзені арнасы ерекше көрінеді.Арнасын осы жоталардан
алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Қорықтағы ең ірі өзен-Ақсу (3
сурет).Ұзындығы 120 км, ені 10 м, кей жерлерде 20 м, суының тереңдігі
жарты метрдей, суы тасыған кезде 2 метрге дейін жететін ағыны қатты
тау өзені болып саналады. Мұнда су түсінің өзгеріп тұруы қызық-ақ:
мамыр айында көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған
кезде, оның түсі сүт ақ бурыл болады, бұл өзеннің аты да осыған
байланысты қойылған болуы керек. Жабағылы өзенінің ұзындығы Ақсуға
қарағанда екі еседей қысқа: суының түсі тасыған уақытта сары
болады, кейде ондағы саз қоспаларының әсерінен қызыл түсті де
болады. Өзендер басын мәңгі мұзбен қардан алады. Сондықтан да сәуір және
май айларында екі рет тасиды. Әсіресе жазда тасығанда өзендер кейде
арнасынан шығып , жолындағының бәрін өзімен бірге ала кететін кездері де
болады.
3-сурет. Ақсу өзені
Ақсу – Жабағылы қорығында көлдер жоқтың қасы. Тек көлемі
бірнеше ондаған шаршы шақырым болатын иірімдер пайда болады. Мәселен,
мұндай көлдерге Қызылжар, Айнакөл, Қызөлген жатады. Қорық жерінде
бұлақтар да бар . Бірақ көбісі күзге қарай құрғап қалады. Тауда мәңгі
қар теңіз деңгейінен 3300 м биіктікте жатады. Мұнда пайдалы қазбала да
мол. Темір, мыс, қорғасын қорлары көп. Қорықта ауа райы өте құбылмалы.
Қысы суық, қалың қарлы болса, жазы ыстық, жауын- шашын тапшы келеді.
Тәуліктік ауа температурасы да өзгермелі. Тауда жаз айының кейбір
күндерінде өте суық болады. Қорықта ауа райы континентальды, ылғалдық жыл
маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын-шашынның (таудың орта
белдеуінде 950 мм) 30%-ы қыста, 40%-ы күзде және небары 10%-ы жазда түседі.
Ауаның жылдық орташа температурасы +5,6 ºС,ең суық айда (қаңтарда) – орташа
-5,4 ºС, ең ыстық айда (шілдеде) +17,2 ºС. Қорық территориясы 5 тік белдеу
ішінде орналасқан.
Ақсу-Жабағылы – Орта Азия мен Қазақстандағы ежелгі қорық. 2006 жылы
оған 80 жыл толды.Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог, Орта
Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.Л.Бродский болатын, ол 1920
жылы бірінші рет Жабағылы және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі
жылдан кейін осы жерді Ташкент университеттінің бір топ профессорлары –
Д.Н.Кашкаров, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, М.Г.Попов, Н.А.Димо зерттеулер
жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне, өсімдктері мен жануарлар
дүниесіне таң қалған олар Тянь – Шань тауының осы бөлігін қорыққа
айналдырды.1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді
қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер
қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу-
Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама №25) қабылдады, ол
1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен
бекітілді. Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна (1867-
1938) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу-Жабағылы қорығының қалыптасуының ең
қиын алғашқы он жылдығында басқарды. Осы кезде маңызды ғылыми зерттеулер
жүргізілді, қызметкерлер саны мен қорық территориясы көлемі алғашқы 30 мың
га 1937 жылы 69 825 гектарға ұлғайды.Келесі 50 жыл аралығында оның көлемі
мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер болды. Тек соңғы онжылдықта
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай
өзендернің жоғарғы жағын және Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты.
Қазіргі кезде Ақсу-Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның
Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен
Жамбыл обылыстарында орналасқан.
Сонымен қатар қорықта екі палентологиялық жер бар, олар Қаратау
тауында орналасқан. Сол уақытта Шымкент мұражайының директоры болып жүмыс
істеген Б.П. Тризнаның белсенділігінің арқасында 1924 жылы мамырда көлемі
126 га Қарабастау жері құрылды. Қарабастау Кеңес Одағындағы бірінші
палентологиялық қорық болды. Көлемі 100 га Әулие жері тек 1973 жылы ғана
қорық болып жарияланды. Екеуі де Алғабас ауданы территориясында. Қорықтың
негізгі территориясынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Осы жерлерде
қорғалатын юра дәуірінің жануарлар мен өсімдіктер қалдығы – әлемдік
ғылымның бірегей асыл қазынасы. Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416
гектар. Оның 20616 гектары Ленгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас
ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан
18-20 шақырымдай жердегі Нево – Николаевка ауыланда орналасқан.
Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай
өзіне тән артықшылықтары бар: мұнда тек осы өңірге тән , әлі ешқандай
кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі
тіршілік етеді.Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Тянь-Шаньның
ландшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат
комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу.Бұл қорық Қазақстанның тұңғыш
қорығы болып саналады[3].
1.3Ақсу-Жабағылы қорығындағы құстар(Aves).
Құстар әлемі едәуір бай. Омыртқалы жануарлардан құстарды
толықзерттеген А.Ф. Ковшарь болатын. Мұнда құстардың 110 түрі кездеседі,
сонымен қатар жыл құсы және 130 ұялайтын құс бар. Соңғы сан Қырғызстан мен
Өзбекстанды қосқанда, Тянь-Шаньның барлық ұялайтын фаунасының 80 %- ын
құрайды. Едәуір көп санды және барлық жерде кездесетін торғайтектестер
отрядының өкілдері – әр түрлісарыторғайлар, құнақтар, жадырақтар, сандуғаш
торғайлар, содырғы торғайлар. Бұлардың ішінде аршалы орманның кәдімгі
мекендеушілері (Гималай және жирентөс көкшымшық, басбарқылдақ, арша
ементұмсығы), өзен жағалауы тоғайларында (мысықторғай, жұмақ шыбыншы
торғайы), шатқалды биік тауларда(қызылтұмсық шәуқарға, сарытұмсық ұзақ,
қызылқанат жарқұс) және су маңы биотоптарында (сушылқара – кәдімгі және
қоңыр, қазтамақ торғай – қарамойын және көксала) және т.б. Жыртқыштар
құстардан: құмай, ақбас құмай, қаршыға, тілеміш, күйкентай және т.б. жақсы
байқалады. Олардың 6 түрі – бүркіт, сақалтай, жыланшы, жұртшы, бақалтақ –
қыран, ителгі өте сирек, бір немесе бірнеше жұп болып ұялайды,
қызылкітаптық дәрежеге кіреді. Басқа отряд өкілдерінен осы дәрежеге жататын
қара дегелек, үкі және көкқұс қорықта кездеседі. Тағы бес түр (тырналар-
сұр және ақбас, дуадақ, безгелдек, лашын) ұшып өту кезінде анда - санда
кездеседі.Қорықта қанаттылардан кекілік, ұлар, шіл, бөдене, кептер секілді
кәсіптік маңызы бар құстар тіршілік етеді. Кекілік көбіне орманды-дала,
субальпі белдеулерінде қоныстанған, қыс айларында таудың төменгі етегіне
қарай қоныс аударып отырады.
Ақсу-Жабағылы қорығында мекендейтін құстар туралы әңгімелегенде үнді
қара ала торғайына (майна) тоқталмай кетуге болмайды. Ол негізінен Индия,
Бирма, Пакистан, Ауғанстанда мекендейтін құс. Үстіміздегі ғасырдың бас
кезінде Ауғанстаннан бұл қара ала торғай әуелі Әмудария өзені бойына, одан
кейін Сырдария жағалауына дейін қоңысын кеңейтті.Самарқанд, Ташкент маңында
да қазірде көптеп кездеседі. Осы маңнан Қазақстан территориясына еніп отыр.
Бірінші рет қорық территориясында бұл құс 1962 жылы байқалған. Соңғы
жылдары үнді қара торғайы Оңтүстік Қазақстанда өзінің таралу аймағын одан
әрі кеңейтіп келеді. 1962 жылы бұл сәнді құс тіпті Алматыға жерсіндірілді.
Қала төңірегінде ол өзінің мекендейтін қоныстарын жылдан-жылға үлкейтіп
келеді.
Содырғылар(лат.Prunella) – торғайлар туыстарының құстары. Бұлардың
денесінің ұзындығы 12-18 см. Тұмсығы жіңішке, түзу, бүйірінен иілген.
Қазақстанда мекендейтін 6 түрі бар: сұржон cодырғы (P.Collaris), қаратамақ
содырғы (P. Atrogularis), қаратұмсық cодырғы (P. Himalayana) , боз cодырғы
(P. Fulvescens), орман содырғысы (P. Modularis), еліміздің оңтүстік-
шығысындағы тауларды мекендейді (4-сурет). Сұржон содырғысы осылардың
ішіндегі ең биік тауда – Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларының альпі
белдеуінде тіршілік етеді. Бұл орта денелі (салмағы 25-35 г), шұбар бояулы
қоңыр сұр түсті, жағымды нәзік үнді құс. Теңіз деңгейінен 3000 метр
биіктіктегі құз бен шөгінділерді мекендейді. Осы жерден қорегін (жәндіктер,
өсімдік дәндері) тауып жейді және құз қуыстарында ұя салады. Тіршілігі
толық зерттелмеген. Қыста осы құздың оңтүстік жағалауындағы қары аз
сайларына қоныс аударады.
Арша ементұмсығы(лат.Mycerobas camipes)– ең ірі құнақтардың бірі.
Салмағы 50-70 кг. Мықты да қалың тұмсығымен арша бүржидегін жарады (5-
сурет). Аталығы өте ашық түсті, денесінің жоғарғы жағы ортасына дейін қара,
құрсағы сары жасыл түсті, қара қанаттарында айқын ақ айнасы бар.
Аналықтарында қара түстің орнына қарасұр түс ауысқан. Дауысы да есте
қаларлықтай: қатты, жиі қайталанатын "ке-кекек" дегені алыстан естіледі.
Арша ементұмсығы Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань биік тауларында тіршілік
етіп, мұнда өсетін аршалар дәнімен қоректенеді.Ұясын арша мен шырша
бұтақтарына салады. 3-5 қара дақты жасыл жұмырқаларын аналығы 15-16 күнде
басып шығарады, содан кейін 3 апта балапандарын ұясында асырайды. Одан әрі
ұшқан балапандарын аталығы қамқорлыққа алады да, аналығы екінші рет балапан
басуға отырады.
4-сурет. Орман содырғысы 5-сурет. Арша емен тұмсығы
(Prunellamodulrais) ( Mycerobas camipes)
Жұртшы (лат.Egyptian vulture)– жыртқыш құстар отрядының өкілі. Дене
пішіні орташа, қанатының құлашы 150-170 см, салмағы 2 кг, тұмсғының
айналасында жалаңаш қызыл терісі бар жыртқыш құс (6-сурет). Ересек жұртшы
ақ қауырсынды, тек қанатының ұшында қара жолағы болады, балапандары қоңыр
түсті. Жұртшыны кез-келген жасында, ұшып жүргенде жалпақ қанаттары мен
ұшына қарай жіңішкеленген құйрығынан білуге болады. Аласа құрғақ тауларды
мекендейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі тау сілемдері. Сонымен қатар,
Маңғыстаудан Алакөлге дейінгі аралықты мекендейді. Жаз айларында жұртшыны
зерттеушілер бірнеше рет кездестірді, алайда ұясын таппады. Жұртшы жартас
қуысында үлкен ұя салып, оны бірнеше жыл пйдаланады. Ұясына 1-2 шұбар
жұмыртқа салады, оны аналығы мен аталығы басып шығарады. Әр түрлі
өлекселермен қоректенеді. Тұрғын үй маңыңдағы қоқыстарға да барады. Сәуірде
ұшып келеді, қыркүйекте ұшып кетеді. Бұл саны аз құс Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген.
Сұр тырна(лат.Grus grus) – көп тараған тырналардың бір түрі. Ақбас
тырнадан үлкендеу салмағы 3-4 кг және түсі қаралау (7-сурет). Халық осы
тырнаны біледі. Бұл ұзын сирақты , ұзын мойынды құс орманды далалы
аймақтағы балшықты жерлер мен ылғал шабындықтарды мекендейді. Тек кейбір
жұптары ғана өзен аңғарлары мен көл жағалаларының қолайлы жерлерінде, яғни
оңтүстікте Солтүстік Тянь-Шань тауына дейін таралған. Ақбас тырнадан бұрын
ұшып келіп, кейін ұшып кетеді. Жұптасып ылғал жерлерге қоныстанады, ұясын
таяз жердегі томар, төмпешіктердің үстіне салады. Ұясы қолайсыз, үлкен,
маңындағы шөптерден биік болып тұрады. 2-3 шұбар жұмыртқаларын аналығы бір
айда басып шығарады, аталығы қорғайды. Балапандарын екеуі де ерітіп жүреді.
Шілдеде балапандары ұшады, содан кейін тырналар топқа жиналады.Ұшып өту
кезеңінде тырналарды Қазақстанның кез-келген жерінен кездестіруге болады.
Олар әлсін-әлсін тыраулап, 500-2000 метр биіктікте"сына" болып ұшады. Сұр
тырналар – өте сақ құстар. Топ қоректеніп жатқан кезде, бір немесе екі құс
айналаны бақылап, қауіп төнсе тез хабар береді. Тырналардың осы қасиетін
басқа жабайы аңдар да пайдаланады, тіпті кейбір мемлекеттерде тырналарды үй
жануарларын қорғау үшін қолға үйретуде.
6-сурет. Жұртшы - Egyptian vulture
Ақбас тырна (лат.Anthropoides virgo) – тырнатәрізділер отрядына
жататын құс. Осы тұқымдастың ең кіші өкілі. Басқа тырналар тұқымдасына
қарағанда Ақбас тырнаның денесі кіші болып келеді. Қанатының ұзындығы 42-54
см, ал салмағы 2-2,5 кг. Шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындар бар (8-
сурет). Басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі
көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап,
тырналар биін билейді. Көптеген басқа түрлерден айырмашылығы сазды
жерлерді мекендейді. Тырна дуадақ пен безгелдекке қарағанда, қазақ
даласының белгісі болып есептеледі. Қазақстандағы тың жердә игеру
нәтижесінде, ақбас тырналардың саны азайып кетті. Бірақ соңғы жыл ішінде
саны өсіп, қалпына келуде. Олар астықты егін далалары мен тозып кеткен мал
жайылымдарында ұялайды. Бұл тырна әлі Қазақстанның Қызыл кітабында, бірақ
қайта қалпына келген түр ретінде 1991-ші жылдан оның жасыл түсті беттеріне
(5-ші дәреже) шығарылған. Қазақстанда тырна наурыздан қыркүйекке дейін
кездеседі, қалған уақытта Индия, Пакистан, Иранда болады. Жекелеген жұп
болып бір-бірінен қашықтықта орналасады. Ұясы ашық жерде, кейде тастармен,
өсімдік қалдықтарымен қалайды. Екі жұмыртқасын аталығы мен аналығы бірігіп
басып шығады, яғни бір-екі жұмыртқаны 28-30 күндей кезектесіп басады.
Ақбас тырна – жыл құсы. Бұл тырна қорғауға алынып, Ақсу-Жабағылы қорығында
қорғалады. Қызыл кітапқа енгізілген.
7-сурет. Сұр тырна 8-сурет. Ақбас тырна
(Grus grus) (Anthropoides
virgo)
Мысықторғай (лат.Oriolus oriolus)– біздің еліміздегі тропикалық
туыстың жалғыз өкілі. Кескіні мен пішіні сайраққа ұқсас, бұл құс баршаға
таныс (9- сурет). Салмағы 60-90 г. Жасыл-сұр теңбіл түсті аналық пен
балапандарынан құйрығы мен қанаты ашық сары түсті аталығы ерекше көрінеді.
Аталықтары әуенді "виулиу" деген керемет сырнайлы әнімен дәріптеледі, бірақ
жиі қатты "мысық" айғайы салады. Сол үшін мысық-торғайды "орман мысығы" деп
те атайды. Жерден биік, ағаш діңінен алыс бұтақта кәрзеңкетәрізді ілініп
тұрған ұя - мысық-торғайға тән. Жердегі жыртқыштардың бұл ұяға жетуі мүмкін
емес.қарамен шимайланған қызғылт жұмыртқаларын аналығы күнде басып
шығарады, аталығы кейде ауыстыруы мүмкін. Балапандарын бірге ұяда апта,
ұядан шыққан соң тағы апта қоректендіреді. Балапандары күнде ұшады. Жылына
бір рет балапан шығарады.
Безгелдек (лат.Otis tetrax)– дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ
өкілі. Салмағы 600-900 г. Түрлі түке боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай:
екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін қанаттарын жылдам қағып, түзу сызықпен
шарықтайды, қанаттары осы кезде сылдырлаған дыбыс шығарады (10-сурет).
Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, соңғы жылдары анда-санда егіс
даласынан кездестіруге болады. Жұптасып тіршілік етеді, бұйығы және сақ.
Мамырда аналығы 3 – 5-тен 7 – 11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады,
бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды.
Балапандары жәндіктермен, ересектері дән және өсімдіктің жас бұтақтарымен
қоректенеді.Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ
сияқты 50 – 60-шы жылдары жоғала бастады, сондықтан 1978 жылы Қазақстанның
Қызыл кітабына енгізілді.Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына
келтіріліп жатыр.
9- сурет. Мысықторғай 10-сурет. Безгелдек
(Oriolus oriolus) (Otis tetrax)
Көкқұс(лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір
түрі. Көбіне оны "бақыт құсы" деп атайды.Тұрқы 32 – 34 см, қанатының
ұзындығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz