Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру


Мазмұны
Кіріспе
1. Ақтау. қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу
2. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
2. 1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі және түрлері.
2. 2. Шын өкшуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2. 3 Қажетті қорғану шектен асқані кезде қылмыстық жауаптылықтан босату
2. 4. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босаіу
2. 5. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2. 6. Ескіру мерзімінің өтуіңе байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
2. 7. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрыіі шартты түрде босату
2. 8. Жазаның өтелмеген бөліпн неғүрлым жещл жаза түрімен ауыстыру
2. 9. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
2. 10. ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
2. 11. төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
2. 12. аиыптау үкімш орындаудың мерзімі ескіруге байланысты жазадан босату
2. 13. рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату
2. 14. Сотталғандықтан арылу және оны жою
қортынды
қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мен осы курстық жұмысымда «ақтау» тәртібі атты мәселесін қарастырдым. Бұл тақырыптан өзіме көптеген мәліметтер алдым. Біріншіден осы қылмыстық іс жүргізу заңдылығы ақтау ерекшеліктерін және олардың әлеуметтік жағдайын қарастыра отырып заңда көрсетілгендей арнайы қылмыстық жауапкершілікке тартылыды. Екіншіден осы ақтау- бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс караудын одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
ҚР ҚІЖК- нің ҮІ тарауында кәмелетке толмағандарға арнайы арналған тарау болып табылады, онда кәмелетке толмағандардың жасы оның жағдайын жұмсартатындығы жөнінде айшықтала айтылған сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершіліктен босатады және оларға тәрбиелік мәндегі шаралары қолданылатын болады. ҚР ҚІЖК- нің 480-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу, ҚР ҚІЖК- нің 52- тарауында белгіленген жалпы ережелермен, сондай- ақ осы тараудың баптарымен айқындаладығы анық көрсетілген. Осы тараудың ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша жүргізіледі. Атап айта кететін осы кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізудің тәртібі мынадай жағдайларды қарастырады аталған адам жасаған бірнеше қылмыс, олардың бір бөлігін ол он сегіз жасқа толғаннан кейін жасаған қылмыстар туралы істер бір іс жүргізуге біріктірілген жәнеде айыаталушы сот ісін жүргізу сәтінде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
Сонымен қатар осы ақтау туралы істер бойынша іс жүргізудің тәртібі ақтау істері бойынша дәлелдеуге жататын мән- жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу кезінде басшылыққа алатындары біріншіден кәмелетке толмағанның жасы туған күні, айы, жылы, кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы онымен қоса интеллектуалдық, ерік- жігерінің және психикалық даму дәрежесі, мінезі мен тегеурінділік ерекшіліктері, мұқтаждары мен мүдделері, көбіне көп кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиіс. Кәмелетке толмаған айыпталушы өмір сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерінде қалдыра алмайтын жағдайларда ол прокурор санкция берген тергеушінің қаулысы бойынша немесе соттың қаулысы болып табылады.
1. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
Қылмыстық сот өңдірісінің теориясы мен практикасында ақтау ұғымының дәл анықтамасы жоқ, ондай анықтаманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі де бермеген. Сонымен бірге ақтау ұғымы Қылмыстық іс жүргізу Заңында қарастырылып, онда ақтау ұғымының мазмұны толық ашылып көрсетіледі. Заңда зиянды өндіруге құқығы бар адамдардың тізімі анықталған. Сот тәртібімен адамның абыройлы аты мен тәртібі және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу көзделген (ҚР ҚІЖК 4-тарау) . Ақталған адам кінәсіз деп есептеледі және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да болмасын шектеуге болмайды. (ҚР ҚІЖҚ 39-бап, 1-бөлім) .
Ақтау дегеніміз, біздің пікірімізше, адамға қатысты ақтау үкімін шығаруы немесе анығтау, тергеу органдарының, прокурордың, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы деп түсініледі. Осыны негізге ала отырып, ақталушының материалдық және моральдық зиянды өтеуді, сонымен қатар басқа да бұзылған құқығы қалпына келтіруді талап етуге құқығы бар.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлімінің 1, 2, 5, 7, Н-тармақтарында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылған жағдайда тергеуші немесе прокурор адамды ақтау бойынша заңда көзделген және қылмыстық істі жүргізу органының заңсыз әрекеті нәтижесінде ақталушыға келтірілген зиянды өндіру жөнінде барлық шараларды жүзеге асырады. (ҚІЖҚ 39-бап, 2-бөлім) .
Заңның мағынасы бойынша негізінен өтелуге жататын шығын:
А) заңсыз сотталғаны үшін, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін;
Б) заңсыз қудалау шараларын қолдану - ұстау, қамауға алу, шықпау туралы қолхат алу. Азаматтың зиянды өндірудегі құқығын танудың шешуші мәні мынада: зиян міндетті түрде қылмыстық қудалау органының заңсыз іс жүргізу әрекетінің нітижесінен туындайды.
Зиянды өндіру құқығы заңда тура көзделген жағдайларда ғана, атап айтқанда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 40-бабында көрсетілген жағдайда және төмендегілердің орын алу нәтижесінде мүмкін болады:
Заңсыз сотталу, ұсталу, тұтқындау, үйде тұтқында ұстау, қызметінен уақытша шеттету, арнайы медецина мекемесінде ұстау, медециналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Зиянды өндіруге құқығы бар адамдар:
Сотта ақталған адам (оған қатысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 39-бабының 1-бөлімі бойынша ақтау үкімі шығарылса) ; байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайда (ҚР ҚІЖК 37-бап, 1-бөлімінің, 6-тармағы) ;
Күдікті немесе айыпталушы қылмыстық қудалау (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1, 2, 5 және 7, 8-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда) ;
Сотталған адам - заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі толық не ішінара алып тасталған және ҚР ҚІЖК 37-бабының 7-тармағында көзделген негіздер бойынша іс қысқартылған жағдайда.
Азамат қайтыс болған жағдайда оның зиянды өтеу құқығы заңда көзделген тәртіп бойынша оның мұрагеріне өтеді. Ал уақытша тоқтатылған зейнетақы мен өтемақысын алу бөлігі - асыраушының айырылуына байланысты өтем ақымен қамтамасыз етілетіндер шеңберіне жататын жанұя мүшелеріне енеді.
Егер анықтау, алдын ала тергеу процесі және сот талқылау кезінде өзара келісу арқылы ерікті түрде шындықты ашуға кедергі келтіргені дәлелденіп, сол арқылы ҚР ҚІЖК 40-бабының 1-бөлігінде көрсетілген зардаптардың пайда болуына ықпал ететін болса, бұл адамға келтірілген зиян өндірілуге жатпайды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 40-бабының ережелері адамға қатысты іс жүргізуге мәжбүрлеуге шараларын қолданған немесе айыптау үкімі аланып тасталған не өзгертілген төмендегі жағдайларында қолдануға болмайтынын атап өту керек:
Рақымшылық немесе кешірім актілерінің шығарылуы, ескеру мерзімінің өтіп кетуі, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануы.
Ақталған адамға қатысты заңсыз қаулы не шешімі қабылданған орган зиянды өтеуден бас тартқан жағдайда ақталған адам азаматтық сот өндірісі бойынша сотқа талап, арыз беруші құқылы.
ҚР КІЖК - нің 42-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізуші орган ақталған немесе қылмыстық қудалау тоқтатылған адамға қатысты оның келтірілген зиянын өтеу құқығын мойындайды. Сонымен бірге ақталған адамға (заңсыз не негізсіз қылмыстық қудалауға түсуіне байланысты оған келтірілген зиянды өтеу құқығы бар адамға) зиянды өтеу тәртібі түсіндірілген хабарлама жолданады не қолмен табыс етіледі. Ақталған, бірақ қайтыс болған адамнын мұрагерлерінің, ата - анасының, қарауындағы адамның мекен - жайы туралы мәліметтер жоқ болған жағдайда олар сәйкесті органға хабарлаған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей хабарлама жолданады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
"Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалітына келііру сияқты элементтерді камгтыны туралы айтуға мүмкіндік береді3. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуың жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) токтатылуының бәрі бірдей қылмыстық Іс жұрпзушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейдІ. Ақтау - бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс караудын
одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойышпа мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы. Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуІ аталған мәнжайларға байланысты. Сондықтаң қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың он негіздерімен ғана байланыстыру қажет Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖКтің 39бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
-қылмыс оқиғасының болмауы;
Ақтау, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу Айыпталушы (сезiктi) ретiнде тартылған адамды кiнәсiздiгiн тану жолымен ақтау
1. Сот бойынша ақталған адам, сонымен бiрге оған қатысты бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқарту туралы қылмыстық iзге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы (сезiктi) кiнәсiз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды.
2. Сот, қылмыстық iзге түсу органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау және оған қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зияндарды өтеу жөнiнде заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс.
ҚР 05. 05. 00 ж. № 47-II Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығы бар адамдар
1. Адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметiнен уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесiнде келтiрiлген зиян қылмыстық процестi жүргiзушi органның кiнәсiне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.
2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге мыналар құқылы:
бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар;
2) егер екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардың болмауына қарамастан қылмыстық iс қозғалған болса немесе қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаса, өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалмауға тиiстi, ал қозғалған iс осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiстi адамдар;
3) өздерiне қатысты қылмыстық iс осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылуы тиiс, бiрақ қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық iстi қысқартуға келiскенiне қарамастан қылмыстық iзге түсу заңсыз жалғастырылған адамдар;
4) жасаған әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн сезiк келтiрiлу немесе айыптау кезiнде осы Кодекспен ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн одан жеңiлiрек қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгерген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптаудың бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайда, сол сияқты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешiмi бұзылған жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адам. Қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың iс жүзiнде өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады;
5) заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық қамауда ұсталған, сонымен бiрге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында iс жүргiзуге мәжбүр етудiң кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
3. Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы белгiленген тәртiппен оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде - отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады.
4. Егер анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы процесiнде ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген зардаптардың пайда болуына жағдай жасағандығы дәлелденген адамға зиянның өтелуi тиiс емес.
5. Осы баптың ережелерi оның екiншi бөлiгiнiң 3-тармағында көзделген мән-жайлар болмаған кезде адамға қатысты қолданылған iс жүргiзудiң мәжбүрлеу шаралары немесе қаулымен шығарылған айыптау үкiмi рақымшылық ету немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң шығуына, мерзiмiнiң ескiруiне немесе қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңiлдететiн заңның қабылдануына байланысты бұзылған немесе өзгертiлген жағдайларға қолданылмайды.
Өтелуге жататын зиян
Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың мүлiктiк зиянның толық көлемiнде өтелуiне, моральдық зиянның зардаптарының жойылуына және еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтiрiлуiне құқығы бар. Соттың үкiмi бойынша құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломаттық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, сондай-ақ мемлекеттiк наградаларынан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шенi, дипломаттық дәрежесi, бiлiктiлiк сыныбы қалпына келтiрiледi, мемлекеттiк наградалары қайтарылады.
2009. 10. 12. № 227-IV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Зиянды өтеттiру құқығын тану
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығын да тануы тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не почта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама да жолданады. Залалдың өтелуiне құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұратын жерлерi туралы мәлiмет болмаған жағдайда хабарлама олар қылмыстық процестi жүргiзушi органға өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жолданады.
ҚР 11. 07. 01 ж. № 238-II Заңымен 43-бап өзгертілді
Мүлiктiк зиянды өтеу
1. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, олар айырылған өзге де қаражаттар мен кiрiстердi;
2) соттың үкiмiнiң немесе өзге де шешiмiнiң негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiлiп алынған айыппұлдарды, сот шығындарын және адам заңсыз әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларды;
4) көрсетiлген заңгерлiк көмек үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық iзге түсудiң салдарынан келтiрiлген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамауды немесе бас бостандығынан айыруды өтейтiн жерлерде ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдардың қылмыстық iзiне түсуге байланысты сот шығындары, сонымен бiрдей олардың күзетпен ұсталуын, қамауға алынуын немесе бас бостандығынан айырылуын өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн жалақысы қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекетiнiң салдарының келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегерiле алмайды.
3. Зиянды өтеудiң тәртiбi туралы хабарламамен бiрге осы Кодекстiң 42-бабында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған кезде осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адам iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою және өзгерту туралы үкiм, қаулы шығарған органға мүлiктiк зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер iстi жоғары тұрған сот қысқартса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiмдi шығарған сотқа жолданады. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi қоя алады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей, қажет болған жағдайларда қаржы және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп сұрату арқылы зиянның мөлшерiн айқындайды, одан кейiн инфляцияны ескере отырып бұл зияндарды өтеуге өтем төлеудi жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде қысқартса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi.
5. Мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты осы Кодекстiң 371-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген үкiмдi атқаруға байланысты мәселелердi шешуге арналған тәртiппен судья шешедi.
6. Гербiлi мөрмен расталған қаулының көшiрмесi төлем төлеудi жүргiзуге мiндеттi органдарға көрсету үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем төлеу тәртiбi заңдармен айқындалады.
Моральдық зиянның зардаптарын жою
1. Қылмыстық процестi жүргiзушi, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрiлген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.
2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап қою азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ұсынылады.
3. Егер адам заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыратылып, ал қылмыстық iс қозғау, ұстау, күзетпен ұстау, қызметiнен уақытша шеттету, медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, соттау туралы мәлiметтер және оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да iс-әрекеттер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралы бiр айдың iшiнде ол туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың талап етуi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган екi апта мерзiм iшiнде өзiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жойғаны туралы оның жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерi бойынша жазбаша хабарлама жолдауға мiндеттi.
Талап қою мерзiмдерi
1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талап осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдар мұндай төлемдердi жасау туралы қаулыны алған сәттен бастап үш жылдың iшiнде ұсыныла алады.
2. Өзге де құқықтарды қалпына келтiру туралы талап құқықтарды қалпына келтiрудiң тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама алынған күннен бастап алты айдың iшiнде ұсыныла алады.
3. Бұл мерзiмдердi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қалпына келтiредi. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу
Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмдерде мемлекет өтейдi.
Құқықтарды талап қою тәртiбiмен қалпына келтiру
Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiмге келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа шағымдануға құқылы.
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ
2. 1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.
Жалпы кағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жазатағайындау аркылы жүзеге асырылады. Қазакстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы-ның «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың зандылы қ-ты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдеп қаулысында:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz