Ақша айналыс және төлем құралдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКВИВАЛЕНТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...4
1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2.Ақшаның номиналистік және сандық
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...12
1.3. Ақшаның металдық
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..16
II.АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... .18
2.1. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы
дамуы ... ... ... ... ... ..18
2.2. Ақша айналыс және төлем
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі
қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси
және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің
қай саласын алып қарасақ та, халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық
жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар
жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және қаржы
шаруашылығы, яғни ақша – несие жүйесін реформалау, қатаң инфляция
жағдайында пайда бола бастаған жаңа ақша-несие қатынастары, несие-қаржы
институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы, нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі деңгейлі банктік жүйенің
болуы мен дамуы және сол сияқты қызметтер мен қойылған мақсаттарды жүзеге
асыруда. Аталғандардың барлығында ақша қаражатының қызметі орын алады.
Жалпы ақша көмегімен қоғамда қазіргі кезде көптеген іс-әрекеттерді
жүзеге асыруға болады, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде
кең мағынада ақша немесе ақша қаражаты ұғымын қабылдау күнделікті
тұрмыс практикасында, публицистикада кең қолданылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – жалпы ақшаның маңызы мен оның
қажеттілігі, сонымен қатар қызметтері мен ерекшеліктері туралы кең ой
қалыптастыру. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономика
саласындағы ерекшеліктеріне байланысты өткізілген реформа жайлы және
шетел мемлекеттерінен тәжірибесі қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- жалпы ақшаның пайда болу эволюциясы, оның қоғамдағы қажеттілігі,
формалары мен түрлерінің қарастырылуы.;
- ақшаның негізгі атқаратын қызметтерін талдау;
- ақша айналысы, ақша жүйесі туралы жалпы түсінік және Қазақстандағы
осы заманғы ақша жүйесі мен экономикасы дамыған елдердің ақша
жүйелері;
І. Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретінде түсінігі
1.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері және негізгі
типтері.
Ақша ежелгі замандай пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған енбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өн-дірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар
формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола
алмайды. Егер (нақты енбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын
таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны. Мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. сондықтан да әрбір тауар қажетті
тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы
бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен
бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен
табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты
қарама - қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір – бірін табады
және өзара бір – біріне ауысады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір
тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас
құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
ексе,майға, жүнге және тағы басқаға айырбастауға мүмкін болды. Тауар
өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық
басқа тауарлардың бір – бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент рөлін белгілі
бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп
аталынды. Құнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды. Осы
уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда өгіз деген атау ойып
өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақша) пекус (мал)
сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілері бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер
пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе,
какао, құйма түріндегі тұздар және тағы басқалар.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі
Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс алтын
түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және
орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және
Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік
Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер
қолданылды. Металл ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді,
ұсақталанады және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің
салмақтық жүйесі нақтылана түсті.
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.
Жалпы мемлекеттік зандармен жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің
өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995
жылы 30 наурыздағы Қазақстан Республиқасының Ұлттық Банк туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған
[2, 7] Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді,
онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатты
монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу
тәртіптері қамтылады. Ақша жүйесі келесі элеметтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде
100 тиынан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылдың 1 қаңтарына дейін
айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының ақша белгілер болып оларды өсу күні бойынша әлемнің барлық
түрлеріне қабылданатын банкноттар құрады. Олар Ұлттық Банктің
міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.
Эмиссия тәртібі. Қолма – қол ақшаларды шығарып, олардың айналысы
ұйымдастыру және айналыста шығаруды Ұлттық банктің қолма – қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін
атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастайтын банкнотамен
айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.
Металдардың айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша және биметаллизм
және монометаллизмге тән.
Биметализм – бұл ақша жүйесінде ортақ құндық эквивалент және заңды
түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде
соғылып, еркін айналысқа түсті, биметализмның үш түрі болды:
- параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар
арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы
түрде бекітілді;
- Қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
- ақсақ валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып
қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент
табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті
қатынасты белгілеуге қиындықта туды. Қосарлы ақша жүйесін мемле-
кетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын
монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не
алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Күн белгілерін алтынға айырбастау
сипатына байланысты алтын монометализмі үш түрге бөлінді:
1. Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша
қызметін атқаруы, мен белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу күні
бойынша айырбастауы және тағы басқаға тән.
2. Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда
банкноталар заңмен бекітілген соманың (Ұлыбританияда – 1700 фунт
стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 килограмм массасындағы
стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын
құймаларына айырбастады.
3. Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда
және басқа елдерде, бекітілінген бір банкноталардың алтынға, шетел
валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт
бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде
алтын монометализмнің барлық формалары айтылды. Алтынға
айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның
алтымен қамтамасыз етілуі және оны алтынңа айырбастау капиталистік
елдердің барлығында тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 жылы шетел орталық банктері
АҚШ долларын алтынға айырбастау тоқтатылды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз
етудің негізгі мемлекеттің бағалы жолдары болды. Алтын айналысынан
айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі ақша бірлігі құндарының
қалыптасу механизміне қарай айырбасталды.
Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап
тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті
резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша несиенің басқа да әдістері
арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің қағидаларының,
яғни ақша айналымының объективті қажеттілігінен артық айналысқа ақша
шығаруды шектеу қағаздарының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмнің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша қоғамдық ұдайы
өндіріс процесіндегі сәйкессіздігінен жауап қайырады. Кез келген
сәйкессіздіктер ақша жүйесі тұрақсыздығына, ақырында ақшаның
құнсыздығына, инфляцияға әкеліп соғады. Қағаз ақшалар әрдайым көмекші
сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде ұзақ уақыт бойында айналуы
мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік ақшалар жүреді.
Несие ақшалар - бұл несие негізінде алтының орнына келген құнның
қағаздай белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы
арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді және төлем құралы
формасы ретінде өмір сүрудің меншікті формасын алады. Несие
ақшалардың негізгі түрлеріне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
Вексель - бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель
ұстаушыға) вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель
берушіден) төлеуді талап ету құқын беретің жазбаша түрдегі қарыз
міндеттемесі. Вексель айналымдың қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-
қол ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да ол сауда
ақшасы деген атауды иеленді. Вексель несиеге сату негізінде, яғни
коммерциялық несиелеудің пайда болуымен дүниеге келді. Коммерциялық
несиелеу дегеніміз-кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өтуі
арқылы несиелеу болып табылады. Несиелеу төлеу мерзімің ұзартып,
тауарларды қарызға беру жолымен жүзеге асады. Сатып алушы-кәсіпорын,
тауарды сатып ала отырып ақшаны бірден төлемейді, жабдықтаушы
кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық міндеттеме). Егер де
несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке барып
векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу
мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере
алады. Сонымен, вексель-несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып
табылады. Вексель айналысында бірнеше мың қатысуы мүмкін, себебі
вексель төлем құралы ретінде беріледі. Дамыған елдерде вексель
айналысы кейінірек дамыған. Ресейде революцияға дейін және
революциядан кейін, яғни 1930 жылға дейін вексель пайдаланылып
келген болатын, сөйтіп 1930-1932 жж. несиелік реформалау нәтижесінде
коммерциялық несиелеу тоқтатылды, сонымен бірге вексель де жоғалды.
1.01.1991 жылдан бастап КСРО-ның кәсіпорындар туралы Заңға
сәйкес 27-бапта, кәсіпорындарға вексельді пайдалану арқылы несиелеуге
рұқсат берілді. Бірақ инфляция жағдайында тауарларды қарызға,
вексельді кепілге алып беру барысы енгізілмеді. Қазақстанда несиелік
вексель республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу нәтижесінде
пайда болды, яғни қалыптасқан несиелік қалдық есебінен
кәсіпорындарға салық, жалақы, мерзімді және төлеу мерзімі өтіп
кеткен банктік қарыздар бойынша есептеуге рұқсат берілді,ал қалған
сома жеке шотта сақталады. Осы сомаға қағазсыз вексель рәсімделді.
Үкіметтің 3 ай мерзімге арнап шығарған қазыналық вексель. Ол
номинал бағасы бойынша банкке сатылып, уақыты жеткенде номиналдық
құны бойынша қайта сатып алынады. Бірақ не несиелік, не қазыналық
вексель несиелік ақшаларға жатпайды.
Банкнота несие ақшалардың бір түрі болып саналады. Ол XVII ғ.
соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл
қазынаны банкте сақтай алды. Құрамын анықтағаннан кейін және оны
өлшеген соң банк алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді.
Бұл банктік хат банкнота (банкирге арналған нота) деп атады
және ол пайдалануға өте ыңғайлы болып келді. Ол алтынмен пара-пар
болды, себебі кез келген уақытта сақталып жатқан металға
айырбасталды. Банкнота өзінің мәні жағынан бұл банкирге арналған
вексель болып табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты
қамтамасыз етілген: вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің
алтын қоры). Алтынмен қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп
аталады (сенімге негізделген) [11].
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және
эмиссиялары тәртібінде жүзеге асады. Банкноталарды тауар айналысын
несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде шығару банкноталардың банкке
кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем мерзімі жеткен соң
банкноталар орталық банкке қайтарылып отырылады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз
етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды
төлем құралы болып табылады. жылы біздің республикамызда шығарылған
теңге қағаз және несие ақша-банкнота болып табылады, себебі олар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің сөзсіз міндеттемесі болып
саналады және оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы
банктердің оларды өндеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар
пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы
шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған
тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма - қол төлемсіз алуға құқық
беретін атаулы ақшалай құжат.
Әлемде пластиқалық карточкалардың оннан аса дебеттік және
кредиттік түрлері бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан
қолма-қол ақша бөлшек сауда есептеу үшін және тағы басқа.
Қолма-қол қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын және
электронды ақшаларды қолдану – бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған
маңызды қадам. Оларды пайдалану банк операцияларының ӘЕМ-ның көмегімен
компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.
Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі рөлі карточкалардың ұлттық
масштабта біртұтас болу стандарты белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде
тұтынушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен ІВМ
Корпорациясының пластиқалық карточкаларды пайдаланып отырып есеп айырысу
жүйесін жасау жұмысы аяқталдыру Қазақстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық
карточкаларды айырбастау жұмыстарды жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл
жүйесінің жұмысының тиімділігін арттырып, содай –ақ халықаралық төлем
жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.
Несиелік карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей
отырып, ақша айналамының жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл ақшасыз
шаруашылықты жүргізудің мүмкіндігін білдірмейді.
1.2.Ақшаның номиналистік және сандық теориялары.
ХVІІ – ХVІІІ ғғ. ақшаның номиналистік теориясы өкілдері ағылшын
ғалымдары Дж. Беркли мен Дж. Стюарт, А. Смит болып табылады. Бұл теория
ақша айналымында құнсыз монеталар қаптап кеткен кезде қалыптасты. Бұл
теория ақшаны мемлекет жасайды деп және оның бағасы атаулы кұнмен (номинал)
және ақша болып табылатын баға масштабымен анықталады деп есептеген. Олар
ақшаны тек техниқалық ауыстырудың таза құралы деп қарастырып, оның құндылық
табиғатын толып теріске шығарды.
Ақшаның номиналистік теориясының негізгі идеялары төменде келтірілген:
- ақша тамаша есептеу бірлігі болып табылады, оның көмегімен ақшаның
салыстырмалы құны анықталады;
- Бірдей бөліктері бар тамаша масштаб болып табылатын аталған бірлікте
ешқандай ішкі құн болмайды.
Номинализм үстемдік жағдайға ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қол еткізді.
Бірақ, оның ерте кезеңдік номинализмнен айырмашылығы – оның қорғау
объектісі болып құнсыз ақша емес, ол қағаз ақша болды.
Неміс ғалымы Г. Кнаптың ақша теориясында (''Ақшаның мемлекеттік
теориясы'') басты мақсат –мұрат анық қалыптасты :
- ақша мемлекеттік құқық тәртібінінің өнімі, мемлекет билігінің туындысы;
- ақша - бакылау төлем куралы, яғни мемлекеттік мұратты төлем күшімен
иемденген белгілер;
- акшаның негізгі кызметі - төлем құралы. Ол ақшаның мәні белгілердің
материалында емес, олардың қолдануын реттейтін құқықтық нормаларында
деп жазды.
1929-1933ж.ж экономикалық дағдарыс кезеңінде номинализм алтын
стандарттан кетуді ақтау үшін теориялық база ретінде ары қарай дамуға бет
алды.
Сонымен, Кейнс номинализмнің тәжірибелік мақсаты - алтын стандартты
жойып, қағаз ақшаның айналымға еркін енуін және экономиканы инфляциялық
процесті басқару арқылы реттеуін тәжірибелік негіздеуінде болды. Қазігі
таңда номинализм – ақша болмысының мәселесі жөніндегі үстем теориялардың
бірі. Осылайша, әйгілі американдық экономист П.Самуэльсон ақша шартты
белгілер болып табылады деп санайды. Экономика шығармасында ол: тауарлы
ақшаның дәуірін қағаз ақша дәуірі ауыстырды. Қағаз ақша ақшаның мәнін,
олардың ішкі табиғатын кейіптейді. Ақша – жасанды әлеуметтік шарт деп
жазды.
Номиналистік теорияның пайымдауынша, қағаз ақша адам еркімен пайда
болды, мемлекетпен жасалды, ал шын мәнінде ақша - металды қатынастардың
белгілі заңдылығы мен айналымның қосымша құралға қажеттілігі туындағаны,
бағалы металдарды өңдеу өндірісінің жетімсіздігі нәтижесінде пайда болды.
Қағаз ақшаның өлшем мөлшерінің қызметі мен өткіншілігі - мінсіз қатынас
құралы ретінде тиімділігіне байланысты болып шықты.
Сонымен, номинализм теориясының сипаты: ақша тауардан ғана пайда
болмайды, олардың көп қызметтерінен бас тарту, ақшаны құн масштабымен
теңестіру, өте оңды сан бірлігі болып табылады.
Ақшаның сандық теориясы XVI ғ. пайда болды, ол тауарлық құн деңгейі
мен ақшаның құны айналымдағы санына байланысты деп түсіндіреді. Бұл
жорамалды француз Жан Боден ойлап тапты. Оның пайымдауынша, Батыс Еуропада
тауардың қымбаттауына бағалы металдардың көп әкеліне бастауы әсерін
тигізді, сол себепті, бұл жағдай ақша санының көбеюіне әкеліп соқты, ақша
санымен тауардың бағасы да өсті.
Кейінірек мұндай пайымдауды ақшаның сандық теориясының басқа
өкілдері Д. Рикардо, ІІІ. Монтескье, Д. Юм, Дж. Миль т.б қолдады. Олар
аталған теорияға айналымдағы ақшаның сандық өзгерісі мен оның құнының
арасындағы пропорционалдықты әкеліп соқты.
ХХ ғ. басында ақшаның сандық теориясы батыс экономикалық ілімінде
классикалық емес өндіріс теориясының маңызды бөлігі ретінде үстемдік алды.
Негізінде, трансакциондық және кембридждік бағыттар пайда болды.
Трансакциондық ақшаның сандық теориясының негізін американдық
ғалым М. Фишер қалады. Оның теориясында белгілі бір мезгілде тауар
айналымының саны орта жылдамдықта ақша санының өндірілуі және сатылған
тауарлардың саны орта бағамен анықталады делінген. Сонымен қатар, осы
тұрғыда олар екі элементтің: ақша айналымының жылдамдығы сатылған
тауарлардың санына әсер етпейді деп есептелген. Ол қысқа мерзім ішінде
аталған шамалар өзгеріссіз қалады деп болжады: ақша айналымының жылдамдығы
несие дамуының деңгейі, байланыс құралының күйі сияқты ұзақ мерзімді
факторлармен анықталады, ал тауар өндірісі ресурстардың жетімсіздігімен
шектеледі. Сонымен, М. Фишер Ақшаның саны - баға деңгейі— жалғыз себепті
байланыс болып табылады,-деп қарастырды, яғни айналымдағы ақшаның саны баға
деңгейіне тікелей әсер етеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz