Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері


Жоспар
Кіріспе
I - тарау
1. 1. «Неке, отбасы анықтамасы»
1. 2. Отбасы және неке институтын зерттеудің әдістемелік негізі
1. 3. Әлеуметтік қолдаудың объектісі ретіндегі отбасы құрылымы және түрлері
II - тарау
2. 1. Отбасылық әлеуметтік педагог. Оның қызметтік міндеттері
2. 2. Әлеуметтік педагог - отбасымен тәрбие жұмысын жүргізетін маман
2. 3. Отбасын әлеуметттік қорғау шаралары
2. 4. Отбасылық кеңес берудің мәні. Әлеуметтік - педагогикалық отбасылық кеңес беру әдістемесі мен технологиясы
III Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ғылыми аппарат
Зерттеудің мақсаты - отбасымен жүргізілетін әлеуметтік - педагогикалық жұмыс түрлерін айқындап белгілеу.
Зерттеу объектісі - отбасы.
Зерттеу пәні - отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізудің түрлері, формалары, технологиялары.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми, әдеби, әдістемелік әдебиеттерді оқып талдау, сараптау.
- Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ғылым ретінде теориялық сипаттама беру.
- Отбасымен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс жүргізу түрлерін көрсету, отбасымен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс істеу технологиясына сипаттама беру
Зерттеу болжамы: егер де отбасына әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету, жұмыс түрлерін дер уақытында дұрыс ұйымдастырылып көрсетілсе, онда қоғамымызда толыққанды, сәтті отбасылар саны көбейе түседі.
Зерттеудің әдістері: оқып - талдау, талдап - сараптау әдістері, бақылау, әңгіме әдісі, социометрия, эксперимент.
Кіріспе
Мемлекеттің іргетасы, мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты. Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселенің бірі - отбасы мәселесі болып отыр. Отбасы - бұл адамдарды біріктіретін үй, онда адамдар қарым-қатынастарының негізі қаланып, жеке тұлғаның бірінші әлеуметтенуі жүреді. Қай мемлекетте болмасын жеке тұлғаны әлеуметтік қорғау, оның отбасы жағдайын жақсарту арқылы жүеге асырылады.
«Біздің алдымызда отбасыларды қолдау және бала тууды көбейтудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру міндеті тұр» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздегі отбасылардың жағдайын жақсартуға көп көңіл бөліп отыр.
Отан отбасынан басталады. Әсіресе сәби мен анаға арналған жеңілдіктер әрбір отбасы үшін айтарлықтай көмек болары сөзсіз. Елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында мемлекет тарапынан ана мен баланың өмірін қорғау үшін бөлінетін қаражаттың көбейетіндігі көрсетілді. Мысалы, 2005 жылдан бастап 5 жасқа дейінгі балалар дәрі-дәрмекпен, жүкті әйелдер құрамында йоды бар препараттармен тегін қамтылды. Ал 2006 жылдан бастап, диспансерлік есептегі балалар мен жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етуге көшу жоспарланып отыр.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша маңыз бере отырып, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, баланы тууына байланысты біржылғы жәрдемақы мөлшері 34740 теңгеге дейін немес 2 есеге артылады.
Бала 1 жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы:
тұңғыш бала туғанда - 5790 теңгеге дейін немесе 177 пайызға;
II бала туғанда - 6369 теңгеге дейін немесе 167 пайызға;
III бала туғанда - 6948 теңгеге дейін немесе 159 пайызға;
IV және одан көп бала туғанда - 7527 теңге дейін немесе 153 пайызға көбейтіледі.
Балалы отбасыларын қолдауға қажетті қосымша қаражат 9, 5 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі қоғам отбасының берік болғанын қалайды, отбасында өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін ұжымдық бастаманың болуын қалайды.
Қазіргі кездегі проблемалар: ажырасу мен некеге отырудың теңесуі, кісі өлімі мен бала туудың теңесуі, жұмыссыздық, әрбір үшінші бала толық емес отбасында тәрбиеленеді, ата-ана беделінің төмендеуі, бала тәрбиесіндегі проблемалар, тәрбиеде ұлттық тәрбиенің жойыла бастауы, тастанды балалар, тастанды қариялар.
Әлеуметтік педагогтың ең басты міндеті- отбасын ішкі дағдарыстан шығару. Ол үшін біріншіден проблеманы талдау, талқылау қажет, екіншіден мамандармен кеңес өткізу керек, үшіншіден дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру қажет.
Әлеуметтік педагогтың жұмыс істеу әдістері: отбасын зерттеу, отбасында жаңа қарым-қатынастар орнату, отбасында баланың алатын орнын білу, отбасы картасын құру, баланың отбасында қалай тәрбиеленіп жатқанын білу.
I- тарау
«Неке» және «отбасы» анықтамасы
Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көзқарастарды ұстанды. Неке - отбасы қарым - қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі - ежелгі грек философы Платон. Оның пікірінше, отбасы дегеніміз - өзгермейтін басапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған.
Француз ағартушысы Ж. Ж. Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам - бұл отбасы. Сонымен отбасы- бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық - балалары іспеттес», - деп жазды
«Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар. Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихикееңде пайда болған.
Қазіргі социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз - әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым - қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді және оған рұқсат береді, олардың ерлі - зайыптылық құқықтары мен міндеттеріін белгілейді.
Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым - қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы - бұл әеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата - аналардың, балармен басқа туысқандардың өзара қарым - қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және міңез - құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некегенемесе қандас туысттыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпне және өзара көмекпен байланысады.
Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоамдық қажеттіліктерімен өмір сүру сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік - әсеріменотбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, да басқа жекелеген өзгеріп отырады.
Отбасы институтын зерттеудің әдістемелік негізі
Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.
Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:
-отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу(Дж. Ф. Мак- Леннан, Л. Морган, Г. И Бахофен, Ф. Энгельс, Ю. И. Семенов, М. Мид және басқалары) ;
-отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И. В. Гребенников, С. В. Ковалев, В. П. Меньшутин және басқалары) ;
-отбасы мүшелерінің өара қарым- қатынас психологиясының мәселелері (С. В: Ковалев, Л. В. Ковалева, А. И. Кочетов, Л. В. Панкова, В. А. Сысенко ) ;
-отбасының тәрбиелік мүмкіншіліктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс- тәсілдерін жасау (Ю. П Азаров, И. В. Гребенников, Н. К. Крупская, П. Ф. Лесгафт, А. С. Макаренко) .
Отбасы теориясының дамуыының қазіргі кееніңде бірнеше тұжырымдамалар қалыптасты, алайда олардың ішінен келесі екеуі басымырақ болып отыр:
- шағын әлеуметтік топ түріндегі отбасы туралы тұжырымдама;
- «Әмбебап бастауыш топ» тұйық әлеуметтік жүйе түріндегі әлеуметтік отбасы туралы тұжырымдама.
Ғылымда отбасы институтына деген басым көзқарастардың негізінде диалектикалық материализм классиктерінің, атап айтқанда отбасының туындауы мен дамуын ғылыми тұрғыдан негіздеп берген Ф. Энгельстің ой- пікірлері мен қорытындылары жатыр. Автор «Отбасы бізге қоғамдағы қарама - қарсылық пен қайшылықтардың, өркениет кезеңі басталған уақыттан бастап қоғамның таптарға бөлінуінің кішірейтілген көрінісін береді» - деп атап өтуімен бірге, отбасын әлеуметтік институт ретінде әрі қарай зерттеудің әдістемелік негзін анықтап берді.
Қазіргі философтар отбасы институтын жеке тұлғаның қалыптасуына қатысатын факторлардың бірі деп ерттейді (В. В. Москаленко, Ю. Б. Рюриков, Ю. В. Сычев, М. С. Шепелева және басқалары) . «Отбасы адамның ойлуының, әрекеттерінің, бағалауының қалыптасуына өмір бойына елеулі әсерін тигізеді»- деп М. С. Шепелева дұрыс атап өтті.
Ю. В. Сычева шағын ортаның түрлі қарастыра келе, ең маңыды рөлді отбасына береді, себебі, оның ойынша, отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты рөл атқарды: « . . . отбасы жағдайында мақсатты педагогикалық жұмыстың ғана орасан зор мәні болып қоймай, ішкі психологиялық климат, ата- аналар мен олардың әлеуметтік нұсқамалары арасындағы қатынастар сипаты, жалпы өмір сүру салты да үлкен мәнге ие болады».
Жеке тұлғаның әлеуметтену барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттейтін қазақстандық философтардың жұмыстарын атап көрсету қажет(Қ. Нұрланова, Ж. Қ. Қаракөзова, Р. М. Мұстафина, М. Ш. Хасанов және басқалары) .
Ж. К. Қаракөзова мен М. Ш. Хасанов отбасы үшін бала туу, үйлену, өлім сияқты оқиғалардың маңыздылығын айтады. Авторлардың ойынша, некеге тұрғаннан кейін «өмірдің үйлесімдік» кезені басталады.
Қазақтардың ХХІ ғасырдағы отбасындағы әдет- ғұрыптардың діни аспектілерін зерттей келе, Р. М. Мұстафина отбасы патриархалдық және отбасы- тұрмыстық дәстүрлерді сақтаушы болып табылады деген қорытынды жасады.
Социологтр фактологиялық және логикалық сәттерді ескере отырып, отбасына анықтама береді:
- фактологиялық сәт адамдардың негізінде ерлі- зайыптылар байланысы жатқан топтарға бөлінуін ескереді;
- логикалық сәт отбасының ерекше әлеуметтік феномен ретіндегі, қоғамның әлеуетті мәдени дамуының факторы ретіндегі мәнін анықтайды- «Қоғамдық өмірде болып жатқан өгерістерді осынша сезгіш, қоғамдық - тарихи прогрестің табыстарын, қиындықтарын, қарама- қайшылықтарын айқын көрсететін мұндай басқа әлеуметтік институт жоқ».
«Институт» ұғымының негізіне американдық социологтар Ф. Бите мен Р. Харлидің анықтамалары алынды: институт дегеніміз- белгілі бір функцияларды атқаратын әрекеттер мен қатынастардың күрделі жүйесі.
Жаңа қоғамық - саяси қарым- қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық социологтардың зерттеулерін атап өту керек (Н. А. Аитов, У. Ауталипова, К. Г. Габдуллина, З. Ж. Жаназарова және басқалары) .
Отбасының құрылымы және түрлері
Социологияда отбасының отбасының құрылымы былай анықталады:
- оның мүшелері арасындағы қарым- қатынастар жиынтығы;
- рухани, ізгіліктілік қарым- қатынастар жүйесі;
Туыстық құрылымы бойынша отбасы былайша бөлінеді:
1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі- зайыпты жұп) ;
2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және тбасымен бірге үйеунің не әйелінің туысы тұрады) .
Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады:
- эгалитарлы - тең құқылыққа негізделген;
- авторитарлы - басты шешімді күйеуі н әйелі қабылдайды.
Балалар саны бойынша - көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.
Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша - дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.
Бос уақытты өткізу сипаты бойынша- ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасында керісінше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төмен болуы, бала туу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД - ның бірқатар елдерінде - Қазақстанда, Закавказьеде отбасының арлас түрлері кездеседі
Неке - әйел мен еркектің арасындағы қарым - қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай - ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт.
Кейбір нормалар мен құқықтар, міндеттер заңды сипатта болады және заңмен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады.
Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттелуге жатады. Олардың қатарына:
- көңіл білдіру, некегк отыратын жұп тандау және некеге дейінгі міңез - құлық нормалары;
- жұбайлар арсында билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды байланыстарына қатысты жұбайлардың күту нормалары;
- отбасының экономикалық жағдайы үшін өара жауапкершілік;
- бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және дін жолымен неке қию болып бөлінеді
Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұруды жатқызады. Бірқатар елдерде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде тұруы көбейіп келе жатқаны байқалады.
Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Аия мен Африка елдеріне тән полигамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасызды тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40 пайызы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.
Әлеуметтік қолдаудың объектісі ретіндегі отбасы түрлері
Қазіргі аманда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметтік қолдаудың объектісі ке келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрәжесі оның нақьы нақты мамұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Бұл ең жақыны - М. В. Шакурова ұсынған отбасы типологиясы.
Нормативті және нормативті емес дағдарыстарды шешуде пайда болған қабілеті негізіндегі отбасы типологиясы
Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздерінің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым - қатынастың жаңа бір жолын тауып, беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрамын бара - бара өзгертеді. Мұндай типтегіотбасылар жүйкеге нормативті мес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл - ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиғаға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларға көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.
Өзара әрекеттестіктер былыққан және дағдарысқа жетелейтін, ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын, сонымен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты міңе - құлық қалыптастыруға бағыт - бағдар бола алмайтын отбасылары былық - шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайды шешуде өздеріне тән салмаққа ие бола алмайды. Сондықтан мұндай отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етпейді.
Қыметтік қисындылығына байланысты отбасы типологиясы
Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды қызметтік қисынды емес деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары, яғни бала тәрбиесін игере алмаған отбасылары арасынан 50 - ден 60 - қа дейін пайызын ерлі - айыптылардың қарым - қатынастары үнемі шиелініскен және психологиялық - педагогикалық мәдениеті төмен, педагогикалық жағынан қисыны келмейтін ата - аналар, бала, ата - ана қарым - қатынастарының жолы теріс, жан - жалды деп аталатын, қолайсы әлеуметтік факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды. Бала мен ата - ана қарым- қатынасында әрқилы дұрыс емес стиль байқалады: қатаң - беделді, күдікті, иландырушы, дәйексіз, шеттету - селқостық, бетімен жіберу - қамқорлық және т. б. Әдетте ата - аналар әлеуметтік психологиялық және психологиялық - педагогикалық промлемалардағы өздерінің қиындықтарын сезіне біледі, педагогтардың, психологтардың көмегіне жүгінуге ұмтылады, өйткені маманның көмегінсіз өзінің қателіктерін, өз баласының ерекшеліктерін түсініп, отбасындағы отбасындағы қарым - қатынасты қайта құруы, үй ішіндегі, мектептегі немесе басқа да шиеліністерді шешуі мүмкін емес.
Сонымен бірге, өзінің отбасындағы проблемаларды мойындай қоймайтын, балардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін жағдайларды елемейтіндер де жеткілікті. Мұндай отбасындағы қоғамға жат және қылмыстық өмір салтын қалыптастыратын, балаларымен, әйелдерімен жөн - жосықсыз дау - жанжал тудыратын көріністер жасөспірімдерді қоғамға қайшы келетін немесе қылмыстық қылықтарға итермелейді. Мұндай отбасылардың балалары қажетті шамада әлеуметтік құқықтық шараларды, кәмелетке толмаған балар ісі жөніндегі бөлім қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары өкілдерінің көмегін қажет етеді
Отбасында ата- аналардың түрлі себептермен өзін - өзі басқара алмайтын мүшкіл халге душар болуы ерекше түрдегі қорғау мен қамқорлықты қажет етеді. Солардың арасынан кәмелетке толмаған және оқушы, мүгедек немесе созылмалы ауруы бар балалары бар, еңбекке жарамсыз, материалдық та, әлеуметтік - психологиялық та қолдау мен көмекті қажет ететін ата - аналардың көбею ағымы байқалады.
Өз мүшелеріндегі әлеуметсіздендірудің әсерін ескеретін отбасылардың типологиясы
Әлеуметсіздендірудің тура әсеріне іліккен отбасылардың әлеуметке жат қылықтары белгілі бір әрәкеттермен астасып, қоғамға жат құбылыстар туғызады. Мұндай қылмыстық - биморальдық отбасылар қоғамға жат құбылыстармен және бағыт - бағдармен сипатталатын қылмыстық факторларға және әлеуметтік қайшы келетін әрекеттерге жиі ұрынады.
Қылмыстық - биморальды отбасылары теріс қылықтарымен өздерінің балаларына қауіп төндіреді. Мұндай отбасындағы балаға деген қарапайым ғана қамқорлықтың жоқтығы, балаға қаталдықпен қарау, ішімдікке салынып, үнемі жанжал шығару, жыныстық жағынан шектен шығып кетушілік көптеген жағдайда бала тәрбиесіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Мұндай әлеуметтік жетімдер деп аталатын мемлекеттік - қоғамдық қамқорлыққа алынуы тиіс. Олай болмаған жағдайда баланың тым ерте қаңғыбастыққа салынуы, үйден қашып кетуі, қаталдықпен қараудан толығымен әлеуметтік қорғауға алынбауы күні ертең қылмысқа апарып соқтырады.
Осындай отбасыларды сипаттайтын әлеуметтік сәтсіздік пен қылмыстылықты ескере отырып, басым күшті әлеуметтік патронаж бен балаларды әлеуметтік - құқықтық қорғану нысандарына шоғырландырып, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқарған жөн. Мұндай шараларды қолға алу өте қажет. Өйткені көптеген отбасыларды ересектердің теріс тәрбиесі нәтижесінде ішімдікке, қанғыбастыққа, ұрлыққа, қайыр сұрауға, қылмыстық әрекетке үйір балалар тобырының қоршайтыны анық.
Биәлеуметтік - биморальдық отбасылар өзге көзқарасты талап етеді. Мұндай типтегі отбасын, анығын айтқанда, моральдық нормалары мен шектеулері жоқ пайдакүнемдік бағытқа жатқызуға болады. Бұл отбасындағы жағдай жақсы, өмірлік деңгейі жеткілікті. Отбасында қоғамға жат көзқарастар қалыптастырылады. Мұндай отбасы мен отбасындағы кәмелетке толмағандармен түзеу, алдын алу жұмыстарын жүргізу өте қиынға түседі. Ата - анлардың балаларға теріс пиғылды әсер беруіне қарамастан, тәртіп бойынш осы сияқты отбасын баласынан айыру айыру турулы шешім қабылдау үшін формальды болса да негіз жоқ. Пайдакүнемдік пиғылдағы отбасындағы материалдық жағдай деңгейі, салаутты өмір салты, өздерінің балаларына деген қамқорлығы, әрине, басқаларға қарағанда жоғары болады. Мұндай отбасына қатысты көбінесе өсіп келе жатқан балалары арқылы өздерінің көзқарастарын ой елегінен өткізетін ата - налардың «кері әлеуметтену» қағидасына негізделген түзеуәдістері қолданбалы болады. Дегенмен, кері әлеуметтенудің елеулі кемшіліктері олардың кеш қалуы болып табылады, жасөспірім тұлғасын елеулі түрде өзгерту үшін сана тым кеш оянады.
Жанама түрдегі әлеуметсіздендіру әсеріндегі отбасылары ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы қарым - қатынастардың бұзылуымен көрінетін әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-ата-аналық қиындықтарды басынан кешіреді. Бұған жанжалды және педагогикалық мардымсыз отбасыларды жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz