Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

І.БӨЛІМ:
Ыбырай Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы оқу
ағарту
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс және оның
Ы.Алтынсаринге
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...17
ІІ Бөлім:
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы ... ... ... ... 25

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер

Тапсырма№1 Слайд
Тапсырма№2 Сабақ жоспары

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан педагогика,
ағарту саласында көптеген өзгерістерді бастан кешіруде. Әлемдік педагогика
ғылымының үрдісіне бет алған отандық ағарту саласының бүгінгі күнге
дейінгі тарихы сонау көне замандардан бастап, орта ғасырларға , одан кейін
Ресей империясы құрамында болған үш ғасырды қамти келе, кеңестік
педагогикаға ұласқанын байқаймыз. Қазақ педагогикасы, қазақ даласындағы
тәлімдік ой-пікірлер ертеден бастау алғанымен нақты ғылыми негізі,
методологиясын қалаған тұлға ретінде Ыбырай Алтынсаринді атаймыз.Ыбырай
Алтынсарин- сан ғасырлық тарихы бар қазақ халқының бала тәрбиелеу мен
оқытуын заманға сай лайықтап жүйеге келтірген феномен ретінде қарастырылып
келеді және дипломдық жұмыста аталынған мәселе талданылатын болады.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметі оның өмір сүрген
мезгілімен байланыстырыла қарастырылды. Педагогика тарихындағы орнына
сипаттама беріле келе ғалым-ұстаз еңбегінің қазақ педагогика тарихындағы
маңызына тоқталынды.
Сонымен бірге ұлы Абай, Ыбырай заманынан басталып, бүгінгі күнге
дейін жеткен ағартушы, ағартушылық деген ұғымдарға деген жаңаша
көзқарастар да қарастырылды. Ағартушылық дегеніміз таза миссионерлік,
кейіннен интернационализм, қазірде жаһандану деген атпен жалғасын тауып,
халқымызды адастырған үстіне адастыруда екендігіне тоқталынады. Алайда бұл
арада ұлы ұстаздың халқы үшін еткен үлкен еңбегі мансұқталынбайды.
Дипломдық жұмыс барысында Ы.Алтынсарин жайлы зерттеу еңбектерге
барлау жасалынып, көрнекті ыбырайтанушылардың пікірлері ескерілді. Өз
заманында өмір сүрген орыстың белгілі педагогтары мен миссионер-
ағартушыларының еңбектеріне шолу жасалынды.
Қазақ халқының педагогикалық ой-пікірлерінің жиынтығы ретінде
біз атадан балаға мирас болып келе жатқан халықтық дәстүр, тәрбие,
жоралғылар деп білеміз. Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бойы өз
миссиясын кең байтақ қазақ даласында мінсіз атқарып келді.
Қазақ хандығы Ресей отаршыларының тегеурінімен құлатылғаннан
кейін, бұрынғы әдет-ғұрып,заңнамалардың орнына ресейлік нормалар қалыптаса
бастады. Бұл әсіресе ,қазақ даласынан хандық билікті аластап, аға
сұлтандық, одан кейін болыстық басқаруға көшірілгеннен кейін орысша
оқудың қажеттілігі туа бастады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап
алғашқы ағартушылық бағыттағы ұлт зиялылары шыға бастады. Олардың
ішіндегі ең көрнектілері ретінде тарихта қалған ұлт зиялылары-Шоқан
Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы еді.Солардың ізін баса шығып , қазақ балаларын
орыс мәдениетін, озық ой-пікірлерін негізге ала отырып тәрбиелеуге , халқын
жаңаша білім-ғылымға үндеген Ыбырай Алтынсарин еңбегі ерекше. Қазақ
хрестоматиясы, Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы сияқты
оқу құралдарын жазып, тыңнан жол салады.
Көшпенді мәдениеттің бұдан әрі отырықшылық мәдениетке жол
беретініне көзі жеткен Ыбырай Алтынсарин көшпенді қазақ баласына жаңа дәуір
білім ғылымын беруді, игертуді, өз халқын өнер білім бар жұрттар қатарынан
көруді аңсады. Тарихтың, замананың өзі тудырған, қазақ халқының болашағы
үшін ғұмырын сарп еткен Ыбырай Алтынсариндей ұлы ұстаздың болуы ұлтымыздың
бақыты еді. Қазақ халқы жер-судан айрылып, діни, рухани қысым көріп, патша
билігінің уысында құрып кетудің аз-ақ алдында тұрған ХІХ ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген Ыбырайдың да көрген күні мыңмен жалғыз алысқан
Абайдың тағдыры еді. Алғаш жаңадан жол салу әр заманда да қиын болғандығы
Ыбырай ғұмырнамасынан анық сезіледі.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ педагогикасының, жазба әдебиетінің,
исламтану ғылымының, журналистикасының әдебиеттану ғылымдарының,тіл
білімінің үлкен өкілі, аталынған ғылымдардың көбінің негізін салушы
екендігі белгілі. Ұлы ұстаздың рухани қалыптасып, бүтін бір ұлттың
қайраткер көсемі болуына әсер еткен жағдаяттардың бірі оның шыққан тегі,
өскен ортасы болып табылады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің ,-дегендей, атасы Балғожаның
берген жақсы тәлім-тәрбиесі жас Ыбырайдың ерте есейіп, ел қамын жейтін ер
болуына әсер еткен. Балғожа би атақты Кенесары қасымұлының өзіне қарсы
тұрып , саясатын қолдай қоймаған . Ол осы мақсатын орысотаршыларын енді
қарудың күшімен жеңе алмайтындығын, ендігі жерде орыстың білім-ғылымын
игеріп алып барып күресумен түсіндіреді.

1.1.Ы.Алтынсарин және ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ даласындағы оқу-
ағарту саясаты.

Ыбырай Алтынсариннің кемеңгер де жан-жақты тұлға ретінде
қалыптасуына оның шыққан тегі, заманы , орта жағдайы әсер еткені анық. Сол
себепті ұлы ғалымның шыққан ортасына азырақ шолу жасауды жөн көрдік.
Себебі, қазақ халқында адам баласы тегіне тартады деген ұғым бар.
Жаманнан жақсы туса да,
Жақсыдан жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге- деп халық жырында жырланатынындай,
халқымыз ата текке бекерден бекер мән бермесе керек. Ыбырай Алтынсариннің
арғы тегі Қыпшақ руының беделді ортасынан еді. Жаңбыршы бидің баласы
Балғожа би шешендігіне қоса ақын адам болған. Балғожаның баласы Алтынсары
өз ортасына және орыс үкіметіне аса беделді Шақшақ Жәнібек тарханның
ұрпағы Айманға үйленеді. Ыбырайдың өз жұрты да , нағашы жұрты да күллі
қазақ сахарасына сыйлы жандар болуы да оның биік болмысына әсер еткені
анық.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы ескіше 20 қазанда Қостанай
облысы , Затобол ауданындағы Жаңбыршы аулында дүниеге келеді. (бұрынғы
Арыққарағай болысы).Әкесі Алтынсары Ыбырайдың төрт жасында қайтыс болады
да, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би жоғарыда
аталғанындай, Қостанай, Торғай өлкелеріне ықпалды, сол дәуірдегі Құнанбай
Өскенбайұлы, , Алшынбай Тіленшіұлы,Есеней,Шорманның Мұсасы,Сандыбайдың
Ердені, Шыңғыс Уәлиханов сияқты белгілі тұлғалармен қатарлас, қазақ
арасында беделді, көзі ашық ,көкірегі ояу адам болған. Орынбор
қазақтарының билеушісі болған Балғожа би Орынбор шекара комиссиясының
мүшесі әрі әскери старшина шенді дала шонжары еді.
Ол өз кезіндегі билерге тән шешендік өнерді де меңгерген,сөзге
орамды, тілге ұста адам ретінде , әрі өлең жазумен айналысқандығымен
немересіне үлгі болады. Оны немересіне жазған хатынан және ел аузында
сақталынған шешендік сөздерінен байқауға болады.
Ыбырай ең алдымен, мұсылманша оқып,сауат ашады.2-3 жылдай
ауыл молдасынан сабақ алады.Сол сәби кезінің өзінде-ақ ол жақсы
қасиеттерімен ерекшеленеді. Атасы Балғожаның тұжырымды сөздеріне көңіл
қойып, ел ішіндегі би-шешендердің іс-әрекеттерін, тапқырлық-тағылымдарын
көкірегіне түйіп өседі.
Атасы Балғожа Ыбырайды бала кезінен өзіне ізбасар ретінде даярлай
бастайды. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды Орынбор округі бойынша Торғай
облысында қазақ балаларына арналып ашылып жатқан жеті жылдық мектепке
апарып берген Балғожа немересіне мынадай өсиетті өлең арнайды:
Үміт еткен көзімнің нұры –балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен,есен –аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең басыларсың.
Ата –анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің,
Жүргенмен , не мұратқа жетер едің?!
Қазақ балаларынан патша үкіметінің кеңсе жұмысына жергілікті
ұлттың балаларынан тілмаш, ұсақ шенеуніктер даярлауға арналған школдарда
(мектеп ) орыс, татар тілдерінде сабақ оқытылатын болған. Бұл мектептің
өзінде патша үкіметіне ерекше еңбегі сіңген , берілген адамдардың балалары
ғана оқитын болған. Қазақ балалары негізінен мұсылмандық оқуға баратын.
Орыс оқуына баруына атасы Балғожадан басқалары, атап айтқанда анасы Айман,
ағасы Қанғожалар қарсы болады. Алайда атасының пікірі жеңеді.Негізінен
діншілдік пен патшашылдықты уағыздауды тәрбие өзегі еткен осынау мектепті
Ыбырай 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Бұдан кейін екі
жылдай ол өз елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Осы жылдарға шейін ол Батыс, Шығыс әдебиетін терең меңгерумен
бірге педагогикалық еңбектерді мұқият оқып, өзінің болашақ мұрат –
мақсаттарын айқындай бастайды. Орыстың ағартушылық бағыттағы көптеген ақын-
жазушылары мен педагогтарының шығармаларын оқумен қатар сол кезеңдегі орыс
зиялылары арасында зор құрметке ие болған француз әдебиеті мен педагогтары
еңбектерімен танысады. Ол атақты шығыстанушы В.В. Григорьевпен танысады.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол
осы кезеңнен бастап тілмаш болып кеңсе жұмысында қалып қоймай, қазақ
даласында жаңа тұрпаттағы мектеп ашуды көздейді. 1861 жылы алғашқы арманына
жеткендей болады. Бірақ ол арманы кейіннен , үш жылдан соң орындалған.
Торғайда алғаш мектеп ашуға рұқсат алған ол 1864 жылы өз
үйінде төрт-бес бала жинап оқыта бастайды.
Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай , өте қызу
кірістім, - деп өзінің досы Н.И.Ильминскийге жазған хатында. Осы хатында
ол өзінің қалай оқытатындығы туралы айтып, өзін оқыту әдісіне әжептәуір
жетілген педагог ретінде танытады. Оның грамматика сабақтарын жүргізу
әдістері өте тартымды екендігі байқалады.
Ыбырайдың бала оқыту жұмысы бірыңғай жүре берген жоқ. Ол
Торғайдағы уездік басқармада әр түрлі қызмет атқаруға тиіс болған. Іс
жүргізуші, уезд бастығының аға көмекшісі, уездік судья қызметін атқарады.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барып, орыстың ағартушылық
жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, қазақ
тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды және талаптана бастайды.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы
қызметіне тағайындалады.1879-1883 жылдары Торғай облысының төрт уезінде
жаңа мектеп ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін ашады. 1887
жылы Ырғызда алғаш рет қыздар мектебін ашқан Ыбырай қазақ даласына үлкен
үлгі көрсетеді. Қазақ даласында ол кезде қыздарды оқыту үрдісі жоқ еді.
Далада мектептердің көптеп ашылуына байланысты Ыбырай мұғалімдер
даярлайтын мектеп ашуды мәселе етіп қойып жүріп, 1881 жылы Орскіде тұңғыш
мұғалімдер мектебі ашылуының бастамашысы болады.
Ыбырай - өзінің туған халқын ерекше сүйген тұлға. Сондықтан ол
ағарту ісін халқының ертеңі үшін аса зор шабытпен, ертеңге деген үмітпен
жүргізді. Қазақтарға - осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа кешікпей рухани
және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру- қалай дегенмен де аса
қажет болып отыр,- деп ол 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына
жолдаған баяндамасында.
Ыбырай Алтынсариннің өз халқын білім-ғылыммен сусындату
жолында еткен ұшан-теңіз еңбегі сол кезеңдегі билік тарапынан кедергілерге
ұшырамай қоймады. Патша үкіметіне Ыбырай ойлаған көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтар емес, биліктің пәрменін орындайтын шала сауатты адамдар керек
еді. Бұл кезде жаңа оқумен жұмыс жасауға дала халқы да даяр емес еді. Ел
ішіндегі ескішіл, керітартпалармен де аяусыз күрес жүргізуге тура келген:
Заман солай болған соң, амалын тауып, мүмкіндік бар жерде қазақ халқының
елдігін бұзып, болашағын бүлдіріп жатқан жауыздыққа қарсы күресе беру
керек,- деп санады.
Оқудан, мектеп жұмысынан бос кезде қалың елмен араласып, мұң-
мұқтаждарына көңіл бөлген Ыбырай халық арасынан шыққан талант иелері-
ақындар мен әншілер, күйшілер мен бишілерді, түрлі өнерпаздардың өсу,
ілгерлеуіне көмек көрсетіп, жетекшілік еткен.
Ыбырай Алтынсарин сол кездегі Орынбор, Қазан қалаларындағы
шығыстанушы ғалымдар, атап айтқанда В.В.Катаринский, В.В.Григорьев,
Н.И.Ильминскийлермен халық ағарту қызметкерлері Я.П.Яковлев, А.А.Мазохин
тағы басқалармен шығармашылық , әріптестік тығыз қарым-қатынаста болған.
Алайда олардың барлығымен ұлт тағдыры мәселесінде көзқарасы бірікпегені
ұлы тұлғаның іс -әрекетінен байқалады. Аталынған ғалым-педагогтардың көбісі
қазақ даласын толық отарлауды жүзеге асыру барысында қызмет істеп жүрген
миссионерлер еді. Әскери –территориялық бодандыққа кірген елді одан әрі
бағындыру мақсатында Ыбырай сияқты ел арасында беделді, оқыған азаматтарды
пайдалануды көздеген жымысқы саясатты ,әрине, Ыбырай сезген еді. Халықтың
жас ұрпағына бөлінген мисссионерлердің ақшасын ел игілігіне жұмсау арқылы
болашаққа қызмет ету- оның басты мақсаты болды және оны орындап та шықты.
Кеңес дәуірінде Ыбырай Алтынсариннің орыс педагогикасынан
үйренгендігі туралы біржақты пікірлер қалыптасты да , сан ғасырлық халықтық
педагогикасы мен Ыбырай шығармашылығы арасындағы байланыс азаттыққа қол
жеткізгенннен кейінгі дәуірде зерттеліне бастады.
Атап айтқанда Ыбырайдың қазақ арасындағы діннің ықпалы ,
мұсылманшылық мәселелері жөніндегі ойлары мен осы турасындағы атқарған
еңбектері жайлы енді ғана айтыла бастады. Құран- Кәрімді ең алғаш қазақ
тіліне мағыналық тұрғыда аударғандығы , оның кеңес педагогтары мен
әдебиетшілері айтқанындай атеист немесе шоқынды болмағанын, таза исламды
халыққа түсіндіріп , жеткізуді көздеген адал ниетті танығандай боламыз.
Ыбырай Алтынсариннің ғұмырнамасы мен педагогикалық еңбек жолы ,
әдеби мұралары толық зерттелді дегенімізбен замана талабының әсерімен
көмескі тартқан тұстары да аз емес.
Қараңғы қазақ көгіне ,
Өрмелеп шығып, күн болам,
Қараңғылықтың кегіне ,
Күн болмағанда кім болам!,- деп
Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай, қараңғы қазақ сахарасында жаңа
заманға лайық оқу –білім алудың толықтай жүйесін жасап, халқының оянуына ,
өзгелермен теңесуіне өлшеусіз еңбек еткен ұлы тұлға. Атақты Балғожа биден
қалған мол дәулетпен шалқып, бала оқытудың сан-салалы қиындық қамытын
мойнына кимей өтуге мүмкіндігі бар еді.
Бала оқытудан басқа ұлы ұстаздың ермегі асыл тұқымды жылқы жинау,
жылқы сапасын асылдандыру болғаны тарихи деректерден белгілі. Қостанай
өңірінде асыл тұқымды жылқы зауыты сол замандардан бері жұмысын жүргізіп
келе жатыр.
Қазақ елінің Ресей қоластына кіруі ХҮІІ ғасырдың 30 –
жылдарынан басталып, жүз елу жылдай мерзімге созылды және ХІХ ғасырдың орта
кезінде аяқталды. Осыдан бастап, Қазақстан әкімшілік-басқару жағынан
болсын, саяси-шаруашылық жағынан болсын Россияға тәуелді күй кешті.. Патша
үкіметінің керітартпа отаршылдық саясатына орай жүзеге асырылғанымен, бұл
тарихи жағдайдың ептеген прогресшіл жақтары болғандығын тарихи жағдайлар
көрсетеді.
Өлкеге капитализм келеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан өлкеде
сауда-саттық , ұсақ, қол өнеркәсіп, тау-кен орындары, темір жолдар
салынумен бірге қазақ арасында оқу-ағарту жұмысы күшейді, қазақ тілінде
кітаптар, газеттер шықты.Қазақ халқының сана-сезімі ояна бастады.Кең жазира
далаға Еуропа мәдениеті мен ағартушылық идеялары элементтері там-тұмдап ене
бастайды. Мысалы: ең алғашқы мектеп 1761 жылы Звеногорскіде (Шығыс
Қазақстанда) қорғасын-мырыш кен орнында жұмысшы балаларына арналып ашылған
болса, 1786 жылы Омбыда Азия мектебі ірге көтерді. Жергілікті қазақ
балаларына арналған алғашқы мектептің өзі 1789 жылы Орынбор қаласында
ашылған еді. Аудармашы-тілмаштар даярлайтын мектептер көп жерлерде ашыла
бастаған.
Жалпылай алғанда ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасыр басына дейінгі
кезеңде қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмыстары екі түрлі болды. Оның бірі-
мұсылманша оқу, екіншісі орысша оқу еді. Қазақ арасында діни, мұсылманша
оқу Қазақстан Россияға қосылмай тұрып та бар еді: әр жерде жеке ауыл болып
бірігіп, ортадан молда жалдап оқытатын.
ХІХ екінші жартысында қазақ даласында мұсылманшылықтың ықпалы
күшеюіне патша үкіметінің өзі ықпал жасады . Молдаларды указбен тағайындап,
ондай молдаларды указной молда деп атады
ХІХ ғасырдың соңынан бастап төте оқу (ұсулы жәдит оқуы) шыға
бастады. Қазақ арасындағы мұсылманша оқу негізінен Бұқара, Қазан жағындағы
мұсылманша оқудың үлгісі, тәртібі бойынша мектеп (бастауыш
оқу), медресе (орта дәрежеде оқу) болып аталынған. Олар 1917 жылға дейін
өмір сүрген. Бірақ қазақ арасындағы мектеп , медреселер Ыбырай мектебіне
қарағанда аты бар да , заты жоқ еді.Осы кездегі медресе жайын Мақыш Қалтаев
деген ақын былай суреттеген:
Тәртіп жоқ, емтихан жоқ шуылдасып,
Оқу деп, ойнап жатыр талабалар.
Әдепсіздік, жанжал мен оқу төбелес,
Болады неше түрлі ғалабалар...
Сағаттың жиырмасы ойын , ұйқы,
Төртеуін оқыған боп болар қарап,
Екі-үш ай сапсатамен күн кешіріп,
Жазғытұры еліне кетер тарап.
Жатқанға мәз болса да медреседе,
Жаны ашып кім оқытқан қадағалап.
Өлеңде айтылғанындай оқу жазғы екі-үш ай көлемінде ғана болатын. Онда
еркек балалар ғана түсіп оқитын, қыз балалар ілуде біреу ғана оқитын
болған.
1841 жылы Бөкей ордасында Жәңгір хан өзінің жақын нөкерлерінің,
туыстарының балалары үшін алғаш орыс мектеп-пансионатын ашты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында орысша оқыту жүйесі әлі өз
күшіне ие бола қоймаған еді. Халық негізінен ауыл-ауылдардағы дәстүрлі
діни мектептерде балаларының сауатын аштыратын еді.
Ауыл мектептеріндегі молдалар сырттан , атап айтқанда татар,
башқұрт арасынан шақырылатын. Балаларды жаз, күз айларында 4-6 ай оқытатын.
Оқу мерзімі төрт жыл болумен бірге жеті жасынан бастап оқуға берілетін.
Мектепті бітіргені үшін куәлік берілмейтін. Медреседе көбінесе құраннан
басқа заң, тарих, логика, риторика, география, философия, математика,
астрономия, медицина т.б пәндер өтілетін. Медреселер жанында кітапхана, оқу
залдары жұмыс жасаған.
Оқу мерзімі әр шәкірттің үлгерім қабілетіне қарай ұзарып немесе
қысқарып отырған. Кейде оқу мерзімі 15-20 жылға дейін созылатын болған.
Қазақстанның Ресей империясына толық қосылып, ықпалға бірыңғай
бағынғандықтан жалпыресейлік заңдарға бағынуға тиіс болды. Белгілі педагог
ғалымдар Қ.Жарықбаев пен С.Қалиев ХІХ ғасырдың екінші жартысы туралы былай
деп тұжырым жасайды: Қазақ даласындағы қоғамның өрге басуы жолындағы жаңа
кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысы болды. Қазақ даласындағы ағартушылық
қозғалыстың көшбасшысы- Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсариндер еді-деп атап көрсетеді. [31-16]
Алғашқы қазақ зиялылары мен орыстың озық ойлы интеллигенциясы қазақ
халқын ағартушылық идеяларымен оятуды жөн санағанымен патша үкіметі бұл
идеяны қолдамаған. Мысалы, белгілі де ықпалды бір патша шенеунігінің
біздің заманымызға жеткен мына жазбасының мазмұны: мен қырғыздарға
(қазақтарға) жағдай туғызып, көзін ашып, оларды Еуропа халықтары көтерілген
деңгейге жеткізу қажет дейтін кейбір филантроптардың ниетінен аулақпын.
Менің барынша тілейтінім- қырғыздардың (қазақтардың) мәңгі-бақи көшіп
жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды
ғана емес, қолөнерді де білмеуін шын ниетіммен тілеймін, -деп көрсеткен
болатын. Қазақ даласындағы ислам.дінінің ықпалын азайту мақсатында , әрі
қазақтарды православие дініне кіргізу жолында жүйелі түрде әрекет
жүргізіле бастаған кезең еді.
В.В.Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев
сияқты ғалымдар осы кезеңде қазақ даласында.педагогика , ауыз әдебиеті ,
этнография, тарих , география ғылымдары бойынша зерттеулер жүргізуі
бүгінгі күн үшін де зор маңызды болды. Жоғарыда айтылғанындай, Ыбырай
Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуына , осы жолға нық
сеніммен түсуіне оның заманға деген көзқарасы мен Ресей империясында сол
кезеңде қалыптасқан саяси-әлеуметтік ахуалдың да әсер еткені даусыз.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мектепті үздік бітірген кезеңдегі қазақ
даласындағы оқу-ағарту жағдайы қандай еді деген мәселеге келетін болсақ,
қазақ даласында медреселерде, аздаған орысша оқытылатын школдарда балалар
оқытылатын.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында патша тәртібі толық
орнаған кезеңнен бастап 1847 жылы Омбы кадет корпусы, 1857 жылы Омбы
училищесі орнайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынасы
нығаяды.Осы кезеңде алғашқы мектептер ашудың сәті түскен еді. Олар
алғашында әскери типтегі, яғни патшалық отаршыл режимнің адал қызметшілерін
даярлайтын кадеттік оқу орындары еді. Осындай оқу орындарының бірі Омбы
кадет корпусында қазақтың талантты ұлы Шоқан Уәлиханов пен Абай
Құнанбаевтың туысы Халиолла Өскенбаев оқыған .
Алғашқы оқу орындары Орынборда 1825 жылы Неплюев мектебі, 1844
жылы Орынбор кадет корпусы, 1850 жылы арнаулы жеті жылдық қазақ школасы
ашылды. Болашақ педагог-ағартушы , ақын, жазушы Ыбырай Алтынсарин - осы
оқу орнын алғаш бітірген отыз баланың бірі еді. Осыдан кейін патша үкіметі
ХІХ ғасырдың ақырына дейін Торғайда, Ақмолада,Семейде, Қызылжарда,
Алматыда,Ақмешітте, Түркістанда, Қазалыда,Оралда, Қостанайда осындай
мектептерді ашады. Бұл орыс-қазақ школдары алты жылдық болған. Оларда
балаларға орыс тілі, есеп, табиғат тану, сурет салу оқытылатын:
географиядан, тарихтан шамалы ұғым, мәлімет берілетін. Орыс-қазақ
школаларын бітіргендердің көбі сотқа, уәзге тілмаш болып, болысқа
хатшы болып кететін; кейбіреулері оқуын одан әрі жалғастыратын.
Қалалардағы орыс-қазақ школасын басқа қазақ арасында
болыстық, ауылдық школалар болды. олар бір, екі жылдық болатын,
бастауыш школа саналатын. Онда көбінше балаларға алғашқы сауат
ашу сабақтары ғана оқылатын.
ХІХ ғасырдың ақырында орыс-қазақ школаларының көбейгені
сонша, оларға оқытушылар дайындау үшін арнаулы оқу орындарын ашуға
тура келеді. 1883 жылы Омскіде қазақтың учительдік мектебі
ашылды. Мұнан кейінгі жылдарда қазақ арасындағы ауылдық школаларға
учительдер даяралау жұмысы Оралда, Ақтөбеде, Ақмолада, Алматыда
жүргізіледі. Семейде учительдер семинариясы ашылды. Кейіннен онда
Мұхтар Әуезов оқыған.
Патша үкіметінің қазақ балаларын түрлі мектептерге алып
оқытудағы, қазақ арасынан түрлі мектептер ашудағы мақсаты, бір жағынан,
өлкені басқару, отарлауға жергілікті халықтан қызметкерлер әзірлеп шығару,
екінші жағынан, қазақты шоқындыру, орыстандыру еді. Патша үкіметі бұратана
ұлттарды күшпен орыстандыру саясатын жүргізді. Бірақ патша
үкіметінің бұл жүргізген шаралары көп жағдайда үкімет саясатынан, үкімет
адамдарының ойлағанынан тыс объективті ретте жақсы, прогресшіл нәтиже
берді. Яғни, қазақ халқының орыс халқымен жуықтасуына, орыс халқының озат,
прогресшіл мәдениетінің қазақ арасына жайылуына, қазақ халқының
мәдениетінің өркендеуіне әкеліп соқты. Қазақтың орысша оқығандары
көбейді; солардың ішінен ағартушы демократтар Шоқан, Ыбырай,
Абайлар шықты.- деп жазады ғалым, профессор Б.Кенжебаев. Қазақ
халқы үшін жақсылығы мен қиындығы қатар келген ХІХЪ ғасырдың екінші
жартысында бірегей оқудың ортақ қалыптасқан бағдарламасы болған жоқ.
Сонымен қатар, ХІХ ғасыр ортасындағы оқығандар екі түрлі оқу оқып,
екі түрлі мектеп арқылы әзірленіп шықты: бір жағынан, мұсылманша мектеп,
медреселерде, екінші жағынан, орыс школаларында оқып, білім алды. Яғни,
екі түрлі үлгі көріп, екі түрлі мәдениеттен нәр, рухани азық алды.

1.2 ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы педагогикалық қозғалыс және оның Ыбырай
Алтынсаринге әсері.

ХіХ ғасырдың екінші жартысы ресей халқы үшін зор өзгерістер әкелді.
Басыбайлылық жойылып, шаруалар қалаған жағына кетуге мүмкіндік алды. Елге
батыстық мәдениет кеңінен тарап, Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, Н.А.
Добролюбов, А.И.Герцен, А.С.Пушкин, К.Д.Ушинский т.б озық ойлы зиялылар
шығып , күллі Ресейге демократиялық ықпал жасай бастады. Ресейде жаңа буын
педагогтары келді. Озық ойдың , педагогика ғылымының жаңа даму дәуірі енді
Ресейге ауысады.Қазақ даласына да бұлардың әсері болмай қалған жоқ. Абай,
Шәкәрім, Шоқан Уәлиханов, Мәмбетәлі Сердалин сияқты ағартушы қайраткерлер
шыға бастады.
Ыбырай осы кезеңдегі жағдайды жақсы түсінді. Ресейдің қол астына
өтумен бірге , Бұхар, Қоқан, Қытай,Хиуаның езгісіне ұшыраған қасіретті
халқын құлдықтан азат етудің бірден-бір жолы - білім екендігін ол ұғынды.
Сондықтан да өнер –білім бар жұрттар қандай болатынын өлеңмен кестелеп ,
халқына деген ақыл -өсиетін жырмен жеткізеді:
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлкендерге арналған әңгімелер
Қазақ газеті
Алтынсарин дер едік
Алтынсарин қызметінің маңызы
Қазақ халқының ұлы ағартушылары
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Шығармаларының тәрбиелік мәні
Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы
Торғай халық ағарту жұмысының 1884 жылғы Алтынсарин есебі бойынша өзі
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Пәндер